Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамның мəдени құқықтарын қорғаудың ұлттық жəне халықаралық тетіктері

Мақалада адамның мəдени құқықтарын қорғаудың халықаралық жəне мемлекетішілік құқықтық тетіктері мен факторлары, осы мақсатқа қолжеткізу тиімділігіне əсер ететін мəселелер қарастырылды. Адамның мəдени құқықтарын қорғау мəселелері қазіргі уақытта ғылым мен практикада ең өзекті жəне сұранысқа ие тақырыптардың бірі, бұл олардың ғылыми негіздемелерін талап етеді. Автор атап өткендей, алғашқы рет отандық ғылымда адамның мəдени құқықтарын қорғау бойынша негізгі ұлттық тетіктер жəне оларды жүзеге асыру қағидаларын кешенді зерттеу жүзеге асырылған. Мақалада БҰҰ шеңберінде əрекет ететін адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық келісімдер, соның ішінде адамның мəдени құқықтарын қорғаудың əмбебап жүйесі талданды. Осы жүйедегі қолданыстағы кемшіліктерді атап өтіп, оның тиімділігін арттыру үшін шаралар ұсынды. Зерттеу нəтижесінде адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажеттілігі дəлелденді. Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдердегі адам жəне азаматтардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық - құқықтық тетіктеріне компаративті- құқықтық талдау жүргізілді. Мақала адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау субъектілерінің негізгі сипаттамаларын айқындайды жəне ашып көрсетеді. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы адамның жəне азаматтың мəдени құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелері қаралды. Жоғарыда айтылғандай, адамның мəдени құқықтары мəселелерін тиімді шешу үшін, ұлттық заңнама жеткіліксіз əзірленген. Мақала авторы үшін адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру үшін тетіктер құру, заңнамалық реттеу мəселесін анықтау жəне талдау қызығушылық танытты.

Кіріспе

Адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау кезкелген заманауи мемлекеттің міндеті, ол тікелей жəне жанама бағытталған арнайы институттардың, тетіктердің, қағидалардың жəне құқықтық-тəртіптік рəсімдердің көмегімен жүргізіледі.

Əлемдік қауымдастық жекелеген тұлғалардың, əрбір адамның құқықтарын қорғау мен қорғанысын өз міндеттілігіне алуы тиіс екенін түсінді. Ол сондай-ақ адам құқықтары бойынша конвенциялардың, пактілердің, шарттардың қабылдауы жеткіліксіз екенін түсініп, БҰҰ-ның, аймақтық ұйымдардың деңгейінен бөлек нақты əрекет ететін, маңызды қажеттілігі орын алған адам құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтық-ұйымдастырушылықтың тетігін құру болды. Басқаша айтқанда, бұл тетік адам құқықтары туралы халықаралық - құқықтық актілердің жағдайын, имплементациясын (жүзеге асыру) мен бақылауды қамтамасыз етеді. Халықаралық бақылаудың мақсаты өз елдеріндегі адам құқықтары бойынша мемлекеттердің міндеттемелерінің орындалуынқамтамасыз етуге көмектеседі [1; 63]. Сондықтан мемлекет адамның құқығы мен бостандығы саласында халықты ақпараттандыру жəне ағарту жұмыстарын, əркімнің мəдени құқығы мен бостандықтарын тиісінше деңгейде қорғауы жəне іске асыруы тиіс.

Мақаланың мақсаты адамның жəне азаматтардың мəдени құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, институттардың, ұйымдардың қызметін кешенді зерттеу. Қойылған мақсаттар мақалада негізгі міндеттерді қалыптастырады:

  1. мəдени құқықтарды ұлттық деңгейде қорғаудың құқықтық реттеу негіздерін қарастыру;
  2. адамның мəдени құқықтарын қорғайтын субъектілердің қызметінің ерекшелігі, нысандары мен əдістеріне талдау жүргізу;
  3. Қазақстан Республикасының əлемдік даму контексіндегі мəдени құқықтарды қорғау тетіктерінің негізгі мəселелерін атап көрсету, жүргізілген зерттеу нəтижелері бойынша авторлық тұжырым мен қорытынды жасау.

Материалдар жəне əдістер

Адамның мəдени құқықтарының əртүрлі көріністерінің санқырлы өзгермелігі мемлекеттік- құқықтық құбылыстарды тануда жалпы жəне арнайы ғылымдық кешенді əдістердің пайдалана жүргізілуіне, зерттеу сұрақтары бойынша объективті талдау жасауды туғызады. Адамның мəдени құқықтарын қорғау тетіктерін зерделеуде заңнамалық жəне доктриналдық қайнар көздерді пайдалану барысында диалектикалық əдіс қолданылды.

Жүргізілген зерттеу материалдарында талдау синтезді қамтитын логикалық əдіс мəдени құқықтарды қорғаудың ұлттық жəне халықаралық деңгейдегі бекітілімін анықтауда нормалардың заңдық құрылымдарына мазмұнды талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Мəдени құқықтарды қорғаудың ғылыми негізделген жолдарын шешуде, нормативтік - құқықтық реттеу мəселелерін анықтауда жүйелік əдіс заңнаманы реттеудегі ең негізгі əдістердің бірі.

Адамның мəдени құқықтарын қорғау туралы нормаларды талдаудың жəне оларды бұзудың алдын алудың белгілі бір тетіктерін қарастыруда мемлекеттердің заманауи тəжірибесін есепке ала отырып, құқықтық-модельдеу жəне болжамдық əдістер ұсынылады.

Əртүрлі мемлекеттерде мəдени құқықтарды қорғауды іске асыру тетіктерінің оң тəжірибесін қорыту жəне əлемдік тəжірибені еңсеру бағытында салыстырмалы-құқықтық əдіс зерттеуге мүмкіндік береді. Ал, тарихи-салыстырмалы əдіс мəдени құқықтардың дамуының əмбебап заңдылығын талдауда ықпал етті.

Нəтижелер

«Адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын конституциялық бекітумен жəне іске асырумен байланысты теориялық жəне практикалық мəселелерді ұғынудың өзектілігі қазіргі əлемдегі адам құқықтары доктринасының жаһандануымен, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының біртұтас жүйесін құру қажеттілігімен, адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамалық зерделеу қажеттілігімен, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесіндегі соңғы орындарды анықтаумен жəне оларды іске асыру тетігінің ғылыми моделін əзірлеумен байланысты», — деп Н. Мацкевич атап көрсетті [2; 7].

Адам құқығын қорғау əлемдік қауымдастыққа жүктелген маңызды міндеттердің қатарына жатады. Сондықтан қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдар адам құқықтарын қорғау бойынша қызметін күшейтті. Мəселен, БҰҰ-ның Қазақстанда 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ Есірткі жəне қылмыс мəселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Əйелдер қоры (ЮНИФЕРМ), Халықарлық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркəсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежүзілік банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) жəне Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД) [3; 83].

Қазақстан Республикасының Президенті Конституциямызда баян еткендей, адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны əрі кепілі. Президент конституциялық нормаларға сай адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын кепілдікке алуға жəне оларды барлық қолжетімді құқықтық құралдармен қамтамасыз етуге міндетті.

Адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Президенттің келесідей құқықтары бар:

  1. адам құқықтары саласындағы ең маңызды бағыттар туралы заң шығару бастамасын ұсынуға мүмкіндік алуға;
  2. адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған Жарлықтар шығаруға жəне заңнамалық қызметті жүзеге асыруға;
  3. қоғамның мəдени өміріндегі кез келген қарым-қатынасты тез арада реттеу қажеттілігі туындаған кезде пайдалана алады жəне заңнамалық (өкілді) органның тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін осы шешімнің қабылдануын кейінге қалдыру мүмкін емес.

Республика Президенті адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын үнемі қадағалап отырады, бұзылған құқықтары бойынша нақты шаралар қолдануды жүзеге асырады. Осылайша, тұлғалардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының Президенті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы мəдениет жəне өнер саласындағы дарынды тұлғаларды қалыптастыруға, қоғамға пайдасын келтірген, болашақ ұрпаққа үлгі болып, өзінің жаңашылдығымен көзге түскен 100 адам таланттарға қолдау көрсетіп, марапаттаған болатын. Жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ғылым мен өнер саласында мақсатты əртүрлі іс-шаралар өткізеді. Мемлекет басшысының қолында адам құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері бары туралы қорытынды жасауға болады, оларды белсенді түрде қолдану, адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарына шын мəнінде кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ еліміздің Президенті жанында құрылған адам құқықтары жөніндегі комиссия алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме болып табылады. Ол адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың мемлекеттік тетіктерін күшейтуде, адам құқықтары саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, адам жəне азаматтардың барлық санаттағы құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, батыл қадамдар жасауда.

Заманауи демократиялық мемлекетте адамның мəдени құқықтарын қорғаудың ең тиімді институты əділсот билігі. Сот билігі өзіне тəн функцияларды жүзеге асырады, оның ішінде жеке тұлғаның мəдени құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз етеді.

Тұлғаның мəдени құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау – бұл жеке адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін мемлекет қолданатын нормативтік бекітілген заң тетігі.

Жеке адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау бірқатар ерекшеліктерге тəн екенін атап өткен жөн:

  1. бұл институт мемлекеттік ықпал етудің ерекше нысанымен ерекшеленеді, оған қоғам өмірінің мəдени саласында қалыптасатын жеке тұлға, қоғам жəне мемлекет үшін ерекше құндылыққа ие қоғамдық қатынастар жүйесі кіреді;
  2. қорғауды заңмен белгіленген барлық юрисдикциялық рəсімдерден неғұрлым күрделі жəне егжей-тегжейлі нормативтік реттелген ерекше іс жүргізу нысанында сот ғана жүзеге асырады;
  3. сот арқылы қорғалу құқығы əмбебап болып табылады, яғни барлық тұлғаларға кепілдік беріледі. Жеке адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын бұзатын мемлекеттік жəне жергілікті басқару органдарының кез келген іс-əрекеттеріне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
  4. соттың шешімдері барлық құқық субъектілері үшін міндетті;
  5. ол қабылдаған шешімдер, олар шығарылғаннан кейін бірден қолданылады жəне басқа билік органдары немесе олардың лауазымды адамдары қосымша растауды талап етпейді;
  6. адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарына қатысты мəселелер бойынша қабылдаған шешімді орындамағаны, тиісінше орындамағаны не орындауға кедергі келтіргені үшін заңдық жауапкершілік белгіленуі тиіс. Алайда мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң əлі қабылданған жоқ, сондықтан бұл оң жағынан бағаланбайды. Осы қиыншылықтар қоғам мен мемлекетте мəдени құқықты құрметтеу ахуалының əлсіз болуына байланысты пайда болады.

Адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауда прокуратураның қызметі едəуір ұтқырлықпен сипатталады. Прокуратура органдарының əртүрлі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адам құқықтарын қорғау тəжірибесін қамтитынын атап көрсетеміз.

Прокуратура адамның мəдени құқықтарына қатысты кез келген қолсұғушылықтың алдын алу мен тиімді тосқауыл қоя алады. Қажет болған жағдайда адамның мəдени құқықтары менбостандықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңды мүдделерінің бұзылуын болдырмау, мəдени өмірдің барлық қырын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.

Прокуратура органдарының адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі қызметтері:

  1. адам мен азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын бұзатын кез келген органдардың жəне адамдардың əрекеттеріне шағымдар мен өтініштерді қарау;
  2. адам мен азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заңда көзделген жағдайларда қылмыстық iс қозғау;
  3. азаматтардың мəдени құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы прокурордың сотқа жүгінуі.

Сонымен бірге прокурор адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын бұзу туралы шағымды немесе өзге де шағымды тексеріп қана қоймай, сонымен қатар жəбірленушілерге олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау тəртібін түсіндіреді, адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын болдырмау жəне жолын кесу, кінəлі адамдарды əділ сотқа тарту жəне келтірілген зиянды өтеу бойынша шаралар қабылдайды.

Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған институттар бар. Олардың қатарына омбудсмен институты немесе адам құқықтары жөніндегі Уəкіл институты жатады.

Омбудсмен зардап шеккен адамдардан мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне немесе əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды. Ол тергеу жүргізуге, түзету əрекеттерін ұсынуға жəне баяндамалар ұсынуға өкілетті.

Ж.Д. Бусурмановтың еңбегіндегі анықтамасына сүйенсек, омбудсмен – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тəуелсіз қадағалау жəне қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырумен айналысатын адам [3; 170].

Бұл институттың басты қызметі — тұлғалардың құқығы мен бостандықтарын қорғау. Осыған сəйкес, омбудсмен жəбірленуші адам мен үкімет арасындағы делдал болып саналады.

Еуропа жəне ТМД елдеріндегі омбудсмен институтының жұмыс істеуінің халықаралық тəжірибесі конституциялық бақылау органына жүгіну құқығы Финляндия, Венгрия, Грузия, Ресей Федерациясы, Молдова жəне бірқатар басқа елдердің омбудсмендеріне берілгендігін айғақтайды [3; 132].

Омбудсмен конституцияда немесе заңнамада бекітілмеген құқықтарды да қорғайды, сондай-ақ əділеттілікті қалпына келтіруде өзге жолдарды да пайдалана алады. Еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уəкіл – адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылайды, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды, азаматтардың өтініштерін қарау үшін қажетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрау сұратуға құқығы бар, тұлғаның құқықтарын қорғау мəселелесі бойынша шаралар қолданады жəне шешімін табады.

Қазақстандық омбудсменнің адамның мəдени құқығы аясындағы қызметтері:

  •  адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды тұлғалардың жəне ұйымдардың іс-əрекеттері мен шешімдеріне жасаған арыздарды қарайды;
  •  мəдени құқықтар мен бостандықтардың қорғалу нысандары мен əдістеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тиісті ұсыныстар енгізу арқылы мəдени құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді;
  •  мəдени құқықтар мен бостандықтар саласында құқықтық ағартушылыққа жəрдемдеседі, білім беру бағдарламалары мен халықтың білім деңгейін көтеруге, ұлттық заңнамалар мен маңызды халықаралық құжаттар əзірлеуге қатысады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сəуірде № 3470 Жарлығына сəйкес құрылды. Ол Қазақстандағы адам құқықтарының жүзеге асырылуына əрекет етеді. Комиссия адам жəне азаматтардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіреді.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің 4-пунктіне сəйкес, комиссияның құзыреті: мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның жəне азаматтың құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы жəне арнаулы баяндамалар əзiрлейдi, бұзылу фактiлерi туралы ақпарат бар өтiнiштерiн қарайды, сараптамалық материалдар, арнайы халықаралыққұқықтық құжаттар, сараптамалық қорытындылар əзірлейді, адам құқықтары жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысады [4].

Адамның мəдени құқықтарын қорғауда үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы айрықша. Біраз жылдардан бері халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қызмет етіп келе жатыр. Əсіресе «Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Федерация» (FIDH) – ол адамның барлық құқықтары, соның ішінде мəдени құқықтарды нақты қорғау жөніндегі қызметті атқарады.

Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) – жергілікті, мемлекеттік немесе халықаралық деңгейде ұйымдастырылған азаматтардың ерікті жəне табыс табуды көздемейтін одағы. Адамның мəдени құқықтарын қорғау саласындағы ҮЕҰ-дың негізгі мақсаты:

  •  білім беру, ғылым жəне оқыту бағытындағы мүдделі тұлғалардың құқықтарын қорғау жəне келіспеушіліктері мен дауларын шешу;
  •  рухани жəне мəдени құндылықтарын сақтау мен дамыту бойынша шаралар ұйымдастыру;
  •  мəдени құқықтар мəселелері бойынша ұсыныстар мен шешімдер əзірлейді;
  •  мəдени құқықтарды жақсарту жағдайында мемлекет пен қоғамға ықпал етеді.

Талқылау

Осы құқықтардың ауқымын одан əрі кеңейте отырып, оларды жүзеге асыру мен қорғаудың нақты механизмін құру аса маңызды.

Л. Липачева өз зерттеуінде шетелдердің Конституциялары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде мəдени құқықтарын қорғауы тиіс органдар мен адамдардың жүйесін айқын анықтайтынын атап өтті. Оларға президент адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде, парламент — адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен анықтаушы орган ретінде, атқарушы билік органдары жергілікті жерлердегі адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, омбудсмен, прокуратура, адвокатура, басқа да мемлекеттік құқық қорғау органдары [5; 54].

Мəдени құқықтар мен бостандықтар оларды нақты қамтамасыз ету кезінде əлеуметтік құндылыққа ие болады. Демек, Қазақстанның бірыңғай мəдени кеңістігін сақтауға, дамытуға ықпал ететін заманауи құқықтық базаны қалыптастыру проблемасын шешу, болашақ ұрпақтың мəдени өміріне оң əсерін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету өзекті болып табылады.

Адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау субъектілері əртүрлі органдар мен ұйымдар (халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік, жергілікті) жəне мəдени құқықтары мен бостандықтарының иелері болып табылады.

Адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың формалары əртүрлі сипатта жүргізіледі:

  1. мемлекеттік қорғау;
  2. жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорғауы;
  3. қоғамдық бірлестіктер мен кəсіподақтар, құқыққорғау ұйымдары арқылы құқықтар мен бостандықтарды қорғау;
  4. адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын өздігінен қорғау (талаптар мен өтініштер, ұсыныстар, бұқаралық ақпарат құралдарына өтініштер беру);
  5. халықаралық органдарға жүгіну.

Əдетте, адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғау шет мемлекеттерде басым келеді. Мысалы, Шығыс Еуропа елдерінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық механизмдері (Венгрия, Польша) өте маңызды. Атап айтқанда, сот қорғауы күшейтілген [6; 129]. Осындай ереже 1983 жылғы 17 ақпандағы Нидерланды Корольдігінің Конституциясының 19–23-баптарында былай делінген: «Мемлекеттік органдар азаматтардың жеке құқықтарын жүзеге асыруға қамқорлық жасауы керек (мысалы, білім алу құқығы)» [7; 480].

Профессор Э. Цоллердің айтуынша, Франциядағы адам мен азаматтың құқықтарын қорғау ерекшелігі — ол адам құқықтарына қатысты ең тиімді механизмнің рөлін атқаратын заң шығарушы биліктің күші туралы абсолютті сенімге негізделгендігінде [8; 110].

Канада елінің тəжірибесі де қызығушылық танытады. Мысалы, онда Адам құқықтары жөніндегі кеңестің қызметіне үлкен мəн беріледі, ол провинциядағы адам құқықтары жəне көпұлтты мəдениет министрлігінің қарамағындағы агенттік болып табылады. Канада да азаматтарға қатыстыкемсітушілік фактілерін қарайтын Комиссиялар бар. Тұтастай алғанда, олар сот немесе атқарушы билік жүйесінің бөлігі болып табылмайды, алайда оларды қамтамасыз ету үшін ақша бөлетін соттар мен министрліктер өз бақылауын жүзеге асырады. Мұндай кеңестердің қызметі жақсы нəтиже береді. Сондай-ақ Канада да адам құқықтарын қорғаудың ең тиімді жолы — кəсіпорындарға, ұйымдарға жəне мекемелерге Адам құқықтары туралы заңның сақталуы туралы үнемі есеп беруді міндеттейді. Бұл тəжірибе провинциялар ауқымында, ал кейде тұтастай елде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен толықтырылып, кемсітушілік қауіпі жоғары болатын белгілі бір əлеуметтік топтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін теңестіреді [9; 103].

Қазақстан Республикасында адам жəне азаматтардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғау конституциялық-құқықтық механизмде қорғаудың негізгі нысаны болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, мемлекеттік билік пен тұлға арасындағы өзара байланысты құбылыстар. Соңғы кездері, адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарына мемлекеттік араласуды барынша азайту туралы мəселе қозғалуда. Біздің ойымызша, адамдардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекеттің идеясына қарсы тұруға болмайды, бұл олардың арасындағы теңгерімсіздікке жол бермейді. Осыған байланысты өзін-өзі реттеу жүйесі ретінде қоғамның мүмкіндіктері өте үлкен, бірақ шексіз емес екендігін ұмытпау керек.

Мемлекет болмаса, көптеген əлеуметтік мəселелер сол қалпы шешілмей қалады» [10; 452] деген В.В. Лазаревтің тұжырымымен келісеміз, шынымен де мемлекет адам мен азаматтардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын тікелей мемлекеттік билік органдары арқылы қорғайды, онда ол мемлекет атынан өкілеттіктерді жүзеге асыру негізінде əрекет ететін заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігінің қызметіне тəн нысандар мен əдістерді қолдана отырып жүргізеді.

Қорытынды

Соңғы уақыттарда адамның мəдени құқықтарын қорғауға бағытталған айтарлықтай өзгерістер болды. Адам құқығын қорғаудың əмбебап жүйесі тармақталған жəне күрделі сипатқа ие болды. Бүгінгі сəтте оған келесі органдар мен тетіктер (механизмдер) жатады: БҰҰ Бас Ассамблеясы; БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жəне оның көмекші органдары мен тетіктері; БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жəне оның бірқатар мамандандырылған тетіктері; БҰҰ-ның Экономикалық жəне əлеуметтік Кеңесі жəне оның жанында жұмыс істейтін əйелдер жағдайы жөніндегі Комиссия жəне тұрғылықты халықтар мəселелері жөніндегі БҰҰ-ның тұрақты форумы; БҰҰ Халықаралық соты; БҰҰ Хатшылығы жəне оның жекелеген бөлімшелері; адам құқықтары жөніндегі шарттық органдар; БҰҰ Мамандандырылған мекемелері (халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО)); БҰҰ органдары құратын адам құқықтарын қорғаудың уақытша жəне арнайы тетіктері [11; 28].

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасын Қазақстан Республикасында жүзеге асыру конституциялық құқықтық тұрғыдан алғанда жаңадан қалыптасып, дамуды бастан кешіруде. Болашақта бұл бағытта əлі көптеген реформалық қадамдарды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезеңде əлемдегі дамыған елдердің барлығы мемлекет ісінде осы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасына сүйеніп жұмыс жасайды.

Адам құқығын қорғаудың мемлекеттік тетіктерінің тиімділігі, адамның ерікті өмір сүруі үшін, құқықтары мен бостандықтарына қарсы озбырлықты тыюдың негіздерін құруға жəне құқықтық мəдениеті мен құқықтық санасының деңгейіне тікелей байланысты. Адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтары бүгінгі күні сөзсіз маңызға ие жəне олардың жүйелі түрде бұзылуы салдарынан қорғауды қажет етеді.

Құқық қолдану жəне құқық қорғау органдарының іс-тəжірибесі үшін мақсатты əртүрлі бағдарламаларын қолдау пайдалы болар еді:

  •  мəдени құқықтарға ие екендігі туралы адамдарды хабардар ету;
  •  осы құқықтардың бұзылуына ұшырауы мүмкін екендігі туралы оларды хабардар ету;
  •  субъектілердің мəдени құқықтар мен бостандықтарды бұзғаны үшін есеп беруді талап етуге болатыны туралы ақпаратты тарату.

Осылайша, адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын тиімді іске асыру мен қорғау үшін ұлттық заңнамада мемлекет бекіткен кепілдіктер жүйесі болуы тиіс. Бүгінгі таңда адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтары мəселелерінде ең күрделі жəне оны жүзеге асыру қиын шешімді, өйткені заң жүзінде бекітілген нормалардың көпшілігі декларативті ережелер болып табылады. Бұл ішінара адам жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың нақты тетігінің болмауына байланысты.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Айдарбаев С. Ж. Права человека / С.Ж. Айдарбаев, Д. И. Нурумов, К.М. Сарсембаев. — Алматы: Данекер, 1999. — 251 с.
  2. Мацькевич М.М. Конституційно-правові засади забезпечення культурних прав і свобод людини та громадянина в Україні: монографія / М.М. Мацькевич. — Івано-Франківськ: Місто НВ, 2012. — 464 с.
  3. Бусурманов Ж.Д. Адам құқықтарының Еуразиялық концепциясы / Ж.Д. Бусурманов, И.С. Сактаганова. — Алматы: Эверо, 2014. — 200 б.
  4. Қазақстан Республикасы Президентi нiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2003 жылғы 19 наурыз № 1042 [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http:// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U030001042_.
  5. Липачева Л. М. Реалізація конституційного права людини та громадянина на звернення за захистом своїх прав і свобод до Європейського суду з прав людини: дис. … канд. юрид. наук: 12.00.02 / Л.М. Липачева. — Дніпропетровськ, 2002. — 190 с.
  6. Ильинский И.П. Основные тенденции конституционного развития стран Восточной Европы / И.П. Ильинский // Государство и право. — 1992. — № 6. — С. 125–130.
  7. Конституции государств Европейского союза / под ред. Л.А. Окунькова. — М.: НОРМА- ИНФРА-М, 1999. — 816 с.
  8. Цоллер Э. Защита прав человека во Франции / Э. Цоллер // Государство и право. — 1992. — № 12. —С. 108–117.
  9. Поленина С.В. Права человека и их защита (Опыт Канады) / С.В. Поленина // Государство и право. — 1996. — № 10. — С. 99–107.
  10. Общая теория права и государства: учеб. / под ред. В.В. Лазарева. — М.: Юристъ, 2003. — 520 с.
  11. Абашидзе А.Х. Универсальные механизмы защиты прав человека: учеб. пос. / А.Х. Абашидзе, А.О. Гольтяев. — М.: Юнити-Дана, 2013. — 135 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.