Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қараменде бидің əдеби мұрасы

Мақалада қазақтың тарихи тұлғалары мен олардың шешендік мұраларын құрметтеуге үндейтін мəселе қарастырылған. Қазақтың əйгілі би-шешендерінің арасында Қаракесек Қараменде бидің алатын орны дəлелді түрде көрсетілген. Автор би-шешендердің өнерін жас ұрпаққа ғибрат берер мəселе түрінде қозғайды. XVII–XVIII ғасырларда өмір сүрген би-шешендер ел бірлігіне, қазақ елін жоңғарлардан қорғауға атсалысты. Өздерінің шешендік сөздерімен, əділ биліктерімен халыққа танылды. Солардың арасында осы мақалаға арқау болып отырған Қараменде де болды. Оның айтқан қорытынды сөзінің сол замандағы маңыздылығы жан-жақты ашып көрсетілген.

Қазақ-жоңғар шапқыншылығы туралы əңгіме қозғалғанда ойға оралатын кезең — XVIII ғасыр. Жойқын шабуылдар да, ел басына түскен ең ауыр кезең де, сонымен қатар Жоңғар мемлекетінің күйреуі де осы ғасырмен тікелей байланысты. Ал, негізінде, қалмақтармен, ойраттармен шайқас үш ғасырға жуық, өте ұзаққа созылған. Нақтырақ айтқанда, Қазақ хандығы құрылғаннан бастап-ақ қақтығыстар пайда бола бастады. Алғашқы қақтығыстар айрықша назарға іліге қойған жоқ. Себебі Мауранахрмен болған ірі соғыстар ұсақ шабуылды тыс қалдырды жəне шағын əскермен тез арада тойтарыс беріп отырды.

Міне, осындай айрықша мəн бермеудің нəтижесі бірте-бірте көңіл аударарлықтай шайқастарға ұласа бастады. 1635 жылы Жоңғар мемлекеті пайда болды. Зерттеуші Ж.Артықбаев өзінің еңбегінде: «С 30-х годов ХVII века международная ситуация во внутренней Азии изменилась. На восточной границе появляется сильный противник, нацеленный на завоевание и подчинение городов и кочевых казахов. Это были джунгары «левая рука» — в переводе с монгольского языка, само название «ойрат». Они представляли союз четырех сильных племен: чоросы – правящий род (ранее они были в составе Могулистана), хошоуиты (хоит), дербеты и торгауты. В казахском эпосе они известны под названием калмак (кара калмак – восточные, куба калмак – западные, ак калмак – северные). Спородические столкновения казахов и калмаков в конце ХVII века превратились в изнурительные войны», — деп атап көрсетті [1; 48].

Орта Азия өңірінде пайда болған көшпенді елдің екі мемлекеті бірімен бірі бақталастықта дамып, өркендей бастады. Сөйтіп, жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы пайда болды. Нəтижесі тарих сахнасына елдің тұлғалы азаматтарын алып шықты.

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жəнібек, Əлтекеде Жидебай, Қарашорда Сеңкібай, — деген термелі жолдар сол кезде таралды. Ел басына күн туған шақта екінің бірі жауынгер болды, үштің бірі жыршы болды, төрттің бірі шешен болды, бестің бірі көсем болды, білектісі батыр,жүректісі басшы, ақылдысы би болды. Бірақ осындай тұғырлы тұлғалардың барлығы бірдей түбегейлі зерттеліп, бүгінгі ұрпаққа толық танылып болған жоқ. Тарихқа назар салсақ, əр кезеңнің өзіне тəн ірі-ірі оқиғалары болғандығын көреміз. Солардың арасында жоңғармен шайқасқан XVII– XVIII ғасырлар əлі де болса кешенді зерттеулерді, келелі зерделеулерді қажет ететін дəуірге жатады. Екінің бірі сарбаз, жүздің бірі сардар болған заманда, еңбегі мен ерлігін паш етуге тұрарлық талай тұлғалардың болғандығы ақиқат. Солардың əрқайсысын мүмкіндігінше зерттеп жарыққа шығару бүгінгі таңдағы негізгі нысаналардың бірі десек, артық айтқандық емес.

Тұманды тарихтың тұнығынан сағым тəрізді бұлдырап көрінген тұғырлы тұлғалардың өмірі мен мұраларын зерттеп, зерделеу үшін, ғалым Ақселеу Сейдімбектің тілімен айтқанда, даланың ауызша тарихнамасы мен тарихи деректерді сабақтастыра қарастырғанда түрлі сауалдың туындауы заңдылық. Солардың бірі «кешегі алыптардың үлгі-өнеге түрінде қалдырған мұрасының бүгінгі ұрпаққа қаншалықты қажеті бар?» деген сұрақ. Жаратылысқа назар аударсақ, ағаштың өміршеңдігі тамырына, өзеннің өміршеңдігі бастау алған бұлақтарына байланысты. Сол тəрізді ұлттың да өмірі тарихында, ал тарихтың байлығы тұлғалы азаматтарына байланысты болады. Ендеше, біз тұлғаларымызды зерттеу арқылы тарихымызды толықтырамыз, олардың мұраларын тану арқылы сол заманның ағымынан мəлімет аламыз. Ал, оқып-үйрену арқылы жастардың санасына отансүйгіштік қайраткерлікті орнықтыра түсетініміз хақ [2; 4].

Қазақ тарихы тұлғаға толы. Əрине, олардың барлығын іс-əрекетімен еңбегін сараптамай тұрып, бір деңгейде деп байлам жасауға болмайды жəне барлығы бір деңгейде болуы мүмкін емес. Əрқайсысының өзіне тəн орны бар. Бірақ олардың қай қайсысында болсын, соңына өсиет етіп қалдырған мұрасында бүгінгі жастарға ғибрат алар құндылықтар баршылық. Олай болса, зерделеу жұмысын жүргізгенде осы мəселені де назардан тыс қалдырмаған абзал. Қазақ елінде əркім өз жоғын өзі жоқтап келгені, өзі əлі келмесе, жанкүйер-бауырластары, асса руластары бірігіп қорғасқаны мағлұм. Міне, осындай жағдайда əр ауылға, əрбір руға айтыста сөзбен ағайынның мүддесін қорғайтын, қауымның əдет-ғұрпына жетік, ойға жүйрік, сөзге шебер адамдар керек болды. Осындай шешендерді халық «би» деп атаған. Халық сотының алдында билердің бірі талапкердің, екіншісі айыпкердің сөзін сөйлейді, ал үшіншісі – төбе би болып төрелік сөз айтады. Қазақ қауымында ертеден қалыптасқан ел ішіндегі дау-жанжалды мəмлемен шешіп реттеудің осы бір қарапайым халықтық тəсілі дəстүрлі шешендік өнердің дамуына əсер еткен. Халық алдында талқыланатын дау- жанжал, билік-бітім сөздерді жеңіске жету үшін қазақ билерінен халықтың салт-санасын əдет-ғұрпын жетік білумен бірге ойға ұшқыр, тілге шешен болуды талап етті. Сонымен қатар халықтың тапқыр, шешен адамға көрсететін құрметі мен билік үшін беретін сыйы шешендік өнерді дамытуда ынталандырушылық, қызықтырушылық қызмет атқарған.

Сондай тұлғалы билердің бірі Қараменде Қаракесек руының ішіндегі Қояншытаңай атасынан тарайды. Екінің бірі атқа қонған заманда шешеннің де, ақынның да, қуаты бар қарттың да, буыны бекімеген баланың да жауға қарсы садақ атып, қылыш сермегенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, ел ішінде сақталып жеткен аңыздар сілемі Қараменденің от ауызды, орақ тілді сөз шебері болғандығын айғақтай түседі [2; 4].

Орта жүздің жасы жетпіске жуықтаған Жұлқар деген ақсақалы сауда-саттық жасап жүріп, Кіші жүз жеріне келеді. Елдің тік мінезді алты жігіті шалдың дүниесіне қызығып, жөн сұраса келе, тонауға бекінеді. Мұны сезген ақсақал:

– Уа, шақар мінезді шағырлар! Қурап жүрген шалды тонаймын деп, Айдабол Қаржасқа жем болып жүрмеңдер, — дейді.

Талас-тартыста бір жігіттің соққан сойылы қағыс тиіп, ақсақал жан тапсырады.

Хабар-ошарсыз кеткен Жұлқарды елі іздеуге шығады. Жан-жаққа ат шаптырып, тыңшылар жібереді. Əйтеке-Байтілестің елін аралап жүрген екі жігіт ауыл сыртындағы ойнап жүрген бір топ баланы көреді. Бірін-бірі қуалап жүрген балалардың арасындағы қашқан бала: «Қурап жүрген шалды тонаймын деп, Айдабол Қаржасқа жем болып жүрмеңдер», — деп айқайлапты. Бұны естіген жігіттер елге хабар беріп, Айдабол би бастаған жүз кісі құн даулап келеді. Алшынның биі:

– Уа, құн аламын деп келген кісің неше жасқа келіп еді? – дейді.

– Алпыстан асып еді, жетпіске қарай қадам басып еді, өзі қарияның дұрысы еді, басы алтын, аяғы күміс еді, — дейді Қаржас жағы.

– Жасы алпыстан асса, жетпіске қадам басса, алпыс екі тамыры суалған екен, сақал-мұрты қуарған екен. Еліңнің сыйлы қарты болғанымен, құны толық емес жарты болған екен. Жазатайым іске жарты құнмен келісейік, — дейді Əйтеке-Байтілес жағы. Ол уақытта кісінің құны жүз жылқы,қос қара нар, қос қалы кілем, қалыңсыз қыз, алты қанат ақ боз үй, қарғыланған қара тазы, үш құл, үш күң екен. Осылардың жартысына бітім болып, даушылар елге келгенімен, Жұлқардың ет жақындары келіспей, Абылай ханға барып жүгінеді.

Мұны естіген Алшын жағы абыржып, ақылдасуға бас қосқанда он төрт жасар бір бала:

– Уа, ақ сақалды аталар, сіздерден бізге бата бар. Абылай ханға мен барайын, бəтуасын алайын, жүз ділдə ақша беріңіздер, алты жігіт беріңіздер, екеуі серігім болсын, екеуі қорғаушым болсын, екеуі атшым болсын, — депті. Сонымен ақсақалдар баланы бас етіп, алты жігітті Абылайға аттандырады. Ханордаға жақындаған кезде түстенген бір ауылдан бала Орта жүздің биі Қаздауысты Қазыбектің келбетін сұрайды. Үйдің иесі Қазыбектің қабағы түксиген, кірпігі ұзын, бойшаң келген қара кісі, қазша қаңқылдап сөйлейді деп түсіндіреді [3; 88].

Осы кезде Абылайдың бір баласы қайтыс болып, хан қайғыдан келген кісілерге басын көтермей жатып алған екен. Екі елдің арасындағы дау-дамайдан хабар алған Бекболат шешен ханға келіп:

– Уа, хан ием! Дос көтерер көңілді, мал көтерер өлімді, төгілген толмайды, өшкен жанбайды, кеткен келмейді. Бекем бу беліңді, ұмытпа соңыңнан ерген еліңді, көтер басыңды! — дейді. Хан басын көтере қоймайды. Бекболат тағы да:

– Уа, хан ием! Құдай алғанын қайтып бермейді, өлген тіріліп келмейді, туып еді елің сүйінді, өліп еді жерің сүйінді, көтер басты! — депті.

– Рас айтасың, Бекболат! — деп орнынан тұрған хан ордасына келіп:

– Бекболат, Бекболат десем күндейсіңдер. Осы Бекболаттай біреуің сөйлемейсіңдер. Мен қайғыдан өліп кетсем, қайтесіңдер? Жаса етті, сапыр қымызды! — дейді. Осы сəтте рұқсат сұрап кіріп келген əлгі бала жағалай қол беріп амандасып, Қаздауысты Қазыбектің жанында сəл кейінірек отырған құн даулаушының тізесінің астына жүз ділданы тастап кетеді. Оны отырғандардың біразы байқап қалады. Бала болса хан алдына жүгініп, отыра қалып:

– Уа, хан ием! Сізге сəлем деді, Əйтеке-Байтілес еліңіз, мұны да байқап көріңіз. Құн даулап келген Қаржасыңыздың қазығы, ажалды болған, байқаусызда соққыдан тиген жазымы, бұл да Алланың жазуы, кімнің де бар жазығы? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жəнібек, бірің балға, бірің төс, бірің туыс, бірің дос, ақылыңа ақыл қос, бірің піш те, бірің кес! — депті. Хан Қазыбекке сөйле деп белгі береді. Қазыбек:

– Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа тұт, — деген, балам, бір дауға екі үкім жүрмейді, кесім де, ерік те өзіңде! – дейді.

Абылай хан:

– Əлей! — деп жағалай отырған билерге сөз тастайды.

Қаракерей Қабанбай:

– Сөзің өткір, ойың ұтқыр екен, көз тимесін, көз тисе, көпке бармассың! — дейді.

Қанжығалы Бөгенбай:

– Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас, аңдысқан ауыл болмас, есептескен ел болмас! – дейді.

Төле би:

– Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ! — дейді.

Алтай Құнанқара би:

– А , Құдайым!

Көрінбей келген қазадан сақта,

Жазықсыз келген жазадан сақта,

Жасырын келген парадан сақта,

Арамза туған баладан сақта! — депті.

Керей Тоқсан би:

– Ойдан ой туады, сөзден сөз туады, алып анадан туады, ат биеден туады, опасыз қатыннан ел бүлдірер бала туады, — дейді.

Жандос би:

– Жабағы тайдан жал кетсе, дəулетті байдан мал кетсе, ұлдан намыс, қыздан ар кетсе, ханнан əділдік, қарашадан қайырым кетсе, ел азады, жер тозады, — дейді.

Жидебай батыр:

– Хан азарында қарашамен қас болады, бай азарында дəулетіне мас болады, молда азарында қайырсыз баймен дос болады.

Тобықты Қараменде би:

– Біткен дауды некесіз туған ұл бұзар немесе жетесіз туған құл бұзар, кепкен сүйекті кері кеткен кеміреді, ондайлар тоқ болса да жоққа келіп еміледі, — депті.

Қаражігіт би:

– Құты қашқанмен қоныстас болма, құтырғанмен жолдас болса, құдай бітпес даудан сақтасын, дінсіз жаудан сақтасын, тоқтамды Қаракесек қариясы Қараменде би айтсын, — дейді.

Қараменде би:

– Дау шешімін тапса, ел ішіне бірлік кіреді, шешімін таппаса, дүйім жұртты дүрліктіреді, жас болса да топтан озса жүйрік болады, бақ қарап басына билік қонар, айтылған асыл сөз салмақты болар, келіскен асыл ер ардақты болар. Түйін сөз осылай болсын! — дейді.

Қазақ халқының тарихында ел есінде халқына сіңірген елеулі еңбегі мен есімдері сақталған бірнеше Қараменденің болғандығы мəлім. Ал, Қаракесек Қараменде кім? Енді осыған көңіл аударып көрелік.

Қазақ-қалмақ шапқыншылығы заманында қазақтар мен жоңғарлар арасында кескілескен шайқас болып, күші жағынан басымдылық танытқан қазақ батырлары жеңіске жетеді. Үлкен олжамен оралған олар ханның алдына келеді. Тəртіп бойынша олжа тең бөлінуге тиісті. Бөлу барысында хан айқасқа алғаш рет кірген Өтеген деген батырды, үлесі келесі жеңістен болсын деп олжаға ортақтастырмапты. Өкпелеген жас батыр ағайын-туыстарын жиып, ханның қарамағынан кетемін деген кезде Қараменде барып, былай деп тоқтау айтады:

Жиырмадағы жас батыр, Жау қашырған хас батыр. Қайтпас, қайсар Өтеген, Құлақ сал менің сөзіме! Бұра тартып не етерсің? Арқаға сен де жетерсің. Ағасы бар арымас, Асып та қайда кетерсің? Қайрат қылып дұшпанға Жасақ жиып топтадың. Атаның сөзі аманат, Осы менің тоқтамым! Райыңнан қайт! Ханға бар да датыңды айт! Бере алмаса маған серт! Ала алмасаң саған серт!

Осыны естіген Өтеген батыр:

– Оу, Қаракем-ай! Өзің де, сөзің де тұнып тұр ғой, барайын, бармасам болмас, — деп ханға барса, хан өз қазынасынан сый-сияпат беріп, мыңбасы етіп тағайындапты.

Бұл, əрине, ауыздан ауызға көшіп жеткен əңгіме. Бірақ осы қанатты сөздің мазмұны мен тілінен біраз мəселені аңғаруға болады. Біріншіден, арнаудың бойынан жыраулар поэзиясының үні мен үлгісі аңғарылып тұр. Үнін ырғағы мен ұйқасынан сеземіз. Яғни, əр жолдағы буын саны – жеті. Ал, жырға тəн алғы ерекшеліктердің бірі жолдың жеті, сегіз буынды болып келуі. Оған арғысы Ақтамбердінің, бергісі Бұқардың шығармалары куə. Ұйқасы – аралас. Атап айтқанда, кезекті, шалыс ұйқастар қолданылған. Ал, үлгісі тіркесетін байланыстарда, сөздік қорда жатыр. Мəселен, «хас батыр», «не естерсің?», «маған серт», «саған серт» тіркестері «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларындағы қолданыстарды еске түсіреді. Жыр үлгісін танытатын аталмыш туындылардың XVIIXVIII ғасырда шығарылған шығармалар екендігі ақиқат. Сондай-ақ жыраулар поэзиясының дəуірі де XV-XVIII ғасырлардың арасын қамтиды. Бұдан келіп туындайтын ой, Қараменденің өмір сүрген кезеңі бері деп алған күннің өзінде XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысына сəйкес болып келеді.

Енді Қараменденің Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленуі туралы айта кеткенді орынды санадық. Қандай ұлтты алып қарасақ та, үш түрлі байлықты айрықша құрметтейді. Олар: тіл, дін, дəстүр. Бұл үшеуі рухани құндылықты құрайды. Қазақ салтында да қалыптасқан ата дəстүр бар. Солардың бірі – аманат. Аманаттың ең үлкені – қайтыс болған адамның кейінгі ұрпаққа қалдырған тапсырмасы. Қазақи дəстүрде жасы егделенген адам өзінің қайтыс болғандағы жататын жерінағайындарына аманат етіп айтатын жайттер кездесіп отырады. Нəтижесінде «туған жерінен топырақ бұйырыпты», «Кіндік қаны тамған жерде жатыр» деген тəрізді тіркескен қолданыстар қалыптасқан. Егер осы көзқарас тұрғысынан келер болсақ, Қараменденің де өзін қайтқаннан кейін туған жері – оңтүстік өлкеге апарып қойыңдар деуі мүмкін мəселе – бір. Бұл — бір. Екіншіден, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген жүзден астам адамның қай-қайсысы болсын тегін жандар емес. Əрқайсысы өз заманының көрнекті тұлғалары, танымал қайраткерлері. Өйткені Əзірет Сұлтанға кез келген адамды қоюға рұқсат берілмеген. Ал, Қараменде бидің осы Əзірет Сұлтан кесенесіне жерленуі де тұлғаның өз заманында алған орнын айқындап тұр. Оған біздің жоғарыдағы келтіріп кеткен аңдатуға жетерлік аңыз-деректеріміз дəлел бола алады. Осындай тарихи мəліметтерге көз жеткізгеннен кейін барып «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайының ғылыми-сараптау кеңесі арнайы шешім қабылдап, «Арғындағы Қаракесек Қараменде би» деген тұжырым жасаған [4; 98].

Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тəрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сəулелендіру жолында, əрине, халықтың сан ғасырлық тəжірибесінде қорытылып екшеленген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық əрі тəрбиелік мəні айрықша.

Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, бізге тек ұзын-ұрғасы, желі-жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып бүкіл халық қазынасына айналып кеткен, сан қилы заманнан, талай таптың сарабынан өткен шешендік сөз нұсқалары ертегіден бастап, ескі өлең-жырлардың, хикая- дастандардың көбінде кездесіп отырады.

Сөз соңында айтарымыз, тарихи жəдігерлерімізді зерделеп, жандандырған сайын талай танымал құндылықтарымызды айқындай түсеріміз сөзсіз. Солардың бел ортасында Қараменденің есімі тұратындығы ақиқат.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана в ХІХ веке / Ж.О. Артыкбаев. — Караганда: Полиграфия, 1992. — 280 с.
  2. Əбдуов М.І. Ер – елдің қорғаны / М.І. Əбдуов // Орталық Қазақстан. — 2005. — № 19, 20.
  3. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік сөздері / Б. Адамбаев. — Алматы: Ана тілі, 2006. — 160 б.
  4. Негимов С. Шешендік өнер / С. Негимов. — Алматы: Ана тілі, 1997. — 207 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.