Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фитонимдердің қатысуымен жасалған тілдік бірліктерге теолингвистикалық талдау

Тілді адаммен, оның санасымен, ойлау жүйесімен жəне халықтың рухани əлемімен байланыста зерделеу – қазіргі тілтанымдағы басым бағыт. Халық тұрмысында ерте кезден қолданыс тапқан өсімдіктер, олардың пайдалы қасиеттері жөніндегі мəліметтер тілдік бірліктер ретінде таңбаланып, паремиологиялық қорға еніп, адамзат танымында маңызды орын алып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Халқымыздың тілдік санасында мақал-мəтелдер, тұрақты тіркестер мен теңеулер, тыйым сөздер, тағы басқа арқылы көрініс тапқан. Мақала фитонимдердің қатысуымен жасалған тілдік бірліктерді теолингвистикалық қырынан зерттеуге арналған. Авторлар аталмыш тұрақты тілдік бірліктердің семиологиялық мəнін тарихи жазба ескерткіштер материалдары негізінде қарастырған. Фитонимдік тілдік бірліктердің таңбалық сипатын халқымыздың дəстүр-салттарымен, ырым- тыйымдарымен, діни танымымен байланыстыра зерттеу жүргізу арқылы тіл мен таным сабақтастығын ашудағы қызметін анықтайды.

Тілдік бірліктерді əртүрлі қырынан зерттеу – тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі тіл білімінде өсімдік атаулары мен олардың қолданысы, халық дүниетанымындағы рөлі мен қызметін зерттеу өзекті тақырып болып отыр.

Қазақ тіл білімінде фитонимдік лексика əртүрлі аспектіде зерттелуде. Фитонимдерді ономосилогия тұрғысынан Г.И.Ұйыкбаева, өсімдік атауларының этимологиясын Б.Қалиев, этнолингвистика тұрғысынан Ш.Сейітова, өсімдік атауларының уəжін У.Д.Əділбаева, ономасиологиялық жəне когнитивтік бағыт тұрғысынан Г.А.Омарбекова зерттеген. Шетел ғалымдарынан түркі тілдеріндегі фитонимдік бірліктерді Л.В.Дмитриева, М.М. Пенжиев, Г.Г. Саберова, Т.Х. Хайрутдинова, А.А. Хатхе, тағы басқа ғалымдар арнайы қарастырған.

Ғылымда тілдің таңбалық сипаты туралы пікірлер Ф. де Соссюрдің еңбектерінен бастау алады. Бірақ қазақ халқы тілдің таңбалық сипатын ерте кезден білген. Халқымыздың «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп бекер айтпаған. Бір сөз, сөз тіркесіне қаншама мағына сыйғызған. Оның астарында халықтың тарихы, танымынан хабар беретін ақпарат жатыр. Əрбір таңбаның негізінде оның уəжі жатыр. Əрбір сөз кодталған ақпарат десек, оның мағынасын түсінгенде ғана код ашылады. Фитонимдердің таңбалық сипаты да ерекше. Өсімдік атауларының өзіндік қолданылу аясы бар, мұндай тілдік бірліктердің шығу тегі мен қолданылу тарихы да тереңде. Əрбір сөздің тарихына барлау арқылы халықтың наным-сенімін, ырым-жоралғыларын көре аламыз.

Қазақ тұрмысында өсімдіктер рөлі көне заманнан бері жоғары болған. Халқымыз жер анадан өніп шыққан өсімдіктердің емдік қасиеті мен қоса түрлі тұрмыс құралдарын жасауға, өнер аспаптарын жасауға қолданған. Адамды топырақтан жаратылған десек, өсімдіктер əлемі де топырақтан өсіп шығады. Адам бойында жер анадағы барлық қасиеттер кездеседі десек, өсімдіктердің бойына да бұл қасиеттер беріледі. Сөйтіп, адам өзіне керектісі, пайдалысын өсімдіктерден ала алады. Бұл фактіні түркі халықтарының мəдениетін, тұрмысын қарастырған еңбектерден де кездестіреміз. Фитонимдік тілдік бірліктер сонау көне замандарда пайда болып, осы уақытқа дейін бойында терең мағына мен мəн сақтап келеді. Олардың кейбір түрлерінің шығу тегін, алғашқы қолданыстарын анықтай алсақ та, кейбіреулерінің сыры əлі де ізденісті талап етеді. Қарап тұрсақ, қазақ даласының кез келген жемісінің, дəнінің, тіпті арам шөптерінің де тұрмыс-тіршілікке зиянынан, пайдасы көп. Сонымен, əрбір сөздің түпкі мəнінде халықтың танымы, дүниеге көзқарасы жатады десек, фитонимдік тілдік бірліктердің халқымыздың танымын зерттеуде маңызы зор болып табылады.

Қазақ халқы қолданатын тілдік бірліктердің кез келгені кездейсоқ емес, олардың астарында терең мағына, мəдени-тарихи ұғымдар жатыр. Фитонимдер қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесінде ертеден бері көрініс тауып келеді. Бұл дана халқымыздың өсімдіктер əлемін терең барлап,санадан өткізіп, осы уақытқа дейін танымында қалыптастырғанын білдіреді. Халқымыз ерте заманнан даланың жұпары саналатын өсімдіктердің артық-кемшіліктерін барлап, өзіндік тұрмыс-тіршілігіне, салт-дəстүріне қолдана білген. Халқымыздың тілдік санасында қалыптасқан тұжырымдар тілдік санамызда мақал-мəтелдер, тұрақты тіркестер мен теңеулер, тыйым сөздер, тағы басқа арқылы көрініс табады.

Дүниедегі кез келген заттың түп негізі, яғни архетипі, бар. Сол секілді өсімдіктердің де бастау арналары тереңде жатыр. Қазіргі таңда ислам елдері құран аяттары, қиссаларда барлық сұрақтардың жауабы көрініс тапқан десе, қателеспейді. Өсімдіктердің де шығу тегін құран аяттары мен діни қиссалардан іздесек, адаспаймыз.

Жалпы адамзат атаулының бастауы, архетипі – Адам ата десек, «Адам ата – Хауа ана» қиссасында біршама өсімдіктердің пайда болуы мен пайдаланылуы жайлы сөз қозғалады. Қиссада Адам ата мен Хауа анаға жеуге тыйым салынған өсімдік ретінде дəнді-дақыл – бидай көрініс табады. Ал оны жеуге болмайтын себебі, жəнатта өсіп тұрған бидай Расулаайһи с-саламның несібесі болып саналады. Ал бір адамның несібесін екінші адамның жеуі үлкен күнə деп есептеледі [1; 105]. Осы ұғым қазақ халқында мынадай тілдік бірліктер арқылы айшықталады: «аманатқа қиянат жасама», «біреудің ақысын жеме», «біреудің ала жібін аттама» т.б. Мұндай тілдік бірліктердің жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тəрбиелеуде мəні зор.

Бидай өсімдігінің қазақ танымында алатын орны зор. Халқымыз оны «Арпа, бидай – ас екен, алтын күміс – тас екен», «Ас атасы – нан, нан атасы – дəн», «Бидай күзде пісер, пайдасы сонда түсер», «Қарамықтың дəні болғанша, бидайдың сабаны бол, Жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол», «Досыңа арпа алып келсең, бидай алып қайт», «Нан бар жерде əн бар», «Дəнді шашпа, нанды баспа», «Нан — тамақтың атасы, ынтымақ — көптің батасы», тағы басқа мақал- мəтелдері арқылы жеткізеді. Сондай-ақ үйге келген қонаққа «ең болмаса, нан ауыз ти» деп айту дəстүр болып қалған. Қазақ халқының нанды құрметтегені соншалық, «Нанның үстіне зат қойма», «Нанды жерге тастама», «Нанды бір қолмен үзбе», «Нанды төңкеріп қойма» деген тыйым сөздерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыр. Қазақ халқы үшін нан – тоқшылықтың, ырыстың, берекенің нышаны.

Қиссада Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылған кезде, олардың киімдері сыпырылып түседі, сонда Адам ата жердегі барлық өсімдіктерден əурет жерін жабу үшін жапырақ сұрағанда інжір өсімдігі ғана бес жапырағын береді. Алла Тағала інжір өсімдігіне разы болып, оның асқан ақылдылығы үшін оны адамзатқа пайдалы, шипалы етеді... Алайда өз бетінше іс қылғаны үшін оны адамдар ұнтақтап пайдаланатын, жемісі гүлдемейтін етеді... [1; 107]. «Дəрі шөптен шығады, дана көптен шығады» демекші, інжір өсімдігін мың дертке дауа десек, қателеспейміз. Ол жүрек ауруы, тамақ ауруы, кеудеге суық тию, бүйрек, қан тамырлары ауруларын, тағы басқа дерттерге ем болып табылады. Денеге у таралуына қарсы қолданылады. Құранда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): Кімде-кім жүрегінің жақсы жұмыс істеуін қаласа, інжір жеуді жалғастырсын, – деген сөзі де бұл өсімдіктің тегін еместігін білдіреді [2].

Қисса бойынша, інжірдің қураған жапырағының бірін ара жеп, одан бал пайда болған. Аралар балды шығару үшін əртүрлі хош иісті өсімдіктердің шырынын жинайтыны белгілі. «Нахыл» сүресінің 67, 68-аяттарында Алла Тағала бізге бал аралары жайында хабарлайды: (Ей, Мұхаммед) «Раббыңыз бал араға əмір етті: «Тауларға, ағаштарға жəне (адамдар) құратын індерге (яғни құрылыстарға) ұя сал. Сонан соң, түрлі жемістерден жеп, Раббың (сен үшін) қолайлы етіп қойған жолдармен ұшып жүр! Оның қарынынан адамдар үшін шипа болған əртүрлі реңді ішімдік - бал шығады [3; 274]. Сондай-ақ бал əртүрлі жүрек, асқазан, бүйрек, қан аздық, тұмау, баспа, т.б. ауруларға ем. Балдың халықтың тілдік санасындағы орны мен маңызы Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал; Сыйға – сый, сыраға – бал; Бал тамған тілден у да тамады; Шын сөзің – бал, жалған сөзің – жуадай т.б. мақал-мəтелдер арқылы таңбаланған.

«...Пейіштен қуылғанда Хауа ана да көз жасын көлдетеді. Сонда оның көз жасынан алоэ, амбар, сүмбіл, қалампыр, қына, осма өсімдіктері пайда болды» делінеді қиссада. Қиямет күніне шейін сол өсімдіктерді сəндік үшін пайдалану мирас болып қалған. Қазіргі таңда да бұл өсімдіктер сəндік үшін пайдаланылады.

Қиссада Адам ата мен Хауа ананың ұлы Əбілдің көмілген жерінен тікенегі мол шеңгел өсіп шықты делінген [1; 122]. Қазақта «Есек — қодығымен, шеңгел — собығымен» деген мақал бар. Шеңгел – мал жемейтін арам шөп. Бірақ қазақ халқы шеңгелді отын ретінде пайдаланған. «Аяз би» ертегісінде Жаман «шөптің жаманы – шеңгел» деген хан сөзіне қарсы шығып, шөптің жаманы –қарақоға дейді. Хан себебін сұрағанда Жаман: «Шеңгелді əкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді», — деп ұтымды жауап берген екен [4].

Қазақ танымында ерекше орын алатын өсімдіктер жайлы айтқанда, адыраспан, арша, жусан жайлы сөз қозғамауға болмайды. Адыраспан шөбінің шығуы ислам дінінде Оспан сахабаның атымен байланысты. Аңыз бойынша, Оспан сахаба соғыста жүреді. Жаулары түнде тыңшы жіберіп аттарын жан-жаққа қашырады. Оспан сахаба атын іздеп жүріп, атының шылбырының адыраспанға байланып қалғанын көріп, адыраспанды өзімен бірге ала кетеді. Сөйтіп соғыста жеңіске жетеді. Оған адыраспан деп ат қояды. Мұхаммед Пайғамдар бұл шөпке дем салып, киелі етеді [5]. Бұл өсімдіктің қазақ халқының когнитивтік санасында қалыптасқан ерекше маңыздылығының көрінісі ретінде адыраспанмен байланысты түрлі өлең жолдары, тыйым сөздер, тағы басқа тұрақты тілдік бірліктердің қолданысы дəлел бола алады. Мысалы, адамдар адыраспанды жинауға келгенде, оны жұлмай, үзбей тұрып, ең алдымен:

Ассалаумағалəйкүм, адыраспан, Бізді сізге жіберді Омар, Оспан. Кеселге жеті түрлі ем болсын деп, Əкім Лұқпан пірлері ақыл қосқан, — деп [5; 64], немесе:

Ассалаумағалейкум, адыраспан, Атыңды қойған екен Əзіреті Оспан. Пайғамбар дұғасынан нəр алған соң, Өзіңе келіп тұр мың жол алыстан, — деген сөздерді айтып, сəлем берген екен [4]. Соңынан Құран аяттарын оқыған. Адыраспанды аларда оның арнайы уақыты болады, егер оны мезгілінен ерте жұлатын болса, киесі атады деген наным болған. Бұл өсімдікті əбден піскенде, шілде айында гүлдеген кезде жинап алуға болады ...əрі ер адамдар ғана оны жұлып немесе орып алатын болған жəне жұлмастан бұрын дəрет алу, дұға оқу рəсімдерін орындаған. Адыраспанды аяқ астына тастамаған, биік жерге іліп қойған. Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірə, баспан [5; 64] деген сөз қолданыс та бұл өсімдіктің қазақы танымдағы мəнінің зор екенін көрсетеді.

Адыраспанмен үйді аластау, діни ұғым бойынша, жын-шайтандардан арылу үшін жасалады, онымен үй ішін, босағаны, бесікті аластаған, медициналық тұрғыда түрлі бактериялардан тазарту үшін жасалады. Тіл мен көз тигендерді емдегенде адыраспанды түтетіп, үстіне тұз сеуіп, ауырған адамның басынан үш рет айналдырып, отқа тастайды. Сонда:

Алас, алас, баладан алас, Түрлі-түсті пəледен алас, Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас, Алас, алас, алас, Қыла гөр Алла пəлеңнен қалас, — деп отқа тұз тастайды [5; 150].

Сондай-ақ адыраспан түрлі дертке шипа болғанымен, өте улы болып келеді. Оның жағымсыз иістерді жоятын қасиеті де бар. Қазақ халқы мəйіт жуғанда, жақсы иіс шығып тұру үшін адыраспанды пайдаланған.

Адыраспан түрлі емге дауа болып табылады. Халықтық медицинада адыраспанды буын ауруларынан, тіс ауруынан, тері ауруларынан, тағы басқадан айығу үшін қолданады.

Адыраспан өте улы болғандықтан, сақтық шаралары да жоқ емес. «Уды у қайтарады» демекші, адыраспанның емдік қасиетінің сыры да осы болуы керек. Аңшылар адыраспаннан аңдарға арнап у жасап, қасқыр, түлкі аулағанда пайдаланған.

Адыраспан сияқты емдік мақсатта жəне ауаны зиянды микробтардан, тағы басқадан тазарту (аластау) үшін қолданылатын мəңгі жасыл өсімдік – арша ағашының қасиеті де мол. Бұл ағаштың бұтақтарын жинап алып, үй ішін, бесікті аластаған. Адыраспан сияқты, оны да жағу арқылы, ауаны бактериялардан тазартып, түрлі аурулардың алдын алған. Арша ағашына түрлі зиянкес жəндіктер жоламайды. Аршаның саясында отырудың өзі адамды түрлі дерттерден сақтайды. Халық санасында бұл өсімдіктің магиялық қасиеті де бар, сол себепті ол бактериялармен қоса, жаман күштерді де жояды деген наным бар. Арша өсімдігімен аластау туралы мынадай мəлімет кездестірдік: «Алтайлықтар аңға шығардың алдында отқа табынып, аластау ғұрпын атқарады екен. Аңшыбиік таулардың асуынан асқан сайын тоқтап, сол таудың рух-иесіне бағыштап арша тұтатып, киелі ағашқа ақтық байлап, алқыш (алғыс) айтқан:

Алтайға асуын берсін, Ағын су кешуін берсін, Алтайым аңын аттырсын, Жорық жеңіл болсын!..

Тілімізде арша ағашының жамандық атаулыдан сақтайтын (аластау) қасиетін айшықтайтын «Арша тұрған жерге шайтан бармайды» деген сөз бар [5; 154].

Аршаның мəңгі жасыл болып тұруы жайлы халық арасына таралған аңыз бойынша, бұл ағашқа «Мəңгілік /өлместің/ суы» тамған. Содан бері ол мəңгі жасыл күйінде қалған. Тіліміздің паремиологиялық қорындағы «Арша – орман анасы», «Арша өскен жерінде, адамзат өскен елінде» сияқты тұрақты бірліктер бұл өсімдіктің қазақ танымында ерекше орын алатынын көрсетеді. Арша өсімдігі тұмауға, тіс ауруына, тері, өкпе ауруларына ем болып табылады.

Қазақ танымында айрықша маңызды саналатын өсімдіктің бірі – жусан. Кіндік қаны тамған жерін қатты қадірлейтін қазақ халқы жусан өсімдігін атамекен, туған жер ұғымдарымен тығыз байланыстырады. Туған жерден ұзап шыққанда, жолаушылар жусанды өзімен бірге ала кеткен. Жусан иісінің қасиет-қадірін туған жерінен шалғай кеткен адам ғана шын сезіне алады. Ал «туған жер» – қазақ халқы үшін ең қасиетті ұғым. Жусанның мұндай қасиетін халқымыз тілдік санасында «Ермен иісі емдеп жанды, жусан иісі жұбатады...» деп таңбалаған. Мысыр елінің билеушісі болған жаужүрек батыр Бейбарыс сұлтан туған жерін сағынғанда, сар даласында өсетін жусанның жұпарын аңсап, соны құшырлана иіскеу үшін билігін де, сүйген жарын да қалдырып, сапарға шыққан... Бұл айтылғандардан қазақтың когнитивтік санасында «туған жерге деген сағыныштың нышаны» ретінде орныққан жусанның қыпшақы танымнан мирас болып қалған семиотикалық мəні айқын көрінеді. Осы ойымыздың жалғасы ретінде

«Жусан» деп ел атаған, Шөп ол – бойы жатаған. Дауылға, желге көшпеген, Шөлге берік өскелең. Дəрі – түбір бұтағы, Жусан – қырдың жұпары, — деген өлең жолдарында мысалға келтіруге болады. Жусан өсімдігінің де емдік қасиеті бар. Ол – асқазан ауруларына шипа, ұйқысыздыққа дауа. Жусан өсімдігінің өзін ауа тазарту үшін пайдаланады. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме», «Изен, жусан болмаса, шөпте береке болмайды, ауызбірлік болмаса, көпте береке болмайды», «Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады», «Бетеге, жусан – бел көркі, білімді ұл, қыз – ел көркі» деген сияқты мақал-мəтелдер жусан өсімдігінің жердің берекесі екендігін, адамға да, малға да пайдасы орасан зор екендігін айшықтайды.

Құран аяттарында інжірден басқа, зəйтүн, құрма, жүзім, анар жемістеріне қатысты тілдік бірліктер кездеседі. Діни наным бойынша, Алла Тағала адамды жаратқанда топырақты електен өткізіп, електен түскен топырақтан адамды, електен өтпей қалған топырақтан құрманы жаратқан... Əзіреті Əлиден (р.а.) жеткен бір хадисте Алла елшісінің (с.а.у.): «Немере əпкелеріңіз саналатын Құрма ағашын қадірлеңдер. Өйткені құрма ағашы Адам пайғамбар жаратылған топырақтан жаратылған. Құрма ағашынан басқа ұрықтанып, көбейетін ағаш жоқ. Жүкті əйелдеріңізге балғын құрманы жегізіңіздер. Ал балғыны жоқ болса, онда кептірілгенін беріңіздер. Ағаштардың арасында көлеңкесінде Имранның қызы Мəриям саялаған құрма ағашынан артық ағаш жоқ», — деген сөзі айтылған [6]. Құрма ағашының қасиетті болуы оның түрлі дертке шипа екендігінен. Ол бауыр жұмысына, асқазанға, ас қорыту жұмысына, өкпеге, ми жұмысына пайдалы, адамды қатерлі ісіктен, қан аздық ауруынан, жүйке жүйесі ауруларынан сақтайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Зəйтүн майын жеңіздер жəне (терілеріңізге) жағыңыздар. Өйткені зəйтүн майында берекет бар. Зəйтүн майы берекелі ағаштан алынады» (Ибн Мəжə, Дарими) [7]. Сондай-ақ Иман нұры зəйтүн ағашынан тамызық алады. Құранда «Алла – аспанның да, жердің де нұры. Ол бейне бір үй тегіндегі сəулеге ұқсайды. Текте шырағдан тұр. Шырағдан шишаның ішінде. Əлгі шиша – інжу-жұлдыз дерсің. Ол шырақ Батыста да, Шығыста да болмаған ғажайып бір зəйтүн ағашының майынан тамызық алады. Əлгі май от тимей-ақ жалындап кеткелі тұрады, ал от тисе, нұр үстіне нұр қосылмақ («Нұр» сүресі, 35) [2; 354].

Жүзім – Құранда бірнеше рет аталатын жемістердің бірі. Оның пайда болуы, қасиеті жайлы «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында да айтылады. Қисса бойынша, Ібіліс Нұх пайғамбардан жүзім дəнін ұрлап алады. Нұх пайғамбар одан сұрағанда, Ібіліс бəрін торғайға жаба салады. Торғай шыр- пыр болып ақталады. Тілімізде «торғайдай шырылдады» деген тұрақты теңеу, «шыр-пыр болды», «торғай жаны шырылдады» тіркестері содан қалған. Сөйтіп, Нұх пайғамбар Ібілістен қайта сұрағанда үш шарт қоятынын айтады. Оның шарты бойынша, ол жүзімді еккенде үш рет суғаруы керек. Нұх пайғамбар келіседі. Бірақ еккенде өзі екі рет пейіш суымен суғарады. Ібіліс тағы үш рет: біріншісі түлкінің кіші дəретімен, екіншісі иттің кіші дəретімен, үшіншісі шошқаның кіші дəретімен өз дəретін араластырып суғарады. Екі рет Нұх пайғамбар өзі суғарғандықтан, жүзімнің шырыны тəтті, əрі ол кепкенде мейізге айналады. Ал Ібіліс суғарғандықтан, жүзім сəл ашыса, адамды мас қылатын шарапқа айналады... Шарапты ішкен кісі алдымен түлкіге ұқсап, жəдігөйленеді. Көп ішсе, итке ұқсап, ырылдасып, шайнасады. Есінен танып ішсе, шошқа сияқты батпақта аунап жата береді...

Жəннат суынан нəр алғандықтан, жүзімнің дəрежесі жоғары. Нұх пайғамбар: «Егер кімнің үйінде мейіз болса, сол үйде періштелер жүреді» деген [8]. Сондай-ақ жүзім бауыр, қан аздық, ішек, бүйрек ауруларына ем болып табылады.

Қорыта келгенде, жоғарыда айтылған ойларымызды қысқаша былай түйіндеуге болады. Қазіргі таңда тіл ғылымында басым орын алып отырған антропоөзекті парадигма аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер қолданыстағы тілдік бірліктерді халық мəдениетімен, тарихымен жəне діни таныммен тығыз байланыста қарастыру жақсы нəтижелерге қолжеткізуге жол ашады. Мақалада бірнеше фитонимге байланысты тілдік деректерге арнайы тоқталғанымызбен, қазақ танымында ерекше орын алатын басқа да өсімдіктер көп. Оларды халқымыздың дəстүр-салттарымен, ырым-тыйымдарымен байланыстыра қарастырудың берері мол. Ондай зерттеудің қажеттілігі даусыз, жəне ол болашақ еншісінде.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мұхаммед ибн Мұхаммед Ə. А. Мағарижун Нүбүууа Мұхаммедтің Пайғамбарлық дəлелдері. — 2-кіт. / Ə.А. Мұхаммед ибн Мұхаммед; ауд. З.Ж. Оразбай. — Алматы: Баспалар үйі, 2014. — 318 б.
  2. Құсайынова С. Інжір жайлы не білеміз? / С. Құсайынова. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.muslim.kz/kk/article/738-injir-jaily-ne-bilemiz.html.
  3. Халифа А. Құран Кəрім қазақша мағына жəне түсінігі / А. Халифа. — Фахд: Мəдина, 1991. — 675 б.
  4. Əбдіғазиұлы Б. Қазақ əдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық / Б. Əбдіғазиұлы. — Алматы: Аруна, 2010. — 573 б.
  5. Ырысбек Д. Оспанның адыраспаны, немесе мəн мен мəнсіздік / Д. Ырысбек // Ақ желкен. — 2016. — № 10. — 5, 6 б.
  6. Қасқабасов С. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі: 3 т. энцикл. — 1т. / С. Қасқабасов. — Алматы: Қазақ энцикл. бас ред., 2011. — 738 б.
  7. Жолдыбайұлы Қ. Құрма ағашы aдамның қалдығынан жаралғанын білуші ме едіңіз? / Қ. Жолдыбайұлы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.muslim.kz/kk/article/738-injir-jaily-ne-bilemiz.html.
  8. Сайранұлы С. Пайғамбарымыздың (с. а. у.) ас мəзірі / С. Сайранұлы. / Қ. Жолдыбайұлы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://alashainasy.kz/din_islam/paygambaryimyizdyin-sau-as-mazr-55103/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.