Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы жəне жаңалықтары

Мақалада 2018 жылдың 6 желтоқсанында Ұлттық комиссияда мақұлданған Қазақ тілі емле ережесінің жаңа жобасындағы жаңалықтар, емледе ұстанған басты қағидат пен ереженің негізгі құрылымы сөз болды. Фонематикалық жəне морфологиялық қағидалардың айырмашылығы түсіндірілді. Емле жасауда орфографиялық жұмыс тобы мүшелері ортақ шешімге келе алмаған, и мен у əрпінің жазылуы туралы баяндалды. Сондай-ақ мақалада жаңа емленің басты жаңалығы болып табылатын шеттілдік сөздер құрамындағы я, ю, ъ, ь таңбалары бар сөздердің қазақ тілінде дыбыстық заңымызға сəйкес өзгеріп жазылатыны түсіндірілді. Автор жалпы қазақ мəтінінің құрамында кездесетін төл сөздердің де, термин сөздердің де емлесіне қатысты өзгерістерді қысқаша қамтуға тырысты. Осы емле ережелерінің негізінде алдағы уақытта орфографиялық сөздік жəне анықтағыш құрастырылады. Сондықтан мақала мақсаты сөздік пен анықтағышта орын алатын өзгерістер турасында ескерту, еске салу болды.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2006 ж. Қазақстан халықтары Ассамблеясында: «Латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие жəне көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның плюстері мен минустарын зерделеп алуымыз керек», — деді. Бұл тəуелсіздікті тіл мен елдікте ғана емес, А. Байтұрсынұлы сөзімен айтқанда, «жазу мен сөйлесу ауызша сөйлесуден артық дəрежеге жеткен заманда» əліпбиде де тəуелсіздік алуымыз керек деген сөз еді.

2012 ж. Елбасымыз келесі мақсатты қойды: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады». Мұнда «ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселені» «қазақ тілін жаңғырту жағдайымен» байланыстырған Елбасының көреген саясаты тұр. «Қазақ тілін жаңғырту» сөзін жүйесі бөлек тілдердің жазу принципін өз тілімізге таңу емес, сонымен қатар табиғи, қоғамдық құбылыс болып табылатын тілді қолдан өзгерту, жасанды қазақ тілі мен əліпбиін жасау емес деп түсінеміз.

Ал «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы бұл қадамдарды ұлттық мақсатқа айналдырды: «Мен еліміз мықты, əрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз жəне бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», — деді. Елбасы сөзіндегі біртұтас ұлт, бұқаралық сана, қазақ тілін жаңғырту, ұлт болып шешу деген іргелі ұғымдар – ұлттық, елдік мақсатты көздеген қабырғалы ойлар. Президентіміз айқындап берген осы мақсаттан таңбау, айырылмау, жоғалтып алмау бізге — ПАРЫЗ.

«Əліпби – миллионның құралы» болғандықтан, мұндай бетбұрыс қоғам мүшелерін бейтарап қалдыра алмайды. Болмысынан оқу-білімге құштар қазақ халқының əрбіреуінің «əліпбиге бар таласы». Əліпби таңдау мен саралауда қоғамдық санада екіұдайлық күшейе түсетіні де сондықтан заңдылық: қолдау да, күмəндану да, қарсылық та болатыны рас.

Алайда Елбасы жасаған сындарлы қадам жұртшылықтың санасын дүр сілкінтті. Жаңа əліпбимен жазуға құштарлық күшейіп, жұртшылық жаңа емле ережесін асыға күтуде. Оянған бұқаралық сананың легіне ілесе алмау бізге сын. Жыл басынан бері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында əзірленген Емле ережесін ғылыми орта мен жаппай көпшіліктің талқысына салған, түзету, толықтыру, стандарттау жұмыстарын атқарған «Тіл – қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жаңа ереженің алғашқы нұсқасын аяқтады. Кешеге дейін еліміздің түкпір-түкпіріне насихатталған Емле жобасынан қалың көпшілік құлағдар болды. 14 қазан күні өткен жалпыхалықтық диктантта жұртшылық өз тілінің жаңа жазуымен бетпе-бет танысты. Жазу реформасының мəнін түсінді. Енді латын графикасына негізделген қазақтың жаңа емлесінің ережелерін халық қолданысына беру қалды.

Жыл ортасынан бері əзірленіп, талданып, сараланып, сынамадан өтіп жатқан емле ережесі 6 желтоқсан күні Қазақ жазуын латынға көшіруге байланысты Ұлттық комиссия отырысында тыңдалып, мақұлданды. Енді емле ережесі ұсынған басты қағидаттар бойынша анықтағыш, емле сөздігін құрастыру көпшілікке ұсыну тұр.

6 желтоқсан күні мақұлданған бұл ереже жаңа əліпби бойынша тілдің орфографиялық нормаларын ұсынатын жəне тұрақтандыратын, жаңа жазу мəдениетін қалыптастыратын ортологиялық еңбектердің ғылыми негіздері мен басты қағидаттарын айқындайды. Базалық нормаларды тұрақтандырады.

Емле ережесі орфографияның ғылыми негіздерін айқындайтын лингвистикалық нормативті құжат – ЕМЛЕ КОНЦЕПЦИЯСЫ – ұсынған қағидаларға табан тіреді.

Алдымен, төл сөздердің емлесіне қатысты орфографиялық ереженің ұстанатын басты ғылыми принципі айқындалды. Ол дыбыстың негізгі реңкі бойынша орфографияланатын қазақ жазуының фонематикалық ерекшелігінен шықты.

Сонымен, Емле ережелері 9 тараудан тұрады. Олар – əріптер емлесі; түбір мен қосымша; бірге, бөлек, дефиспен жазылатын сөздер; бас əріп пен қысқарған сөздер емлесі жəне шеттілдік сөздердің, сондай-ақ тасымал емлесі.

Ереже А.Байтұрсынұлы анықтап берген жүйеге – дыбыстың мағына ажырататын реңкін таңбалайтын фонемалық ұстанымға (принципке) – табан тірейді. Бұл ұстаным қазіргі жазу тəжірибемізден ауытқымауға, тілдік санада жатталған жазу дəстүрінен қол үзбеуге көмектеседі. Сондықтан емле ережесінің 70–80 пайызы қазіргі жазумен сəйкес келеді. Бұл жалпыхалықтық сауаттылықтан айырылмау үшін əлемдік жазу жүйесінде қолданылатын əдіс.

Емледе тілдің басты заңдылығы – тіл үндесімі – таңбаланады. Ал ауызша сөздегі дыбыстық үндесімдер мен үйлесімдер, сөйлеу тіліне тəн айтылымдар таңбаланбайды.

Алдымен, жазылуы əртүрлі болып жүрген төл сөздер бір формаға түсірілді, aqyret, qudiret, qaziret, taýqimet, quzyret сөздеріндегі ы/і əріптері бір ғана і əрпімен жазылатын болады, оның себебі сөз аяғындағы е əрпіне екпін түсіруге дайын келе келе жатқан артикуляция сөз басынан бастап, жіңішке əуезде дыбыстай бастайды. Ал дауысы/даусы, ауылы /аулы деген орфограммалар қалай жазылса да, daýsy, aýly деп -ы əрпі көмескі естіліп, əнтек айтылатын болғандықтан, жазуда түсіріліп, ықшам жəне үнемді жазылатын болады. Ықшам жазуды ұсынақты жазу деп те атаса болады. Өйткені -ы фонемасы қазақ сөзінде а-, е- əріптерінен кейін жиі қолданылатын əріп болып табылады. Əрі бұл фонеманың қазіргі қазақ əліпбиіндегі таңбасы -у болғандықтан, сөз тұрпаттарын ұсынақты көрсете алмайды.

Сондай-ақ жаңа емледе осыған дейін қосымшалары бірде жуан, бірде жіңішке болып келетін күнə, кінə, шүбə сияқты араб тілінен енген сөздерге ендігі жерде бірыңғай жіңішке жалғанатын болады. Оның себебін қолданыстардан таба аламыз. Қазіргі жазба мəтіндерде күнəсінен, шүбəсінен, күнəсіне деген қолданыстар басым. Сондықтан kinási, kinásiniń, kináli, kúnási, kúnásiniń, kúnásinе, kúnásinеn, shúbási, shúbásiniń, shúbásiz, kýási, kýásiniń, kýásinе, kýásinеn, kýálik, kýáger, kúmáni, kúmániniń, kúmándi, kúmánshil деп бірыңғай жіңішке үндесіммен жазылады. Бірақ ашық дауыстылармен келетін қосымшалар жуан жалғанады: kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný. Осы орфограммаларда тағы əрқилы жазу болуы мүмкін.

Кірме сөздер фонетикалық принциппен жазылады. Бұлардың ішінде taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez сияқты бұрыннан фонетикалық принциппен жазылатын сөздер бар. Сондай-ақ slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp сияқты жаңа əліпби арқылы айтылуы бойынша жазылатын сөздер бар. Біріккен сөздердің əр сыңарының түбір тұлғасы сақталып, морфологиялық принциппен жазылады. Мысалы, жазылуы əрқилы болып келе жатқан шекара, көкөніс, қыркүйек сөздері енді кіріктірілмей жазылатын болады.

Емле жобасын құрастыру, талдау, сараптау, талқылау барысында келісе алмаған бір пікір -и, -у əріптерінің емлесі еді. -и мен -у-ды бір əріппен таңбалап дағдыланып кеткен қазіргі жазуды өзгертіп, жаңа емле ұсынуда үлкен себеп болуы қажет. Сауаттылықты төмендетсе немесе оқу мен жазуда қиын болса, оқытуда ауыр болса, тіл табиғатына сай келмесе, айтылым сазына кереғар болса, сөз жоқ, жазу реформасын пайдаланып, бұндай ережені қайта қарау қажеттігі бар. Мысалы, Астана қаласы № 54 мектеп-лицейінің 1–4 сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеру барысында 102 оқушының 9-ы сиыр сөзін – сыйр, сыйыр; тиін сөзін – тіийін жəне т.б. түрде таңбалап, қате жібергені байқалды. Мұғалімдер «қате негізінен нашар оқитын оқушыларда жиі, бірақ -и емлесі оқушыларға аса қиындық туғызбайды» дегенді айтты. Ал Қ.Жұбанов өзі өмір сүрген кезеңдегі оқушы қатесінің көбі -ый, -ій əріптері болып отыр деген. Сондықтан сауат ашуда аса қиындық тудырмаса, жазуда кісінің уақытын үнемдесе, бір таңбамен жазатын қазіргі жазу дағдымыздан айырылмағанымыз жөн дедік.

-и, -у таңбалары сөздің айтылу жүйесіне кереғар болған жоқ. Бір ми сөзінің айтылу нормасы өзгерді деп қазақ сөзінің бүкіл айтылым нормасынан айырылып барамыз деп байбалам салудың қисыны жоқ. ми сөзі түбір күйінде жиі қолданылмайды. Ол миыма, миың, мидай тұлғасында жазылып, [мійімə], [мійіңə], [мійдəй] түрінде айтылып көрген емес. Сөз, қосымша құрамындағы дауысты əріп арқылы, алдыңғы буындағы дыбыстың жуан не жіңішке екенін тілтұтынушы аңғарып келеді [1]. Сондықтан қазақ тілі емлесінің жаңа ережесінде қазіргі кирилл негізді жазу дəстүрінен қол үзбей -ı (-й), -ý (-у) əріптері дауыссызды (aı, úı, demeýshi, qaýyn) жəне -уı (-ый), -іı (-ій), -uý (-ұу), -úý (-үу) дыбыс тіркестерін таңбалайтын болды (ıgilik, ınelik, ınabat, ıman; kıim, tıin, álipbı, tarıhı; ýyldyryq, ýyz, ýildeý, týys). Бұл емле ережесі бастауыш, орта мектеп мұғалімдері, студенттер жəне жалпы көпшіліктен алынған сауалнама нəтижелері жəне жоо оқытушылары пікірлері негізінде бекіді.

Араб цифрымен келген реттік сандарда түсірілген қосымшаның орнына дефис қойылатын болды: 2018-jyl, 10-qazan, 3-kireberis, 9-páter.

Оқу орны, мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының ғана емес, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары да бас əріппен жазылатын болады: Qazaqstan Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Ál-Farabı atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti Fılologıa jáne álem tilderi fakýlteti.

Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, KAF. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyn, -ǵa.

Шеттілдік сөздерді таңбалауда бүгінгі кирилл жазу санасында жатталып қалған ұрпақ пен кирилл жазуын білмейтін келешек ұрпақты тоғыстыратын емле жасау басты назарда болды. Шеттілдік сөздер негізінен əліпби шегіндегі əріптермен қазіргі донор тіл – орыс тілінің орфографиясымен таңбаланады: akvarel, stil, lager, artıkl, kegl, fılm; moderator, marker, vaýcher, sýpervaızer, blokbaster. Бірақ қай əріп жазылса, сол əріптің білдіретін фонемасы дыбысталатын қазақ орфоэпиясына сай оқытуы қажет, яғни модератор сөзі мадератыр емес, модератыр немесе модератор түрінде айтылуы қажет.

Жаңа жазуда шеттілдік сөздер қазақ тілінің айтылым, жасалым үлгісіне сай таңбаланады, мысалы, э- əрпі е- əрпімен жазылады: element, elevator, koefısent. ё- əрпі о́ - əрпімен таңбаланады: manо́ vr, brýselо́ z, aktór, amóba. ц- əрпі s- əрпімен: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa; senarı, abses, plebısıt; ю- əрпі ú- əрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt; я- əрпі а́ - арқылы таңбаланады: zarа́ d, knáz, narád, razrád, snarád; w- əрпінен басталатын сөздер v- əрпімен емес, ý- əрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt. W таңбасы у- əрпін беретіндіктен, у- дыбысы ретінде таңбалануы тиіс.

Жаңа жазу ықшам, үнемді, оқуға оңтайлы болуы қажет. Қазақ тілінің жалғамалы сипаты, яғни сөздің түбірге қосымша жалғану арқылы түрлену, жасалу сипаты сөз тұрпатын ұзартатыны белгілі. Сондықтан жинақы жазу мақсатында артық əріптердің біреуі қысқартылады. Нақтыласақ, сөз соңы мен ортасында қайталанатын қосар əріптің біреуі түсіріледі: klas, hol, profesor, gramatıka, kardıogram; metalýrgıa, sılabýs. Бұл қазіргі емлемізде бар тəжірибенің жалғасы ғана (класы, кластың).

-ий əріп тіркесі бір ғана ı- əрпімен жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı. Өйткені -й мен -и əріптері жаңа əліпбиде бір ғана таңбамен жазылатыны белгілі.

Сөз аяғындағы -cт, -сть, -зд əріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады: jýrnalıs, komýnıs, manıfes, poves.

Сөз аяғында мына бір таңбалардың емлесін қайталап түсіндіретін себебіміз бар. ю, я, щ əріптері бар сөздер kıý, kúıý, sıa, jaıa, ashshy түрінде жазылады. Сөз соңы мен ортасында и- əрпінен кейін тұрған ю- əрпі у- əрпіне ауысады. Себебі екі и (ı) қатар келетіндіктен, біреуі түсіріледі. Мысалы, кию — kıý, қию — qıý, ию — ıý. Ал дауыстыдан кейін немесе бірбуынды сөздерде ю əрпі и мен у əрпінің тіркесін таңбалағандықтан, əрине, ıý- жазылады. Мысалы, ою — оıý, аю — аıý. ю əрпінің үш түрлі таңбалануын бағдарланбаған автоматты техника ғана бір таңбамен, мысалы, не ү, не иу, не у түрінде таңбалауы мүмкін. Ал тіл, жазу адам санасы арқылы ғана жүзеге асатындықтан, қарапайым тілдік білім, тілдік сана, интуиция болса жеткілікті. Бұл орфограммаларды түсіндіру қазіргі кирилл жазуымен дағдыланып қалған буын үшін ғана уақытша қиындық болуы мүмкін. Мысалы, үш позицияда кездесетін ою, қию, абсолют сөздерін таңбалағанда біріншісін ойу деп жазылуға тиіс екенін кирилл дағдымен де жүріп білесіз. Ал қию сөзін жазғанда тілдік, фонетикалық сауаты орта не төмен жазармандар ю əрпінің орнына иу жазып, и əрпін жəне жазып қояды (қииу). Бұл шындығында қазіргі кирилл-қазақ емлесін жасарда кеткен қателік еді: қыйыу деп айтылатын сөздің түбірі [қый], қи-ға тұйық етістік жұрнағы жалғанда қиу болады, бірақ иу орнына ю жазылса, қю тұрпаты шығады, сондықтан екі əріпті и арқылы байланыстырған. Сол себепті екі и əрпін жазуға болмайтынын білетін тілдік білім болуы керек. Ал абсолют деген сияқты көптеген шеттілдік термин сөздер ú əрпімен таңбаланады: parashút, absolút. Оның себебін ашсақ: 1) ú таңбасы ағылшын əліпбиіндегі таңбасынан шығарылғандықтан, ағылшын, түпнұсқасына сай келеді; бұл parashýt, absolýt деген тұрпаттан əлдеқайда ұсынақты; 2) қосымшаны парашуттың, парашутқа, абсолуттың, абсолутқа деп жуан түрде емес, parashútке, absolútтер түрінде, соңғы буынның əуеніне қарай, жіңішке тембрмен қосымша жалғай аласыз; 3) бұл əзербайжан, түрік емлесіне де сəйкес келеді.

ю əрпін ү əрпімен таңбалауға əзербайжан емлесі 2004 жылдан бері 2 рет реформалап барып, əрең қолжеткізсе, біз бұл дұрыс емлені бірден қалыптандыра аламыз. Ал ономастикалық атаулар өзге əлем тілдері сияқты транслитерацияланып жазылады. Бұл – əліпбидегі əріптер шегінде түпнұсқадан айнытпай таңбалау дегенді білдіреді, сондықтан, мысалы, Федор, Петр, Юра, Юрмала деген сөздер əліпби шегінде былай жазылады: Fiodr, Piotr, Iyrmala, Iyra, Iypiter. Ономастикалық атаулардың емлесі 2019 жылы жеке ереже түрінде жарық көреді.

Я əрпі төл, кірме сөздерде (Ясауи, япыр-ау, яғни, ядро, яһуди т.б. сөздерде) ıа – əріп тіркесінің таңбасы екені белгілі. Тағы да көзі қарақты, санасы сауатты тіл тұтынушы жаңа əліпбимен ıа түрінде таңбалауы тиіс. Бірақ зияткер, қиямет, алдияр тəрізді сөздерді жазғанда тағы да тілдік, фонетикалық сауаты орта не төмен жазармандар я əрпінің орнына иа жазып, и əрпін жəне жазып қояды (зииаткер). Шындығында, бұл орфограмма да, жоғарыдағыдай, кирилл емлесін қабылдағанда болған нормадан ауытқу еді. Сондықтан жаңа емледе бір ı (и) түсіріліп жазылады. Мысалы, zıatkerqıametaldıarmıa, avtonomıa, химия — hımıa, Ásıa (Əсиа).

Кирилл əліпбиі орыс тілі үшін, оның дыбыстық құрылымына, грамматикалық ерекшеліктеріне адекватты ең озық фонологиялық əліпби болды. Алайда қазақ-кирилл əліпбиіндегі өлі əріптердің (ь,ъ), екі-үш дыбысқа ортақ теліме əріптердің (ю, я) жəне ц, щ, ё, э-лардың ұлттық тіліміз үшін графемалық жүктемесі болған жоқ. Бұлар орыс тілінен енген сөздерді орыс тілінің орфографиясы бойынша жазу үшін қолданылды. Сөйтіп, кирилше, қазақ əліпбиі гетерогенді сипаттағы қосамжар орфографияны жасады. Тіліміздегі терминдердің барлығы орыс тілі емлесімен бірдей болды.

Осы орайда айта кететін өзге түркі тілдеріндегі кірме əріптер жайлы қосымша бір ақпарат бар: кирилл-əзербайжан əліпбиінен 1947 ж. Цц əрпі алынып тасталған. 1958 ж. Ээ, Юю, Яя əріптері ығыстырылып, Йй əрпі Јј-мен ауыстырылады. Сөйтіп, алфавит құрамы мынадай мазмұнда болды: а, б, в, г, ғ, д, е, ə, ж, з, и, j, к, ҝ, л, м, н, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ф, х, һ, ч, ҹ, ш, ы [2]. Яғни əзербайжан əліпбиінде қазақ əліпбиі сияқты 42 əріп емес, 32 əріп болған. Бұл əліпби ресми түрде 90-жж. аяғына дейін қолданыста болды. Қазір Ресей аумағындағы əзербайжан жазуында да қолданылады. Яғни əзербайжан жазуында 50-жж. аяғынан бері ю орнына ү əрпі таңбаланып келген. Алайда латын əліпбиіне көшерде ю əрпін у əрпімен жазып, ү графемасын таңбалауға енді ғана көшіп отыр. Сондықтан жоғарыда айтқандай, ю əрпін ү əрпімен таңбалауға əзербайжан емлесі 2004 жылдан бері 2 рет реформалап барып, əрең қолжеткізсе, біз бұл дұрыс емлені бірден қалыптандыра аламыз деп ойлаймыз.

Яғни, тілімізге орыс тілі арқылы енген терминдерді əліпбидегі 32 əріп шегінде ғана таңбалау жəне қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай, сондай-ақ ағылшын тілінің жазба тұрпатына жақын жазу деген ұстанымдар көзделуі тиіс. Орыс тіліндегі жіңішке дауыссыздан кейін ю жазылатын сөздерде ý жазылуы тиіс еді. Мысалы, parashýt, absolýt, pólýs, glýkoza, lýks, debýt, sálýt, válýta, býdjet, býrоkratıa, prodýser, sýjet, býleten деп жазуға болады. Алайда у əрпі ý таңбасымен жазылатындықтан, сөздердің ағылшын нұсқасындағы u əрпіне ұқсас болу үшін акуты бар u таңбасын (ú) жазамыз: parashút, absolút, pólús. Бұл қазақ тіліндегі сөздерді дауысты дыбыс əрпі арқылы қазақ тілінің айтылым заңына сай икемдеп жазуға бастайды.

Жаңа əліпби бойынша х мен һ қызметін бір ғана əріп — Hh атқарады. Мысалы, hat, jahan, horeograf, habar, gaýhar, qaharman сөздері бір ғана əріппен жазылады.

Ереже жалпы қазақ мəтінінің (төл сөздердің де, термин сөздердің де) емлесін қамтиды. Сөздердің жаңа əліпби негізіндегі тұрпаты алғашында мүлде бөтен, оғаш болып көрінгенмен, көре- көре көзге жатталады, қолға үйренеді, сөйтіп санада орнығады, жазу мен оқу автоматтанады. Емле ережерлерінің негізінде орфографиялық сөздік жəне анықтағыштар құрастырылады. Сөйтіп, жазуға ықшам, оқуға оңтайлы ұлттық жазудың негізі қаланады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. 1 Күдеринова Қ. Жаңа емледегі даулы мəселе [Электрондық ресурс] / Қ. Күдеринова // Қазақ үні. — 2018. — Қолжетімділік тəртібі: https://qazaquni.kz/2018/11/09/92303.html.
  2. 2 Гиляревский Р . С. Определитель языков мира по письменности / Р .С. Гиляревский, В. С. Гривнин. — М.: Наука, 1964. — 304 с .

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.