Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүгінгі медицинада клинико – экономикалық талдаудың пайда болу тарихына əдеби шолу

Ұлттық денсаулыққа жауапты қылып денсаулықты сақтау мен медицинаны тағайындаған мемлекеттер, қазіргі өнегелі қоғамдық даму деңгейіне байланысты, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктермен қоса экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін, медициналық көмектің сапасын құрбан ете алмайтындықтан, осы баға мен сапа арасында ымырашылдық (компромисс) жасауға ықпал етуде.

Біздің елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, мемлекетіміздің жан жақты қарқынды өрлеу үстіндегі екпінімен, отандық денсаулық сақтау саласы да алға жылжуда. Жылдан жылға жетіліп, дамып келе жатқан біздің салаға, артызда калған кезеңдер де өзінше із қалдыратыны айдан анық. Мысалы, бұған дейін денсаулық сақтау саласында арнайы ұйымдастырушы мамандар- ды даярлау кем де кем болатынын білеміз. Нарықтық заманға сай бейімделіп келе жатқан сыртқы орта, біздің де салаға септігін тигізбей қоймайтыны бізге мәлім. Осындай экономикалық ортаға бейімделген медициналық көмекті тиімді, әрі сапалы етіп ұйымдастыру үшін денсаулық сақтаудың басқару мен ұйымдастырушы мамандары медицина саласында қолданылатын экономикалық талдау түрлерін меңгерген жөн.

Кандай да болсын медициналық көмек түрлеріне жаса- латын экономикалық талдау тәсілдері тек қана медициналық тиімділігі мен қауіпсіздігі дəлелденген медициналық қызмет түрлеріне ғана жасалады (көмек пен қызмет айырмашылығын жоғарыда келтірген болатынбыз).

Сонымен, клиноко-экономикалық талдау қайдан пайда болды? Біздің елге қалай жетті?

Денсаулық сақтау экономикасы саласындағы алғашқы қаражаттық зерттеу 17 жүзжылдыққа жатады, ол уақытта W.Petty адам өмірінің құнын 60-90 ағылшын фунтымен бағалаған болатын. Ал, 19-ғасырда W.Farr өз жұмысында, сырқаттану кезеңінде өнім өндірілмеуі мен еңбек ақысының төленбеуіне байланысты «шығын анализі» негізінде, эпидемия уақытысында жұмыскерлерге көрсетілетін медициналық көмектен экономикалық пайда көру көзін есептеген. Дегенмен, бұл жүйелі экономикалық анализ сындары 20-ғасырдың ортасына дейін қолданылмаған.

Тек 1950 жылдары американдық экономист K.Arrow мен M. Fridmann, медицина мен денсаулық сақтауда жалпы экономикалық теорияларды қолдану мүмкіншілігін игеруді бастады. Олар экономикалық білімді медицинада екі жолмен тәжірбиелі түрде яғни, медициналық ресурстарды үлестіру бойынша шешім қабылдауда ақпараттық қолдау ретінде жəне әлеуметтік реформалар катализаторы ретінде қолдануға болатынын көрсетті.

Барлық оқулықтарды қарап шығатын болсақ, олар бір біріне ұқсас жəне мақсаттарыда бір біріне таяу. Қорыта келгенде бәрі қосылып клиноко - экономикалық анализдің жалпыға қолданылатын негізгі әдістері ұсынылған: тиімділік/ шығын анализі; шығынды үнемдеу анализі; шығын/ пайдалылық анализі; шығын/пайда (олжа) анализі.

Норвегиялық оқулықтарда клинико-экономикалық анализ тек екі түрлі анализбен өлшенеді: «тиімділік/шығын» яғни, кеткен шығын мен қол жеткізген медико-әлеуметтік тиімділік қатнасы жəне «шығын/пайда» яғни, шығын да тиімділік те ақшамен өлшенетін анализдер. Мысалы, «шығын/пайда» анализін оппортунистикалық шығындарды есептеумен де жүргізеді. Ол үшін біз оппортунистикалық шығын деген не екенін түсінуіміз қажет.

Оппортунистикалық шығын дегеніміз - бірінші орын- да бюджеттік сипатты қанағаттандыратын яғни, бөлінген шығындарды тиімділікпен, маңыздылықпен қайта бөлу. Мысалы, егер тұмауды алдын алу -100 тенге, гепатит В-ны алдын алу үшін -90 тенге тұратын болса, бюджет гепатитті алдын алу мәселесін әлеуметті маңызды деп есептеп, тұмауды алдын алуға бөлген ақшаны төлемей, тек гепатитті алдын алу үшін ғана қаражат бөледі. Бұл жағдайда тұмауға болжаған ақша оппортунистикалық болып есептеледі. Мұндағы клиникоэкономикалық анализдің мақсаты - қаржылық-экономикалық нəтижелер мен медико-әлеуметік салдарды ескере отырып, қаражатты жүйелі қолданудан пайдалы қолдануға қарай қайта бөліп қарастыру. Сол үшін «шығын/пайда» анализ әдісі қолданылады.

Оппортунистикалық шығындар концепциясы - госпита- лизациялау күнін қысқарту мақсатында да қолданылады. Мысалы, Канадада мастоэктомиядан кейін стационарлық емді 2 күнге дейін қысқарту, көптеген операциядан кейінгі асқыныстарға əкелген. Соңында үнемделген қаражат осы асқыныстарды емдеуге қайта аударылған (жұмсалған). Дегенмен, осы асқыныстарды емдеуге кеткен қаражат (оппортунистикалық), мастоэктомиядан кейінгі науқастарды ұзақ стационарлы емдеуге кеткен қаражаттан аз болса, онда бұл шығын экономикалық негізделген пайдалы шығындарға жатады. Дегенмен, бұндай жағдайларда, науқастардың психологиялық статусын ескеру маңызды.

Шат елдердегі 60-70 жылдардағы медициналық қызмет пен медикаменттердің бағасының тоқтаусыз өсуі, «бағаларды бақылау механизімін» өндіру қажеттілігі жөнінде әкімшілікті ойландырды. Медицинлық көмекті ар- зандату мәселесі талқылана бастап, алғашында «бастапқы шығын» мен «соңғы қорытындының» қатынасын білдіретін қарапайым түсініктен «экономикалық тиімділік» деген термин пайда болды ( мысалы, 1 операцияға неше төсек- күні мен қанша қаражат кетеді). Алғаш рет экономикалық анализ мысалдары «ауру бағасының анализі» деген атпен, американдық ғалымдар Clarmann, Fane жəне Rice-нің қоғамға, оның ішінде жол-транспорттық жарақат, психикалық жəне инфекциялық аурулардың «сырқат ауыртпалылығы» бағасын есептеуге арналған болатын.

Казіргі заманғы түсінік бойынша «ауру бағасы» дегеніміз - белгілі бір аурудың, белгілі бір ағымында көрсетілетін барлық медициналық көмек көрсету кезінде жəне осыған орай еңбекке жарамсыздығы мен мезгілсіз өлімге әкелуіне байланысты болған барлық шығындарды меңгеру әдісі.

70 жылдары экономистер, экономикада дәстүрлі түрде қолданылатын «шығын-пайда» анализін, денсаулық сақтау саласының талаптары мен ерекшеліктері үшін де бейімдеп қолдана бастады. Бұл анализ шығындарды да, қорытынды-шешімдерді де ақшалай көрсететін клинико-экономикалық анализ түрін ұсынады. Бұл әртүрлі бірліктермен айқындалған іс-шаралардың экономикалық тиімділігі мен қорытындыларын салыстыруға мүмкіндік береді.

70 жылдардың соңында, күткен клиникалық тиімділігімізгеқол жеткізу барысында жұмсалған шығындарға негізделген «шығын-тиімділік» анализі әдістерінің дамуы бой көтерді. Одан кейін клиникалық тиімділікпен қатар медико- әлеуметтік көрсеткіш - «сақталған ғұмыр жылдар саны» қолданыла бастады.

Бүгінгі таңда «шығын-тиімділік» анализі деп - тиімділігі әртүрлі, қорытындысы бірдей бірлікте өлшенетін екі немесе одан да көп шараларды меңгеретін клинико-экономикалық анализ түрін айтады.

80-жылдарда сан мен сапа аспектілерін біріктіретін медициналық іс-шаралар қорытындысын бағалайтын жаңа интегральді критерий – QALY (сапалы ғұмырдың сақталған жылдар саны) өңделіп шығарылды, онда «шығын-тиімділік» яғни, пайдаға асыру әдісінен арнайы жекеленген «шығын- пайда» анализ түрі бөлініп алынды. «Шығын-тиімділік» анализінің бұл түрінде жасалған шаралар қорытындысы «пайда» деген бірлікпен бағаланса, интегральді көрсеткіш QALY жиі қолданылады.

Клинико-экономикалық анализдің шектелген қызметінен басқа, ол медициналық көмектің сапасын жоғарылатуға өз әсерін тигізуге міндетті. Баға мен нәтиженің бір-біріне қатынас анализі бірінші жоспарға кіреді. Сондықтан отандық денсаулық сақтау салалары «дəлелденген медицинаға» негізделуі тиіс.

Қазіргі таңда фармакоэкономика - ғылым әлемінде өз позициясын ғылым ретінде нығайтты жəне тәжірбиеде бірде- бір маңызды клиникалық зерттеулер фармакоэкономикалық анализдің көмегінсіз жүргізілмейді.

Емдік үрдісті бағалау қағидалары - тиімділік пен қауіпсіздік болып табылады. Сонымен қоса емнің экономикалық аспектілері де маңызды, себебі қазіргі уақытта фармацевтикалық көмек бағасы күннен- күнге өсу үстінде. Дәрігер мен науқас үшін емнің қаншалықты тиімді екені жəне оған жұмсалған қаражат өзін-өзі ақтап шыға алатындығы да маңызды болып отыр.

Қазір Ресейде клинико-экономикалық зерттеу- лер жургізуге жалпы ережелер мен тәсілдер өңделіп шығарылған, олар арнайы нормативті құжаттар статусына иемденген (Салалық стандарт «Клинико-экономикалық зерттеу. Жалпы ережелер.» 91500.14.0001-2002). Бұл құжатта фармако-экономикалық анализдердің жалпы міндеттері мен ережелері жазылған. Бірақ , авторлар коллективінің айтуынша, бұл құжаттар әртүрлі аурулардың клинико-экономикалық зерттеулерінің жаңа әдістері мен ережелерінің түрленіп отыруына байланысты үнемі өзгерістерге ұшырап отырады.

Əрине, мына нарықтық заманда түрлі дәрілік заттардың, медицинадағы технологиялардың жарыққа шығуы, өрбуі мен үздіксіз дамуы оны таңдау әдістерін де күрделендіріп отыр. Заманымызға сай медицина саласында шығындалу мен пайда көру (тек қана дəлелденген медициналық шара- лар үшін) тепе-теңдікте болу үшін, түрлі клиноко- немесе фармако-экономикалық әдістерге сүйенуге тура келеді.

Жоғарыда келтірілгендей, біздің елімізде де бүгінгі таңда медициналық көмекті тиімді әрі үнемді етіп ұйымдастыру мақсатында қолданылатын экономикалық талдау жайында түсінік бар. Әсіресе қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды басқару мен экономиканы оқытатын арнайы мамандар даярлаушы оқу орнындарында жиі айтылады. Осылайша азды көпті болса да бүгінгі таңдағы біздің отандық медицина саласына клинико – экономикалық талдаулар өзінше бейімделген сипатта түрлене жету үстінде.

 

Қолданылған əдебиеттер тізімі:

  1. П.А.Воробьев, М.В.Авксентьева, А.С.Юрьева, М.В.Сура.- «Клинико-экономический анализ» Москва., 2004.
  2. М . А . Авксеньтев, П. А . Воробьев, В . Б . Герасимов. Экономическая оценка эффективности лекарственной терапии (фармакоэкономический анализ). – М., 2000.
  3. Планирование и проведение клинических исследований лекарственных средств / Под ред. Ю.Б.Белоусова. – М.,2000. – С . 223-260.
  4. И. Н .Тасмаганбетов., У. Б. Мухаметжанов, А . А . Аканов, М.К.Кульжанов, С.Н.Арыстанова, М.М.Усатаева - «Введение в медицинскую экономику » - Алматы , 1996
  5. Т.Шарманов, «Экономика Здравоохранения и перспективы государственной службы охраны здоровья в Казахстане» - Алматы , 2000. С . 18-36
  6. Г.А.Попов «Экономические проблемы в управлении лечебнопрофилактическими учреждениями». БПМ. – М., 1976
  7. Экономика Здравоохранения // учебное пособие. Под редакцией И.М.Шеймана 2000.
  8. А.С.Акопяе, Ю.В.Шиленко, Т.В.Юрьева «Экономика и управление» - М., 2003
  9. А.Айдаралиев, Ч.Айнекенова, Л.Горбунова, Д.Джапарова, М.Камалиев, Л.Кашыцина, К.Такырбашов – «Экономика здравоохранения» курс лекций, Бишкек, 2001.
  10. В.М.Шипова, В.Л.Ковальский, И.В.Бикулич «Ценообразование в учреждениях Здравоохранения» Библиотека экономиста, М., 2004. С. 59; 220; 328; 357
  11. Е.А.Киселева «Макроэкономика» - М., 2006. С. 185-193
  12. Ф.Н.Кадыров «Экономико-правовые основы организации оказания платных медицинских услуг» - М., 2003
  13. Экономика здравоохранения // метод.пособие – Инжевск, 1990
  14. Т.И.Ольгина «Экономический анализ и ревизия финансовохозяйственной деятельности учреждения здравоохранения», Москва. 2004.
  15. С.С. Носова «Экономическая теория», учебник, Москва. 2007.
  16. А.И.Вялков, Б.А.Райзберг, Ю.В.Шиленко «Управление и экономика здравоохранения», учебное пособие, Москва. 2002.
  17. А.В.Тихомиров «Социально-ориентированная реформа Здравоохранения» - М., 2007. С.53-97
  18. Журнал «Образование в управлении Здравоохранением» выпуск 14, №2, 1996, С.118, С.191
  19. В.М.Шипова, О.А.Дзукоев, О.А.Антонова «Экономическая оценка стандартов объема медицинской помощи» // под редакцией академика РАМН О.П.Щепина
  20. Ю.П.Лисицын «Общественное здоровье и здравоохранение», учебник, Москва. 2002.
  21. Габуева Л.А. Экономика ЛПУ: экономическая эффективность и бизнес планирование-М.:Гранть, 2001.
  22. Гребников П.И., Леусский А. И., Тарасевич Л. С. Микроэкономиа: учебник /Общая редакция Л.С. Тарасевича. Изд. 2-е перераб. И доп.СПб.: Изд-во СПбУЭФ, 1998.
  23. Кадыров Ф.Н. Ценообразование медицинских и сервисных услуг учреждений здравоохранения.- М.: Гранть,2001.
  24. Кузьменко М.М., Баранов В.В. Финансовый менеджмент в здравоохранения России . – М.: Медицина,1995.
  25. Рахыпбеков Т.К. Управление, экономика и планирование здравоохранения. // Проблемы социальный медицины и управления здравоохранением, 1997.-№2(6).
  26. Усатаев М.М. Методические подходы к расчету стоимости медицинских услуг.// Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением , 1997.- № 5.
  27. Ким С.В. Подходы к определению стоимости медицинской помощи.// Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением, 2000.- №15.
  28. Шипова В.М., Лебедева Н.Н. Стоимостные оценки медицинских услуг. (Методика расчета).-М.:Гранть,2000.
  29. Лебедева И.В., Екимов А.К., Шурабура И.Д. анализ ценообразования в системе ОМС и платных услуг. // Экономика здравоохранения,2000.-№4/44.
  30. С.А. Мартынчик, О.М. Хромченко. Роль цены в управлении процессом предоставления медицинских услуг в условиях инфляции. // Здравоохранение № 2, 1999,с.25-37.
  31. Кадыров Ф . Н . Экономическая служба лечебнопрофилактических учреждений. М.: Гранть,2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.