Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұғалім және мұғалімінің коммуникативті құзыреттілігі

Автор туралы мәліметтер. Байтемирова Каракат Берикхановна – психология магистрі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы.

Аннотация. Бұл мақалада коммуникативті құзыреттіліктің мазмұны сипатталып жазылған. Мақалада ғылыми әдебиеттерге шолу жасау негізінде коммуникативтілік, құзырет, құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, коммуникативті қабілет ұғымы қарастырылып, талдау жасалған. Коммуникативті құзыреттілік белгілі бір орта жағдайында тұлғааралық қарым-қатынаста тиімді коммуникация құруда қажет болатын ішкі мүмкіндіктер жүйесі. Қазіргі жағдайларда коммуникативті құзыреттілік қарым-қатынас процесінде дамуы оның өзара үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Қарым-қатынастағы құзыреттілік түрлі психологиялық қашықтақта басқалармен өзара қатынас орнату іскерліктеріне дайындықты көздейді.

Мұғалім киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы міндет. Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін» қызмет етпек, Н.Ә. Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі болып табылады. Сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдіресіздер. Олар үшін кейде ата-анала-

рына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жас ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге деген махаббаты көп ретте сіздерге байланысты» десе, атақты педагог – ғалым В.А. Сухомлинский «мұғалімдік мамандық – бұл адам тану, адамның күрделі және қызықты, шым шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп, ұстаздық қабілетке ерекше баға берген. Мұғалім – дәрігер мамандығы сияқты ертеден келе жатқан мамандықтың бірі. Ол ұрпақтар арасын байланыстырушы.

Орыс халқының ұлы педагогы К.Д. Ушинский былай дейді: «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде оқулық арқылы да, моральдік көтермелеу арқылы да, жазалау арқылы да әсер ете алмайтын күшті мұғалімнің жеке жақсы оқу бағдарламасы, тәрбие әдісі болсын, ол тәрбиеші болмаса, жай сөз болып қала береді. Тәрбиені ешқашан айтқанды көзсіз орындаушы бола алмайды, ол өз жүрегінің жылуын беруші, жанымен сезінуші болғанда ғана тәрбиеші бола алады». Ал, ұлы педагог және қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин «Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен ешкім теңесе алмайды», дейді. Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде адам және оны биік адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің жолдары туралы айтады. Сол тұрғысында ұстаздық қабілеті дамыған тәрбиешіге үлкен сенім артқан.

Қабілетті шыңдауда Ы. Алтынсарин мұғалім оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін теру арқылы жетеді. Баламен қатынас жасауда төзімді болу керек және әр пәнді түсінікті, ұғымды жеткізе білу де шеберліктің шыңына бастайды. Абай Құнанбаев мұғалім бір орында тұрып қалмай үнемі іздену, оқу, өсу үстінде болу керектігін, біле білгенін басқаға үйрету қажеттілігін ескертеді. Ең бастысы мұғалім адамгершілігі мол, үлкен жүректі, әділетті болуы шарт. Өз дегеніне жету үшін мұғалімнің мінезі кең, ерік-жігері мол, ішкі жан дүниесі сұлу, баланы сүйе білетін, рухани жағынан таза болмағы ләзім. Абай адам мінезі рухани жан дүниесі мен ерік-жігері арқылы анықталады дегенді айтқан. П. Подласыйдың айтуынша, педагогке тәрбиелей және басшылық ете білу, тыңдата және тыңдата білу, дүниетанымның кең болуы, сөйлеу мәдениеті, адам мен қарым-қатынас жасай білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, байқампаз болу қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білу қажетті қасиет. Педагогтік мамандық білімділікті қажет етеді [1].

Мұғалім белгілі бір пәнді меңгерген мамандық иесі. Болашақ мұғалімнің біліктілігі оқу орнындағы алған білімі арқылы қалыптасады. Орыс ғалымдары В.А. Адольф, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Э.Ф. Зеер, В.А. Сластенин, Т.Ф. Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады. Д. Дьюи, У. Уоллер, М. Мид, К. Юнг, П. Сорокин, Ф. Знанецкий сынды философтар кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л. Томпсон, Д. Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары моралдық нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды [2].

Құзыреттілік бірінші орынға білімдердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.

Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрақтарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық құзыреттілік адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Педагогикалық іс тәжірибесінде де мұғалімнің коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді [3].

Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым – қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Қазіргі білім беру жүйесінің даму үрдісі білім беруді ұлттың тұрақтылығын, әрі ширақ дамуын, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін, инвестициялық қызығушылығын, экономикалық өсуін, әлеуметтік тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең негізгі фактор ретінде қабылдауға негізделген. Ал осы білім беру мен тәрбие мәселесін жоғары дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтары қол жеткізуші, оны іске асырушы – құзыретті маман. Жаңа ғасыр оқытушы жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Коммуникативті құзыреттілік ұғымы мен оның қалыптасуын зерттеу барысында, көптеген ғалымдар «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын түрліше саралаған. И.А. Зимняянің зерттеулері бойынша, «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдары екі бөлек мағынаны білдірсе, А.В. Хуторскийдің анықтауы бойынша, құзырет – студентті білімділік жағынан дайындауға қойылған алдын ала талап, ал құзыреттілік – студенттің шығармашылығының бастапқы тәжірибесі және оның қалыптасқан тұлғалық қасиеті, яғни құзыреттілік – бұл адамның құзыретке деген тұлғалық қатынасы. Р.П. Мильрудтің ойынша, коммуникативті құзыреттілік коммуникативті шығармашылықтың жетістігін қамтамасыз ететін интегративті жеке бас ресурсы болып табылады. Ал коммуникативті құзырет – бұл сөйлеу шеберліктері мен тілдік дағдылар арқылы нығайтатын сөздік қатынастардың меңгерілген құралдарының негізінде тиімді коммуникативті қызметтің берілген аймағы. Тұлға бойында тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда студенттің жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша сән бере отырып, білімді еркін игеруді жүзеге асыру оқытушылардан тиімді әдіс – тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі [4].

Қабілет белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуі, яғни адам қасиеттерінің синтезі. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған мұғалімнің коммуникативтік қабілетін жатқызуға болады.

Қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді. Қарымқатынас функцияларын үш классқа бөлеміз:

  1. Ақпаратты коммуникативтік.
  2. Бағдарлаушы коммуникативтік.
  3. Аффекті коммуникативтік.

Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей қарымқатынассыз кез-келген психикалық процесс тоқырауға ұшырайды. Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез құлығының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек қана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады [5].

Педагогикалық қарым-қатынас өзіндік ақпарат алмасуы бар, коммуникативтік құралдардың көмегі арқылы өзара қатынастар мен тәрбие құралдарын жүзеге асырушы біртұтас жүйе болып табылады. Мұндағы күрделі міндеттердің бірі нәтижелі қарым-қатынасты жүзеге асыру, ол үшін педагог бойына коммуникативтік біліктерді дамытудың маңызы зор. Педагогикалық әрекет үрдісінде қарым-қатынастың келесі ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады: қарым-қатынастың нақты стилі: педагогикалық әрекеттің белгілі бір кезеңіне тиісті қарым-қатынас жүйесі; педагогикалық және коммуникативтік міндеттерді шешуде туындайтын қарым-қатынастың ситуациялық жүйесі. Қарым-қатынас астарында педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.

Педагогикалық қарым-қатынас ұтымды болу үшін педагог пен оқушылар қадірлейтін заттарын, идеяларын, қажеттіліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар осының бәрі педагог пен оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсетін педагогтың ішкі тікелей қарым-қатынасқа түсетін педагогтың ішкі көкейінен маңызды орын алуға тиіс. Тек сонда ғана әрбір субъектімен жеке жұмысын жүргізуге тиімді амал-тәсілдерді қолдана алады. Кейбір адамдар алдымен адамның жағымсыз жағын көруге дағдыланады. Сондықтан да ондай адам басқалардың жан күйіне ой жүгіртіп жатпайды, оны тіпті елемейді. Сөйтіп қатыгездік жасауға дайын тұрады. Ал білім беру жүйесіндегі педагогтар үшін бұндай қылықтар жараспайтын әрекет [6].

Адамның дамып жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты ұстаздар оқушыларға ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер олар оқушыға әлі де бала деп қарайтын болса, онда оқушы мұндай көзқарасқа қарсы шығып, өз қарсылығы мен наразылығын сөзі, ісі, мінез қылығы арқылы білдіреді. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл қозғалысына, іс әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзбен қарайды. Педагогикалық ортақтасу балалармен қатынас түзу құралы. Осыдан оны мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді байланыс орнықтыруға бағытталған педагогикалық кәсіби өзара ықпалды әрекет деп түсіндіруге болады. Бұл орайда мұғалім үшін аса маңызды болатын жағдаяттар: сөз саптау, сөйлеу мәдениеті, дауыс қоя білу деңгей ептіліктерін басқарымға келтіре алуы.

«Мен» «бермен кел» дегенді 15-20 түрге құбылта айтып, қол, дене, бет, бет-әлпет қозғалыстарымды 20 түрге келтіріп, сезімімді білдіре алатындай кезде ғана, шеберлігімнің қалыптасқанын байқадым» деп жазыпты А.С. Макаренко. Дж. Брофи және Т. Гуддтың «Мұғалім мен оның арасындағы» қатынас кітабында оқушыларға болған таңдамалы қатынаста көрінетін мұғалімнің «субъектив» пайымдау ерекшеліктері талданады.

Белгілі болғандай, мысалы, педагог өзі тәуір көретін оқушыларға көбірек назар салады екен. Қаламаған оқушылары оның назарынан тыс қалып, мұғалім «шуағын» сезіне алмайды. Мұғалімнің жақсы көретіндері данагөй, тәртіпті, тіл алғыш оқушылар. Енжарлан мен ынжықтар тіпті де еленбейді. Ал тәуелсіз, өжет, белсенді оқушылар мұғалімге ұнай бермейді. Қарым-қатынас түзуде оқушының сырттай тұрпаттық әдемі көрінісі де маңызды келеді. Дж. Брофи мен Т. Гудд анықтағанындай, мұғалім: алдыңғы қатарда отырған балалармен ырықсыз көп қарым-қатынас жасауға ұмтылады, олардың бағасын да жоғарылатып қоюға әрекеттенген, жазуы әсем балаларды көбірек құрметтейді; ұқыпты да әдемі киінген оқушыларға көбірек назар аударады; «әйел мұғалімдер көбіне ұл балалар бағасын жоғарылау береді де; ал ер мұғалімдер сүйкімді, сұлу қыз шәкірттерінің бағасын көтермелейді [7].

Педагогикалық ортақтасуға орай мұғалімдердің үш тобы анықталған: «белсенді», «көңілшек» және «әсіре белсенді». Біріншілері – қатынас жасауда ынталы, әр оқушымен жеке қатынас жасауға шебер тәжірибе, жағдайға орай әрекеттері ауысып барады. Өзінің қандай мақсат қойып, оған қалай жететінін біледі, түсінеді. Екіншілері, де өз көрсетпе – талаптарын икемділікпен пайдалана алады, бірақ көңілшектіктен әлсіз. Қатынастар түзуде балалар жетегінен шыға алмай қалады.

Мақсаттары күңгірт, мінезі – икемшіл, тұрақты көзқарасы, бағыты жоқ. «Әсіресе белсенді» мұғалім өз оқушыларын шектен тыс жоғары бағалауға бейім, баламен қатынасының көбі шындыққа жанаспайтын кейіпке түсіп кетеді. Оның бағалауында сәл белсенді бала бұзақы да тәртіпсіз, ал енжар оқушы жалқау да ақымақ. Мұндай мұғалімнің қылық әрекеті де өз шәкіртіне қойған бағасына сай: нақты оқушыны өз өлшеміне сәйкес көремін деп шектен шыққан қылықтарға бой ұрады.

Мұғалімнің басты қаруы сөзден басқа оның құрал-жабдық қорында бір топ сөздік емес (вербалды емес) тілдесу-ортақтасу шаралары жинақталған. Олар: тұрпат кейпі, ым ишара, қол, көз сілтемелері. Зерттеулерге қарағанда мұғалімнің міз бақпас бетінде ақиқаттың 10-15%-ы жойылады екен. Балалар өз ұстазының қас–қабағын сезгіш келеді. Оның бетінің бозаруы мен түксиген қабағынан істің қандай да насырға шапқанын сезіп, оқу қарқынын бәсең сіреп, нәтижені алыстады.

Мұғалімнің бетін көлеңкелеп, назарын тайдыруы немесе кекірейе бой тіктеп, мықынын таянуы балалар тарапынан оның сенімсіздігі, келіспейтіндігі, қарсылығы ретінде қабылданады. Тік тұрғанда алақандары ашық болып, отырғанда аяқ-қолы жайбарақат жайласа, балалар мұны оқытушының сенімі, келісімі, өздеріне деген болымды қатынас деп сезінеді. Мұның бәрі оқушылар тарапынан бейсана қабылданады. Шабыт, қуаныш не сенімсіздік жоғары дауыспен жеткізілсе, ашу, қорқыныш айқаймен бірге жүреді, ал қайғы мен шаршау жұмсақ та бәсеңсіген дауыспен жеткізіледі. Есіңізге түсіріңіз, кейбір мұғалімдеріңіздің қатал, не ысқырған дауысынан қаншалықты сескеніп, үріккеніңізді. Мұндай дауысты адам педагогикалық қызметке тіпті де жарамайды. Әлбетте, өзіндік тәрбиемен, тұрақты өзіндік жетілдіру жаттығуларымен адам бойындағы көп нәрсені өңдеуге болады. Сөйлесу желісі де мұғалім сезімін білдіреді: жылдам сөз толқу мен күйзеліс, жай сөз шаршағандықты, көңіл қарғаштығын танытады. Бас сипау, жанасу, қол алысу, иықтан, жауырыннан қағу да өз мәніне ие.

Мұндайда бір жағы кем отбасы балалары жақсы қабылдап, педагогты жоқ әкесі не анасының кейпінде таниды. Тентек пен қырсықты не өкпелегіш баланы басынан сипап, қандай да бір басқа тәсілдердің бәрімен жетісе алмаған құрметке бөленесіз. Бұл әр педагогтың қолынан келе бермейтін әдіс, мұны тек бала сеніміне толық кірген мұғалім ғана жасай алады. Мұғалімнің баламен нақты қатынастағы педагогикалық екеу ара қашықтығы (дистанция) келесідей белгіленген:

  • тікелей жеке-дара сөйлесуге мұғалім – оқушы арасы 45-120 см-ге дейін;
  • сынып тобымен ресми сөйлесуде – 120-140 см-ге дейін.

Сөйлесудегі аралық қашықтықтардың ұдайы өзгерістерде болуы педагогикалық еңбек ерекшеліктерінен, себебі педагог әрдайым нақты шарттар мен жағдайларға икемдесуі қажет. Қол сілтемелерін де ұмытпаңыз! Қол ұшы қозғалысы мен шошайған бармақ әңгімеге жан береді не қатынасты қарапайымдап (не қиындастырады). Мысалы, ашық алақан адамды өзіне тартады. Айқастырылған аяқтар, артқа тартылған не қалтадағы қолдар сұхбат тастар арасына кедергі салады. Сұқ бармақты көп шошаңдата бермеңіз – бұл басымдылық пен әміршілдік белгісі [8].

Қаламыңыз бен көзілдірігіңізді сипалақтап, бармағыңызбен столды тоқылдатып, аяқтарыңызды тықылдата бермеңіз –бұл сіздің шыдамсыздығыңызбен сенімсіздігіңізді көрсетіп, әңгіме желісінен ауытқытады. Мұғалім назары айнада не кітапта болмай, кезегімен оқушыларына бағытталғаны жөн. Сонда ғана балалар сіздің көңіліңіздің өздерімен бір екеніне сенеді, сізбен бірлікте жұмыс жасауға дайын тұрады. Қорытындылай келе, айтарымыз – бәрі шеберлікке тәуелді. Ал шеберліктің өзі ұзаққа созылған тыңғылықты, өзін жасауға бағышталған мұғалім еңбегінің нәтижесі. Кейбір мұғалім оқушыларының қимылсыз тыңдап, тыныш отырғанын жазып не оқып үлгеріп жатқанын қанағат тұтып, артық іс-әрекетке бара бермейді. Мұндай мұғалім еш уақытта да бала көңілін жылыта алмайды, оған бала жүрегінде орын жоқ. Мұғалім болдың ба – кәсібіңді арғымақша ерттеп, мін, өз ісіңнің шебері бола білуді есте ұстау.

П. Подласый педагогикалық қабілеттілікке ұйымдастырушылық, дидактикалық, коммуникативтік, зерттеушілік, ғылыми-танымдық, т.б. жатқызады. Бұл мұғалімнің бойында болуға тиісті ізгі қасиеттер. Білім саласында мұғалім қалай көрінеді? деген сұраққа педагогикалық әдебиеттерде тура жауап жоқ. Қазіргі күні тәрбиенің қажеттілігі, қоғам талабы жайлы жете зерттелмегендіктен оны зерттеу – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі. Өйткені, мұғалім және оның еңбегі, тәрбие жұмысы кейінгі орында тұрады. Міне, осы олқылықтардың орнын толтырмаса болмайды [9].

Педагог болу үшін оған әуел бастан бейімделіп туу керек дейді ертедегі педагогтар. Осы дұрыс па? Бұл пікірдің дұрыс емес жағы сол, ешкім іштен педагог болып тумайды. Дегенмен осы пікірді біржолата жоққа шығаруға болмайды. Өйткені бұл пікір педагог болу үшін қабілеттіліктің болу қажет екені жөнінде айтылған. Қабілеттілік іштен пайда болмайды, бірақ ол жүйке қызметі типтерінің негізінде қалыптасып, біртіндеп өріс алады. Көпшіліктің пікірінше педагог мамандығына икемділіктің болуына жүйке жүйесінің шыдамды келіп, қозу мен тежелу процестерінің өзара орнының алмасуының жылдам келуі негізгі роль атқарады. Солай деу, негізінен дұрыс болғанымен, әр түрлі темпераменттерге жататын кісілердің бәрі де, егер осы мамандыққа ықыласты болып келсе, өзінің қабілеттілігін кеңінен дамыта алады. Ал педагогтық қабілеттілік деп нені айтады? Бұл ұғымның мағынасы педагог өз жұмысына икем келіп, шебер болуын білдіреді.

Педагогтың негізгі мақсаты жас буындарға білім беру болса да, білімі терең адамдардың бәрі педагог мамандығына бірдей қабілеті келмейді. Себебі педагогтық жұмысқа қабілеттілік біліммен ғана бағаланбай, оқу-тәрбие жұмысын қандай әдіс қолданып өткізуімен бағаланады. Күнделікті жағдайда, айталық, бір кісі өзгелерге өзінің ойын түсіндірерде, осыны қандай жолмен, қай әдісті қолданамын деп қиналмайды, ал педагог мамандығының ерекшелігі сол, мұны ол оқу материалдарының мазмұны жөнінде ойланып қана қоймай, осыны қандай жолмен, нендей әдіспен оқушыларға жеткізем деген ойда болады. Сондықтан оқу мазмұнын шәкірттерге түгел жеткізе алу – педагогтық қабілеттіліктің негізгі бір түрі болып саналады. Сондай-ақ тәрбие жұмысын жүргізе алуға қабілеттіліктің өзіндік ерекшеліктері де кездеседі.

Қабілеттіліктің осы түрінің неше түрлі сипаты болса да, осыған баланың ішкі жан дүниесін жете біліп, тәрбиені соған қарай өзінің сөзін, жұмысын ықшамдап, бейімдей алуы жатады. Педагог мамандығына лайықты қабілеттіліктің бұл екі түрін бірінен бірін бөліп алып қарауға болмайды. Себебі сабағын жақсы білетін мұғалімнің сөзі тәрбие жұмысында балаларға өтімді. Сондықтан қабілеттіліктің бұл жеке түрлері өзара тығыз байланысты. Педагогтық қабілетті көпшілік кейде мұғалімнің интуициясымен байланыстырады. Тәрбие жұмысындағы интуицияның негізгі мәні – педагогтың әр ісін нендей нәтижеге апаратынын алдын ала біле алуы. Мысалы тәжірибесі мол педагог оқушыға қандай шара қолданғанда, соның өзі нендей нәтижеге апарып соғатынын алдын ала бірден білетін болады. Қабілеттіліктің бұл түрінде ешқандай жасырын сыр жоқ. Өйткені, бұл қасиет оқушылардың жан дүниесін жақсы білгендіктен және осыны педагог өз тәжірибесінде талай рет басынан кешіргендіктен осылай болып отыр. Сонымен қатар, педагогтың ұйымдастыру жұмысына икем келуі оның мамандығына лайықты қабілеттіліктің бірі болып саналады.

Кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады. Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті [10].

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды. Интеллектуалды педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.. Сондықтан маманның кәсіби құзыреттігінің арнайы, әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Арнайы өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы.

Әлеуметтік – тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның ісәрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды. Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты əрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда əңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара əрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тəсілдері мен нəтижелерін, əрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөліседі, алмасады.

Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызметінің нəтижесі өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте əңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай əрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне болған əсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде əрқайсысы өз алдына субъектік мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет. Қазіргі кезде жалпы психология мәселелерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі. Адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тілдестік қатынастың негізінде жасалады. Тілдесу деген не? Тілдесу біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі.

Тіл қатынасы негізінен əңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды. Тілдесудің екінші тарапы сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір бірінің əрекетін, қылығын танып, оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, ақырғы, тарапы тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі [11].

Сонымен, бір тұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды əрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың əдістерін құрайды. Сондықтан білім берушінің бойында бала тұлғасының дамуына ол қай кезде жақсылық, ал қай кезде жамандық жасауға бейімді болып тұрғанын анықтау мүмкіншілігінің болуы міндетті.

Егер осы ақпарат тілдесу барысында түсінімді қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәнділігіне ие болады. Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір біріне ықпалды əсер ете алуына байланысты келеді. Бұл жағдайдағы коммуникативтік ықпал бір адамның екіншісіне жасаған психологиялық əсеріне теңгеріледі. Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады. Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренеміз.

Сөйлесудің және бір қызметі коммуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Адам тіліндегі көңіл-күй көрінісі үлкен маңызға ие. Сөзді тек ақыл-ой көрінісі деп тану оның өрісін өте тарылтып жібереді. Сөзде, əсіресе оның ауызша түрінде көңіл-күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады: іркісін, ырғақ, əуен; жазба түрінде тыныс белгілері, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында біз тек білген ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, əңгіме арқауына болған, əңгіме тыңдаушыға болған өз көңіл толғаныс, қатынастарымызды білдіреміз. Сөз неғұрлым өрнекті, əсерлі болған сайын, одан сөйлеушінің келбеті, болмысы дəл əрі нақты көрінеді [12].

Қорыта айтқанда, мұғалім қызметінің ерекшелігі, оның қолында нәтиже өлшеуіші жоқ. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қас қағым сәттің ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Мәмбетов М№. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. Алматы: «Жалын», 1999 – 370 б.
  2. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы: «Қайнар», 2007 – 400 б.
  3. Тоғымбаева А.Ә. Педагогтың кәсіби құзырлық моделі. // «12 жылдық білім» журналы, 2008. № 2. – Б. 87-92.
  4. Рыжов Б.Н. Системная психология. – М.: МГПУ, 1999. – 499 с
  5. Крылова А.А., Маничев С.А. Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологии. СПб.: Питер, 2002. – 539 с.
  6. Психологические тесты для всех. Киев: «Таир», 1992. – 421 с.
  7. Карелина А.А. Психологические тесты. – М.: «Мысль», 1999. – 620 с.
  8. Психологический словарь / под ред. В.П. Зинченко, Б.Г. Мещерякова. М.: «Пресс», 2001. – 556 с.
  9. Рубинштейн С.Л. Проблемы Общей психологии. – М.: «Прима», 1973. – 501 с.
  10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.:: Питер, 1999. 698 с.
  11. Болотова А.К., Макарова И.В. Прикладная психология. – М.: «Пресс», 2001. – 562 с.
  12. Психологическое обеспечение профессиональной деятельности. / Под. ред. Р.С. Никифорова. – М.: «Мысль», 1998.554 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.