Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары мектепте психологиялық дайындау жүйесінің қазіргі жағдайы

Студенттер үшін психологиялық дайындау іс-әрекетінің мәнділігі, оңды ықпалы тек психология пәндерін оқуға, білуге деген студенттердің ерекше қатынасының орнығуына байланысты болатыны даусыз. Психологиялық білімді жоғары дәрежеде меңгеру, психологиялық даярлықты жетілдіру тек оның студенттер үшін мәнді болуына тәуелді деп білеміз.

Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың тиімді іске асырылғандығы студенттердің оқу және кәсіби іс-әрекеттерді меңгеруі, қарым-қатынастары арқылы көрінеді. Жоғарыда баяндалғандай, қазіргі кезде студенттерді мақсат – бағдарлы психологиялық дайындау психология пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.

Демек, психологиялық дайындаудың дәстүрлі жүйесінің мәнділігін анықтау көрсеткіштері жоғары оқу орнында психология курсын оқытуға қатысты алынады.

Студенттердің өз психологиялық білімдері мен икемдерін бағалауы психологиялық дайындау тиімділігінің басты бір көрсеткіші болып табылады. Болашақ мамандардың тұлғалық және кәсіби дамуына қатысты мақсат бағдарлы психологиялық дайындықты қажетсінуі, оның студенттер үшін субъектілік тұрғыдан мәнділігі, психология курстарының ұғынуға және меңгеруге ыңғайлылығы мен болуы психологиялық дайындық жүйесінің мәнділігін бағалауда дәлме-дәлдік рөл атқарады. Қарастырылып отырған мәселеге қатысты әдебиеттерге жасалынған талдау нәтижесінде студенттердің психологиялық дайындыққа деген қажеттілігінің пайда болуы мен оның дәрежесін көрсететін параметрлерді тағайындауға болады. Оларға оқу пәні ретінде психология курстарына қызығушылық; психологияға қатысты сұрақтардың, мәселелердің туындауы; өмірдегі әртүрлі жағдаяттарға байланысты шығатын мәселелерді шешу үшін психологиялық әдебиеттерді пайдалану (сандық мөлшерде); психология бойынша қарастырылған қосымша әдебиеттердің саны; білім алу процесіндегі эмоциялық жай-күйдің сипаты; психологиялық білімнің субъектілік және кәсіби мәнділігі; психологиялық дайындық мазмұнына, формалары мен әдіс-тәсілдеріне қатынастар; психология курстарының кәсіби іс-әрекет пен тұлғалық дамуға қатысы, жоғары оқу орындарында психология пәндерін оқыту дәрежесін бағалаулары, жоғары оқу орнында психологиялық дайындауды жетілдіруге қатынасұсыныстары жатады. Сонымен қатар, психология курстары бойынша оқытушылар тарапынан бағаланған студенттердің білім деңгейі болашақ мамандардың психологиялық дайындықты қажетсінуін жанама түрде көрсетеді деп қарастырамыз. Бұлар жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық дайындау мазмұны мен түрпішіндерінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемдері болып табылады.

Ал психология пәндері оқытушыларының психологиялық дайындаудың тиімділігін бағалауы тағы бір көрсеткіш ретінде алынады. Оқытушылар тарапынан өзінің педагогикалық іс-әрекеті мен іс-тәжірибесін, студенттердің оқу материалын меңгеру нәтижелерін, оны практикада қолдану мүмкіндіктерін, рефлексиялауы, психологиялық дайындаудағы қиыншылықтарды аңғара алуы аса маңызды болады. Осыған орай студенттерді психологиялық дайындау әдіс-тәсілдері, құралдары, олардың нәтижелілігі және ахуалы жайлы мәліметтер жинақталады.

Сол сияқты әр түрлі салада кәсіби ісәрекетті іске асырушы жоғары оқу орнының бұрынғы түлектерінің өз психологиялық біліктіліктерін бағалауы да психологиялық дайындау тиімділігін айқындайтын көрсеткіш болады.

Психологиялық білімнің мәнділігін анықтау мақсатымен өткізілген сауалнамаға филология, математика, химия, бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарында оқитын 63 студенттің; транспорт, механика, құрылыс, коммуналды шаруашылық салаларына қатысты инженер мамандықтарында оқитын 20 студентінің жауаптары алынды.

Студенттер үшін психологиялық білімнің мәнділігін анықтау сауалнамасының 10 сұрағы бойынша алынған мәліметтерді қарастыралық. Зерттеуге қатысқан студенттердің 93,4% жоғары оқу орындарында психология пәндерін оқыту қажет деп санайды. Психологиялық білімі жеткіліксіз студенттің өз оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жете алмайтынына зерттелінушілердің 64,7% кәміл сенімді. Психологиялық білімі жеткіліксіз адам кәсіби ісәрекетін нәтижелі жүзеге асыра алмайды деген пікірмен сауалнамаға жауап бергендердің 68,6% келіседі. Студенттердің 17,8% ойынша өз-өздерін түсінуге, білуге, тануға өздері оқыған психология курстары арқылы ғана мүмкіндік алған. Ал жастардың 20,9% өздерінің басқа адамдарды тануына, түсінуіне, дұрыс қабылдауына жоғары мектептерде қазіргі кездері оқылатын психология курстары жағдай жасады деп бағалаған. Психология ешкімнің аса бір қажетіне жарай қоймайтын, баршаға белгілі жайттарды ұзын-сонар баяндайтын ғылым деген пікірді зерттелінушілердің 65,6% құптамайды. Сауалнамаға жауап берген студенттердің 8,1% пікірінше, оқуда болмасын, еңбекте болмасын бәрінен бұрын өз міндетіңді атқаруды ойлау керек, өмірдегі әртүрлі жағдаяттардың өзі-ақ психологияны үйретеді. Студенттердің 86,8% психологиялық білім әртүрлі қиын, күрделі жағдаяттардан оңтайлы шығуға көмек береді деп оған жоғары баға береді. Ал психология пәнінің пайдасын болашақ мамандардың 65,5% аңғарады. Кейбір студент–респонденттердің 11,3% психологияны соншама еңбектеніп оқымай-ақ қойса да болады деп, оқу процесіне қатысты енжарлық танытқандай.

Осы сауалнама бойынша алынған мәліметтер психологиялық білімнің субъектілік тұрғыдан мәнділігі, психология курстарының қабылдануы жайлы түйін жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, жоғары оқу орнында студенттердің көпшілігі психологиялық білімнің қажеттігін, оның маңызын бағалап, түсінетін көрінеді. Осы орайда, екіншіден, студенттер көбіне өмірдегі нақты жағдаяттармен байланысты психологияға аса ден қояды да, кәсіби бағыттағы психологиялық дайындық мәнісін аңғара бермейді. Демек, үшіншіден, жоғары оқу орнында психология пәнін оқыту кәсіби бағытта жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылмайды. Сол сияқты, төртіншіден, студенттердің кейбірі тұлғалық ерекшеліктерді дамытуға, жетілдіруге қатысты психология курстарының маңызын айқын сезіне алмайды. Бұл жасалынған қорытындының дұрыс, сенімді екендігі сауалнама нәтижелерін бір-бірімен салыстыра отырып, ρ≤0,01 болғанда Пирсонның r сызықтық коэффициентімен олардың арасындағы корреляциялық байланыс арқылы анықталды.

Студенттердің психологиялық білімге деген қажеттіліктері арнайы құрастырылған сауалнама бойынша анықталды.

Психологиялық білімді студенттердің қажетсіну көрсеткіші ретінде олардың психология пәндеріне ден қойып, қызығушылық танытуы 5-балдық шкаламен өлшенді.

Жоғары мектепте оқылатын әрбір пәннің студенттер үшін өзіндік тартымды, ұнамды, мәнді, аса қызықты, негізгі деп санайтыны болады. Сондықтан студенттерге сәйкесінше шкаланы қолдана отырып, 1) психологияға, 2) педагогикаға, 3) арнайы пәндерге, 4) әлеуметтік-ізгілікті пәндерге,

5) мамандану пәндеріне өздерінің ден қою, қызығу дәрежесі бойынша бағалау ұсынылды.

Осы орайда жүргізілген зерттеу нәтижесін қарастырдық.

Психология курстары студенттердің 21,6% мүлде қызықтырмайтын көрінеді. Ал студенттердің 20,6% психология пәндерін

4 пен 5 балдармен аса жоғары бағалап, өздерін осы пән өте қызықтыратынын көрсеткен. Жоғары бағаны психологиялық білімі жеткіліксіз студенттің өз оқу ісәрекетінде жетістіктерге жете алмайтынына сенімді студенттер қойған болды. Студенттердің 57,3% 3 балл қойып, аталмыш пәнге деген қызығушылықтарын орташа деп бағалаған. Олай болса, қазіргі кезде студенттердің көпшілігінде психологиялық білімге деген қызығушылықтары жоғары дәрежеде емес. Психологиялық дайындық кәсіби білім берудің басты бір құрамы болғандықтан, бұл жайттар жоғары мектептің оқу-тәрбие субъектілерінің ешқайсысын енжар қалдырмауы керек сияқты.

Іс-әрекеттің қажеттілік, мотивациялық құрамдары эмоциялық қатыспен бірге көрінетіні психология ғылымдарында белгілі. Сондықтан, студенттердің психологиялық дайындыққа деген қажеттіліктерін зерттеуде олардың алған білімдеріне қатысты эмоциялық кейіптерін анықтау керек деп санадық. Мұнда К. Изардтың «Сараланған эмоциялар шкаласы» қолданылды. Нәтижесінде, студенттердің барлығы психология курсы бойынша оқу материалын меңгеру барысында басқа негативті эмоциялық кейіптерге қарағанда қызығу, қуаныш, таңдану сияқты позитивті эмоциялардың басым болатынын айқындап, жоғары бағалады.

Сонымен қатар, студенттердің психологиялық білімді қажетсінуін, оған қызығып, ден қоюын олардың тарапынан психологияға қатысты сұрақтардың туындауы арқылы да анықтауға болады. Бұл көрсеткіш студенттердің психологиялық дайындау процесінің субъектісі ретіндегі белсенділіктерін де көрсетеді. Нақтылы бір психикалық құбылыспен танысу барысында студенттердің бір жайттарды түсінбей қалып немесе терең білу мақсатымен сұрақ қоюы олардың психологиялық білімге зәрулігін танытады. Осы орайда қойылатын сұрақтар қандайда бір психологиялық мәліметтердің жеткіліксіз, қажеттілік, зәрулік жағдайының вербальді түрі әрі субъектілік мәнді аспектісі болып табылады.

Психология пәндері бойынша сабақтар барысында ұйымдастырылған бақылаулар мен сауалнама негізінде студенттердің 18,8% психологияға қатысты нақты сұрақ пайда болатыны анықталды. Сұрақ қоймау психологиялық білімі жеткіліксіз студенттің өз оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жете алмайтынына сенімді студенттерге тән болғаны тағайындалды. Олардың 37,8% қояр сұрақтың мүлде жоқ екендігін алға тартады. Ал студенттердің 43,4% дәл сәтінде сұрақтың пайда болған – болмағанын айту қиын деп жауап берген-ді. Олар психологиялық білім әртүрлі қиын, күрделі жағдаяттардан оңтайлы шығуға көмек береді деп оған жоғары баға берген студенттер болды. Сондықтан мұны әлбетте студенттердің психологиялық дайындық процесіндегі енжарлығы, я болмаса, олардың психологиялық білімді қажетсінбеуі деп қарамау керек. Оған алдыңғы зерттеу нәтижелері негіз болады. Тегінде, студенттер қай пәнге қатысты болмасын көкейіндегі сұрақты сөзбен жеткізуге қиналатын сияқты. Оның кейбір себептері де белгілі болды. Студенттердің көпшілігі «сабақ барысында өз-өздеріңді қайтіп реттей аласыңдар?» деген сұраққа «тым қарапайым сұрақ қойып ұятқа қалмауды ойлау керек» немесе «ақылды болғыш сынбай, тыныш отыру керек қой» деп өзөздерін тежеп ұстайтындарын келтіреді. Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан студенттердің 80,5% психологияны қиын пәндер қатарына жатқызатын көрінеді. Мұндай пікір психологиялық ақпараттарды алуда позитивті эмоцияларға төмен, негативті эмоцияларға біраз жоғарылау баға қойған студенттерге тән болды. Ал студенттердің қойған сұрақтарының мазмұнына талдама жасағанда, олардың 77,5% нақтылы бір психикалық құбылысты дамыту, жетілдіру мүмкіндіктеріне қатысты болды. Бұл психологиялық білім әртүрлі қиын, күрделі жағдаяттардан оңтайлы шығуға көмек береді деп оған жоғары баға берген студенттердің қойған сұрақтарын сипаттады. Сұрақтардың 7% студенттердің баяндалған оқу материалына қатысты өз ойын түйіндеуден, өзінше жасаған қорытындысынан, өзінің бұрын естіген, оқыған ақпараттарымен салыстырудан, жалпылаудан тұрды. Кейбір баяндалған жайттарды түсінуге талпыныстан туған қайталау, пысықтау сұрақтары 10,9% құрады. Сұрақтардың 4,6% тақырыптан бөлек, сабақты ұйымдастыру, меңгерілген білімді бақылау, тексеруге қатысты қойылды. Зерттеу кезінде қойылған сұрақтардың бірде-бірі кәсіби бағытта немесе кәсіби мәнді психикалық функцияларды қамтымады. Сол сияқты студенттердің бірде-бірі психикалық даму, жетілу бойынша субъект ретінде белсенді болу мәселесін көтере қоймады. Аталмыш мәселеге студенттердің өз әлеуеттерін дәлме-дәл емес бағалауы немесе олардың психологиялық дайындау барысында даму процесі, белсенділіктің артуы жан-жақты болып, өздігінен шешіледі деген сенімдері себепкер шығар. Бұл жайт жоғары оқу орнындағы психологиялық дайындаудың дәстүрлі жүйесін студенттердің зор үмітпен қабылдайтынын көрсетер деп сенеміз.

Студенттерді психологиялық дайындау тиімділігін арттыруда қазіргі заманға лайық көптеген оқу және техникалық, аудио-, видео,баспа құралдарына зәрулік, оқытушының материалдық жағдайы да қиыншылықтарға себеп болатыны ашылды. Мұнда психологиялық оқу материалының мазмұнындағы кәсіби-практикалық бағдардың жеткіліксіздігі, аталмыш пәндер негізінде оқытуды ұйымдастыру мен студенттердің оқу іс-әрекетіне қатынасы бойынша қиыншылықтардың көлемі әлдеқайда ауқымды. Демек, студенттерді психологиялық дайындаудағы қиыншылықтарды оқытушылар сыртқы, атрибуция деңгейінде көрсетеді. Ал оқытушының өзіне, тұлғалық қасиеттері мен кәсіби біліктілігіне байланысты рефлексия деңгейінде қиыншылықтар мүлде ашылмаған. Бұл жағдайда жоғары оқу орын-

дарындағы психологиялық дайындауды тиімді ету мүмкін емес. Педагогикалық ісәрекет өзіндік сана-сезім құрамдарына арқаланбаған жағдайда оқыту мен тәрбиелеудің озық, инновациялық әдістәсілдерін, формаларын ойластырып, алгоритмін құру шешіле қоймайтын мәселеге айналары сөзсіз. Осы орайда студенттерді психологиялық дайындаудың жаңа жүйесін жасап, іске асыру психология пәндерінің оқытушыларының тұлғалық және рефлексиялық мәнді іс-әрекетіне арқалануы қажет деп санаймыз.

Жоғары оқу орындарындағы психологиялық дайындауды сараптамалық бағалауға кәсіби іс-әрекет атқарушы жоғары білімді мамандар да қатысты. Арнайы жасалынған сауалнамаға жауап берген білім беру мекемелерінің педагогтері, мемлекеттік қызмет атқарушылар, энергетика, құрылыс, металлургия саласында қызмет етуші инженерлер болды. Осы 35-40 жас аралығындағы 26 маманның өздерінің психологиялық білімдерін бағалауына талдау жасалды.

Мұнда зерттеуге қатысқан инженерреспонденттердің жоғары оқу орындарында психология пәндерін мүлде оқымағандықтары белгілі болды. Ал басқалардың жауаптарында мамандық түрлеріне қатысты пайыздық үлесте мәнді айырмашылықтар болмағандықтан, алынған нәтиже жалпы түрде қарастырылды.

Біздің зерттеуде де психологиялық білімге қажеттілік «адам-адам» типіндегі іс-әрекет негізінде ерекше аңғарылатын болғандықтан, педагог-мамандардың психологиялық білімге әлдеқайда зәрулігі көрінеді. Аталмыш қажеттілік жоғары оқу орындарындағы психологиялық дайындыққа оңды қатынас білдірген барлық педагогтерге тән болды. Жоғары оқу орындарындағы психологиялық дайындыққа көңілі толмаған педагогтер психологиялық біліктілікті арттыруды қажетсінбейтін болып шықты. Демек, педагогтердің психологиялық білімді қажетсінбеуі олардың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты сияқты. Мемлекеттік қызмет атқарушы мамандардың – салық жүйесіндегі, полиция саласындағы және әскери қызметкерлердің «адам-адам» типіндегі іс-әрекетті жүзеге асырғанымен психологиялық білімді қажетсінулері жоғары дәрежеде емес. Бұл жайтты психологиялық білімнің теориялық негіздерін, практикадағы мәнісін мамандардың дәлме-дәл түсіне алмауларымен байланыстырамыз. Оның негізгі себебі өктем мәнерде іс-әрекет пен қарым-қатынас жасауға дағдыланып қалғандықта, мамандардың жалпы кәсіби біліктілікті жетілдіруге бағыттылықтарының төмендігінде деп санаймыз.

Энергетика, құрылыс, металлургия саласында қызмет етуші инженерлердің психологиялық білімді жетілдіру шараларын аса қажетсінбеуі оларға психологияның пәндері бойынша мақсат-бағдарлы оқытудың іске асырылмауы мен байланысты болуы керек. Дегенмен, қазіргі заманда психологиялық білімді меңгерудің әр түрлі жолдары бар. Сондықтан инженерлердің психологиялық білім қажеттілігінің байыбына жете алмауына олардың «субъект-объект» типіндегі іс-әрекеті бір себеп болатын шығар. Ал психологиялық дайындықты қажет етуші инженерлер дербес, өзіндік даму, жетілу бағыттылығымен ерекшеленетін сияқты.

Мамандардың психологиялық білім жетілдіруді қажетсінуі студенттер сияқты әртүрлі психология салаларына қатысты болды. Олардың 68% тұлға аралық қарымқатынас психологиясына қатысты өмір жағдайының мәселелерін оңтайлы шешуге психологиялық білім жетілдіруді қажет етеді. Ал мамандардың 51% жанұя және бала психологияларына орай психологиялық білімнің мүмкіндіктерін бағалайды. Кәсіби іс-әрекетке қатысты психологиялық білім жетілдірудің қажеттілігін зерттеуге қатысқан респонденттердің 73% көрсетеді. Студенттерге қарағанда бұл көрсеткіш аса жоғары болды. Оның себебін мамандардың арнайы білімі болғанмен, кәсіби іс-әрекетті тиімді, орасан жетістіктермен орындауда психологиялық білімнің қуаттылығын іс жүзінде аңғаруы деп білеміз.

Жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық дайындауды жетілдіруде мамандардың 78% «студенттердің жақсы оқуына мүмкіндік беретін психологиялық материалдарды оқыту керектігін», «практикада қолдануға болатын психологиялық білім беруді»«тіршілік әрекетіндегі күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін психология пәндерін оқыту керектігін» ұсынады. Мамандардың 69% іс-әрекет пен қарым-қатынасты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін психологиялық пәндерді оқыту керектігін көтереді. Ал, респонденттердің 57% психологиялық дайындауды жетілдіруді тұлғалық қасиеттерді дамытуға жағдай жасаумен байланыстырады. Демек, жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық дайындау субъект-кәсіби бағдарлы болуы өзекті мәселе.

Олай болса, болашақ мамандарды психологиялық дайындаудың аса өзекті мәселе болатыны көрінеді. Жоғары мектепте студенттерді психологиялық дайындауға жалпылай алғанда оң қатынас орын алатыны анықталды. Кезінде Б.А. Сосновский де жоғары мектепте «… пән ретінде психология дәстүрлі оқытудың көптеген таптаурындарын барынша жігерлілікпен және тиімді қорғайды» деп, ««көпшыңды» психологиялық даярлықты қалыптастыру үшін жағдай жасау» мақсатымен психологиялық дайындау мәселесін қайта қарауды ұсынған-ды [9, 174 б].

Демек, жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық дайындаудың дәстүрлі жүйесі жетілдіруді қажет етуде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. – М.: Владос, 2001.
  2. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.Высшая школа, 1991. – 148 с.
  3. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. – Алматы: «Қазақ университеті», 2004. – 312 с.
  4. Ерментаева А.Р. Студенттерді психологиялық дайындаудың негіздері. – Өскемен, 2007. – 404 б.
  5. Зинченко В.П. Психологические основы педагогики (Психолого-педагогические основы построения системы развивающего обучения Д.Б. Эльконина – В.В. Давыдова). – М.: Гардарики, 2002.
  6. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М.: УМК «Психология». – 2000. – 125 с.
  7. Попова М.В. Психология как учебный предмет в школе. – М.: ВЛАДОС. – 2000. – 288 с.
  8. Студенттердің психологиялық білім алуында графиктік модельдерді қолдану // ХХІ ғасырдағы білім және ғылым: болашаққа көзқарас. Жаңаша ғылымбілім технологиялары және даму көкжиектері: халықар. ғыл.-прак. конф. Материалдары. – Алматы, 2001. – 119-120 бб.
  9. Сосновский Б.А. Мотив и смысл (психолого-педагогическое исследование). – М.: Прометей. – 1993. – 199 с.
  10. Шерьязданова Х.Т. Новые подходы в обучении психологии студентов / Сборник материалов I Всероссийской научно-методической конф. – М., 1998. – С. 248-249.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.