Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кіргізу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. Осы ретте болашақ экономист және заңгерлерге мамандықтары аясында ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастырудың маңызы зор.
Болашақта экономика заң, құқық қорғау және сот жүйесінде маман болатын студенттердің ағылшын тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білу талап етіледі.
Қазіргі уақытта «Экономика» «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметіне іске асатын (моделі). Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз
Экономикалық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты:
Біріншіден, адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;
Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау;
Үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру. Экономикадағы болып жатқан өзгерістерге тез бейімделу. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушылардың білімін тексеруде: топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру:
- оқушының өзін-өзі тексеруі
- оқушылардың бірін бірі тексеруі
- оқытудың модельді жүйесі
- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс тәсілдерін қолдану жатады.
Соңғы жылдары шыққан жаңа формасы – блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады.
Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген экономикалық проблемаларды біртұтас беруге мүмкіндік туғызады.
Блок (модуль) ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақ-тауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар «жеке маман тұлғаны» өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Біздің зерттеу объектіміз – “жоғары техникалық оқу орнындағы оқыту үрдісі”. Оқытудың құралдарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын зерттей отырып біз зерттеу объектімізге – оқыту үрдісіне қойылатын қазіргі талаптарды басшылыққа алдық, оқытудың қазіргі психологиялық педагогикалық концепцияларына сүйендік, оқу үрдісін құруға мүмкіндік беретін оқыту принциптерінің қазіргі түсіндірмесін ескердік.
Оқыту үрдісінің басты элементтері оқыту іс-әрекеті, оқу іс-әрекеті және білім беру мазмұны. Осылардың арасындағы өзара әсерлесе оқыту үрдісі болып табылады (1-сурет).
Зерттеуіміздің пәні жоғары техникалық оқу орнындағы оқыту үрдісінде студенттерге пәнаралық интеграция негізінде білім берудің практикада қолдану тиімділігі «пәнаралық интеграция» ұғымының мәнін ашуға байланысты.
1-сурет. Оқытудың басты элементтері арасындағы байланысты кескіндейтін сызба
Сондықтан да, зерттеуімізде физикалық ғылым мен техникалық ғылым, экономика оқу пәні мен техникалық оқу пәндерінің арасындағы интеграцияны майқындап көрсету мақсатында төмендегідей (2-сурет) сұлбаны ұсынамыз.
2-сурет. Экономикалық-техникалық пәнаралық байланыс
Әртүрлі әдістерді, тәсілдерді біріктіру мен пайдалану, тәрбиелеу және оқыту жолдары жайлы жазылған «практикалық синтез» мәселелеріне арналған әдебиетте (В.И. Загвязинский), ең алдымен мазмұндық интеграцияны – интегративтік курстарды, оқу пәндерін, олардың құраушыларын білімдерді, іскерліктерді және т.б., яғни жалпы білім берудің мазмұнын құруды қарастырады (М.Н. Берулава, Л.И. Балашова, Г.Ф. Гегель және т.б.).
Олай болса, оқытудың басты элементтері оқыту іс-әрекеті, оқу іс-әрекеті және білім берудің мазмұны. Олардың арасындағы өзара әсерлесе (3-сурет) оқытуды құрайды.
3-сурет. Оқыту, оқу және білім беру мазмұнының өзара әсерлесін көрсететін сызба
Оқытушының іс-әрекеті мен студенттің іс-әрекеті жалпы процессуальдық құрылым, мақсат – мотив – мазмұн – құрал нәтиже – бақылауды құрайды. Дегенмен де, жетекші сипаттағы оқытушы іс-әрекеті мен басқарылатын сипаттағы студент ісәрекетінің бұл түйіндердегі мазмұндары түрліше.
Енді осы, жалпы процессуалдық құрылым – мақсат – мотив – мазмұн – құрал нәтиже – бақылауды талдап қарастырайық.
Кәсіби пәндер мен экономика интеграциясына негізделіп құрылған дидактикалық жүйедегі оқыту үрдісіндегі мақсат интеграциялық негізде құрылған оқытушының іс-әрекеті бойынша экономикалықтехникалық мәселе қоюдан басталады.
Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең үлгірімі нашар оқушының білімі «үш» деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр. Үлгерімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет. Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 45 минут ішінде үзілмеуі баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін, мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-сымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізіп, маңдай терін төгуді қажет етеді. Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс, біркелкі ретке келтірмегендігінде де байланысты. Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүріп жатыр (парадигма грек тілінен «мысал, үлгі». Теориялар мен әдістемелердің негізгі жетістіктерінің жүйесі үлгіге алына отырып білім және пән бойынша зерттеу практикасы ұйымдастырылуда. Жаңа білім беру парадигмасы бала тұлғасын, білім, оқыту, тәрбиелеу арқылы дамытуды бірінші орынға қояды. Жалпы білім беретін мектептердегі жұмыс барысында болып жататын өзгерістер оқытуда, оқушылардың оқу әрекетінде де дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа түрлерін пайдалануды ұсынады. Бүгінгі күні теорияда және жұмыс практикасында оқыту-тәрбиелеу процесінің көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор және орындаушы педагогикалық процесіне өзінің жеке ойларын, түзетулерін енгізеді. Соған байланысты әрбір нақты технология авторлық болып саналады. Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогикалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының зегерімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру керек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу болады. Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу, оқушылармен қарым қатынастығы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сараманды сабақты саяхат сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасында қолданылатын технологиялар мен оқыту жүйесінің төрт түрі ерекшеленеді: дәстүрлі, негізінде ассоциативті – рефлекторлы таным теориясының тұжырымдамасы жатыр. Тұлғалық бағытталған, демократиялық және ізгіліктікі принциптеріне негізделген; коммуникативтік, бұл педагогикалық бірлесе жұмыс істеудің негізін қалайды; ойындық, оқыту мен тәрбиелеудің жеке және ұжымдық формаларымен үйлесетін танымдық әрекеттерді белсендіру принципі негізге алынған. Ең жақсысы – көрсетілген оқыту жүйелерінің барлығы үйлесімді болуы керек. Бірақ қазір қоғамға ерекше, денсаулығы мықты, қызықты, ойшыл, тәуелсіз тұлғалар қажет. Осылайша, жаңа технологиялар оқыту процесін радикалды өзгертуі мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқу барысында қуанышқа бөлеу, жүректерінде өздерін бағалай білетін сезім тудыру болып табылады. «Педагогикалық технология» түсінігі ғылыми күнделікті қолдануға терең енгенімен, мағынасы әр түрлі талқыланады. Сонымен бірге барлық түсіндірмелердің түпкі тамыры біреу екенін байқауға болады. Ол мына дефинициядан байқалады: «Педагогикалық технология дегеніміз – бұл білім беру мақсаттарымен біріктірілген пән мен әдістемелердің күрделі және ашық жүйелері; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемелері мен міндеттері өзара байланысты».
Экономиканы оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарлайды: ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда экономикалық курсының сызықтық сатылық логикасы ескеріледі; ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық географиялық түсініктерді. Ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі; ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістер мен құралдар қолданылады; берілген имитациялы ситуацияда шешім қабылдау ұстанымдары ашылады. Экономика негіздері: Сұраныс және ұсыныс. Нарықтық тепе-теңдік. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке.
Қаржылық сауаттылық: Бағалы қағаздар рыногы. Биржа. Қаржылық бизнес. Ақша және қаржылық институттар. Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің рөлі. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң. Сақтандыру. Бизнес-тарихтар.
Экономика негіздері: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. ҚР бизнесті ұйымдастыру формалары. Бизнес-тарихтар. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.
Қаржылық сауаттылық: Бастапқы капитал. Бизнес жоспар. Бизнестегі инвестициялар. Қаржылық тәуекелдер. Қаржылық есептер. Салықтар. Қаржыны басқару. Бизнес-идеялар. Бизнесті сақтандыру. Қаржылық менеджмент.
Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.
Технологиялық білім берудің әдістері мен ұйымдастыру формалары:
Репродуктивті әдістер үлгі бойынша қызмет тәжірибесін қалыптастырады, есте сақтау қабілетін дамытады, технологиялық операцияларды орындау тәсілдеріне деген зейінін арттырады, педагогтің кәсіби ісәрекетін қайталау дағдыларын қалыптастырады.
Белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ұжымдық іс-әрекетінде оқушылардың теориялық және практикалық қызметін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Қызмет ойындары оқыту әдістер ретінде оқытуды жан-жақты интеграциялауды қамтамасыз етеді, кәсіпорындағы толық өндірістік-экономикалық процестердің мағынасын ашады.
Жобалау әдісін қолдану негізінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыру бұйым жасау барысында шығармашылық көзқарас білдіруге кәсіпкерлік тапқыштық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жобалау әдісі – «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағынан алынған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу. Оқу қызметінің репродуктивті түрінен өзіндік, ізденіс жұмыстарының түріне көшу оқу барысын ғылыми зерттеу компонентіне ауысуды қамтамасыз етеді, әр-түрлі ақпараттармен және олардың көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Әр жобаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқыту реті әртүрлі болуы мүмкін. Жобаны орындау ретінің бірнеше түрін ұсынамыз.
Бірінші түрі: Сұранысты зерттеу, міндетін анықтау. Алғашқы бірнеше идеяны ұсыну. Зерттеуді жүргізу (оның ішінде нарықты зерттеу), материалды таңдау мен дайындау тәсілін анықтау. Ақырғы идеяны талдау. Дайындау дағдысы мен іскерлігін үйрену. Үлгілі идеяны жүзеге асыру және оны дайындау. Бұйымды сынау және бағалау.
Екінші түрі: Бұйымның ұқсас бірнеше түрін талдау. Бұйымның кемшіліктерін анықтау. Бұйымның жаңа ұсынысын талдау, қысқаша міндетін анықтау. Үшінші түрі: Материал таңдау (мысалы, өндірістің тастанды). Нақты материалды пайдалану үшін бірнеше алғашқы идеяларды ұсыну және үйрену. Бұйымға деген сұранысты зерттеу. Бірнеше идеяны бөлшектеп талдау және жүзеге асырылатын жолын талдау үшін қажетті қосымша ақпаратты анықтау. Келешекте зерттеулер жүргізу. Дизайн спецификация жасау. Алғы идеяны талдап жүргізу. Бұйым жасау процесін жоспарлау. Бұйым жасау барысында өзгерістерді енгізе отырып дайындау. Бұйымды бағалау. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары болашақ мамандарды даярлауда кәсіби даярлыққа көп көңіл бөліп отыр. Оның бір бөлігі ретінде пәнаралық байланыс арқылы пәндерді меңгертуде қоғамның әр түрлі салаларында студенттердің қарым қатынастық құзырлығын қалыптастыру жатады. Сол себепті жоғары оқу орындарында тәлімгерлерге қойылатын жаңа әлеуметтікэкономикалық талаптар ең алдымен студенттердің жаһандану үрдісі және олардың мега қарым-қатынастық ортаға бейімделген қарым-қатынастық білім-біліктерін қалыптастырумен байланысты. Жоғары оқу орындарында математикалық білім беруді жаңаша ұйымдастыруды негізгі міндет етіп қойып отыр. Ол үшін оқытудың әдістемелік жүйесін оның білім беру, ақпараттық т.б. қызметтерінің ішінде дамытушы саласына шешуші рөл бере отырып қайта бағыттау және осы ақпараттарды пайдалану біліктерін қалыптастыруға басты назар аудару керек. Білім мазмұнын игеруде, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерінде басшылық ететін силлабус тек оқыту үрдісі дұрыс ұйымдастырылғанда ғана оқытудың дамытушылық тәрбиелік міндетін шешуге мүмкіндік бере алады. Материалдық дүниені тұтас күйінде және өзара байланыста кескіндейтін ғылыми дүниетанымның барлық компоненттері – табиғатты, қоғамдық өмірді материалистік диалектикалық түсіну, адамды тану негіздері өзара байланыста. Сондықтан олардың бәрін толығымен меңгеру үшін пәнаралық байланысты қарастыру өте маңызды. Бұны пайдалану әр пән әртүрлі көзқараспен сипаттайтын құбылысты жан-жақты және өзара байланыста оқып білуге көмегін тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Айымбетов М., Бодаубай Б., Оразалинов С., Ақыпбекұлы Ө. Заң терминдерінің сөздігі – словарь терминов законадательства (казахско-русский и русско-казахский). – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
- The Oxford Russian-English Dictionary. Oxford – Moscow, 1997.
- Сулейменов Ж.С. Дифференциалдық теңдеулер» курсын оқытуда пәнаралық байланыстың алатын орны. // ИФМ, 2003 ж, № 3
- Келбакияни В.Н. Межпредметные связи в естественно-математической подготовке учителей, Тбилиси, 1997, 1987, 291 с.