Бүгінгі таңдағы еңбір өзекті мәселе денсаулық сақтау ісі дер едік. Атабабаларымыз айтқан «Бірінші байлық – денсаулық...» деген сөз маңызын ешуақытта жоймақ емес. Бір кезде көшпелі өмір салтын ұстанып, үнемі сергек жүрген халықтың басым көпшілігі қалада тұрады. Бұрын құлынтай мініп, асық ойнаған қазақ баласы қазір компьютерге жақын, допқа тенниске әуес. Қаланың аты – қала, ғылым мен техника дамыған жерде жастардың белсенді іс-әрекеті даладағыдай болмайды. Қалалық өмір салтына қатысты бір мысал: халқының басым көпшілігі қалада тұратын АҚШ-та 54 миллион адам семіздік дертіне шалдығыпты. Яғни, бұл мемлекеттегі әрбір алтыншы адамның денсаулығында кінәрат бар деген сөз. Бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайды. Мемлекеттің әлеуеті, болашағы сол елдегі халықтың денсаулығына тікелей байланысты. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында ұлт денсаулығына жете мән беріп, көпшілікті дене шынықтыру мен спортқа шақыруы елдің болашағын, баянды тірлігін ойлаған терең ойдан туып отыр. Сөзіміз жалаң болмауы үшін 2008 жылғы Жолдаудағы мына жолдарға назар салайық: «Дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттың даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек».
Президенттің талабы, тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Өскемен қаласының мектептердегі көпшілік сауықтыру спорт жұмыстары ахуалы қандай? Енді осы бағытта ой өрбітіп көрейік.
Барлық қалалық және аудандық білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі мұғалімдердің методикалық бірлестігі құрылып, жұмыс атқаруда, олар салауатты өмір салтын қалыптастыруда балалар және жасөспірім спортын дамытуда және әртүрлі жаман қылықтармен күресу бағытында жұмыс атқарады, ал оқушының психологиялық дайындығына аса көңіл бөлінбейді. Барлық мектептерде Бұхаралық – спорттық іс-шаралары жоспары құрылып бекітілді, мектеп ішілік көпшілік – спорт іс-шараларына: сыныптар арасындағы әр түрлі спорт түрінен спартакиада, турнирлер, конкурстар, көңілді сөрелер кіреді. Балалар мен жасөспірімдерді спорт секциялары және Б.Ж.С.М сабақтарына тарту үшін көрме стендтері безендірілді және дұрыс тамақтанудың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен сабақ басталардан бұрын 10-15 минуттық жаттықтыру ұйымдастырылады. Сонымен қатар сабақ барысында дене шынықтыру үзілістері және денсаулық спорт күндері, ұзақ үзіліс кезінде ойындар өткізіледі. Берілген мәселе білім беру басқармасының тұрақты бақылауында болады.
Өскемен қаласы мектептерінде жыл сайын Президенттік сынақ сынақтарын тапсырады. 2009-2010 оқу жылында 6272 оқушы қатысты, оның Президенттік деңгейін 665 оқушы, Ұлттық деңгейді 1225 оқушы орындады, ал 2010-2011 оқу жылында 5784 оқушы қатысты, оның Президенттік деңгейін 773 оқушы, Ұлттық деңгейді 1116 оқушы орындады. 2009-2010 жылғы мен 2010-2011 оқу жылының Президенттік сынақ сынақтарын салыстыру кестетсін төменгі кестеден көре аласыз.
2010-2011 оқу жылында Президенттік сынама сынақтарын тапсыру шараларына қатысқан оқушылар саны:
Өскемен қаласының 2010-2011 оқу жылының білім беру мекемесі талдауы бойынша
Оқу жылы |
Оқушы саны |
Президенттік |
Ұлттық деңгей |
||
Орындаған оқушы саны |
%(пайызбен) шаққанда |
Орындаған оқушы саны |
%(пайызбен) шаққанда |
||
2009-10 |
6272 |
665 |
9% |
1225 |
17% |
2010-11 |
5784 |
773 |
12% |
1116 |
19% |
Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың Президенттік сынама сынақтары нәтижелерінің өскенін көріп отырмыз. Себебі:
- Мемлекеттік мекемедегі қатысушылар санының азаюы. 2006-2007 оқу жылында қалалық қатысушылар контингенті 31649 құрды, 2007-2008 оқу жылында 29528, 2008-2009 оқу жылында – 28146, 2009-2010 оқу жылында – 27737, 2010-2011 оқу жылында – 26532, бұл 1205 балаға азайды.
- Дене шынықтыру мұғалімдерінің мақсатты бағытталған жұмысы қатысушылардың негізгі дене қуаты дайындығының дамуында.
Спорт жаттықтыруларының негізгі бөлімдері.
Спорт жаттықтырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген бөлімдерден құралады.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.
Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыләрекеті, қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғұрлым мықты болса, келесі саты соғұрлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де, сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конькимен жүгірушілердің, велосипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді. Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет.
Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.
Функционалды дайындық Жаттықтырушы технико-тактикалық
біліктердің іске асуын қамтамасыздандыратын функционалды қасиеттердің тізімін толығымен білуі керек.
Функционалды көрсеткіштердің моделді матрицасы тек қана бағыттаушы ориентир ретінде қолданыла алады.
Белгілі кестеде берілген функционалды көрсеткіштер, түрлі дәрежеде ми және физикалық әрекеттер жасау кезінде пайдаланады және де спорттық жаттығу кезінде түрлі дәрежеде жүктеледі.
Спортшының функционалды қасиеттері моделді блогының матрицасы.
№ |
Қасиеттер блогы |
Мазмұны |
1 |
Морфологиялық элементтер |
|
2 |
Энергетика |
гемодинамика, хемауысым және потенциал |
3 |
Физикалық (локомоторлық) қасиеттер |
|
4 |
Сенсомоторика |
|
5 |
Жүйке типологиясы |
-жүйке үрдістерінің (ЖҮ) қозу (Қ) мен тежелу (Т) күші
|
6 |
Интеллект |
|
7 |
Темпераменттің психодинамикалық қасиеттері |
|
8 |
Тұлғаның психологиялық қасиеттері және ынталандыру социалды тәртіп |
|
Берілген функционалды қасиеттердің тізімдемесін негізге ала отырып, арасынан спорттық күресте және белгілі салмақты категорияда талаптардың тым жоғарлағандары анықтауға болады.
Сенсомоторлық қасиеттер блогында пайдаланылатын терминдерді дифференциялау және белгіленген қабілеттер қолдану бірізділігін анықтау керек.
А) Координациялау алдын ала бағдармалаған жағдайдағы өзара келісілген қимылдарға қабілеттілік (бастапқы кезенде игеріледі).
Б) Жағдайды сенсомоторика – ақпаратты объективті қабылдау және өзгеріп отыратын жағдайда оған адекватты координациялы қимылдарды ұйымдастыру қабілеттілігі (ептілік қасиетін анықтайды және координациялы дағдыларды игерген соң қаралады). Алайда ептіліктің екі түрін ажырата білу керек.
- Дене (Н.А. Бернштейн кеуделік) негізінде, ол спорттық гимнастикада, акробатика және спорттық күресте қолданылады.
- Заттық ептілік көркем гимнастикада, спорттық ойындарда және жекпежекте қолданылады.
В) Психомоторика психо-стрессорлық жағдайда қимыл-қозғалыс білік пен дағдыларды (ептілік) іске асыру қабілеттілігі (психостресстерсіз, жағдайлы сенсомоториканың ауқымын игергеннен кейін үйретіледі.)
Техникалық дайындық дегеніміз – жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның негізгі міндеті спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеруге, дағдылану.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді.
Мысалы: гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақтылығымен бағаланады.
Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл, қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс, экономиялық орындауы. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіші оттегіні қолдану мүмкіншілігімен байланысты екені анықталған.
Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/ сағат, адым ұзындығы 150 см болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино түсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ережеліктерін ескеріп жаттығуды орындау керек.
Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық, психикалық және т.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындау керек:
- Техника нәтижелілігі;
- Тиімділігі;
- Тұрақтылығы;
- Бейімділігі;
- Экономиялығы.
Тактикалық дайындық дегеніміз –жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.
Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының ерекшеліктеріне,жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.
- Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену,тиімді пайдалана білу.
- Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.
- Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.).
- Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
- Тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.
- Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
- Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау,арнайы кітаптар оқу, әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау. Ал, қазір қалалық мектептерінде жарыстар мәліметтер берілген: Қалалық «Жастар» оқушылар спартакиадасы көпшілік спорттық және сауықтыру дене тәрбиесі күнтізбелік жоспар бойынша алуан спорт түрінен тұратын, соның ішінде ұлттық және бүкіл жыл бойы өткізіледі.
«Жастар» оқушылар спартакиадасы спорттың 10 негізгі спорт түрінен өткізіледі, ал қалған түрлері бойынша спорттық көпшілік және дене тәрбиесі сауықтыру іс-шаралар күнтізбелік жоспарға сәйкес, алдын-ала қалалық спорт бөлімімен келісіп өткізіледі. Көптеген жарыстар өткізіледі, бірақ оқушылардың денсаулық парағына, психикасына мән берілмейді. Әрбір оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері болады. Оқу жылы көлемінде XVIII «Жастар» оқушылар спартакиада аясында жарыстар өткізіледі. Олар: кіші футбол (41 команда), «Туриада 2010» (8 қалалық мектептің ішінен 13 команда). Қыздар арасындағы волейбол (30 команда) және ұлдар (25 команда). Баскетбол: ұлдар (22 команда) және қыздар (15 команда). Жүзу (20 команда). Үстел теннисі (30 команда). Қазақша күрес жарысы бойынша 20 команда қатысты. Шахматы: 33 мектеп, шашки 28 мектеп, тоғызқұмалақ 16 команда. Спорттық бағдарлау бойынша 36 команда қатысты. Қала мектептерінің жалпы қатысқан оқушылар саны 2175. Қала мектептерінің жарыс нәтижесі төменгі кестеде көрсетілген. 45 мектеп арасындағы жоғарғы көрсеткіш көрсеткен алғашқы ондық және соңғы нәтиже көрсеткен бестік. Алдыңғы қатардағы №34, №37, №43 мектептер, ал соңы қатарда Ново-Явленка, Интернат Крупская, НовоТроицкое мектептері.
2010-2011 оқу жылында Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептерінде XVIII «Жастар» оқушылар спартакиадасында қатысушылардың қорытынды кестесі. (45 мектеп арасындағы жоғарғы көрсеткіш көрсеткен алғашқы ондық).
№ |
Мектеп |
Орны |
1. |
34 |
1 |
2. |
37 |
2 |
3. |
43 |
3 |
4. |
44 |
4 |
5. |
23 |
5 |
6. |
17 |
6 |
7. |
4 |
7 |
8. |
10 |
8 |
9. |
24 |
9 |
10. |
9 |
10 |
45 мектеп арасындағы соңғы нәтиже көрсеткен бестік:
№ |
Мектеп |
Орны |
1. |
6 |
41 |
2. |
8 |
42 |
3. |
НовоЯвленка |
43 |
4. |
Интернат Крупская |
44 |
5. |
Ново-Троицкое |
45 |
Қорытынды: Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, жан-жақты, білім нәрімен терең сусындаған, Отан қорғауға әзір жастар келешегінен қоғамыз зор үміт күтеді.
Осы бұхаралық спорт жұмыстарын дене мәдениетін адамдардың денсаулықтарын нығайту, дене қуаты және ақылдылық жұмыс қабілеттерін жоғарлату, жастарымызды зиянды, келеңсіз әрекеттерден тыю, патриоттық сезімге тәрбиелеу секілді әртүрлі әлеуметтік міндеттерді орындайды. Сондықтан оқушылар денсаулықтарын нығайтатын сауықтыру дене тәрбиесіне, бұқаралық спорт жұмыстарына өте үлкен мән беретін кез келді.
Оқушыларды жарысқа дайындау барысында олардың тек қана физикалық дайындығына жүгінбей, сонымен қатар спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін, жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дене мәдениеті және спорт жұмыстарын жандандырудың оны жоғарылатудың тиімді жолдарын іздеудің керекті қазіргі кезде ең маңызды мәселенің бірі. Жарыстар спартакиадалар басқа да спорттық мәселелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі тұрақты жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет. Бұл көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру бір түрі жарыстар және Президенттік сынамалар сынақтар тапсыру туралы және оқушылардың дене қуаты дайындықтары жайлы жазылды, ал спорт секцияларын ұйымдастыру, денсаулық топтарын ұйымдастыру басқа мақалаларда қарастырылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Тілеуғалиев Ю. Дене тәрбиесі. Алматы: Атамұра. 2003. 64 б.
- Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. - Алматы: Санат. 2000. 72 б.
- Осокина Т.И. Мектептегі дене шынықтыру. Алматы: Мектеп.-1982.-263 б.
- Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата, 1992.
- Шадриков В.Д. Способности человека. М., 1997. 288 с.
- Якунин В.А. Обучение как процесс управления. Психологические аспекты. Л., 1988. 275 с.