Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сабақта ақпарат беруде мәтіннің алатын орны

Мәтін – тілдік бірлік. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем (поэзиядағы өлең жолдары) мәтін түзуші тірек элементтер, олардың қызметі тарихи мәтінде де, қазіргі жазба жаңа мәтіндерде тең дәрежеде болады; сондай-ақ сөздердің объективті дүние мен жағдаяттарға байланысты белгілі бір мәтіндерде белсенді және пассив топтары қалыптасады, бірақ олар мәтін талдауда да, мәтін түзу кезінде де маңызды; поэзиялық мәтіндердегі сөйлемнің, яғни ойды жеткізуші элементтің құрылымы прозалық мәтінге қарағанда ерекше болады; тірек сөздер тек реалды жағдай, ақиқат дүниеге байланысты ғана емес, автордың (автор-субъектінің) өмірлік ұстанымы мен көзқарасына қарай мәтіннен орнын алады, ал бұл қазіргі жазба мәтіндер мен ертедегі жазба мәтіндерді тану мен тілдік талдау жасауда ұқсас жағдаяттарды тудырады.

Мәтін – мағыналық, құрылымдық, жүйелілікпен тұтасып жатқан, тілдік бірліктері бір-бірімен байланыстағы біртұтас шығарма және мазмұндық, коммуникативтік, құрылымдық жақтан ұйымдастырылуына қарай мәтін күрделі категория, ал мәтіннің күрделілігі оны зерттеп-танудың көпаспектілігін тудырады, екінші жағынан, оны классификациялаудың сан қырлы болатынын байқатады.

Виртуальды кеңістікте мәтіннің туу үдерісінде мәнді әрі мазмұнды бірліктер іріктеле келе мәтіндік мәндік құрылымды іске қосады, осы құрылым арқылы мәтіндік тұтас ой мәнденеді. Тілдік бірліктердің іріктелуі арқылы мәтіндік актуалды семантикалық кеңістік жасалады, осы кеңістік тұтас мәтінді түсіну мен ұғынудан, санадан өткізуден барып қалыптасатын өріс болып саналады. Мәтіннің тілдік зерттеулердегі орны зор екені мәтінге берілген анықтамалардан байқалады және осы бағыттағы ғылыми ойлардың бір арнаға тоғысуы тілді танудағы мәтін қызметінің ерекше екенін көрсетеді.

Мәтінді жан-жақты зерттеудің маңызы оған берілген анықтамалардан байқалады және осы бағыттағы ғылыми ойлардың бір арнаға тоғысуы оның қызметінің ерекше екенін көрсетеді. Мәтінге беріліп жүрген анықтамаларды құрылысына қарай:

  • ықшам, соған қарамастан бейнелі құрылымды анықтама;
  • мәтінге тән басты белгілер барынша қамтылған анықтамалар деп екіге бөлуге болады.

Анықтамалардың әртүрлілігін тудыратын негізгі фактор мәтін ұғымын бірнеше аспектіде қарастырудан туындаған:

  1. мәтінге жүктелген ақпаратқа байланысты;
  2. мәтінді жазу кезіндегі психологиялық акт;
  3. арнайы мақсатты көздейтін авторлық шығармашылық акт ретінде қарау; 4) прагматикалық позиция;
  4. құрылымдық;
  5. функционалды-құрылымдық;
  6. семантикалық;
  7. сөйлеу әрекетінің ұйымдастырылуы, жүйеленуі тұрғысынан;
  8. стилистикалық жақтан;
  9. семиотика нәтижесі ретінде, т.б. 

Редакциясын А. Ысқақов басқарған «Ғылым» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» текст (мәтін) сөзіне келесідей анықтама берілген:

Текст зат. Жазылған әр түрлі көлемдегі шығарма немесе соның бір бөлігі [1, 56].

Ал Мәскеу қаласының «Просвещение» баспасынан 1983жылы шыққан «Школьный словарь иностранных слов» деп аталатын сөздікте: «Текст (мәтін) (лат. textus «мата; байланыс, өрім, үйлесу») – белгілердің аса толық емес тізбектелген түрі. Яғни, кез келген сөздің тізбектеліп қағаз бетіне түсуі» – деген анықтама берілген.

Шетел тілдерінің сөздігінде текст термині келесідей түсіндіріледі: «Текст [ лат. textum байланыс] –

  1. қағаз бетіне түскен немесе басып шығарылған авторлық шығарма немесе құжат;
  2. суретсіз, сызбасыз, түсініктемелерсіз және т.б. баспа жазуының негізгі бөлігі;
  3. музыкалық шығармаға жазылған сөз (операға, романсқа және т.б.)ноталық жазбаны жарыққа түсіндіретін музыкалық материал;
  4. типографиялық шрифт, 20 тармаққа тең кегль (мөлшері) (7,52 мм);
  5. семиотика, информатика және лингвистикада – ерекше ғылым пәнмәтін лингвистикасын құрайтын таңбалардың жүйелі (бірізді) тізбегі (тілдің немесе таңбалар жүйесінің) C.И. Ожегов және Н.Ю. Шведованың «Түсіндірме сөздігінде»: «ТЕКСТ1. Всякая записанная речь (литературное произведение, сочинение, документ, а также часть, отрывок из них).
  6. В лингвистике: внутренне организованная последовательность отрезков письменного произведения или записанной либо звучащей речи, относительно законченной по своему содержанию и строению.
  7. Полиграфии: основная часть печатного набора (без иллюстраций, чертежей, таблиц). Нотный текст нотная запись музыкального произведения» [2, 126] делінген.

Д.Н. Ушаков авторлығымен жарияланған «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде»: ТЕКСТ 1. Всякая запечатленная в письменности или в памяти речь, написанные или сказанные кем-нибудь слова, которые можно воспроизвести, повторить в том же виде. 2. Отрывок из священного писания, избираемый темой проповеди, беседы, приводимый в качестве изречения и т.п. 3. Основная часть печатного набора, в отличие от помещаемых на той же странице выносок, рисунков, чертежей и т.п.

Мәселен, И.Р. Гальперин мәтінге келесідей анықтама береді: "бұл, әр түрлі лексикалық, грамматикалық және логикалық жақтан байланысқан бірқатар пікірлерден, белгілі бір рухани сипаты, прагматикалық тәртібі бар және әдеби өңделген жазбаша хабарлама ".

М.М. Бахтиннің «Эстетика словесного творчества» (Мәскеу: Искусство, 1979 ж.) еңбегінде мынандай пікір айтылған: «Текст живет, только соприкасаясь с другим текстом (контекстом). Только в точке этого контакта текстов вспыхивает свет, освещающий и назад и вперед, приобщающий данный текст к диалогу. Но если мы превратим диалог в один сплошной текст, то есть сотрем разделы голосов, что в пределе возможно (монологическая диалектика Гегеля), то глубинный смысл исчезнет».

Сондай-ақ, мәтін ұғымына байланысты «Информатика» пәні оқулықтарында: «Мәтін – компьютерлік алфавит символ-дарының қандай да болсын тізбегі»делінген. Информатикадан білім беруде мәтін ұғымымен қатар гипермәтін термині де қолданылады. Гипермәтін – бұл басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін.

Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Тіл білімінде, яғни лингвистикада мәтін термині ауызекі сөйлеу үлгілерімен қоса кең мағынасында қолданылады. Мәтінді қабылдау текст лингвистикасы және психолингвистика төңірегінде қарастырылады. Мәтін дегеніміз – тұтас аяқталған ақпарат. Мәтін тұтастық және байланыстық сапаға ие сөйлеу туындысы болып табылады. Оның өзіне тән бірліктері бар. Мәселен: айтылу, фразааралық бірлік, үзінді. Тұтас сөйлеу туындысы – жоғары коммуникативтік бірлік, сөйлеудің коммуникативтік қызметін іске асырудағы жоғары формасы [3, 156].

Кейбір тілші ғалымдар мәтін тек бір сөйлемнен тұра алады деген пікірді ұстанады. Мәселен, «Күз» сөйлемі мәтін бола алады. Себебі бұл сөйлемнің мәтінге қатысты басты сипаты бар. Бұл оның хабар берушілік сипаты.

Үлкен мәтін бірнеше кіші мәтін бөліктеріне бөліне алады. Мәтін бөліктері одан да кіші бөліктер – абзацтарға (микромәтіндерге) бөлінеді.

Мәтін — бұл белгілі бір тақырып төңірігендегі сөйлемдер жиынтығы. Мәтінде сөйлеушінің айтайын деген негізгі ойы жүзеге асады. Кез келген көлемдегі мәтін – аяқталған ой. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіннің аты оның тақырыбы немесе ондағы негізгі ойға байланысты болады. Тақырып мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой бірбірімен тығыз байланыста болады.

Тілдік құралдардың қолданыс кезіндегі өзгерісін, ауысу-түйісулерін ең алдымен тілден тысқары жайттар анықтайды. Сөзді қолдану кезінде оған әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Тілден тысқары жағдайларды мазмұндық және қатысымдық деп бөлуге болады. Мазмұндық жағын сөздің неге арналғандығы, дәлірек айтқанда, нақты тақырыбы анықтаса, қатысымдық жағын сөйлеуші мен қабылдаушының арасындағы жағдай анықтайды. Мұнда сөйлеушінің алдына қойған мақсат-мұраты, сондай-ақ тындаушы жақтың ерекшеліктері, білімдік, мәдени, жасы жағынан деңгей-дәрежесі ескеріледі. Тілден тысқары жағдайлар тілдік және стилистикалық құралдарды тандауға негіз болады. Соңғылары мәтіннің жалпы сипатын, оның стилін қалыптастырады. Стилі бойынша мәтіндерді ғылыми-көпшілік, көркем, діни, публицистикалық, ресми-іскери, эпистолярлы деп бөлінеді.

Лингвистикада да әдебиеттану саласында да мәтіннің үш түрі болады: әңгімелеу мәтіні, пайымдау мәтіні, сипаттау мәтіні.

  1. Әңгімелеу мәтіні оқиғаны баяндайды.
  2. Сипаттау мәтіні затты, құбылысты суреттейді.
  3. 2) Пайымдау мәтіні оқиғаның себебін дәлелдейді.

А. Байтұрсынұлы: «Адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, тұрпатын, кескінін, көркін әліптеп сөйлейміз, істеген істерін жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз» деп мәтіннің түрлерін әуезе, әліптеме, пайымдама деп бөлген екен.

Қоғамның әртүрлі саласындағы коммуникацияны орнықтыру, жеңілдету, ұшқыр түсінуі үшін қолданылатын мәтіндердің түрлері болатындықтан, мәтін бірнеше типтерге бөлінеді. Мәтіннің әр типіне байланысты өзіне тән құрылымы, сөз қолданысы, синтаксистік құрылымдарының жүйесі болады. Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздердің қолданылу жиілігі, белігілі бір тақырыптық-семантикалық өріске қатысты сөздердің түрлі байланыстары, ой қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің барлық мәтіндерде ұқсастығы, мәтін бөліктерінің формалды құрылымындағы тұрақтылық мәтін түзу заңдылықтарын сипаттауға мүмкіндік береді.

Мәтіннің коммуникативтік, функционалдық, ақпараттық сипаттары оны қоғамнан, мәдениеттен тыс қарастырудың тиімсіздігін көрсетеді, сондықтан да мәтінді жазба тіл мен сөйлеу актісі ретінде ғана қарастыру жеткіліксіз Мәтін қызмет ететін, мәтіннің мәнін түсінетін, мәтін өмір сүретін орта мәдениет және социум. Сондықтан соңғы кездері тіл білімінде тілдегі жаңа бір деңгейді, нақты айтқанда, мәдениет деңгейін бөліп алу қисыны пайда болды, бұл көзқарас мәдениет деңгейі арқылы заттанады деген пікірді ұстанады. Сондықтан, мәтінді лингвистиканың, әдебиеттің бір бөлшегі ретінде тану аз. Мәтін бірліктері мәдениет деңгейінің құрамында жүреді, яғни төменгі және өзінен жоғары деңгейдің бірліктері арасында байланыс болуы керек деген қағида сақталады, яғни тіл заңдылығына сәйкес қалыптасқан иерархиялық қатынастың талаптарына мәтін бағынады.

Сонымен «Мәтін – тіл жүйесіндегі өзіндік мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық құрылымдық күрделі тұлға. Ол логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі» [4, 102].

Студенттердің білімін кеңейтуде мәтіннің алатын оны ерекше. Мысалы, «Морфологиялық норма, оның тілдік негізі» деген тақырыпты алсақ, онда студент сөздерді орынды, дұрыс қолдану жайлы мағлұмат алады. Тұтас бір мәтін бір ғана мәселеге арналады. Ең алдымен, тілдің морфология саласы қандай мәселелерді қарастыратындығы айтылады. Нәтижесінде студенттер морфология курсынан алған білімдерін жаңғыртады, естеріне түсіреді. Негізгі көңіл аударатын мәселе морфологиялық норма мен морфологияның қалыптасқан заңдылықтарының бір-біріне қатысы. Яғни норма – жүйе – дағды мәселесі нақтыланады. Мысалы, студенттерге мынадай проблемалы мысалдар беруге болады: ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы есім сөздерден етістік тудыратыны белгілі. Осыған орай аяқ-та, бас-та, су-ла, ау-ла, шөл-де деп қолдана береміз. Ал неге кірпікте, соғымда, кітапта деп қолданбаймыз? Оның себебін Н.Уәли: «бұлай деу жүйеге қайшы болмағанымен, дағдыда жоқ», деп түсіндіреді [5, 79]. Демек, белгілі бір қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік дағдыға айналуы тиіс екен. Осы сияқты мысалдарды студенттер көптеп келтіреді. Айталық, жүйе бойынша сан есімдерге қосымша -ыншы, інші (ншы,-нші) түрінде жалғанады: бірінші, бесінші, алтыншы т.т. Ал тілдік дағдыда жиырмасыншы деген қолданыс бар. Оның себебі неде? Оның себебі тілдік жүйеден тілдік дағдының басым болуы. Сабақ бойы студенттер тілдің жүйесі мен тілдік дағды, олардың бір-бірімен байланысы, нәтижесінде дағды тілдік жүйеден үнемі басым түсе бермейтіндігін, екі түрлі қолданыстың қатарласа жұмсалуы нәтижесінде біреуінің халықтық сипат алып, қолданыста қалуы, екіншісінің тілдік қолданыстан ығыса бастайтынын түсінді.

Сонымен қатар мәтінге лингвистикалық талдау әдісінің де студент үшін маңызы зор. Лингвистикалық талдаудың мақсаты – негізінен тілдік норма, оны дұрыс қолдану, нормадан жөнді-жөнсіз ауытқулардың сипатына тоқталу. Лингвистикалық талдауға берілген сөйлемдерден тілдік нормадан ауытқуларды, түсініксіз сөздерді тауып, мәнін ашу, дұрыс қолданысын табу.

Жалпы алғанда белгілі бір ақпарат алып, білім жинақтауда мәтіннің атқаратын ролі зор. Бірақ оны жүйелі түрде белгілі бір әдістеме негізінде жүзеге асырған жөн.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі ІХ том. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1986. – 560 б.
  2. Омарбекұлы Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. Алматы: «Арыс», 2007. 312 б.
  3. Құрманова Н.Мухлис К. Текст теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000. – 114 б.
  4. Шалабай Б. Мәтінді зерттеудің ғылыми негіздері Ұлағат. 2007. №10. 80-87 б.
  5. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Докторлық диссертация қолжазбасы. Алматы, 2007.
  6. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1965.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.