Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу технологиясы арқылы балалардың іскерліктерін қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздері

Қазіргі күннің талабы – білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекеттік болған соң, ең алдымен, білім, тәрбие керек. Сондықтан да елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім мен өнер, мәдениет салаларына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертенгі келер күннің бүгінгіден көрі нұрлы болуын ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш –білім нәрі.

Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары саналы азамат ретінде қалыптастыратын да балабақша мекемелері. Еліміз егеменді мемлекет болып құрылғалы көптеген құжаттар қабылданды, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласы да назардан тыс қалған жоқ: «Қазақстан Республикасының Конституциясы»«Білім туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары» Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырым-дамасы», т.б.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде 21 ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауға басты назар аудару қажеттігіне тоқталады: «Болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылуы үшін кадрлар қорын жасақтау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту... тәрбиеші мамандығының беделі мен абыройын көтеру...».

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына мүсіндеу өнерінің алатын орны ерекше. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік дамуы туралы зерттеулер Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.В. Мудрик, Г. Тарда, Т. Парсонс, Э. Эриксон, С.И. Гессен, Л.С. Выготский, В.П. Зинченко, Д.И. Фельдштейн, В.Т.Кудрявцева және т.б. есімдерімен байланысты.

Даму үдерісінде бала іс-әрекеттің әр түріне тартылып (ойын, еңбек, оқу, спорт және т.б.)қарым-қатынасқа түсіп (атаанасымен, құрдастарымен, бөгде адамдармен және т.б.), ерекше әлеуметтік тәжірибе жинауға ықпалдық ететін белсенділікке ие болады.

Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады.

Ендеше, өркениетті елдің өскелең ұрпағына терең лайықты білім, жан-жақты тәрбие берудің қажеттігін естен шығармаған жөн.

Қазақстан Республикасының ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, мектепке дейінгі білім беру саласына соның ішінде балабақшада балаларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психология атақты кеңес психологтары Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, В.С. Мухина, М.И. Лисина еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер еңбектерін жатқызуға болады.

Балабақшада жұмыс жасайтын тәрбиешінің балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан-жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс-әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. баланың мектепке дейінгі жетекші іс-әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі. Соған байланысты балабақша қызметкерінің балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез-құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын ісәрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.

Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асады. Баланың балабақшаға келуімен кейбір жағдайларда көптеген мәселелер де туындап жатады. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды.

Н.П. Сокулина, Т.С. Коморова мүсіндеу технологиясы бейнелеу өнерінің бір түрі деп өз еңбектерінде көрсеткен. Кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Өнердің өзге салаларындағы сияқты суреттер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, өзгеше формадағы образдар жасау арқылы білдіреді.

В.Б. Косминская, Е.И. Василева айтуынша мүсіндеу туындылары үнемі көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын саз балшық, ермексіз тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді қатты материалдар бойынша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты материалдардан жасалуын қашау деп атайды.

Мектепке дейінгі шақ дамудың бірбірінен әжептәуір өзгеше кезеңдерін қамтиды. Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала даралық ерекшеліктерімен сипатталады.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың психикалық үрдістері, тұлғалық қасиеттері дамып, кішкене сәби іс-әрекеттің түрлі де кең спектрін белсенді түрде игере бастайды. Дәл осы шақта баланы оның өзіндік санасы мен өзіне баға беру қабілеті қалыптасады, алғашқы әлеуметтену кезеңінің есігі ашылып, бала мәдениет әлеміне, жалпы адами құндылықтарға, адамдар әлемімен, заттармен, табиғатпен және өзіндік ішкі әлемімен қарапайым қатынасты орнатады. Белгілі бір іс-әрекетке қатыса отырып мектеп жасына дейінгі бала жас ерекшелігіне сәйкес білімді, іскерліктер мен дағдыларды игеріп, өзіндік мінезінің ерекшелігін дамытады, психика мен мінез құлықтың жеке белгілерін байқатады. Зерттеуші ғалымдар балаға тәрбие негізі бес жасқа дейін берілуі тиіс деп дәлелдейді. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып, қалыптастырудағы ең бірінші педагог – ата анасы болса, мектепке дейінгі мекемеге келген соң отбасылық тәрбие негізін ары қарай дамытушы – тәрбиеші педагог.

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық – қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпегіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бейнелеу өнері балалардың өмірге деген көзқарастарын өзгертеді. Өнер эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді. Жас ұрпақтың азамат жас ұрпақтың азамат болып, дүниетанымдық өрісі қалыптасатын балабақша қабырғасында оларға рухани эстетикалық тәрбие беру, негізіне өнер пәндері көркем әдебиет, бейнелеу өнері, музыка пәндері арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. «Бейнелеу өнері», «Көркемдік еңбек» пәндерін оқыту жүйесінде сәндік-қолданбалы өнерге баулу айрықша орын алады.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқын көптеген ғалымдар зерттеген. Олар: С.Т. Шатский, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, В.А. Сухомлинский. Балалардың суреті, сурет салу үрдісі, бұл баланың рухани өмірінің бір бөлігі. Балалар қағаз бетіне қоршаған әлемді түсіріп қана қоймай, өздері де сол әлемде өмір сүреді. Сол өмірінің әдемілігіне тамсанады.

Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу іс-әрекеті түрлерінің бірі ретінде мүсіндеу технологиясының ерекшелігі – бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен (мрамор, гранит және т.б.) де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдармен-ермек сазбен, саз балшықпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.

Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс-аяқтың, транспорттың, көкөністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мынаған байланысты: мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және шығармашылық қажетсінуін қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.

В.Б. Косминская «Балабақшада бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы» атты еңбегінде материалдардың әсемділігі мен бейнеленетін пішіннің ауқымдылығы мектепке дейінгі балаға, сурет салуға қарағанда, мүсіндеуге бірқатар техникалық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді деп көрсетілген. Мысалы, суретте қозғалыстың берілуі күрделі міндет болып табылады, ол ұзақ уақыт үйренуді қажет етеді. Мүсіндеуге бұл міндетті шешу жеңіл. Бала алдымен затты статикалық жағдайда мүсіндейді де одан кейін оның бөліктерін түпкі ойға сәйкес майыстырады.

Е.И. Васильева өз еңбектерінде мүсіндеуде заттардың кеңістіктік арақатынасын беру оңайлатылады – объектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соңы бірі, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перспектива мәселелері мүсіндеуде атымен болмайды деп көрсеткен.

П.И. Андрианов, А.К. Бешенков, П.А. Галагузова, В.А. Горский, С.Е. Дуриев, Л.В. Зайков, И.Ф.Иващенко, М.М. Конышев, С.И Маско, А.А. Михайлов, В.Т. Машинистов, Ю.С. Столяров ғалымдардың еңбектерінде балалардың іскерліктерін зерттеу объектісіне қарай шартты түрде екіге бөлуге болады: бірі еңбек іскерлігі және техникалық іскерлігі.

Қазіргі заманғы психологияда тұлғаның дамуы әлеуметтенді және даралау үдерістерінің диалектикалық бірлігі ретінде қарастырылады. Бірақ индивидтің аса әлеуметтендірілуі, американ психологы Л. Колбергтің пікірі бойынша, өзінің ерекшелігін жоғалтуға әкеліп соғады. Сондықтан еңбек іскерлігі баланы әлеуметтендіруде жас ерекшелігіне қарай дараландырумен, дербестікті меңгерумен, адамның өзін, өз қабілеттері мен ахуалын толық жүзеге асыру мүмкіндігімен, өзіндік шығармашылығын көрсетумен тығыз байланысты.

Ғылыми білімнің әртүрлі салаларында көптеген отандық және алысжақын шетелдік ғалымдардың еңбектерінде тұлғаның субъекті ретінде қалыптасуында шығармашылық мәселесі басты орынға ие. Психология ғылымында (Г.В. Терещук, Т.А. Ткачева) интеграциялық даралықтың әртүрлі иерархиялық деңгейлеріне жататын, дара психологиялық қасиеттерді тиімді қолдануды қамтамасыз ететін, әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қолайлы формасы ретіндегі оның дара стилі туралы пікірлер қалыптасты. Әрекеттің дара стилі орындалатын еңбек іскерлігіне қойылатын талаптарға бейімделуге ықпал етеді, кейбір дара психологиялық қасиеттердің жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Даралықтың әртүрлі иерархиялық деңгейлерінің қасиеттері арасындағы байланыстың сипатын үйлесімді етеді, адамның шығармашылық әлеуетінің толық ашылуын қамтамасыз етеді.

Психология аймағында баланың іскерлігін зерттеу отандық және алысжақын шетелдік ғалымдардың жұмыстарында кездеседі: В.И. Тютюнник, А. Сейтешев, Қ. Жарықбаев, Я.А. Пономарев, О.Г. Жукова, В.А. Моляко, А. Живицкая, С.П. Руссков, М. Қаламқалиев, Б. Тұрғынбаева, Қ. Әбдібекқызы, М. Мұхамадин, Б.Н. Қадірова, Г.А. Ахметова және т.б. Олар шығармашылықтың табиғаты, шығармашылық тұлғаның санасы, шығармашылық үдерістің сатысы, шығармашылық еңбек субъекті санасының психологиялық құрылысы, тұлғаның дамуына шығармашылық ісәрекет түрлерінің әсер етуі ретінде мәселелерінің жақтары қарастырылған. В.И. Тютюнник еңбек нысандарын топтастыру үшін негіз ретінде еңбек іскерлігі субъектісі түрткісінің, үдерістің немесе нәтиженің сипатын айрықша атап көрсеткен. Автордың ойынша, адамның еңбек ету талпынысының негізінде өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты жатса, онда бұл тұтыну еңбегі; егер түрткі негізінде басқа адамдар үшін бірдеңе жасау ниеті болса, онда бұл – өндіруші еңбек; егер де адам өздігімен және ерекше әрекет жасағысы келсе, онда бұл – шығармашылық еңбек.

Бұл тұрғыдан, В.И. Тютюнниктің балабақша балаларының шығармашылық еңбегі берілген анықтамасымен келісеміз: «Шығармашылық еңбек ретінде баланың мынадай қызметі саналуы мүмкін, нәтижесі не баланың өзін немесе басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кейбір негіздерде түпнұсқа болып саналып және бала мұны түсінеді».

Шығармашылық еңбекті мақсаттары, ойлауы; еңбек пәні материалы бойынша; еңбек құралдары; атқару әдісі; алынған нәтиженің маңыздылығы бойынша жіктеген. Еңбекке қажеттілігін субъект өзінің және басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға әрекет ететін, нәтижеге жету үшін дербес жүзеге асыруға бағытталған деп түсіндіреді. Адам бір нәрсенің түпнұсқасын немесе байқаусыз түпнұсқасын жасауы мүмкін, бірақ еңбек шығармашылығының субъектісі болып танылуы үшін әлдебіреу жасамаған саналы қажеттілікпен жасауы қажет. Адамның шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілігі оны еңбек субъектісі ғана емес тұлға ретінде көрінеді.

Ж.М. Әбділдин, М.Б. Демин, Н.А. Бердияевтің философиялық еңбектерінде іскерлік адамның қоршаған болмысқа деген белсенді қатынасының маңызды формасы ретінде анықталады. Қазақстандық философ Т. Ғабитовтың пікірінше, адам іскерлігі саналығымен ерекшеленетіндігі белгілі. Өйткені іскерлік басталмай тұрып, оның қалаулы нәтижелері субъекті санасында туады, қалыптасады және нақтыланады. Мұнда алдын ала жинақталған тәжірибе, әлеуметтік-психологиялық стереотип үлкен рөл атқарады. Ол бір жағынан, шешімдер мен іскерлік тиімділігін сілтесе, екінші жағынан, сәтсіз қадамдар мен қимылдардан сақтайды; бұл тұрғыдан жағымсыз тәжірибенің пайдасы жағымды тәжірибеден бір де кем емес, адамның іскерлігі үстінде санасы қалыптасып, дамиды, кез келген әрекетте алдын ала мақсат қойып, жоспарлап, нәтижесін алдын ала болжау тәжірибенің ықпалы арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыдан адамның іскерлігі үстінде санасы қалыптасып дамиды, себебі кез келген әрекетте алдын ала мақсат қойып, жоспарлап, нәтижесін алдын ала болжау жағымды тәжірибенің ықпалы арқылы жүзеге асады. Бұдан шығатын қорытынды іскерлік диалектикалық-материалистік философияға негізделеді және проблемамызды дұрыс тұжырымдап, олардың шешілу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Энциклопедиялық сөздіктерде: «іскерлік – адамның қоршаған әлемге белсенді қатынас формасы, мазмұны жағынан мақсатқа бағытталған өзгерту және қайта жасау. Адамның іскерлігі қарама-қарсы қойылған әрекеттің объектісі және субъектісі: адам өзіне іскерліктің объектісін материал ретінде қарама-қарсы қояды, адам оған әсер ету арқылы жаңа форма және сапа алып, материалдан іскерлігі өнімін алады. Кез келген іскерліктің мақсаты, құралы, нәтижесі әрекеттің саналы екендігін білдіреді». Психологиялық сөздікте «Іскерлік – адамның қоршаған шындықпен белсенді өзара әрекеттесуі, оның барысында адам субъекті ролін атқарып, объектіге мақсатқа бағытталған ықпал жасап және өзінің қажеттілігін қанағаттандыруы» деген түсініктеме берілген. Жоғарыдағы берілген қай анықтаманы алсақ та, адам әрекеттің субъектісі ретінде белсенді рөл атқаратындығын көреміз.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың іскерлігінің дамуының міндеттерін сапалы жүзеге асыру дамытушы заттық-кеңістіктік орта, педагог тұлғасы, оқыту – тәрбие жұмысының ерекше жүйесі сияқты бірқатар педагогикалық шарттарды ұстанумен байланысты. 1,5-3 жасқа дейінгі балаларға заттық-кеңістіктік ортаны құру кезінде қандай ережелерді ұстану керек? Ең бірінші баланың жасына сай физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін сонымен қатар жоғары қозғалыс белсенділігі мен өсіп келе жатқан таным әрекеттерін ескеру қажет. Бөлменің көлеміне байланысты педагог ондағы бұрыштарды безендіргенде жиһаздарды баланың ойын, еңбек, сабақтарын (қимылқозғалыстан бастап, ойлануға тыныштықты қажет ететінді дейін) жүргізуге қажетті кеңістік қалтыратуындай етіп қояды.

Жалпы іскерлік-ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, іс-әрекеттің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; балалардың мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбек сүйгіштігі, өзінің шығармашылық міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие болған бала (іскер бала) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі.

Баланың шығармашылық іс-әрекеті іскерлік пен дағдының сәйкес жиынтығының көмегімен жүзеге асырылады:

  • іскерлік пен дағдыны тәжірибеде қолдану;
  • іскерлік пен дағдыны бір пәнді басқа пәндермен өзара байланыстыра білім алуда кешенді түрде қолдану;
  • іскерлік пен дағды еркін ойлауға, шығармашыл тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды өз ойын еркін, анық және логикалық тұрғыда байқатуға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды дербес ойлауға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды мәселені табуға және оны шешуге мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды шешім қабылдауда жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыруға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды шешім қабылдаудағы әртүрлі нұсқалардың соңын және нәтижесін болжауға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, жүйелеу;
  • іскерлік пен дағды өзіндік баға мен бағалауға мүмкіндік береді;
  • іскерлік пен дағды шығармашыл, өз беттілік қасиеттерімен ғылыми ізденіс жасау;
  • іскерлік пен дағды өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне рефлексия жасауға мүмкіндік береді.

Іскерлік пен дағдының шығармашылық қасиеті білім алушының психологиялық физиологиялық қабілеттің қалыптасуы мүмкін. Осының негізінде тұлғаның кәсіби өсуінің дамуы шығармашылық қабілеттің ашылуына мүмкіндік береді және ол төмендегі қабілеттерді қамтиды:

  • жинақталған заманауи білімді дұрыс қолдану қабілеті;
  • ағымды ақпаратты жан-жақты талдауға қабілеті;
  • эксперимент пен тәуекелге қабілеті;
  • аналитикалық іс-әрекетке қабілеті;
  • өнімді іс-әрекетке қабілеті;
  • жаңа білімді өз беттілікпен жағар ту немесе жаңалық ашуға қабілеті;
  • өз бетімен алған білімді жаңа жағдаяттарда қолдану;
  • өз бетімен білім алу, білімді меңгеруге қабілеті.

Іскерлік барысында адам табиғатты өзгертуі мүмкін, сөйтіп өзін білікті субъекті ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғат құбылыстарын, жинақтаған тәжірибесіне сүйеніп, іскерлік объектісі етеді. Бұл бала кезден басталып іскерлік үстінде заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, оны игереді, оны өз біліктілігінің мәні етеді. Сонымен қатар адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймай, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына енгізеді. Балалар алған білімінің негізінде еңбек құралдары арқылы жас ерекшелігіне сай заттар мен құбылыстарға әсер етіп, оларды өзгертеді, бірте-бірте олар туралы тәжірибе жинақтайды. Демек, іскерлік – тіршілік етудің, әлеуметтік белсенділік көрсетудің амалы. Қоршаған дүниеге белсенді қарым-қатынастың ерекше адами түрі, оның мазмұны мәдениеттің бар формаларын меңгеру мен дамыту негізінде осы дүниені мақсатқа сәйкес өзгерту мен қайта құруды құрайды.

Іскерліктің құрылымын зерттеуші А.Н. Леонтьев мынандай тұжырым жасайды: сыртқы іскерліктің ішкі іскерлікке өтуі және керісінше мына жағдайда мүмкін: «сыртқы және ішкі іскерліктің ортақ жалпы құрылымы бар». Ғалымның пікірі бойынша, кез іскерліктің негізі (сыртқы және ішкі) оның заттылығы болып табылады, себебі заттық емес іскерліктің ешбір мәні болмайды. Зат ұғымында іскерліктің мазмұны, заттың қасиеттерімен объективті байланыстарын тану мақсатындағы субъектінің затпен өзара әрекеті бейнеленеді.

Сонымен қатар осы затты өз қажеттіліктеріне сәйкес қайта құру үшін қажетті амалдарын анықтау мақсатында негізге алынады. Кез келген заттық әрекет қажеттілікке жауап береді, бірақ түрткісі,

басты мақсаты және соған сәйкес әрекеттері, орындау құралдары мен амалдары, ақырында іскерлікті жүргізетін психофизиологиялық қызметі болады. Баланың іскерлігін дамытудың жетекші бір түрі мүсіндеу болып табылатыны белгілі. Соған байланысты балабақша қызметкерінің балалармен жұмыс барысында баланың іскерлігін, ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез-құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.

Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу үрдісі жүзеге асып, көптеген мәселелер де туындайды. Бірақ балабақша тәрбиешілерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес бейнелеу өнері арқылы іскерліктерін дамытуын дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды.

Осыдан келіп, іскерлік – баланың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы дүниеге қатынасын анықтайтын өзгеше тұғыр, іскерлік арқылы баланы ол табиғатты және қоршаған ортаны шығармашылықпен қайта құруға белсенді қатысуымен өзіндік және мәнді қажеттіліктерін жүзеге асыруда өзін еңбек іскерліктің субъектісі ретінде көрсетеді деп тұжырымдаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Косминская В.Б., Василева Е.И. Балабақшада бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы. Алматы: «Мектеп», 1983.
  2. Сокулина Н.П., Коморова Т.С. Бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялауды үйрету методикасы. Алматы: «Мектеп», 1985.
  3. Сокулина Н.П., Коморова Т.С. Балалар бақшасындағы бейнелеу жұмысы. – Алматы: «Мектеп», 1978.
  4. «Бейнелеу өнері» Қайдаров М.У., құрастырған: Асылбекова А.М. 2008.
  5. Венгер А.А. Педагогика способностей. -М.1982.
  6. Бозханов Қ. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлер. Алматы, 1989.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.