Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін меңгертудегі баламалы әдістер

Қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші кезекте тілдік-мәдени білім деңгейін кәсіби қызметінде креативті жүзеге асыра алатын қазақ тілінде кәсіби қарым-қатынастық құзыреттілігі бар мамандарды даярлауды оңтайландыру мәселесі тұр. Бірақта іс жүзінде жарияланған мақсат орындала бермейді. Қазақ тілін баламалы әдістер арқылы меңгеру мәселелері қазіргі таңда өзекті болып отыр. Өйткені қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесінің беки түсуі қоғамның кез-келген әлеуметтік топ өкілінің тіл меңгеруге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін әр деңгейде білуге, тілдік мәдениетін қалыптастыруға жетелеп отыр. Тіл үйретудегі өз бақылауымыз нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстанда қазақ тілінің қолданысын арттыру, оның мәдени аясын кеңейту бағытында дәстүрлі білім берумен қатар, баламалы әдіс-тәсілдердің де пайдаланылатынын анықтадық.

Мемлекеттік тілді меңгертуде баламалы әдістер, ең алдымен тіл үйрету орталықтары арқылы жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары кеңінен өрістетіп отырған орталықтарды ашу, оларды соңғы техникалармен және оқу кешендерімен қамтамасыз ету, тіл үйренушілерге тілдік-мәдени білімді беруге толықтай жағдай жасай отырып, мемлекеттік тілге ынталандыру жұмыстары өз нәтижелерін бере бастады.

Сонымен қатар қазақ тілінің мәдениетін арттыру, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан жоғары оқу орындарда әр түрлі курстар, үйірмелер, клуб жұмыстары жолға қойылған. Әрине бұл бағыттағы істелген істердің барлығы мәселенің толық шешілгендігін көрсетпейді. Мемлекеттік тілді үйретуде тіл үйренушілердің креативтілік қабілеттерін ашу, оны баламалы әдістер арқылы дамытуда жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешен қалыптастыру бүгінгі және болашақта атқарылар істердің бастысы болмақ.

Қазақ тілін меңгерту сапасының қоғамның барлық салалары сұранысына сай болуы, оның ғылыми-әдістемелік негізінің жоғары деңгейде қалыптасуымен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда Қазақстан әдіскерлерінің бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктерін ерекше атауға болады. Қазақ тілі әдістемесі Н. Оралбаева, Ф.Ш. Оразбаева, Қ. Қадашева, З. Кузекова, Н.Ж. Құрман, Ш.К. Құрманбаева т.б. ғалымдар еңбектері арқылы жаңа сатыға көтерілді.

Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен білім берудің жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін айқындауды алға тартып отыр. Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең білімімен қатар оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық қасиеттер талап етілуде.

Жоғары оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан бетбұрыстар мамандарды даярлауда білім сапасының әлемдік стандарт талаптарына сай келуін басты бағыт етіп алуда. Білім сапасының артуы бүгінгі таңда білім берудегі кредиттік жүйенің енгізілуімен, оқылатын пәндердің көлемі мен мазмұнының өзгеруімен, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру жолдарымен жүзеге асуда.

Қазақ тілін деңгейлер оқытуда оны сала бойынша мамандардың қолдана білу дәрежесінде, яғни кәсіби деңгейде меңгертудің мәселелері бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Тілдік қызметті айқындауда, оның ең алдымен халықтың рухани байлығын, ұлттық мәдениетті, білімді жинақтаушы, сақтаушы және оны ұрпақтарға жеткізуші құрал екенін ескерсек, оны үйренуде адамның ойының кемелденуі, тіл арқылы терең білім көздеріне қол жеткізуі басты болмақ.

Қазақ тілін тек отбасы, ошақ қасы деңгейде, яғни күнделікті қатынас-құралы ретінде ғана танып, оның биік мәртебесін аласартпау оның ғасырлар қойнауынан ұлттық сана мен терең білімді ұрпақтар бойына сіңіріп келген қызметін танумен астасып жатыр. Белгілі ғалым Ж.А. Манкеева «Тіл бірден-бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым» дейді.

Яғни тілдің адамның мәдени-танымдық болмысын қалыптастырушы құрал екендігі мемлекеттік тілді оқытуда да ұмыт қалмауы тиіс. Сондықтан да қазіргі жағдайда білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму үстіндегі әрекет иесі субъект ретінде тану маңызды болмақ. Осындай мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандардың креативтілігін дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады.

Мемлекеттік тілдің қазіргі таңда нағыз ғылым, білімнің тілі деңгейінде ресми тілмен қатар дәрежеде қолданылуы және оның осы бағытта дамып-жетілуі тіл арқылы берілетін білім көлеміне де қатысты.

Білім ұғымы әр жеке тұлғаға қатысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Ғылымилығына қарай тұрмыстық, ғылыми деп жіктер болсақ, ғылыми білім фундаменталды және қолданбалы болып бөлінеді. Білімді жеке тұлға қолданбалы қызметте ғылым салаларында жаңалық ашуда, жоғары технологияларды игергенде пайдаланады.

Мазмұнына қарай білімді арнайы, әмбебап деген топтарға бөлдік. Арнайы білім қоғамдық салалардың ерекшеліктеріне қарай пайдаланылса, әмбебап білім кез-келген топтың құзіретіндегі білім болады. Білім үшінші жаққа субъективтік жаңалық ретінде беріледі. Осы айтылғандарды интеллектуалдық капитал ретінде қарастыруымызға болады. Әр ұлттың интеллектуалдық капиталына осы бағытта ғасырлар бойы жинақталған білімнің барлық қоры еңбек және ол үсті-үстіне толыға түспек. Жеке ұлттың жинақтаған білім қорын жалпы адамзаттық білім капиталынан бөліп жармайтынымыз да түсінікті жайт. Ғаламдық кеңістікте біртұтас кешенді жүйе ретінде білім қоры үнемі алмасу, тоғысу, даму үдерісінде болатыны да баршамызға аян.

Мемлекеттік тілді өрістету бағытындағы істерде қазақ тілінде осы білім түрлерінің дамуына, толығуына және оның қолданбалық сипатына мән берілуі керек деп ойлаймыз. Бұл ретте мемлекеттік тілді жоғары оқу орнында оқытылуында тіл меңгертудің баламалы әдістерін ұсынуға болады.

Білім берудегі баламалы бағыттар білімді тұлғаны қалыптастырудың әр түрлі жолын іздестіруден туындайды. Сондықтан да, жоғары білім жүйесінде баламалы білім берудің басты бағытын төмендегідей айқындауға болады:

  1. Баламалы білім беру ошақтары – қоғамдық және жекеменшік жоғары оқу орындары.
  2. Жоғары білім беру ошақтарында білімгерлер ұсынылатын баламалы оқу бағдарламалары.
  3. Білім алуда студенттерге жеке тұлғалық даму, танымдық өсуге, ой еркіндігіне, шығармашылығына жетелейтін оқыту стратегияларын ұсыну.

Студенттердің тілдік-мәдени білімін қалыптастыруда баламалы әдістерді және креативтік қабілетті қалыптастырушы жеке тұлғалық оқыту стратегияларын оқу үдерісіне енгізу керек. Себебі жалпы тіл үйренудің өзі білімдендіру, білім беру мәселелерінен тыс қалмақ емес. Тіл адамды білімге, дүниені тануға жетелейтін құрал болғандықтан, оны меңгерем, оны қолданам деуші тұлға өзінің мәдени-танымдық зердесін арттырғысы келетіні белгілі. Елбасының қазақ тілін Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор ретінде тануы да тіл арқылы ұлтты, ұлт арқылы рухани құндылықтарға қол жеткізуді басты мұрат етіп алуымызды алға тартады.

Қазақ тілін оқыту арқылы қазақша сөйлеу мен ойлауын продуктивті ойлау, шығармашылық ойлау үдерісінің түйісер нүктесінің негізінде жүргізе отырып, оның тілдік сезімі, тілдік қабілеті, тілдік шешім табу, кенеттен шешім табу (инсайт) ерекшеліктерін де дамыту жолдары қамтылып отырады.

Қазақ тіліне деген қызығушылықты ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы дамытуға болады.

Қоғамда жаңа экономикалық жағдайда еліміздің өркендеуі мен ғылымның даму ықпалы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру міндетін қояды. Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті-педагогикалық өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі: білім беруді дамытудың жаңа бағдары – инновациялық жаңару стратегияңда болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретіңде кәсіби құзырлығының жоғары дәрежеде болуы.

Сондықтан да қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму үстіндегі әрекет иесі субъект ретіндегі орынға қойып отырғаны белгілі. Осындай мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандардың креативтілігін дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады.

Креативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог-психологтердің еңбектерінде көрініс тапқан.

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне, танымдық қызығушылық, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Креативтілікті қалыптастыруды зерттеуді төмендегідей шетелдік ғалымдар қарастырған: Дж. Гильфорд, Э. Юдин, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, М. Розенберг, Э. Эриксон М. Уоллах, Д. Халперн, И. Верткин, А. Лук, Я. Пономарев, Н. Фролов, М. Ярошевский және т.б.

Зерттеу еңбектеріндегі креативтілікке берілген анықтамаларға тоқталайық. Е. Торренс креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір мәселелерді шешудегі қабілеттілік деген анықтама береді. Ғалым креативтілік моделінің негізгі үш белгісін ұсынады:

  • ой ұшқырлығы (нәтижелігі-өнім- ділігі);
  • жағдаяттардағы икемділік;
  • тұлғалық ерекшелік, өзіндік шешім [2].

Бұл тәсілде шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық өнімділікті белсендіріп, жандандыратын сипаттар мен үрдістер ретінде көрінеді. Д. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығы" ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және интеллектуалдық белсенділіктің үш деңгейін: стимулдық өнімді, эвристикалық және креативтілік деп ажыратады.

Алғашқы деңгейге жеке тұлғаның интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс жасау барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, олардың іс-әрекеті сыртқы стимулмен анықталады.

Эвристикалық деңгейдегі адамдарға өз іс-әрекетінің құрамы мен құрылымын талдау, түрлі міндеттерді өзара салыстыру тән, бұл жаңа шешімдерге, ой-қорытындыларға, жаңалық ашуга жетелейді.

Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.

Көптеген зерттеулерде ғалымдар "креативтілік" ұғымына анықтама беруде креативтіліктің бір сипаты ретінде жеке тұлғаның жағдаяттардан шыға білу қабілеті мен өзіндік мақсатты нақты қоя білу қабілеттілігіне тоқталады.

Л. Ермолаева-Томина шетел зерттеушілерінің тәжірибесін жалпылай келе, креативтілікті әртүрлі қабілеттердің жиынтығы ретінде анықтайды, қабілеттер әр адамда жеке-дара әр сапада көрінетініне тоқталып, келесі белгілерін көрсетеді:

  • тәжірибеге ұмтылушылық жаңа проблемаларға икемді, мәселені шешуге бейімділік;
  • талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу;
  • ой ұшқырлығы тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін өзгерте алу қабілеттілігі;
  • ойлау ерекшелігінің болуы өз беттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.

Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе креативтіліктің құрылымдық бөліктерін бөліп көрсетуге болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ойпікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, күмән шілдік, әр нәрсеге күмән келтіру, т.б.

Креативтілік арқылы адам өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын көзбен қарай алады.

Жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.

Демек, инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын, рухани құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы.

Ғылым мен техниканың шарықтаған заманыңда өмірге икемді, әр салада өзін таныта білетін, тыңнан жол таба алатын белсенді ұрпақ жоғары оқу орындарында инновациялық оқыту арқылы креативтілігін қалыптастыру негізінде қаланады.

Сондықтан да қазақ тілін меңгерту барысында күрделі мәселелерді талқыға салып, оны шешуді студенттердің өздеріне жүктеу олардың креативтілік қабілеттерін қалыптастырады Бұл бағыттағы әдіс-тәсілдер студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру үдерісінен айқындалады.

Қазақ тілін сала бойынша меңгертуде топтағы білім алушылардың интеллектуалдық капиталы деңгейінің әр түрлі болу сипатына қарай көбінесе шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды беру студенттердің креативтілік қабілеттерін арттырады.

Қазақ тілін сала бойынша оқытуда біз ең алдымен үйренушілерге білімнің арнайы түрін, яғни әр сала бойынша тілдік білімді беруге тырысамыз. Сонымен қатар білімнің ғылымилығына, яғни ғылымның әр түрлі салаларына, сол салаларда қолданылатын терминдердің ерекшеліктеріне де жіті назар аударуымыз талап етіледі.

Болашақ мамандардың интеллектуалдық капиталы осы көрсетілген бар-лық талаптардан тұратындықтан, қазақ ті-лінен алынатын білім де оны биік деңгейде, яғни ғылыми жаңалықтар ашу, жоғары технологияларды күнделікті қолдану сияқты талаптарға сай болуы керек.

Қазақ тіліне деген қызығушылықты, ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы дамытуға болады. Қазақ тілін үйрену тартымды да адамға ой салар, ойын өрістетер, оның қалыптасқан мәдени білімін жетілдірер тәсілдерге толы болғанда нағыз білім беру құралы болмақ.

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Кадашева К. Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі. – Алматы, 2001. -160 б.
  2. Ахметова А.К. Принципы технологии и содержание образовательной программы. – Алматы, 1995.
  3. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990.
  4. Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамыту 2004-2015 ж.ж.» тұжырымдамасы, 2004.
  5. Морозов А.В., Чернилевский Д.В. Креативная педагогика и психология. – М.: Академический проект, 2004. 560 с.
  6. Бұзаубақова Қ. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, ТарМУ, 2003.
  7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Астана: Елорда, 2006. 44б.
  8. «Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. 2009. №4.
  9. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.