Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып келе жатқан жанр мәселесі қозғалады. Әдеби байланыс пен көркемдік ізденіс туралы айтылғанда жалпы ұлттық әдебиетімізге келген әдеби процесс толық қаралады. Әдеби процесте әрбір жанрдың қалыптасу. даму жолдарына қысқаша тоқтала келе. төл әдебиетімізге жаңа жанрлардың келуі. ондағы ұлттық ерекшелік мәселелері де сөз болады.
Жанр үнемі даму үстінде болады. Мақалада бслгілі әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жанрлық дәстүр мәселелесіне тереңірск тоқталамыз. Әдеби байланыстың әдеби жанрлардың дамуындағы орны айтыла келе оның алғашқы түрі - еліктеуге де өз пікірімізді білдіреміз. Әлем әдебиетінде қалыптасқан типологиялық дәстүр жолымен кслген сонеттер табиғатына талдау берілді. Сонет - қазақ әдебиетіне XX ғасырдың аяғында келген жаңа жанр. Ол негізінен әдеби аударма арқылы келген.
Ұлттық әдебнеттің даму процесіндс әдсби байланыстың алар орны ерекше. Әсіресе көркем аударманың ролі үлкен. Бірақ олардың қай-қайсысында да үлттық ерекшелік сақталады. Әлемдік әдебиет деңгейіне көтерілген үздік көркем туындылардың әдебиеттану ғылымдағы орны бөлек. Рухани салада көптеген классикалық мәденист үлгілері жасалды. Ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің. өнеріміздің озық үлгілерін зерттеп, жариялауға үлксн мүмкіндіктер жасалды. Жанр - тарихи категория, сондыктан әдеби процесте атқарар жүмысы да мол. Мақалада ақындар Х.Ерғалиев, К.Салықов. Е.Әукебаев сонеттерінің ерекшеліктеріне талдау берілгсн.
Негізгі бөлім
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімінде ұлттық жаңғыру жолында жүзегі асуға тиіс бірнеше міндеттер алға қойылған еді. Оның алғашқысы - «Жаңа гуманитарлық білім». Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық атауымен берілген жаңа жобаны жүзеге асыру міндетті». Рухани салада көптеген классикалық мәдениет үлгілері жасалды. Енді осыларды әлем халқына таныту, әдеби-мәдени жауһарларымызды өзге елдерге паш ету мақсаты қойылды. ¥лттық эдебиетіміз бен мәдениетіміздің, өнеріміздің озық ұлгілерін зерттеп, жариялауға үлкен мүмкіндіктер туды.
Белгілі жазушы Н.Оразалин «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылдың 26 сәуіріндегі санында жарияланған «Елдіктің ерен сөзі» мақаласында бүл мәселеге байланысты өзінің келелі пікірін жазған болатын. Жалпы әдебиеттану ғылымында жанр маңызды мәселелердің бірінен танылады. Жанрды жіктеп, тарату жөніндегі ғылыми тұжырымдар, пікірлер әр қилы. Дегенмен зерттелген мәселелерді жүйелеп қарасақ, негізінен, ғалымдар пікірінің үш ғылыми бағытта топтасқанын байқаймыз. Бүл ретте Қ.Жүмалиев, З.Қабдолов, 3.Ахметов, Т.Поспелов, Л.Тимофеев пікірлері екінші бағыттағы ғалымдар Г.Абрамович, Е. Ысмайлов, Л.Шепелева пікірлерінен алшақ кетпейді. Зерттеу еңбектерінде жанрлық түр мен жанр мәселесін қатысты пікірлер өте көп.
Бұл салада қазіргі кезеңде еңбек етіп жүрген ғалымдар көркем шығармалар түрлерін жанр деп қарастырады. Шын мәнінде жанр - тарихи категория. Сондықтан әр жанрдың даму сипаты белгілі бір кезеңге байланысты. Өйткені эдеби процесте жанрдың дамуына эсерін тигізетін тарихи-элеуметтік, көркемдік-эстетикалық факторлар болатыны белгілі. Академик Зэки Ахметов «Әдебиеттану: терминдер сөздігі» атты еңбегінде көркем эдебиеттің көп салалы өнер туындысы екендігін айта келе, оның құрылысы, көркемдік сипатына талдау жасайды. Жанр ұғымының қалыптасу тэсіліне тоқтай келе, оның негізгі үш түріне анықтама береді. Олар эпостық, лирикалық, драмалық жанр түрлері [1,145-146].
Жанр мэселесін зерттеуші ғалым Б.Әбілқасымов әр жанрдың қалыптасу тарихына тоқтала келе, қай жанр болмасын оны тудыратын белгілі бір тарихи шарттары болатынын айтады. Одан эрі: «Толғау жанры қазақ қоғамының мемлекет болып қалыптасқан кезеңде, дэлірек айтқанда, хандық дэуірде ғана жан-жақты дами алды. Олай болуының себебі жыраулар институтының функцияларына байланысты еді», - деп тұжырым жасайды [2,4].
Ауыз эдебиетінің түрлері барлық үлт эдебиетінде бар. Олардың арасындағы сабақтастық байланыс арқылы қазақ әдебиетіне жаңа түрлерінің енуіне ықпал етті. Бірақ ұлттық түр, дәстүр сақталып, қоғам дамуына, жаңа талап-сүраныстарға байланысты форма, мазмұн жағынан толығып, өзгеріп отырады. Тарихи роман, мемуарлық роман, роман-эссе түрлері, сонеттер топтамалары тың қарқынмен дамыды. Ірі-ірі жанрлар туып, әдебиетіміз әлемдік деңгейге танымал болды.
Қазақ әдебиетінде сонет жанрының қалыптасуын жалпы қазақ поэзиясындағы жанрлар дамуының контексінде қарастырамыз. Даму, өсу, өзгеру әрбір жанрға тән заңдылық. Ол туралы академик-жазушы З.Қабдолов жанр мәселесіне «Әдебиет теориясының негіздері атты еңбегінде талдау береді. Tapихи кезеңнің қай-қайсысында болмасын олар түп нұсқасын сақтай отырып, оған өз ерекшеліктерін еңгізеді, өйткені «ол тірі процесс» (автор сөзі) өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады», - дейді [3,311].
Қазақ әдебиетінде сонет жанрының қалыптасуының өзіндік көркемдік заңдылықтары бар. Әрбір ұлттық әдебиетте белгілі бір жанрдың қалыптасуына өз шығармаларымен еңбек етіп, тарихи мазмұны жағынан ерекше есте сақтар туындылар қалдырған суреткерлер баршылық. Әрбір жанрдың ұлттық әдебиетке келу жолында ортақ заңдылықтар болуымен қатар, өзгешеліктер де, ұлттық ерекшеліктер де болады.
Қазақ әдебиетіне сонет жанрының келуі өткен XX ғасырдың 60-жылдарынан кейін ғана бастау алған. Алғаш бірде-екілі осы жанрда жазғандар болса, кейін аударма арқылы келген бұл жанр төл сонеттерімізбен толыға түсті.
Қазақ ақындары Хамит Ерғалиев пен Ғафу Қайырбеков ағылшын ақыны У.Шекспир мен поляк ақыны А.Мицкеевич сонеттерін аударып қана қоймай, Европада қалыптасқан екі ірі сонет мектебін ұлттық әдебиетімізге енгізді. «Сегіз аяқ» дәстүрімен жыр үлгісінде берілген ерекше тәжірибемен жазылған сонеті өлең өрнегіне өзгеше түр әкелоді. Екі тармақты сегіз шумақтан тұратын 47-сонеті парсы-тәжік классикалық поэзиясында қалыптасқан ғазал үлгісінде жазылған. Бұрын болмаған жаңа түр деп танимыз. Х.Ерғалиев барлық сонеттерінде формалық және құрылымдық жағынан «ағылшын сонеті» мектебінің дәстүрін жалғастыра отырып жеткізеді. Жалпы мазмұн-мағынасы, композициялық- құрылымдық жүйесі, стильдік даралығы айқын көрініп тұрады.
Жанрлық формасы айқын, ғасырлар тезінен талмай өтіп бүгінгі күнге саф алтындай таза жетіп отырған бүл жанр көркем сөз өнеріндегі өзінің қуатын, даралық өзгешелігін танытты.
Әдеби байланыстың негізінде ұлттық әдебиетке жаңа жанр келсе, солар арқылы төл сонеттер пайда болды. Бұл - заңды көркемдік құбылыс. Ақын Кәкімбек Салықов сонеттері мазмұн тереңдігімен, даралық стилімен өзгешеленді.
Өйткені ақын қаламынан сонеттің жаңа үлгілері туды. Ақынның осы жанрдағы шығармалары, соның ішінде «Сонеттен тізген гүлтәждері» ұлттық әдебиетімізге, поэзиямызға тыңнан жаңа түр еңгізді. Портрет жасау, ғұмырнамалық-философиялық мазмұн беруі де Кәкімбек Салықов ақынның тума талантын, биік талғамын танытқан құбылыс. Бұл ретте аударма мәселесінің де орны ерекше. «Онда нәзік психология түгел сақталуы тиіс,» - дейді ғалым Ө.Күмісбаев [4,38].
Шындығында қазақ әдебиетінде сонет шоғарының дүниеге келуі - қазақ поэзиясының ұлттық негізінің, дәстүр қуатының, көркемдік бояуының, тілдік байлығының молдығын байқататын поэтикалық құбылыс екенін дәлелдейді.
Қазақ әдебиетінде сонет жанрының қалыптасуына ақындар Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Есет Әукебаев, Кәкімбек Салықов, Иранбек Оразбаевтар белсене ат салысты. Осындай ақиық ақындар арасында аз зерттеліп жүрген ақын Есет Әукебаев шығармаларының қүндылығы туралы эр жылдары С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, З.Қабдолов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев сынды белгілі қалам иелері мен зерттеушілері пікір білдірген еді. Тек лирика жанрында емес, кең тынысты поэмалар жазғаны да белгілі. Есет Әукебаев шығармаларының ерекше саласы да сонетгері. Тақырыптық, құрылымдық, формалық, мазмүндық эрі тілдік жағынан да өзгеше туындылар.
Кейбіреулері көп көріністі суретгермен беріледі, адамның өзі жүріп өткен өмірінің түйіні сияқты эсер қалдырады. Әдеби сюжетті үлкен жанрлардың микро-эдеби түрі іспеттес, эдеби шығармаға тэн типтік ерекшеліктер сақталған. Үлкенге, кішіге, замандасқа өзінің өмірден түйген көзқарас танымын айтады. Портреттік сонет негізін тұңғыш енгізген ақын Есет Әукебаев өзгеше мэнермен «сицилия мектебі» дэстүрінде, яғни жеті ғасырлық дэстүрі бар канондық формада сонеттер жазған. Канондық дэстүрді сақтағанмен өзіндік көркемдік ізденіс жасап, ұлттық дэстүрмен үйлестірген.
Ақын Иранбек Оразбаев сонеттерінде жалпы қазақ поэзиясына тэн екпін, интонация үндесіп келеді де, үшқыр поэтикалық көңіл-күй экеледі. «Бар элемді поэзия тербетсе» деген жолдары арқылы жалпы тазалық элеміне, адамзат қоғамына ақындық көзқараспен қарап, өз қиял элеміндегі бақыт орнар дүниені елестетеді. Қазақ әдебиетіне келгеніне көп болмаса да бүл жанр элемдік эдебиетте қалыптасқан жанрлық дәстүрлердің барлық ерекшелігі арқылы ұлттық эдебиетте көрініс таба білді.
Сонет - қазіргі кезең поэзиясында кең тараған жанр, бірақ соған қарамастан лириканың ең қиын жанры болып қала береді. Бұл жанрға қалам тартқан суреткер өзіне дейінгі ұлттық эдебиетте қалыптасқан көркемдік дэстүрмен өз шығармашылығында белгілі бір шеңберде ғана жанасады [5,122].
Академик Заки Ахметов бүл мэселе тұрғысында «Өлең сөздің теориясы» атты еңбегінде сөз өнерінің суреттелігіне ғылыми баға бере келе, ақынның өзін тебіренткен жайлар ой-сезімдеріне, қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты болады да, шығармаларында айқын көрініс табатындағын айтады [6,111].
Олай болса, ұлттық эдебиетіміз төрінен орын алған бүл жанр қазақ поэзиясына келуі де кездейсоқ құбылыс емес, көркемдік құбылыс деп танимыз. Әрі бүл құбылыс ұлттық эдебиетімізде поэтикалық жанр дэстүрінің қуатты дэстүрлік болмысын байқатады. Сөз өнерінің ішіндегі құдыреттісі де поэзия.
Бұл жөнінде тағы да академик Заки Ахметовтың мына бір пікіріне жүгінуді жөн көрдік. Поэзияның сөз өнерінің ішіндегі ең көркем құбылыс екенін, адамзаттың ой- санасының, өмірді танып-білудің күшті құралы екендігін айтады [7,77]. Әдебиетке келген эрбір жанрдың ерекшелігі де сонда болса керек.
Әдебиеттер тізімі
- Ахметов 3. Жанр Әдебиеттану. Терминдср сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1998ж. 145-146 бет.
- Әбілқасымов F. Телқоңыр. Алматы, Ата-мұра - Қазақстан. 1993ж. 4 бет.
- Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1970ж. 311 бет.
- Күмісбаев Ө. Аударма. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998ж. 38 бет.
- Садықова А. Қазақ поэзиясындағы сонсттср. Монография. Атырау, 2001ж. 122 бет.
- Ахметов З.Өлең сөздіңтеориясы. Алматы: Мектеп, 1973ж. Ill бет.
- Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі, 1995ж. 77 бет.