Балалардың оқуға психологиялық дайындығының проблемасы әрқашан өзекті болды, өйткені балалардың болашақтағы дамуы мен білімінің жетістігі оны шешу әдістеріне байланысты, бүл олардың еңбек нарытындағы бәсекеге қабілетгілігінің ғана емес, сонымен қатар олардын кейінгі өмірдегі жетістіктерінің кілті болып табылады. Қазіргі уақытта білім беруді ертерек бастау үрдісі байқалады, өйткені көптеген ата-аналар бүл процесті 3-4 жастан бастайды.Осы орайда, бүл мақаланың мақсаты - баланың жалпы ерте білім алуға және оның ішінде шет тілін ерте үйренуге психологиялық дайындытының негізгі компоненттерін олардың даралық және жеке қасиеттерін анықтау арқылы сипаттау. Жұмыста балалардың окуға психологиялық дайындытының негізгі компоненттеріне қатысты ресейлік және шетелдік талымдардың зерттеу нәтижелері қарастырылды. Мақалада балалардың оқуға психологиялық дайындытының негізгі компонентгері көрсетілген: жеке, интеллектуалды. эмоционалды-ерік және физиологиялық. Бүл компоненттер баланың психикалық дамуының кез-келген күрделіліктсгі бағдарлама бойынша. шетел тілін ерте бастаудың мақсаттылығы баланын жасына емес, оның жеке ерекшеліктеріне және окуға дайындық деңгейіне байланысты деген тұжырым жасалған, сонымен қатар баланың шет тілін ерте үйренуге дайындығын анықтауға арналған практикалық кеңестер берілген.
Баланың білімді игерудегі жетістігі оның физиологиялық, ақыл-ой, эмоционалдық және ерік-жігерінің даму деңгейінің ерекшеліктеріне байланысты. Ерте жастан бала дұрыс ойлауды, қоршаған элем құбылыстарын ұғынуды жэне ажыратуды, сонымен қатар өз эрекеттері мен шешімдерін жоспарлауды жэне бақылауды үйренуі керек. Бұл болашақ табысты оқу эрекеттерін құрудың жэне мектептегі оқуға еш қиындықсыз бейімделуге бағыттауда маңызды.
Олай болса, ерте оқытуға дайындықтың бүл компоненттері кез-келген күрделілік бойынша, баланың жасына сэйкес келетін бағдарлама негізінде оқуды бастау үшін баланың ақыл-ой дамуының қажетті жэне жеткілікті деңгейін білдіреді.
Балаларды ерте оқытуға психологиялық дайындығының проблемасын зерттеу мәселесімен айналысқан көптеген Ресейлік педагогтар мен психологтардың: Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Г.М.Гуткина, И.В. Дубровина, Е.Е. Кравцова, А.А. Люблинская, В.С. Мухина, Н.Н. Поддьяков, К.Н. Поливанова, Е.О. Смирнова жэне т.б. еңбектерінде көрініс тапты.
Бірқатар ғалымдар мектеп жасына дейінгі балаларда мектепте оқуға қажетті белгілі бір дағдылар мен шеберліктерінің қалыптасуына баса мэн берді. Мұндай зерттеулер бірінші тәсілге жатады, ал екінші тэсілге мектептің балаға қоятын талаптарын ескере отырып, баланың жаңа бастамаларымен жэне психикасындағы өзгерістерді зерттеу жатады.
Үшінші тэсіл баланың іс-әрекетін саналы түрде ересек адамның ауызша нұсқауына бағындыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жағдайларды сипаттайтын зерттеулерді қамтиды.
Л.И.Божовичтың зерттеуін басшылыққа алып, баланың оқуға дайындығының екі жағын - жекелей және интеллектуалды - дамуын негізге ала отырып, ерте оқытудың жетістігіне айтарлықтай эсер ететін баланың ақыл-ой дамуының параметрлері:оқытудың когнитивті жэне элеуметтік мотивтерін қамтитын баланың мотивациялық дамуының белгілі деңгейі;
- ерікті мінез-құлықтыңқалыпты дамуы;
- ақыл-ой сферасының белгілі бір даму деңгейі [1].
Демек, балалардың ерте оқуға психологиялық дайындығының негізгі критерий баланың ішкі жағдайының жаңа қалыптасуы деп қарастырылуы керек, бұл оның қоршаған элемге деген жаңа қатынасы.
Д.Б.Эльконин бұл мэселені зерттей отырып, білім беру қызметін меңгерудің келесі алғышарттарын анықтады:
- баланың өз іс-әрекетін саналы түрде іс-әрекет режимін анықтайтын ережеге бағындыру қабілеті;
- баланың оқу процесінде ережелер жүйесін басшылыққа алу қабілеті;
- ересек адамның айтқанын тыңдау жэне орындауқабілеті;
- үлгі бойынша жұмыс істеу шеберлігі [2].
Кравцова ерте оқыту проблемасына генетикалық тұрғыдан қарауының арқасында баланың бұл процеске дайындығын талдап, келесі гипотезаны тұжырымдады: оны Л.С.Выготскийдың баланың ойын кезеңінің дамудың негізгі эрекеттік симптомы ретінде сипаттады [3].
Н.В.Нижегородцева мен В.Д.Шадриков балалардың ерте оқытуға психологиялық дайындығын тэрбиелік маңызды сапалардан тұратын жүйе ретінде сипаттады, олардың арасында оқыту мотивтері де бар; визуалды талдау (бейнелі ойлау); оқу тапсырмасын қабылдау мүмкіндігі; таныстыру дағдылары; графикалық шеберлік; іс-әрекетті ерікті түрде реттеу; оқу қабілеті [4].
Сонымен, көрсетілген қасиеттерді талдай отырып, олардың қалыптасуы қажет деген қорытындыға келуге болады, бұл баланың жалпы білім беру үдерісіне дайындығының негізі болып табылады. Бұл үдеріс бастапқы деп саналады, өйткені ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейі болмаса, оқу процесін бастау мүмкін емес.
Алайда Л.И.Божович, Д.Б.Эльконин жэне Л.С.Выготский мектебінің басқа да өкілдерінің зерттеулерінде оқыту дамуды ынталандырады, яғни Л.С.Выготскийдің идеясы оқыту дамудан озады және оның ынталандырушысы болып табылады деген тұжырым жасалады [5].
Шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде баланың оқуға дайындық дэрежесін анықтауға көмектесетін көптеген тесттер бар. Мысал ретінде Керн-Иирасектің «Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтау» тестісі қарапайым жэне қол жетімді, оны психологтар мен педагогтар өз тэжірибесінде жиі қолданады. Бұл тестіні орындау үш тапсырмадан тұрады: ерлердің фигурасын есте сақтау арқылы салу, жазбаша эріптерді қайта жазу жэне нүктелер тобын сызу. Тест графикалық сипатта қолдың ұсақ моторикасының қалыптасуын анықтауға, жазуды меңгерудің негізгі дағдылары болып табылатын кору жэне қол қимылдарының үйлесімділігін тексеруге бағытталған. Сондай- ақ тесттің көмегімен баланың интеллектуалды дамуын, оның үлгіге еліктеу дағдысын, зейінін шоғырландыра алу қабілетін анықтауға болады. Тестке төртінші тапсырма да беріледі - сауалнама ұсынылады, оның көмегімен ойлаудың жалпы деңгейімен көзқарасын және әлеуметтік сапаларынанықтайды. Бұл әдістің тиімділігі, басқа әдістермен бірге әңгімелесу, бақылау, белгілі бір дағдылар мен қабілеттерді анықтауға арналған тапсырмалар оқуға дайындығын анықтауға көмектеседі [6].
Ресейлік және шетелдік зерттеушілердің кейбір жұмыстарына ғана талдау жасағаннан кейін балалардың оқуға психологиялық дайындығының келесі негізгі компоненттерін анықтауға болады:
- балалардың жеке тұлғалық дайындығы;
- интеллектуалды дайындық;
- эмоционалды-еріктік дайындық;
- физиологиялық дайындық.
Оқуға дайындықтың негізгі компоненттерінің бірі - бұл жеке тұлғалық дайындық, бұл баланың жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауғадайындығын қалыптастыруды болжайды және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдысымен, өзінің мінез-құлқын сабақ кезіндегі ережелерге бағындыру қабілетінің болуымен көрінеді. Оқу іс-әрекетінің табысты болуы баланың эмоционалды сферасының белгілі бір даму деңгейіне, оның эмоционалды тұрақтылығына да байланысты.
Балалардың ерте оқуға дайындығының тағы бір компонент! - оқуға интеллектуалды дайындық. Л.С.Выготский оқуға интеллектуалды дайындық негізінен ойлау процесінің даму деңгейінде, яғни балалардың ойлауының сапалық ерекшеліктерінде жатыр деп айтты. Демек, оқуға интеллектуалды дайындық ойлау процестерінің дамуымен байланысты - объектілерді жалпылау, салыстыру, оларды жіктеу, маңызды белгілерді бөліп шығару және қорытынды жасау.
Үшінші маңызды компонент - балалардың оқуға эмоционалды-еріктік дайындығы. Баланың өзіне деген қатынасында елеулі өзгерістер орын алуда, өйткені баланың сыртқы өмірлік белсенділік шеңбері мен оның ішкі өмірі кеңейеді. Бұл жағдайда бала өзінің ішкі әлемін ашады, баланың өзін-өзі тануы, сонымен қатар өзін-өзі бағалауы өзгереді. Ерікті дайындыққа келетін болсақ, бұл көбінесе баланың мотивтерінің қалыптасуынан, оның мінезінің ерекшеліктеріне байланысты, өйткені ол мұғалімдердің талаптарына мойынүсынып, оларды орындауы керек болады. Осы кезеңдегі балаға білім берудің бастапқы кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін ата-аналардың орасан зор рөлін атап өту керек.
Ерік-жігерді қалыптастырудағы маңыздылық - кедергілерге белсенді қатынасты тәрбиелеу, қиындықтардан қорықпауға дағдылануға жету мотивін тәрбиелеу, өз бетінше шешім қабылдауға тәрбиелеу, өз іс-әрекеті мен ісіне жауапкершілікпен қарауға бағдар беру.
Дайындықтың тағы бір компонентін - баланың физиологиялық дайындығын, яғни оның денсаулығының жай-күйін, физикалық дамуын, негізгі қимыл-қозғалыстардың дамуын, бұлшықеттің ұсақ топтарының дамуын, қолдың ұсақ моторикасын атап өтпеу мүмкін емес. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен сөйлеу арасында тығыз байланыс болғандықтан, баланың саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту өте маңызды, себебі бұл оның сөйлеуін дамытуға әкеледі.
Бұл мақалада маңызды тәсіл болып Л.С.Выготскийдің көзқарасы болып табылады, ол өз еңбектерінде «мектепке дайындық» (нақты жағдайларға және мектептегі оқуды ұйымдастыруға дайындық) және «пәнді оқуға дайындық» (мектеп пәндері бойынша арнайы білімді игеруге дайындық) ұғымдарына бөледі [7]. Шетел тілін оқытудың бастапқы кезеңдерде ойындармен, әндермен және таяқшаларменөткізуді жиі өзгерту олардың партада, мүғалімнің нүсқауларын жай орындап отырғаннан маңызды болып табылады.
Көптеген ғалымдар бүл процесті бастау үшін ең сәтті болатын ерте кезеңмен келіседі. Алайда, Барселона университет!нің шет тілдерін ерте оқыту бойынша зерттеушісі Мария Луз Зелая атап өткендей, «Неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы» идеясы әрдайым шындыққа айнала бермейді. Ол шетел тілін 10-11 жастан бастап оқыту, 4-5 жастан бастапоқыту сияқты тиімді бола алады деп санайды, өйткені баланың жеке, интеллектуалды, эмоционалды-ерік және физиологиялық дамуының дайындығын қолдайды. Сондай-ақ, 4 жасынан бастап шет тілін оқыту процесін үзаққа созылуы мүмкін және көп күш жұмсауды қажет етеді деп тұжырымдайды.
Шетел тілін оқыту бойынша зерттеулерде дағдарысты кезең теориясы ерекше орын алады. 4-тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін шетел тілін үйрену жыныстық жетілуден кейін үйрете бастайтындарға қарағанда оңай. Бұл 11 жастан асқан балалармен салыстырғанда 4- 10 жастағы балалардағы жүйке байланыстарының тез жетілуіне байланысты, бүл тілдік даму инстинктивті түрде болуы мүмкін емес, өйткені бұл ерте даму кезеңінде болады. Осы теорияны ұстанушылардың пікірінше, адамның миы жыныстық жетілуден кейін өзінің икемділігін жоғалтады және бұл орта мектепте шетел тілін меңгерудегі қиындықтарды түсіндіреді [8].
Тағы бір танымал талым Крашен шетел тілін меңгертудің үш параметрін зерттеу арқылы растады: маршрут, соңғы нәтиже және жылдамдық. «Маршрут» шетел тілін оқыту процесін сипаттайды, оның реттілігі мен жүйелілігі, ал «жылдамдық» - бүл оның соңғы нәтижеге жететін уақыт аралығы. Оның зерттеуіне сәйкес, 11 жастағы және одан жоғары жастағы оқушылар шетел тілін тезірек үйренеді және сәйкесінше «жылдам» қабылдайды. Алайда шетел тілін 4-5 жасында бастаған балалар, оны ұзақ оқыса да, нәтижелері жақсырақ және сәтті болады. Бұл сонымен қатар бастапқы кезеңде алынған тілдік материалды автоматты түрде меңгеру және оны шет тілін меңгеру процесінде бірнеше рет қайталау дағдыларымен түсіндіріледі [9].
Сонымен, шетел тілін ерте бастаудың мақсаттылығы баланың жасына емес, оның жеке ерекшеліктеріне және оның оқуға дайындық дәрежесіне байланысты. Сондай-ақ, ата- аналардың бүл процесті түсіну маңыздылығын атап өту қажет.
Баланың ана тілінің артикуляциялық базасын қалыптастыру мәселесі маңызды аспект болып табылады. Erep балада ана тілінің дыбыстарын айтуға байланысты күрделі проблемалар туындаса, шетел тілінүйренудің қажеті жоқ, өйткені шетелдік дыбыстардың айтылу ерекшеліктері ана тілінің дыбыстарының айтылуына кері эсер етуі мүмкін. Логопедтердің пікірі бойынша барлық басқа жағдайларда шетел тілінүйрену баланың ана тілінде сөйлеуін дамытуға оң эсер етеді.
Балаларда шетел тілін меңгеру ересектерге қарағанда оңай деген пікір бар. Бұл тілді үйренуде ескеретін жағдайлардың біреуі ғана. Балаларға сабақ бере отырып, мұғалім балалардың білімге деген ынтасы мен айқын қабілетін, олардың өзбеттілігін, ұялмай мүғалімнен кейін кез-келген сөзді мазақ пен түсінбеушіліктен қорықпай қайталайтындығын пайдаланады. Бірақ сонымен бірге олар қызығушылықты тез жоғалтады, бүл мұғалім үшін белгілі бір қиындықтар тудырады. Оқушылардың қызығушылығын сақтауға сабақтар өткізілетін бөлменің кеңістігі (ойындар мен дене шынықтыру үзілістеріне арналған бос орын, техникалық құрал-жабдықтар, жарқын ойыншықтар мен кітаптар және т.б.), сонымен қатар мұғалімнің жеке басы, ол жасаған атмосфера, мотивацияның болуы, іс-әрекеттің жиі өзгеруі, бәрі бірге эсер етеді. Балалар шетел тілін үйрену кезінде, ойнайды жэне көңіл көтереді, ал ересектер қысқа мерзімде көп оқу материалын оқу үшін көп жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, ересек адамның есте сақтау жэне ойлау қабілеттері дешетел тілін меңгеру кезінде эсер етеді. Ересектерде танымдық жетілудің, аналитикалық қабілеттің, прагматикалық дағдылардың, қоршаған элем туралы білімнің болуы оқу материалын, эсіресе морфология, синтаксис жэне лексикология сияқты бөлімдерді тез игеруге көмектеседі. Фонетика (дыбыстар мен интонацияны имитациялау қабілетіне байланысты) жэне ауызша сөйлеу балаларға оңайырақ, өйткені балаларда, эдетте, психологиялық кедергі болмайды жэне қателік жасаудан қорықпайды.
Қорытындылай келе,
- Балалардың оқуға психологиялық дайындығының негізгі компоненттеріне мыналар жатады: балалардың жеке дайындығы; интеллектуалды дайындық; эмоционалды жэне ерікті дайындық; физиологиялық дайындық.
- Бала сыныпта оқуға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға дайын болуы мүмкін, бірақ бірқатар пэндерді, соның ішінде шет тілін оқып үйрену барысында туындайтын қиындықтарды жеңе алмайды.
- Шетел тілін үйренуге оңтайлы жас жоқ, басты индикатор оның жеке, интеллектуалды, эмоционалды-ерік жэне физиологиялық дайындығын қалыптастыру болып табылады.
- Балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты шетел тілін оқып үйрену жеңіл өтсе, ал ересектер қысқа мерзімде көп оқу материалын оқып үйрену үшін көп жүмыс істеуі керек. Алайда, ересектерде когнитивті жетілудің, аналитикалық қабілеттің, прагматикалық дағдылардың, қоршаған элем туралы білімнің болуы оқу материалын, эсіресе морфология, синтаксис жэне лексикология сияқты бөлімдерді тез игеруге көмектеседі.
- Балаларды шет тілімен ерте оқытуды арнайы эдісті білетін жэне баланы ынталандыруға қабілетті жоғарғы білімді маманға тапсырған дурыс.
Шетел тілін үйрену процесі үзақ жэне күрделі өтеді. Бұл процестің жылдамдығы мен тиімділігі көптеген компоненттерге, оның ішінде дарындылыққа байланысты. Tya біткен фонематикалық есту қабілеті бар, есте сақтау қабілеті жоғары жэне психикалық даму деңгейі жоғары балалар бар. Әрине, мүндай балаларға шетел тілін меңгеру элдеқайда жеңіл болады. Сонымен қатар табыстың екінші компоненті де бар - еңбек пен табандылық. Осы компоненттің қатысуымен шетел тілінің меңгерілуі сэтті болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
- Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте: психологическое исследование. - M.: Просвещение, 2008. - с. 386-389
- Эльконин Д.Б.Детская психология: учеб.пособие для студ. высш. учеб, заведений. - M.: Издательский центр «Академия», 2007. - 384 с.
- Кравцова Е.Е. Психо логияипедагогика Краткий курс:учебное пособие.- Москва: Проспект, 2016. - 320 с
- Нижегородцева Н.В.. Шадриков В.Д. Психолого-педагогическая готовность ребенка к школе. - M.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС. 2001. - 256 с.
- Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6 т. / гл. ред. А.В. Запорожец. - M.: Педагогика, 1982-1984. -Т. 2. - С. 230.
- Диагностика готовности ребенка к школе (определение школьной зрелости по тесту Керна- Йирасека). -http://strana-znaek.ru/podgotovka-k-slikole/stati/index.php?ID=23
- Выготский Л.С. Педагогическая психология. - M.: Астрель, 2008. - С. 189.
- Дубровина И.В. Практическая психология образования. - СПб.: Питер. 2004. - 592 с. - URL: http://klex.ru/7sd.
- Матвиенко Л.М. Раннее обучение детей иностранному языку: теория и практика // Концепт научно-методический электр.журнал.2018, №6. стр.347-356