Мақалада мемлекеттік тіл - қазақ тілін билингвизм жағдайында екінші тіл ретінде оқытудың парадигмасы жүйеленген. Тіл үйретудегі жаңа технологиялар, замануи әдіс-тәсілдерді ойлап тауып, қолданысқа енгізіп, нәтижеге жету - бүгінгі тіл үйрену мен тіл үйрету процесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жылдан жылға халықаралық-мәдениетаралық коммуникацияның шеңбері кеңейіп, қарқындау үстінде болғандықтан. тіл үйрену мен тіл үйретуге детей сүраныс артып, лингвистика мен методиканың интеграциясынан жаңа челлендждер талап етілуде. Бүл челленждердің басты бағыты - «тілді қалай жедел үйренуге болады?», «тілді үйрену жеңіл болуы үшін, қандай әдіс оңтайлы?» деген негізгі аспектілерді қамтып, тіл үйрету методикасының қоржыны жаңа. заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдермен толығу үстінде. Дегенмен, бүлардың көпшілгі қазіргі тіл үйрсту мстодикасында айтарлықтай нәтижеге жеткізе алмай отыр. Өйткені, тіл үйрету барысында тындаушының ана (бірінші) тілімен салыстыра- салғастыра отырып үйрету негізігі принцип болып. оқытылып жатқан тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктері екінші орында қалып жатады. Сол себепті де, зерттеу барсында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы парадигма - тілді үйренудегі табиги механизмдерді қолдана отырып. тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерін көрссте отырып жандандыра үйрету деген тұжырым жасалып, онын практикалық маңызы көрсетілді.
«Ана тілі» болсын, «екінші тіл», «шет тілі» болсын, оларды үйрету мәселесі бір жағынан мемлекеттің тіл саясатымен тығыз байланысты болса, екінші жақтан қоғамдық сұраныс пен коммуникативтік қажеттілікке тәуелді. Осы тұста, қазақ тілін билингвизм жағдайында оқытудың басты ерекшелігі - оның күнделікті қарым-қатынасты қамтамасыз ете алу функциясы болуы қажет. Өйткені, түптеп келегенде, қандай тіл болмасын, ол ең алдымен адамдар арасындағы қарым- қатынасты жүзеге асырушы басты құралы болып, өмір бойы коммуникативтік қажеттілікті қаматамасыз етеді. Демек, тілдің осы функциясы қандай кезең, дәуірде болмасын өзінің өзектілігін жоғалтпайды, осыған сәйкес методикадағы басты бағыт та осыған тікелей тәуелді болуы қажет. Тіл үйрену мен үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табу, оны қолданысқа енгізу - үлкен ізденіс пен тілдің практикалық қолданыстағы ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Өйткені, тілдің практикалық қолданысы - оның коммуникативтік функциясының бір көрінісі болса, екінші тұстан, ауызша тілдесімге түсу машығын тез қалыптастыруға жол ашады. Оған қоса, тілдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен оның бітім-болмысы, тіл үйренудің табиғи механизмдері ескерілуі керек. Осыған сәйкес, мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде үйрету барысында, оны оқытудағы заманауи парадигма - бірінші/ана тілін оқыту барысында жүзеге асатын табиғи әрекеттерді(механнзмдер) іске асыру болып табылады. Яғни, бала кезде ана тілін меңгерудің табиғи механизмдерін, екінші тілді де үйрену барысында да жандандыра отырып қолдану.
Адамзат баласы дүниеге келген соц, социумның бір бөлшегіне айналады, қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Бұл кезецде бала тілдесім әрекетіне түсуге қауқарсыз болса да, анасының тілдесім әрекетінің нәтижесінде балада ең бірінші тыңдалым жүйесі дами бастайды. Яғни, ана тілін үйренудегі алғашқы баспалдақ - ана тілінің естілу жүйесімен танысу болып табылады. Содан соц бала тілі шыға бастаған кезде, ешқандай грамматикалық құрылымдармен таныспай, қоршаған ортасынан (ата-ана) естіген жаңа сөздердің барлығын қайталай отырып есте сақтайды. Осылайша ол тілді табиғи ортада үйренеді. Сөйлемдерді де естіген формасы бойынша есте сақтап, дайын күйде қолданады. Ал таныс емес жаңа обьектіні көргенде оның санасында «мынау не?» деген сүрақ туындайды. Осы сүрағына жауап алу арқылы оның сөздік қоры қалыптасып, ана тілін осындай табиғи жағдайда меңгереді. Балалардың ана тілін үйрену ерекшеліктерін, оның ішінде жас ерекшеліктерін Түркиядағы Мугла Уинверситетінің профессоры Невиде Акпынар «Балаларға шет тілін оқыту және меңгерту: не? не үшін? қалай?» атты еңбегінде жан-жақты корсете отырып, баланың ана тілін меңгеру фазасы 12 жасқа дейін қалыптасатынын айтады. Автор неміс тілі зерттеушісі Эрнст Апельтауэрдың пікірін үлгіге алады: «Үш-төрт жаста шет тілімен таныса бастаған бала бір уақытта екі тілді қатар үйренген балалар сияқты жағдайда болады. Балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын, оның бірінші(ана) тілін меңгеру деңгейі де соғұрлым томен болады және олардың екінші тілді үйрену деңгейі де бірінші тілді меңгеру деңгеймін тепе-тең болады» [I, 11-6]. Автордың айтуы бойынша, балалардың тіл үйрену, меңгеру жағдайы, ерекшеліктері оның бірінші (ана) тілін үйренуі процесімен ұқсас болады. Яғни, бала бірінші (ана) тілін қалай үйренсе, сол уақытта шет (екінші) тілді де дәл солай үйренеді. Бәрінен бүрын балаға ана тілімен қатар екінші тілді үйреткен уақытта бүл процесс баланың ана тілін үйренгендегі табиғи процесстің сақталуына бағытталуы тиіс. Демек, баланың ана тілді қандай табиғи жағдайда уйренсе, екінші тілді үйрену де осындай табиғи жағдайда болуы керек.
Бала 4 жасқа дейін ана тілінің дыбыстық жүйесімен танысып, оны меңгереді, ана тілінде сөйлей бастайды, 8 жасқа дейін дыбыстық жүйесімен қатар жазылым және соңғы этапта сөйлем құрау ретімен танысады. 5-7 жаста балалар өздерінің не істеп жатқандарын, яғни іс-әрекетін баяндай алады, пайымдай алады, өзін қызықтыратын нәрселер туралы сұрақ қоюға және сол арқылы ақпарат жинауға бейім болады. Ал 8-10 жас арасында ана тіліндегі сөйлемдердің құралуын біледі, ақпаратты жалпылай алады. Баланың ана тілін меңгеру процесі осылайша 12 жасқа дейін жалғасады. Бұл кезеңдерде балалардың ана тілін үйрену процесін мұқият реттеу керек екенін де профессор Невиде Акпынар ерекше атап өтеді. «Бұл кезеңдерде жіберілетін қателіктерді алдағы жас кезеңдерінде түзету қиындай түседі» [2, 164-6] - дейді, автор. Автордың бұл пікірінде тілді дүрыс үйрету мәселесі де қозғалып тұр. Демек, бұл жас кезеңдерінде тыңдалымнан басталған ана тілін үйрену фазасы айтылым, жазылым және дұрыс тілдесімді меңгертуге ұласатынын байқай аламыз. Яғни, бала бұл жасқа келгенге дейін қоршаған ортасындағы адамдардың тілдесіміне куә болады. Айналадағы дыбыстарды естіп, сатылай-сатылай өзіне айтылған сөздерді, сөйлемдерді яки хабарды түсіне бастайды. Осылайша жинаған базалық тәжірибесі, тіл туралы түсінігі арқылы бала қоғамда қиындықсыз тілдесімге түсе алады. Бұл арада жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, бұл процесс - табиғи жағдайда автоматты түрде жүзеге асатын процесс екенін байқай аламыз. Бала өмірге келген соң, оның алғашқы тілдесушісі - анасы екенін атап өттік. Демек, сәбидің коммуникациядағы алғашқы тілдесім әрекеті - анасын тыңдауы болады.
Бала туыла салысымен адамдардың даусына елеңдеуге және олардың дауыстарын бір-бірінен ажырата алуға бейім болады. Баланың алғашқы даму сатысындағы есту жүйесінің күшті болатындығы соншалық, тіпті кейбір зерттеушілер баланың дауыстарды айыруды ана құрсағында жатқан кезде үйрене бастайды деп көрсетеді. Физиолог ғалымдардың зерттеуі бойынша, нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілеті де дами бастайды. Туылғаннан кейінгі алғашқы жарты жылдықта сөздерді есту қалыптасып, баланың жеке психологиялық- физиологиялық қажеттіліктері: қарны ашу, қорқу, ауырсыну, қуану, т.б сәйкес дыбыстар шығара бастайды. «Бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды» [3, 50- 6]. Яғни, бүл кезеңде баланың тіл үйрену процесіндегі тыңдалым әрекеті толыққанды қалыптаса бастайды. Өйткені, тыңдалымның өзі қоршаған ортадан келген ақпаратты ести алу ғана емес, оны түсіне алу дағдысын қамтиды.
Жоғарыдағы екінші тілді ана тілі спяқты табиғи жағдайда жандандыра үйрету мәселесін мынадай екі тармаққа бөліп қарастырамыз:
І.Естпіген сщпаратты дурыс түсіне білу машыгын қалыптастыру - тілдік баръерді болдырмаудың бірден-бір жолы. Тілдесім әрекетінің негізгі тірегі - түсіну және өзара түсінісу болғандықтан, алғашқы қадам - естілген ақпаратты дұрыс түсіне білу машығын қалыптастыру болып табылады. Сырттан келген ақпаратты түсіну машығын қалыпстастыру қарапайым есту одан әрі тыңдалым әрекетінің негізінде жүзеге асырылады. Яғнп, бұл екеуі - түсінудің алғашқы баспалдағы деп алсақ болады. Алайда, ақпаратты түсіну үшін тек тыңдалыммен шектеліп қалмайтынымызды, тыңдалыммен бастайтынымызды атап өткіміз келеді. Өйткені түсіну машығын қалыптастыру белгілі дәрежде сөздік қордың болуы, базалық грамматикалық ережелердің меңгерелуі, тәжірибеде қолданылуы сияқты критерийлерді де қамтитынын жоққа шығармаймыз. Ал сырттан келген ақпарат бірден(автоматты түрде) түсінілетін деңгейге жетуі үшін қазақ тілін үйренуге келген орыс тілді аудитория болсын, шет тілді аудитория болсын сабақты тыңдалымнан бастау керек. Практикада қолданған әдістерім арқылы бүл теорияның нәтижеге, мемлекеттік тілді жеделдете үйретуге болатынына көз жеткіздім. Ақпаратты дүрыс түсіне білу машығын қалыптастыру идеясын жүзеге асыру үшін алғаш келген, қазақ тілін бүған дейін оқымаған үш студентке осы әдісті қолдандым. Бірінші сабақта ешқандай грамматикалық тақырып берілген жоқ, тек қазақ тілінің дыбысталуымен таныстық. Оқушылардың бесеуі де «Сәлем, сәлеметсіз бе, қалайсың» күнделікті қолданылатын тіркестермен таныс болғандықтан, тыңдалым әрекетін бірден жүзеге асыру үшін алдымен «Танысайыц», «Менің атпым - Айдана», «Танысцаныма куаныштымын» деген мысалдардан бастадым. Алғашқы минутта оқушылардың ешқайсысы мені түсінген жоқ. Бұған дейін қазақ тіліндегі тілдесімге куә болмаған, тілді үйрену тәжірибесі жоқ адам үшін бүл - қалыпты жағдай. Алғашқы сөзді қайтадан 3 рет қайталап, тыңдаушының не естігенін сұрадым. Қазақ тілінің төл дыбыстарымен таныс болмағандықтан, соңғы «қ» әрпін ешкім айта алған жоқ, оның орнына «к» естілгенін айтты. Содан соң тыңдаушылардың естіген сөзін жазуларын сүрадым.
Бақылауға алынған тындаушылар |
Жас мөлшері |
«Танысайық» сөзін естіген алғашқы минутгағы түсінігі |
3 рет естігеннен кейінгі жазу нәтижесі |
Тыңдаушы-1 |
40 |
Түсінген жоқ |
Тансайк |
Тындаушы-2 |
40 |
Түсінген жоқ |
Тансак |
Тындаушы-3 |
42 |
Түсінген жоқ |
Тансаек |
Тындаушы-4 |
30 |
Түсінген жоқ |
Тансайк |
Тыңдаушы-5 |
23 |
Түсінген жоқ |
Танысайк |
Кесте-1 «Орыс тілді аудиторияның тыңдалым әрекетін бақылау нәтижелері»
Содан соң «Танысайық» сөзін қайтадан, яғни санақ бойынша 4-ші рет қайталап оның «Давай познакомимися/Давай знакомиться» деген мағынаны білдіретінін айтып, қалай жазылатын көрсеттім. Тыңдаушылар менің дыбыстауыммен өздерінше қайталай бастады. Бұл жерде мен «танысу» етістігің бүйрық райдың бірінші жағында тұрғанын, етістікке «айық» жалғанғанда «у» дыбысының түсіріліп, жуан вариантпен жалғанатынын, және орыс тіліндегі «давай» формасымен сәйкес келетіні жайлы сөз қозғамадым. Яғни, грамматикадан мүлдем хабар бермедім. Тек тыңдаушылардың жаңа сөзді алдымен естіп, содан соң оның мағынасын түсіндіріп, тыңдалым әрекетін, жазылым әрекеті арқылы визуалды есте сақтаумен және дүрыс жазып, дүрыс айталуымен жүмыс жасатқыздым. Екінші және үшінші сөйлемдермен де дәл осы типте жүмыс жасадық. Екінші сөйлемді естіген кезде, тыңдаушылардың барлығында «Меня зовут - Айдана» деген болжам-аударма болды. Тыңдаушы-5 пен Тыңдаушы-4 естіген кезде бірден түсініп, нақты аудармасын айта алды. Бүл сөйлемді бұған дейін естігені және соған сәйкес түсініктің болуы - тыңдалым әрекетін жүзеге асыруға септігін тигізді. Алайда жазылуында және дыбыстауында қателіктер болды. Дыбыстау кезіндегі қателіктер де қалыпты жағадай ретінде қабылданады, себебі тыңдаушылар әлі қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен таныс болмады. Екінші сөйлемді мысалға ала отырып, мен тыңдаушылардың өз есімдерін үлгідегідей етіп қоюларын сүрадым. Тыңдаушылардың бесеуі де өз есімдерін үлгідегідей етіп, 2 рет ауызша айтты. Содан соң бүл сөйлемнің дүрыс жазылуын көрсеттім. Үшінші естіген кезде, ешкім түсінген жоқ. Сол себепті бүл сөйлеммен де алдындағы үлгі бойынша жүмыс жасадық. Сабақтың соңында, үш сөйлемді 30 секундтық паузамен айтып, тыңдалымды бекіттік. Содан соң шағын орфографиялық диктант түрінде, сөйлемдердің жазылуы қаншалықты есте қалғанын тексеру мақсатында, әрі визуалды есте сақтау қабілетін дамыту үшін жазылыммен жұмыс жасадық. Сабақтың соңындағы жазылым әрекетінің нәтижесі:
Бақылауға алынған тындаушылар |
Жас мөлшері |
Танысайық |
Менің атым - Айдана (өз есімі) |
Танысқаныма қуаныштымын |
Тындаушы-1 |
40 |
Танысайык |
Менін атым - Наталья |
Танысканыма куанышты |
Тындаушы-2 |
40 |
Танысайқ |
Менин атым - Наталья |
Танисканыма куаныштымын |
Тыңдаушы-3 |
42 |
Танысайык |
Менің атым - Асан |
Танысканыма қуаныштымын |
Тыңдаушы-4 |
30 |
Танысайық |
Менің атым - Мейірхан |
Танысқаныма қуаныштымын |
Тыңдаушы-5 |
23 |
Танысайық |
Менің атым - Алена |
Танысқаныма қуаныштымын |
Кесте-2 «Орыс тілді аудиторияның тыңдалым әрекетін бақылау нәтижелері»
Бақылау нәтижелері көрсеткендей, екінші және одан кейінгі сабақтарда тыңдаушылардың барлығы мысалға алынған сөйлемдердің қайта естіген кезде мағынасын анық түсіне алды. Демек, қоғамда өзге адаммен коммунпкацияға түсу барысында немесе өзге адамдардың диалогын тыңдаған уақытта бұл үш сөйлем кезіксе, оның мәнін қиындықсыз түсіне алады. Және қажеттеріне қарай өздері де тілдесім барысында қолдана алады. Әрине, бүл тұжырым барлық сабақта осындай дайын шаблондарды қолданып, тек осы әдіспен қазақ тілін үйрету керек деген мағынаны білдірмейді. Бұл әдіс қазақ тілін енді үйренушілерге және алғашқы тіл үйрену әрекетін не үшін тыңдалымнан бастау керек екенін көрсету үшін қолданылды. Және тіл үйретудің келесі баспалдағы - тілдің дыбыстық жағымен жұмыс жасауға алғышарт болды.
Американың Кэмбридж университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ересек адам коммуникация барысында төрт әрекеттің ішінде тыңдалым әрекетін басқа үш әрекетке қарағанда жиірек қолданады екен. «Тыңдалым әрекеті - 42%, айтылым - 32%, оқылым - 15% және жазылым - 11%»[4, 4-6] Бұл да өз кезегінде мемлекеттік тілді тыңдалым әрекетінен бастау қажеттілігін көрсетеді. Жалпы кез келген тілдің грамматикасы - сол тілдің іргетасы сияқты, ол жалпы тілдің қүрылымын меңгеруге мүмкіндік береді. Ал сөздік қор мән-мағынаны түсіну деңгейін анықтаса, тыңдалым тілдесушнің не айтып жатқанын естуарқылы түсінуге мүмкіндік береді. Бұл арада тілдің тек грамматикалық жағын үйреніп, сөздерді құрғақ жаттау арқылы тілді үйрену мүмкін емес әрі тілдік қарым-қатынас барысында ойды еркін жеткізуге, еркін тақырыптарда әңгімелесуге мүмкіндік бере алмайтынын ескерген жөн. Және ең бастысы айтылым әрекетінің дамуына кедергі болады. Оған қоса, естіген ақпаратты қорытуға, анализдеуге уақыт жетпей жатады. Жоғарыда келтірілген теориялық-практикалық тұжырымдардың барлығын есепке ала отырып, мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде үйрету процесін тыңдалым әрекетінен бастау керек деген қорытындыға келеміз.
2. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгеру - тыңдалымды (есту арқылы түсіну машыгын қалыптастпырудыц) жүзеге асырудыц алгышарты. Екінші тіл болсын, шет тілін болсын үйрену - оның дыбыстық жүйесін үйренуден басталатыны белгілі. Дыбыстар бірігіп сөз, сөздер бірігіп сөйлем құрайды. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы «Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» [5, 263-6]. деген анықтама береді «Тіл - құрал» еңбегінде. Яғни сөйлем арқылы біз белгілі бір ақпарат аламыз, сөйлеушінің пікірін білеміз. Сәйкесінше, сөйлем - сөйлеушінің ойын білдіреді, яғни ойдың единицасы болады. Сөйлемдердегі сөздерді байланыстыру арқылы (грамматикалық, семантикалық) тіл үйренуші өз ойын білдіріп қана қоймай, күрделі тілдік функцияларды (сөздерді бір-бірімен мағыналық жақтан байланыстыру, орын тәртібімен орналастыру, жалғауларды сөздің түбіріне сәйкес жалғау, т.б) жүзеге асырады. Әдетте, бүл функциялар тіл үйренуші тілдің базалық құрылымын меңгергеннен соң автоматты деңгейге жете алады. Міне, бұл автоматты деңгейге жету үшін мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде үйренушінің тіл үйренудегі алғашқы қадамы - тілдегі дыбыстарды есту, сол арқылы дұрыс ажырата алу, дыбыстарды біріккен күйде (сөз, сөйлем) формасында тыңдап, семантикасын ажырата алу машығы болып табылады. Демек, бұл процестердің барлығы сол тілдің дыбыстық жүйесін дұрыс меңгеруден басталады. Тілдің дыбыстық жүйесін үйрену дегеніміз әліпбимен танысып, ондағы таныс емес, жаңа дыбыс-әріптерді үйренумен ғана шектелмеуі керек, әрбір дыбыстың естілуі, соған сәйкес дұрыс жазылуы, дыбысталуы, жазбаша сөйлеу барысында бір-бірінен ажырата алатын деңгейге жетуі болып табылады. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада (автордың орфографиясы сақталған) түсінікті болып айтылган сөздер ғана сөйлем бола алады.
Сондықтан сөйлемнің жаны - сөздердің басы мағыналы болып құралуы» [5, 264-6] деген ғалым А.Байтұрсынұлының пікіріне сүйене отырып, мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде үйретуде сөйлем құрай алу дағдысымен қоса, ондағы әрбір сөздің дұрыс айтылуы, дыбыстардың ережеге сәйкес дыбысталуы, екпіннің қойылуы сияқты мәселелердің де маңыздылығын коре аламыз. Автор алдымен «түсінікті болып айтылган сөздер» деп, сөздердің тыңдаушыға түсінікті айтылуын көрсетіп отыр. Біз де осы пікірді жақтай отырып, автордың идесясын дамыта келе қазіргі жаһандану заманында мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде оқытудың және осы тілде қоғамда коммуникацияға түсудің алгышарты және ақпаратты дұрыс түсіну машығын қалыптастырудың келесі ерекшелігі - сөздерді дұрыс айту, ондағы дыбыстарды дұрыс дыбыстаудан басталады деген қорытындыға келдік. Ал есту арқылы түсіну, яғни тыңдалым әрекетінің бастауында - тілдің дыбыстық жүйесін дұрыс меңгеру мәселесі тұрады. Дыбыстық жүйені дүрыс меңгеру арқылы тілдегі дыбыстардың сол тілге ғана тән ерекшілігімен, ауызша дыбысталуымен, дүрыс дыбыстау арқылы оны түсінумен, сөйлемде дұрыс жазылуымен танысады.
Тілдің дыбыстық жүйесін дұрыс меңгермеу сөйлеу әрекетінің бес түріне де кедергі келтіреді. Өйткені, түптеп келгенде, екінші тілді үйренудегі түпкі мақсат - сол тілде сөйлеу және түсіну деп алар болсақ, «Сөйлеу - іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл адамзатпен бірге жасасып келе жатқан келе жатқан ең көне, ең егізгі қару. Жазу - сөйлеудің қағазға түскен бейнесі» [6, 3-6] болып табылады. Демек, сөйлеу әрекетін қалыптастырып, дамыту - дыбыстық жүйемін жұмыс жасау кажеттілін көрсетеді. Дыбыстарды дүрыс айта білу дағдысы оларды дұрыс ести білу дағыдсымен тығыз байланысты. Дыбысты дүрыс естіген және онымен таныс адам оны дұрыс жаза да біледі. Ал дыбысты дұрыс жаза алатындардың барлығы бірдей оны дұрыс дыбыстай бермейді. Сәйкесінше, дұрыс дыбысталмаған сөздің реңкі бұзылып, мағынасы да түсініксіз болады. Яғни, тіл үйренуді бастаған сәттен ондағы әр дыбысқа мән беріп, дүрыс дыбысталуын үйрету керек. Өйткені, тілдің базалық грамматикалық құрылымын меңгеріп, дыбысталуға қайта оралу - қиын әрі мағынасыз болып табылады. Әрине, орыс тілді аудиторияның қазақ тілін үйрену барысында белгілі бір дәрежеде акцентінің болуы - заңды құбылыс.
Бүл жерде орыс тілді аудитория дәл дыбыстарды қазақ тілді аудитория сияқты дыбыстауға тиіс деген ұстанымнан аулақпыз. Өйткені, бастапқы деңгейде бұл мүмкін емес, әрі бір сөздің дыбысталуына көп уақыт жүмсау - үйренушінің мотивациясын әлсіретіп, тіл үйрену процесін жеделдетуді тежейді. Тілдің дыбыстық жағымен жұмыс жасау,тілдегі дыбыстарды дүрыс айтуға үйрету бір немесе бірнеше сабақтың көлемінде жүзеге асатын процесс емес. Бұл тіл үйрену барысында бірінші күннен қарым-қатынас барысында өмір бақи жүзеге асатын, сол тілмен бірге жасайтын, қатар жүретін процесс. Сондықтан тілдің дыбыстық жағын үйрету мәселесіне перфекционизммен қарамау керек, ондай болған жағдайда тіл үйренушінің тілге деген қызуғышылығын өшіріп аламыз. Бұл мәселеге қатысты бастапқы ағылшын, неміс және француз тілдерінінен сабақ берген Норвегиялық тілші У.Хультеннің мына пікірі орынды: «Мен 1960-жылдан бастап тіл үйренуге жаңадан келген студенттерге оның дыбыстық жағын, яғни тілдегі дыбыстардың айтылуын теориялық тұрғыдан түсіндіруді тоқтаттым. Бастапқы деңгейдегі студенттер үшін дыбыстарды менің айтуым бойынша дыбыстау, яғни менің айтылым әрекетіме еліктеп, сол арқылы интонацияға, буындарға және дыбыстарға мән бере отырып, өздерінің айтылым әрекеттерін магнитофондағы дауыс жазбалары арқылы тексеру оларға теориялық мәліметтен әлдеқайда құнды және тәжірибе жүзінде пайдалы болды. Алғашқы екі-үш сабақтан кейін-ақ студенттердің көпшілігінің айтылымы жақсара түскені байқалды. Бұдан кейінгі мәселе - бұл меңгерген машықты ары қарай тоқтатпай жалғастыру болды» [7, 99-6].
Тілші ғалым көрсеткендей, дыбыстарды теориялық тұрғыдан меңгергеннен гөрі, оны практикалық жақтан, яғни айтушының дикциясын тыңдай отырып, оған еліктеу, өз айтылымыңмен жүмыс жасау әлдеқайда пайдалырақ. Эрине, кез келген ғылым саласы, оның ішінде тіл білімі де - теория мен практиканың негізінен құралады. Теорнясыз практика, практикасыз теорияның да толықққанды болмайтыны белгілі. Бірақ дыбыстарды дұрыс айту машығы ең алдымен практикалық жүмысты талап етеді. Оган коса, дыбыстарды дұрыс айту-айтпау мәселесі - психологиялық барьердің пайда болу себептерінің бірі. Өйткені, тілді үйренуші сөздердің дұрыс дыбысталуымен жұмыс жасаған уақытта оның санасындағы «бүл сөзді дұрыс айттым ба, айтпадым ба?» деген сауал, сенімсіздік коммуникацияға түсуге, жағдаятқа қарай сол сөзді қолдануға кедергі болады. Бұның үстіне, дыбыстарды дүрыс айту - сөзді дүрыс есте сақтауға септігін тигізеді. Қазақ тілін орыс тілді аудиторияға үйрету әдістемесінде қазақ тілінің дыбыстық жағымен жүмыс жасау әрекеті 1989 жылы басылған «40 уроков казахского языка» атты Х.Қожахметованың кітабында кездеседі. Автор қазақ тіліндегі әр дыбыстық фонетикалық ерекшелігіне тоқталып, оның артикуляциясын толық сипаттауға тырысқан. Оған қоса, әр дыбыстың сипаттамасынан соң міндетті түрде дыбыстың айтылуымен жүмыс жасау үшін жаттығулар берілген. Ғалымның бұл еңбегі қазақ тілін орыс тілді аудиторияға үйрету, оның ішінде тілдің дыбыстық жағымен жұмыс жасауға бағытталған құнды еңбек болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуын жеңілдету үшін кейбір дыбыстардың аналогтарын да көрсетеді. Мысалы, автордың «ң» дыбысына берген сппаттамасына тоқталар болсақ: «ң - носовый, смычный, заднеязычный звук. При произнесении этого звука язык остается в полном покое, а мягкое нёбо опускается, поток воздуха идет через носовую полость. Аналогияный звук имеется во французском языке. Например, в словах: бонжур(добрый день), пардон (извините) и.т.д.» [8, 14-6].
Тілдегі дыбыстарды дұрыс айту машыгын қалыптастыру сөздерді дүрыс айтуға дағдыландырса, сөздерді дұрыс айту өз кезегінде ойды дұрыс жеткізудің және дұрыс тыңдай білу машықтарын қалыптастырудың кілті болып табылады. Осыған сәйкес дыбысталу жүйесі әуел бастан дүрыс қалыптасқан болса, сөйлемдегі сөздерді дүрыс айту және айтылған ойды да түсіну оңайырақ болады. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгеру туралы сөз қозғағанда, әдетте ең алдымен дыбыстардың жазылуы, таңбалануы, әліпбимен танысу мәселесі алдыңғы кезекте тұрады және тек осы аспктілермен ғана шектеліп жатады. Республика көлемінде онлайн жүргізіліп жатқан қазақ тілін үйрету курстарының барлығы мемлекеттік тілді (қазақ тілін) үйрету жүмыстарын әліпбиден бастайды. Әліпбимен таныстырып, ондағы қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшеліктеріне тоқталып, одан әрі сингармонизмге өтеді. Алайда үйренуші дыбыстарды дүрыс меңгермесе, жаза білген күннің өзінде оны естігенде ажырата алмаса, одан кейінгі сингармонизм заңын да толық меңгере алмайтыны хақ. «Из всех аспектов изучаемого языка наиболее слабым звеном является фонетика - звуковая сторона. А следует иметь в виду, что первое впечатление от речи учителя и учащихся складывается именно на основе фонетики»[9, 11-6].
Жэне осы себепті де ауызша қарым-қатынасқа түсу барысында қиындықтар туындайды. Бастысы - әуел бастағы дыбыстар жүйесін дүрыс меңгеру және естіген кезде ажырата алу машығын қалыптастыру. Міне, осы екі критерий бойынша жүмыс жасасақ, сингармонизмді де меңгеру қиын болмайды. Ал тілдегі дыбыстар жүйесін меңгеру мәселесі тек дауысты-дауыссыз дыбыстарды ажырата алу, жалғаулардың жуан-жіңішке варианттарын дұрыс жалғау алу машықтарын меңгерумен ғана емес, ең алдымен меңгерілген дүниені дүрыс қолдана алумен, яғни дүрыс айта білу, дүрыс оқи білу, екпінді дұрыс қою, т.б. мәселелерді де қамтиды.
Қорытындылай келе, мынадай тұжырымдарға келеміз: қостілділік жағдайында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың парадигмасы - екінші тілді де ана тілі сияқты жандандыра оқыту, баланың бірінші (ана) тілін үйрену барысында іске асатын табиғи механизмдерін қолдану болып табылады. Бұл парадигманың бүгінгі таңдағы тіл үйрету процессіне қосатын үлесі - тіл үйретудегі табиғи құралдарды пайдалану және сол арқылы нәтижеге жетуді көздеу болып табылады. Жалпы тілді оқытудағы басты мақсат - түсіну және өзара түсінісу, ойды жеткізе білуге үйрету, ақпаратты қабылдау және онымен бөлісу дағдыларын қалыптастыру екені белгілі. Түсіне білу үшін - естіген ақпарат түсінікті болуы керек керек, өзара түсінісу үшін түсіне білумен қатар айта білу қажет. Ал түсінісу бір жақты процесс емес, ол әрқашанда екі жақты болады. Сондықтан, екінші тілді үйрену процесі тыңдалым әрекетін дамытудан қажет. Жалпы тіл үйрену барысындағы ең қиын әрекет - тыңдалым болғандықтан, оның жүйесі күрделі болғандықтан, бірінші сабақтан есту арқылы түсіне білуге дағдыландыру қажет. Міне, ана тілі сияқты табиғи жағдайда жандандыра оқытудың түпкі мақсаты да - түсінуге және өзара түсінісуге қол жеткізу. Өйткені, тіл меңгергудің негізгі көрсеткіші - тыңдаушының қанша грамматпкалық ереже, сөз білуімен емес, оларды ортада, коммуникация барысында қажетіне қарай қолдана алуымен өлшенуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі
- Apeltauer. E., Grundlagcn des Erst-und Fremdsprachenerwerbs. Eine Einfuhrung1 Frenstudienprojekt zur Fort-und Wcitcrbildrmg im Bereich Germanistik und Deutsch als Fremdsprache: TeilbereichDeutschalsFremdsprache. Berlin [u.a.] 1997: Langenscheidt.
- Akpmar-Dellal, N. Cociiklara yabanci dil egitimi ve dil edinimi: Nedir? Nicin9 Nasil?. Istanbul 2011: Oktay Matbaacilik.
- Жас ерекшелік психологиясы: Оқу қуралы. - Алматы, ҚазМемҚызПУ. 2010. - 189 бет.
- Flowerdew J. Academic Listening. Cambridge University Press, 1994. 306 p.
- Байтұрсынов A. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) - Алматы, «Ана тілі». 1992, 448 бет.
- Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - Алматы: «Сөздік-Словарь». 1999 - 200 бет.
- Гуннемарк Э.В. Искусство изучать языки / пер.со швед. Д.Л.Спивака. - Спб.: «ТЕССА», 2001.-208 с.
- Кожахметова Хадиша. 40 уроков казахского языка. - Алма-Ата: Жалын. 1989. - 280 с.
- Ауэрбах Т.Д. Зачем и как изучать иностранные языки. Москва: Знание. 1961. - 32 с.