Мақалада жұмыста туындайтын қазіргі заманғы мәселелерді зерттеу нәтижелері көрсетілген. Көптеген ғалымдар мен мектептердің коммуникациялық модельдерінің эволюциясы процесі зерттелді. олардың даму тенденциясы анықталды. сонымен қатар қазіргі жағдайларға бейімделген байланыс моделі жасалды. Жаһандану жағдайында білім беру саласындағы өзгерістер.оның ішінде мектепті басқарудағы өзгерістер тәжірибемен бірге талданды. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуін қолдау жолдары мен әдістері туралы. Мектепті дамыту жоспарының жобасы ұсынылды. Бағалау ұғымы оқу процесінде қолданылды.
Мектепті басқаруда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып.жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мәселелерді шешу жолдары көрсетілген. Жаңа оқыту, мектептің дамуын эвалюациялау қарастырылған.Әлеуетті арттыру. білім беру сапасын арттыру мәселелері ашылды.
Авторлар көшбасшылыққа тарту, педагогтардың біліктілігін арттыру тәжірибесімен бөліседі."Назарбаев Зияткерлік мектептері" Бурке-Литвиннің өзгерістер енгізу тәжірибесін, үлгілерін басшылыққа алады. "Lesson study" "тәлімгерлік"тәжірибелері зерделенді. Ic жүзінде. мүғалімдердің Талис сауалнамасының нәтижелері бойынша ұжымның даму жолдары көрсетілді. Коучинг арқылы мүғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.зерттеулер жүргізілді. Дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі тенденциялардың бірі - білім беруді басқарудың тиімді жолдарын басшылыққа алынған.Мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық күру-мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі тәжірибеге енгізілген.
Заманауи мектептер оқытуда әлемдік білім беру теориясы мен оқыту мен басқару тәсілдері, Назарбаев зияткерлік мектептері, педагогикалық шеберлік орталықтары мен Кембридж университет! білім беру факультет! бағдарламасында көрсетілген тәжірибеге сүйенеді. Негізгі мақсат: бәсекеге қабілетті, өзі нақты шешім қабылдап, білім игеруге дайын мінсіз оқушы дайындау. «Ол үшін не істеу керек?» деген сүрақ туындайды. Мектептерге өзгеріс енгізу керек. Бұндай «Өзгеріс не үшін керек?» дегеннен шығады. «Нені өзгертеміз?», «Өзгерісті қалай енгіземіз?» деген заңды сүрақтармен жалғасады. Бұл сүрақтарға жауап табу үшін мектепте бірнеше жылдар тәжірибе жүргізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік . Бұл түптің түбінде сыпайы жауапкершілік пен бақылау және бөлінген көшбасшылық арқылы «Әлеуетті арттыруға» әкеледі. Әлеуетті арттыру - өлшенетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өз қызметін табысты басқару үшін адамдардың кәсіби әлеуетін шыңдау және дамытуға қолдау көрсету және көмектесу.
Білім беруде жаңа терминдер енуде. Солардың бірі «эвалюация» ұғымы. Эвалюация/Evaluation - білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау.[1] Эвалюациянның 2 түрі болады: ішкі және сыртқы. Ішкі эвалюация - мектеп директоры педагогикалық ұжыммен ынтымақтастықта жүргізетін және мұғалімдердің тәжірибелік жүмыстарын қолдауға , кәсіби шыңдауға бағытталған. Мониторинг негізінде басшылық ету сапасын жүйелі түрде зерттеу және бағалау. Бұл - мүғалімнің қызметін біздерге үйреншікті қадағалау, бақылау емес. Ол - зерделеп, бағалау арқылы оның кәсіби дамуына көмек корсету. Ашық сипатта жүргізіліп, салыстырмалы талдаулар қорытындысы негізінде ұжымның жүмысын жетілдіруге жағдай жасау. Эвалюация - мұғалімнің кәсіби даму деңгейін анықтау. Олардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. [2]
Мектептегі өзгеріс енгізу жүмысын іске асыру мақсатында деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдер мен директор орынбасарларынан құрылған топпен жоспар құрылды. Жоспарды Блум таксономиясы негізінде құрып, іске кірістік, оңайдан қиынға - білетіннен түсінуге, түсінуден қолдануға, қолданудан жинақтауға, жинақтап алый саралауға, содан соң бағалауды жоспарладық. Мектепті эвалюациялауды Бурке-Литвиннің өзгеріс енгізу моделін басшылыққа алып, миссия мен стратегиялық жоспар құрылды.
Мүғалімдерден «Көшбасшы» деп аталатын шығармашылық топ құрылды. Деңгейлік курс аяқтаған мүғалімдердің өздері қалауларынша бөлінген көшбасшы топ жетекшілері «Lesson Study», «Тәлімгерлік іс», «Іс-әрекеттегі зерттеу» топтары өздеріне берілген істерді терең зерттеп іске кірісті.
Жылына 1 рет сәуір-мамыр айларында проблемаларды анықтау мақсатында аудит жүргізіледі. Аудитке мүғалімдер, оқушылар, ата-аналар қатыстырылады.
«...XXI ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады, егер ол өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды» [3]
Жоспарлау - мектептің дамуын басқарудың басты құралы.
Жоспарлау- оқу-тәрбие үдерісінде біртіндеп еніп жатырған өзгерістің бірі.
Қызметі: мектептің дамуын, іс-әрекетін жоспарлау. Мұғалімнің орта жэне қысқа мерзімді жоспарлары. Аса жауапты және үлкен зерттеу жұмыстарын қажет ететін үдеріс-мектептің дамыту жоспарын дайындау. Бұндай үдеріс мұғалім қызметін бағалайды, яғни эвалюациялау жүйесі арқылы іске асырылады. Экономикалық ынтымақтастық жэне даму ұйымының (ЭЫД¥) оқыту мен оқу саласындағы халықаралық зерттеуі (TALIS) мүғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап, осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Бүл үдеріс Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген «Мен Қазақстанда ЭЫД¥-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдылды.[4] Олар түжырымдама жобасында көрініс тапқан» деген жолдарымен сэйкес келеді.
Мектеп ұжымының 80%-нан Таллис сауалнамасы алынды. Сауалнаманы алу мақсаты мен күтілетін нэтиже туралы педагогикалық кеңесте алдын-ала айтылып, мұғалімдерге болашақта мектепті дамыту жоспары жасалғанда олардың пікірі ескерілетіні туралы түсінік берілді.
Сауалнама деректерін сараптаған кезде жалпы ақпарат бөлімінен мектеп мұғалімдерінің көпшілігінің эйел адамдар екені (30-әйел) жэне жас мөлшері жағынан 35 пен 53 жастың аралығын қамтитындығы белгілі болды. Сонымен қатар көбінің тұрақты жұмыспен қамтылғандығы жэне жоғары білімді екендіктері көрінді. Мектеп мұғалімдері үшін жүмыс жасауға қолайлы орта. Таллис сауалнамасындағы 11;18;24 сұрақтарына жауап алынып, өңделді.
11- сүрақ: «Соңғы 18 айда төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз,жэне де алған біліміңіздің мұғалімдік тэжірибеңізге эсері болды ма?». TALIS сауалнамасының 18- сүрағы: «Кэсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып,төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз?»[5]
24 сүрақ: «Осы мектепте алған бағаңыз жэне/немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті?» Кэсіби дамуға мектеп мүғалімдерінің 79 % «иэ» деп жауап берген. 55% эсері орташа болса, 45% эсері, 0% эсері жоқ,0% эсері аз деген жауаптарды таңдаған. Бұдан мектепте даму жоспары бойынша болып жатқан коучинг, тренингтердің оң эсер еткен деп түсінуге болады.
Қорытынды жауаптар мониторинг арқылы сараланып талқыланды. Анықталған проблема келесі оқу жылының басымдығы ретінде алынып жыл бойына сол проблемамен жұмыс жасалды. Анықталған проблемалар мектептің даму жоспарының басымдықтары болып белгіленіп, соған байланысты іс-шаралар жоспары жасалды. Аудит жасау мектептің өзін-өзі эвалюация жасауы; ол мектептің өзгеріс енгізу бағыттары мен салаларын анықтайды. Аудит қорытындысы әріптестеріме білім беруде өзгерістердің қажет екені, өзін-өзі оқытатын мектеп керектігі, коучингтер мен тэлімгерліктің кэсіби дамуына ықпалы зор екендігі белгілі болды. Ата-аналар мен оқушылардан да сауалнамалар алынып, оқыту мен оқудағы қажеттіліктері ескеріле отырып, анықталған стратегиялық басымдықтар негізінде мектептің даму жоспары құрылды. Стратегиялық басымдықтар: бүл мектептің нақты қандай мектепке жататынын анықтауға көмектесті. Мектеп үдерісіне өзгеріс енгізуде оқушыны іс-эрекеттегі зерттеу, тізбектелген сабақтар топтамасы, Lesson study, рефлексия жасау сияқты педагогикалық эрекеттердің маңызы зор. Әрине, өзгерістердің бэрін бірден енгізу оңай емес екені белгілі, дегенмен, эріптестеріміз енгізілген өзгерістерді қолдағаны бізді қуантты. Оқыту мен оқу үдерісінде жаңа үғымдарды қолдана бастадық. Мектептің даму жоспары ол - оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шаралар.
Мектептің даму жоспары негізгі бес бөлімнен тұрады: I. Оқыту мен оқу қызметі; II Ғылыми-әдістемелік қызмет; III Тәрбие қызметі; ІУ.Ата-аналармен жүмыс; V Әлеуметтік-психологиялық;
Мектептің даму жоспары бойынша айына бір рет коучинг-сесспялар өткізіледі. Коучинг және тәлімгерлік -эвалюациялауға жататын мектеп жүмысындағы жаңа үдеріс.
Коучинг - қарым-қатынас ұзақтығы белгіленген, нақты мәселелерді шешуге арнадған үрдіс. Нақты дағдыны қалыптастыруға арналған қысқа мерзімді кездесулер. Оқыту семинарларының тақырыптары сүранысқа сәйкес келе бермейтіндіктен, мұғалімдерге әсері аз, тіпті мұғалімдердің кәсіби дамуларына септігін көп тигізе бермейді. Ал коучингте мұғалімдердің сұраныстарына қарай тақырыбы таңдалып өткізіледі. Ұжымда анықталған ортақ мәселелерді шешуде мұғалімдердің ортақ ұстанымдары қалыптасады. Оның өзі ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелейді. Мектепте өткізілген коучингтерден кейінгі кері байланыстағы мұғалімдердің пікірінен өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына топ мүшелерімен бірлесе отырып шешім табуы оларға жаңа серпіліс, өз істеріне деген сенімділіктерін нығайтқанын байқадық. Мұғалім өз ізденісінде жалғыз емес, әріптестерімен бірге екенін сезінді. Ортақ ұсыныстардың қабылдануы оларды орындаудағы жауапкершіліктерін күшейтті. Коучингте қабылданған ортақ ұсыныстарды орындауда мұғалімнің іс-тәжірибесіне өзгерістер ене бастады. Бұл жұмыстар ортақ проблемалар арқылы мектеп қабырғасында жүйелі жүргізілетіндігін ескерсек, бұның өзі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің үздіксіз өсуіне алып келеді деп ойлаймыз. Әрине, коучингтерді өткізуде үлкен шеберлік, жоғары кәсіби біліктілік қажет. Соған қарамастан бұл үрдістердің мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудағы ролі зор. Мектепте өткізілген коучингтерден кейінгі кері байланыстағы мүғалімдердің пікірінен өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына топ мүшелерімен бірлесе отырып шешім табуы оларға жаңа серпіліс, өз істеріне деген сенімділіктерін нығайтқанын байқаймыз. Мүғалім өз ізденісінде жалғыз емес, әріптестерімен бірге екенін сезінді. Ортақ ұсыныстардың қабылдануы оларды орындаудағы жауапкершіліктерін күшейтті. Коучингте қабылданған ортақ ұсыныстарды орындауда мұғалімнің іс-тәжірибесіне өзгерістер ене бастады. Коучингке қатысқан мұғалімдер сабақтарына қатысып талдап, тақырып бойынша әдістердің қолданысына ұсыныстар беріліп отырды.
Бақылау мақсатында деңгейлік бағдарламны оқыған бірнеше мұғалімнің сабақтарына қатыстық. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің оқытудағы іс- әрекеттерін, әдіс-тәсілдерін бақылау, жаңа технология пайдалануын қадағалау. «Қалай қолданды? He мақсатпен қолданды? Нәтижесі қандай?» деген сұрақтарға жауап іздедік. Сабақтарына қатысқан мұғалімдердің бәрі өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алып жүргендеріне көз жеткіздік, бірақ диалогтік оқытудағы түрткі сүрақтармен ғана шектелетіндіктерін байқалды. Сабақтарда сыни ойлауға жақсы дағдыланып келе жатқандықтары бізді қуантты, оқушылар өз ойларын еркін, нақты жауап бергендері мұғалімдердің сабақтарында сыни ойлауға дағдыландырып отыратындықтарының нәтижесі. Мақсаты: мұғалімдер қойылған сұрақтарға жауап іздеу арқылы кәсіби құзыреттерін шыңдау, жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеру, оқыту тәжірибесіне тиімді қолдану. Коуч-мұғалімдер өткізген коучингтер тақырыптары бойынша өз әріптестерінің сабақтарына қатысып, ұсыныс-тілектерін беріп бағалау проформасы бойынша қорытындылап отырады Бағалау проформасы «Көшбасшылар» тобының бірлескен жүмыс нәтижесі.
Бағалау проформасы мектеп мұғалімдерінің рейтингісіне енгізіліп, мектеп бойынша мұғалімдер рейтингісі анықталып, оқу жылы соңында «Ең үздік мұғалім» номинациясы айқындалады. Мектепті жаңаша басқарудағы ерекшеліктің бірі мектеп ұжымында ынтымақтастық орта қалыптастыру, бірлесіп шешім табу.
Іс-әрекеттегі зерттеу - анықталған проблема бойынша бір мұғалімнің пән бойынша бір сыныптағы жүргізетін зерттеу нысаны. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізгенде қамтылатын мәселелер: зерттеу нысанын анықтау, тақырыпты таңдау және оны негіздеу, деректер жинау (сауалнама, сұхбат, сабаққа қатысу, т.б.), тәжірибеге өзгеріс енгізу (тізбектелген сабақтар топтамасы), деректерді талдау (сәтті және сәтсіз жақтары), нәтижені қорытындылау және жоспарлау бөлімдері бойынша өзгертуге болады. Бұл жүмыстар педагогтар өзара ынтымақтастықта жүмыс жасаған уақытта ғана нәтиже береді. Мектепке басшылық ету мынандай құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргіздік: педагогикалық менеджмент, озат тәжірибелер, маркетинг, рейтинг пен мониторинг, білім беру технологиялары.
Жобалау-жоспарлау, ұйымдастыру-үйлестіру, бақылау - сараптама жасау мектеп басқарудың негізгі функция л ары.
Мектепте «Lesson Study» тобы эр бірлестікте жүмыс жасайды. «Lesson Study» - анықталған проблемаға сай, соны зерттеуге жэне жетілдіруге бағытталған педагогтар тобының бірлесіп жүргізетін зерттеу. Бұл зерттеу кезең- кезеңмен жүргізіледі. 1-кезең - оқыту сапасын қадағалау мақсатында мұғалімдер бірлесе отырып бір сабақтың жоспарын құрады, 2-кезең - оқу сапасын қадағалау үшін бірнеше сабақтың жоспарын жасақтап іске асыру. Бағалауға қамтылатын бөлімдер: проблеманы анықтау жэне негіздеу, үдерісті жоспарлау (бағалау жэне бақылау картасы, болжам жасау, сабақты жоспарлау), қадағалау, талқылау жэне жоспарлау (1-кезең, 2-кезең, 3-кезең...), қорытынды жэне нэтиже. Мектептегі эр бірлестікте проблемасына қарай Lesson Study топтары күрылып, оқушыларды зерттеу жүмыстарын жүргізіп, оң нэтижесін бере бастады. Мысалы мектеп бойынша ең томен сапа көрсеткен сыныптар нысанаға алынып, эр оқушыны зерттей отырып, оқыту қажеттіліктері анықталады. Іс-әрекет қайта жоспарланады. Мысалы: Lesson Study тақырыбы: 6 «а» сынып оқушыларын диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру». Зерттеу барысында мұғалімдер өзара ынтымақтастықта жұмыс жасап, сабақ кезінде оқушылардың оқыту мен оқудағы қажеттіліктерін анықтап, келесі сабақты бірігіп қайта жоспарлау арқылы нэтижеге жетті. «lesson study» тақырыбы «Топтық жүмыс арқылы 8-сынып оқушыларының белсенділігін арттыру» болатын. Мақсатымыз зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын, сабаққа белсенділігін көтеру.Зерттелген сыныптағы білім сапасы 44% дан 47% ға көтерілді,мұндағы C тобының бақыланған бір оқушы оқу екпіндісінің қатарынан көрінді. Бұл оқушының өзгеруіне «lesson study» зерттеуі эсер етті деп ойлаймыз. Сыныпта сабаққа дайындалып белсенді қатысатын оқушылар қатары көбейді. Оқушылар арсында сабақ үдерісінде бэсекелестік пайда бола бастады. «lesson study»-дің үш цпклі аяқталғаннан кейін педагогикалық кеңесте қаралып қорытындыланды.
Мектепте жэне мектептер арасында желілік қоғамдастық қүру - .мұғалімнің кэсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі Мектеп ішінде жэне аймақтық жақын орналасқан мектептермен де желілік қоғамдастық тығыз байланыстамыз. Мектебіміздің желілік жоспарға сэйкес жүмыс жүргізіліп отырады. Мектеп мұғалімдері cpm.kz порталына қосылып өз тэжірибелерімен бөлісіп отырады. Аталған интернет порталында бэріне ашық, қол жетімді «Бірлік» атты интернет қоғамдастығымыз жұмыс жасайды. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық іс. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылықтарды өзінше қайта жоспарлап, қүрып, талдап түсіндіреді. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жүмсайтын сала. [6]
Мектепте тағы бір жаңалықтың нышаны - тәлімгерлік іс. Тәжірибелі мұғалім мен тәлім алушы арасындағы, тәлім алушыны кәсіби дамытуға бағытгалған ұзақ мерзімді жүйелі қарым-қатынас үдерісі - тәлімгерлік. Бұл үдеріс ресми жағдайда да, бейресми жағдайда да мектеп өмірінде ағымды жүмыс жасап өз нәтижесін беруде. Мысалы мектебіміздің тәлім алушы мұғалімдеріміз қалалық, облыстық педагогикалық оқуларда, мұғалімдер арасындағы пәндік олимиадаларда жүлдеге ие болғандары тәлімгерлерлік істің нәтижесі деп есептейміз. [7]
Бүгінгі күн талабына сай мектептерде эвалюация үдерісін тиімді әдіс ретінде ұсынамыз. Біздің мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі ең бірінші білімді дамытуға байланысты десек, білім берудегі әлемдік тәжірибені кеңінен зерттеп эвалюациялау, мектепті басқару, тиімді көшбасшы болу маңызды.
References
- Address of the president of the Republic of Kazaklrstan N. A. Nazarbayev to the people of Kazaklistan "Kazaklistan1S way-2050: common goal, common interests, common future" http://adilet.zan.kz/ kaz/docs/ K1400002014
- instructions for the manager. AEO "Nazarbayev Intellechial Schools". Center for pedagogical excellence, 2013, p28.
- Political Explanatory Dictionary. - Almaty, 2007. p 52.
- kyzmet-gazeti.kz website
- www.cpm.kz
- Maksimov V. G. pedagogical diagnostics in school. Moscow 2002. p 130.
- https://uchebnikfrec.coin/sovremeimogo-obrazovatelnogo-metodologiva/evahTiatsiva-
obrazovanii-54067.html