Бұл мақалада жобалай оқыту технологиясының негізінде нақты прагматикалық бағытталған нәтижені көздейтін идея бар екендігі туралы, сонымен қатар жобалау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дүрыс жол табу, сыни және шығармашылық ой дамыту басты орын алатындығы жайлы кеңінен сөз етіледі. Сонымен қатар мақалада оқыту технологияларының студенттердің білім алуын сапалы етуге үлкен серпін беретін тиімді бір түрі - жобалай оқыту технологиясы деген идея басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның ерекшеліктеріне арнайы тоқталуды қажет деп санадық. Білім алушыларигерген материалдан белгілі бір корытындылар жасау үшін ізденеді. әр түрлі ғылым салаларымен байланыстырады. Бүл үрдіс студенттің интеллектуалдық-кәсіби құзыреттілігін дамытуға. қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жобалау әдісі студенттің кәсіби құзыреттілігімен қатар әлеуметтік құзыреттілігін де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда білім алушы өзінің практикалық әрекетінде алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып. оның нәтижесін көруі үшін ізденеді, игергсн тсориялық білімінің маңызын байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілсттсрін қалыптастырады. Мақалада бүгінгі танда кеңінен дамып келе жатқан жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі мен жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетгі барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктер сипатгалған.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғам өмірінің қай саласында да іштей жаңғыру мен серпіліс туындатып, мүдделі мақсаттар мен болашаққа бағыт - бағдар белгілеген Бағдаршам болғаны анық. Мақалада: «... Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» [1] деген жауапкершілігі үлкен жолдар бар.
Оқытудың қай түрі болмасын барлығының көздейтін мақсаты - адамды жан-жақты тәрбиелеу, сапалы білім беру. Қазіргі таңдағы білім берудің түпкі нәтижесі жай ғана білім, білік, дағды қалыптастыру емес, студенттің оларды өзінің өміріндегі кездескен түрлі жағдаяттарды дұрыс, саналы қолдана білуін талап ететін құзыреттіліктер түрінде қалыптастыру болып отыр.
Жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімділікпен оқыту жүйесі ретінда таңдап алудың нақты дәлелдері көп. Бірақ олардың бастылары ретінде мына мәселелерді атап кету керек:
- біріншіден, қазақ тілін жоғары мектептің өзгетілді дәрісханаларында оқыту әлі де болса дәстүрлі көрнекіліктермен, әдіс-тәсілдермен оқытылып келеді. Кредиттік оқу жүйесі енгізілгеннің өзінде қазақ тілін меңгертуде студенттің өз бетімен білім алу, іздену дағдыларын толыққандылықпен дамытатын оқыту жүйесі кеңінен қолданылмай келеді. Жобалай оқыту технологиясы - кредиттік оқу жүйесінің табиғи бөлшегі сияқты қолданылу мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу жүйесінде студенттің өз бетімен орындайтын сағат саны мол берілетін, оның өзі оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындауға бөлінетіні белгілі. Дәл осы тұстан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің түйісер нүктесі айқын байқалады;
- екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық ерекшеліктері, шын мәнінде, студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталған. Өз бетімен қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде орындауы барысында студент «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу - студенттің өмір бойғы білім алуының бастауына айналады.
Бұл жүйенің мықты негізге айналатын тұсы - жоба жүмысын орындау арқылы студент өз бетімен білім іздей отырып, оған қажетті ақпаратты іздеп, белгілі бір тақырыптағы жобаны бастап, оның дүрыс шешімге алып келетін әдістерін, жобаның аяғына дейін жүру, жету жолының логикасын табады, таниды.
Қазақ тілінің сан қырлы болмысын түгел гуманитарлық бөлім студенттеріне «Қазақ тілі» сабақтарында меңгерту мүмкін емес. Бірақ қазақ тілінің лексикалық қабатын тарих бөлімі студенттерінің кәсіби ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра оқыту, ал орыс тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне қазақ тілінен енген сөздер, қазақ тілінің әлеуметтік, лингвистикалық мәселелер, т.б. бойынша сол мамандықтарға тікелей қатысы бар жобаларды орындату дүрыс болады. Олай
дейтініміз, болашақ тіл мен тарнх мамандары ойын нақты жеткізуге, әдеби нормаға сай шешен сөйлеуге бейімделуге тиісті. Осындай жұмыстар орындау арқылы ғана білім іздеуші субъектінің табиғи танымдық қабілеттері оянады, дамиды, жетіледі, қалыптасады.
Ал енді осындай маңызға ие бүл технологияның бастау көзі қайдан тамыр алады деген сауалға келсек, «жоба әдісін» оқыту үдерісінде қолдану XYII ғасырдан басталатынын көреміз. 1671 жылы Парижде алғаш рет Корольдік Сәулет Академиясы студенттер арасында ең әдемі жобаларға бәйге жариялайды. Сол кезден бастап «жоба» - «проект» деген әдіс атауы енген.
Демек, жоба, жобалай оқыту белгілі бір нысанның мазмұнын өзгерту, оны жетілдіру, толықтыру бағытындағы ниет, түпкі ой, жоспарды іске асырудағы әрекет болып табылады.
ТМД елдері тарихында С.Т. Шацкийдің, Н.К.Крупскаяның оқыту тәжірибесінде 1905 жылдан бастап қолданылған бүл әдіс кейіннен «бригадалық әдіс» деген ұғыммен ауыстырылып, қолданыстан шығып қалғанымен, соңғы жылдары оқу-ағарту саласында қайта жаңғыра бастады. АҚШ-тың, Германияның оқыту үрдісіне ертеден еніп, «әдістемелік құрал», «дидактикалық концепция» ретінде қарастырылып келген бұл технологияның басты ерекшелігін нақтылау үшін оның білім берудегі мүмкіншілігі, оқытудың басқа технологияларынан айырмашылығы қандай деген мәселенің басын ашу қажет. Бұл мәселенің айқындалуы жобалау эдісінің білім алушының интеллектуалдьщ-әлеуметтік- косіби қуіыреттілігін крлыптастырудагы тиімділігінің қандай екендігіне жауап береді.
М.Ноллдың зерттеулері бойынша, бұл әдіс XX ғасырға дейін өндірістік бағыттағы мектептердің оқыту тәжірнбелерінде қолданылған. Ал 1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады. Яғни оқушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалауға мүмкіндік алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бүл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. Осыған орай Д.Дьюи [2], В.Килпатрик [3], т.т. ғалымдар балалардың істі орындаудағы психологиялық ұмтылысы, ниеттенуі, бейімділігі оқыту үрдісінде шешуші рөл атқарады деген тұжырым жасайды.
В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, жобамен жүмыс істеу 4 кезеңге бөлінеді: ойлану, жоспарлау, орындау және бағалау. Бұл әрекеттердің бәрі де оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда ғана оқушы өз әрекетінің нәтнжесін коре алады, өзінің неге қабілетті екендігін бағалай алады деп тұжырымдайды.
Ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікірге келеді. Яғни оқушының танымдық әрекетін басқару және оны ұйымдастыруда мұғалімнің көмегі қажет деп санады. Қазіргі кезеңде маманға қойылатын негізгі талаптардың бірі - олардың кез-келген жағдайда әр түрлі ақпараттармен жүмыс істей білу іскерліктерінің болуы, яғни жеке тұлғаның интеллектуалды дамуы.
Бұл орайда білім алушы өзінің практикалық әрекетінде алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңызын байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілеттерін қалыптастырады.
Міне, жобалау әдісінің мәні де, дидактикалық рөлі де осында. Жобалау әдісі өз мәнінде қолданылғанда кез-келген мәселені игерген білімі мен іскерлігін пайдалана отырып шешуде, одан шығудың жолын көрсетуде, ең болмағанда, оны шешудің бағытын айқындауда өте тиімді.
Жобалау әдісі педагогикалық технологияға жата ма? деген де сұрақ тууы мүмкін. Педагогикалық технология мен педагогикалық үрдістің жобасын бөліп қарауға болмайды деп ойлаймыз. Өйткені «ненің жобасы» деген мәселе туындайды. Әрине, әрекеттің жобасы негізге алынады. Кімдердің әрекеті десек, бүл жерде де оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті болып шығады. Сондықтан педагогикалық технология оқу әрекетін басқару қызметін атқаратын педагогикалық әрекеттің жобасы болып табылады.
Жобалай оқыту технологиясы - өнімді (продуктивті) оқыту идеясын практикалық тұрғыдан жүзеге асыратын оқытудың бір бағыты, нұсқасы, әдісі, тәсілі. Оның басты ерекшелігі маманның біліктілік құзыреттілігі өзінің өнімді әрекетінің, тәжірибесінің, ізденуінің негізінде қалыптасуы.
Білім алушы өзінің оқу әрекетінің субъектісі болады, танымдық мүмкіншілігі мен қажетгілігін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасалады. Оның басты мақсаты - бағдарлама көлемінде ғана білім жинау емес, игерген білімін өзінің жан-жақты дамуына, кәсіби маман ретінде қалыптасуына, адами көзқарасының қалыптасуына пайдалану.
Жобалай оқыту технологиясы әлеуметтік немесе кәсіби мамандығына байланысты маңызды проблемалардың туындап отыруын талап етеді. Ондай проблемалар болашақ маманның танымдық, рухани ой-өрісін дамытуға, өмірдің әр түрлі жағдайына (мамандығында) икемделуіне мүмкіндік жасауы қажет.
Ондай проблеманы студент шешіп немесе оның қалай орындалғанын көріп қана қоймай, оның нәтижесін басқа жағдайда, басқа мәселелерді шешуге пайдалануға болатындығына көзі жетуі тиіс. Демек, мәселе мен оның практикалық тұрғыдан іске асуының (нәтиженің) қарым-қатынасы жобалау әдісінің білім беру жүйесіндегі басты ерекшелігін көрсетеді. Жобалау әдісінің мәнін түсіну, оны практика жүзінде білім беруде қолдану үшін оны мақсаты мен міндетіне қарай: ғылыми-техникалық, шығармашылық, өндірістік және оқу- тәрбие үдерісіндегі оқу жобасы деп бөліп қарастырған тиімді.
Жобалау - жоба жасау үдерісі; прототип - нысанның, құбылыстың болашақ үлгісі, бейнесі. Бұл - белгілі бір әрекетте адамның игерген теориялық білімі мен практикалық іскерлігін көрсету тәсілдерінің, амалдарының жиынтығы. Бұл таным жолы, таным үдерісін ұйымдастырудың амалы, қойылған дидактикалық мақсатқа жетудің жолы. Сондықтан жобалау әдісі туралы айтқанда біз мәселені, технологияны жан-жақты талдау, шешу арқылы іс жүзінде нәтижені көрсететін дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі деп түсінеміз. Жобалау әдісі басқа оқыту әдістерімен кешенді жүйе күрады. Осы әдістердің жиынтығы білім алушыларға қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын дидактикалық жүйені құрайды. Жобалау әдісін қазақ тілін оқыту жүйесінде қолданудың маңызы зор. Атап айтқанда:
- білім алушыларды кез келген ақпараттармен жүмыс істеуге, өз бетімен сыни ойлай білуге үйрету;
- игерген білімдеріне, ғылымның заңдылықтарына сүйене отырып, өз пікірлерін білдіруге, ғылыми тұжырымдар жасай білуге үйрету; - өзбетімен дәлелді шешімдер қабылдауға үйрету.
Жобалау әдісі жоғары білім беруде маманның әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда өте маңызды. Өйткені институтты жаңа бітірген жас маман бірден кездескен қиыншылықтар мен проблемаларды тәжірибесі аз болғандықтан, шеше алмасы анық. Сонымен қатар оларда жүйелі сыни ойлау қабілеттері де бірден қалыптаса қоймайтыны белгілі. Ал нарықтық экономика заманында маманның кәсіби құзыреттілігі бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Бәсекелестік маманның әр нәрсеге бейімделуін күтіп отырмайтыны да анық.
Маман қандай жағдайға болсын бейімделіп, өзінің мәселені шеше алатын қабілетін, икемділігін, мүмкіншілігін корсете алуы тиіс. Сондықтан да кәсіби маман дайындауға қоғам үлкен жауапкершілік артып отырғаны белгілі. Осыған орай, егер дүрыс үйымдастыра білсе, жобалау әдісі өзінің кешенділігімен, проблемалы бағыттылығымен қандай дидактикалық міндеттерді болмасын шешуде тиімді екені даусыз.
Сондықтан студентті бірінші курстан бастап жобалау әрекетіне үйрету және оны дағдыға айналдыру қажет деп ойлаймыз. Ол үшін білім беруді үйымдастырудың барлық формасы (лекция, практикалық сабақтар, өздік жүмыстар) құрылымы жағынан қайта құрылуы тиіс. Мысалы, лектор дайын материалды айтып жаздырғаннан да, студенттерге өмірде, білім беру үрдісінде кездесетін (мысалы, мектеп өмірінде) проблемалы жағдаяттарды үсынып, соның шешуін, жолын, дүрыс нұсқасын іздетуге мүмкіндік жасап отырса немесе өздеріне тапсырмалар беріп, соның ішінен проблемалар жасауға, оны шешудің жолдарын қарастыруды міндеттеп отырса т.т. нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндай тапсырмалардан студенттер өздеріне қажетті ақпараттарды табуға, оларды бүрынғы оқығандарымен салыстырып, соның нәтижесінде белгілі бір қорытындылар жасауға, материалды жүйелеуге, оның басты мәселелерін бөліп алуға, оның кәсіби әрекетіндегі мән-маңызын түсінуге дағдыланады, игерген білімдерін ғылыми есеп немесе курстық жүмыс ретінде дайындауға мүмкіндік алады, ғылыми стильдері қалыптасады. Игерген материалдан белгілі бір қорытындылар жасау үшін ізденеді, әр түрлі ғылым салаларымен байланыстырады. Бүл үрдіс студенттің интеллектуалдьщ-кәсіби қүзыреттііігін дамытуга, қалыптастыруга мүмкіндік жасайды. Жобалау әдісі студенттің кәсіби құзыреттілігімен қатар элеуметтік қүзыреттілігін де қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғалым Ж.Дәулетбекова жобалау технологиясының кешенділік сипатын: «Бұл технологияда білім алушының шығармашылық- зерттеушілік, әрекеттік, танымдық, креативтік, мәдени қатынас қабілеттерін қатар дамытуға мүмкіндік туады», - деп көрсетеді [4].
Жүмыс істеу барысында студент айналасындағы адамдармен мәдени қарым- қатынас жасауға, дүрыс сөйлеуге, өз ойын жүйелі жеткізе білуге, тыңдаушысын сыйлай білуге, жалықтырмауға, өзіне тарта білуге, өзін-өзі дүрыс үстай білуге қалыптасады. Семинар сабақтарында оқытушы қарастырылып отырған мәселенің маңызды жерлеріне қатысты ойталқы, жарыссөз, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыруына болады.
Жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінде студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілеті жетіледі, үштала түседі. Қазіргі білім берудің басты талабы - студентті өз бетімен білімін толықтыруға, ізденуге үйрету. Бұдан оқу үрдісін тек қана жобалай оқыту технологиясына құруға болмай ма деген сүрақтың болуы да заңды.
Жобалау әдісі - дидактикалық міндеттерді шешудің амалы. Ол мәселені, бір жағынан, даму үстінде қарастырса, екінші жағынан, оның нақты шешімінің іске асуын қарастырады. Басқа әдістерден айырмашылығы да осында.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді. Ең алдымен, әрекеттің негізіне жататын мәселені анықтау қажет. Бұл жердегі ең маңызды нәрсе проблема білім алушыларға дайын күйінде ұсынылмайды. Бұл жағынан ол проблемалық әдістен ерекшеленеді. Оқытушы әр түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар арқылы шешімі күрделі жағдаят жасауға студенттерді жүмылдырады, яғни проблемалы жағдаяттан- проблема шығады, одан проблемалы міндеттер туындап, жобалау әрекеті осындай тізбекпен беріледі. Проблемалық жағдаят негізінен оқулықтан алынбағаны жөн, ондай проблемалар шынайы өмірден, маманның кәсіби әрекетінде кездесетін мәселелерден туындап жатқаны дұрыс.
Жобалай оқыту технологиясының болмысы туралы Ә.Әлметова докторлық зерттеу жүмысында мынадай сипаттама береді: «...Кез келген тілді өзге тіл ретінде оқытудағы жобалау әдісінің тиімділігі - студенттерді шығармашылықпен жүмыс істей білуге жүмылдыра алатындығы. Жобалау әдісі әрбір студентті белсенді танымдық әрекетке жүмылдырады, бірлесіп, ынтымақтасып жүмыс істеуге үйретеді. Студенттерді жоба мазмұны бойынша жүп болып, топ болып жүмыс істеуге бөлгенде олардың психологиялық жағынан сәйкес келуі де есепке алынуға тиіс. Мұнымен бірге бөлінген әрбір топтағы студенттердің тілді меңгеру деңгейі де әртүрлі болуға тиіс. Бір топта үш студент болса, алған тақырыптары біреу болғанымен, сол тақырып бойынша жүктелетін міндет те, бөлінетін рөл де әртүрлі болып келеді. Сонда әрбір студент жоба тақырыбынан өзі ғана орындауға тиіс бөлек тақырып алады да, өз бетінше ізденіп жүмыс істеуге мәжбүр болады. Студенттер жобаны орындау барысында әрқайсысының өзіне тапсырылған жүмысты тиянақты орындауы жалпы жобаның сәтті аяқталуының кілті екенін түсінеді. Сондықтан әрбір студент өзіне тапсырылған тақырып ауқымында жаңа ақпараттар, соны мәліметтер іздеуге белсене кіріседі. Мұны екінші сөзбен студенттің өзі үшін жаңа, соны білім алуы деп те түсінуге болады» [5].
Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай:
- тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол студенттің қызығушылығын тудыруы қажет;
- оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс;
- жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады;
- талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет;
- жобаны қорғау жүптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет.
Осындай жүмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзара ынтымақтастықта жүмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жобалай оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мүндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жүмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Атап айтқанда:
- Жуп (диада) қүрып, бір мезгілде бірлікте жүмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Үштік (триада) құрып, бір мезгілде бірлікте және жеке даралық жүмыс істеуге бағыттайды.
- Шағын топ құрып, (мүмкін 4 не 6 адам) пікірталас тудыратын қарымқатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады.
Біздің тәжірибемізде үштік іс-әрекет ең өнімді жүмыс тобы, ол жобаға қатысушылардың өзара ынтымақтастығы арқылы белсенді әрекет иесі болуына эсер ететін жоба эдісі екендігі байқалды. Себебі үшінші адамға жекелей тапсырма бермеуге де болады, ол екі адамның эңгімесіне, пікірталасына, жобаны дэйектеуіне сырттай бақылаушы ретінде қатысушы тұлға. Сонымен қатар шағын топ мүшелері «Біреу барлығы үшін, барлығы біреуі үшін» ұстанымы бойынша жүмыс істегенде, оның тиімділігі арта түсетіні көрінді[6].
Проблемалық тақырып бойынша коммуникативтік міндетті шешуші топтар (жүптық, үштік жэне шағын топ) мына бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік алды:
- тілдік тұлға + оқытушы + тілдік тұлға;
- жүптық немесе үштік + оқытушы;
- оқытушы + шағын топ[7].
Жобалау эдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дүрыс жол табу, сыни жэне шығармашылық ой дамыту жатыр. Сонымен қатар жобалау әдісін таным жолы мен таным процесін ұйымдастыру тэсілі деп те танып, дидактикалық мақсатқа жетудегі практикалық нэтижені көздейтін тэсіл деп айтамыз.
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлімдеріне қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің студент үшін мэнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, қоғам талабы мен студент мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Pecnyбликасының тұңғыш Президент! Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақала // «Егсмен Қазақстан» Жалпыүлттық республикалық газеті. - № 70 (29051). 12 сәуір, сәрсенбі. 2017 жыл.
- Дьюи Дж. Демократия и образование. / Пер. с англ. - M.: Педагогика-Пресс. 2000. - 384 с.
- Килпатрик У.Х. Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе. - Л.: Брокгауз - Евфрон. 1925. - 34 с.
- Дәулетбекова Ж.Т. Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемслік негіздері: пед. ғыл. докт.... автореф.: - 13.00.02. - Алматы, 2008. - 44 б.’
- Әлметова Ә. Қазақ тілі сабағында студенттердің сүхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері (ЖОО 1-курс шетел тілі мамандығы үшін): пед. ғыл. докт. ... дисс.: - 13.00.02. - Алматы, 2007. -343 б.
- Сатбекова А.А. Рухани жаңғыру: қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясы (гуманитарлық бөлім). Монография. Алматы, ТОО «ЛантарТрейд», 2019. - 220 бет.
- Сатбекова А.А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жэне жобалау технологиясы. Оқу қуралы. - Алматы, «Қыздар университет!» баспасы, 2013. Көлемі-13, 1 бет.