Мақалада қазіргі білім беру үрдісіндегі түрлі парадигмалардың негізінде қазақ халқының классик жазушысы М.Әуезовтің көркем әңгімелерін оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері туралы орамды ойлар айтылып, олардың заманға сай интерпретациялануы қажеттігі баяндалады. Сонымен катар, классик жазушының көркем әңгімелерінде көтерген негізгі идеялары сараланып қазіргі білім берудегі «антропоөзектік». «гуманистік», «когнитивтік» парадигмалармен үндестігі мен олардың оқыту мақсатында көздеген ойларымен сәйкестігі ғылыми салыстыру, ой қорыту әдістері арқылы мысалдар келтіріле отырып талданады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі түрлі парадигмаларды оқу үрдісінде қолданғанда ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қоқан кемеңгер тұлғаларымыздың рухани мұраларын заман сұранысына сай терендете оқытқанымыз жөн. Бұл орайда ұлттық әдебиеттану ғылымының көшбасында түрған ғүлама ғалым, ұлы суреткер М.Әуезовтің көркем әңгімелерін оқытудың орны ерекше. XX ғасырда қазақ әдебиетін әлемге танытқан үлы классик жазушы М.Әуезовтің көркем прозадағы суреткерлік шеберлігі еуропалық деңгейге жетуі алғашқы жазған әңгімелерінен бастау алған. Адамзат тарихы бастан кешкен қоғамдық үш формацияны көзбен көріп оймен сүзген жазушы өмірден көргені мен түйгенін көркем оймен суреттеп, туған халқының адамгершілік идеалы мен дәстүр салтын, рухани болмысын. түрмыстағы күйбелең тіршілігін қағаз бетіне түсіріп шебер бейнелеуі де тұңғыш рет көркем әңгімелерінен басталған болатын. Жазушының алғаш жазған «Қорғансыздың күні», Оқыған азамат», «Үйлену», «Сөніп-жану». «Кім кінәлі?». «Сыбанның моласында». «Текшенің бауырында». «Жетім», «Кінәмпгіл бойжеткен», «Қаралы сүлу». т.б. әңгімелері адамдар арасындағы қым-қиғаш әрекеттерді суреттей отырып гуманистік сипатта жазылған көркем туындылар. Оларда көбіне-көп трагедиялық тағдырға душар болған кейіпкерлер бейнеленіп ең басты мәселе адами қүндылықтар мен жалпы адам болмысын тереңінен тануға талпыныстар жасалынып, автордың ашып көрсеткісі келген басты идясының бірі адам табиғатын сан қырынан саралап түсіндіруге арналды.
Бүгінгі таңда әлемнің барлық алдыңғы қатарлы дамыған елдері қоғамдық өмірде қол жеткізген жетістіктерін білім беру жүйесін заман талабы мен сүранысына сәйкес модернизациялау арқылы қарқынды түрде жүзеге асыруда. Осы орайда барлық мемлекеттер білім беру саласын мұқият саралап ондағы озық деп танылған үлгілерді қолдануда сол мемлекеттің идеологиялық, саяси- әлеуметтік, рухани-мәдени саласының даму концепцияларына сай әзірлеудің жаңа жолдарын табуда. Әлемдік білім беру үрдісіндегі мұндай жаңашылдықтан қол үзіп қаламауды көздеген қазіргі жаңарған Қазақстанның білім беру жүйесі де ауқымды реформалау мен заманауи модер низацияланумен сипатталуда. Осыған орай білім беру жүйесін жаңғырту үшін ғылыми тұрғыда негізделген ақпараттарды өңдеу, жаңа жетістіктерге жеткізетін әдіснамалық тұғырлар мен практикалық тетіктер енгізу қажеттілігі мемлекеттік бағдарламаларға енгізіліп отыр. Еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында «білім берудің әрбір сатылық кезеңдерінде білім мазмұнының жетілген жаңа үлгілері енуі тиіс» [1,6.8 ] - деп ерекше аталып көрсетілген. Мәселе білімді жаңартудан туындап жатқандықтан бұл іске барынша жауапкершілікпен қарап, кешенді ғылыми талдаулар арқылы саламақты саралағанымыз орынды болмақ. Себебі, білім дегеніміз адамзаттың рухани келбеті, болашақ үрпаққа аға үрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, рухын жеткізу әрекеті, қоғамды дамытып алға жетелейтін игілік иесі, барша құндылықтың көзін ашатын мол мүра. Сондықтан ол қазіргі педагогикада заманауи талаптармен ұштасқан білік пен дағдыларды меңгертудің, оқу материалдарын игерудің жаңаша әдіс-тәсілдерін үздіксіз өндіріп орыруымен ерекшеленуде. Оның негізі жеке тұлғаны қалыптастыруда әлемдік білім беру кеңістігіндегі білім, ғылым және тәрбие сабақтастығында жан-жақты зерделенген оңтайлы қадамдарды зерттеп, игере келе, өзіндік бағытта тың жол салу болып табылады. Қазіргі жаһанда болып жатқан өзгерістер білім беру үрдісіндегі «білемін», «білдіремін», «үйретемін» ұстанымдарының көнергендігі мен қазіргі тұлғаға уақыттың қойған бәсекелестік талаптарының өзгеруі айтарлықтай өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай сәйкессіздіктер жинақтала келіп білім беруді ұйымдастырудың жаңа бетбұрыстары мен нобайларын айқындауды міндеттейді. Міне дәл осы жерде «парадигма» ұғымы туындайды.
Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде «парадигма» ұғымына түрлі анықтамалар беріліп, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында кеңінен оқытылып келеді. Оны алғаш қолданған америкалық философ-ғалым Т.Кунның ғылымға қатысты тұжырымдамасында парадигма ғылымның белгілі бір даму кезеңінде болжамдарды ұғыну үшін, таным үрдісінде туындайтын міндеттерді шешу үшін ғылыми қауымдастықпен қабылданған үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиынтығы ретінде айқындалады. Осы тұжырымды білім саласына оның грек тілінен аудармасын бүзбай (гр. үлгі) қолданар болсақ, белгілі бір тарихи кезеңдегі ғылыми жетістіктерге (теориялар, әдістер жүйесі) қарап ұйымдастырылатын мәселе қою мен оларды шешудің тұжырымдамалық үлгісі, моделі деп қарастыруға болады [2,6.3].
Педагогика тарихында парадигма түсінігін көрнекті ғалымдар К.Поппер, П.Фейерабенд, В.С.Безрукова, Ю.Г.Фокин, В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, И.Зимняя, Д.Равен, Р.Мейджер және т.б. жан-жақты қарастырып өз зерттеу бағыттарына байланысты тұжырымдап берді. Ал отандық ғалымдардан Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.Т. Дәулетбекова және т.б. зерттеуші-ғалымдар өз еңбектерінде жүйелеп қарастырып, заманға сай интерпретациялап келеді.
Жалпы педагогикалық парадигмалардың генезисіне тоқталар болсақ, ең байырғы генетикалық парадигма «дәстүрлер парадигмасы» деп аталған. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтай отырып, ұстанымдар, рухани идеялар және оларды іске асырудың аралық буыны ретінде танылды. Бұдан кейінгі келген ғылыми-техникалық парадигманың негізінде материалдық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты ғылымдардың үстемдігі жатыр. Технократтық логика үстанымдарына сәйкес нақты бүл оқыту парадигмасы ғылыми-техникалық прогреете жетістікке жеткізгенімен онда физиология, психология мен адамгершілік құндылықтарына тереңінен бойлауға орын беріле бермейді.
Қазіргі білім берудегі негізгі парадигмалар қатарына: антропоөзектік, гуманистік, когнитивтік, тұлғалық-бағдарлы, мәдениеттанмдық, дүниелік білім беру, функционалдық немесе құзыреттілік және білімді интеллект дамытудың қайнар көзі ретінде игерту парадигмалары жатады. Бұлар негізінен әлемдік білім беру кеңістігіндегі тенденциялардың дамып жетілуімен тығыз байланыста іске асып, солардың қойған талаптарының үдесінен шығуды көздей отырып туындайды. Дегенмен, білім беру ісінде қолға алынған кез келген тенденциядағы инновациялардың енгізілуі парадигманың бастапқы генезисіндегі негізгі бағыты болған ұлттық дәстүрлерге және ұлттық негіздерге қарсы келмеуі тиіс. Мұны әсте естен шығармауымыз қажет. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіндегі түрлі парадигмаларды оқу үрдісінде қолданғанда ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қоқан кемеңгер тұлғаларымыздың рухани мүраларын заман сүранысына сай тереңдете оқытқанымыз жөн. Бүл орайда үлттық әдебиеттану ғылымының көшбасында тұрған ғұлама ғалым, ұлы суреткер М.Әуезовтің көркем әңгімелерін оқытудың орны ерекше болмақ. XX ғасырда қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы классик жазушы М.Әуезовтің көркем прозадағы суреткерлік шеберлігі еуропалық деңгейге жетуі алғашқы жазған әңгімелерінен бастау алған. Адамзат тарихы бастан кешкен қоғамдық үш формацияны көзбен көріп оймен сүзген жазушы өмірден көргені мен түйгенін көркем оймен суреттеп, туған халқының адамгершілік идеалы мен дәстүр салтын, рухани болмысын, тұрмыстағы күйбелең тіршілігін қағаз бетіне түсіріп шебер бейнелеуі де түңғыш рет көркем әңгімелерінен басталған болытын. Жазушының алғаш жазған «Қорғансыздың күні», Оқыған азамат», «Үйлену», «Сөніп-жану», «Кім кінәлі?», «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында», «Жетім», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», т.б. әңгімелері адамдар арасындағы қым- қиғаш әрекеттерді суреттей отырып гуманистік сипатта жазылған көркем туындылар. Оларда көбіне-көп трагедиялық тағдырға душар болған кейіпкерлер бейнеленіп ең басты мәселе адами қүндылықтар мен жалпы адам болмысын тереңінен тануға талпыныстар жасалынып, автордың ашып көрсеткісі келген басты идясының бірі адам табиғатын сан қырынан саралап түсіндіруге арналды. Бұл қазіргі гуманитарлық білім беру жүйесіндегі «антропоөзектік» парадигманың көздеген мақсаттарына сәйкес келеді. Онда адам барлық заттың өлшемі деп алынып, осы принцип арқылы адамның өзінің табиғатын, шын мәнін, бүкіл қоршаған шындықтың мән-мағынасын, адам мен табиғаттың, адам мен қоғамның арақатынасы айқындалады [3,6.69]. Түйіндей айтқанда адамның нақты өзіндік болмысы, оның жекедаралығы, шығармашылық мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып құндылық негізі нақты адамға айналады. Осыған орай бүгінгі таңда М.Әуезовтің көркем әңгімелерін оқытқанда «антропоөзектік» парадигманы кеңінен қолдану орынды болмақ. Себебі, ұлы жазушы өз әңгімелерінде қоғамдық өмірдің алуан түрлі мәселелерін көтергенде оларды адами құндылықтармен сабақтастыра байланыстырып басты нысанаға адамды алып отырған. Сондықтан көркемдік шеберлікпен қатар реалистік суреттеу әдісін кеңінен пайдаланып түрлі кейіпкерлердің бастан кешкен тағдырын адами факторларлар арқылы тереңінен танытқан. Мұндай суреттеулердің көпшілік жағдайында жазушының басты кейіпкерлері ауыр трагедиялық тағдырға душар болып, көркем әңгімелеріндегі өмір шындығының көріністерінің суреттелу салмағы арта түсті. Мәселен, жазушының тұңғыш көлемді әңгімесі «Қорғансыздың күнінде» суреттелген оқиғалар желісі мен басты кейіпкерлері өмірде болған нақты тарихи жағдайдан алынған. Қазіргі таңда әдебиет зерттеушілері мен әдебиетті оқытушы ұстаздар заманға сай интерпретациялап жазушының осы әңгімесін түрліше талдап мәні мен мағынасын, автордың негізгі идеясын жас ұрпаққа сан қырынан түсіндіріп келеді. Бүл бүгінгі оқыту жүйесіндегі әдістемелік технологиялардың сан түрлі стратегияларын қолдану арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыруда орынды да болар. Дегенмен, осы тұста ұлы реалист жазушының әңгімелеріндегі тарихи факты мен өмір шындығының суреттелуін әсте естен шығармағанымыз абзал. Мәселен, тарихи шындық тұрғысынан алғанда «Қорғансыздың күні» әңгімесі өмірде болған нақты оқиғаның негізінде жазылған. Тіпті шығармадағы тарихи жер аттары да қазіргі таңда сол қалпында сақталған. «Семей қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар.... Арқалықтың жолы асатын кезең - Күшікбай кезеңінің түбінде бір жіңішке қара сызық секілденіп Қанайдың жалғыз қорасының орны» әлі де көрінеді. Ал шығармадағы кеиіпкерлер аттары көркем әдебиеттің ішкі заңдылығына сәйкес протатиптік бейнелермен беріліп өзгертіліп алынған. Ондағы Ақан болыс - Шыңғыс елінің жас болысы Біләл Ысқақов, ал кәрі кемпір - Мұхтар Әуезовтің немере апайы Қаптағай, қасіретке үшыраған Ғазиза - М.Әуезовті жиеншары болып келеді. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі мен өмірлік деректері туралы жазушының тетелес інісі Ахмет Әуезовтің «Бала Мұхтар» (1967), «Жас Мүхтар» (1977), Ғайса Сармурзиннің «Өмір сабақтары» (1975), «Өнеге» (1977), Тұрсын Жүртбаевтың «Бесігіңді түзе!...» (1997) атты кітаптарында толық мағлұматтар берілген [4,6.420]. Ғылыми негізделіп нақты деректермен қамтылған аталмыш еңбектерге сүйене отырып жазушының «Қорғансыздың күні» әңгімесін қазіргі білім беруде қолданылып жүрген түрлі әдістермен парадигмалар негізінде оқытқанда шығарманы жазуда жазушының өзі қолданған реалистік суреттеу әдісін де қатар қолданғанымыз жөн. Ал біз сөз етіп отырған «антропоөзектік» парадигманы реалистік суреттеу әдісімен қатар оқытып, жастардың санасына сіңірсек бүгінгі оқытудың бір мақсатына қол жеткізгендігіміз болмақ. Ол үшін шығармадағы оқиғаның өмірде болған шынайы оқиғаның негізінен алынып кейіпкерлердің аттары өзгертілгенімен басты нысан ретінде адам мен оның бойындағы ала-құлалы қасиеттердің қатар көрініс табуын ашып көрсеткеніміз орынды. Жазушының Ақан болыстың озбырлығы мен зүлымдығы Ғазизаның пәктігі, арлылығы секілді қарама-қарсы адами қасиеттерді ашып суреттеуі де жайдан-жай емес. Мұндай бояуы анық жазылған шығарманы оқушы оқырмандар адамның адамшылығы ең алдымен оның бойындағы түрлі қасиеттерге байланысты болатындығын аңғарып, жамандық пен зүлымдықтан бойларын таза үстауға ұмтылып дүниедегі барлық тіршіліктің өлшемі адамға байланысты екендігін түсінеді.
Қазіргі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып келе жатқан парадигманың бірі рухани құндылықтардың әдіснамалық негізін құрайтын «гуманистік» парадигма болып отыр. Бұл парадигма адамдардың әлеуметік мәдениетте дамып жетілуінің нәтижесінде қалыптасқан. Адамға деген ізгілікті көзқарас білімді гуманитарландыру мәселесін туындатып, оның қоршаған әлемді тануға деген ізгілікті көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі дамыту, шығармашылығын шыңдау ретінде танылады. Бұл ретте гуманитарлық пәндерді меңгертуде жастарды адамгершілік, мораль нормаларына тәрбиелеуді басты назарда ұстаған жөн. Гуманистік парадигма тұрғысынан білімнің соңғы нәтижесі әр адамды әлемде болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамайтын, жаңалыққа, жаңа тәжірибеге ашық, өзін дамыта алатын, еркін әрекет субъектісі етіп қалыптастыру болып табылады [2,6.4]. Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасында алтын көпірге айналған ұлы жазушы М.Әуезовтің шығармашылығын да «гуманистік» парадигма негізінде оқытудың орны ерекше. Гуманистік парадигманың көздеген негізгі мақсатының бірі білімді жаны ізгі адамдарды тәрбиелеп, қол жеткізген нәтижелердегі негізгі құндылықтарды ізгілікке бағыттау. Сол арқылы қоғамда заманға сай ұлттық құндылықтарын бойына молынан сіңірген, жаңаша ойлайтын тұлғаларды қалыптастыру. Осы ретте М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен бастау алып «Абай жолы» секілді ұлан ғайыр роман-эпопеяға ұласқан жазушылық жолында негізгі тірек болған идеяның бірі «гуманистік» идеясы болғандығын ерекше ескергеніміз жөн. ¥лы жазушының әңгімелерінде сол замандағы қарапайым қазақ ауылындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, үйленуі, жанұя құру және құдаласу, күйеу келуі, қыз көру сияқты ескі әдет-ғұрыптар, оқыған жігіттердің мінезі, іс- әрекеттері - осының бәрі адамгершілік идеялары - әйелдің бас бостандығы, әділеттілікті жақтау тұрғысынан ашып көрсетіледі. Жоғарыда аталған әңгімелерінде жазушы панасыз, қорғансыз адамдардың жанашыры болуға ұмтылып, қайғы-қасіретке душар болған жетім-жесірлердің ауыр халін тебірене бейнелеуінен оның шығармашылығындағы гуманистік сипаттың пафосы сол кездің өзінде аса жоғары болғандығы анық байқалады. «Қорғансыздың күнінде» жаны таза, пәк сезімді жас қызға жасалған зорлықтың, қорлаудың жантүршігерлік айуандық екенін қандай әсерлі бейнелесе, одан кейінгі жылдары жазған басқа да әңгімелерінде адал, ар-үяты бар, бірақ қолы қысқа, жоқшылықты, өмір ауыртпалығын көп көрген адамдарды аяныш сезімімен бейнелеп, әділетсіздікті, озбырлықты, дүниеқоңыздықты, пасықтықты жеріне жеткізе әшкерелейді [4,6.411]. Осы сарында «Оқыған азамат», «Кім кінәлі?», «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Барымта», «Жуандық», «Қасеннің құбылыстары» және т.б. әңгімелері бірінен соң бірі жазылып жазушының суреткерлік шеберлігі арта түсті. Бүгінгі білім беру үрдісіндегі «гуманистік» парадигманың негізінде ұлы жазушының аталмыш әңгімелерін оқыту педагогиканың прогрессивті ұстанымдарын сақтай отырып гуманистік құндылықтарды дамыту арқылы жеке тұлғаның бойында кайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастырудың тиімді әдісінің бірі болары анық.
Классик жазушы М.Әуезовтің көркем әңгімелерін бүгінгі жоғары білім беру саласында жекелеген пәндерді оқыту арқылы студенттердің танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуды көздеп кеңінен қолданылып келе жатқан «когнитивтік» парадигманың негізінде оқытудың да орны ерекше. Когнитивтік (латынша cogito - ойлаймын) - ойлау арқылы тануға нұқсайды. Когнитивтік (танымдық) парадигма бойынша оқыту мақсаты әлеуметтік тапсырыс болып табылатын білім, білік, дағдының қалыптасуы қабылданады. Бұл парадигма тұлғаның есте сақтау қабілетіне күш салатын үрдіс ретінде өз міндетін атқарумен сипатталады. Яғни тұлғаны ойлау арқылы танымға жетелеп, оның жадының мығым болуына бағытталады. Ойлау мен оны жетілдірудің маңыздылығы әлемдік педагогикада әлімсақтан айтылып келеді. Ал қазақ педагогика гылымында ойлау туралы алғашқы орамды ойлар М.Жұмабаевтың 1922 жылы жазган «Педагогика» атты еңбегінде кеңінен қарастырылған. Онда автор ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм оны өркендетудің тиістілігі туралы кеңінен баяндай келіп, өз ойын былайша қорытады: «Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді қүр жадына, есіне ғана алый, жат бір көрініс үшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам - шын мағынасымен адам» [5,6.111]. Осы айтылғандардан ұғатынымыз адам баласы тек дүрыс олай білгенде ғана нағыз адамдықтың мәні мен мағынасын түсінетін болады. Демек, қазіргі таңда оқу үрдісінде қолданылып жүрген ойлау арқылы танымға жетелейтін «когнитивтік» парадигманың жас үрпақты тәрбиелеп, оқытудағы маңызы айрықша. Когнитивтік парадигманың негізінде М.Әуезовтің көркем әңгімелерінің қай-қайсысын алып оқытсақ та өз тиімділігін бермек. Олай дейтініміз классик жазушының әдеби-танымдық көзқарастарға толы көркем әңгімелерінің барлығында дерлік оқырманға терең ой салатын шынайы өмір фактілері қысқа да нұсқа жолмен айқын көрініс берген. Бұл жазушының көркемдік әлемі деңгейінің жоғарылығы мен суреткерлік шеберлігінің нәтижесі. Көркем прозада ауқымды ойларды қысқартын, тұжырымдап жеткізуді негізінен осы әңгіме жанры іске асырады. Әңгіме - көркем прозаның ең ықшам түрі, бірақ жеңіл емес. Оның қиындығы да сол ықшамдылығында, аз сөзге көп, терең мағына сыйғызып, негізінен, бір оқиғаны баяндау арқылы мол өмір шындығын ашып беру арқылы оқырманға ой салу. Көркем әңгімені оқыған оқырманның ойы бір ғана оқиғаға аумай, сан түрлі суреттеулерді көз алдына ойша елестету арқылы өмірдің мәнін түсінуге талпынады. Жақсы менен жаманның, адалдық пен азғындықтың, пендешілік пен дүниеқоңыздықтың, адамдардың бір-біріне деген қарым- қатынасының көрінісі де көркем әңгімені оқығанда айқындалада түседі. Тіптен өмірде оқыған көзі ашық көкірегі ояу адамдардың өзі адамшылық тәрбне алмаса оның оқығандығынан ешқандай да пайда болмайтындығын М.Әуезовтің көркем әңгімелерінен кездестіруге болады. Адам бойындағы мұндай жағымсыз қасиет «Оқыған азамат» атты әңгімесіндегі Жүмағұлдың бейнесінде айқын көрініс тапқан. Ол жесір қалған досының әйелі Қадишаға үйленіп, аяқастынан дайын үй- жай, қаншама дүниеге ие болып шыға келеді. Бірақ оны да азсынып, өлген жігіттің кәрі шешесінің қолындағы мал-мүлікті де ретін тауып тартып алудың қамына кіріседі. Мұны естіген кемпірдің есі ауысып, ауруға шалдығып, үзамай қайтыс болады. Бұдан шығатын қорытынды оқыған білім алған жігіттердің де типтері әр алуан болатындығында. Осы тектес ойды одан әрі жалғастыра жазған жазушы «Сөніп жану» атты әңгімесінде оқыған білімді Сыздықтың бейнесін суреттеп жалғастырып, адамның адамшылығы қаншалықты білім алып оқуында емес оның адамгершілік қасиетте тәрбиеленуінде деген ойын нақтылап толықтыра түскен. Осылайша көлемі шағын көркем әңгіменің өзінде ойшыл жазушы үлы данышпан, ұстаз-ғалым Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ғұламалық ойымен ұштасқан ауқымы терең даналық ойдың мазмұнын ашып көрсете білген. Сондықтан, оның әңгімелерін ойланбай оқу, қызықпай қарау мүмкін емес. Ал ойлау арқылы танымға жетелейтін «когнитивтік» парадигманың оқыту мақсатына қатысты көздеген негізгі мақсатының бірі де осы оймен үндесетіндігі сөзсіз.
М.Әуезов сөз жоқ қазақ әдебиетінде қайталанбас құбылыс иесі, заманының заңғар жазушысы. Бүгінгі күнге дейін жазушының шығармашылық ғұмырбаяны, эпикалық туындылары, песалары мен аудармалары ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерделеніп еліміздің рухани өмірінде лайықты бағасын алып келеді. Бүл орайда Ғ.Мүсірепов, Б. Кенжебаев, Ә.Тәжібаев, Е.Ысмайлов, 3.Ахметов, Р.Бердібаев, Л.Әуезова, Р.Нұрғалиев, М.Мырзахметов, Б.Майтанов, Т.Жүртбаев, З.Қабдолов, Ж.Дәдебаев, Г.Пірәлі және т.б. зертеуші-ғалымдардың еңбектері ерекше елеулі. Ендігі мәселе кемеңгер жазушының шығармашылығын жас ұрпаққа жүйелеп оқыту әдістемесін бір ізге түсіру болып отырғандығы жасырын емес. Олай дейтініміз осы уақытқа дейінгі зерттеулерден алынған нәтижелер М.Әуезов шығармашылығын тұтастай бірізділікпен оқытылып келе жатқан жоқ. Мәселен қаламгердің өмірбаяндық деректері мен алғашқы эпикалық шығармалары туралы орта мектептің қазақ әдебиеті пәндерінде жекелеген сабақтарында оқытылады. Мектеп бағдарламасына сай жазушының барлық шығармаларын тұтастай концептуалдық тұрғыда талдап, таратып оқытуға уақыттың да жетпейтіндігі анық. Сондықтан, мұғалім «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» сияқты шығармаларымен қатар «Абай жолы» роман эпопеясын терең әрі толық әдеби талдаулар жүргізбестен басты көркемдік ерекшеліктерін т.б. жекелеген құрылымдарын ғана оқытады. Мүнда көлемі мен сюжеттік-композициялық ерекшелігіне қарай әрине «Абай жолы» роман-эпопеясына сағаттар саны басымырақ берілетіндігі айқын. Оның өзін толықтай талдап, таратып тануға оқушылардың мүмкіндіктеріде келе бермейді. Сонда мектеп оқушылары жазушының тек бірен саран эпикалық шығармаларын оқумен ғана шектеледі. Ал жазушының драматургиясы мен аудармалары, повестері мен әңгімелері толыққанды оқытылмайды. Мұның өзі болашақ жастардың кемеңгер жазушы туралы танымдарының айтарлықтай тереңдете қоймайтындығы анық. Осы жерден мәселенің екінші шеті көрініс береді. Ол қаламгер шығармашылығын түгелімен топтастырып жүйелеп оқытудың әдістемесі арқылы мектеп оқушыларына оқытуға болмаспа еді? - деген ой. Бұлай жасауға да әсте ола қоймас. Себебі, классик жазушының тұтастай шығармашылығы белгілі бір дәрежеде топтаса бермейтін, әр шығармасында көтеретін мәселелер мен оқиғалар желісі бір-біріне ұқсай бермейтін қайталанбас туындылар. Оларды түгендеп, бір арнаға тоғыстырып, бір бағдарлама көлеміне сыйдыру онай шаруа емес. Бұл мәселені кезінде белгілі ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор М.Қаратаевтың жетекшілік етуімен әдебиеттанушы ғалым Қ.Тасболатов ауқымды қарастырып 1970 жылы «Изучение творчества Мухтара Ауэзова в средней казахской школе» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап М.Әуезов шығармашылығын жүйелеп оқытуға үлкен күш жұмсаған болатын. Бірақ, жоғары дәрежеде жазылған ауқымды ғылыми еңбектің өзі аталмыш мәселені толығымен шешіп бере алмады. Оның себебі, біріншіден, зерттеуші Қ.Тасболатов өз диссертациясын нағыз кеңестік идеологияның шарықтау шегіне жеткен, цензураның үстемдік құрып тұрған уақытта жазылуы еді. Коммунистік партияның қатаң бақылауында жүріп осынау тақырыпта зерттеу жүргізудің өзі ол кезде оңай шаруа болмағандығы белгілі. Екіншіден, ол уақытта М.Әуезов шығармашылығының қазіргі таңда ашылған ақтаңдақ беттері әлі толықтай ашыла қоймаған болатын. Мәселен, жазушының 20 жыл өмірін сарп етіп жазған ең ауқымды шығармасы «Абай жолы» роман- эпопеясының барлық қыр-сыры жан-жақты ашылмай тамтұмдаған күйде болатын, Абайдың шығысқа қатысы, ондағы ислам құндылықтары және т.б. қырлары жабулы қазанның күйінде калып қойған-ды. Тарих түкпірінде өз уақытын күтіп жатқан осы мәселе белгілі ғалым М.Мырзахметұлының зерттеулерінен бастап ашыла бастады. Сондықтан, өз уақытында зерттеуші ғалым бұл мәселеден айналып қана өтуіге мәжбүр болған. Демек, бүл зерттеу еңбегі де М.Әуезов шығармашылыын толықтай орта мектепте оқыту проблемасын шеше алмады. Үшіншіден, қазір заман өзгерді, соған сәйкес оқытудың талаптары мен формалары, технологиялары мен әдістемелері қарқынды дамып, қарыштап өзгеріп келеді. Осыған орай классик жазушының шығармашылығы заман талабына сай қайта саралауды қажет етеді. Біз заманның осы жылдамдығына ілесіп, білім мен ғылымды, оқыту әдістемелерін модернизациялағанда ғана бәсекеге қабілетті бола аламыз. Зерттеуші ғалым Қ.Тасболатовтан кейін М.Әуезов шығармашылығын нақты оқыту әдістемесі жабулы қазанның калпына түсті десекте болғандай. Оған дәлел сол 1970 жылдан бері М.Әуезов шығармашылығын оқыту әдістемесіне арналған бірде-бір не кандидаттық, не докторлық диссертацияның қорғалып қолданыс аясының кеңеймегендігін айтсақта жеткілікті.
Жалпы орта мектепте болсын, жоғары оқу орнында болсын М.Әуезов шығармашылығын оқытуды ең алдымен жазушының эпикалық шығармаларының ішіндегі тамтұмдап әдебиет әлеміне қадам басқанда қалам тербеген әңгімелерінен бастаған жөн. Болашақ кемеңгер жазушы өз шығармашылығын шыңдауда осы әңгіме жанрына терең мән беріп, оны жазуда көркемдік ойлауы мен гуманистік сарынды осы жанрда көрсете білген. Алғашқы әңгімелерінен бастап - ақ панасыз, қорғансыз адамдардың жанашыры болуға ұмтылған, ауыр қайғы-қасіретке душар болған жетім, жесірлердің ауыр халін, тебірене жазған. Ең алғашқы әңгімесі 1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» атты әңгімесінде жаны таза, пәк сезімді қызға жасалған зорлықтың, қорлықтың жантүршігерлік айуандық екенін қандай әсерлі белгілесе, осы жылдарда жазылған басқа шығармаларында адал, ар-үяты бар, бірақ қолы қысқа, жоқшылықты, өмір ауыртпалығын көрген адамдарды аяныш сезіммен бейнелеп, озбырлықты, дүниеқоңыздықты, пысықтықты жеріне жеткізе әшкерелейді. Бұл ұлы жазушының 1920 жылдарда жазған әңгімелеріне тән сипат. Автордың осы кездің өзінде-ақ суреткерлік шеберлігі барған сайын арта түсіп, сан түрлі адамдарды ң мінез ерекшелігін, психологиясын, өмірден азап шеккен жандардың трагедиялық жағдайын даланың табиғат көріністеріне жалғастыра бейнелеу шеберлігі таңқаларлық [6,6.11].
Әдебиет сабағы жазушы, мұғалім, оқушының рухани және сезім бірлігін осы бағыттағы іс-әрекеттерді қажетсінеді. Әр туынды оқушыны асқақ сезімге қуанышқа, ой-толғанысқа түсіреді. Бұл мұғалім шеберлігі арқылы іске асырылады. Қазіргі әдебиет сабағының басты проблемасының бірі - оқушыны шығармашылық белсенділікке жетелеу. Оның негізі ізденісте жатса керек. Шығармашылық белсенділікті қалыптастырғанда оқушылар өз бетінше ойлайды, ізденіс жасайды, қорытынды шығарады, сол арқылы қиялдайды, талдайды, дәлелдейді, тұжырым жасайды. Мұндай іс-әрекеттер әдебиет сабағында ерекше мәнге ие болады. Сонымен қатар, көркем шығарманы оқытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды енгізуге болады. Мысалы, 10 сыныпта М.Әузовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі шолу ретінде ғана өтіледі, арнайы жан- жақты талданбайды. Мәтінді толық игеру мәселесі сыныптан тыс оқу, соған қатысты жүргізілетін жүмыстар үлесіне тиеді. Солардың бірі ретінде, оқушыларға зерттеу элементтері бар тақырыпқа байланысты Блумның сүрақ қою желісін үсынуға болады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда танымдық әрекет қалыптасып, ойлануға ізденуге итермелейтін шешуді қажет етерліктей танымдық проблемалық сұрақтарға жауап іздеуге оқушы қүштарлығын арттыруға бағыт-бағдар береміз. Баеты міндетіміз оқушыны шығарма мазмұнына терең бойлату образдар жүйесі ондағы көтерілген негізгі проблемаларды шығарманың композициялық қүрылысын тілін терең таныту арқылы осы әңгіменің бүкіл көркемдік ерекшелігін ашу; оқушының сана сезіміне қозғау сала отырып, жан дүниесін эмоциялық әсерге белей келе, әділетсіздікке жиреніп (қарғыс) айтатындай дәрежеге жеткізу [7,6.236]. Мәселен, Әңгіменің «Қорғансыздың күні» - деп аталуы нені меңзейді?, Ақан мен Қалтайдың азғындығы, аяушылық сезімдері жоқ тас жүрек, қатыгез жандар екенін автор қандай тәсілдер арқылы жеткізген? т.б. осы тектес сүрақтар қою арқылы оқушылардың осы әңгімеге деген танымын тереңдетуге болады. Ең бастысы, оқушылардың көркем шығармаға деген белсенді ақыл-ой, танымдық әрекеті туындайды. Танымдық әрекет құрылымына танымдық қызығушылық, белсенділік, шығармашылық әрекеттер кіреді. Бұл «когнитивтік» парадигманың да бірден-бір ұстанымы болып табылады.
Танымдық әрекет дегеніміз - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой қызметі. Мұның өзі көркем шығарманы талдауға, оқушы ізденісіне негіз болары сөзсіз. Бұл мәселені кеңінен қарастырған В.В.Давыдов, Г.К.Селевко сынды белгілі ғалымдар. Олардың: «Оқушы оқу үдерісі барысында, өз әрекетінің субъектісі, яғни білімді, жаңа ойды өзі табушы ретінде танылады», - деген пікір- тұжырымдарын біз де толық құптаймыз. Оқушының көркем туындыны талдау әрекеті барысында сыни көзқарасы қалыптасады. Мұның өзі әдеби жаттығулар мен тапсырмалар негізінде жүзеге асады [8,6.82]. Сондықта, М.Әуезовтің әңгімелерін оқыту барысында мүғалім әр әңгімеге жеке дара тапсырмалар құрастырып, түрлі жаттығуларды орындатқаны орынды болмақ.
Қорыта айтқанда, қоғам үнемі жетіліп, дамып отыратындықтан, білім берудің жаңа әдістері мен тың тәсілдері пайда болады, басқаша айтсақ жеке тұлға білім алу арқылы дамитын болса сол білімге жаңа әдістемелерді енгізуге өзі де үлес қосады. ¥лы жазушы М.Әуезовтің көркем әңгімелерін қазіргі білім беру үрдісіндегі жаңа парадигмалардың негізінде оқып, тану арқылы білімді игеруші тұлғалар өздерінің теориялық, әдістемелік білімдерін толықтырып қана қоймай оларды өмірде қолдануларына дағдыланады.
Әдебиеттер тізімі
- 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 10 маусым 2011 ж. - 41 бет.
- Тұрғынбаева Б.А. Қазіргі білімнің негізгі парадигмалары. // Рухани жаңғыру: XXI ғасырдағы заманауи білім беру кеңістігінің парадигмалары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Қазақстан, Тараз, 2 том. 2018.- 3-4 бб.
- Дәулетбекова Ж.Т. Сөз мәдениеті - тілдік білім нәтижесі. Монография. - Алматы: Ғылым мен білім интеграциясы институты, 2017. - 240 бет.
- Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. - Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 2-том: Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1925. -480 бет.
- Жұмабаев М. Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлендер. Құраст. С.Жұбаниязов. - Алматы: Жазушы, 2013. - 376 бет.
- . Мухтар Әуезов туралы естеліктер. 2-бас. Қураст. Дияр Қонаев, Санагүл Майлыбаева, Әндібек Қуанышбаев. - Алматы: «Білім» баспасы, 2007. - 288 бет.
- . Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші студенттерге арналған - Алматы: Білім, 2009. - 288 бет.
- . Сманов Б. Көркем шығарманы талдау негіздері. Монография. - Алматы: Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университет!, «Ұлағат» баспасы, 2016. - 366 бет.