Бүл мақалада ғалым, ұстаз, психолог Мэжит Мұқановтың ұстаздық өмір жолымен педагогикалық қызметінің қалыптасуына эсер еткен ұстаздары мен эріптестерінің ықпалымен оның оқулық, оқу қүралдары жэне ғылыми мақалаларындағы психологиялық. тэлім-тэрбиелік көзқарастары сипатталды. Сондай-ақ. М.Мұқановтың психология ғылымындағы өзіндік орнының маңыздылығы жайында көптеген Қазақстандық ғалымдар еңбектср жазған. онда ұлттық психологияның қалыптасуына жэне психологияның түрлі саласы бойынша айтқан тұжырымдарының бар екені көрсетілген. Ғалымның еңбектсрінің маңыздылығы педагогикалық психология ғылымының даму тарихына деген қоғамдық сүраныстың. болашақ кэсіби мамандарды тэрбиелеудің рухани қажеттілігі жэне педагогикалық психология мэселелерін білім беру жүйесінде кеңінен қолдануда ғылыми зерттеулерінің. берген тұжырымдарының өзіндік қүндылығында. М.Мүқанов шығармаларындағы психикалық танымдық процестер мен психикалық қасиеттер туралы айтқан тұжырымдарының құндылығы. орыс жэне шетелдік психологтар ғалымдар еңбектерімен үндестік табуында.
Ғалымның мүраларындағы психологиялық көзқарастарын негізгі ғылыми шығармалары арқылы ашып, білім беру саласында қызмет ететін бүгінгі кэсіби білікті педагог-психологтарға арналған психологиялық ақыл-кеңес. психопрофилактикалық жэне психологиялық танымдық рухани мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу. үстаздың бойындағы түлғалык сапалары арқылы жастардың психологиясын қалыптастыру өзекті мэселе болуы занды.
Kipicne
Әлемдік өркениетке енген тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени дамуындағы жана бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне эсер етті жэне окыту мен тэрбие эдістерінің мазмұнын жетілдіруде жаңа ашылуларға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тэрбие беру арқылы оқушылардың саналы әлемін көркейту; өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің рухани талғамын қалыптастыру; эдеби мұра мен ондағы құбылысты эстетикалық қабылдау үшін қажетті білім мен дағдылармен жарақтандыру; логикалық ақыл-ес, ауызша жэне жазбаша тіл мэдениетін қалыптастыру жэне т.б.» мэселелер көрініс тапты. Сондықтан бүгінгі қоғам өміріндегі даму мен жаңару бағыты терең біліммен, ұлттық рух пен ғасырлық рухани кұндылықтарға негізделген жеке тұлғаны жан-жақты тэрбиелеу, сонымен қоса ұлттық тарихи-мэдени, көркемдік жэне эстетикалық күндылықтарымызды жан-жақты зерделеуді қажет етуден туындайды [1].
Мұнымен бірге, «Мэдени мүра» бағдарламасы: «Адамдардың өміріне жэне біздің өткен дэуірімізден шықкан доктриналық ұғымдарды қайта жандандыруға бағытталып отыр. Бұл өзін-өзі корсету жэне білім беру жұмысы, келесі ұрпаққа патриотизмнің күшті сезімін ояту тәсілі»-деп тұжырымдалады [2].
Тарихтан белгілі болғандай, ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының тэрбиелік жэне адамгершілік мұралары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жок. Тэуелсіздік алғаннан кейін елдің ұлттық мұрасын өзектендіру міндетіндегі айырықща маңыздылығы - ұлттық ғылым негіздерін жаңаша талдау мазмұнға ие.
Қазақ психологиясының өткенімен бүгінгі ерекшеліктерін зерттеуші психолог ғалым К.Б. Жарықбаев ұлттық тэлім-тәрбие ойының ұлттық дэстүрлерден, Орхон-Енисей жазбаларынан Қазан төңкерісіне дейінгі жэне бүгінгі кезеңдерін зерттей келе, қазақ психологиясының элі де ғылыми-теориялық деңгейге көтерілмеу себептерін былайша тұжырымдайды: біріншіден, Қазақстандағы элеуметтік жэне гуманитарлық ғылымдардың әртүрлілігі, бастапқы бір-бірінен ажыратылды, олардың ғылыми атауларыда толық қалыптаспады; екіншіден, эр ғылымның құрылым ерекшеліктерін ұлттық негізде мүқият зерттейтін мамандандырылған ғалымдардың жетіспеуі; үшіншіден, ғылым салаларын дамытуда ғылыми-техникалық құралдар (ғылыми-зерттеу мекемелері, өңдіріс) жеткіліксіз деп санаған [3].
Осыған байланысты ұлттық психология тарихындағы маңызды кезеңдерді сипаттаған М.Мүқановтың психологиялық көзқарастарының жолға қойылуы мен қалыптасу процестерін жүйелі түрде зерттеу, адам жан дүниесінің эр қырын көркем, шеберлік, ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыдан нақты сипаттамалары арқылы зерттеуді карастыру бұл мақаланың басты мақсаты болып табылады.
М.Мұқанов сияқты жеке тұлғаның эдеби, ғылыми, мәдени, педагогикалық жэне психологиялық мұраларын жеткізудің жаңа денгейлерін айқындап, оны кейінгі ұрпаққа мол мұраларын насихаттап жеткізу бүгінгі таңда бұл мэселенің өзектілігін көрсетеді.
Сондықтан болашақ педагог- психологтармен мұғалімдер үшін тэлім- тәрбие процесінде ғылыми тұжырымдамаларды басшылыққа алуда және объективті қажеттілікке байланысты Мәжит Мүқановтың мұраларын жинақтап, талдап жеткізу бүгінгі күннің маңызды талаптарының бірі [4].
Педагогикалық психология ғылымының даму тарихына деген қоғамдық сұраныстың, болашақ шәкірттерді тәрбиелеудің рухани қажеттілігі және М.Мүқанов мұрасына педагогикалық психология мәселелерін білім беру жүйесінің оқу процесіне енгізу қажеттілігі қазіргі заманға сай өз орнын табуда.
Мажит Мұқановтың мүраларындағы психологиялық көзқарастарының қалыптасу құрылымдарын сіздерге төмендегідей бағытта ұсынып отырмыз: 1) Ұстаздың өмір жолы мен шығармашылығының қалыптасуы. 2) М.Мұқановтың психологиялық көзқарастарының қалыптасуына эсер еткен ұстаздары мен эріптестерінің ықпалы. 3) М.Мұқановтың оқулық, оқу құралдары жэне ғылыми мақалаларындағы психологиялық, тэлім-тэрбиелік көзқарастар. 4) Диссертациялық жүмыстарға ғылыми жетекшілік ету. 5) Ғалым, ұстаз, психолог М.Мұқановтың психология ғылымындағы өзіндік орнының маңыздылығын көптеген Қазақстандық ғалымдар еңбектерінен көрініс табуы.
Ұстаздың өмір жолы мен шығармашылығының қалыптасуы [5]:
1920 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында жүмысшы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, кейіннен балалар үйінде тэрбиеленеді.
1939 жылы Вольскідегі эскери-эуе училищесін бітірген соң сол жақтан соғысқа қатысқан.
1941-1945 жылдар аралығында - ¥лы Отан соғысы майдандарында авиация механигі ретінде техник-лейтенант болды.
Ол соғыстан аман - есен оралған соң, 1945 жылы Ақтөбедегі темір жол училищесінің мұғалімі жэне директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
1949 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтты бітірген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі психология мамандығы бойынша аспирантураны тэмамдайды.
1953 жылы М.М.Мүқанов ғалым профессор Т.Тэжібаевтың жетекшілігімен «Кеңес сарбазының ерлігінің психологиялық ерекшеліктері туралы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды.
1953 жылы ол Алматы шет тілдер педагогикалық институтының педагогика мен психология кафедрасында жұмыс істейді. Ал 1954-1958 жж. осы кафедраның меңгерушісі болды.
1967 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
1980 жылы «Ақыл-парасат психологиясын тарихи-этностық тұрғыдан зерттеу» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
М.Мұқановтың психологиялық көзқарастарының қалыптасуына эсер еткен ұстаздары мен эріптестерінің ықпалы:
Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тэжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Оның ұстазы эрі эріптесі болған Т.Тэжібаев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиевтармен бірге жұмыс жасап, психология ғылымының дамуына үлес қосты.
М.Мұқановтың жазған оқулық, оқу құралдары және ғылыми мақалаларындағы психологиялық, тәлім-тәрбиелік көзқарастар [6,7,8,9]:
- «Ми және сана» (1956), оқу құралы
- «Оқушылардың зейінін тәрбиелеу» (1960), оқу қүралы
- «Бақылау және ойлау» (1959), оқу құралы
- Педагогикалық психология очерктері (1962), оқулық
- 5.«Ақыл ой - өрісі ».-Алматы, 1975ж, оқулық
- Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 1980ж., оқулық
- Шәкірттердің темперамент ерекшеліктерімен санаса отырып тәлім- тәрбие жұмысын жүргізу. - Алматы, 1980ж, мақала
- «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі». мақала
Ғалым көптеген жылдар бойына қазақ этносы, ақыл, ес ерекшеліктерінің даму жолын зерттеп, осы тақырыптарда жекелеген кітаптар мен мақалалар жазды. Біз М.Мұқановтың осы еңбектерін саралап қарайтын болсақ.
А) «Бақылау және ойлау» (1959), еңбегінде ақыл оның сапалары жөнінде (тереңдігін, алғырлығын, кеңдігін, еркіндігі т.б. нақты түрде дәлелдеп берді. Қазақта бүрынғы кезде ақылды деп- мәселен, бірнеше адамның арасында дау - дамай болған кезде әділдікпен шешетін адамды айтатын-ды. Сонымен қатар ақылды деп тағы да жан- жақты білімі бар және оны тиісті жерде пайдалана алатын адамды айтатынды. Ақылдың бұл соңғы түсінігі осы уақытқа дейін сақталынып келген. Мәселен кейбір кісілердің білімі терең болса да, ол оны тиісті жерінде қолдана білмесе, оны ешкім онша ақылды деп, - айта алмайды. Әрине ақылдың өмірден алынған тәрбиеге, үйренген мамандыққа бейімделуінен қалыптасатынын білеміз.
Қазіргі кезде білім мен мәдениеттің, техниканың кең тарағанына байланысты ақыл деген ұғымның мағынасы бұрынғыдан да өзгерді деуге болады. Сонымен қатар адамды ақылды дегенде, көзге көрініп тұрған оқиғаның мәселенің сыртқы көрінісін біле білуін айтып қоймайды, олардың бірден көзге көрінбейтін ішкі өзара қарым - қатынастарынан терең аңғара білуін де айтады. Барлық білім түгіл, ғылымның бір саласын толық меңгеру үшін адам өмірінің көбін соған сарп етеді. Сондықтан ақыл көп нәрселерді білумен байланысты болғанымен, ол көбіне тек бір мамандықты меңгеріп, оны терең білуімен де байланысты. Біздің бүлай айтуымыз, әркім тек өз мамандығын жақсы біліп, басқа нәрселермен айналыспау деген емес, ол тек білім, өнерлердің кең таралғандығынан айтылған сөз. Әрине ақылдың өмірден алынған тәрбиеге, үйренген мамандыққа бейімделуінен қалыптасатынын білеміз. Бұл жөнінде психология ғылымында орыс ғалымы И.П.Павловтың зертеуін алып қарасақ, әркімнің өмірден алған тәрбиесіне және жеке басының ерекшелігіне байланысты, оның сыртқы құбылыстарды қабылдайтын сигнал системалары бірдей болып кездесе бермейді.
Erep бірінші сигнал системасы екінші сигнал системасынан айтарлықтай басым болып келсе, ондай кісіні « суретші типке» жатқызады. И.П. Павловтың айтуынша суретші типтер тәжірибесіне, мамандығына қарай дүниені суреттеп, образ арқылы бейнелейді. Erep екінші сигнал системасы бірінші сигнал системасынан басым келсе, мүндай кісіні «ойлаушы типке» жатқызған. Соңғы типке И.П.Павлов мысал ретінде Гегельді келтіреді. Гегель өзінің философиялық идеяларын дәлелдеу үшін, тек құрғақ қиялдарға сүйеніп, фактілер келтірмейтін болғандықтан, оған осы туралы ескерткенде шімірікпестен «ондай болса фактінің соры» деп, жауап қайтарыпты. Осы айтылған екі түрлі бір біріне қарама - қарсы типтер, әдетте жиі кездеспейді. Кісілердің көбі орташа типтерге жатады. Адамдар көбіне «орташа типтерге» жатады екен. Сонымен ақыл адамның қандай психикалық қасиетіне жатады деген?- сүрақ туындайды. Ол оның тәжірибесіне байланысты болғанымен, ой қызметінің ерекше жинақты түрі болып саналады. Ғалымның айтуынша, ақыл әркімнің мамандығына, тәжірибесіне сүйене отырып, кездесетін міндеттерді шеше білу қабілетін айтады. Міндеттерді шешуде ақылдың түрлі сапалары кездеседі. Ақылдың тереңдігі алдағы кездесетін мәселелерді тек сыртқы көрінісінен жобалап шешем демей, оны терең қарастырып, көзге бірден білінбейтін мазмүндарын ескере білумен байланысты.
Ә) Педагогикалық психология ғылымының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты зерттеп айналысып, еңбек жазған орыс психологтары Л.С.Выготский, И.А.Зимняя. Қазақ оқымыстысы Мәжит Мұқановта осы ғалымдардың еңбектерімен сөзсіз таныс болғандығы белгілі. Осы ғалымдар еңбектеріне бағыттай отырып, «Педагогикалық психология очерктері» (1962) еңбегін жазған. Ғалымның оқулығын зерттеу арқылы оның еңбегіне талдау жүргіздік:
Педагогикалық психологияның жалпы міндеті - білім беру іс-әрекетінің әртүрлі жағдайындағы адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау, зерттеу және сипаттау. Тиісінше, білім беру психологиясының арнайы міндеттері:
- оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына эсер етудің тетіктері мен заңдылықтарын ашу;
- білімалушылардың элеуметтік-мэдени тэжірибенің даму тетіктері мен заңдылықтарын анықтау;
- оқушының зияткерлік жэне тұлғалық даму деңгейі мен оқыту мен тэрбиелеу нысандары, эдістері арасындағы байланысты анықтау;
Білім беру іс-эрекетін ұйымдастыру жэне басқару ерекшеліктерінің оқушының интеллектуалдық, тұлғалық дамуы мен оқу-танымдық іс-эрекетіне әсерін анықтау;
- мүғалімнің психологиялық негіздерін зерттеу;
- білім беруді дамыту фактілерін, механизмдерін, заңдылықтарын анықтау;
- білімнің деңгейі мен сапасын диагностикалаудың психологиялық негіздерін анықтау жэне т.б.
Білім беру психологиясының негізгі бөлімдері, ғылыми білімнің эр саласының тақырыбы оның құрылымдық бағытын анықтайды, яғни, осы ғылымның құрамына кіретін бөлімдер. Педагогикалық психология үш негізгі бөлімді қамтиды:
- оқыту психологиясы,
- тэрбие беру психологиясы,
- ұстаз психологиясы.
Қазіргі кезеңде білім беру психологиясы жоғары білім (жоғары тәрбие) психологиясы мен мектеп білімінің тәрбиелік психологиясына көбірек саралануда.
Б) «Ақыл ой - өрісі» оқулығы, Алматы, 1975ж жарық көрді. Бүл еңбекте ақыл - ой мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелілігі) деп аталатын ғылыми атаулар төңірегінен іздестіреді.
Сондай-ақ, «Ақыл - ой өрісі» оқулығында тілге соның ішінде орыс тілі мен қазақ тілін салыстырмалы түрде зерттей отырып «Ойды этнос және лингвопсихология түрғысынан дәлелдеу»- деп түсініктеме береді. Мәжит Мүқанүлы кейбір ғалымдардың халықтардың жағырапиялық орналасуына үлтына, мінезіне, басқа да қасиеттеріне қарап тілдері бай, кедей деп бөлетіні қарсы шыға отырып «түркі тектес халықтардың, ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бүл тілдер кейінгі кезде қалыптасты»- дейтін үшқары пікірлерін әшкерелеп, оны нақтылы фактілер арқылы делелдеп көрсете білді. Шындығына келсек қазақ халқының сөз байлығы, сөз саптауы, өткір тілі кейбіреулер айтатындай әсте кедей емес, тілдік қоры орасан бай өркенниетті халықтардың қай- қайсы мен болса да жарыса түсе аларлық дариядай мол дүние екендігін сипаттап берген болатын.
В) Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1980ж. жарық көрген еңбегін алып қарасақ, бұл еңбегінде адамның әр түрлі жас кезеңдегі психикасының даму ерекшелігін зерттеп көрсетеді.
Бұл саланың ең көрнекті бөлшегі - балалар психологиясы, бөбектер мен жасөспірімдердің есею процесін зерттеп қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.
Сонымен бірге, бұл еңбегінде бұрынғы қазақ ұлтының баланы жас кезеңдерге бөлуде өзге халықтар сияқты балаларын қай жасында қандай өзгерістерге үшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Әр жас кезінде баланың үй ішінде және қүрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуы, немесе киетін киімдерінің түрліше келуін айтамыз.
Осыған орай баланың туғаннан өскенге дейінгі жас кезеңдерін топтастырып қарастырған.
Туғаннан 1- жасқа дейінгі кезең шақалақ немесе нәресте деп атаған.
1 ден 3-жасқа дейінгі кезді бөбектер (сәби) жасы деді. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейірімді келеді. Мысалы, малдың төлдерін (лақты, қозыны, бүзауды) осы жастағылардың үнататыны сондай қозының қасына келіп үстінен сипап, не солардың даусын салып еліктейді.
3-тен 7-ге дейін сәби жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты; Қыздар көбіне қазан аяқ ұстап шешелеріне көмектеседі нан илеу, от жағу, су әкелу т.б. Үлдар бұзау не қозы бағып, тезек теріп, оны түйеге артып әкелетін. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді қайырып келетін.
8-ден 11- дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ер балаға қарағанда қазіргі ғылым түрғысынан 1-1,5 жыл алда келетінін. Бұл жас кезеңін періште жас дейтін себебі, әдет- ғұрыптарды сақтау міндеттеледі. Erep бұлар бүзақы іс жасай қалғанда оның күнә екенін осы жастан соң есептеледі. Қыздар шешесіне көмек көрсетуге тиіс болды, ұл балалар үй ішінен сыртқы жұмыстарға жегіледі. 12 -жастан 15- қа дейін боз бала, қыз бала кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздың недәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен қатар атқа мініп, аң аулап саяхат жасауға қосылатын.
15- жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кезде үлдарды үйлендіріп, қыздарды тұрмысқа беретін уақыты келеді. Ғалым бұрынғы қазақ ұлтының жас кезеңдерін осылайша атап көрсетті.
Г) «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі» - атты мақаласында, ғалымның айтуынша: «Мақал-мәтелдер- психикалық процестердің өзі емес сол процестердің іріктеліп, сараланып қалыптасқан жемісі. Сондықтан мақалдарға қарап адамның ойын білу қиын. Ендеше мақалдардың психологиялық процестерді білуге қатысы бар ма деген сүрақ туады. Біздіңше, қай елдің мақалдары болмасын, олардың бәрінің атқаратын қызметі біреудің ойының шын не дәлелді екеніне өзгелерді сендіру болып табылады. Соңғы жағдайда мақалдың атқаратын қызметі - әңгіме үстінде оларды қолданатын адамдар ойының жүйелі, яғни логикалық түрде екенін дәлелдеу. Қазақ елінің тарихында, әсіресе бүрынғы дәуірінде мақал-мәтелдер кеңінен қолданылып келгені баршаға мәлім» - деп түйіндейді.
М. Мүқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда өзіндік орны бар ғалым. Диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б. ұстаз-ғалымдар ғылыми еңбектер жазып, кандидаттық диссертацияларын қорғады.
Ғалым, ұстаз, психолог М.Мүқановтың психология ғылымындағы өзіндік орнының маңыздылығын оның жоғарыда біз талдаған оқулықтарының өзіндік құндылықтарының маңызын оны психологияның түрлі салаларында ЖОО-да және арнайы кәсіби білім беретін колледждерде білікті педагог-психологтарды, психологтарды оқытуда білім беру бағдарламаларына, мектеп психологтарының тәжірибесіне енгізуде маңызды екендігін сипаттаған көптеген Қазақстандық ғалымдар: Қ.Б. Жарықбаев, С.МЖақыпов, С.Қ.Бердібаева, Н.Тоқсанбаева, Ж.Сейтнұр, Д.Д. Дуйсенбеков және т.б. еңбектерінен көрініс тапты [10].
Қорытындылай келе, М.Мұқановтың қазақ психология ғылымының тарихында алатын орны ерекше. Қазақ психологиясын жаңа белеске көтерген, қазақ психологиясының мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан да таныта түскен. ¥лттық психология ғылымын зерттеуші ғалым Қ.Б.Жарықбаев М.Жүмабаев [11] пен Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаевтан бастау алған қазақ психология ғылымының дамуында өзіндік орны бар Мәжит Мүқанов еңбектеріне өз пікірін білдіріп, оның шығармаларының зерттелуіне жол ашты. Ғалым мұраларын жинақтап, бастыруда, болашақ үрпаққа табыстауда көп еңбек сіңірді.
Ойшыл ғалымның шығармашылық еңбектерін ұлттық психология тұрғысынан қарастыру, тиянақтап жинақтау, ғалым-ұстаз турасында естеліктер жазу, оның шығармаларын ұлтымыздың ұлттық байлығына, халқымыздың рухани игілігіне айналдыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін маңызды мәселе еді.
Үрпақ өзінің ұлттық мәдениетін жандандыру тұсында, М.Мұқановтың ғылыми шығармаларын оқып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адалдық, азаматтық, ойлау жайында жазған шығармаларына тереңнен бойлау, өзіндік талдау жасау, іздену арқылы білімалушылардың танымдық қабілетін арттырары сөзсіз. М.Мұқановтың шығармалары жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда үстаз шығармашылығының оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында ұлттық рухани тәрбие берерлік, адамилық қасиетке бай шығармалар екені ғылыми негізде жүйеленді.
Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты бағыт - жан-жақты дамыған рухани қазынасы бай, әлеуметтік бейімделген жеке тұлға қалыптастыру. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестірумен ғана шектелмей, сол білімді оқушы бойына дарытуда оның педагогикалық және психологиялық жағдайларына да көңіл белу қажеттілігі қарастырылған. Мұқанов шығармаларын меңгертуде, әсіресе, оқушылардың психикалық көңіл-күйі дүрыс болуы аса маңызды рөл атқаратындығы сөз етілді. Олардың ойлау қабілеті, сезіну, қабылдау, зейіндерін қалыптастыруда да ғалым еңбектері игі ықпалын тигізетіндігі анықталды.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы //Егемен Қазақстан. 2007ж. 27 шілде.
- Қазақстан Республикасы. Мәдени мүра бағдарламасы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 2 қараша.
- Жарикбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана в XX веке: учебник для студентов высших учебных заведений. - Алматы: Эверо. 2006. - 429 с.
- Психология, Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Том 10. - Алматы. Таймас, 2005. - 480 б.
- Жарықбаев Қ., Саңғылбаев О. Психология. Энциклопедиялық сөздік. - Алматы, 2011-380 бб.
- Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. -Алматы: Қазақстан, 1980.
- Мұқанов М. Ми жэне сана. - Алматы: ҚМБ, 1980.
- Мұқанов М. Бақылау жэне ойлау. -Алматы: ҚМБ, 1959.
- Мұқанов M..Жас ерекшелік жэне педагогикальщ психология. -Алматы: Мектеп. 1990.
- Дүйсенбеков Д.Д. М.М. Муканов как основатель казахстанской психологической школы и создатель историко-этнической концепции соотношения рассудочной и мыслительной деятельности человека // Методология и история психологии. - 2009. Том 4. Выпуск 2. - С. 160- 167.
- Сабирова Ж.Н. Мағжан Жүмабаевтың психологиялық көзқарастары. Монография.- Атырау. 2008.-1256.