Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент! - Елбасы Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәрбиелік бағыттары және ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі маңызы туралы баяндалады. Елбасы еңбектеріне байланысты жарық көрген кейбір әдебиеттерге шолу жасалып, Тұңғыш Президент - Елбасы еңбектерінің тарихи деректік мәні, оларды мектеп курстарында пайдалану арқылы патриоттыққа тәрбиелеуге мән беріледі. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде Елбасы Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің ерекше мәні айтылады.
Патриот болу- баршамыздың парымыз.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ тарихында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел басқару ісімен қатар көптеген еңбектер жазып, тарихты зерттеудің әдісгемелік негіздерін қалыптастыруға үлесін қосқан ұлы тұлға болып табылады. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан»,- деді Елбасы [1; 13].
Елбасының еңбектеріне тоқталсақ, көпшілікке таныс «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақсганның болашағы қоғамның идеологиялық бірлігінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан-2030», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстандық жол» т.б. Бұл еңбектер жанры жағынан заманхат, естелік, ойтолғау, сұхбат, теориялық негіздеме, аналитикалық талдау, теориялық болжам, тарихи талдау болып келеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде кеңестер одағының ыдырауы кезіндегі мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы накты іс- шаралары жан-жақты бейнеленген. Сондықтан оның еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дереккөзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жалпы Елбасы еңбектерінің тарихи, саяси мән-мағынасы, деректік мәні және Елбасының тарихи-саяси портретіне арналған зерттеулер, публицистикалық мақалалар 1990 жылдардан бастап жариялана бастады. Олардың қатарында тарихшылар М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейістің, К.Есағамбетұлының еңбектері жарияланды. Оларда Елбасы Н. Назарбаевтың тарихи кезеңдегі атқарған істеріне талдау жасалынып, саясаткер ретіндегі қасиеттері айқындалды.
Қоғам қайраткерлері Д.Қонаев (Қонаев Д., «Ақиқаттан аттауға болмайды», Алматы, 1994), Ә.Кекілбаев (Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы, Астана, 2002) еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар С.Салқынұлының «Тұңғыш Президент» (Алматы, 2006), Е.Ертысбаевтың «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» (Астана, 2001) еңбектері жарияланған болатын.
Қазақстан Республикасы ¥ҒА академиктері С.Зиманов, С.Сұлтанов, Ғ.Сапарғалиев еңбектерінде Елбасы Н.Назарбаевтың еліміздің Ата заңын дайындаудағы, президенттік билік жүйесін қалыптастырудағы рөлі туралы айтса, көптеген заңгерлердің еңбектерінде осы саладағы Елбасы саясатының дұрыстығы, өміршеңділігі нақты фактілермен дәлелденген [2].
Ел дамуындағы саяси-экономикалық реформаларды бастап, іске асырған Нурсултан Әбішұлының еңбектері жастарды ұлтжандылыққа яғни патриотизмге тәрбиелеудің негізі бола алады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жастардың оқу-тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі - патриоттық тәрбие. «Патриотизм» сөзі Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Отанға сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм - тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игілік. Ал, қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм - Оганшылдық, отансүйгіштік, адамның Оганына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген [3; 95]. Патриоттық тәрбие - жастармен жүріп жатқан қазіргі жұмыстардың басым бағыттарының бірі. Қазақстан қоғамында патриоттық тәрбие деген ұғым - Оганға деген, өзінің халқына деген махаббат, адалдық, азаматтық және қоғам игілігі үшін қызмет ету деген сияқты түсініктер ретінде қалыптасқан.
Патриотизм - Оганымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан педагогтар болашақ ұрпақты аталған сезімдерді бере білуі қажет, сонда ғана біздің қоғамымыз ұйымшыл және толерантты болады. Біз тәрбие жүйесінде жастарымызды рухани және ұлттық құндылылықтарын дұрыс бағалауға осы білімдерді пайдалануға бағытталуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде «әрбір адам бізідің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға әрі түсінікті болуы тиіс.
Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн». Сондықтан Оган патриоты болу- барлық қазақстандықтардың парызы. Қазақтарда Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Мен баршаңызға зор бақыт және біздің Оганымыз-Қазақстан Республикасы үшін үлкен болашақ тілеймін. Біздің балаларымызға бақыт, сіздің барлық армандарыңыз бен тілектеріңізді орындау үшін амандық тілеймін. Өз елін қорғау -бүкіл халықтың міндеттемесі. Біздің ата- бабаларымыз: «біздің жерімізді қалай сақтап, тек қарсылық пен батырлықтың арқасында ғана сақтадық», - деді Елбасы [4].
Осындай рухани игілікті байыту, іргесі мықты мемлекет ұрпақтарының патриоттық сезімін дамытуға жету үшін Елбасы еңбектерін дұрыс оқытылуына ерекше мән берілуі керек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент! - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы 15 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауының 7 тарауында «Жаңа Қазақстандық патриотизм» туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл, ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек», - деген еді [5].
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақалалары мен жолдаулары ел азаматтарын адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға үндейді. Елбасының еңбектеріндегі мәселелердің бірі - патриоттық тәрбие беру ісі. «Өз Отанынды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың», - дейді Елбасы [6]. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақ тарихын іргелі тарих ретінде қалыптастыруға зиялы қауымды әрқашан бағыттап келді. Бұл «Халық тарих толқынында» еңбегінен бастау алып, кейінгі мемлекеттік ірі бағдарламаларда («Тарих және қуғын- сүргін жылдары», «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Мәңгілік ел», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») жалғасын тапты.
Елбасының «Тарих толқынында» кітабы жарыққа шыққаннан кейін жастардың дүниетанымы айтарлықтай жоғарылады. Еңбектің ерекшелігі сол әркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мәнезі мен қасиетін саралауға үндейді. Бірде арғы, бірде бергі тарих қойнауларына сүңгіп, бірде әлем кеңісгігіндегі әрқилы елдер беталысына зер сала отырып, Қазақстанның болашағына көз тігеді. «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір- қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу - міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бігінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған.
«Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мақсаты тәуелсіздіктің негізінің тарихи қайнарларын насихаттау мен талдау деп ұғынамыз. Еңбекте қазақ болмысының бір ерекшелігі - оның тарихшылдығы деп жазылған [6; 289]. «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген бір ауыз сөзінің өзі бізді ата-бабаларымыз үшін мактаныш сезіміне бөлейді, қазақтың ендігі тарихында да сондай ізгі із қалдыруға шақырады. Елбасының сөйлеген сөздерін, жазған тарихи еңбектерін, жасаған баяндамаларын, берген сұхбаттарын зерделеп қарасақ, біз Ұлы Дала елінің бүгінгі биігі тарих тағылымын ұғынудағы дара даналықтың да арқасы екенін анық көреміз және ұғына отырып Елбасы еңбектері арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру ұстаздардың қолында.
Патриоттық тәрбие ең алдымен өз Оганының құндылықтарын танудан басталады. Жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы Елбасымыз өзі әрқашан мұрындық болып, қамқорлық жасап келе жатқан тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұрпағын тарихпен тәрбиелеудің ерен үлгісі болып табылады. Өткен тарихымызды ұмытпай, тарихтағы есімі алтын әріппен қалған ерен тұлға Елбасын үлгі тұтсақ, болашағымыз жарқын болады. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мен білім беруді егіз түрде қарастыру міндет болып табылады. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей озық дәсгүрлерді жаңғырту, оны қолдану да педагогтар қауымы арқылы жеткізілетінін мойындауымыз керек. Себебі, негізгі білім мен тәрбиені бала мектептен алады және жеке тұлға болып қалыптасады. Бұл ретте педагогтар қауымы Елбасының еңбектері мен көшбасшылық қасиеттерін бала бойына игертуге міндетті екенін сезінгені және жұмыс жүргізгені абзал.
Туған елі мен жерін сүю, құрмет сезімін қалыптастыруды өлкетану жұмыстарының шегінде мектепте ұйымдастыруға болады. Атап айтқанда, ауыл-аудан-облыс көлеміндегі жер-су аттары мен белгілі тұлғаларды тарих сабақтары барысында зерттеудің өзі туған жерге сүйіспеншщілікті қалыптастырудың ең тиімді әдіс-тәсіліне айналады. Мысалы, Атырау облысының Исатай ауданына қарасты жер-су аттарына арналған мақалада мынадай ақпараттар бар: «Аудандағы өзен-көлдер мен сай-салаларға су әуел бастағы табиғи арнасымен келіп, суы мол, байлығы көп болды. Сулы- нулы жердің бірі Қамысқаладан 5 шақырым құбыладағы, Боқсақ бойындағы «Шүрегей» қауымы қасындағы «Қарашығанақ» қоныс-мекені болыпты. Бұл жер Бөкейліктер Жайықтың бергі бетіне өтіп қоныс тепкенде, Жәңгір ханның жаңа әкімшілік жүйемен ел басқару реформасынан кейін руы Бегіс Шығанбай атгы азаматқа иелік етуге беріліпті. Жәңгірдің қайын атасы есаул Қарауыл Қожа байлығы мен балығы мол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің біраз жерін орыс помещиктері Безбородко мен Юсюповқа жалға бергенде, осы Қарашығанаққа Мартынов деген казак қожалық жасаған. Соның салдарынан әуелдегі төл аты - «Шығанбай сайы», «Шығанбай көлі» деген атаулар бірте-бірте ұмытылып, алғашқыда «Марток», одан кейінгі уақытта «Мартыши» атауларына ие болған. Шындығында бұл жердің аты «Мартыши» емес, «Шығанбай» болғанға ұқсайды. Қазіргі «Мартыши» кен орнының арғы тарихы осыдан туындаған» [7].
Қазақстанда Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мәселесінде тәрбиенің орны ерекше. Мектеп қабырғасынан бастап, оқушылар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықгарын бойына дарытуы керек. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы «Мен қазақпын» ұғымын жастардың бойына сіңірудегі ұрпақтар сабақгастығы жалғасының бір жолы. Сондықтан Елбасы еңбектерінде атап көрсеткен құндылықгары бұрыннан келе жатқан ел игілігіне күш біріктіруде негізгі тетік болып табылады.
Қорытындылай келе, халқымыздың тарихын ұлықтауда Елбасы Нурсултан Назарбаевтың еңбегі ерен. Әсіресе, тәуелсіздік тарихын жазуда Елбасының еңбектері мен сөйлеген сөздерін жастардарды патриоттыққа тәрбиелеуде басшылыққа алудың маңызы зор. Жас ұрпақты Оганға деген сүйіспеншілік және Оганға деген адалдық рухында патриоттық тәрбиелеу мәселелері күллі түркі жұртының мақганышы, «екінші ұстаз» атанған ұлы ойшыл-философ әл-Фараби дәуірінен бері білім мен тәрбиенің егіз ұғымдығы туралы ұстанымында басшылыққа алынады.
Әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н.Ә. Жылдар мен ойлар. - Алматы: «Алматыкітап», 2013. -349 б.
- Зиманов С. Осыдан он жыл бұрын да Назарбаевқа тең келер тұлға болмады //Жұлдыз.-2001.-№ 10. - 135-142 б.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. - 2001. - 95 б.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: «Білім», 1997.
- Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.
- Назарбаев Н.Ә. Тарихтолқынында. -Алматы: Атамұра. 2003. - 296 б.
- Кайргалиева Г., Абат А. Жергілікті жер-су атауларының тарихы (Исатай ауданы мысалында) // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы Ғылыми журнал. - №2(53). - Атырау, 2019. - 44-53 бб.