Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым cahbihfah өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру объектісі түсінігі

Аңдатпа

Осы ғылыми мақалада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабымен көзделген «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» қылмысының объектісінің түсінігі берілген. Авторлар қарастырылған қылмыстың объектісінің ұғымына шетелдік және отандық заңгер-ғалымдардың пікір-көзқарастарын ескере отыра тоқталып, осы қол сұғушылықтың затын анықтайды.

Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды дұрыс қолдану істелген қиянатты заңға сәйкес саралау қылмыстық қол сұғатын қоғамдық қатынастардың шеңберін және мазмүнын дәл анықтауға және қылмыстың объектісін дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, қылмыстық құқық ғылымы есірткі нәрселерге байланысты қылмыстардың соның ішінде есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсірудің объектісін қалай түсінетіндігі жайлы мәселе туады.

Қылмыстың объектісі - қылмыстық құқық теориясында күрделі де даулы мәселелердің бірі. Қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас екендігі баршамызға белгілі. Бірақ бұл жалпы түсінік зерттеушілерге объектінің құрылысы мен мазмұнына әр түрлі сипаттама беруге кедергі болмайды. Ал тікелей объектіні анықтауда «қоғамдық қатынас» деген түсінікті кейбір кезде «мүлік», «мүдде» және тағы басқа түсініктерімен алмастырылады [1,6.56]. Мұндай келіспеушіліктің себебі, әлеуметтану әдебиетінде қоғамдық қатынастың ішкі құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы мәселенің бір жақты шешілмеуінде.

Қылмыстың объектісін белгілеу, әрбір қылмыстың мәнін анықтауда қажетті шарттардың бірі бола отырып, құқық бұзушылықтың табиғатың оның әлеуметтік-саяси мазмұнын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауға және осыған сәйкес, Қылмыстық кодекске сай, қылмыстық жауапқа тарту үшін керек[2,6.136].

Қылмыстың объектісін дәл белгілеу, ең алдымен сәйкес нормалардың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі орнын аныктауға, сондай-ақ іс- әрекетті дұрыс саралауға және жаза тағайындауға қажет.

Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің объектісі туралы мәселені, қылмыс объектісін үш мүшелік жіктеу негізінде қарастыру керек. Бұл қарастырылып отырған қылмыстық қиянат қоғамдық қатынастарға бағытталғандығын анықтау үшін қажет.

Заң әдебиетінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егіп-өсірудің объектісі бойынша тұрақты бір пікір жоқ. Көптеген ғалымдар бұл қылмыстың объектісі халықгың денсаулығы деп санайды [3].

Бұдан басқа да көзқарастар бар. Мысалы, О. В. Колесниктің ойынша, есірткі нәрселерді жасауға және таратуға тыйым салу мақсатымен қоғамда бекітілген ереже, «қоғамдық тәртіп» жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастарды реттейді. Ол осыған негізделе отырып, «құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егу және өсіру жоғарыда аталған тәртіпті бұза отырып қоғамдық тәртіпке зиян келтіреді», - дейді. Біз О.В.Колесниктің пікірімен келісе алмаймыз, өйткені, қоғамдық тәртіп қарастырылып отырған қылмыстың объектісі бола алмайды. Қоғамдық тәртіп, осы саладағы қоғамдық қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстардың объектісі болып табылады. Заң шығарушы бұл қылмыстарды арнайы топқа бөліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (Ерекше бөлім) X тарауына «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» қатарына енгізіп отыр. Яғни, бұл қылмыстар адамдар арасында өзара сыйластықтан, бостандықтан, ар-ожданнан және т.с.с. пайда болатын қоғамымыздағы қатынастарға қарсы бағытталған.

Ал, қарастырылып отырған қылмыс бұл қылмыстар қатарына кірмейді, осы себептен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жасау барысында қауіп төнетін қоғамдық қатынастарға зардап келтіре алмайды. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар тобына кіретін барлық қылмыстар, ең алдымен, қоғамымыздың ең құнды байлығы - халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қиянат жасайды. Сондықтан да, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге кіретін бұл қылмыстар тобының объектісі, біздің ойымызша, тек қана халықтың денсаулығы болып табылады [4,6.148].

Қылмыстық-құқықтық объектісі ретіндегі халықтың денсаулығының мазмұнын ашу үшін оны әр түрлі аспектіде қарастырып шығу керек.

Қылмыстық құқық оқулықтарында және қылмыстық құқық қурстарында халықтың денсаулығының түсінігі толық ашылмаған. Әдебиеттерде халық денсаулығының медициналық және социологиялық түсініктері берілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық деп аурулар мен табиғи жетіспеушіліктердің болмауы ғана емес, сондай-ақ табиғи, психикалық және әлеуметтік жақсы күй ретінде қарастырады. Бұл халық денсаулығының медициналық анықтамасы. Әлеуметтану және әлеуметтік гигиена әдебиетінде халық денсаулығы белгілі бір қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығының жеке өзіндік деңгейлерінің жиынтығы ретінде анықгалады, ол адамның максималды ұзартылған жеке өзінің өмір аралығында денсаулығының және шығармашылық еңбек ету қабілеттілігінің ең жоғарғы шегіне жету мүмкіншілігінің деңгейімен сипатталады [5].

Әлеуметтанушылар, сондай-ақ, халықтың денсаулығын халықтық және мемлекеттік жақсы күйдің басты негіздерінің бірі ретінде қарастырады. Ол жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен рөліне, дәстур мен салтқа, биологияық факторлар мен географиялық ортаға және т.с.с. тәуелді адамдардың қызметінің психо-эмоционалды жағдайы, тәрбиесі, тұрмысы, еңбегі сияқты әлеуметтік-зкономикалық және табиғи факторлармен сипатталады [6,6.13].

B. Н. Смитиенко, халық денсаулығының заңды әлеуметтік және кәдуілгі табиғатын қарап шығып, оны «адамзат қоғамы жақсы өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ететін халыққа қанағатты табиғи және психиқалық күйді жүзеге асыруда пайда болатын және қалыптасатын қоғамдық қатынастардың негізделген тобы» ретінде анықтайды [7,6.36]. Сондай-ақ ол басқа ғылыми еңбегінде халық денсаулығының мынадай жүйесін көрсетеді:

  1. денсаулық, әлеуметтік-саяси байлық;
  2. денсаулық, адамдардың рухани өмірінің байлығы;
  3. денсаулық, әлеуметтік өмірдің қажетті элементті [8,6.18]. Бұл анықтама халық денсаулығының жалпы түсінігі.

Н.А. Мирошниченко халық денсаулығының анықтамасын былай көрсетеді: «Халықгың денсаулығы деп белгілі бір денсаулық сақтау ережесін бұзбай адамның гармониялық дамуын қамтамасыз ететін біртектес қоғамдық қатынастар жиынтығы» [9,6.5].

Ал, қазақсгандық зерттеуші Г.Х. Феткулов өзінің зерттеу жұмысында халықтың денсаулығын, «адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті, олардың табиғи және психикалық аман-саулығын көрсететін, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың тобы», - деді еңбегінде [10,6.14]. Негізінде денсаулыққа қатысты анықтамалармен жоғарыда көрсетілген авторлармен, біздің ойымызша, келісуге болмайды, өйткені денсаулық, ол адам организмінің қандай да бір күйі. Ал, қандай да бір қоғамдық қатынастар тобы халықтың күйін, аман-саулығын қамтамасыз етеді.

Денсаулықтың немесе халық денсаулығының түсінігінің өзі медицина да, психология немесе психиатрияда да күрделі жағдай. Денсаулықтың түсінігіне қатысты көзқарастар мен анықгамалардың сансыз екендігі туралы П.И. Кальдың жұмысы дәлел, онда денсаулықтың анықтамасы берілген [11,6.80]. Солардың 22-інде психикалық (ақылдылықты), 7-інде психологиялық (рухани), тағы 9-ында өзінің контексі бойынша психологиялыққа жақын әлеуметтік денсаулық түсінігінің анықтамасы берілген. Осыларды ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген анықтама қолайлы деп санаймыз: денсаулық аурулар мен табиғи жетіспеушіліктердің болмауы ғана емес, сондай-ақ табиғи, рухани және әлеуметтік жақсы үй. Сонымен қатар зерттеуші А.Л. Катков осы анықтамаға халықтың психикалық денсаулығы деген құраушыны қосу керек дейді [12,6.16]. Денсаулықты немесе халық денсаулығын құраушыларды осылайша жүйелі түрде анықтау қазіргі өркениет тәжірибесін, қоғамдық даму дәрежесін және адамзаттың қазіргі сана-сезімін ескере отырып анағұрлым құнды және дұрыс құрастырылған деп санауға болады. Бұл ұстаным Б.С. Сарсековтың монографиялық зерттеу жұмысында да орын алған [13,6.98].

Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, «халықтың денсаулығы дегеніміз - қылмыстық заңмен қорғалатын, адамдардың қажеттілігін қанағаттыруға қабілетті, олардың табиғи, рухани, әлеуметтік және психикалық аман-саулығын көрсететін күйі».

Халықтың денсаулығы - құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің объектісі ретінде, ең маңызды әлеуметтік игілік адамдардың денсаулығын сақтауға қатысты пайда болатын және болып отырған қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын ұсынады. Бұл қылмыстар өзінің объектісі бойынша ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің бірінші тарауында қарастырылған қылмыстардан (Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар) ерекшеленеді.

Біріншіден, зиян келетін адамдардың шеңбері бойынша жеке қылмыстарды жасауда кінәлі белгілі бір адамға қол сұғады, ал талданып отырған қылмыста зиян белгісіз көп адамдарға келуі мүмкін. Екіншіден, зардап келтіру сипаты бойынша. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарда іс- әрекетті аяқталды деп тану үшін нақты зиян келтіру қажет, ал құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру аяқталды деп, халықтың денсаулығына зиян келтіру қауіптілігі төнгеннен бастап санаймыз. Үшіншіден, субъективтік белгілері бойынша. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің бірінші тарауындағы қылмыстарда қасақана адамның өмірін айыруға, дене жарақаттарын (ауыр, орташа және жеңіл) салуға т.б. бағытталған. Қарастырылып отырған іс-әрекеттерде есірткілерді тұтынуға немесе өткізуге бағытталған.

Қылмыстық құқық ғылымы берген қылмыстың топтық объектісі түсінігінің анықтамасына сәйкес, қарастырылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып халықтың денсаулығын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ететін, қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан да, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің топтық объектісі халықтың денсаулығы болып табылады [4,6.44].

Қарастырылып отырған қылмыстың заты туралы мәселенің теориялық және практикалық мәні бар. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 300-бабының мазмұны, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер бұл өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің заты екендігін көрсетеді.

1959 жылы қабылданған Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді еккені немесе өсіргені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын екі бап бар, олар: «Майлы көкнәрді және зығырды заңсыз егу немесе өсіру» (212-1-бап) және «Өсіруге тыйым салынған апиынды көкнәрді және зығырды егу немесе өсіру» (213- бап). Дәл осындай баптар бұрынғы Одақ республикаларының Қылмыстық кодекстерінде қарасгырылған. Ол бапталар құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тізімі көрсетілген, олар: апиынды көкнәр, үнді, Оңтүстік Маньчжүр, Оңтүстік Архон, Оңтүстік Краснодар зығырлары (213-бап) және майлы көкнәр сондай-ақ жоғарыда аталған зығырлардың түрі басқа зығыр. Осыған байланысты заңгер ғалымдардың арасында әр түрлі пікірлер мен келіспеушіліктер бар.

2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылып отырған қылмыс бір ғана 300-бапта көрсетілген. «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру». Заң шығарушы құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің түрлерін жеке-жеке көрсетпей жалпы атап отыр, біздің ойымызша, бұл өте дұрыс. Бірақ баптың бірінші тармағында өсіруге тыйым салынған өсімдіктер: сораны, көкнәрді немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сұрыптары деп көрсетеді. Яғни Қазақстан аймағында сораның және көкнәр сорттарын басқа да есірткілік өсімдіктер өседі және оларды еккені немесе өсіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Бұл санаттағы ісгер бойынша міндетті түрде сарапшылық практикасы өсімдіктің құррамында алколоидтың немесе тетрагидро-каннабионолдың бар-жоқтығын анықтай алады. Сонымен қатар, көкнәрді және сораны зерттеу ілімі және практикасымен, дақылдандырылатын көкнәр сорттарының барлық түрлері құрамында негізі құраушы морфин болатын алколоид, сора сорттарының басым көпшілігінде тетра гидроканнабинол бар екендігі анықталып отыр. Бұл алколоид және тетрагидроканнабинол жоғарыда аталған өсімдіктерден жасалынатын есірткілік заттардың негізгі қасиетін анықтайды.

Заң әдебиеттерінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің заты ретінде заңды көрсетілген өсімдіктерді, яғни, апиынды көкнәрді, үнді оңтүстік Шу және Оңтүстік Маньчжур зығырын қарастыру керек деген [14,6.122]. Ал, М.Л. Хоменкер мен А.А. Кузьмин осы өсімдіктермен қатар өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктерді атайды. [15,6.58].

Ал өзбек ғалымдары Н.И.Ожиганов пен М.М.Кадыров бұл тұжырыммен келіспей, былай дейді: «Біздің ойымызша, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер, оларды егуде және өсіруде қылмыстың құралы ретінде болады. Бұл өсімдіктерді егуде қылмыстың құралы оның тұқымдары болады»[16,б.32].

Бұл мәселені шешу үшін, қылмыстық құқық ғылымының қылмыстың заты туралы берген түсінігінен және оның қылмыстың объектісімен қатыстылығынан бастауымыз керек.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың заты туралы әр түрлі көзқарастар бар. Олардың мәні бойынша оларды екіге белуге болады: 1) көптеген ғалымдардың пікірі бойынша қылмыстың заты материалдық әлемнің нәрселері мен заттары, субъект оларға эсер есе отырып қылмыс объектісіне зиян келтіреді [17]; кейбір авторлар, керісінше, қылмыстың затына материалдық заттардан басқа және идеологиялық байлықты жатқызады [18,6.28].

Бұл мәселе бойынша дауға терең берілмей, біз бірінші көзқарасты бөлісеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и советский уголовный закон. -Алма-Ата, 1973. - С.56.
  2. Хаметова Ж. Некоторые изменения в уголовном и административном законодательстве PK // Вестник Атырауского государственного университета им. Х.Досмухамедова. - Атырау, №2(37), 2015. - С.136.
  3. Гришанин П.Ф., Владимиров В.А. Преступления против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения. - M.,1972. - С.30.
  4. Кадыров М.М. Уголовно-правовая борьба с незаконным возделыванием наркотикосодержащих культур.-Ташкент, 1991. - С. 44-48.
  5. Лисицын Ю.П. Социальная гигиена и организация здравоохранения. M., 1973. - С.18.
  6. Смулевич Б.Я. Народное здоровье социология. - M.: Медицина, 1965. - С.13.
  7. Смитиенко В.Н. Объект преступлений против здоровья населения.- Омск. Высш. Шк. Милиции, 1973. - С.36.
  8. Смитиенко В.Н. Уголовно-правовая охрана здоровья и населения в СССР.-Киев, 1989. - С. 18.
  9. Мирошниченко Н.А. Уголовная ответственность за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку или сбыт наркотических веществ: Автореф. - Харьков, 1984. - С.5.
  10. Феткулов Г.Х. Уголовно-правовая борьба с незаконным изготовлением, приобретением, хранением, перевозкой, пересылкой, либо сбытом наркотических средств или психотропных веществ (по материалам PK): Автореф.- Алматы, 1999. - С. 14.
  11. Калью П.И Сущностная характеристика понятия «здоровье» и некоторые вопросы перестройки здравоохранения // Медицина и здравоохранение. Серия: Социальная гигиена, организация и управления здравоохранением.- M.,1988. - С.80.
  12. Катков А.Л. Теория, практика формирования психического здоровья.- Костанай, 1998. - С. 16.
  13. Сарсеков Б.С. Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления,- Алматы. 1998. - С.98.
  14. Анисимов Л.Н. Наркотики: правовой режим. - Л. 1974. - С.122.
  15. Хоменкер М.Л. Борьба с преступлениями, связанными с наркотическими веществами. - Ташкент, 1976. - С.38.
  16. Ожиганов Н.И., Кадыров М.М. Уголовно-правовая борьба с преступлениями, связанными с наркотическими средствами.-Ташкент, 1989. -С.32.
  17. Загородников Н.И. Советское уголовное право. Общая и Особенная части.- M., 1976. - С.56.
  18. Глистин В.К.Проблема уголовно-правовой охраны общественных отношений. - Л., 1979. - С.28.
Жыл: 2020
Қала: Атырау
Категория: Экономика