Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Рухани жаңғыру» идеясы және «жады орындары» концепциясы

Аңдатпа

Мақалада «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік мәселесі Француз теоретигі Пьер Нораның «lieu de memoire» («жады орындары») концепциясы аясында қаралады. Ұлттық жады орындарының маңызы, мәні және Қазақстанның батыс өңірлеріне тән жады орындарының көріністері талқыланып, тәуелсіздік жылдары қоғамдық сананың және жады орындарының өзгеріске ұшырау тенденциялары нақты мысалдар арқылы қаралады. Жады орындарының мәдени кеңістіктегі өзгерістерінің мәдени, құндылықтық, тарихи, діни және т.б. алғы шарттарына талдау жасалды. Коммеморациялық процестердің ұлттық сананың өзгеруі, құндылықтық және дүниетанымдық дәстүрлі парадигмаларды қайта қалыптастыру барысында сакральды орындардың мәдени айналысқа қайта енгізілуі сияқты актілермен байланысы дәйектеледі. Аталған өңірлерге тән болып келетін кейбір жады орындарына нақты талдау жасалады. Тәуелсіздік қалыптасу кездерінде жаңадан ұлттық жады реестеріне енген объектілердің мәні мен рөлі талданды. Жады орындары ұлттық мәдени кеңістікте қоғамды біріктіру және сәйкестендіру бағытында маңызды екені аталып өтеді.

Қазір еліміздің гуманитарлық ғылымы мен саяси-идеологиялық дискурсінде кеңінен тарап отырған ұғымның бірі - «Рухани Жаңғыру» сөзі. Елімізде осы бағдарламаға байланысты көптеген шаралар өтуде. Бұл бағдарлама ғылыми-теориялық ізденістен басталғанымен кейінөкінішке орай идеологиялық конъктуралық кезекті шаралардың бір түріне айналды. Оның осылай ғылыми қолданыс аясынан шығып, кез-келген кезекті шараларға тақырып болып тіркелетін бұқаралық лексиконға айналуы оның алғашқы мәні мен мақсатынан айырды деуге болады. Сондықтан бұл бағдарламаның ғылыми танымдық және ұлттық идеологиялық актуалдығын арттырудың бірден бір жолы, оны ғылыми-әдістемелік, теориялық тұрғыдан негіздеу деп санаймыз. Ол үшін әлемдік ғылымдағы теориялық ізденістер мен тәжірибелерді қарастырып, олардың жетістіктерін, әдістемелік трендтерін өз қажетімізге жарату керек. Философия ғылымының тұрақты зерттеу бағыттарының бірі-сана мәселесі екені белгілі. Соның ішінде қоғамдық сана, ұжымдық сана феномендері жаһандық тенденциялармен байланысты үнемі зерттеуді, қозғалыс траекторияларын айқындауды, болмыстық мәнін зерттеп, жүйелеуді қажет етеді. Қоғамдық немесе этносана болмысындағы өзгерістер осы ғасырдағы саяси-әлеуметтік, мәдени қозғалыстармен тығыз байланысты. Соның ішінде посткеңестік елдердегі қоғамдық сана мен қоғамдық жады мәселесі ерекше мәдени феномен ретінде қарастыруды қажет етеді. Кез-келген саяси-мәдени трансформация түбегейлі өзгерістерге, парадигмалар, дискурстар ауысуына әкеліп отырады. Соның нәтижесінде әлеуметтік кеңістіктегі, мәдени ландшафтағы жады орындарының да дүниетанымдық, аксиологиялық бағыт- бағдары, символикасы өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде тарихи, мәдени процессгерді түсіндірудің жаңа әдістері мен парадигмалары кеңінен қолданылуда. Осындай тың әдіс версияларын қолдану ұлттық тарихи сананы зерттеудің жаңа қырын ашуға көмектесетіні сөзсіз. Соның бірі француз теоретигі Пьер Нораның (Pierre Nora) «lieu de memoire» («жады орындары») концептісі. Электрондық энциклопедия оның мынандай анықтамасын береді. «Выделяются три вида изменений в ансамбле национальных «lieux de memoire». Во-первых, отдельные из них могут быть забыты или вытеснены из памяти. Во-вторых, бывает, что забытые «места памяти» заново приобретают своё значение. В-третьих, можно изучать перемены коллективной памяти и в тех «lieuxdememoire», которые беспрерывно имели и имеют своё место в коллективной памяти нации. Значение, которое сообщество ассоциирует с определёнными местами памяти, не обязательно остается неизменным в течение истории. [1]. Еліміздегі «lieux de memoire» феноменін қарайтын болсақ, біз қазақстан тарихында оның бәрінің де көрініс тапқанын көреміз. Қазіргі қоғамдағы көптеген әрекеттер жадыдан шығып қалған орындарды, ескерткіштерді қайта трансформация жасаумен байланысты болып отырғаны белгілі. Бұл жерде негізінен мемориалдық ескерткіштер туралы әңгіме болып отыр. Бірақ бұл жерде «жады орыны» қазір біз рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жиі әңгіме қылып жүрген «сакральды георафия» терминінен кең масшабты ұғым болып табылады. Ол туралы Л. Ульянова былай дейді: «Понятие «места памяти» шире понятия «сакральная геграфия». «Места памяти» по Пьеру Нора - не географическое объекты в узком смысле слова - это «своеобразные точки пересечения, на которых складывается и концентрируется память сообщества» [2]. Сондықтан жады мен тарих бір нәрсе емес. Оны П.Нордың өзі де айтады: «История- это всегда проблематичная и неполная реконструкция того, чего больше нет. Память - это всегда актуальный феномен, переживаемая связь с вечным настоящим. История же - это репрезентация прошлого. Память в силу своей чувственной и магической природы уживается только с теми деталями, которые ей удобны. Она питается туманными, многоплановыми, глобальными и текучими, частичными или символическими воспоминаниями, она чувствительна ко воем трансферам, отображениям, запретам или проекциям. История как интеллектуальная и светская операция взывает канализуй критическому дискурсу»[3, 19]. Осы жады мен тарихтың күрделі қатынасы қазақстандық қоғамға да тән. Кеңес одағының тарауымен бұрынғы «жадыорындары» өзгере бастады. Жаңа дискурстер, жаңа ұлттық сипаттағы мифтер, «сакральды география» басқаша сипат ала бастады. Бұл жердегі негізгі жұмыс кеңестік идеология кезінде үзіліп қалған сананы қалыпқа келтіру болып табылады. Кеңес кезінде ондай орындар халық а расы н да бейресми, тіпті жасырын сақталып, ұрпақтан ұрпаққа құжатталмаған күйінде таралып отырды. Тәуелсіздік алумен байланысты ондай орындар қайтадан ұлттық және мемлекеттік деңгейде статус ала бастады. Жалпы осының бәрі постколониальдық қоғамдық сананың қалыптасуының қайшылықтары болып табылады. Сондықтан да, «Тарихи сананы қалыптастыру мен тарих ғылымын жетілдіру тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болды. Осы кезеңдегі мемлекеттік тәуелсіздік, егемендік идеясын басты құндылық ретінде тану отандық тарих ғылымының қарқынды дамуына алып келді. Себебі, тәуелсіздік пен ұлттық тарих бір мақсатта қызмет етеді және ұлт мұраты ұлттық тарихи білімнің дамуымен тікелей байланысты»[4].

Осындай өзгерістер қазақстанның батыс өңірінде де кең тарай бастады. Жақын жатқан екі өңір, Батыс қазақстан мен Атырау да біраз құндылықтық өзгерістер болғанын көреміз. Бұрынғы алаңдар, демалыс орындары жаңа атау, жаңа символика ала бастады. П.Нора теориясына сүйенсек, кез-келген болған оқиғаны бір накты жерлермен байланыстыра қарасақ ол адамдардың есінде жақсы сақталады. Сондықтан қазақстанда советтік «қоғамдық кеңістіктерді» (Public spaces) ұлттық (қазақстандық) қоғамдық кеңістікке айналдыру процессі жүруде. Оның негізі-саясаттанған, ұлттан тыс мәдени тарихтан ұлттық-мемлекеттік форматқа өту. Осы жерде Морис Хальвакс (HaIbwachs) айтқандай «жадының әлеуметтік шегі» мәселесіне назар аударған жөн [5]. Олардың статустық деңгейі «қазақстандық жадының» поливерсиялығын байқатады: постсоветтік, ұлттық, жүздік, рулық, діни және т.б. Бірақ осылардың өзінің ішінде тағы да ұсақ бағыттар бар екені сөзсіз. Мысалы, діни ұстанымның ішінде әдетте шартты түрде «дәстүрлі» және «радикалдық» деп аталатын бағыттары әртүрлі жадының сигнификаттары болып табылады. Дегенмен, қоғамдық кеңістіктегі орны, жады орындарының тұрақты болып, кеңінен таралуы жағынан дәстүрлі діни бағыт басымдыққа ие болып келеді. Себебі, еліміздегі мазарлар, қорымдар, діни-мистикалық сипаттағы қасиетті орындар түгелдей дерлік дәстүрлі сананың объектілері болып келеді. Қазір радикальдық (жат ағымдар) деп аталып жүргендіни топ керісінше осындай статусқа жетуге барынша ұмтылыс жасап, дәстүрлі діннің жады объектілерін терістеуге ұмтылып жүргені белгілі. Кезіндегі зираттарды қирату мысалдары осы пиғылдың көрінісі екені сөзсіз. Бірақ бұл жерде олардың ұстанымы тарихи қалыптасқан дәстүрлі діни жады тұрғысынан қарсылыққа ұшырауда. Сондықтан тарихи коммеморация тұрғысынан олардың ұлттық мәдени ландшафта орнымүлде жоқ деуге болады.

Ұлттық сәйкестікті Qdentitas) іздеу, советтік тарих пен санадан ұлттық жадыға өту үшін жаңа тарихтың қаһармандарын іздеу кейде күтпеген көріністерге әкеліп жатты. Мысалы, Атырау қаласында әкімшілік алдында кезінде халыққа беймәлім тарихи тұлға - Бейбарыс ескерткіші пайда болды. Бұрынғы советтік жадының негізгі объектісінің бірі-Ленин ескерткіші қаланың бір шағын ауданына көшірілді. Алып гранит Ленин саябақтан орын тепті. Сонымен бүкіл еліміздегі сияқты кеңес (арғы жағында ресей) билігінің жады ескерткіші жойылды. Өңірдегі билік үйінің алдында султан Бейбарыс ескерткіші пайда болды. Сұлтан Бейбарыс-ХІІІ ғасырда Мысырда билік құрған мамлюк султаны. Оның ескерткішінің өңірдегі жергілікті билік ғимаратының алдына орнауы әртүрлі кереғар көзқараста туғызды. Соған қарамастан ескерткіш алаңның символы на айналды. Өңірдегі басқа да тарихи тұлғалардың барына қарамастан Бейбарыстың орталық алаңға орналасуына оның Египетте зор даңққа ие болған қыпшақ екені, оның қартайған шағында билігі мен байлығын тастап қазақ (қыпшақ) даласына қайтып келгені жайлы миф зор эсер етті. Осы жерде сондай аргументтермен қатар жергілікті менталитет үшін мүмкін шешуші болған мы на детальді айта кеткен жөн. Кейбір зерттеушілер оны жай қыпшақ қана емес, «беріш» руынан шыққан деп санайды. Бұл әңгіме негізінен беріш руы тұрақтанған өңір үшін шешуші фактор болғаны сөзсіз. Осы жағынан Бейбарыстың жергілікті жады орнындағы басты фигураға айналуын жергілікті жасырын болса да жүретін трайбализм контексінде қарауға да болатын сияқты. Осылайша орта ғасырдағы, бұрын қазақтар естімеген мамлюк сұлтаны осындай құрметке ие болды. Оның бейнесі қандай символикалық, семиотикалық жүк арқалап тұр дегенге келетін болсақ, оның бірнеше нұсқасын қарастыруға болады: 1. Ұлттың рухын көтереді, архетиптік арғықыпшақтық немесе жалпы түріктік біріктіруші символ деп санауға болады. 2. Елін іздеп келгені отандық патриотизмге оң ықпал етуге керек. 3. Жаханданудың жат ұғым еместігін білдіреді. 4. Мұсылман әлемімен оңқатынасқаықпалетеді. Әрине, оның ескеркішінің мәдени немесе басқа да әлеуметтік институт ғимаратының емес, аймақтық билік ғимаратының алдында тұруы да өзіндік символизмге ие. Сонымен қатар Бейбарыс образын «мәңгілік қайта оралу» идеясы аясында интерпретация жасауға да болады. Бұл жерде отандық тарихты тарихи және посттарихи кезеңдер парадигмасы бойыншаталдау қажеттігі туады. Себебі, осындай методологиялық қағиданың шеңберінде ұлттық жады трансформациями да әлдебір өз бастауларына қайта оралу түрінде түсінуге мүмкіндік болады. Осы жағынан Бейбарыс бейнесі отандық (қазақ) тарихын көп жылдар бойы қалыптасқан қасаң ресейшіл-кеңестік тарих парадигмасынан сәлде болса шығаруға мүмкіндік берді.

Атырауда ең үлкен алаң «Исатай-Махамбет» атымен аталады. Бұл ақын мен көтеріліс басшысының тамдемі тарихи тұрғыдан сақталған, кеңес үкіметі идеологиялық жағынан қолдаған (ресми рұхсат еткен)ұлттық образдардың бірі болып табылады. Олардың осы алаңда пайда болуы ешкімнің күмәні мен қарсылығын туғызған жоқ. Бірақ, бұл жерде мына факторға назар аударған жөн. Кеңес үкіметі кезінде олардың антиподы Жәңгір хан және оның айналасы саналды. Сондықтан көтеріліс антиколониальдық немесе патшалық Ресейге қарсы емес, әлдебір таптық күрес идеясының ауқымына сиятын қарсылық тұрғысында қаралды. Дегенмен тәуелсіздік бұл догматқа өз өзгерісін енгізді. Шын мәнінде оның өліміне тікелей себепші болмаған Жәңгір ханда тарихи тұлға ретінде тарихтан өзінің оң орнын алды. Ұлттық тарих пен ұлттық жады жағынан оның тек хан ғана емес, мектеп ашқан, прогрессивтік тұлға ретіндегі еңбегі ескерілді. Сонымен қатар оның ұлттың алғашқы чиновниктік-әкімшілік аппарат өкілі ретіндегі жағымды тарихи бейнесі де қалыптаса бастады. Ақырында қоғамдық сана мен ғылыми зерттеулерде таптық күрес теориясынан ұлттың мүддесі, ұлттық тарихтың объективтігі қағидасы жоғары болып шықты. Енді қазір ұлттық бірліктің белгісіндей Орал қаласында Махамбет және Жәңгір хан атындағы екі оқу орны бар. Ұлттық бірлігі символы дегенде біз мынаны ескеруіміз керек, біріншіден, хан мен қара халықтың арасындағы таптық қайшылық пен теңсіздік туралы көзқарастар басылды, екіншіден, осыған байланысты көп жылдар бойы жалғасып келген жергілікті рулар мен әлеуметтік топтар арасындағы жасырын қайшылықтар шешілгендей болды.

Сонымен қатар, қазіргі «жады орындарындағы» кейбір пародокстерге назар аударған жөн. Мысалы, кеңес үкіметінің, азамат соғысының батырларына деген көзқарастың түбегейлі өзгергеніне қарамастан Батыс қазақстан облысың Чапаев атындағы селосы өз атын сақтап қалды және селода Чапаевқа арналған музей де жақсы күтіммен жұмыс істеп тұр. Жергілікті халықтың аргументе Чапаев өңірді ақ казактардан азат еткен дейді. Осылайша ол ұлтына қарамастан революциялық қаһарманнан әлдебір ұлттық батыр статусы на көтерілді. Демек, бұл жерде революциялық күрес идеясы ұлттық күрестің мүддесіне сәйкес келген деуге болады.

Тағы бір назар аударатын тарихи-мәдени коммеморациялық феномен мынау. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасыр басында қазақтардың арасында урбанизациялану процессі күшейе бастағаны белгілі. Ал ұлттық «жады орындары» негізінен қалалық кеңістік емес, дала кеңістігінде орналасқан, осы тұрғыдан ол ландшафтық ортамен тұтастық құрады. Бірақ ұлттық жады ресми тарихпен қатар өмір сүреді және ұлт тарих пен жадының арасында антимомиялық қайшылықта тұр. Жады бірнеше ішкі қайшылыққа ие. XX ғасырдың тарихы жадының метаморфозын туғызды. Әуелі ұлттық жадыны тарих (кеңестік, ресейлік колониальдық ығыстырды) енді кері құбылыс ұлттық тарих жадыға айналған кеңестік тарихты ығыстыруда. Ал қазір жадыдан да тарихтан да тыс ұрпақ пай да болды. Енді ұлттық жады орындарының далалық сипатына келер болсақ, мысалы, Маңғыстаудағы «Бекет Ата» қорымы және тағы басқа орындар осының айқын дәлелі. Далалық шексіз кеңістікке орналасқан ол орындар жадыдағы координаттық жүйеде топонимикалық маркер ролін ақтарып, сакральді орын ретінде сақталған. Бірақ олардың осындай өркениеттік ортадан алыс орналасуы кейбір қиындықтар туғызады, туризм және туристік бизнес тұрғысынан да солай. Жоғарыда айтылғандай, қаланың дамуы нәтижесінде табиғи кеңістіктегі қол жетімсіз объектілер сигнификаты қалалық локальдық кеңістікке көшіріледі, қалалық мәдени ландшафтының бөлігіне айналады және мәдени-коммуникациялық процеске қосылады. Себебі, қазір қазақстанда урбандану процессі қарқынды жүруде екені белгілі. Бұл соңғы ғасырларда бүкіл әлемге тән құбылыс болып отыр. Өткен XX ғасырда бұл қозғалыс баяу болды, оның өзіндік себептері де болды. Сол себептен елдің қалаларында ұлттық жады элементтері көп тараған жоқ. Қалалық ландшафт ресми сипат ұстанды, онда саяси белгілермен қатар әлдебір ұлтсызданған (ол кезде «интернациональдық» аталған) белгілер басым болды. Тіпті кей жерде қала мен ауылдардағы қорымдардың өзі «ноғай бейіті» деген атау алды, яғни, қазақи немесе қазақ сөзімен байланыстырылған онимдер сирек болды. Соған қарамастан ұлттық жады бейсаналық деңгейде болса да кейбір атауларды сақтап отырды. Мысалы, Гурьев қаласын-Үйшік, Орал қаласын Теке деп атау бүгінге дейін бейресми түрде жетті. Оның өзі қаладан емес, далалық сананың әлдебір архетиптік түкпірінен шыққан деуге болады. Бұл тіпті ауыл (село) тұрғынының санасы емес, сонау көшпелі өмірдің көзіндей қырдағылардың (елдің), кезінде қырғын мен қуғын көрген даладағы қазақтың санасыныңжұрнағында сақталған атаулар. Бұл қала атаулары бейсаналы түрде «айдалып кету», «ұсталып кету», «соғысқа кету» сияқты негативтік оқиғамен немесе сол жақтардан оралу, «оқудан келу», «армиядан келу» дегендей позитивті жағдайлармен байланыстырылады. Енді қазір жағдай өзгерді, ауылдан қалаға миграция көшінің үдеуіне байланысты ұлттық жады да тың сандық және сапалық өзгерістерге ұшырай бастады. Соның ішінде аудан, ауыл тұрғындарының қалаға келуі қалалық топономия кеңісігіне, әлеуметтік страттық қатынастарға өзгеріс енгізді. Аудандықтар кіші отанының (атамекен, туған жер, село, ауыл) белгісі ретінде оның атауын урбонимдерге айналдырады, әсіресе олар эргоурбоним ретінде кеңінен тарауда, яғни, магазин, мейрамхана және тағы басқа кәсіпкерлік атауға ие болады. Осындай жағдай батырлардың, ақындардың, рудың белгілі адамдарының аттарын қалаға көшірумен де байланысты бола түсуде. Көптеген көше және тағы басқа атаулардың арғы жағында жүздік болмаса рулық топтардың лобби командасы тұру фактысы болуы мүмкіндігін де айта кеткен жөн. Негізі рулық сипатқа ие оларға көшелер беріледі, ескерткіштер қойылады. Бірақ бұл жерде кейбір қайшылықты проблемалардың барлығын айта кету керек. Ол қалалық кеңістікке енгізіліп жатқан атаулардың (көше атаулары, эргоурбонимдер, әсіресе этноэргоурбонимдер) кейде жалпы ұлттық немесе жалпы қазақстандық мәдени идентификация тұрғысынан түсініс таппай жатуы, себебі, олар туралы ақпарат беру жұмысы қажетті деңгейде жүргізілмейді немесе тарихи дерек мардымсыз болады.

Осылайша рулық, ұлттық жады өзін жаңа форматтарда перезентациялайды. Әрине, қазақстанның барлық жерінде дерлік жергілікті тұлғалармен қатар жалпы ұлттық деңгейдегі тұлғалардың есімдері кеңінен қолданыс табуда. Олар жалпы ұлттық, мемлекеттік жадыны біріктірушілер. Ал жүздің, рудың локальдық тұлғалары жергілікті тарихты жасаушылар, өлкетанушылық тұрғысынан халық қаһармандары. Бірақ олардың істері мен сөздері кейде рулық деңгейден шығып жалпы халықтық сипатта алып жатады. Болмаса мүдделі топтар немесе жергілікті билік сондай деңгейге көтеруге тырысады. Сондықтан оларға арналып салған ескеткіш, күмбездер, берілген астар міндетті түрде отандық тарихпен, оның тәрбиелік, әсіресе патриоттық мәнімен, әлдебір кезекті ресми шара, жобалармен ұштастырылады. Осылайша қалалық кеңістікті игерудің бір формасы ретінде ұлттық жадыны трансформациялау жүзеге аса бастайды. Осының бәрін қорытындылай келе айтарымыз, «рухани жаңғыру» идеясын іске асыру барысында оның философиялық-мәдениеттанымдық, тарихнамалық аспектілеріне басқа елдердегі ғылыми теориялар тұрғысынан да назар аударып, бағдарламаның ғылыми терминдік, концептуальдық өрісін кеңейткен жөн. Ондай теориялық ұстанымдарды қолдану бір жағынан сол бағыттағы ғылыми ізденістерді тереңдетіп, екінші жағынан біздің зерттеулерімізді шетелдік ғылыми қоғамдастыққа түсінікті етері сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Материалы свободной энциклопедии Википедия. Определение «Место памяти» // Электронный ресурс. URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/ Место_памяти (дата обращения 30.10.2015).
  2. Ульянова Л. «Сакральная география» как научная концепция. //Журнальный клуб Интелрос «Самопознание» №1,2015. Электронный ресурс: www.intelros.ru.
  3. Франция-память / П. Нора, М. Озуф, Ж. де Пюимеж, М. Винок. - СПб.: Изд-воС.-Петерб.ун-та,1999 - С. 328
  4. Қуаныш С.О., Т.К.Каирова Т.К., Нұрлыбек Н.Н.«Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде отандық тарих ғылымының дамуы // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы.- 2018. -№ 3 (50). - 11-17 бб.
  5. Хальбвакс М. X. Социальные рамки памяти I Пер. с фр. и всгуп. статья С.Н. Зенкина M.: Новое издательство, 2007. - С. 348- (А).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.