Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биология сабағын әртүрлі әдістермен өткізудің тиімділігі

Аңдатпа

Биологиялық сабақтарды әртүрлі әдістерді пайдаланып, көрнекіліктерді көбірек қолдану арқылы, әсіресе тірі өсімдіктерді көбірек қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Өсімдіктердің гүл құрылыстарындағы айырмашылықтарды өздерінің ойланып айтуларына мүмкіншілік беру арқылы оқушылардың ойлану қабілеттерін жетілдіруге септігін тигізеді. Оқушылардың белсенділігін көбірек ояту үшін ойлануға бағытталған тапсырмаларды беру сабақтың тиімді болатындығындығын білдіреді.

Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізілуде.Бұндай жаңашылдықтың мақсаты - сабақ өткізудің әдіс тәсілдерін кеңейтіп, оқушылардың біліктіліктерін арттыру. Сабақ тек білім беріп кана қоймай, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, болашақ білімді маман иесі болуы үшін біліктілігін қамтамасыз етерліктей етіп тәрбиелеуге жұмыстанады. Оқу әдістерін түрлендіріп сабақ өткізуді әр жастағы оқушылар әртүрлі қабылдайды[1].

Баланың шығармашылық қабілетін ынталандыратын оқытудың ықпалды жүйесі қабілеттілікті қалыптасгыру және дамыту үшін шығамашылық процестің ерекше сипаты қажет, ол барынша күш жігерді талап ететіні сөзсіз[8).

Оқушылардың сабақ өткізудің әртүрлі әдістерін қабылдауын педагогигалық зерттеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Педагогигалық зерттеудің қалыптасқан әдісіне оқушылардың оқу әдістерін меңгеруін, тақырыпқа байланысты табиғи жағдайда болып жатқан құбылыстар мен процестерді кабылдауын және алған білімдерін жеткізе білуін бақылау жатады.

Осы мақсатта «Күрделігүлділер тұқымдасы - кең таралған өсімдіктер» деген тақырыбындағы сабақ жоспар бойынша өткізілді. Сабақ оқушылардың білім деңгейінің дәрежесіне талдау жасау үшін екі сыныпқа екі түрлі әдіспен өткізілді[2). Екі сыныпқа қатар өтудегі сабақтың мақсаты: оқушылардың Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер түрлерінің әртүрлілігі мен маңызы, биологиялық ерекшеліктері туралы біліктілігін арттыру және қандай әдісті қолданғанда жаңа сабақты меңгеру мүмкіндігінің жоғары болатындығын анықтау болды.

Оқушылардың дамытушылығын арттыру мақсатында биологиялық ғылыми тілмен сөйлеуге, өз ойларын жеткізуге, өсімдік белгілерін салыстыра білуге, биологияға қызығушылығын арттыруға, топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыруға бағытталып жоспарланды.

Тәрбиелік мақсатта оқушылардың бір біріне қарым-қатынастарын адамгершілік, ұйымшылдық, адалдық бағытында тәрбиелеу; басқалардың пікірімен санасуға, мектеп тәртібін сақтауға тәрбиелеу жұмысы бірге орындалды.

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын еске түсіре отырып, оларды қорғауға үйрету бағытында экологиялық тәрбие беру үшін мектеп ауласында өсетін өсімдіктердің кеппешөптері мен суреттері алынды.

6 «А» сынып оқушыларына сабақ дәстүрлі оқыту әдісі бойынша өтілді. Сабақта интерактивті тақта, кеппешөптер жиынтығы, үлкейтілген өсімдіктер суреттері, үлестірмелі материалдар, тірек-сызба нұсқасы көрнекіліктері пайдаланылды. Ол үшін интерактивті тақтадан күрделігүлділер тұқымдасының бірнеше өкілдері - күнбағыс, бақбақ, өгейшөптің суреттері көрсетіліп, олардың көзге көрініп тұрған морфологиялық белгілері(тіршілік формасы, сабағы, жапырағы, гүл шоғыры, жеке гүлі, жемісі) өткен сабақта танысқан итмұрынның суреттерімен салыстыру арқылы сұрақ жауап түрінде талқыланды.

Жаңа сабақты бекіту кезінде «Көршіңмен ақылдас», «Ортаға ойыңды сал»деп шапшаңдыққа ұмтылдыру үшін осы өтілген жаңа тақырып бойынша тапсырмалар таратылды.

Бағалау кезеңінде ауызша тексергенде кей оқушылар баяу сөйлейтіндіктен уақытты үнемдеуге арналған сұрақтар дайындалды. Білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіре бағалау жүзеге асты. Сабақтың соңында оқушылардың жұмыстарын бағалау үшін білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критерийлері бойынша бағаланды. Оқушылардың білім көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілді. Білім сапасы 86 пайызды құрады.

6 «Б» сыныбындағы оқушыларға сабақ түсіндіру кезінде проблемалық (мәселелік) әдіс қолданылды. Проблемалық мәселені шешуде керекті білімділікті, ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті, үлкен белсенділікті талап етеді. Проблеманы тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқуматериалдарын меңгерту, баланың ақыл-ой қабілетін ойлануға бағыттап көбірек жұмыс істету.

Осы мақсатта 6«Б»сыныбындағы оқушыларға сабаққа тез бейімделу үшін шапшаң жауап беруге арналған сұрақтар қойылып әртүрлі тапсырмалар «Оймаржан», «Ойлан - шешуін тап», «Жасырын сөзді тап» (әр командаға алдын ала кесте түрінде дайындалған) тапсырмалар таратылды[3].

тұқымдастар

морфологиялық белгілері

 

алма

жидек

дэнек

тұқымша

бұршақ

бұршаққын

жаңғақ

Бұршақгүлді

Д

ш

Қ

к

M

л

3

Алқагүлді

ж

а

У

P

п

Д

б

Күрделігүл

а

е

л

Қ

с

т

Ә

Раушангүлді

с

г

ы

о

в

H

Ғ

Астықгүлді

с

Ц

а

л

к

3

І

Қайыңгүлді

в

P

Д

3

X

е

P

Шаршыгүл

и

а

е

У

а

ы

к

1- Әр тұқымдастарға тән морфологиялық белгілеріне байланысты жасырын сөзді табыңыз.

(жауабы:мақсары) осындай тапсырмалар 4 топқа жеке дайындалды.

2-кезең. Жаңа сабақ презентациялар технологиясы арқылы сызба нұсқа бойынша түсіндірілді.Жаңа сабақты түсіндіру оқушыларға интерактивті тақта арқылы көрсетілген суреттерді талдаудан басталды[5]. Олардың көзге көрініп тұрған морфологиялық белгілері (тіршілік формасы, сабағы, жапырағы, гүл шоғыры, жеке гүлі, жемісі) өткен сабақта танысқан итмұрынның суреттерімен салыстыру арқылы сұрақ жауап түрінде талқыланып, оқушылардың өздерінің көргендерін жеткізулеріне мүмкіндік берілді. Мүмкіндігінше барлық оқушылар қамтылды. Соңынан тақырып толықтырылып түсіндірілді. Бекіту кезеңі күрделігүлділердің өкілдері туралы тез жауап беретін сұрақтар тақтада жазылып көрсетілді. Әр топқа таратылған тапсырмалардың орындалуы тексерілді, қорытынды бағалауда ескеріледі.

Екі сыныптың оқушыларының қорытынды бағаларына қарап, салыстырмалы түрде білім сапасы шығарылды. 2-кестеде көрсетілгендей білім сапасы 92 пайызды құрады.Осы деректерге қарағанда сабақта проблемалық әдісті қолданған оқушылардың білім деңгейлерінің жоғары болғандығын байқауға болады.

2-кесте. Оқушылардың білім деңгейлері

 

Оқушы саны

баға

Сапа

«5»

«4»

«3»

«2»

6 «А» сынып

28

10

13

5

-

86%

6 «Б» сынып

27

13

12

2

-

92%

Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы - сабақтағы атқарылатын жұмыс түрлерінің сан алуандығында[6].

Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой-өрісін арттыруға болатынын эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады [7].

Сабақта алуан түрлі әдісгер мен көрнекіліктер қамтамасыз етілсе оқушыларлар білім игеруде жетісгікке жететіні анықталды. Оны екі сыныпта екі түрлі әдіспен өткізілген сабақтың нәтижесі көрсетілген төмендегі кестеден де байқауға болады.

3-кесте. «6»А сыныптағы дәстүрлі сабақ қорытындысы

Тапсырма түрлері

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

оймаржан

+

+

-

+

үйге тапсырма

4-4-

+

+

+ 4-

бекіту

4-4-

+

+

+ 4-

қорытынды

4-4-

+

+

4-4-

4-кесте. 6«Б» сыныптағы проблемалық сабақ қорытындысы

Тапсырма түрлері

1-топ

2-топ

З-топ

4-топ

оймаржан

+

4-4-

+

-

үйге тапсырма

++

4-4-

+

+

бекіту

++

4-4-

4-4-

4-4-

қорытынды

++

4-4-

4-4-

4-4-

Ескерту: ++өте жақсы жауап; +жақсы жауап; -қанағаттанарлық жауап 2-ші және 3-ші кестелердің қорытындысына қарағанда проблемалық әдіс арқылы өтілген сабақтың қорытындысы дәстүрлі әдіс арқылы өткен сабақтан біршама жоғары болғанын байқатады. Бұнда үйге тапсырманы бағалау екі сыныпта да бірдейге жақын болды. An жаңа сабақты бекіту және қорытындылау кезінде берілген тапсырмаларды орындауда 6«Б» сынып оқушылары жоғары деңгейді көрсетті. Өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін толық сипаттау тапсырмасы өз деңгейінде орындалмады. Дегенмен, сыныптағы барлық оқушы жаңа сабақты қорытындылауға арналған тапсырмаларды түгелге жуық орындады.«Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады».Осыны аша келсек мұғалімнің негізгі мақсаты сабақта оқушылар бір-бірімен емен еркін ұстап, өздерін қолайлы сезінуі керек[4].

Бұдан шығатын қорытынды - сабақты проблемалық әдіс арқылы, көрнекіліктерді көбірек қолдану арқылы, гүл құрылыстарындағы айырмашылықтарды өздерінің ойланып айтуларына мүмкіншілік беру арқылы өткізу тиімді болатындығындығын білдіреді.

5-Кесте. Әртүрлі оқу әдістерінің 6«А» сынып оқушыларына әсері

 

Оқу әдістерінің нәтижесі

Оқу әдістері

калыптастырады

дамытады

 

білім

білу

ойлау

қабілет

сөйлеу

көрнекілік

+

+

+

+

+

Кітаппен жұмыс

+

+

+

+

+

Cypaқ жауап

+

+

+ 4-

+

4-4-

Өз бетімен жұмыс

+ +

+

+ 4-

+

+

Ауызша, жазбаша бақылау

4-4-

+

+

+

4-4-

6-Кесте. Әртурлі оқу әдістерінің 6«Б» сынып оқушыларына әсері

 

Оқу әдістері нін

нәтижесі

Оқу әдістері

қалыптастырады

дамытады

 

білім

білу

ойлау

қабілет

Сөйлеу

көрнекілік

+

+

+

4-4-

4-4-

Кітаппен жұмыс

+

+

+

+

+

Cypaқ жауап

4-4-

+

4-4-

4-4-

4-4-

Өз бетімен жұмыс

4-4-

4-4-

4-4-

+

4-4-

Ауызша, жазбаша бақылау

4-4-

+

+

4-4-

4-4-

5-ші және 6-ші кестеде белгіленгеніндей оқушылар әртүрлі оқу әдістерін қолданғанда жаңа сабақты меңгеру мүмкіндіктері де әртүрлі болатындығы белгіленді. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігіне қарай, ауызша және жазбаша бақылау тапсырмаларын орындауларына қарай, сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты қорытындылау нәтижесіне қарағанда олардың еске сақтау қабілеті мен сөйлеу қабілеті көрнекі материалдар көп болған сайын артатындығы байқалды.Сонымен қатар сұрақ жауап арқылы пікірталас түріндегі тапсырмалар кезінде 6«А» сынып оқушыларының ойлау және өз ойын жеткізу арқылы білім деңгейінің 6«Б» сынып оқушыларына қарағанда аз да болса аздығы аңғарылды. Өз беттерінше орындаған жұмыстары кезінде 6 «А» сынып оқушыларының ойлау қабілеттері артқанымен жауап беру қабілеттерінің төмендігі анықталды. 6 «Б» сыныпоқушыларының білім деңгейлері жоғарылап, сұрақтардың дұрыс шешімін таба білетіндігі анықталды.Ауызша бақылау өз ойларын айта білуге дағдыландыратыны, жазбаша бақылау уақытты үнемдеуде пайдалы болатынын аңғартты. Сабақ кезінде оқушыларға оқулықта берілген өсімдіктердің барлық түрлерінің үлкейтілген суретері таратылды. Олардың бір бірінен айыруға болатын сыртқы морфологиялық ерекшеліктерін ажырату тапсырылды. Бірақ, бұл тапсырмаға онша жағымды жауап алынбады. Соған карағанда сабақ сайын өсімдіктермен көбірек жұмыс жасалу керек екендігі анықталды.

Сабақ соңында проблемалық сабаққа оқушылардың қатынасу белсенділігі жоғары,жаңалықты білуге құштарлығы басым, жауап беруге құлшыныстары жоғары болатыны аңғарылды.Білім алушылар білім тексеретін сұрақтармен қатар, сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарды да қабылдай алатындары анықгалды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қисымова Ә.Қ. Жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі // Педагогика мәселелері.-№1,2.2006. 187 б.
  2. Торманов H., Абылайханова Н.Т., Төлеуханов С.Т., Уршеева Б.И. Биологиядан білім беру концепциям және оқытудың инновациялық әдістемелері. Қазақ Университет!,2015. 74 б.
  3. Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы, Алматы, 2010. 218 б.
  4. Мектептегі тәжірбие кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. «НЗМ» 2012 жыл. 116.
  5. Еленовский А.Г. и др. Ботаника: Систематика высших, или наземных растений: Учебник. Академия, 2001. С.363.
  6. Жарикова Н.В. Способы повышения познавательной активности школьников при использовании проблемного обучения на уроках биологии И Вести. Том. гос. пед. ун-та. - Томск, 2008. С. 133-136.
  7. Әбілқасымова А., Омарова Р. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптасгыру негіздері. Алматы., 2010ж.173б.
  8. Тыныбаева Б.Қ., Ж.Аманғалиева М. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы. // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №4. 2018ж. 92 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.