Аңдапта
Мақалада қазақстандық қоғамда, отбасында, мектепте өскелең ұрпаққа этникалық тәрбие беру мәселелері қарастырылады. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің өмір сүруінің ең маңызды механизмдерінің бірі - қоғам талабына сай үйлесімділікте, жан-жақты жетілген адам тұлғасын қалыптастыруды мақсат еткендігін аңғарамыз, тәрбиедегі негізгі құндылықтарды бір ұрпақтан-екінші бір ұрпаққа беріп отырудың мүмкіндігі туады.
Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге, немесе, басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас экономикалық өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәсгүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер, аймақтық қоғамдасу үрдісін, бүкіләлемдік жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды; ақпараттық-коммуникациялық жаһандану - қазіргі заманғы интеграция үрдістерінің аса ықпалдысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына кіру стратегиясын баяндауда «....біз қазақ халқының санғасырлық дәсгүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп нақты халықтық дәстүрлі мәдениетті терең меңгерудің қажеттігін баса айтқан болатын [1].
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақгардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы 103 мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр [2].
Осы орайда жалпы адамзаттық, халықтық тарихи-мәдени, тұлғалық маңызды құндылықтар, озық танымдық, тәрбиелік идеялар негіз болған қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін, маңыздылығын терең танып, талдау, зерделеу проблемасының көкейкесгілігі арта түсуде. Түп тамыры халықтық, этникалық мәдениеттен бастау алмаған, халықтық педагогикамен тығыз байланыспаған білім берудің болуы мүмкін емес және болмайды да.
Сондықтан бүгінде ұрпақтардың рухани сабақтастылығын, дәстүрлі педагогикалық мәдениетті, оған тән ерекшеліктерді ажыратып, тануды ғылыми тарихилық принципіне сүйенбей отырып талдап, қарастыру мүмкін емес. Ғылыми тарихилық принципі болмайынша, кез-келген халықтың дәстүрлі педагогикасының тарихи жүріп өткен объективті жолын, оның мәнін, оған тән ерекшеліктерді анықтап, көру мүмкін емес.
Бүгінгі ТМД елдері жағдайында орындалған этнопедагогикалық зерттеулер (Г.Н.Волков, Ш.А.Мирзоев, М.И.Стельмахович, А.Л.Бугаева, Я.И.Ханбиков, М.Х.Батчаева т.б.) мен қазақ этнопедагогикасы саласындағы ғылыми еңбектерде (С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова т.б.) халықтық тәрбие мен халықтық педагогиканың басты бірқатар ерекшеліктері ажыратылып көрсетілген.
Бұл орайда әсіресе ресей көлемінде орындалған зерттеулердегі авторлар тұжырымында халықтық тәрбие мен халықтық педагогикаға тән басты ерекшеліктер ретінде оның: табиғилығы, бұқаралығы (көпшілікке тән болуы), ерте бастау алуы, әрекеттілігі, ықпал ету тәсілдеріне импровизаторлықтың тән болуы (тосыннан, ойдан шығарушылық), тәжірибенің инвентаризациялануы (реттеліп, есепке алынуы) және қорытулар мен қатынастардың иерархиялығы (өзара бағынулары немесе тәуелділігі), синкреттілігіжәне т.б. атап көрсетілген.
An қазақ этнопедагогикасы саласында орындалған зерттеулерге жүргізілген талдаулар қазақ халық тәрбиесіне тән мынадай басты ерекшеліктерді: синкрегтілік, табиғилық, үздіксіздік, аякдалғандық, сабақтастылықты т.т. ажыратып берген. Біз қазақ халық тәрбиесіне тән ерекшеліктерді ғалым К.Ж.Қожахметова ажыратып, көрсеткен жүйе бойынша ұсынып отырмыз [3, 172]. К.Ж.Қожахметова көзқарасы зерттеу пәніміздің қазақ этнопедагогикасы тұрғысынан орындалу ерекшелігіне орай, қазақ халқының дәсгүрлі педагогикалық мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерін ажыратып, талдауда жетекші мәнге ие болды.
Бұл көзқарасгар жүйесін талдау әр этносгың (халықгың) дәстүрлі тәрбие жүйесінде өзіне тән ерекшеліктердің орын алып, түрліше көрініс табатындығын, бүгінгі педагогикалық мәдениетте өзіндік қызмет атқаратындығын аңғартады.
Біз жоғарыда ТМД ғалымдары мен қазақстандық зерттеушілер еңбектерінде орын алған жүйелерді негізге ала отырып, қазақ халқының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің мәнін негіздеуге мүмкіндік беретін кейбір ерекшеліктерді айқындап, талдап беруге талпындық.
Эгникалық тәрбиенің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, дамып келе жатқан негізгі идеялары мен формаларының, құралдарының өзара байланыстылығын қамтамасыз ететін сабақтастылық өзге халықтарда секілді қазақ халық педагогикалық мәдениетіне де тән басты ерекшелік деуге болады. Сабақтастылықтың негізгі мәні адамның отбасы ортасынан ғана емес, қоғамның барлық мүшелері тарапынан ешқандайда күштеуге негізделмеген, үздіксіз ықпалдардың болуымен түсіндіріледі.
К.Ж.Қожахметова өз зертеуінде Г.Н.Волков еңбегін негізге ала отырып, сабақтастылықтың қазақ халық педагогикасына тән уақыт пен кеңістікте орын алатын бірнеше түрлерін ажыратып, қарастыруға болатындығын алға тартады. Осы ғалым көзқарасын біз де қолдай отырып, Г.Н.Волков көрсеткен: физикалық - табиғат, тұқым қуалаушылық, генотип негізінде; рухани - тәрбие арқылы; материалдық-экономикалық - мұрагерлік жолымен қамтамасыз етілетін және еңбек саласындағы, жалпы отбасы жағдайындағы сабақтасгық қазақ халқының дәстүрлі тәрбие мәдениетіне де тән деп білеміз.
Әсіресе қазақ халық педагогикасындағы тұқымқуалаушылық, генотип, табиғат арқылы қамтамасыз етілетін физикалық сабақтастылық әр адамның шығу тегінен хабардар ететін «тектілік», «жеті ата», «шежіре» ұғымдары негізінде көрінеді. Бұл сабақтасгылық адам өмірінде саналы түрде жүреді. Әр қазақ баласы ақыл-есін тоқтатқан сәттен бастап өзінің белгілі бір шыққан ата тегі бар, елі, өз жұрты, руы бар екендігін саналы түрде ұғынып, өзінің ата-бабасымен тарихи байланысын мойындап өседі. Қазақ халқында мұндай сабақтасгылық адамның үш жұртына қарай тарқатылады. Атап айтсақ: өз жұрты, нағашы жұрты, әлеуметтік ролінің өзгеруіне орай адам өмірінің белгілі кезеңінде анықталатын қайын жұрты. Бұл табиғи мәндегі сабақтастылықтың сақталуы біздің халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымын айқындайтын ерекшелігі, әрі халықтық педагогикалық мәдениеттің жоғары көрсеткіші деп түсінген жөн.
Ал рухани сабақтастылық адам өміріндегі білім беру мен тәрбие және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы жүзеге асады. Тіпті стихиялы, жеке тұлғаға мақсатты түрде бағытталмаған тәрбие процесі, яки көбіне еліктеу арқылы жүрген тәрбиенің өзі сабақтастылыққтың қамтамасыз етілуіне үлкен ықпал етеді. Жеке тұлғалар арасындағы рухани байланыстардан да ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ізін көруге болады. Ата-бабаларымыз ұрпақгары жадында сақтайтын даналыққа толы небір керемет ойларды, тұжырымдарды айтып қалдыраған. Әсіресе қазақ отбасында көбіне бір-біріне жақын үш ұрпақ (ата, әке, немере) физикалық байланыста бірге өмір сүріп, еңбек етеді. Бұндай үш ұрпақты өзара сабақтастыратын байланыс тек рухани қарым-қатынас арқылы күшейіп, дами түседі. An аға ұрпақтың уақыт ағымымен тарихта алыстап кетуіне орай, олар қалдырған рухани мұралардың жас ұрпақ санасына жеткізілуі де әлсірейді, осы орайда бүгінгі қоғамдағы мектептің атқаратын функциясының арттырылуын талап ететін қажеттіліктің туындайтындығы заңдылық. Сондықтан жалпы ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты сақтауда мектептегі ұлттық тәрбие де отбасымен қатар тығыз байланыста мақсатты, белсенді, үйлесімді жүргізілуі қажет деп білеміз.
An еңбек және өнер саласындағы сабақтастыльщ қарапайым қызығушылық пен еліктеушілік негізінде болады. Еңбектегі сабақтастылық кей жағдайларда жергілікті ерекшеліктерге орай өзіндік мәнге ие. Мәселен, бұл қазақ халқындағы географиялық аймақтарға қарай орналасқан жергілікті халықтың (мал шаруашылығы, диқаншылық, қол еңбегінің түрлері т.б.) атадан-балаға жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі кәсіп түрлерінен көрінеді.
Жалпы отбасылық жағдайындағы сабақтастылық адамгершіліктік саладан байқалады. Әсіресе ата-ананың өз ұрпағының жақсы өмір сүріп, жақсы тұлға болып қалыптасуындағы саналы талпынысынан сабақтастылықтың педагогикалық жағы айқын көрінеді. Tan бесіктен жер бесікке дейінгі адам өмірінің әр кезеңіндегі өтілетін шаралар барысында халық дәстүрі бойынша айтылатын ақ тілек, баталар (жаңа дүниеге келген нәрестеге, алғаш қадам басқан сәбиге, отау құрған жастарға берілетін баталар) мазмұнында да ұрпақтар сабақтастығын сақтаудағы халық қамқорлығы үнемі орын алады.
Ал, материалдық-экономикалық сабақтастылық атадан-балаға жалғасын тауып келе жатқан халық өміріндегі мұрагерлік (ата-ананың тіршілікте жинаған бар материалдық дәулеті оның ұрпақтары үшін мұра) негізінде жүзеге асады. Дегенмен, халық педагогикасының талабы бойынша қазақ отбасындағы өзге балаларының бұл сабақтастықтағы рөлі әкенің ұлға «енші», қызға «жасау» беруі арқылы шешімін тапса, ал қара шаңырақтың иесі кенже ұл бала үшін материалдық-экономикалық сабақтастылықты сақтаудың тәрбиелік мәні де, маңызы да өте зор.
Бір ескеретін жайт қоғамның тарихи даму процесінде кез-келген халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениеті үшін жойылып кету немесе дағдарысқа ұшырау, ұмытылу қауіпі болса, ал сабақтастылыққа үздіксіздік те, сондай-ақ, белгілі бір кезеңдерде үзілістің орын алуы да тән. Мәселен қандайда бір құндылықтар көне дәуірлерде пайда болып, кейін белгілі бір уақыт аралығында мәдени тұрмыстан жойылып кетіп, араға біраз уақыт салып, қайтадан жаңа өмірге оралуы ықгимал.
Дәстүрлі тәрбиенің сабақтастығындағы импровизаторлық пен инвентаризациялық жақтарының болатындығын да айтуға болады. Инвентаризациялық педагогикалық идеялар мен әсіресе тәжірибенің шешуші сәттерінің мұқият іріктеліп, реттелуі және есепке алынуымен анықталады.
Ал, дәстүрлі педагогикалық мәдениеттегі импровизаторлық қашанда халықтық педагогикадағы шеберліктің жоғары көрсеткіші ретінде айрықша мәнге ие болды. Педагогикалық мәдениеттегі импровизаторлық педагогика тарихында көптеген ғалымдар, педагогтар тарапынан да (С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.) шынайы нағыз педагогқа тән қасиет ретінде өте жоғары бағаға ие болды. Сонымен, жүргізілген талдаулар сабақтастылықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениеттегі көрініс табуы көп қырлы күрделі, қарама-қайшылықты құбылыс екендігін аңғартады.
Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің келесі бір маңызды ерекшелігі оның табиғилығы болып саналады. Халықтық педагогика - халық өмірінің бөлінбес бір бөлшегі, табиғи құбылыс.
Қазақ халық педагогикасында тұтастай дерлік отбасы және ересектер, баланың құрдастары, тіпті кіші балалар да тәрбиелеушілік функция атқарады. Олардың жүргізетін тәрбиелік ықпалдары тек тиым салу сипатында емес, баланың бойындағы бар мүмкіндіктерін одан әрі табиғи жетілдіре түсу мақсатында еркіндікке ие. Осы бір маңызды тәрбиенің табиғилық принципіне көптеген ағартушы-педагогтар: Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко т.б. өз еңбектерінде айрықша көңіл бөліп, жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастыруда негізге алу қажеттігі туралы баса айтқан болатын. Ж.Ж.Руссо дәстүрлі тәрбие мәдениетіндегі табиғилық ерекшелігінің мәні балаға қатаң орындауды талап ететін ережелерді міндеттеу емес, баланың еркін дамуы үшін жағдай жасау болып табылатындығын ескертті.
Ал көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко тек адамдар ғана тәрбиелемейді, адамдардың араласуымен барлық қоршаған ортадағы шындықтың бәрі де тәрбие процесіне қатысты деген пікірді айтқан болатын.
Келесі бір маңызды ерекшелік ретінде халықтық тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын айтуға болады. Халықтық педагогикада байқағанымыздай табиғатпен байланыстылықпринципінің нақты қолдау тапқан анықтамасы жоқ, екендігін байқадық. Бұл ерекшелік халықтың жер бетіндегі тіршілік атаулының (адамның, өсімдіктердің, жан-жануарлардың) өмір сүруінде бірдей көрініс табатын табиғат заңдылықтарын анықтап, ой елегінен өткізуімен байланысты деп түсіндіріледі.
Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбие факторларын негіздей келе: «Природа - это не только среда обитания. Природосообразность в народной педагогике порождена естественностью народного воспитания. Природа - это двор отцовского дома и Всеселенная. Весь традиционный образ жизни определяется родной природой. [4]
Ее разрушение равносильно разрушению этносферы, следовательно, и самого этноса. Непросто понять и проследить влияние природы на личность, ее формирование. Народ и природа, народность и естественность неразделимы. Комплексный подход к формированию личности, комбинированное воздействие на чувства, сознание, поведение диктуется природой» - деп көрсетеді Р.Ж.Божбанова «Этнопедагогическая культура личности» атты еңбегінде [5]
Табиғатпен байланыстылық адамға өзінің барлық әрекеттерін табиғат заңдылықтарымен үйлесімділікте (келісімде) қарастырып, ұйымдастыруды талап ету мәнінде жүзеге асады. Мысалы: «Балаңды бес жасқа дейін патшадай күт, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бесген асқан соң онымен досыңдай сырлас» деген ата-бабаларымыздан қалған ғибратты қағиданың мән-маңызын бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде, жасына сәйкесті бала табиғатын есепке алуда елеп-ескергеніміз абзал.
Жалпы біздің ата-бабаларымыз табиғат тілін жақсы біліп, жақсы түсінген. Олар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің қыр-сырын жақсы білді, астрономия, жағрапия, медицина және өзге де салалар негіздерінен танымдары кең болды. Тіпті жолдың бағытын, уақыт мезгілдерін аспандағы жұлдыздардың орналасуына қарап ақ анықтап, өздерінің астрономиялық танымдарын кеңейтіп отырған. Қазақтар табиғат күшін, әсіресе жердің рухын айрықша қасгерлеп, «жер - ана» деп құрметтеді
Ғылыми педагогика өкілдері анықтаған бұл заңдылықтың мәнін халықтық педагогиканың ұстаздары анағұрлым бұрын ерте сезініп, ашқандығы белгілі және көп жағдайларда жас ұрпақты тәрбиелеудің амал- жолдарын осы жүйе негізінде шебер ойластырып, құра білді. Оған тіпті халық педагогикасындағы адам жасының әр табиғи кезеңіне, дүниетанымына, ақыл-ой мүмкіндігіне (тілі, қабылдауы, есте сақтауы, қиялы т.т.) сай туған фольклор туындыларының өзі дәлел деп білеміз.
Осы пайымдаулардан келіп, педагогикалық құбылыстардың халық өмірінің барлық сферасыннан көрініс беретіндігі аңғарылады. Дәсгүрлі педагогикалық процестердің жүзеге асырылуындағы оның көпшілікке ортақтығы (бұқаралығы) халық өміріндегі жастардың түрлі жиын, сауықтары, тойлардан, еңбек қызметінің түрлерінен, адам қайтыс болғаннан кейін өтілетін түрлі шаралардан да көрінеді. Тәрбие процесінің жүзеге асуында ересек адамдар мен жас балалардың бірдей белсенді атсалысуы, қатысуы, дәстүрлі педагогиканың халықтық сипатқа ие екендігінің көрсеткіші.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениетте тәрбие көпшілікке ортақтығымен б\рге.ұжымдық сипатқа да ие. Ұжымдықтың өзі халықтық тәрбиенің көпшілікке ортақтығының нақты көрінісінің бірі. Халық педагогикасында барлық адам тәрбиеге қатысады, барлық нәрсе тәрбиелейді, соның ішінде ұжымның да рөлі бар, мысалы, балалар, ересектер, отбасы, қауым, ауыл. Жалпыға ортақ адам тәрбиесі секілді игілікті іске араласпау қандайда болмасын халықтың дәстүрлі педагогикасының заңдылықтарына сай келмейтін құбылыс.
Сонымен тұжырымдай келе, дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің өмір сүруінің ең маңызды механизмдерінің бірі - қоғам талабына сай үйлесімділікте, жан-жақты жетілген адам тұлғасын қалыптастыруды мақсат еткендігін аңғарамыз. Қазақ халқы тәрбиеде жан-жақты жетілген тұлға бейнесін жасап қана қоймай, қашанда өзінің өмір тәжірибесінде осы мақсатқа жетуді көздеді. Кез-келген халық тәрбиесінде адам тұлғасын жетілдіру идеалы адам болмысына тән ең құнды, ең жақсы деген қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Қазақ халқының этникалық тәрбиесіндегі жан-жақты жетілген адам тұлғасын қалыптастыру мақсаты, «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мақал мазмұнында тұжырымдалады.
Жалпы жер бетіндегі барлық халықтардың этнопедагогикасындағы жан-жақты жетілген адам бейнесінің басты компонент! адамгершілік қасиеттер. Адам дамуы өз бойына адамгершілік нормаларын, өз халқының және тұтас қоғамның құндылықтарын жинақтап, меңгеруді қамтиды. Жас ұрпақтың адамгершілік тұрғыдан дамуы оның аға ұрпақ қалдырған білімдер мен тәжірибені меңгеріп, адамдық қатынастарды эмоционалды сезіну негізінде жүзеге асады. Барлық халықта да адамның ең алдымен ақылдылығы, денсаулығы, еңбек сүйгіштігі, отанға деген махаббаты мен әділеттілік, қайсарлылық, кеңпейілділік, қарапайымдылық секілді қасиеттері жоғары бағаланады. [6]
Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген. [7]
Сонымен сан мыңдаған жылдардың тәжірибесі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің өкілдері халық ұстаздарына жеке тұлғаны қалыптастыруда оған ықпал етудің небір тиімді құралдарын объективті түрде іріктеп, жинақтауға мүмкіндік берді.
Қорыта айтқанда дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің міне осындай сабақтастылық, табиғилық, үздіксіздік секілді т.т. ерекшеліктері негізінде әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың өзгерістерін ескере отырып, тәрбиедегі негізгі құндылықтарды бір ұрпақтан-екінші бір ұрпаққа беріп отырудың мүмкіндігі туады.
Әдебиеттер тізімі:
- ҚР Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2006ж 1 наурыз 2-3 бб.
- Шугаева Г.К., Гумарова Г.Б. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №1, 52 Наурыз 2019 -102 б.
- Кожахметова КЖ. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. - Алматы: Ғылым, 1998. - С.317
- Божбанова Р.Ж. Этнопедагогическая культура личности. 10 б.
- Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Москва: Академия, 1999. - С. 168
- Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. 6. б
- Арғынбаев X. Қазақ отбасы. - Алматы: Қайнар, 1996. -14 б.