Андапта
Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік қасиеттерінің сипаттамасы берілді. Ғалымдар еңбектеріндегі лидердің стилін және атқаратын қызметтерін жан-жақты талдалды және мұғалім лидердің рөлін анықталды. Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби ерекшеліктері мен лидерлік стильдер, лидердің атқаратын қызметі, соның негізінде анықгалған мұғалім лидер рөлі болашақ мұғалімнің лидерлік сапаларын тұлғалық-гумандық қасиеттер, кәсіби-дидактикалық іскерліктер, лидерлік қабілеттер деп қарасгыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі еліміздегі білім реформасы, оның ішінде жаңартылған білім беру жүйесінің негізгі міндеті - білім мазмұнына жаңашылдықты енгізуді талап етеді. Осындай өзгерістерді алдымен болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісіне ендіру қажеттілігіне күмән жоқ.
2018 жылғы 5 қазан күні Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мектеп және мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін әкімдіктермен бірлесе отырып, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және бірыңғай біліктілік талаптарын енгізуді міндеттерін қойып, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін атап көрсеткен болатын[1].
Демек, енді педагог статусына деген көзқарас, педагогқа қойылатын талаптар мен міндеттер бұрынғыдан да арта түсетіндіктен, мұғалімнің оқушылар алдындағы лидерлік қаситеттерінің жоғары болуы маңызды.
XXI ғасыр педагогы - рухани дүниесі мен ақыл-өрісі терең дамыған, эстетикалық талғамы мен адамгершілік сапаларды бойына сіңген, көп тарапты әлеуметтік, тарихи білімдермен сусындаған, ақпараттық технологиялармен қаруланған, теориялық білімдері іс-тәжірибеге бағытталған жаңашыл, стратег, бәсекеге қабілетті маман болуы тиіс. Осыған орай болашақ мұғалімдерді, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда олардың кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдірумен қатар лидерлік сапаларын қалыптастырудың маңызы зор. [2].
Лидерлік сапа болашақ мұғалімнің студенттік жылдарында өзін таныту құралы тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге өмірдің қатаң күтілмеген қиындықтары жағдайларына жүйелі бірізділікпен әлеуметтік бейімделуі үшін де аса маңызды болып саналады. Оның үстіне лидерлік сапа болашақ мұғалімнің өмірде тез өзгеріп отыратын іс-әрекетті жағдайындағы бәсекелестікке қабілеттілігін дамытуға мүмкіндіктуғызады.
Лидерліктің мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыда шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау арқылы, бүгінде жоғары педагогикалық білім беру саласы болашақ мұғалімінің жеке тұлғасының лидерлік сапаларын қалыптастырып, дамытуға әлі толыққанды бағдарланбаған. Зерттеулердің көпшілігі мұғалімнің лидерлік әлеуеті, лидерліктің рөлі, лидерлік стильдері, саяси лидерлер мәселесі зерттелген. Мысалы, отандық ғалымдар еңбектерінде лидер тұлғасы саясаттану ғылымы тұрғысынан А.М.Рахимжанов, Н.А.Абуева, В.И.Карасев, Б.Аяган, Г.Нурымбетов, А.Н.Нысанбаев, Р.К.Кажыржанов, А.Самай және т.б. еңбектерінде жан-жақты ашылған. Соның ішінде Елбасының саясаттағы көшбасшылық қасиеттерін М.Б.Касымбеков, Е.Е.Ертысбаев терең талдап көрсеткен.
Қазақстанда педагогика ғылымында лидерлік мәселе зерделенген бірден бір еңбек- С.А.Наконечныйдың зерттеуінде болашақ офицерлердің лидерлік сапасын қалыптастыру мәселесі қарастырылған.
Бастауыш мектептерде оқытуды жетілдіру мәселелері Ш.А.Амонашвили, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Н.Ф.Талызина, В.Ф. Шаталов, П.М.Эрдниев және т.б. зерттеулерінде тұжырымдалған.
Қазақстандабастауыш білім беру мен тәрбиелеу саласындағы бірқатар мәселелер ғылыми тұрғыдан негізделіп, практикаға ендірілген.
Мұғалім лидердің тұлғалық сапасын анықтау кезінде жоғарыда талданған теориялар және лидерге қатысты ұғымдар қарастырылған еңбектер орай сол ұғымдарға талдау жасасақ, лидер ұғымының зерттелу жағдайына келеек, осы мәселе антикалық грек философтарынан басталып зерттеліп, бүгінгі күнге дейін зерттеу объектісінен түскен жоқ. Бұл ұғым тарих, философия, әлеуметтану, саясаттану, психология және педагогика және т.б. ғылымдар саласынан зерделенді.
Эгимологиялық тұрғыдан лидер болу (lead), лидер (leader) және лидерлік (leadership) сөздерінің англо-саксон тілінде негізі «жол» немесе «бағыт» мағынасына келетін «lead» болып табылады. Лидер сөзі Скандинавия тілінде (Ieadar), неміс тілінде (!either), голланд тілінде (Ieider) жазылуы ағылшын тіліндегі жазылуына ұқсас келеді. Лидер сөзінің грек тіліндегі баламасы «hegemon» сөзі. Римдіктерде лидер мағынасын беретін сөз «dux» сөзі болып табылады. Бұл сөздер де «жол» немесе «саяхат» деген мағына береді.
Академиялық тұрғыда лидер сөзінің қолданылуы 1300 жылдарға саяды. Бұны дәлелдейтін мәлімет 1933 жылы шыққан Oxford ағылшын сөздігінде беріледі. Ал, «лидер» ұғымына алғаш рет анықтама Самуель Джонсон 1755 жылы құрастырған ағылшын сөздігінде «капитан, командир, алда жүретін адам» тұрғысынан берілген [3].
Жалпы зерттеушілердің «лидер» ұғымына берілген анықтамаларды зерделесек, лидердің топпен бірге өмір сүретіндігін, жетекшілік, іскерлік, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін және топ мүшелерінің қарым- қатынасын реттей алуға дағдылануы мен топ ішінде беделге, билікке ие болу қажеттілігін жоққа шығармайды. Лидер топтың басқа көпшілік мүшелері сияқты қабілеттерді меңгергенімен, әрекет етуі бойынша сапа жағынан ерекшеленеді.
Осыған орай педагогикалық жоғары оқу орындарының алдында бастауыш сынып оқушысының ұлттық сана-сезіммен, рухани мәдениетімен сабақтасқан отаншылдық ұстанымдары берік, ғылым негіздерімен қаруланған өзіне сенімді көш бастай алатын жеке тұлға болып қалыптасуын жүзеге асыра алатын кәсіби дайындығы жоғары деңгейдегі мамандар даярлау жолдарын қарастыру міндеті тұр.
Соның бірі болып болашақ бастауыш сынып мұғалімін өзін-өзі жүзеге асыруын, өзін-өзі дамытуын, батыл, шешімпаз, топқа ықпал ете алатын қабілеттерін дамыту табылады. Олар төмендегі педагогикалық міндеттерді шеше алатындай болуы керек:
рефлексивті-талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның элементтерін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау т.б.);
- жобалау-болжау (тұгас педагогикалық үдерісті құру, жоспарлау, нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);
- ұйымдастырушылық-әрекеттік (оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі нұсқаларын іске асыру, педагогикалық қызметтің әр алуан түрінің сәйкестігі);
- бағалау-ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы туралы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау);
- түзету-реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті коммун и кати вті к байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау) [4].
Өйткені бүгінгі таңдағы мұғалімдер педагогикалық ғылымдардың жетісгіктерін өз тәжірибелерінде қолдана білетін, шығармашылықпен ойлайтын, өзінің кәсіби қызметіне талдау жасап, дамыта алатын болуы қажет.
Осы айтылған талаптар мұғалім дайындаудың сапасын арттырып, мәселені жан-жақты зерттеп, тиімді зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізгенде ғана мүмкін болады. Бұл бағытта педагогика, психология ғылымдарында жүргізіліп жатқан зерттеулер баршылық. Мәселен, Е.И.Исаевтың зерттеуінде педагогикалық білім берудің жетекші идеясы болып табылатын машықтанған мұғалімді даярлауға үлкен мән беріледі. Оның тұжырымдауынша мұғалім педагогикалық жұмысты кәсіби түрде құрастыру әдістерін меңгеру нәтижесінде өзіндік түпнұсқалық әдістемелерді және құралдарды дайындайды. Кәсіби мұғалімнің оқу пәнін меңгертудегі мақсаты оқушыларды дамытуға бағытталады. Ол шығармашылық міндеттерді шеше алатын күрделі оқу жұмысының, оқушылардың ойлау машығын қалыптастыруының, көп өлшемді сананың, тарих пен мәдениетте өзін-өзі көрсете білу қабілеттілігінің ұйымдастырушысы болады [5].
Сонымен ғалымдар еңбектерін талдау барысында лидер тұлғасының сипаты бойынша мынадай тұжырым жасауға болады:
- лидер топпен бірге өмір сүреді;
- топ ішінен суырылып шығады;
- барлық басқарушылар лидер бола бермейді;
- жаңа лидер бұрынғы лидерді алмасгырады және т.б.
He үшін мұғалім лидер болуы қажет, деген сұраққа былайша жауап беруге болады. Өйткені мұғалім:
- сынып оқушыларының лидерлік сапасын дамытуы,
- өз сыныбын тиімді басқаруы,
- сынып оқушыларына үлгі бола білуі,
- сынып оқушыларының алдында мерейінің үстем болуы,
- сынып оқушыларын соңынан ерте алуы,
- стратег, көшбасшы бола білуі,
- мектебінде, білім беру жүйесінде өзгеріс жасай алуы және т.б. мақсатында өзінің лидерлік сапаларын дамытуы қажет.
Мұғалімнің басқа әлеуметтік топ, қоғамдық топ мүшелерінің арасынан суырылып шығатын лидерлерден айырмашылығы, оны мектеп басшылығы тағайындайды. Ал ұқсасгығы, қазіргі демократиялық қоғамда мұғалім өз сыныбының көшбасшысы бола алмаған жағдайда, ол мұғалімге оқушылар қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл жағдаят мұғалімінің лидерлік сапаларын меңгеріп қана қоймай, оларды дамыту қажеттілігін дәлелдейді. [6]
Жоғарыда көрсетілген ғалымдар еңбектеріндегі лидердің стилін және атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау бізге мұғалім лидердің рөлін анықтауға мүмкіндік берді.
Мұғалім мынадай рөлдерді өзінің қызметімен қатар атқара алғанда ғана лидер бола алады:
Мұғалім лидер - администратор
Мұғалім лидер - стратег
Мұғалім лидер - сарапшы
Мұғалім лидер - топ жетекшісі
Мұғалім лидер - топ мүшесі
Мұғалім лидер - үлгі өнеге көрсетуші
Мұғалім лидер - мадақтау мен жазалаушы
Мұғалім лидер - топ «символы»
Мұғалім лидер - жаңалық жаршысы
Мұғалім лидер - дүниетаным өзгертуші
Мұғалім лидер - ата-ана
Мұғалім лидер - тәрбиеші
Мұғалім лидер - әдіскер
Мұғалім лидер - данышпан.
Мұғалім лидер - администратор. Мұнда лидер топтың жоғары үйлестірушісі қызметін атқарады. Оның іскерлік саясатының негізгі бағыттарының бірі жоғарыдан түсіріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің осы лидерлік рөлді атқаруы оның сыныпты басқару саясатын өзі жасай алатындығымен немесе сыныпты жоғарыға тәуелсіз қадағалауға тікелей жауапкершілік енетіндігімен сипатталады. Оның үстіне әкімшілік тапсырмаларын жеке орындауынан емес, ол тапсырмаларды топ мүшелеріне орындауға бөлістіруден де көрінеді.
Мұғалім лидер - стратег. Стратегиялық қырағылыққа, бағыттылыққа ие тұлға. Оның атқаратын қызметіне топтың даму саясатын, болашағын алдын ала болжап білу, ұзақ мерзімді жоспарлар жасау, дұрыс тактика таңдау енеді.
Мұғалім лидер - сарапшы. Осы функцияны атқару тұрғысынан лидер нақты ақпарат беруші немесе білікті маман ретінде сипатталады. Сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп әкімшілігі, ұжым мұғалімге осы тұрғыдан қатынас жасайды.
Мұғалім лидер - топ жетекшісі. Мұғалім мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы тағайындалған сынып жетекшісі. Осы жетекшілікті ол лидер тұрғысынан атқаруы тиіс.
Мұғалім лидер - топ мүшесі. Мұғалім сыныпалдында лидер болу үшін, алдымен сол топтың толық мүшесі сапасына ие болуы тиіс. Яғни оқушылармен дос, жолдас, серік болып, олардың немен тыныс алатын жағдайына дейін жетік біледі, және олардың орнында болып көріп, олармен бірге ойнайды, тапсырма орындайды, сыныпқа берілген қоғамдық тапсырманы да қатар жүргізеді.
Мұғалім лидер - үлгі өнеге көрсетуші. Лидер топтың басқа мүшелері үшін мінез-құлықтың үлгісі болып табылады, яғни олардың кім болатынын және нені жасауы тиістігінің көрнекі көрсеткіші болуы тиіс.
Мұғалім лидер - мадақтау мен жазалаушы. Лидер топ мүшелерінің іс- әрекетін бақылау мақсатында мадақтау мен жазалау жүйесін қолданады. Лидер әрбір топ мүшесінің іс-әрекетінің жеке мотивациясын, әрбір топ қатысушысына қатысты мадақтау мен жазалаудың өлшемін білуі тиіс. Ton мүшелерінің арасында дау туған жағдайда лидер сот және жұбатушы рөлінде бір уақытта болады, істің нәтижесіне қарай не мадақтайды, не жазалайды.
Мұғалім лидер - топтың «символы» тұрғысынан. Aca ынтымақты топ сыртқы ғана емес ішкі ерекшеліктерінің бірдей болуына ұмтылады. Осындай топ мүшелері киімдегі және мінез-құлықтағы әр түрлі ерекше белгілерге қызығады. Осындай жағдайда лидер символ қызметін атқарады: оның атын барлық қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке, жасаған бұйымға және т.б. береді.
Мұғалім лидер - жаңалық жаршысы. Лидер жаңалыққа жаны құмар, жаңалық ашушы, новатор. Бұл оқушылардың алдында оның лидерлік тұлғасының жоғарылауына әкеледі.
Мұғалім лидер - дүниетаным өзгертуші. Көп жағдайларда лидер топтық дүниетанымды, көзқарасты құрайтын құндылықтар мен нормалардың дереккөзі болып табылады. Тұтас алғанда ол топтың қоғамдық идеологиясын танытады.
Мұғалім лидер - ата-ана. Лидер топ мүшелерінің ең жақын, жанашыр, қамқор, сырлас, «жүрегін бала үшін жұлып беруші» рөліндегі адам. Ton мүшесінің әрбір іс-әрекетіне жанашырлықпен, сезімталдықпен, жауапкершілікпен, сеніммен қарайтын, оларды дамытушы, өсіруші тұлға.
Мұғалім лидер - тәрбиеші. Ton мүшелерін жан-жақты тәрбиелейді, олардың ізгі, игі қабілеттерін шығармашылық тұрғыдан дамытады, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
Мұғалім лидер - әдіскер. Лидер - үйрету, оқыту шебері. Әдістің барлық түрімен қаруланған, инновациялық технологияларды меңгерген.
Мұғалім лидер - данышпан. Лидер білімге құштар, білімпаз жан. Ton мүшелерінің алдында мол білімділікті, терең танымдылықты танытады. Шешен сөйлейді.
Осы мақалада талданған ғылыми әдебиеттерде қарастырылған мұғалімнің тұлғалық-кәсіби ерекшеліктері мен лидерлік стильдер, лидердің атқаратын қызметі, соның негізінде анықталған мұғалім лидер рөлі болашақ мұғалімнің лидерлік сапаларын тұлғалық-гумандық қасиеттер, кәсіби- дидактикалық іскерліктер, лидерлік қабілеттер деп қарастыруға мүмкіндік берді. Соның негізінде болашақ мұғалімнің лидерлік сапасы құрылымының мазмұнын жасадық[7].
Оның лидерлік сапасы құрылымындағы тұлғалық гумандық тобына адами қасиеттер, мінез-құлықтар жатады. Соның ішінде адами қасиеттерге төзімділік, шыдамдылық, табандылық, қайырымдылық, қамқорлық, ізгіліктік, арлылық, намысқойлық, адалдық, әділдік, әдептілік және т.б.,мінез- құлықтарға ақылдылық, алғырлық, қажырлылық, зеректік, көпшілдік, ұжымшылдық, аңғарымпаз, қанағатшыл, еңбекқор және т.б. жатқызамыз. Аталған құрылымның кәсіби-дидактикалықтобынаинтеллектуалдық білім, дидактикалық біліктер, коммуникативтік іскерліктер жатады. [6]
Сонымен, мұғалім лидер оқушыларға үлгі-өнеге болатын, оларға мәнді ықпал ететін, мектептің ғана емес қоғамның дамуында ізгі жаңа өзгерістер жасай алатын адами қасиеттері, игі мінез құлықтары, интеллектуалдық біліктері, дидактикалық, коммун и кати втік, ұйымдастырушылық дағдылары, көшбасшылық қабілеттері жан-жақты дамыған маман.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаев™ ң «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 5.12.2018.
- Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 781 Жарлығы.
- Oxford English Dictionary. The Oxford Dictionary of Philosophy. - 199411 http: //www. oxford reference, com > (22.02.2009).
- . Таубаева Ш.Т. Введение в методологию и методику педагогического исследования: учебн. пособие. -Туркестан, 2007. -190 с.
- .Исаев Е.И.Университетское педагогическое образование: новая парадигма в подготовке педагогов // Тульская школа. - 1994. - №4. - С.Ills.
- . Койшигулова Л.Е.Коммуникативная компетентность педагога// Вестник АтГУ, 2009, №4 (15), с. 18-20
- .Б.М. Баймуханбетов. Тұлғаның лидерлік ерекшеліктері //Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы - №1 (41), 2014 ж. 99-102 б.