Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушылардың білімін бақылау міндеттері мен білімді тексеру түрлері, әдістері және формалары

Білімді бақылаудың негізгі мақсаты - оқушылардың білім алудағы жетістіктерін анықтау, білімін тереңдету және болашақта оқушыларды қоғамдық іс- әрекетке қосылудың алғышарттарын жасау. Бұл мақсат ең алдымен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты. Екіншіден басты мақсаттың айқындылығы өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды.

Erep оқушының білімін анықтаудың аталған мақсаттарын жүзеге асырса, онда бақылаудың мынадай міндеттерін ажыратуға болады: бақылаушы, білім беруші, диагностикалық, болжамдық, дамытушы, бағыттаушы, тәрбиелік.

Енді осы міндеттерді толық ашайық.

Бақылаушы міндет. Бұл міндет оқушының білімін, ақыл-ой дамуының деңгейін, білім еңбегінің ұтымды дағдыларын анықтау.

Бақылаудың көмегімен білім, білік, дағдыны болашақта меңгерудегі алғашқы деңгейін, оларды игерудің тереңдігі мен көлемін оқып білуді анықтауға болады. Жоспарланған және нақты нәтижелерді салыстыру, мұғалімның қолданатын оқу құралдарының, әдіс-тәсілдерінің тиімділігін орнықтыру.

Білім беруші міндет. Білім мен білікті және оларды жүйелендіруді дамытатын міндет.

Бақылау кезінде оқушылар өздерінің алған білімдерін қайталап, бекітеді. Олар өткенді қайталап қана қоймай, алған білімдерін жаңа материалды өткен кезде пайдалана алады. Бақылау, оқытылып жатқан материалдың негізгісін, бастысын бөліп алуға көмектеседі және бақыланып жатқан білім мен білікті анағұрлым нақты әрі айқын етеді. Сонымен қатар, бақылау білімді жалпыландырып, жүйелейді.

Диагностикалық міндет. Бақылаудың диагностикалық міндетінің мәні - оқушы білімінің қателіктері, нені білмейтіндері, нені ескермейтіндігі туралы ақпарат беру және оқу материалын меңгерудегі оқушы қиындықтарының себептерін, қателіктерінің түрін және санын анықтау. Диагностикалық бақылау нәтижелері арқылы оқыту методикаларының әлдеқайда интенсивті түрін таңдап алуға болады, оқу құралдары мен тәсілдерінің мазмұнын болашақтағы жетілуін нақтылауға болады.

Болжамдық міндет. Бұл міндет оқу-тәрбие процесі туралы болжамдық ақпарат береді. Бақылау нәтижесінде оқу процесінің белгілі бір үзіндісінің жүруін болжауға болады: келесі оқу материалын меңгеру үшін нақты бір білім, білік, дағды жеткілікті қалыптасты ма деген сияқты.

Танымдық әрекеттегі қабылдау жүйесіндегі белгілі кемістіктер немесе бүгінгі қателіктерді түзеп, оқушының алдағы уақыттағы мінез-құлығының үлгісін қалыптастыру үшін болжамның нәтижелері қолданылады.

Болжам, оқу процесін болашақта жоспарлау және іске асыру үшін дұрыс қорытынды алуға көмектеседі.

Дамытушы міндет. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда танымдық белсенділіктерін ынталандыру үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау процесінде оқушының сөйлеу мәдениеті, назары, ойлау қабілеті, беріктілігі және есте сақтау қабілеті дамиды. Бақылау қызығушылық, қабілеттілік, қажеттілік, ерекшелік тәрізді жеке тұлғалық қасиеттердің дамып, сыртқа шығуына септігін тигізеді.

Бағыттаушы міндет. Бұл міндеттің мәні - бір оқушымен немесе топпен жұмыс атқарғандағы оқу мақсатының қандай жетістіктерге жеткендігі, яғни оқу материалы қаншалықты меңгерілген және танылғандығы туралы мәлімет алу.

Оқушылардың кемшіліктерін, қателіктерін аша отырып, бұл міндет білім мен білікті мейлінше жетілдіруге жұмсалатын күштің бағытын көрсетеді. Бақылау оқушыға өзін жақсы тануға және өз білімі мен мүмкіндіктерін бағалауға көмек береді.

Тәрбиелеуші міндет. Оқушыларды білімге, тәртіпке, ұқыптылыққа, шынайылыққа тәрбиелеу - тәрбиелеуші міндеттің маңызы. Тексеру - тапсырманы орындау барысында өз-өзін анағұрлым бапйыпты және жүйелі бақылауға түрткі болады. Ол үнемі еңбекке дағдысын, тұрақты ерікті тәрбиелеудің шарты болып табылады.

Бақылаудың міндеттерін көрсету, оқыту процесіндегі рөлі мен маңызын ашады. Оқыту процесінде бұл міндеттер түрлі дәрежеде және байланыста білінеді.

Жүзеге асырылған осы міндеттер бақылауды әлдеқайда тиімді етеді және оқыту процесінің өзі де тиімді болады.

Сонымен, білімді бақылау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар, олардың ішінен ең негізгілерін қарастырайық.

Ауызша тексеру. Бақылаудың мақсаты мен тексерілетін материалдың мазмұнына байланысты ауызша тексеру әр түрлі ұйымдастырылады. Тексеруге қойылған мақсаттар арасынан мыналарды бөліп алуға болады: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру алдынғы өткен сабақ бойынша немесе белек бөлімдер және тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Ауызша тексеру әдісінің екі негізгі бөлімі бар:

тексеру сұрақтарын және олардың тапсырмаларын құрастыру; қойылған сұрақтарға оқушының жауабы.

Тексеру сұрақтары мен тапсырмаларды құрастыру - ауызша тексерудің басты элементі болып табылады. Сұрақтардың сапасы олардың мазмұнымен, оқушының жауап беру кезінде ақыл-ой әрекетімен немесе сөйлеу мәнерімен анықталады.

Сұрақтарды құрастыру барысында осы курстың негізгілерін немесе оқушылармен қиын қабылданатын немесе алдағы тақырыптарды, бөлімдерді меңгеруге қажет білімдерді тексеру көзделеді. Бақылаудың түрі сұрақтардың таңдалуына эсер етеді: сұрақтардың мазмұнын нақтылау үшін, ағымдық бақылау

X.Досмуха медов атындағы Атырау МУ Хабаршысы - Вестник Атырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 үшін оқытылатын материалдың алдыңғысымен байланысын талдау, ал тематикалық және қорытынды бақылау үшін - алдағы бөлімдерді ерекшелеу және олармен іс жүргізу тәсілдері. Erep ауызша бақылау оқушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше жұмыс істеуін жылдамдатса, онда ол тиімді деп есептеледі.

Сұрақтардың сапасы оқушылардың жауап беру кезіндегі ақыл-ой әрекетінің мінезімен анықталады. Сол үшін тексеру сұрақтарының ішінен есте сақтау қабілетін (оқылғанды бейнелеу), ойлануын (жалпыландыру, салыстыру үшін), тіл байлығын белсендендіретін сұрақтарды ерекшелеп алады. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда проблемалық сұрақтардың мәні зор.

Ауызша бақылаудың сапасы, сұрақтардың таңдалуына, қойылуына және жүйелілігіне байланысты:

1) әр сұрақтың мақсаты және логикалық соңы болуы қажет;

2) сұрақтар барынша қысқа, сығылған және нақты болуы қажет.

Ауызша бақылаудың екінші бөлімі оқушылардың жауаптары болып табылады. Дидактикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын анықтаудың екі шарты ерекшеленген.

  • оқушыға ешкім кедергі келтірмейді (көпшілік және мұғалім жауаптарды кейін талқылайды)
  • оқушылардың интеллектуальды күшінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орта құру.

Оқушыны сұрақтарға нақты жауап бермей, сұрақтан ауытқып кеткен жағдайда ғана белуге болады. Оқушыны бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығына, толықтығына, сөйлеу мәнеріне және мазмұндық жүйелілігіне мән беріледі.

Сабақтың кез-келген кезеңінде ауызша тексерудің түрлері қолданылады. Қай түрін қолдану сабақтың маңыздылығы мен логикасына байланысты таңдалады.

Жазбаша - графикалық жұмыстарды тексеру. Екінші кең қолданатын бақылау әдісі жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып табылады. Бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды.

Жазба ша жұмыстар:

  • теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру;
  • оны есеп шығаруда қолдана білу;
  • қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады.

Жазбаша - графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі.

Тексеру жұмысын ұйымдастыру барысында оқушыларға тапсырмалардың түрлері, жұмысты қалай атау және жұмысты орындау уақыты айтылады. Сол арада оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау.

Оқушылардың жауаптарын белгілі бір жүйе (сызба) бойынша талдаса, ол анағұрлым тиімді болады. Мұқият өткізілген талдау кемістіктерді терең зерттеуге, әрбір оқушының жетістіктерін білуге, типтік қателіктерді ерекшелеуге, оқушылардың негізгі қиындықтарын және олардың пайда болуы мен оларды жою тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Практикалық және зертханалық жұмыстарды тексеру. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың алған білімдерін практикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі әр турлі кестелерді, формулаларды, сызбалық және өлшеу құралдарын қолдану қабілеттері туралы мәлімет алуға болады.

Мұғалім оқушыдан тек қана нәтиже немесе тәжірибелік жұмыстың жоспары мен нәтижесі көрсетілген есеп беру қағазын алады. Сондықтан, оқушылардың дұрыс іс-әрекетін қалыптастыру үшін тексеру тапсырмасында оны орындау алгоритмі көрсетіледі. Барлық жұмыстар тексеріледі, Бірақ әр түрлі бағаланады, шолу жұмыстарының нәтмжесі бойынша бағалар қойылады, ал жаттықтырушы жұмыстар бойынша жақсы бағалар қойылады.

Осылайша мұғалімнің сәтті таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.

Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа - мета білімділік, мета құзыреттілік қажет. Ал, оқушының іс-әрекетін өз деңгейінде бақылау және оны дұрыс объективті түрде бағаламайынша, сапалы білімнің дұрыс нәтижесіне қол жеткізу мүмкін емес.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қадырқұлов Р.А., Рысқұлбекова А.Д. Информатика: Оқулық. Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Алматы: Алматы кітап баспасы, 2017. - 78 бет.
  2. Кузнецов А. А., Бешенков С.А., Ракитина Е.А. Современный курс информатики: от элементов к системе // Информатика и образование. - №1. - 2004
  3. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. - 340 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.