Аңдатпа
Мақалада Атырау қаласының және облысының тұрақты даму мәселелері, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (ББҰ) Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындау барысы қарастырылған. Осы жұмыста Атырау өнірінің жалпы сипаттамасы, экологиялық проблемалары, демографиялық көрсеткіштер және статистика мәліметтерін салыстырмалы түрде талдау жасалған.
БҰҰ Саммитінде (2015 ж. 25-27 қыркүйек) Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүше- мемлекеттері негізінде ТДМ жатқан 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Ресми түрде Күн тәртібі Мыңжылдық Даму Мақсаттарының әрекеті аяқталған соң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, 2030 жылға дейін әрекет етеді және барлық елдерге қолданылады. Күн тәртібінің мақсаты әділетті, құқықтарға негізделген, тең құқықты әрі инклюзивті әлем құру болып табылады. Ол мүдделі тараптарды тұрақты әрі инклюзивті экономикалық дамуды ілгерілету, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау жолында әйелдерді, балаларды, жастар мен келешек ұрпақтарды қоса барлығы үшін ортақ пайдаға бағытталған ынтымақтастыққа міндеттейді. Ол мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша әрекеттегі міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жаһандық күн тәртібін жүзеге асыру барлық деңгейлерде қазіргі заманның мәселелерін шешу үшін тұрақты дамуға және ұжымдық әрекеттерге қатысты кешенді тәсілдемені талап етеді, бұл орайда ең басты міндет «ешкімді артта қалдырмау» мен негізгі айқындаушы ерекшелік ретінде теңсіздік пен кемсітушілік мәселесін шешу болып табылады. Кейбір ұлттық үкіметтер, мекемелер мен ұйымдар жаңа күн тәртібін өздерінің даму жоспарларына, стратегиялары мен келешеккөріністеріне айналдыра да бастады.
МДМ дамудың кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге және экологиялық тұрақтылыққа көптеп қол жеткізу сияқты маңызды салаларын қамтиды. Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқығын қозғау сияқты МДМ қойған кейбір бастапқы мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізгендіктен, үкімет «МДМ плюс» шақыру қағазы, демек ұлттық басымдықтарды, ұлттық статистиканы, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды талдауға негізделген, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесінің негізінде Қазақстан үшін икемделген қосымша мақсаттар бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады [1].
Тұрақты даму бөлек қала, аудан немесе бір мемлекет шеңберінде экономикалық өсу ғана емес қоршаған ортаға экологиялық жүктемесін азайтып, максималды түрде қоғам қажеттіліктерін пайдаланғанда тұрғындар денсаулығына шығынды азайта отырып ұрпаққа толыққанды жеткізу болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты Атырау облысы тұрғындар денсаулығы жағдайына әлеуметтік экономикалық және экологиялық факторлар аясында сипаттама беру.
Зерттеу материалдары мен тәсілдері Статистикалық мәліметтерді талдау арқылы қоршаған орта жағдайы мен Атырау облысы тұрғындар денсаулық көрсеткіштеріне шолу. Зерттеу нәтижелері Қарқынды дамып жатқан ҚР экономикасы дамудың жаңа кезеңдерін өткеруде. Заманауи жүйелі бағдарламаларды қолданудың арқасында, дамушы елдердің тізіміне ілініп отыр.
Бірақ, осындай үдемелі жағдай өзінің кемшіліктерін де көрсетуде. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы, нарықтағы шикізат бағасына тікелей байланысты. Мынандай тәуелділік, ең ауқымды және маңызды экономикалық саланы - мұнай және газ өндірісін қамтуда. Елімізде жұмыс атқарып жатқан көптеген мұнай-газ кен орындары жаңа заманның талаптарына сай жұмыс қарқындылығын үдетуде. Бұл үрдіс, экологиялық жағдайға айтарлықтай зиянын тигізеді. Атырау облысы ірі мұнай және газ кен орнымен ерекшеленеді [2].
Атырау облысының әлеуметтік экономикалық даму динамикасы Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық қағидаларына сәйкес келеді және аймақтың бәсекеге қабілетті тұрақты дамуына негіз бола алады. Облыстағы экономикада басым сала энергетикалық, құрылыс материалдары, агроөндіріс пен балық өндіру саласы жақсы дамыған. Өндірістегі барлық ішкі өнімінің жартысына жуығы өнеркәсіп саласы болып табылады.
Атырау облысы өндіріс көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Осы негізде тұрақты дамуға жаңа базалар құрылуда: әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті тұрғындарды максималды жұмыспен қамту, қадрлар дайындау жұмысы атқарылуда.
Алайда облыс республикадағы экологиялық қолайсыз аймақ қатарында ерекше аталады. Аймақтағы экологиялық жағдайды табиғи климаттық, антропогендік факторлар мен мұнай-газ өндірісінің қарқынды дамуын қалыптастырады. Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі - мұнай өндірісінен пайда болатын қалдық өнімдерінің қоршаған ортаны ластауы. Осыған орай, бұл мәселені шешуге, бүгінгі таңда үлкен назар аударылуда. Себебі, жоғарыда айтылып кеткен ластаушы көздер қоршаған ортаға әсерімен қатар, адам ағзасында туындайтын қайтымсыз әсерлерге, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Атырау облысында мұнай кәсіпшіліктері процесінде атмосфераға бөлінетін қатты бөлшектер, күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, көміртегі, азот оксиді мен көмірсутектер пайда болады [3]. Облыста ауа бассейні меркаптандар буымен ластанды осы себебтен экологиялық жағдай күрт қиындап кетті. Басқа қаланың едәуір ластаушы көзі ол автокөлік болып табылады. Мұнаймен бірге көп мөлшерде ілеспе қабаттық су және газ өндіріледі бірақ лайықты түрде жойылмайды. Мұнай өнімдерінің біраз бөлігі пайдалану кезінде теңізде түседі.
2016 жылғы еліміздің кәсіпорындары тұрақты көздерімен атмосфералық ауаға 2271,6 мың тонна ластаушы заттар шығарылған, бұл 2015 жылға қарағанда 4,2 пайызға кем.
Тұрақты көздердің тазалау имараттарымен келіп түскен ластаушы заттардың барлық көлемінен 92,4 пайызы тұтылды және залалсыздандырылған болатын.
Ластаушы спецификалық заттардың негізгі түрлері шығарындыларының көптеген көлемі күкірт қос тотықтары - 767,4 мың тонна, көміртек тотықтары - 473,0 және азот оксидтері - 246,6 мың тоннаға келеді.
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың негізгі шығарылындары барлық шығарындыларының 80,8 пайызын құрайтын өнеркәсіп кәсіпорындарымен жүзеге асырылған үлесі (Сурет 1) [4].
Сурет 1 - 2016 жылы ластаушы заттардың шығарындылары (мың тонна)
Cyperre анық байқалуда, Атырау облысы Қазақстан Республикасы бойынша ластаушы заттардың шығарындылары 167,1 мың тонна құрайды, алдымызда тек Қарағанды жэне Павлодар облыстары тұр.
2018 жылы Атырау қаласының Бегельдинов көшесінде күкіртті сутектін шекті рұқсат етілген концентрация 251 есе асқаны анықталған, ал жалпы 2017 жылы Атырауда ауа ластанғаны 357 тіркелген оның ішінде 75 экстремалды жоғары күкіртті сутектпен.
Атмосфераның жерүстілік қабатының көрсеткіштері елдімекенді жерлерде 2010 - жылдың 11 айындағы көрсеткіш бойынша гамма сәулелену 0,11 - 0,13 мкдыбыс/сағ. құраған. Бұл жалпы алғанда 2009 - жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамалас шыққан, яғни өзіндік фон еш өгеріссіз деген сөз. Радиоактивті ластану көлеміне бақылау жүргізу (атмосфераның жерүстілік қабатына) Атырау облысы бойынша «Атырау» метеорологиялық станциясында жүргізілді. Атмосфераның жерүстілік беткі қабатындағы радиоактивті ластану Атырау облысы бойынша 2010 - жылдың 11 айындағы көрсеткіш орташа тәуліктік тығыздық 1,4 бк/м 2 құраған. Бұл көрсеткіш шектеулі рауалдық деңгейден аспаған. Радиоактивті түсім тығыздығы 2009 - жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда еш өзгермеді деп айтуға болады [5].
Салыстырмалы түрде Атырау облысының радиациялық гамма-фоның қазіргі таңда жай-күйі туралы ақпарат. Атмосфералық ауаның ластануының гамма сәулелену деңгейіне күнсайын жергілікті 3 метеорологиялық стансада (Атырау, Пешной, Құлсары) және Құлсары қаласындағы 1 автоматты (Құлсары №7) бекетте жүргізілді (Сурет 2). Облыстың елді-мекендері бойынша атмосфералық ауа қабатының жерге жақын қабатына орташа радиациялық гамма-фонның мәні 0,07 - 0,21 мк3в/сағ. шегінде болды. Облыс бойынша радиациялық гамма-фонның орташа мәні 0,12 мк3в/сағ., яғни шекті жол берілетін шамаға сәйкес келеді. Облыс халқысының көп бөлігі мұнаймен және оны қайта өңдеу өнімдерімен сондай-ақ басқа да уытты және канцерогенды химиялық заттармен байланысады, олар қоршаған ортаға және халыққа зиянды әрекет әкеледі. Сондықтан, халық денсаулығының жай-күйіне, бұл аймақтың қолайсыз экологиялық жағдайын анықтау үшін терең кешенді ғылыми зерттеулер әзірлеу керек [6].
Сурет 2 - Атырау облысының аумағындағы радиациялық гамма-фон мен радиоактивті түсулердің тығыздығын бақылау метеостансаларының орналасу сызбасу
Бірақ, ауаға күнделікті ластауыш және канцерогенді заттар тасталып жатсада Қазақстан Республикасының Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Атырау облысы демографиялық көрсеткіштері тұрақты және жоғарлап келеді. Мысалы: халық саны 2000-ші жылдардан бастап жыл сайын 10 мың адамға өсуін көрсетіп тұр. Туылғандар саны жыл сайын 6-8 мыңға өсуде. Өлгендер саны 2007-ші жылдан бастап аздап болса да бірақ төмендеді. Осыдан табиғи өсім 2004-ші жылдан бастап 5-10 мыңға көтеріліп келе жатыр. (Сурет 3.1). Атырау облысы негізгі көрсеткіштерінің демографиялық динамикасы 3.1 және 3.2 суреттерде көрсетілген [7].
176
Республика бойынша халықтың сырқаттанушылығы (100 000 адамға шаққанда, өмірінде алғаш тіркелген аурулардың саны) көрсеткіштері бойынша Атырау облысында ең темен көрсеткіштер байқалып отыр (Сурет 4) [8].
татистикада көп көрсеткіштер бойынша Атырау облысы тұрақтылықты көрсетіп отыр. Бірнеше саладан ҚР басқа облыстарына қарағанда өте жақсы мәліметтер келтірілген. Мысалы: Табиғи өсімінің коэффициент, мектепке дейінгі мекемелер саны, колледждер саны, халықтың нақты ақшалай табыстары, жұмыспен қамтылған адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, жалпы еңірлік өнім, өнеркәсіптік өндірісінің көлемі, электрмен жабдықтау, газ бу беру жэне ауа баптау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, негізгі капиталға инвестициялар, құрылыс жұмыстарының көлемі, тұрғын үйлерді жалпы көлемін іске қосу, бөлшек сауда айналымы.
Осы көрсетілген «жоғары» көрсеткіштер көбінесе мұнай-газ өндіру саласымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық факторларға демографиялық көрсеткіштер, халықтың көші-қоны, жұмысқа орналасу, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, тұтыну және өндіріс үлгілері жатады. Erep Экономика әлеуметтің дамуымен экологиялық тұрақтылық саласында белсенді жұмыстар жүргізбесе, онда қоршаған ортамен адам өмірінің тұрақтылығына қол жеткізу мүмкін емес. Жоғарыда айтылғандай, Атырау қаласының және Атырау облысында қоршаған ортаның ластануы яғни,-топырақ, ауа және судың ластануы, табиғи ресурстардың тұрақсыз пайдаланылуы тіркелген. Тұрғындар шектеулі және сапасыз су, коммуналдық қызметтер, зиянды химиялық заттарды тұту, ағын суларын кәдеге жарату секілді қиындықтарды бастан өткеруде.
Қаланың тұрақты дамуы билік органдарының қоршаған ортаны сақтау үшін қажетті өндіріс пен тұтыну құрылымын, тасымалдау және кәдеге жарату жүйелерін басқару қабілетіне байланысты. Жергілікті билік органдары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық инфрақұрылымды салу, пайдалану және қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алады. Тұрғын үй, әлеуметтік және физикалық инфрақұрылымға ерекше назар аудару қажет. Атқарушы билік пен барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде мемлекеттік құрылымдардың, жеке сектордың және жеке тұлғалардың өзара іс-қимылы қажет.
Өндірістік қалдықтар экологиялық нашарлауын тудырады: сулы қабаттарға, жағалау маңындағы аудандардың, орман және басқа да нәзік экожүйелерге зияны тиеді. Жағалаудағы аудандардағы урбанизация жағалау мен теңіз экожүйелерінің жылдам нашарлауына алып келеді. Сондықтан елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін қалалық даму үрдістерін бақылау маңызды. Тұрақты урбандалған әлем құрудағы негізгі міндеттердің бірі - қаланың даму қажеттіліктерін табиғи орта мүдделерімен үйлестіру. Атап айтқанда, сулы қабаттардыжәне басқа да тұщы су ресурстарын, жағалау аймақтарын ластану жер үсті көздерінен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қолайсыз әсерлерінен және елді мекендерден қорғау қажет. Қаланың тұрақты дамуы үшін бірінші кезекте қала құрлысының тығыздығы, ауа ластануының азаюы, өсімдіктерді қорғау биологиялық және гидрологиялық балансында маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты мыналар қажет:
- қазір бар ластануды барынша азайту және қолданыстағы, салынып жатқан және жобаланған өндірістік объектілерден қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін төмендету бойынша шаралар қабылдайды;
- қоршаған ортаны ластаушы өнеркәсіп объектілерін халықтың мекендеу орындарынан алыстағы өнеркәсіп аудандарына оңтайлы орналастыру;
- қалалық жоспарлау, тұрғын үйге арналған алаңдарды, ойын алаңдарын, саябақтарды, спорттық және демалыс аймақтарын таңдау мәселелерін белсенді түрде шешу;
- табиғи ресурстарды игеру және консервациялау үшін жағалау аймағын басқарудың кешенді жоспарларын әзірлеу және енгізу;
- жобалау және жүзеге асырылуы, қоршаған ортаны қорғау, қала және облыс тұрақты дамуына, әйелдердің қажеттіліктері мен басымдықтарына назар аудара отырып, балалардың, жастардың, мүгедектер мен қарттар, кедей халықтың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету;
- кедейлердің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін, дұрыс макроэкономикалық саясат жүргізу, яғни жұмысты еркін таңдау және әлеуметтік қызметтерге қолдары жетуі үшін, оларды жұмыспен қамту, білім беру және кәсіптік оқыту.
Айтылған әрекеттерді қолға алу, бұл қазіргі таңда бірінші мақсат. Әрекеттер іске асса, Атырау облысы тұрақты дамуы бір жолға түседі. Ол тұрақты даму жолы.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары. [Электрондық ресурс] (пайдалану күні: 29.03.2018ж.) http://www.kz.undp.org/content/ kazakhstan/kk/home/ mdgoverview.html.
- Грановский Э.И. Проблемы устойчивого развития г. Атырау и Атырауского региона: Аналитический обзор. - Алматы: КазгосИНТИ, 2003. -31с.
- Сериков Т.П., Сагандыкова Р.Р., Югай В.М., Ескужиева А.Б. Об охране окружающей среды в условиях добычи нефти и газа на предприятиях ОАО «Казахойл - Эмба» // Нефть и газ. - 2001. - № 1. - С.83-87.
- Ресми статистикалық ақпарат I Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер) / Қоршаған орта. [Электрондық ресурс] (пайдалану күні: 05.04.2018ж.) www.stat.gov.kz /
- Бисенбиева О.Р., Есенаманова Ж.С. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы № 4 (31) 2013, -С.57-58.
- Қазақстан Республикасы қоршаған орта жай-күйі жөніндегі ақпараттық бюллетнь. 2017 жыл. ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» PMK Экологиялық мониторинг департамент. 2018. - 354с.
- Атырау облысының 1991-2016 жж. негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің серпіні. [Электрондық ресурс] (пайдалану күні: 10.04.2018ж.) http://stat.gov.kz/faces/atyrau/reg_main/regDinamo?_afrLoop=9113985972238514#%4 0%3F_afrLoop%3D9113985972238514%26_adf.ctrl-state%3Dnqb60uqld_51.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша. [Электрондық ресурс] (пайдалану күні: 24.04.2018ж.) stat.gov.kz/ get!mg?id=ESTAT082757.