Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

І.есенберлиннің тарихи туындыларындағы заман шындығының көркемдік негізде берілуі

Аңдатпа

Мақалада І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы шежірелі заман шындығын тарихпен бірлесе сипаттап, көркемдікпен берілуі талданылады.

Ұлтымыздың тарихи кезеңдеріне баға беруге талпыныс жасаған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тарих көшіндегі халқымызыдың «жүріп өткен тағдырлы жолының» қазақ прозасындағы бастауы болып табылады. Аталған трилогия қазақ елінің бес жүз жылдық тарихи баспалдағын, атап айтқанда, сонау Қазақ хандығының алғашқы құрылған кезеңіне көркемдікпен жан- жақты тоқталып, ұлтымыздың «жанкешті жылдарында» ел болып қалыптасуындағы тайғақты жылдарын замана шындығымен терең бейнелеген.

Жалпы шығарманың алғашқы бетінен бастайық, «Қымбатты достар! Сіздер Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясын қолға алып отырсыздар. Кітап жалпы таралымы үш миллион да на мен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылса да, бұл жолғы басылымның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде алғаш рет жүзеге асырылуы назар аударарлық оқиға болып отыр. Осы арқылы аса көрнекті жазушының шығармашылығын қастерлеушілер мен бағалаушыларға, біздің тарихымызды қымбат көретін барша жұртшылыққа бұл шығармаға жаңаша - ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі.

Бүгінгі таңда трилогияны қайта оқи отырып, егемендік алу ісіне біздің бабаларымыз - Төле би, Асанқайғы, Бұқар жырау, Көтеш ақын сынды даналар қаншалықты зор үлес қосқанын ерекше түйсініп, пайымдайсың... Олар, олардың серіктері мен ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады» [1,3] деп Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың жалынды алғысөзімен басталуы туындының тарихи көркемдік қырын одан әрі дамытып, жетілдіріп, басты мақсатын айқындап көрсетеді.

Тарихқа түрен салған туынды тағдыры да талайлы «тарихи жолдардан» өтті. Оныңбасты себебі, отарлаушылықтың нағыз үстемдік құрып тұрған кезінде жазылғандықтан, шығарманың жарыққа шығуының өзі де көптеген қиыншылыққа ұрынды.

І.Есенберлиннің шежірелі жылдар тарихын тереңнен қозғаған шығармаларының легі ағытылып, 1971 жылы трилогияның екінші кітабы болып табылатын - «Алмас қылыш» романы жарыққа шықты. Бұл романға алғашқылардың бірі болып пікір жазған М.Дүйсенов «романның тарихтың аса қызық та, ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы кітап» болатынына тоқталып, тарихи оқиғаларды, мұрағаттардан тарихи шежірелерді жинап, рет - ретімен қолданып, шығармаға арқау еткендігіне тоқталып, шығарманың біраз беттерінде тарихи деректер бірінші кезекке шығып кететіні тарихи шығарманың жазылу сипатына байланысты екенін айта келіп, «оқушы қауымға қазақ халқының орта ғасырлық тарихынан біраз қызық мағлұмат беретін, пайдалы еңбек» [2,4] деген қорытындыға келеді.

Дей тұрғанмен де, романға байланысты кереғар пікірлер айтылмай қалмады. Сыншы З.Серікқалиев романның «арқауы - тарихи шолу, тарихи мазмұндау» деп сынап, І.Есенберлиннің «сауатты оқушыға белгілі туындылар, архив материалдары негізінде тарихи деректерді орынды - орынсыз мазмұндап шыққаны болмаса, шын мәнінде тарихи роман - көркем әдеби туынды жасай алмаған» [3,8] деген қайшылығы мол пікірін білдірді. Біз жоғарыдағы сынға жауап ретінде және романнның шынайы бағасы берілген Р.Бердібаевтың пікірі деген ойдамыз. Ғалым «Қазақтың тарихи романы» атты тарихи романдардың жанрлық сипатын, даму бағытын анықтаған монографиясының «Аңыздан романға» бөлімінде «көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған» «Алмас қылыш» 18

туындысының маңызына жан-жақты тоқталады. Оның басты ерекшелігі біріншіден, тарихшылардың өзі де жете зерттеп болмаған XY ғасыр оқиғаларын роман - хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында. Екіншіден, дәл осындай жанр, форма әдебиетте өмір сүруге, орнығуға әбден хақылы екендігін, жанрдың келбетін тек автордың субьективті ниеті белгілей бермейтінін, кейде обьективті материал өзіне сай форма іздейтінін көреміз. Үшіншіден, роман туралы жазылған кереғар пікірлерге қарап, романның бітімі ескерілмей жүргендігін атап өтіп, шығарманың жетістігін де, кемшілігін де жанрдың ішкі заңдылықтары тұрғысынан қарауды ұсынады. Себебі, «роман- хроникада тарихи оқиғалардың ағынын белгілі адамдар, топтар өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі тарих, әрі шығарма міндетін қатар алып бару бұл жанрдың ерекшеліктері болып саналса керек» деген пайымдауларын ретімен санамалай келіп, «Автор бұл шығармасында тарихшылық пен беллетристікті әдемі ұштастыра алған. Жанр жағынан алып қарғанда да «Алмас қылыш» әдебиетімізге өз нақышымен қосылған жаңалық деп қараймыз» [4,142] деп романның жетістікті сипатын нақты дәлелмен білдіреді. Сонымен қатар, осы тұрғылас пікірлер легі М.Қаратаевтың [5] еңбегіне ұласты.

І.Есенберлиннің қазақ тарихының көркемдікпен беру жолындағы алғашқы екі туындысы жарыққа шыққаннан кейін, көп ұзамай біздің тақырыбымыздың бастауы болып табылатын XYIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығының аса ауыр кезеңіндегі ұлтымыздың тағдыр - талайын, Абылай дәуірін, ел тарихының қилы кезеңдерін жырлаған ақын - жыраулар бейнесінің алғашқы белесі болып табылатын - «Жанталас» романы 1973 жылы жарыққа шықты. Араға үш жыл салынып, 1976 жылы үш кітаптан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы басылып шықты.

І.Есенберлин «Жанталас» романында ұлтымыздың халқымыздың басынан өткен тарихи кезең, болашақ Тәуелсіз мемлекеттің тарихи сипатын ерекше көрсете білген ақын - жыраулар образын сомдауға ұмтылған. Бұл орайда жазушы халық аңызына ден қойып, жыраулар поэзиясындағы ханға арналып айтылған өлең - толғаулардың айтылу ретіне қарай және мұрағаттағы тарихи деректерге сүйенген.

Шығарманың жанр ерекшелігін материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секілді шарттар белгілейтіні анық. Сол үшін қандай да болммасын көркем туындыны талдағанда оның өзінен бұрынғы шығармаларға ұқсастығы немесе ортақ бірлікте болатынын емес, өз алдына ештеңе қайталанбайтын ерекшелігі үшін бағалап, сол жағдайдағы өзіндік сипатын іздеу қажет. Себебі, мұндай жағдай болмаса ол шығармалардың өзіндік ерекшелігі бағаланатын орнын ажыратып табу қиынырақ.

Кейбір шығармаларды талдау, бағалау қиынның қиыны болып табылады. Оның себебі шығарманың құрылысы, фабуласы, оқиғалар жүйесі, композициясы мен сюжеті, кейіпкерлер қатары мүлде басқа, өзіне дейін ешкім қайталамаған ерекшелігіне байланысты. Мұндай өзіндік сипаты жоғары болып келетін тарихи шығарма қатарына біз тоқталмақшы болып отырған І.Есенберлиннің «Жанталас» тарихи романын атауға болады. Роман қазақ халқының XYIII ғасырдағы заман шындығына арналған.

Романның алғашқы бөлімінде Жоңғар елінің жаулаушылық тарихынан, қазақ жеріне шабуылды қалай әзірлегенінен, ұрымтал тұсты пайдаланып, жойқын соғыс бастағандығынан шежіре шертіледі.

«Қазақ елі бұл кезде көкпар тартуға дайындалған серке тәрізді еді. Жан - жағынан анталаған қай жауының тақымында кетеді? Әлде өзара қырылысқан хан, 19

сұлтандар қанын сорғалатып, біреуі - аяғын, біреуі - қолын, біреуі - басын қанжығаларына байлап әкете ме, кім білсін? Ел басы на төнгелі келе жатқан мұндай ауыр кезеңді дұрыс ұғып, терең болжап, болашақ тарихы мен тағдырының төрт жағынан бірдей соққалы тұрған сұрапылдан халқын құтқарар кімі бар?

Мұндай жанталаста халық алдыңғы шепке ең алдыменен өзінің тәжірибесін, ақыл - парасатын, табандылығын салуға тиісті. Өйткені қазақ елін көкпар етіп ала қашуға дайындалып жатқан ең бірінші қасы оған айқын еді.

Тезінен күшейіп келе жатқан Жоңғар хандығының қазақ еліне өте қауіпті екенін бірден түсінген Тәуке хан болды. Ал патша үкіметі, болғалы тұрған қанды уақиғалардың екі жағымен де түбі тіл табу керек екенін есіне ұстап, Орта Азия істеріне өте сақтықпен қарады.

Осының бәрі қазақ халқының басына бір жамандық әкелгелі тұрғандай еді» [1, 220]. Қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, бірте - бірте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені одан әрі шертіледі. Сонымен қатар, Бұқар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарихтың - Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы Абдолла әскерінен Сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады. Біздің басты тақырыбымыз болып саналатын Абылай хан бейнесінің сомдалуы турасында романның екінші бөлімінде кеңінен айтылады. Шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бұхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқаша айтқанда Жоңғар шабуылының нәтижесі қазақ қауымын қандай бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғы, үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері тізбектеле беріледі. Шығарма соңы Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұқар жыраумен диалогы берілумен аяқталады.

Романда жоңғар шапқыншылығымен қатар ерекше кейіпкерлер - Асанқайғыдан басталған ақын-жыраулар бейнелері бірте - бірте көрініп, Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш жыраулардың халықтың халық болып қалыптасу тарихындағы алар орындары ел саясатына ерекше дарындылықтары сатылай баяндалады.

Алтын Орда дәуіріндегі қазақ ақын-жыраулары шығармашылығы дәстүрінің қазақ хандығы кезеңндегі әдеби дамуға ұласқаны белгілі. Трилогияның бірінші кітабында Алтын Орда хандарының бірі Сартақтың ордасында қобызын сарнатып тарихи жыр-шежіре жырлаған Қыпшақ тайшы Сүлеңгүттің өнерін баяндаған жерінен кездестіреміз. Жазушының тарихи дерек пен көркем бейне тұлғасын даралауды ұштастыруда жыршылықтың шежіремен, тарихи баянмен баяндалатын мәселелеріне мән бергенін аңғарамыз. Жазушының Алтын Орданың билеуші ханы Беркенің жан дүние әлемін баураған киесі барлығын ескертіп, Шыңғыс хан атасы сыйлаған қос аққуға қатысты сюжеттік детальды қосу арқылы адамзатқа тән эстетикалық- психологиялық ахуал болмысын елестетеді.

Ақын-жыраулар Алтын Орда хандарының билік құрған кезеңдерінде үнемі мемлекеттік мәселелерге тікелей араласты. І.Есенберлиннің трилогиясында 20

Жәнібек хан басқарып тұрған кездегі Алтын Орда мемлекетінің тағдырына тікелей аралсқан Асан Қайғы жырау бейнеленген. Алтын Орданың Қазақ хандығы мемлекеті құрылымына ұласар сәтіндегі жағдайды жазушы тарихи деректерге сәйкестендіре баяндаған. Роман композициясындаы осы сюжеттік бөлік қазақ прозасындағы жырау тұлғасын даралау, мінездеу тұрғысында шынайы үлгісін танытады. Асан Қайғыны халықтың да, ханның да айрықша ілтипатпен қарсы алуы, оған халықтың берген бағалулары - бәрі де көркем шығарманың эстетикалық шырайын аша түскен.

Дей тұрғанмен, тарихты «жасаушы - халық, жасатушы - жағдай» екенін еске алар болсақ, көне деректердің бүгінгі тарихи жылнамаларға қосқан үлесі де, олардың тарихтағы орны да ұшан - теңіз. Осы ретте Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» туындысы қазақ елінің қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және тарихи тағылымы мол болмақ. Тарихтағы халық характерней туындайтын іс-қимыл, тарихи оқиғалардың уақыт тағдырындағы заман шындығы алғаш рет І.Есенберлин туындысында тілге тиек болды деп айта аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында Алматы: Атамұра, 1999. - 296.
  2. Дүйсенов М. Көркем шығармадағы мазмұн мен форманың бірлігі Алматы: FA Әдебиет және өнер институты, 1962. - 210
  3. Балтымова Р. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Жанр және поэтика мәселелері. Филология ғылымдарының кандидаты авторефераты Алматы, 2009. - 25.
  4. Бердібай Р. Абылай асуы // Абылайхан. Алматы, Жазушы, 1993. - 258.
  5. Қаратаев М.Таңдамалы шығармалар. 3 томдық. - Т.2. - Алматы, Жазушы, 1974. - 392.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.