Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай фразеологизмдерінің құрылымдық ерекшеліктері

Аңдатпа

Бұл мақалада ұлы ақын Абай шығармашылығындағы фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері қаралады. Абайдағы фразеологизмдердің ерекшелігіне байланысты жасалған ғылыми тұжырымдар мен ұлы ақынның шығармашылығындағы фразеологизмдерді зерттеу арқылы мысалдар негізінде дәлелдемелер беріледі.

КІРІСПЕ

Отандық лингвистика ғылымындағы маңызды саланың бірі - фразеологизм болып табылады. Эрине, фразеологизм дегеніміз қай тілдің болмасын негізін құрайтын тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын күрделі түрін зерттейтін сала екені белгілі. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге, көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар, осының бәрі айналып келгенде тіл білімінің осы саласына кіреді. Сондықтан фразеологизм тілдегі фразеологиялық жүйенің тарихын зерттейтін тіл білімінің маңызды саласы. Сонымен қатар бұл бағыттың лингвомәдениеттанымдық және этнолингвистикалық маңызы да ерекше, себебі, фразеологизмдерді зерттеу барысында белгілі бір тілдің тарихын ғана емес, осы тілді қолданушы этностың мәдениетін де терең білуге болады. Сондай-ақ, ұлт тарихындағы тілдік тұлғаны зерттеуге де фразеологизмнің орыны ерекше болып келеді. Тілдік тұлға қай халықтың өкілі болса да сол ұлттың дүниетанымын, тіл байлығын, тіпті санасын жаңғыртуға үлес қосатын үлкен парасат иесі болатыны белгілі. Қазақ халқы үшін осындай тілдік тұлғаның Абай екені күмәнсіз. Оның үстіне ұлы ақынның қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы екенін ескерсек, ол қолданған фразеологизмдердің біздің тіліміздегі орны мен мәні биіктей түсері сөзсіз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сондықтан, ұлттық фразеологизмдердің ерекше үлгісін біз Абай туындыларынан табамыз. Эрине, Абай сөздері мен сөйлемдері талай тілші ғалымдар талдап, зерттеп келе жатқан, бітпейтін қазына, терең теңіздей ой. Сол себепті Абай еңбектеріндегі фразеологизмдердің өзіндік ерекшелігін, оның құрылымын тілдік талдау тілімізге және отандық лингвистика ғылымына үлес қосатын нәтижелі әдістемелік маңызы зор зерттеу болары сөзсіз.

Отандық ғалымдар Абай фразеологизмдерін зерттеуде біраз нәтижелі еңбек етіп келеді және бұл зерттеулерге көптеген белгілі тіл мамандары үлес қосты. Көрнекті ғалым Р.Сыздықова ақынның фразеологизмдері жайлы арнайы мақаласында былай деп тұжырым жасайды: «Абай тіліндегі фразеологизмді жалпы халықтық тілден, сонымен бірге өзіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған және ақынның өзі жасаған тіркестері деп бөліп қараған абзал», - дейді [4, 587]. Абай фразеологизмдерін зерттейтін жас ғалымдар үшін бұл тұжырымның әдістемелік тұрғыдан маңызын ескерген жөн сияқты. Р.Сыздықовадан ертерек бұл мәселе бойынша Қ.Жұмалиев «Қазақтың өлең құрылысы, тіл жөніндегі Абайдың жаңалықтары» мақаласын және З.Машабаева деген зерттеуші «Абай шығармаларындағы фразеологиялық ерекшеліктері» сияқты мақалалар жазғаны белгілі. Бірақ Абай фразеологизмдерін толымды зерттеген «Абайдың сөз өнері» кітабын жазған белгілі ғалым Рабиға Сыздықова болды. Р.Сыздықова Абайдағы образды тіркестердің көптігін айта келе, олардың өлең жолдарында көп қолданылуымен түсіндіреді және ақын пайдаланған фразеологиялық тіркестердің экспрессивтік бояуына көңіл аударады. Жалпы ғалым Абай фразеологизмдерін зерттеуге қатысты мынадай әдістемелік екі қағиданы ұсынады: «Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуде оларды екі қырынан талдау қажет. Бірінде,.. фразеологиялық тіркестерді жалпы түстеп-түгендеу, мұнда негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық фразеологизмдерге аударылады, олардың жасалу механизмі сөз болады, екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын айқындау, мұнда негізгі фразеологизмдердің құрылымы мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады» [5, 98].Абай тіліндегі фразеологизмдердің көбі афоризмдер, мақал- мәтелдерге айналуы да оның сөз тіркестерінің ұтымдылығын, терең мән-мағынасын көрсетеді. Ол өзінің ақындық ішкі дүниесін, сезімін немесе көңіл-күйін көрсету үшін де көптеген тың тіркестерді қолданады, мысалы, « ... сол себепті бір жүрген (қуыс кеудемін)» (қара сөздер, 9-сөз) осылайша дене мүшесін білдіретін, соматикалық атау «қуыс кеуде» ұғымын (тіркесін) адам жанының жағдайын білдіретін тіркеске айналдырады. Немесе он үшінші қара сөздегі « ... қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын» тіркестерінде бірнеше психологиялық, мінездемелік сипаттар тіркестіріле беріледі. Бұл фразеологизмдер семантикалық жағынан ойшылдың дүниетанымын тереңнен беріп, оның ақындығымен қатар ойшылдығын паш етуге көмектесіп тұр.

Абайдың тұрақты тіркестері, мақалдары қарама-қарсы бинарлық оппозицияларды қолдану түрінде жиі көрініс береді. Мысалы, «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» (7-сөз).

Абай өз шығармаларында мефафораларды жиі қолданады, семиотикалық тәсілді тың тіркестер арқылы жүзеге асырады. Мысалы, «қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» - «... бір жаңа ұқсатамын туған айды». Абайдағы жаңа фразеологизмдерді жасаудың бір жолы материалдық мәдениет элементтерін, табиғат заттарын идеалдық мағынада, рухани өлшемдер ретінде трансформация жасауы. Мысалы: еті тірі кісі- көңілі тірі; іш тарту- ыстық тарту; пайдасы тию- панасы тию; күшін жалдау- жан жалдау; пайдалану- адам сауу; зат ұрлау-бойды ұрлау; тозатын зат - иман жүзін тоздыру; аттың майы- сөздің майы т.б.

Ғалым өз кітабында ақын қолданған фразеологизмдердің лексика- семантикалық және құрылымдық сипаттамасын зерттейді. Осыған байланысты ақын шығармашылығының негізгі тақырыбы-адам, қоғам, сол қоғамның заманы екеніне назар аударады. Әрі қарай ғалым Абай қолданған фразеологизмдердің мына бағыттарын атап өтеді: «... адамды сипаттайтын, адамның ішкі жан-дүниесін танытиатын, адамның іс-әрекет, қимылын суреттейтін, сол қимыл, іс-әрекеттің орындалу амалын бейнелейтін, өмірді, өлімді, жастықты, кәрілікті, астарлап атайтын, табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарауға болады. Бұл семантикалық топтағы фразеологизмдер байырғы және жаңа болып және бөлінеді» [5, 104]. Сонымен қатар Абайдың жаңа фразеологизмдер туғызудағы жаңалығы ретінде ақынның бір сөзді бірнеше фразеологизмнің компонент! етіп пайдалану тәсілін көрсетеді және «сату» етістігін тіркем жасам құралы ете отырып бірнеше жаңа тіркестер жасағанын мысал етеді. Абай сөз өнерінің жаңалығы ретінде зерттеуші синкреттік амалмен жасалған фразеологизмдердің тобын айтады: «синкреттік тәсіл - Абайда жүйеге айналып, көріктеудің, актив құралдардың бірінен саналады» [5, 114]. Академик Р.Сыздықова Абайдың фразеология саласында көзге түсетін еңбегінің зоры - оның жаңа тіркестер ұсынуы - деген қорытынды жасайды. Абай қолданған фразеологизмдер жайлы зерттеуін ғалым былайша тұжырымдап, ақын ензіген негізгі ерекшеліктерді айырып көрсетеді.

Академик Р.Сыздықова Абайдағы фразеологизмдердің ерекшелігіне байланысты осындай терең ғылыми тұжырымдар жасайды, сыншының бұл түжырымдары ұлы ақынның шығармашылығындағы фразеологизмдерді зерттеу үшін аса маңызды екені сөзсіз. Бұл тұжырымдардың ақиқатын жоғарыда келтірілген мысалдар да дәлелдейді деп санаймыз.

Ғалымның пікірінше, Абай қолданған жаңа фразеологизмдердің шағын тобының аударма өлеңдеріндегі орыс тілінен тікелей калька жолымен жасалғандары болуы және Абайдағы фразеология саласындағы өзгеріс, жаңалықтың бәрі стильдік мақсатты өтейтін құрал болуы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Абай шығармаларындағы фразеологизмдер қазақ тіліліндегі құрылымы мен жасалу жолдары ерекше жаңа тілдік құбылыс болып табылады. Сондықтан оларды тіл біліміндегі тың теориялық-әдістемелік концепцияларды негізге ала отырып талдау отандық лингвистика үшін әлі өз маңызын жоймаған мәселе болып табылады. Ұлы ақын, ойшыл қолданған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді зерттеу арқылы қазіргі қазақ тілінің тілдік қоры немесе жасалу жолдары ғана емес, оның лингвомәдениеттанымдық және этнолингвистикалық мәнін де ашуға мүмкіндік аламыз. Себебі Абайдың фразеологизмдері тек тілдік құбылыс қана емес, терең мәнді дүниетанымдық семантикалық өріске ие даналық болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Серғалиев М. Стильдену. // Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы,1998. - 372 б.
  2. Абай. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995. - 720 б.
  3. Айтбайұлы Ө. Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары. - Алматы, 2013. - 400 б.
  4. Алдашева Г. Абай тілі - көркемдік үлгісі.// «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең». Респ.ғыл.-прак. конф. материалдары. Ақтөбе, 2005. -297 б.
  5. Сыздықова Р. Абайдың сөз өнері. - Алматы. «Арыс» баспасы, 2004. - 208 б.
  6. Қалиев F., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық. - Алматы, 2008. -264 б.
  7. Абай шығармаларының 2 томдық жинағы. -Алматы: Жазушы, 1986. - 302 б.
  8. Қоңыратбаева Ж. XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер-Алматы: 2002. 301 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.