Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

І. Есенберлиннің «көшгіенділер» трилогиясында ақын-жыраулар тұлғасының көркемдік негізде сомдалуы

Аңдатпа

Мақалада Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы ақын- жыраулар бейнелерінің тарих көшіндегі өмір жолының қазақ прозасындағы бастауы болып табылатындығы талданылады. Сонымен бірге трилогия қазақ елінің бес жуз жылдық тарихи баспалдағын, атап айтқанда, сонау Қазақ хандығының алғашқы құрылған кезеңіне көркемдікпен жан-жақты тоқталып, ұлтымыздың «жанкешті жылдарында» ел болып қалыптасуына жол ашқан қасиетті тұлғалардың сом бейнесін жасауға арналды.

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиеті тарихының қалыптасуы мен дамуының басты ықпалды арнасын құраған ақын-жыраулардың шығармашылық және қоғамдық - әлеуметтік қызметі арқылы қазақ халқының да әлем өркениетіндегі маңызды орны айқындалады. Қазіргі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның ықпалды орталық болып отыруы қазақ халқының осындай дәстүрлі тарихи тағылымның маңыздылығынан екендігін түсінеміз. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаев ұлттық діліміздің қуаты дәстүрлі сақталуының маңызына жоғары баға берді: «Қазақтар - ұлы өркениеттердің мұрагерлері, тарихтың сан-сапалақ құз-қияларынан өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді. «Қазақы төлтумалықты» сақтай білу - біліктіліктің жолы және ондай жолдың тарихи тұғыры биік» [1,24]. Авторлы әдебиет шығармашылықтың қалыптасуы мен дамуы белестерінде ақын-жыраулардың да, кәсіби жазбаша әдебиеттегі қаламгерлердің де өз туындыларындағы және олар туралы жазылған шығариалардағы тұлғаларының бейнеленін тану маңыздылығымен ерекшеленеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өткен ғасырдың 70-жылдардың бас кездерінде ғана ұлтымыздың тарихи кезеңдеріне баға беруге талпыныс жасалып, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы ақын-жыраулар бейнелерінің тарих көшіндегі өмір жолының қазақ прозасындағы бастауы болып табылады. Аталған трилогия қазақ елінің бес жүз жылдық тарихи баспалдағын, атап айтқанда, сонау Қазақ хандығының алғашқы құрылған кезеңіне көркемдікпен жан-жақты тоқталып, ұлтымыздың «жанкешті жылдарында» ел болып қалыптасуына жол ашқан қасиетті тұлғалардың сом бейнесін жасауға арналды.

Тарихқа түрен салған туынды тағдыры да талайлы «тарихи жолдардан» өтті. Оның басты себебі, отарлаушылықтың нағыз үстемдік құрып тұрған кезінде жазылғандықтан, шығарманың жарыққа шығуының өзі де көптеген қиыншылыққа ұрынды. І.Есенберлиннің өзі де бес жүз жылдықтың табалдырығын XIX ғасырдан бастап жазып, 1969 жылы орыс отаршылдығымен табандай он жыл күрескен Абылай ханның немерелері Кенесары - Наурызбайдың кеңесшісі болған Нысанбай ақынның трагедиялы тағдырына арналған «Қаһар» романын дүниеге келтірді. Дегенмен, қазақ тарихына арналған алғашқы көркем шығарманың өзі де ұлтымыздың жанкешті тағдырының шынайы бейнесінің болашақпен таныстыру жолында кеңестік кезеңінің мұраты жолында ауыр соқпақтардан өтті. Ілкі кезеңде әдебиет зерттеушілерінің де, жазушы қауымның да өз орталарынан қолдау таппай, қайшылықты пікірлердің дау-дамайына ұласқан болатын.

І.Есенберлиннің шежірелі жылдар тарихын тереңнен қозғаған шығармаларының легі ағытылып, 1971 жылы трилогияның екінші кітабы болып табылатын - «Алмас қылыш» романы жарыққа шықты. Бұл романға алғашқылардың бірі болып пікір жазған М.Дүйсенов «романның тарихтың аса қызық та, ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы кітап» болатынына тоқталып, тарихи оқиғаларды, мұрағаттардан тарихи шежірелерді жинап, рет-ретімен қолданып, шығармаға арқау еткендігіне тоқталып, шығарманың біраз беттерінде тарихи деректер бірінші кезекке шығып кететіні тарихи шығарманың жазылу сипатына байланысты екенін айта келіп, «оқушы қауымға қазақ халқының орта ғасырлық тарихынан біраз қызық мағлұмат беретін, пайдалы еңбек» [2,4] деген қорытындыға келеді.

І.Есенберлиннің қазақ тарихының көркемдікпен беру жолындағы алғашқы екі туындысы жарыққа шыққаннан кейін, көп ұзамай біздің тақырыбымыздың бастауы болып табылатын XYIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығының аса ауыр кезеңіндегі ұлтымыздың тағдыр - талайын, Абылай дәуірін, ел тарихының қилы кезеңдерін жырлаған ақын - жыраулар бейнесінің алғашқы белесі болып табылатын - «Жанаталас» романы 1973 жылы жарыққа шықты. Араға үш жыл салынып, 1976 жылы үш кітаптан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы басылып шықты.

І.Есенберлин «Жанталас» романында ұлтымыздың халқымыздың басынан өткен тарихи кезең, болашақ Тәуелсіз мемлекеттің тарихи сипатын ерекше көрсете білген ақын-жыраулар образын сомдауға ұмтылған. Бұл орайда жазушы халық аңызына ден қойып, жыраулар поэзиясындағы ханға арналып айтылған өлең - толғаулардың айтылу ретіне қарай және мұрағаттағы тарихи деректерге сүйенген.

Туынды көлемінде аңыз, шежіре, жазба тарих әңгімесі әлеуметтік, психологиялық талдаумен ұштасып жатады. «Жанталас» романы қазақ халқының басындағы аса ауыр кезеңді баяндауға арналған. Жоңғар шапқыншылығы кезеңі бізге тарихи деректемелерден, ақын - жыраулар поэзиясы, соның ішінде Бұқар Қалқаманұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Ақтамберді Сарыұлы, Тәтіқара ақын және Көтеш Райымбекұлы поэзияларымен өте таныс. Бірақ, сол кезеңінің шындығын көркем шығарма жанрында алғаш жеткізген Ілияс Есенберлин болды.

Романның алғашқы бөлімінде Жоңғар елінің жаулаушылық тарихынан, қазақ жеріне шабуылды қалай әзірлегенінен, ұрымтал тұсты пайдаланып, жойқын соғыс бастағандығынан шежіре шертіледі. «Қазақ елі бұл кезде көкпар тартуға дайындалған серке тәрізді еді. Жан-жағынан анталаған қай жауының тақымында кетеді? Әлде өзара қырылысқан хан, сұлтандар қанын сорғалатып, біреуі - аяғын, біреуі - қолын, біреуі - басын қанжығаларына байлап әкете ме, кім білсін? Ел басына төнгелі келе жатқан мұндай ауыр кезеңді дұрыс ұғып, терең болжап, болашақ тарихы мен тағдырының төрт жағынан бірдей соққалы тұрған сұрапылдан халқын құтқарар кімі бар?

Мұндай жанталаста халық алдыңғы шепке ең алдыменен өзінің тәжірибесін, ақыл-парасатын, табандылығын салуға тиісті. Өйткені қазақ елін көкпар етіп ала қашуға дайындалып жатқан ең бірінші қасы оған айқын еді.

Тезінен күшейіп келе жатқан Жоңғар хандығының қазақ еліне өте қауіпті екенін бірден түсінген Тәуке хан болды. Ал патша үкіметі, болғалы тұрған қанды уақиғалардың екі жағымен де түбі тіл табу керек екенін есіне ұстап, Орта Азия істеріне өте сақтықпен қарады.

Осының бәрі қазақ халқының басына бір жамандық әкелгелі тұрғандай еді» [3, 220]. Қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, бірте-бірте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені одан әрі шертіледі. Сонымен қатар, Бұқар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарихтың - Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы Абдолла әскерінен Сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады. Біздің басты тақырыбымыз болып саналатын Абылай хан бейнесінің сомдалуы турасында романның екінші бөлімінде кеңінен айтылады. Шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бұхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқаша айтқанда Жоңғар шабуылының нәтижесі қазақ қауымын қандай бетбұрысқа итермелегенін көрсетүге арналған. Романның соңғы, үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері тізбектеле беріледі. Шығарма соңы Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұқар жыраумен диалогы берілумен аяқталады.

Романда жоңғар шапқыншылығымен қатар ерекше кейіпкерлер - Асанқайғыдан басталған ақын-жыраулар бейнелері бірте-бірте көрініп, Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш жыраулардың халықтың халық болып қалыптасу тарихындағы алар орындары ел саясатына ерекше дарындылықтары сатылай баяндалады.

Алтын Орда дәуіріндегі қазақ ақын-жыраулары шығармашылығы дәстүрінің қазақ хандығы кезеңіндегі әдеби дамуға ұласқаны белгілі. Трилогияның бірінші кітабында Алтын Орда хандарының бірі Сартақтың ордасында қобызын сарнатып тарихи жыр-шежіре жырлаған Қыпшақ тайшы Сүлеңгүттің өнерін баяндаған жерінен кездестіреміз. Жазушының тарихи дерек пен көркем бейне тұлғасын даралауды ұштастыруда жыршылықтың шежіремен, тарихи баянмен баяндалатын мәселелеріне мән бергенін аңғарамыз. Жазушының Алтын Орданың билеуші ханы Беркенің жан дүние әлемін баураған киесі барлығын ескертіп, Шыңғыс хан атасы сыйлаған қос аққуға қатысты сюжеттік детальды қосу арқылы адамзатқа тән эстетикалық- психологиялық хал-ахуал болмысын елестетеді.

Ақын-жыраулар Алтын Орда хандарының билік құрған кезеңдерінде үнемі мемлекеттік мәселелерге тікелей араласты. І.Есенберлиннің трилогиясында Жәнібек хан басқарып тұрған кездегі Алтын Орда мемлекетінің тағдырына тікелей араласқан Асан Қайғы жырау бейнеленген. Алтын Орданың Қазақ хандығы мемлекеті құрылымына ұласар сәтіндегі жағдайды жазушы тарихи деректерге сәйкестендіре баяндаған. Роман композициясындаы осы сюжеттік бөлік қазақ прозасындағы жырау тұлғасын даралау, мінездеу тұрғысында шынайы үлгісін танытады. Асан Қайғыны халықтың да, ханның да айрықша ілтипатпен қарсы алуы, оған халықтың берген бағалулары - бәрі де көркем шығарманың эстетикалық шырайын аша түскен.

Асан Қайғының халық пен хан алдындағы биік беделін жазушы оны осы ордада қарсы алу сәтіндегі әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалмен-ақ елестетуге күш салған. Шығарманың осы сюжеттік бөлігіндегі мынадай мәселелердің қамтылғанын көреміз: бірінішісі - Алтын Ордаға, Қазақ хандығына астана, кіндік орталық болатын мекенді таңдау, талқылау; екіншісі - қазақ халқы қоныстарының тұрмысқа, өмір сүруге қолайлылығын бағалау. Бұл - қазақтың дербес халық болып мәңгілік нығаюының, өсіп - өркендеуінің өзектілігін ойлаған қайраткердің азаматтық - отаншылдық көзқарасының көрінісі.

Ақын-жыраулар тұлғасы айрықша көрінетін тұсы «Алмас қылыш» романында бастауындағы Әбілхайырдың баласы Шаһ-Будақтың асынан басталады. Исі қазақтың басын қосқан үлкен аста І.Есенберлин жырауларға ел тарихын айтқыза отырып, лирикалық шегініс жасап, тарихи туындының негізгі желісін беріп отырғандай. Себебі, қазақ елінің хандық құрылу кезеңіндегі тарихын сонау әлем құрылғаннан бастап билеуші мен халықтың арасын байланыстырушы бас идеологтар - жыраулар тарапынан айтқызып отыр. Және ас үстіндегі айтысты ел қамын ойлаған, ұлы сыншы Асан Қайғыға басқартуының өзі қазақ поэзиясының төл басы болар жырауынан бастатқаны, І.Есенберлиннің тарихи туынды бастауын XY- XYIII ғасырлар арасында басты орын алған жыраулар поэзиясынан алғандығын байқатады. Сол құрметке орай жыраулар бейнесін басты орынға қойғандығынан мәлім болғандай. Себебі, Асанқайғының жыраулардың қайсысынан болса да еңсесі биік жатыр. Оның тағылымы мол толғауы қайғы тәрізді түпсіз терең, ел мұраты тәрізді мәңгі өшпес арманды болып келетіні ақиқат. І.Есенберлиннің трилогияның екінші кітабындағы Асан Қайғының халық тағдыры, тіршіліктің жалғастығы, мәңгілік қоныс хақындағы толғаныстарының жазушы тілімен өрнектелуінде осындай ғаламдық ғылыми мән бар.

Қыпшақтар осы жүз елу жыл жүргізген шапқыншылығында Киевтен бастап Россияның көп қаласына қауіп туғызды. Міне, осы Қыпшақтардың ерен ерлігін арқалы жырау қарға бойлы Қазтуған толғауы арқылы көрстеді.

«Қазтуған «Айт, шу!» деген бәйгі ұранын естіген қылаң құйрықтай, бірден аға жөнелді. Бұ жолы ол домбырасын безектей ойнатып бір тізерлей отыра қап ащы айқайға салды. Kype тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан жыландай ісініп ап, толғауына кірісті.

— Ерлік-ежелгі салтым, — деді. — Алыс-жұлысқа жаратылған қанды балақ қыран құс, құр ұясын күзетіп отыра алмайды. Қыпшақ та сол қыран құс. Ол ерлік үшін жаратылған, — деп Қазтуған құлашын алысқа сермеді. Дәл осы сәтте қарсы алдында отырған жауы — қарт жырауға қона түсуге дайын, өзі де сол қыран құстың бірі тәрізді. Екі көзі қанталап, қалың қабағы жауар күндей түксиіп кеткен.

Даусын кеңнен алып, тағы да бір шырқап жіберді де «Осы ерлігінің арқасында Қыпшақ әлемге аян болды. Батыр жұрт Қоламан патшаның кезінде Стамбулды да жау тырнағынан алып қалды» [3,238] деп жырын бітірді.

Қазақ әдебиеті тарихында Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Салп, салпыншақ анау үш өзен» атты тағылымды толғаулары халыққа кең таралған, ұмытылмай сақталған. Осы Қазтуған жыраудың ел тарихындағы бір тарихи кезеңді сипаттаудағы халық тарихын беруге қадам жасаған. Қазтуған жыраудың нағыз көсемдік-шешендік тұғырындағы тұлғасы қанатты, ойлы сөз тіркестерімен, мағыналы халықтық-әлеуметтік, отаншылдық ойлармен өрнектелген сөздері қаптағалы дайындалып жатқан басқыншыларға қарсы елдің божырауға бет алған көңіл-күйін көтеруге, намыстарын оятуға жетелейді. Жазушы Қазақ хандығының осы әлсіреген тұсындағы кезең шындығын, Қотан жырау, Қазтуған сынды жорықшыл жыраулардың біртіндеп оқиғалар желісіндегі эволюциялық қалыптасу жолын жүйелеп көрсеткен. Шығарманың басты кейіпкерлері Қотан жырау, Қазтуған, Ассан Қайғылардың шапқынышылыққа ұшыраған қазақ даласының барлық аймақтарын аралағандарын, қазақты, даланы басқыншылардан азат ету жолында халқымыздың талай-талай қайраткерлерінің бас қосқанын, елдік, ерлік іс-әрекеттер жасағанын айтыс жасаумен жеткізе білген.

Қазақ әдебиетінің тарихында айтыс - көне дәуірден келе жатқан жанр. Алайда суреттеліп отырған кезеңдегі Қотан, Қазтуған сияқты ақындардың артында қалған айтыс үлгісі жоқ. Бұл да жазушы қиялынан туған көркемдік болжалы екені сөзсіз. Ақын-жыраулардың айтысы арқылы жазушы лирикалық шегініс жасап, қазақ тарихының ауыр күндерді басынан өткізген жағдайларын тізбелеп көрсетеді. Ақын-жыраулардың отты жырларымен айтылатын сөздерге жазушы философиялық салмақты жүк артқан. Ол халықтық гуманист ойдың түйіні мынада: батырлық - ел жаулап, өзгені құл етуде емес, шын батырлық өз үйін қасық қаны қалғанша қорғауда. Жау қанша батыл болғанмен, бірақ туған жерін қорғаушы адамдар одан күштірек.

Туындының екінші бөлімі «Жанталас» кітабынан бастап, жыраулар поэзиясының атасы болған «Көмекейі бүлкілдеген» Бұқар жырау бейнесі тарихи аренаға ене бастайды. Тарихта болған, артына өшпес мұра қалдырған өз дәуірінің ұлы жыршысы романда да сол тарихи мағлұматтар аясында көрінеді. Ол Абылайдың ақылгөйі, тіпті қай кезде де тезге салатын, бүгінін ғана емес, ертеңін де болжап, хан мен халықты жақындатып отыратын дәнекер Бұқар Абылайдың жас кезінен бастап-ақ оның қасында. Қашан да жебушісі, қолдаушысы. Қажет жерінде шындықты бетке айтатын сыншысы да. Бірақ ең алдымен, бүкіл үш жүздің басын қосқан, Жоңғар шапқыншылығына аяулы Жер - Ананы тазартуға бар күшін салған, бүгінгі тарихта «атақты Абылай» ханды өзінің бар игі қасиеті мен болжағыштық ерекшелігімен дамыта көтерген Бұқар жырау екенін көреміз.

Автор романның басты идеясы халық тағдыры, ал халық атынан сөз алып отырған Бұқар жырау екендігін байқатады. Себебі, алдымен Абылайды Бұқар жыраудың ойымен таныстырып, кейін хандыққа бара жолында осы жыраумен бірлікте сабақтастыра қарайды. Мұның бәрі, шығарманың негізгі мақсаты - халық тарихының шындығын көрстеу болатын. «Жанталас» романының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық, талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы - автор мен шежіреші қарт Бұқар жырау әңгімесі арқалаған. Осыдан барып шығармада айтушы қызметі маңызды орынға шығады. Қандай көркем туынды да айтушы, баяндаушының дәнекерлігі елеулі орынға ие болатыны белгілі. Дегенмен, «Жанталас» романында айтушы ролі өзгешелеу болып келеді. «Бұл ретте жазушы ауыз әдебиетінің өміршең дәстүрлерінен үйрене білгендігін атап айтар едік» [4, 68].

Атап өтерлік нәрсе сол - І.Есенберлин Бұқар жыраудың хан Абылайдың жаршысы бола жүріп, халықтың көзі мен құлағы болғанын, бәрінен бұрын жеке басының абыройы мен мансабын ойлағанымен, қазақ елінің болашағын бәрінен жоғары қоятындығы ерекше бейнеленген.

Бұқар жырау бейнесінің басты қыры ашылатыны романның эпилогында берілген. Абылайдың таққа отырғанына отыз жылдай болған уақыт. Ел қорғаған батырлар Бөгенбай, Олжабай дүниеден өтіп, Абылай да ауыр науқастық күй кешуде болатын. Қасында отырған Бұқар жырау ханның соңғы сөзін естіп, арманын айтып қалуды сұрағанда, үш жүздің басын қосқан ардақты Абылайдың арманы - қан майданда өлу еді. Жыраудың келесі сауалы да романның негізгі мақсатынан туындағандай.

«-Иә, Абылай, -деді сөзді әріден толғап, - елу жылдан астам ат үстінде болдың. Батыр да атандың, ақыры хан тағына да отырдың. Бірақ соның бәрінен не қалды?

  • Сенің осылай дейтініңді сезетін едім, - Абылай езу тартқандай болды, - рас, хан тағына жету үшін мен ұзақ һәм бұралаң жол бастым. .. Бірақ сол хан тағы маған не үшін керек еді? Осы сұраққа көңіл күйім тағы бір қасірет шеккен күні жауап берейін деп едім ғой. Сол күн туған секілді... Адамға өлімнен артық қасірет бар ма? Ал тыңда.. Иә, хандық құру, тек мансапқорлықтан туды ма сол арман? Жоқ, Бұқар аға, онда сен мені білмегенің. Ұлы хан тағына отырсам, қазақ елін өзімнің дегеніме жеткізсем, деп ойлағам...
  • Абылай, - деді Бұқар жырау, - өмірде қиындықта да, қызықты да көп көрдің, ал сонда қандай өкінішің бар?
  • Өкінішім, - деді Абылай күрсініп. - Өз басымның өкініші үш жүздің басын қоса алмадым; аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе алмадым. Жер деген алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері бар өзбек, екі үйір жылқысы бар қазақтан бай тұрады. Және жұттан да, қуаңшылықтан да қорықпайды. Ал мен жаудан қазақтың жері біткенін қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой, білмей қалдым..» [3, 424].

І.Есенберлиннің «Жанталас» туындысында бейнеленген кесек тұлғалар бастауында Бұқар жырау бейнесін атаймыз. Бас қаһарман аңыз, жыр, жыраулардың толғаулары арқылы халық санасынан орын алған бейне болатын. Сол фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнені төмендетіп алмай, оған реалистік нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес.

«Бес ғасырлық халық тарихына әр қырынан келіп, тарихи тұлғаларды сомдауда соны серпіліс танытқан І.Есенберлиннің «Жанталасы» - ақын-жыраулар бейнесін жасаудағы тарихи прозадағы ізденіс нышаны» [5, 3] болып табылатыны сөзсіз.

Біз тоқталып отырған романның жанрлық сипаты да ерекше болып келеді. Көптеген тарихи оқиға мен шынайы кейіпкерлерді шетінен толық суреттеу бір шығарма көлемінде мүмкін еместігін ескерген автор негізгі күшті баяндау мен айтушыға салады. Бірақ бұл құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен әрекетінің тупкі сырын ашып көрсете алатын күрделі әрі ғибратты туынды болып саналады. Қаһармандардың тур келбеті де, сөйлеген сөзі де ойы да, тартыс үстіндегі қайшылықты күресі де осы бір «баяндау сарынына» сыйып, романның көтерген жүгін айқындап тұр. «Жанталас» романының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы - автор мен шежіреші Бұқар жырау әңгімесі даралап көрсетеді. Осыдан барып шығармада айтушы қызметі маңызды орынға шығып, романдағы тарихи сипат көрінісі лирикалық шегініс арқылы шежіре мен сол кездің басты проблемасы іштей қабысып, ел мен жер үшін құрбан болған батырлар мен айбарлы хан бейнесі шынайы көркемділікпен басты фонда орын алған. Бұл ретте жазушының ауыз әдебиетінің өміршең дәстурлерінен үйрене білгендігін атап айтар едік [6,160]. Түркі-монғол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін - бірі толықтырып, кезектесе сөйлейтін дәстүр болған. «Жанталас» романында тарихи оқиғаларды кейде Бұқар жырау, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін пайдаланғандай эсер қалдырады. Бірақ, туындының құрылысы мен сюжеттік шешімінде фольклордан дарыған әдістер кездескенімен, талдау, мінездеу, даралау тәсілі реалистік әдебиет үлгісінде жаңаша сипатта өрбіген. Эпосты туғызған дәуірдің қайталанбайтыны секілді, оның көркемдеу тәсілдері де жалаң көшірілмейтіні белгілі. Әрбір қаламгер өзінің алға қойған мақсатына, өмір материалының көлемі мен сипатына орай ауыз әдебиетінің бай қазынасынан үйренуі, ізденуі қажет екені белгілі. Осындай сәтті қолданылған көркемдік байланыс І.Есенберлиннің «Жанталас» романының тартымды болуына, көтерген жүгінің ұлттық негізден бастау алып, бірнеше ғасырдың шындығын көрсетуге көмектескен.

ҚОРЫТЫНДЫ

Туынды да халқымыздың бірнеше ғасыр көлемінде бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, ел мен жердің бостандығы тәуелсіздігі үшін күрестері біресе шежіре, бірде аңыз, кей жағдайда тарихи фактілерден баяндалады. Қорыта айтқанда, романда көркемдікпен өрілген тарих шежіресі сипаты басымдау келеді. Бұның бәрі негізгі идеяға - қазақ халқының қаһармандық, ұлт бостандығы үшін арпалысын, халықтың жанталаста шешуші роль атқарғанын көрсетуге жұмсалған. Аңыздар мен шежірелер романда жеке өзіндік қызмет атқармайды. Баяндаушы автор сол тарихи аңыздардың негізінде басты бағытын ашуға ұмытылған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін, еңбегін саралай отырып, тарихтың шежірелі жырын автор бүгінгі оқырман алдына тартуға күш салған. Сонымен бірге, «Жанталас» романында XYII - XYIII ғасырлардағы тарихнамасы беріліп қана қоймай, оның құбылыстарына терең талдау жасалынып, сол тарихнаманың көркем пішінге түскен желісі берілген.

Шығарма толыққанды жазылып шыққанымен, баспа бетінде жариялануы да үлкен кедергіге ұшырағаны белгілі. Сол себепті де, І.Есенберлин өзінің туындысының тағдыры турасындағы ойын төмендегідей өлең жолдарымен дәлелдей ұсынып кеткен:

Өмірдің мен де өзіңдей бір қонағы, Жеріне жеткен ұшып - құс қонады! Естідім қастарымның сан жаласын, Естідім достарымның сын - таласын. Тілегім сенде жалғыз, жас ұрпағым, Болғайда әділетті көзқарасың!

Тудырған өз тұлғасын әрбір дәуір, Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір. Есіңнен шығарма тек, болашағым - Түйенің көш бастаған жүгі ауыр! [7, 4].

Қорыта келгенде, ұлттық проза дәстүрінде ақын - жырау образын сомдауға күш салған І.Есенберлиннің «Жанталас» туындысы тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түрен салғанын, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің көркемдік қосындысымен тыныстап, өткен тарихтың ізімен өткенімімізді көз алдымызға әкеліп, болашақ ұрпақты елді сүюге, сонау ғасыр жүгі арқалап әкеткен ұлттық рухымызды тереңнен таныстыруда елеулі орны бар шығарма екендігімен құндылығы жоғары болмақ.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында Алматы: Атамұра, 1999. - 296.
  2. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, Ғылым, 1979. - 240.
  3. Есенберлин I. Көшпенділер: Тарихи трилогия. Алматы: Көшпенділер баспасы, 2008. - 656.
  4. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері Алматы: Ғылым, 1976. - 200.
  5. Шомахова А.Ы. Қазақ прозасындағы ақын - жырау тұлғасы бейнеленуінің тарихи - әдеби негіздері. Филология ғылымдарының кандидаты авторефераты. Алматы, 2009. - 25
  6. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 6-том. Алматы: Жазушы, 1980. - 365.
  7. Болатханұлы Д. Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясы (жанр және поэтика). Филология ғылымдарының кандидаты авторефераты Түркістан: 2007. - 25.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.