Жазудың даму тарихы мен қоғамдық қызметі

Жазудың адамзат баласы тарихында алатын орны ерекше. Ол — біздің даму тарихымыздағы мәдениеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Жазу адамдар арасындағы тілдік коммуникацияны қамтамасыз етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та қарым-қатынас жасай беруге болады. Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы жазудың пайда болуы, болжаммен қалай шыққандығы, қалыптасуы мен даму тарихы, жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз болады. Әрбір жазудың — пиктографиялық, идеографиялық, буын жəне әріп жазуының қоғамдық қажеттілікті өтеудегі орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі көрсетілген. Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде шыққандығының себептері, яғни пайда болуына əсер еткен факторлар, оны алғаш қолданушылар, алғашқы жазудың формасы, оның уақыт өте келе эволюциялық жолмен жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу түрлері мен белгілері сияқты мəселелер мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (әріп жазуының) шығуына себеп болған алфавит мәселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның жетілуі, батыс жəне шығыс елдері алфавитінің шығуына себеп болған грек жəне арамей жазуы, жазуды зерттеу ілімі — графика мəселесí, орфография, транскрипция мен транслитерация мəселелерí де қарастырылған.

Кіріспе

Қдрым-қатынас жасаудың əлемде кең тараған түрі — жазу. Ол арқылы өз ойымызды түрлі белгілер арқылы таңбалап жеткіземіз. Адамның көру қабілеті арқылы қабылданып, ұзақ уақыт еске сақталады, ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан жазу — адамзат мəдениетí дамуының ең биік көрсеткіші. Жазудың қоғамдық мəнí, тілдің дамуына əсерí жайлы ғалым Қ.Күдеринова былай дейді: «Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне əсер етеді. Соған сəйкес тілдегі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұгастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тілдің (əдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына əсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мəтíндердí тілдік жүйеге жатқызды» [1]. Жазу арқылы адамдар жақыннан да, алыста тұрып та еш қиындықсыз қарым-қатынасқа түсе береді. Адамзат баласының тілі ең əуелде ауызша түрде пайда болғандығын білеміз. Одан кейін заттар арқылы хабар берген. Мəселен, кеткен бағытын көрсету үшін ағаш бұталарын жолға тастау, аңға кеткендігін көрсету үшін садақтың оғын ағашқа қадап кету т.б., яғни ойды зат арқылы білдіріп отырған. Ой-санасы жетіліп, ауызекі тілде қарым-қатынас жасаудың тиімсіз бола бастаған тұсында жазу пайда болды. Алғашқы жазудың формасы қазіргі жазудағыдай емес, өте қарапайым əрǐ жабайы болды.

КорреспонДент-авторы. E-mail: eldos_t_e@mail.ru

Алғашқы жазудың құралдары саз-балшық, тас, ағаш қабықтары, ағаш көмірі, тері, мал сүйектері сияқты заттар болды. Біздің заманымызға тек осылардың тасқа қашалып сақталған кейбір түрлері ғана жеткен.

Жазудың пайда болуына əсер еткен негізгі себептер мыналар:

  1. Күнделікті өмірде ауызша қарым-қатынас жасау тиімсіз бола бастады. Себебі ауызша жақыннан тұрып қана сөйлесе аласың, алыста тұрып қарым-қатынас жасау мүмкін болмады;
  2. Ақпаратты сақтап отыру қажеттілігі туындады. Қасыңда жоқ адамдарға белгілі бір хабарды, ақпаратты жеткізіп отыру қажет болды, мəселен, мен аңға кеттім немесе орманға кеттім деген сияқты.
  3. Адам эволюциясымен байланысты. Ақыл-ойы мен санасының өсуі шығармашылықтың пайда болуына əкеп соқты. Алғашқы жазудың түрі — пиктограмма әрі жазу, әрі сурет өнері ретінде синкретикалық байланыста болды. Бір-бірінен жазудың келесі түрлері пайда болғанда ажыратыла бастады.

Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.

Негізгі бөлім

1. Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі. Мысалы:

Ерлер мен əйелдер бейнесінің сызбасы (Испания жəне Оңтүстік Франция үңгірлерінен табылған)

Пиктографиялық жазу əуел баста сурет өнері ретінде пайда болып, қосымша коммуникацияның құралы ретінде де жұмсалды, яғни уақыт өте келе сурет өнерінен шартты түрде жиі қолданылуымен, белгілі бір мағынаға ие болуымен ажыратылды. Адамдар садақтың суретін салу ретінде әрі садақты, әрі аңға шығу деген ойды білдірген.

Пиктографиялық жазудың артықшылығы: қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды.

Кемшілігі: 1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық адам бірдей түсіне алмады (ағаштың суреті ағаш па, жоқ əлде мен орманға кеттім бе т.с.с. түсініксіз болды); 2) ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не жануардың, затты садақтың немесе қайықтың суретімен беру); 3) дыбысқа негізделмеді (сурет болғаннан кейін); 4) сурет өнерінен ажыратылмады (əуел баста әрі сурет, әрі жазу қызметін атқарды).

Қазіргі кезде өмірімізде пиктографиялық жазу қолданылмайды, бірақ белгілерін күнделікті өмірде кездестіреміз. Олар: жолда жүру ережелері, әртүрлі шартты белгілер т.б.

Пиктографиялық жазу сол уақыттағы адамдардың қажеттілігін өтей алмай, дамудың келесі сатысына өтті. Ол идеографиялық жазу болды.

2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. logos — сөз, gramma — жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды. Пайда болу уақыты — мемлекеттің пайда болу, яғни құл иелену дәуірі, б.з.д. үш мың жылдықтың басы.

Алдыңғы жазудан басты ерекшелігі пиктограмма тұтас бір ойды, сөйлемді білдірсе, идеограммалар жекелеген сөзді немесе белгілі бір морфемаларды білдірді, бірақ дыбысқа негізделмеді. Мысалы, пиктографиялық жазуда «садақ» таңбасы «аң аулау немесе соғысу» деген ойды берсе, идеографиялық жазуда бұл сөз «садақ» деген мағынаны ғана білдірді, яғни әрбір идеограмма бір сөзді немесе морфеманы таңбалады. Бұл жазуды ең әуелі ежелгі египеттіктер мен шумерлер қолданған, кейін қытайлықтар дамытты. Бұл жазудағы әрбір идеограмма айналадағы заттар мен құбылыстардың белгілеріне ұқсата отырып таңбалаумен ерекшеленді. Идеографиялық жазудың негізінде иероглифтер пайда болды. Алғашқыда заттың не құбылыстың кескінін білдірген белгілер кейін соның шартты таңбасына айналды. Олар алғашында бірдей таңбаланғанымен, әртүрлі тілдер мен диалектілерде басқаша дыбысталды. Мəселен, 123 сандары немесе + таңбалары бірдей қабылданғанымен, əр тілде түрліше дыбысталатыны сияқты. Қазіргі қытай жазуы алғашқы сипатынан көп ерекшеленеді, мұнда осы жазудың жетілген түрі морфема-логографиялық жазу қолданылады. Мұны кейде морфемограммалар деп атайды. Яғни таңбалар тұтас сөзді емес, сөздің құрамындағы жеке морфемаларды белгілейді [2; 555]. Мысалы, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің морфемаларына айналған. Қытай жазуы иероглифтер мен қосымша мағынаны жəне дыбыстық белгілерді білдіретін таңбалардан тұрады. Яғни бұлар идеографиялық иероглифтер жəне фонетикалық иероглифтер болып бөлінеді. Біріншісі синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, екіншісі омонимдерді белгілеу үшін жұмсалады. Бұл екі түрі де сөздердің мағынасын дəлме-дəл беру үшін тіркесіп келе береді.

 

63

Идеографиялық жазудың артықшылықтары: бір сөзбен бір ұғымды берді, нақты бір мағынаны беруді көздеді; сонымен қатар морфемаларды да таңбалауға тырысты.

Кемшілігі, сөздерді дыбыстарға бөліп ажыратып бере алмады; оқуда, түсінуде қиындықтар тудырды.

Бұл жазу көбіне ақпаратты дыбысқа негіздей отырып дəлме-дəл беруде қиындықтар тудырды да, кейін буын жəне дыбыстық жазудың пайда болуына әкелді.

3. Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл жазуды кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп те атайды. Буын жазуында дауысты жəне дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Пайда болу мерзімі — б.з.д. үш мың жылдықтың бас кезеңі. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады.

Буын таңбалары əуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. Буын жазуын таңбаларының фонетикалық мағынасы жағынан үш түрге бөліп қарауға болады:

  1. ассиро-вавилон, элам, урарт, сына, майя, дыбыстық корей жазуы. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, буынның мына түрлерін белгілейтін болған А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген;
  2. крит-микен, кипр, Эфиопия жəне жапон буын жазулары. Мұнда таңбалар тек дара дауыстыларды жəне дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстының қосындысын белгілейді;
  3. үнді жазуының әртүрлі жүйелері (кхарошти, брахми, т.б.). Бұларда таңбалар жеке-дара дауыстыларды («а»), дауыссыз бен дауыстының қосындысын («ка») белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді: а) логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары; ə) Эфиопия, үнді (брахми, кхарошти, т.б.) буын жазулары; б) жапон буын жазуы мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун). Буын жазуы оқытуға, үйренуге, қолдануға ыңғайлы болды. Себебі таңбалардың саны аз, ықшам еді (35–40-тан бастап 200-ге дейін жетеді). Буын жазуы сөзді, тілді, əсíресе, оның фонетикалық дыбысталуын (фонетикалық транскрипцияға жақын) дəл көрсетуге əрí сөздің грамматикалық формаларын беруге қолайлы [2; 561].

Қазіргі уақытта бұл жазу түрі бенгал, кхмер, гуджарати, деванагари, телугу, Эфиопия жазуларында қолданылады. Сонымен қатар, ритуалдық жəне діни мақсаттарда қолданылатындары да бар: ранджана, сиддхам, тагаль, грантха, батак т.б. жазулары.

  1. Әріп жазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу əрíп жазуы болды. Себебі əрбíр сөз дыбыстық жағын дəл бере алатын əрíптерден құралды жəне грамматикалық формаларды дəл беруде өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл əрíптер бір немесе бірнеше фонеманы білдірді. Тілде олардың көбінің саны небəрí 20–45-тен аспайды. Бұл адамзат мəдениетíндегí жазудың ең жетілген түрі болып есептеледі. Шамамен таза дауыссыз дыбыстық жазудың пайда болу мерзімі — б.з.д. екі мың жылдықтың орта кезеңі, ал дауысты дыбыстық жазудың пайда болу уақыты — б.з.д. бір мың жылдықтың бас кезеңі. Ең алғашқы əрíп жазуы — финикий жазуы. Мұнда 22 таңба болған. Əрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған.

Серия «Филология». № 4(100)/2020

Бұл жазу оңнан солға жазылды. Пайда болған уақытын ғалымдар б.з.д. Xғ. дейді. Алайда осы жазумен жазылған кейбір ежелгі ескерткіштердің уақыты б.з.д. XVIII ғ. меңзейді. Ерекшелігі бұл жазу əуел баста таза дауыссыз дыбыстардан тұрды. Бұған семит тобына жататын тілдердің жазуы жатады: қазір қолданылмайтын финикий, ең көне еврей жазуы, арамей, оңтүстік араб жазуы т.б. Әріп жазуында дауысты дыбыстардың пайда болуы б.з.д. ІХ ғ. грек алфавитінен басталады. Грек әліпбиі финикийдің негізінде пайда болды. Бұл кезеңде жазу солдан оңға көшті. Шығыс елдерінің әліпбиі арамейден, ал батыс елдерінікі грек жазуынан бастау алады. Арамей жазуынан семит тілдері, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің, еврей әліпбиі, еирия, моңғол, араб, орхон-енисей, армян, грузин жазулары, грек жазуынан латын, кириллица жазулары, келіп шыққан. Бүгінгі уақытта әлемнің 90 пайыздан астамы осы əрîп жазуын қолданады.

Енді жазуға қатысты кейбір ұғымдарға қысқаша түсініктеме бере кетейік.

Әліпби (алфавит — гр.т. alphabetos деген алғашқы əрштерîнен алынған) — жазу жүйесіндегі таңбалардың стандартты жиынтығы; əлîпбиде қабылданған əрштердщ реті. Біз жоғарыда ең алғашқыда тек дауыссыз дыбыстардың болғандығын айттық. Уақыт өте келе дауыссыз дыбыстардың негізінде дауысты дыбыстар пайда болып, қажеттілікке байланысты əрîптермен шартты түрде таңбалана бастады. Əрбîр əлîпби жүйесіндегі əрштердщ өзіндік атаулары бар. Ол түрлі тілде түрліше дыбысталады. Əрштердщ əлîпбиде бірдей болуы тілдердің туыстық белгілеріне байланысты сақталады. Тіл білімінде əлшбидщ пайда болуына, шығуына қатысты бірнеше болжам теория бар: египет теориясы, крит теориясы, синай теориясы, еврей-эллинистикалық теория т.б.

Графика (гр. т. grapho — жазу) — тіл білімінде жазуды зерттейтін ілім. Графика жазудың түрлерін, оның тарихын, қалыптасуы мен даму барысын қарастырады. Ол палеография, эпиграфика, каллиграфия деген ұғымдармен түсіндіріледі. Палеография ежелгі ескерткіштердегі жазу мəселесîн қарастырады. Жазба мəтîндердщ əрîптîк белгілерін, уақытын, мерзімін, дұрыс жазылу тəртîбîн (сөздердің бірге/бөлек жазылуы, жазбада қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы), жазба материалын, бояуын зерттейді. Эпиграфия қатты материалдардағы (тас, керамика, металл т.б.) жазулардың мазмұны мен формаларын зерттесе, каллиграфия əдемî жазу өнері дегенді білдіреді, яғни əрбîр əрîпке рең беру, өзгеше қылып жазу деген сияқты мəселелермен айналысады.

Орфография (гр. т. orthos — дұрыс, grapho — жазамын) — сөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін тіл білімінің бөлімі. Жазу кезінде сөздердің нормаға сай берілуі, грамматикалық формалардың берілуінің біртектілігі, яғни оны қамтамасыз ететін ережелердің жиынтығы. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылуының фонематикалық, морфологиялық, семантикалық сияқты қағидаттары бар.

Транскрипция (лат. Transcription — қайта көшіріп жазу) — белгілі бір тілдегі дыбыстарды дəл бейнелейтіндей беретін шартты белгі. Мұнда дыбыстар дəл əрî нақты етіп беріледі, оқылады. Мысалы: су [сұу], ел [иел], жұлдыз [жұлдұз] . Мұнда сөздегі дыбыстардың нақты белгісі тік жақша ішінде сөздердің дұрыс айтылу ерекшелігіне сай көрсетіліп отырады. Транскрипцияның негізгі қызметі — сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дəл көрсету. Бір фонема жазуда (графика) әртүрлі əрîптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол (фонема) бір ғана таңбамен белгіленеді [3]. Тіл білімінде транскрипцияның мынандай түрлері бар: практикалық транскрипция жəне ғылыми транскрипция. Практикалық транскрипция белгілі бір ұлттың əлîпби арқылы аударылмайтын шетел

 

сөздерін жазу. Негізінен шетелдік жалқы есімдерді (кісі есімдері, географиялық атаулар) жазбаша аударуда туындайтын мəселе. Мысалы, қазақ тілінде — Жапония, орыс тілінде — Япония, ағылшын тілінде — Japan т.б.

Ғылыми транскрипция белгілі бір тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының (айтылуының) ресми түрде жазылуы. Ғылыми транскрипцияның өзі іштей екіге бөлінеді: а) фонетикалық транскрипция, тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді басшылыққа алады, мысалы: оң қол [оңғол], ащы [ашы]; ə) фонематикалық транскрипция, мұнда әрбір жеке тілдің фонемаларына мəн беріліп, сөз дыбысталуына, айтылуына жуықтап беріледі, мысалы: ми [мый], бу [бұу].

Транслитерация — бұл әліпбидің бір графикалық жүйесін басқасына сәйкестендіріп ауыстыру деген сөз, яғни бір жазу жүйесіндегі таңбалардың басқа жазу жүйесіндегі таңбалар арқылы символдарды дəл беруі (немесе символдар тізбегі), онда бір жазба жүйесінің əр таңбасы (немесе символдар тізбегі) басқа жазба жүйесінің сол таңбасымен (немесе символдар тізбегімен) беріледі. Мысалы: қазақ — qazaq — казах. Мұндағы қазақ тіліндегі қ латын графикасындағы q, орыс жазуындағы х сəйкес беріліп тұр.

Қорытынды

Жазу — адамзат мәдениетінің басты көрсеткіші. Әр заманда түрліше сипатта болған жазу бүгінгі уақытта дамып жетілді. Қанша жерден технология дамыса да, жазуды жоя да, алмастыра да алмайды, керісінше, жазу технологияға бейімделді. Сондықтан ол адамзат тілдік қарым-қатынасының басты құралы болып қала бермек. Жазу адам ойының туындысы болғаннан кейін тілдің одан әрі дамуына, оның құрылымдық жүйесінің дамуына, күрделі, құрмалас сөйлемдердің, тұтас мәтіннің пайда болуына əсер етті, тілдік норманың жүйеленуі мен тұрақталуына, əдеби тілдің дамуы мен стильдік тармақтарының саралануына мүмкіндік туғызды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Күдеринова Қ. Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы / Қ. Б. Күдеринова. — Алматы: Елтаным баспасы, 2013. — 242 б.
  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері / К. Аханов. — Алматы, 2002. — 664 б.
  3. Қазақ тілі энциклопедиясы / Е. М. Арынның редакторлығымен шыққан. — Алматы: IDK-TIPO редакциялық баспа орталығы, 1998. — 510 б.
Жыл: 2020
Категория: Филология