Аңдатпа
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде білім алушыныңөзін-өзі дамытуға деген талпынысы заманауи білім берудің тұжырымдамалық негізі деуге болады. Тұлга қабылданатын түсініктердің барлығын өзінің ойы, өзіндік әрекеті арқылы өткізсді. Өзгерістер жүйенің өзінде болуы тиіс, олар білім беру жүйесі үшін барша қоғам болып табылады. Осындай білім жүйесінде адамды даярлап жатқан қатынас жүйесі ашылады. Адамзатты дамытудың жаңа кезеңіне жаңа білім жүйелері мен оқытудың жаңа үлгілері сәйкес келуі тиіс.
Мақалада сындарлы оқытудың теориялық негізінде болашак педагогтерді оқыгудың тиімді жолдары қарастырылады. Білім беру мазмұнын жүзеге асыру барысында әр жұмысты жоспарлауда болагпақ педагогтердің қажсттіліктерін. олардың білімді қабылдаудағы танымдық деңгейлерін ескеру маңыздылығы баяндалады.
Жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтерді оқыту бағдарламасы мазмұнына сэйкес студенттердің кез келген мәсслслерді түжырымдаудағы қабілеттіліктері. ойлаудағы икемділіктері, идеяларды тудыра алудағы талпыныстарына эсер ететін тэсілдер үсынылады.
Kipicne
Қазіргі таңда білім берудің жаңашылдық процесі барысында әр болашақ педагогке өзіндік кәсіби білімдері және біліктіліктері жайында ойланып, сындарлы оқытудың негізін түсініп, білім беру процесінде жаңаша әрекеттер жасауға мүмкіндіктер берілуде. Заманауи білім беру болашақ педагогтердің кәсіби бағыттағы құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері бағытында жүзеге асырылуда.
Заманауипедагог шешім қабылдауға қабілетті және ғылымдағы өзгерістерге тез әрекет ететін, кең жалпы және арнайы білімді игеруі тиіс. Осының барлығы бүгінгі күні адам өмірінің барлық салаларына күнбе күн енгізілуде. Сондай - ақ оған әлеуметтік - психологиялық құзыреттілік, кәсіби құлшыныс, мұрат, құндылық, адамгершілік әуестілік, сыни тұрғыдан ойлауы, мәдениеттіліктің жоғары деңгейі, тұлғааралық қатынастың, өзін - өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеудің заңдылықтарын білу де маңызды рөл атқарады десек қателеспейміз.Осы мәселелерді теориялық тұрғыдан түсіну болашақ педагогтердің кәсіби міндеттерін практикалық жолмен шешуді жүзеге асыруға жол ашады. Осының негізінде тәжірибе барысында болашақ педагогтерге білім берудің негізгі қағидасы айқындалады. Олар: адамгершілік, білімділік, кіріктірушілік, педагогикалық білімнің кезеңдері мен сатыларының үздіксіздігі мен бірізділігі, мазмұнның оралымдылығы, білім беру үдерісінің технологиясы.
Қазақастан Республикасы ғылым мен білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары өз кезегінде білім беру саласында дамыған елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы; білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы; білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы ортаның құрылуы [1].
Болашақ педагогтердің басқарушылық, ұйымдастырушылық және тәрбиелеу қызметтерін орындауға даярлығын қалыптастыруға бағытталған кәсіби білім түрі ретінде қабылданады. Ол жаңа жалпы теориялық және әлеуметтік - технологиялық білімді игеруді, икем мен дағды аясын кеңейтуді, ғылым мен технология арасындағы байланысты түсінуін тереңдетуді қарастырады. Сондай - ақ біліктілікті арттыру бір мезгілде кәсіби еңбекті жетілдіруге бағытталған үздік тәжірибені игеру нысанының бірі болып табылады. Болашақ педагоггердіңбілімін жетілдірудің негізгі мақсаты олардың тұлғасына және қызметіне тұрақты өсетін әлеуметтік талаптармен олардың мектеп алдына қойылған міндеттерді іске асыруға даярлық деңгейі мен білім жүйесіндегі басқару үдерістерін құрайтын заманауи гылыми білім деңгейі арасында сәйкестік орнату болып табылады [2].
Жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтерді оқыту бағдарламасы мазмұнына сәйкес студенттердің кез келген мәселелерді тұжырымдаудағы қабілеттіліктері, ойлаудағы икемділіктері, идеяларды тудыра алудағы талпыныстары артып, педагогикалық ойлары шыңдалады деуге болады. Эрине, осының барлығы кәсіби білім алудың нақты үш кезеңі барысында жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі түйінді идеяларды түсініп, тәжірибеге енгізу әдістемесін интерактивті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бұл болашақ педагогтердің танымдық, коммуникативті- дамытушылық қабілеттерін дамытуға жетелейді. Осының нәтижесінде тәжірибе барысында оқыту мен оқудағы өзгерістерді жүйелі ұйымдастырып, бағалап отырады. Бұл студенттің алдағы іске асырылған өзгерістері туралы өздігінен және өзара талдау жасауына тікелей қатысты десе болады. Осылайша білім алу барысындағы білім мазмұнының кезеңдеп жүргізілуінің нәтижесінде мақсаттарды біртіндеп шешуге, қадамдап жоғарлауға негізделеді.
Студенттерге білім беру барысында шығармашылығын дамыту үздіксіз процесс ретінде қарастырылады. Педагогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану болашақ педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Тәжірибе көрсеткендей студенттің шығармашылығы жоқтан туындамайды, ол өте кең және өзіндік ерекше сипаты бар даму кезеңдеріне сәйкес жылжу көрсеткіші бар процесс: өзіндік түсінігі бар білімді қолданудан білім беру процесінде мүлде дәстүрлі үйреншікті көзқарасын өзгертетін жаңаша амалды қолдану. Осы орайда білім беру барысында студенттің шығармашылығын дамыту - бүл жинақталған білімді игеруден басталып, тәжірибесін жаңартып, өзгеріс енгізу және сындарлы оқыту теориясының мәнін түсінудегі процесс болып табылады десе де болады. Заманауи педагогтің бойында мәселені көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы сипаттай білу қабілеттілігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы керек. Осындай бірлік компоненттеріне бағытталған әрекет келешектің педагогтің кәсіби дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлаймыз.
Танымдық психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, тәжірибелік әрекеттер арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін дәлелдеді. Осы орайда қытай ғұламасы Конфуций былай деген: «Маган айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін». Осы ғылыми пайымдауларға сүйене отырып, әр болашақ педагог білім беру барысында шәкірттердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыра алса, оның кәсіби- ұйымдастырушылық шеберлігінің артқандығының дәлелі бола алады. Сондықтан болашақ педагогтерге білім беру арттыру жүйесі кәсіби болу керек. Бұл дегеніміз - педагогикалық білім алудан басталып, педагогикалық осу барысында жалғасын табатын теориялық және практикалық тәжірибесі өзара кіріктіріліп жүйеленген процесс.
«Газет» әдісі студенттердің өзін - өзі реттеудегі негізгі түсініктер бағытында ойларын жинақтауға мүмкіндік берді деуге болады. “Газет” әдісін қолдана отыра теориялық білімге сүйеніп, теорияның негізінде өз тәжірибесімен байланыстыра қорытынды ойларды жасады. Дегенмен белсенді жұмысқа толығымен қатыспаған студенттер де байқадық. Белсенді қатыспауының себебін топта ерекше белсенділігімен танылатын студенттердің басым болуынан деп түсіндіреміз. Сондықтан белсенді қатыспаған студенттерге жасалған өнімді қорғау ұсынылды. Бірақ, қорғау барысында да өзінің бойында сенімсіздіктің басымдылығын байқалды, оның себебін, белсенді студенттердің «мен айтайыншы, толықтырайыншы» деген тілектері кедергі болуынан деп ойлаймыз. Бірақ студентке жетелеуші сұрақтар қойып, жұмыс мазмүнының түйінін жасауға мүмкіндік жасалды. Бұл студенттерді жұмысқа тарту үшін: газет мазмүнын құру төрт бөлімнен тұрғандықтан, бөлімдерді топтағы студенттерге бөліп, қорғауды бір студентке ұсынуды қарастыруымыз керек еді. Бұл келешектегі әрекетіміздегі ескеретін жағдайым деп білеміз.
Студенттердің теориялық тұрғыдан түсініктерін пысықтау мақсатында теориялық сәт жұмысы ұйымдастырылады. «Қалай оқу керектігін үйрену», «Метатаным» түсініктері бойынша таныстырылымдар дайындалады.
Осы тұста тәжірибе жүргізу барысында студенттердің өздігінен білім алуын уйымдастыру кезецдерін келтіруге болады. Олар:
- нусқаушы, өздік жүмысқа нақты икемдеуді қарастырады; білім беру ұйымының ғылыми-әдістемелік тақырыптарынан жұмыс мақсатын таңдау; жеке дербес тақырып қүру; өз әрекетінің жүйелілігін ұғыну;
- оқытушы, педагог психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиетпен танысады;
- тәжірибелік, педагогикалық фактілер жинақталады; олар іріктеліп, таңдалады; жүмыстың жаңа әдістері сарапталып, тәжірибелер қойылады;
- теоретикалъщ ұгыну, жинақталған педагогикалық фактілерді талдау және жалпылау. Бұл кезеңде оқылған педагогикалық әдебиетті ұжыммен талқылауды, өздігінен білім алу барысы туралы әдістемелік отырыстарында шыгармашылық есеп беруді, ашық сабақтарға талдай отырып қатысуды және т.б. ұйымдастырған дұрыс;
- - қорытыііоы - бақылау, педагог өзінің өздік жүмысының қорытындысын шығарады, байқағандарын жалпылауға, нәтижесін рәсімдеуге тиіс. Осы орайда бастысы өткізілген жүмысты, белгіленген фактілерді сипаттау, оларды талдау, нәтижесін теориялық тұрғыда негіздеу, жалпы қорытынды қалыптастыру және жүмыстың келешегін анықтау болып табылады.
Осылайша, жоғарғы оқу орындарында бұл әрекеттер барысында аса сауаттылық ересектерді оқытудың ерекшелігін білу маңызды деп ойлаймыз. Осыған орай жаттықтырушы өз қызметінде төмендегі ережелерді басшылыққа алуы тиіс:
- білім алушыга білім алу барысында жетекшілік ету;
- барлъщ децгейдегі ересектерді опыту проиесі бірлескен әрекет мақсатты багытта ұйымдастырылады.
Әдебиет:
- 1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекетгік бағдарламасы.-[Электрондық ресурс] :http://adilet.zan.kz.
- 2. Каплунович Т.А., Александрова М.В., Тращенкова С.А. Проектирование этапов повышения квалификации педагога в контексте карьерного развития// Человек и образование, 2012. - №4(33).-Б.10-14.