Kipicne
Қазіргі жаңа мектептің моделін құрудың біртұтас жолын іске асыруға бағдарланған жалпы орта білім беруді жаңарту мен жаңғырту стартегиясы ең басты нәтиже ретінде оқушының өзіндік дамуы мен өзін-өзі басқару қабілетін дамытуды, таным әрекетінде өзара ықпалдастыққа дайындығын көрсетеді. Білім берудің жаңа сапаға жетудегі басты мақсаты әлеуметтік белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Заманауи білім беру технологияларының жаңалығы білім беру процесін дербестендіру, оқушылардың білімін терең түсінудегі рөлін арттыру болып табылады. Өйткені, оқуға деген қызығушылықты жоғалту немқұрайлық пен апатияны тудырады, немқұрайлық жалқаулықты, ал жалқаулық жұмыссыздыққа ұшыратып қана қоймай және де өз қабілетінің жоғалуымен жалғасады. Міне осыған байланысты сабақты қызықты, оның мазмүнын жаңа ойлар тудыратындай және қабілеттерді жетілдіретіндей, сонымен қатар ғылыми жағынан да, тәжірбиелік әрекеттерге де жол ашатындай заманауи етіп құрастыру өте маңызды.
Өзіндік әрекет - бұл адамның сыртқы көмектесуді қажет етпей өздігінен мақсаттарды қоюға, ойлауға, әрекет етуге, жағдайды шарлауға қабілеттілігін білдіреді. Толық және үйлесімді тұлғаны қалыптастыру үшін оны өзіндік жүмысқа жүйелі түрде қосу керек, ол мектептерде арнайы тапсырмалар түрінде - өзіндік жұмыстарда алынады.
Өзіндік жүмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:
- Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.
- Оқушылардың өзіндік жүмысын оқу жүмысының басқа түрлерімен дүрыс ұштастыра білу.
- Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.
- Өзіндік жүмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.
- Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды оқу жүмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.
Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жүмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Атап айтқанда: оқулықпен, оқу-әдістемелік және анықтамалық құралдармен жүмыс жасау, конспект жасау; есептер шығару, жаттығулар орындау; зертханалық жұмыстар жасау, бақылаулар жүргізу; тақырыптық рефераттар дайындау; қолдан приборлар жасау және т.б.
Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өзіндік жүмысының әртүрлі түрі пайдаланылады, оның көмегімен олар өз бетінше білімі, дағдылары мен қабілеттерін арттырады. Оқу үдерісінде қолданылатын барлық өзіидік жүмыстар әртүрлі сипаттамаларга слйкес жіктелуі мүмкін:
- дидактикалық мақсаттар үшін,
- оқушылардың өзіндік деңгейінде,
- идентификация дәрежесі бойынша,
- білім мен білім алу әдісі бойынша,
- іске асыру формасына сәйкес,
- орындау орыны бойынша.
Физика сабакріарында крлданылатын өзіндік жүмыс түрлері.
Осы белгілерге сәйкес сабақтарда өзіндік жұмыстардың келесі түрлері пайдаланылуы мүмкін:
- тест сұрақтарын таңдау,
- басқатырғыштар жасау,
- рефераттарды қорғау,
- сызбаға немесе диаграммаға сәйкес құрастыру,
- физикалық құбылысты бейнелеу,
- конспект жасау,
- формула қорытып шығару,
- формуланы түрлендіру,
- алгоритм құрастыру,
- ғылыми зерттеулер жүргізу,
- физикалық мәселелерді ойлап табу,
- физикалық жағдайларды талдау,
- дәлелдемелерді жүргізу,
- гипотеза,
- салыстыру жүргізу,
- негізгіні нақтылап корсету,
- оқушылардың жауабын талдау,
- фактіні түсіндіру,
- себеп-салдарлық қатынастарды орнату,
- параграф немесе мақалаға арналған қарапайым абзацтың жоспарын жасау,
- тезис жоспарын жасау,
- мәтіннің бөліктерін таңдау: а) тұжырымдаманы енгізуді негіздеу, б) анықтама, в) дәлелдеу, г) формуланың туындысы және т.б.,
- мәтінді суреттермен көрсету,
- бір тақырыпқа байланысты құрылғыларды топтау,
- тақырыптық құрылғыларды демонстрациялық және зертханалық бөлімге белу,
- қүрылғының қауіпсіздік нұсқауларын дайындау,
- ұқсас құрылғылардың салыстырмалы сипаттамаларын құрастыру,
- және т.б
Физикалық есептерді, тапсырмаларды шыгаруды өздігінен орыидау.
- сыныпта оқушылар алғаш рет физикалық тапсырмалармен, есептермен танысады.
Физикалық тапсырма - жалпы жағдайда физика заңдары мен әдістерінің негізінде логикалық тұжырымдар, математикалық амалдар мен тәжірбиелер арқылы шешілетін шағын мәселе.
Тапсырмаларды өз бетінше шешуге қабілеттілігін арттыру мұғалімнің үнемі мұқият назарын талап ететін қиын мәселелердің бірі болып табылады. Тапсырмаларды өз бетімен шешуге үйрену үшін оқушылар белгілі бір қарапайым тапсырмаларды бірте- бірте орындаудан бастайды, одан кейін күрделі тапсырмаларды жүргізе бастайды, содан кейін ғана тапсырмаларды өз бетімен шешеді.
Физикалық тапсырмаларды оқушылардың өздігінен орындауына келесідей деңгейлі жолды ұсынамын:
- Біріншіден, мектеп оқушыларына тапсырмалардың мазмұнын өз бетінше талдауға, мазмұнды қысқа жазудың және оларды шешу жолдарының ең ұтымды жолымен таныстыруды үйрету қажет. Бұл үшін сіз оқушыларды периодты түрде тақтаға шақыра отырып, оларға тапсырманың қысқаша мазмұнын жазуды ұсынамыз, содан кейін ұжымдық пікірталас арқылы жазудың ең ұтымды тәсілдерін табуға болады.
- Тапсырмаларды шешу үшін өзіндік жүмыстың дағдысын қалыптастырудың келесі кезеңі - жалпы шешім қабылдау және физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің аттары бар операцияларды жүргізу арқылы оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігі.
- Физикадағы тапсырмаларды өз бетінше шешуге дайындықтың маңызды элементі - оқушылардың жуық шамамен есептеулерді жасау қабілеттілігін дамыту. Мұндай дағдылар ең алдымен математика сабақтарында алынады, бірақ олар физика сабақтарында бекітілуі керек. Осы мақсатта, 7-сыныптағы алғашқы физикалық есептерді шешкенде, оқушылар тақтаға жызылған және ұжымдық талқылағаннан кейін тапсырманың есептеулерін өз бетімен орындау ұсынылады.
- Тапсырмалардың қысқаша жазылу әдістерін меңгергеннен кейін, сондай- ақ физикалық шамалар мен әрекеттердің өлшем бірліктерін атаулармен түрлендіру әдістерін меңгергеннен кейін, оқушылар өздерінің өзіндік жүмысына мәселелерді шешу жолдарын іздеуді қоса алады.
- Тапсырмаларды шешудің ең ұтымды әдісін табуға оқушыларға үлкен өзінділік қабілет көрсетуді талап етеді. Сондықтан жаңа шешімдерді өз бетімен қалай табуға болатынын үйрету үшін, жүйелі түрде оқушыларға бір тапсырмаға бірнеше шешімдерді үсынуға болады. Бұл тәсілді күрделі тапсырмалар орындау барысында тәжірбиеде қолдану өте маңызды болып табылады. Бұл ретте бір тапсырманы бірнеше жолмен шешу, тапсырманың дұрыстығын бір ғана әдіспен тексерілетінін назарда ұстау қажет.
Оқушылар физикалық тапсырмалардың шешімдерін табуға байланысты жүмыстардың барлығын меңгергенде, тапсырманың толық шешімін табу, сонымен қатар алынған нәтижені талдау және тексеруді қосу ұсынылады. Өзіндік жүмыс физикалық есептерді, тапсырмаларды шешуге арналған әрбір сабақта өткізілуі керек.
Жаңа білім беру багдарламасы бойынша физика плнінен мектепте кейс— стади әдісін қолдану.
Кейс - стади әдісі
Оқушылардың әмбебап оқу әрекетін құрастыру, тікелей олардың қызығушылығына тәуелді. Оқушылар «Біз мұны неге істеп жатырмыз?» деген жауапсыз сүраққа ойланбаулары үшін тек оқуда ғана мәні бар емес, өмірлік те тәжірбиелерге негізделген тапсырмалар орындауға кеңес беремін. Сондықтан, өзіндік жүмысты нақты жағдайға негізделген кейс - әдісін ұсынамын. Кейс - әдіс - оқушыларды талдау және шешім қабылдауды (жағдайдан шығу жолын) анықтауға мәжбүр ететін нақты оқиғаларға негізделген жағдайларды талқылау. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмүнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Кейс түрлері:
- «Тәжірбиелік» кейс, тек нақты өмірлік жағдайларға сүйене отырып алынған.
- «Оқыту» кейсі, негізгі міндеті оқыту болып табылады.
- «Алғашқы ашылымды» кейстер - бұл ғылыми-зерттеуге негізделген, зерттеу қызметін жүзеге асыруға бағдарланған кейс.
Кейс - технологиялар бүл мүғалімнің қайталауы, мұғалімнің сүрақтарына жауап беру, мәтін бойынша түсінік айту және т.б. сияқты жүмыс түрлеріне қарама-қайшы болып табылады. Кейстер қарапайым білім беру тапсырмаларынан ерекшеленеді (тапсырманың ереже секілді бір дүрыс шешімі және сол дұрыс шешімге жеткізетін бір дүрыс жолы болса, кейстерде бірнеше шешім және сол шешімдерге жеткізер бірнеше жолдар бар).
Кейсті қүру жолын мен үш бөлікке ажыратып көрсетемін:
- Кейсті талдауға қажетті қосымша ақпарат.
- Нақты жағдайды сипаттау.
- Кейс бойынша тапсырмалар.
Кейс - технология әдісі үсынады:
- Алдын- ала жазбаша түрде дайындалған кейс үлгісін.
- Оқушылардың кейсті өзіндік талдауын және зерттеуін.
- Мұғалімнің басқаруымен кейсті сыныппен ұйымдасып талқылау.
- «Талдау әдісі шешімді табудан маңыздырақ» принципіне бағыну.
Оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалады.
- 1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.
- 2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;
- 3-кезең. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;
- 4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;
- 5-кезең. Оқушылардан күтілетін нәтижені болжау;
- 6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.
- 7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды физика сабағына енгізу.
Физика пәні бойынша кейс әдісі кеңінен таралмағандақтан сіздерге келесідей кейс тапсырма мысалын ұсынамын.
Жагдаят 1: Ньютон жарықты бөлшектер ағыны деп, сол арқылы жарықтың шағылу, сыну заңдарын механиканың заңдарымен толық түсіндіре алды. Бірақ Гюйгенс ол пікірмен келіспеді. Гюйгенс жарықты эфирде тарайтын қума механикалық толқын деп қарастырды. Ол өзінің атымен аталатын принциптің көмегімен жарықтың шағылу, сыну заңдарын толқын ретінде де дәлелдеуге болатынын көрсетті. Кейінірек Юнг тәжірибелері жарық үшін дифракция құбылысы тән екендігін, яғни жарықтың толқындық қасиетке ие екендігін дәлелдеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында жарықтың бөлшектік табиғатына дәлел болатын бірнеше қүбылыстар, атап айтқанда, Герц ашқан фотоэффект қүбылысы, Комптон байқаған қүбылыс т.б. белгілі болды. Сонымен, «Жарық толқын ба, жоқ әлде бөлшек пе?» деген сүрақ тағы да қылаң берді.
Шешілетін проблема:
Жарық толқын ба, жоқ әлде бөлшек пе?
Тапсырмалар:
- Қандай физикалық құбылыстарды жарықтың бөлшектік қасиеттеріне дәлел ретінде келтірер едіңіз?
- Қандай физикалық құбылыстарды жарықтың толқындық қасиеттеріне дәлел ретінде келтірер едіңіз?
- Сіздің ойыңызша, жарық толқын ба, жоқ әлде бөлшек пе? Басқа ойыңыз болса оны нақты дәйектермен дәлелдеңіз.
Жагдаят 2: 7 сынып «Пәнге кіріспе. Физика және оның мағынасы»
«Петропавл - Қызылорда» бағытындағы поездың 7 вагонында бір-біріне мүлде таныс емес адамдар келе жатты, кенет физика ғылымы бойынша қызу пікірталас туындады.
Ақниет есімді жас қыз өзінің СҚМУ студенті және болашақ физика мұғалімі екенін айтты.
- Сен неге дәл осы физика пәнін таңдадың, ол қиын емес пе? - деп сүрады бірнеше жылдық еңбек өтілі бар экономист Ляззат Ораловна.
- Сіз білесіз бе, бұл қандай қызық және маңызды ғылым екенін! Физика бізді қоршаған ортада, табиғатта, физика барлық жерде!
- Иә, өте дүрыс!- деп сөзге араласты дәрігер Жасүлан Айтжанұлы, - Физикасыз бүгінгі медицина «көзсіз» және «қолсыз» болар еді!
- Иә, мен осындай маңызды ғылыммен айналысамын - деп қуанды Ақниет.
- Жоқ табиғаттың жаратылысына физиканы араластыруға болмайды! Мен бүған қарсымын, демек физикаға да!- деп жауап қатты тағы бір жолаушы.
Кейске арналган сүрактар:
- Кейсті «иә, қолдаймын» немесе «жоқ, қарсымын» деп жалғастырыңыз.
- Кейс бойынша өзіңізде жауабын тапқысы келетін сүрақ пайда болды ма?
- Кейстегі мәлімет пайдалы болды ма?
Кесте 1 Case - study тапсырмасын бағалау
Kpumepuiuiepi |
Қойылатын талаптар |
Жогары упай саны |
Тақырыпты талдау |
|
2 ұпай |
Мәселені бағалай білуі |
|
10 ұпай |
Ой- толғау жасай білуі (пікірталас) |
|
3 ұпай |
Жұмысты орындау |
|
5 ұпай |
Қорытынды
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда физика пәнін оқытуда тарауды пысықтау - қорытындылау сабақтарында case-study әдісін қолдану әдістемесін оқу үдерісіне енгізсе, оқушының білімі тереңдеп және пәнге қызығушылығы, шығармашылық ойлау қабілеті артып, оның кәсіби бағдар алу мәселесі оңай шешілер еді.
Әдебиет:
- Методическая разработка "Кейс метод на уроках физики" https://infourok.ru/metodicheskaya- razrabotka-keys-metod-na-urokah-fiziki-298199. (28.05.2018 ж. өзекті).
- Физика пәнінен омож-ын case-study әдісімен үйымдастыру мәселелері http://melimde.com/eoj- 378-146-fizika-peninen-omoj-in-case-study-edisimen-jimdast.html.
- Өзіндік - өздік тексеру жумысын оқушының физикалық орындау https://rector.kz/rmikd/id/22675 (28.05.2018 ж өзекті).
- Организация самостоятельной работы на уроках физики https://nsportal.ru/shkola/fizika/library72014/05/06/organizatsiya-samostoyatelnoy-raboty-na- urokakh-fiziki.