Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түрақты сөз тіркестерінің грамматикалық ерекшеліктері

Аңдатпа

Пакты материалдар нсгізінде фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің максаты - тұрақты сөз тіркестерінің морфологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметін анықтау. Зерттсудс фразеологизмдердің құрылымы, морфологиялық ерекшеліктері және сөйлемдегі қызметі талданған. Зерттеу әдістері: сипаттама, компоненттік талдау, құрылымдық - семантикалықталдау. Зерттеу материалдарын қазіргі қазақтілі курстарында пайдалануға болады.

Kipicne

Фразеологизмдер саласындағы өзекті мәселелер қатарына тұрақты сөз тіркестерінің грамматикалық ерекшеліктері жатады. Қазіргі тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері әдетте лексика - семантикалық жағынан, көркем шығарма тілінде қолданылуы ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылып келеді. Соңғы кезде фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер пайда бола бастады.

Қазіргі орыс тіліндегі фразеологизмдер жайында арнайы зерттеу жүмысын жасаған В.П. Жуков фразеологизмдердің сөйлем ішінде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш та бола алатын дәлелдейді. Орыс тілінде фразеологизмнің сөйлем мүшесі болуы жайлы Х.М. Сайкиев те фразеологизм сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқара алады деп, оның бастауыш қызметінде жүмсалуына көбірек тоқталады. Профессор I. Кеңесбаев фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формал тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады деп айтқанымен, синтаксистік жағынан қарастырмайды.

Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған I. Кеңесбаев болса, С. Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударды. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына фразеология бөлімін енгізген F. Мусабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу куралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясын В.В. Виноградовтың жіктеуі бойынша топтаса, Р. Сәтенова тұрақты тіркестердің бір түріне жататын мақал - мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталады. Зерттеушілер жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуына да көп көңіл аударып, сөз таптарына жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақова, А. Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмдердің берілу жайы тілші ғалымдар назарын аударды. Бұл ретте Ө. Айтбаевтың, К. Дүйсетаевтың зерттеу еңбектерін айтуға болады. Сондай - ақ осы жылдары қазақ және орыс тіліндегі фразеологимздерді салыстыра зерттеу жайын қолға ала бастады, көптеген зерттеу - мақалалар жарияланды.

Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жүмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылады. X. Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н. Қошанова тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы - сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасайды.

Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің морфология мен синтаксис саласында зерттеу оның толық ашылмаған сан қырының бірі. Фразеологизмді зерттеуші ғалымдар назарынан тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе - олардың құрылымы, сөйлем ішіндегі қолдану ерекшеліктері, тұрақты сөз тіркестерінің сөйлемдегі қызметі [1].

Қазақ тілінен жинақталған материалдар фразеологизмдердің сыртқы құрылымы жағынан екі, үш, торт, одан да көп сыңарлы болатынын және сөйлемге үқсас болып кездесетіндерін көрсетеді. Тұрақты сөз тіркестерін құрылым жағынан қалыптарға жүйелеп, зерттеу барысында оларды бірнеше топқа бөлдік: екі сыңарлы етістікті фразеологизмдер; үш сыңарлы етістікті фразеологизмдер; төрт жэне одан да көп сыңарлы етістікті фразеологизмдер. Теориялық еңбектер мен жинастырған материалдарымызды саралап, жүйелей отырып, төменде екі сыңарлы фразеологизмдерді мынадай топтарға біріктірдік: атау тұлғалы есім + етістік (басы қату), көсемше тұлғалы етістік + етістік (сасып қалу). Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің етістік тұлғасы соңғы сыңар ретінде қолданылады.

Келтірілген мысалдардан байқағанымыз, екі сыңарлы етістікті фразеологизмдердің' қазақ тіліндегі «атау тұлғалы зат есім+етістік» типтес синтаксистик қалыбында келу құбылысы байқалады.

Үш сыңарлы етістікті фразеологизмдердің (төбесі көкке жету) құрамындағы негізгі қызметті атқарып тұрған басыңкы сыңардағы етістіктің, сол сияқты басқа да сыңарлардың лексика - грамматикалық ерекшеліктері - қазақ тіліне тәндігімен түсіндіріледі. Құрылымы: сын есім + зат есім + етістік. Мысалы: Үлкен іс бастау; қызыл кеңірдек болу; тақыр жерге отырғызу.

Жинастырған материалдарды құрылым - құрылысына қарай жүйелеу, саралау барысында етістікті фразеологизмдер құрамындағы сыңарларының саны екі сыңарлы фразеологизмдерден басталып, үш - төрт, алты - жеті сыңарға дейін баратынын көрдік. Лексикографиялық деректерге сүйене отырып, фразеологизмдердің құрылымының көп сыңарлы түрі қазақ тілінде екі сыңарлы фразеологизмдерге қарағанда сирек кездесетінін көреміз. Бұл қалыптағы етістікті фразеологизмдер сыңарлары грамматикалық құрылысы жағынан әр түрлі формада келсе де, жалпы мағынасына нұсқан келтірмейді.

Төрт сыңарлы етістікті фразеологизмдердің құрылымы: есімше + зат есім + зат есім + етістік, мысалы: тумаған сиырдың уызынан дәмету. Сын есім + зат есім + зат есім + етістік: Ақ түйенің қарны жарылды. Зат есім + етістік + зат есім + етістік: Ат мінгізіп, тон кигізді. Зат есім + зат есім + зат есім + етістік: Аспандағы айға қол созды.

Бес сыңарлы фразеологизмдер: зат есім + зат есім + зат есім + етістік: Аспанды алақандай, жерді тебінгідей етті. Сын есім + зат есім + сын есім + зат есім + етістік: Ақ теріні қара тері қылды.

Алты сыңарлы фразеологизмдер: зат есім + зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік: Бетін жел қақпады, маңдайын күн шалмады. Зат есім + зат есім + шылау + зат есім + шылау + етістік: Басын тауға да, тасқа да соқты. Сын есім + сын есім + сын есім + сын есім + зат есім + етістік: Боз қасқа, ақ сары бас шалды. Үстеу + зат есім + үстеу + зат есім + етістік: Астынан ит жүгіртіп, үстінен құс ұшырды.

Жеті сыңарлы етістікті фразеологизмдер: зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік + зат есім + етістік. Зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік + зат есім + етістік. Есіктен шықса тесіктен, тесіктен кетсе есіктен келеді. Сан есім + зат есім + зат есім + сан есім + зат есім + зат есім + етістік: Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Зат есім + сын есім + зат есім + етістік + сын есім + зат есім + етістік.

I. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде етістікті төрт сыңарлы фразеологизмдердің саны - 325; бес сыңарлылар 91; алты сыңарлылар 26; жеті сыңарлылар 10 және сегіз сыңарлылар 10 болып келеді, яғни етістікті фразеологизмдер ең көп кездесетін фразеологизмдер болып табылады [2].

Жинастырған материалдар қазақ тілінде екі, үш компонентті етістікті фразеологизмдердің молынан кездесетінін, ал компонент саны көбейген сайын фразеологизмдер саны азаятынын, яғни жеті - сегіз сыңарлы фразеологизмдер тілде сирек екенін корсетеді.

Басқа сөздер сияқты тұрақты тіркестер де сөйлемде морфологиялық жағынан өзгеріске үшырай отыра, сөйлем мүшелерінің ролінде жүмсалып отырады. Сын есім мен зат есім атау тұлғада тіркесіп келіп, сөйлемде тұрақты тіркесті бастауыш қызметін атқара отырып, сөйлемге айқын мағына бере түседі. Мысалы, Баглан жігіт қырандай құйылып төнген сияқты.

Зат есімнің жасырын күйіндегі формасы қимыл етістігімен тіркесіп тұрақты тіркесті бастауыш ролінде қызмет атқарады [3]. Мысалы: Енді жүрт жаңғырту керек еді (М.Ә.).

Сыңарлары етістік пен зат есімді түрақты тіркес бастауыш қызметінде келіп, сөйлемде орын таңдамай қолданыла береді. Мысалы: Мына жақтан жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді (С.М.).

Сонымен қатар, тұрақты тіркестің бірінші сыңары ілік септігінде ашық және жасырын келіп, екінші сыңары тәуелдік жалғауында келген тұрақты тіркесті бастауыштарға мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы: Қайда барса да, алдынан Қорқыттың көрі шығады.

Есім сөз тобы тұрақты тіркесті баяндауыш қызметінде жүмсалғанда өзіндік морфологиялық өзгерістерге ұшырап та, ұшырамай да сөйлемде әртүрлі жұмсалынады.

Соңғы сыңарлары зат есімнен болған тұрақты тіркесті баяндауыштар. Бұл сөз табынан болған есімді баяндауыш атау тұлғада келеді. Мысалы: Ол жанынан асқан дүние қоңыз. Токен - осы үйдің бел баласы.

Осы баяндауыштың жатые септік тұлғасында келуі мол кездеседі. Зат есімді тұрақты тіркесті баяндауыштың жатые септігінде тұрақтануы байқалады. Мысалы: Айтқандарын істеп, тік тұрып күтіндер, бас жарылса бөрік ішінде.

Құрама тұрақты тіркесті баяндауыштардың бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары көптік жалғаулы есімше тұлғада келеді. Бұл тұрақты тіркестердің көптік жалғаулы бастауышта келуіне қарағанда өте жиі кездесетін баяндауыштық тұлға болып саналады. Мысалы: Ажалдан бас тартпайтын өңкей бас кесерлер. Сан есімнің етістікпен тіркесіп келген құрама тұрақты тіркесті баяндауышқа мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы: Мұндай тарихи жылқы тұқымы екі айналып келмейді. Өзі Абайдың қасынан екі елі айырылмайды.

Еліктеуіш сөз бен етістіктің тіркесуінен келген құрама тұрақты тіркесті баяндауыш басқа сөз таптарына қарағанда етістікпен аз тіркесіп келеді. Мысалы: Нүрғанымды білетін, Құнанбайға өш - кегі бардың бәрі де осы арада бүркіті түлкі болғандай мәз болысып, жымың қағысты (М.Ә.).

Тұрақты тіркесті толықтауыштар әдеттегі толықтауыштардай есімдердің, есімше қимыл есімдерінің септік жалғауларында келуі арқылы жасалады. Жалғаусыз тура толықтауыш: Уа, мына бәледен бас сауға сүраңдар, бас сауға (F.M.).

Жалғаулы тұрақты тіркесті тура толықтауыш: зат есім мен зат есімнің қабыса байланысуы: Толғана келіп салмақпен айтылған «сіздер» есек дәмені сызып - сызып тастады. Әкесі Қазанғап та сондай өнерпаздарды ауылға жиі қонақ етіп, жаз жайлауды, қыс қыстауды думанға толтырар еді. Күн қабағын ол да ұнатпай, түнерген бүлтты аспанға қайта - қайта қарап тұрды (Ә.Н.).

Сын есіммен зат есімнің қабыса байланысуы: Зіл қара түнді жапсарынан core, таң сызаттап келеді.(Ғ.М.) Алалы жылқы, ақтылы қойын жосылтып алды (М.Ә.).

Сан есімнің зат есімнің тізбектеліп келуі: Көлденең шөп бір қүлақ суды байлайды. Ұшын басып, шыр кобелек айнала жүгіріп, екі ауыз сөзді бөліп - бөліп зорға айтты (С.Л.).

Зат есім мен есімшенің тіркесі арқылы: өйткені ол әйтеуір бір мәңгілікке көз жұмарын ес білгеннен біледі (О.Б.). Сенің шөптің басын сындырмайтыныңды өзім де білемін (Ғ.М.).

Зат есім мен қимыл есімді тұрақты тіркестер арқылы: Оспан үй ішінің ала көлеңке болуын тосқан еді(М.Ә.). Бірақ қараушылар не оған бата алмады, не әйелге қол көтеруді өздеріне ар санады.

Е, де көмекші етістіктері қатысты тұрақты тіркесті тура толықтауыш: Жақыптың бір үрты май, бір үрты қан дегенді жүрт көбірек айтып кетті. Манадан бері бөстекі сөзді қойып, осыны айтпайсың ба? (Ә. Нүрпейісов).

Барыс жалғаулы тұрақты тіркесті толықтауыш. Зат есім мен зат есімнің қабыса байланысуы: Менің көріп отырғаным мынау, осы күнгі адам бар өмірлік бақастыққа, ит тартысқа қүрбан қылып отыр.

Сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: бірде олай, бірде бүлай тұрған, опасыз дүниеге келер күлкің. Түнде жауып, күндіз жалбыз қылана ерген қырбақ енді көк тайғаққа айналып, тайып жығылып жатқан адамдар (О.Б.). Қала берді, ана үпірлі - шүбірлі сары қарын балаларыңа керек (Ә.Н.).

Зат есім мен қимыл есім арқылы: Басқа тепсе де, жұрттың қасыңда жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беріге жарар (О.Б.).

Соңғы сыңары есімше немесе есімше мен зат есім құрамды тұрақты тіркестер: Базаралы Абайдың қиын күнде ат сауырсын бергеніне қуанып тұрып, ырза болды (М.Ә.). ¥рыс тағдыры минаның дәл мезгілінде жарылуында, әйтпегенде біздер үш есе көп, бүл бас кесерлерге төтеп беру мүмікн емес (Ж.С.).

Жатые жалғаулық тұрақты тіркесті жанама толықтауыш сирек кездеседі. Мысалы: Ол Омбыға барған төрелердің жандарал алдында құрақ ұшатынында сөз жоқ.

Шығыс жалғаулық тұрақты тіркесті жанама толықтауыш.

Зат есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Итбайдың малы кедейдің көз жасынан құралған жоқ па? Ақтар өтіп саябырланған кезде, Қартқожа ел аузынан осындай сөздерді есітіп жүреді.

Сын есімнің зат есіммен тіркесіп келуі: Шауып келген Баймұханбеттің керуен бастығы жарлы мосқал адамнан білгені бұларға тиген Ағыбай тобы екен (І.Е.). Соны білген Айдар өз мүңын қоя тұрып, Жақыпты жанды жерінен ұстады.

Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Еламан бір кіндіктен жалғыз, әке - шешесінен ерте айырылды, әкесімен бірге туған Есбол деген ағасы бар, бірақ бүл арадан біркүншілік жерде тұратын (Ә.Н.)

Зат есім мен қимыл есімі арқылы тіркесуі: Раушан мына қалпын қоймаса, екі аяғымызды бір етікке тығудан тайынбас. Алланың жазуынан артық іс болмайды, жолыңа мен кесір болмаспын.

Көмектес жалғаулы тұрақты тіркесті жанама толықтауыштар.

Зат есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: Сол жолда жас өмірін құрбандыққа шалған азаматтар есеппен емес, ана мен сүйген жардың көз жасымен өлшенеді.

Сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуі: Іште іркілген бітеу жарамен неше бір заманда Бақтығұлға сеніп келген Жарасбай жүрді (М.Ә.). Уақыт дегенің ағын сумен бірдей ғой.

Бір құлақ су. Бас арықтан, шелек аузы кіндіктен бұрын алып ағызған су.Көлденең шөп - бір құлақ суды лайлайды.

Eciл ер, қайран жұрт. Қасиетті ел - жүрт. Қымбат, ардақты асыл...деген мағынада. Сүм патша тозақ қиылып есіл елді, талай қиыршын өмірді текке қиды (К.Ә.).

Қорытындылай келе байқағанымыз, тұрақты тіркестер сөйлемде морфологиялық жағынан өзгеріске ұшырай отыра, толықтауыш қызметін атқарады.

Тұрақты тіркесті анықтауыш. Сәменнің қолындағы жіңішке қамшыны алды да, өзінің сегіз өрме бүзау тіс дырау қамшысын ұстатты (М.Ә).

Бұзау тіс - ірі қылып өрген қамшысының бір түрі. Көзге қораш. Сырт кейпі келбетсіз деген мағынада айтылады. Көзге қораш бойым бар, теңізден терең айым бар (Д.Б.). Қара қамшы. Қара күш иесі, қаһарлы, өктем адам. Надан хазірет, Ақанның немере ағасы қара қамшы адам (Ғ.Б.). Көсе көсір. Мол, өте көп. Бір күні Тәңірберген Ебейсіннің көл - көсір дүниемен қалаға жүргелі жатқанын есітті (Ә.Н.). Жүрек жұтқан. Ешнәрседен қорқпайтын батыл, ер азамат. Осымен қатар Құнанбайдың жүрек жұтқан ерлігі, айла - тәсілі өзімен - өзі атамай - ақ, әйгіленіп жатты (М.Ә.).

Тұрақты тіркестерді пысықтауыш тұлғасына қарай қабыса және меңгеріле байланысқан пысықтауыштар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Тұрақты тіркестер пысықтауыштың ең мол жасалуы - көсемше тұлғасы арқылы. Оның өзі екі түрлі жағдайда болады: Біріншіден, тұрақты тіркестер соңғы сыңары негізгі етістіктің көсемше тұлғада келіп, баяндауышпен қабыса байланысуы. Қара Иванның өзі көзтүрткі қылып ұстап берсін. Ақ таяғы қолында бала ұзақ түнге кірпік қақпай қой күзетіп отыр. Сүлтанғали естісе, қара аспанды суға алдырып өлсе жібермейді.

Осы сөйлемдерде көзтүрткі қылып, кірпік қақпай, қара аспанды суға алдырып - тұрақты тіркестерді көсемшелі пысықтауыштар, әрқайсысы баяндауыштармен қабыса байланысқан.

Жатые жалғаулары түрақты тіркесті пысықтауыш: Біз Әуезовтың көзі тірісінде солай дейтінбіз, қазір де солай дейміз. - Торайғырдың ағасын көңілі түскенде «сіз», көңілі түспегенде «сен» деп сөйлейтін әдеті. Шығыс жалғаулы тұрақты тіркесті пысықтауыш: Өтке кеште ойламаған жерден жау қорғанысына тап болып, оқ астында қалды. Қордай түгіл бүл тойға жер - жерден, тіпті ит арқасы қияннан - Бангладештен де кісілер қатысқалы жатыр. Көмектес септікте тұрақты тіркесті пысықтауыш: Аудан орталығына арба жіберіп алдырған майдангар азаматты жүрек жарды қуанышпен қарсы алып, қонаққа шақырмаған бірден - бір үй қалмап еді. Барыс септікте тұрақты тіркесті пысықтауыш: Осы уақиға үстінде жан сарайына бір кіреуке түсті.

Шерәлі ауылынан деген соң жерден жеті қоян тапқандай бәріміз өре тұрып, одан есемізді бір қайтарайық деп ойлап қалмадық па. Бірақ қас пен көздің арасында оны қайдан, қашан көргенім есіме түсе қоймады. Бірақ бүл рахаты мол сәттер үстінен құйын өткен түтілген жүндей көзді ашып - жұмғанша ғайып болды (Д. И.).

Бірінші сөйлемдегі жерден жеті қоян тапқандай фразеологизм! пысықтауыш болса, өре түрып тұрақты сөз тіркесі баяндауыштың қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемдегі фразеологизм мезгіл пысықтауыш болса, үшінші сөйлемде пысықтауыш пен баяндауыш түрінде кездеседі.

Фразеологизмдерді морфологиялық және синтаксистік жағынан қарастыра келе, тұрақты сөз тіркестерінің морфологиялық өзгеріске түсетініне, яғни көптелуіне, септелуіне, тәуелденуі не, жіктелуіне, сондай - ақ жұрнақтар арқылы түрленетініне назар аударылды. Синтаксистік тұрғыдан фразеологизмдер сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады да, дара сөзбен салыстырғанда, өзінің айшықты, мәнерлілігімен көзге түседі. Талданған мысалдар көрсеткендей, тұрақты сөз тіркестері әсіресе толықтауыш жэне баяндауыш қызметінде көбірек кездеседі. Тұрақты тіркестердің сөйлем және сөз тіркесі аясының кеңеюінің бір жолы ретінде сөйлемде белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалатыны, белгілі бір синтаксистік байланысқа - меңгеру, қиысу, қабысу, матасу - түсетіні анықталды. Түрақты сөз тіркестерінің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалу жолдары мен заңдылықтарын нақтыланды.

Зерттеу әдістері

Сипаттама, компоненттік, құрылымдық - семантикалық талдау әдістері. Біздің зерттеуімізде келесі мәселені қарастырдық: тұрақты сөз тіркестері морфологиялық жағынан түрленіп, сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады.

Зерттеу нәтижелері

Зерттеу материалдарын қазіргі қазақ тілі курстарында және мектепте қазақ тілі сабақтарында пайдалануға болады.

Қорытынды

Фразеологизмдер сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады, морфологиялық тұлға жағынан түрленеді.

 

Әдебиет:

  1. Авакова Р. Фразеология теориясы. - Алматы, 2014. - 292 б.
  2. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1977. - 712 6.
  3. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. - Алматы: Рауан, 2011. - 76 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.