Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр болар- лықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дүрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезі- нен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа үрпақ өзіне дейінгі үрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашы- лық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақы- тын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. ¥зақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мүндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі т лі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының үр осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Енді сіздерге 1 -сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін негізгі пәндерде бастауыш сыныпта жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері үсынылады.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллект! сін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

ЕБірінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жүмыстарға тоқталайық.

Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейін.

Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

  1. .Шульте кестесі.

Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.

Ц,ифрларды өсу ретімен тауып, атау.

К ему ретін атау.

Тақ және жүп сандарды өсу және кему ретімен атау.

Ц,ифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7...(жұптасып) 2, 4, 6, 8...

Топпен жүмыс істеу. 1-5 тура және кері сана. 6-10 санау.

  1. .Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбүрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.
  2. Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбүрыш, бір үшбүрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?

Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.

  1. Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.

Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бүл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастауыш мүғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейін.

  1. Cy. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жүғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады

II топ-сурет салады

III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Cy болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайда- ланамыз. Cy түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Cy

Мөлдір, түссіз

Ағады, жұғады, жабысады

Ол бізге өте қажет

Сусын

  1. Өсімдік пен жануарлардың байланысы.

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: — егер адам осы ағашты кесіп алый тастаса не болар еді?

  1. .Адам мен табиғаттың байланысы.

— Біз табиғаттан не үйренеміз?

Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.

Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.

Бүлбұлдан ән айтуды үйренген.

  1. .— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)
  2. .Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)
  3. .ББҮ кестесі (кез келген тақырып) He білемін? He білгім келеді? He үйрендім?

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар.

Оқушыларды шығармашылық жүмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушы- лықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс- тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

Мәтін бойынша мақал қүрастыру.

Табиғат құбылыстарына, заттарға жэне жеке суреттерге қарап жүмбақ қүрастырту.

Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге белу.

Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы).

Өлең, мақалдар құрастыру.

Шығармадағы әңгімелерге үқсас оқиғалар айтқызу.

Кейіпкерге мінездеме беру.

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсі нд еу.

Рөлге бөліп оқыту.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжүмбақ, ребус)

Диалог-ертегі.

Образға кіру.

Осы сияқты жүмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жүмбақ-мақалдар қүрастыру.

I тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мүғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар торге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

II тапсырма «Талдау және қиялдау»

III тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-эрекет жэне ойын түрінде бастаган жон. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі жэне еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бэрі, қыста бэрі, көрікті, жаңаша, эдемі, тамаша. (өлең шығарады)

IY тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты...» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті...» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті...» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Y тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой- өрісі дамиды.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс тәсілдерін жетілдіруге болады.

  • дарынды оқушыны дамытады, оқушы шығармашылығын арттырады.
  • оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді.
  • пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.

Күтілетін нәтиже

L Сауатты

  1. Сөздік қоры мол
  2. Білімді
  3. Тәртіпті

Осындай жүмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.

 

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасы. //Астана хабары, 2004. 6 қаңтар
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынан. //Бастауыш мектеп, 2000, №6-7
  3. А.В. Тягло, Т.С. Воропай. Критическое мышление: Проблемы мирового образования XXI века. - Харьков: Университет внутренних дел, 1999, с. 285
  4. А. Момынқұлова, Ш. Алтаева. Ізденіс жұмысы - оқушының ойлау қабілетінің даму' кепілі. //Вторая Национальная конференция по Чтению. - Алматы: XXI век. 2001.
  5. Бастауыш мектеп журналы 2013 ж
  6. Мен - адаммын Алматы-2000

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.