Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының мәні мен маңызы

Аңдатпа

Мақсаты: Мақаланың мақсаты ғалымдар мен мамандардың «тұрақты даму» ұғымының анықтамаларын талдау, осы ұғымға тән ерекшеліктерді анықтау. Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын анықтауға ғылыми көзқарастарды жүйелеу негізінде оның құрамдас бөліктерін қарастыру. Тұрақты дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды, ауылдық аумақтардың ұйымдастырушылық-экономикалық әлеуетіне әсер ететін факторларды және осы дамуды қамтамасыз ететін негізгі бағыттарды қамтитын әртараптандыру негізінде ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың тұжырымдамалық ұғымдарының мәнін ашатын теориялық ережелер нақтылау.

Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы абстрактілі-логикалық, статистикалық, сараптамалық, салыстырма- лы және құрылымдық әдістер. Зерттеудің теориялық негізі — ауылдық аумақтарды, агроөнеркәсіптік кешенді және жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрақты дамыту саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері.

Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде — ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мәселелердің көп жақтылығымен сипатталады. Ол, ең алдымен, қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тұрақты дамуды көздейді. Бұл ауылдық аумақтарды азық-түлікпен, ауыл шаруашылығын шикізатпен қамтамасыз ету, ауылдық өндіріс пен тұрмыс мәдениетін сақтау, әлеуметтік даму- ды жүзеге асыру, тарихи игерілген ландшафты және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен басқа да қызметтерді орындау нәтижесінде қол жеткізуге болады, олар өзара байланысты мынадай факторлардың ықпалымен іске асырылады: әлеуметтік, демографиялық, экономикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және инновациялық.

Тұжырымдама: Тұрақты даму үшін әр түрлі табиғи ресурстардың болуы ғана емес, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекет жасау шарттары да қажет, олар ауылдық өмір сүру ортасының тарихи негізін құрайды, сондай- ақ өндіріс құралдары, ұлттық байлықпен жинақталған еңбек және ғылыми-техникалық әлеуетті қалыптастырады. Сондықтан ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық әлеуетінің құрылымдық сызбасы мыналарды енгізеді: ұйымдастырушылық (құқықтық, қаржылық, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз ету) және экономикалық (табиғи ресурстар, материалдық ресурстар, еңбек ресур- стары, инвестициялар және инновациялар) әлеуеттер.

Кіріспе

Қазақстанның ауылдық аумақтары орасан зор табиғи, демографиялық, экономикалық және тарихи-мәдени әлеуетке ие, сондықтан олардың жай-күйі тұтастай алғанда ел экономикасының серпінді дамуын да, бүкіл халықтың әл-ауқатының артуын да айқындайды.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті ауыл

шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігін атап өткен (Жолдау, 2012). Бұл міндетті шешу мемлекеттік билік органдарынан ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді сипаттағы басқару қызметін негізді, ұтымды және тиімді жүзеге асыруды талап етеді.

Елде ұзақ уақыт бойы ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған салалық көзқарас орын алды, оған тек ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы тән болды. Нәтижесінде көптеген елді мекендерде ауыл халқының жұмыспен қамтылуын таңдау халық шаруашылығының осы саласымен ғана шектелді.

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: aidos_men@mail.ru

Ауылдық аумақтарды дамытуға сараланған тәсілдің болмауы ауыл экономикасының басым аграрлық секторын қалыптастыруға, көбінесе өндірістік күштерді ұтымды аумақтық орналастыруға, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның дамымауына және басқа да маңызды мәселелерге әкеп соқты.

Қазіргі уақытта ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың объективті қажеттілігі туындап отыр, ал бұл олардың тұрақты дамуын басқару тетігін қалыптастыру үшін жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту ауылдық кедейшілікті азайтуға, ауыл халқының өмір сүру деңгейі мен жағдайларын арттыруға, ауылдық елді мекендер желісінің қысқаруына және шағын ауылдарды иесіздендіруге әкеп соққан өткір демографиялық мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс.

Ресурстарды үнемдейтін және экономикалық қауіпсіз технологияларды қолдана отырып, ауылды дамытудың орнықтылық талаптары ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың мәнін зерделеуді талап етеді. Біздің елімізде көптеген жылдар бойы ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі жолы тар салалы аграрлық көзқараспен байланыстырады. Бұл ауылдық аумақтардың бірбейінді аграрлық дамуына, көбінесе оларға өндіргіш күштерді тиімсіз орналастыруға, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның дамымауына және басқа да маңызды мәселелерге әкеп соқты.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі, оған қол жеткізу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қазақстандық аграрлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде бизнес-ортадағы белгісіздіктің өсу жағдайында ауылдық аумақтардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Шығынды азайту арқылы табыстарды ұлғайтудың дәстүрлі тәсілі әрдайым қалаған нәтиже бермейді, өйткені бәсекелестік ортада агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың шығындарын белгілі бір деңгейден төмендету басты мәселе болып табылады. Осылайша, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының табыстылығы әртүрлі қызмет түрлерін, оларды жасау рәсімдері мен технологияларын пайдалануды талап ететін персоналмен жұмысын өзгерту, қызмет көрсетуді ұсыну, тауарларды сату мен қызметтерді ұсыну аумағын кеңейту, өңімнің алуан түрлігін кеңейту немесе тұрақты түрде жаңартып отыру есебінен кірістердің артуымен қамтамасыз етіледі. Сонымен ауылдық аумақтардың тұрақты жұмыс істеуі ұйымдастырушылық басқару арқылы жүзеге асырылады, ол олардың ұйымдастырушылық қабілеті арқылы нарық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Ауыл аумақтары мемлекеттің әлемдік деңгейде беделін қалыптастыру кезінде маңызды рөл атқарады, өйткені нақ осы ауыл шаруашылығы ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі болып табылатын елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2017 жылдың 31 қаңтар күнгі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президентінің халқына арнаған жолдауы ауылдық аумақтар дамуының жаңа бағыттарын анықтады. Жолдауда аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуы үшін мынадай міндеттер қойылды (Жолдау, 2017):

  • субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу;
  • бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау;
  • өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;
  • жерді пайдалану тиімділігін арттыру.

Бұл міндеттерде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы баяндалды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету мақсаты көзделген (Жолдау, 2017).

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңында (Заң, № 66, 2005) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жылдары ауыл шаруашылығының материалдық- қаржылық жағдайының күрт құлдырауы мен нашарлауының салдары ретінде ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі алшақтық, оның тыныс-тіршілігі жағдайында едәуір ұлғайтылды. Ауылдың өмір сүру деңгейі мен жағдайлары бойынша қаладан артта қалуы ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қалыптастырудың тежегіші болып табылады.

Ауылдық аумақтарды дамытудың объективті қажеттілігі тарихи қалыптасқан дәстүрлерге, олардың әлеуметтік-экономикалық жай-күйін саралауға, өңірлердегі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мүмкіндігіне, ауыл халқын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету қажеттілігіне, баламалы қызмет түрлерін дамытуға және осының негізінде аграрлық экономиканың табыстылығын арттыруға негізделген. Осыған байланысты ауыл аумақтарына қатысты, олардың ерекшеліктеріне байланысты, дамудың ұйымдастырушылық-экономикалық жақтарын нақтылау ғылыми және тәжірибелік қызығушылық білдіруі мүмкін.

Ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін ұйымдастырушылық-экономикалық элементтерді, оның ішінде әртараптандыруды, аумақтық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясаттың басым бағыттары мен құралдарын жандандыру қажет.

Әдебиеттерге шолу

Мақалада «тұрақты даму» түсінігі сұрақтарын қарастырған Р.К. Андарова, С.Н. Алпысбаева, Р.М. Ашимова, В. Возняк, М. Кемел, Л.Г. Руденко, Б. Сырлыбаева, А.К. Кошанов, Н.К. Нурланова және басқалардың ғылыми еңбектеріне көп көңіл бөлінген.

Ауылдық аумақтардың дамуына қатысты мәселелерді зерттеумен Д.А. Баландин, В.М. Баутин, В.В. Козлов, В.В. Леонтьева, С.О. Сиптица, М.Б. Кенжегузин, Ф. Мантино, А.В. Петрикова, В.В. Кузнецов және тағы басқа ғалымдар айналысады.

Аумақтың дамуы еліміздің өңірлерінің дамуымен байланысты көрсеткіштердің көмегімен бағаланады.

Г.Н. Дугалованың, Д.Т. Әбенованың пікірінше, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды индикаторларының қызметтерін орындайтын көрсеткіштер жүйесіне төмендегілерді жатқызамыз (Дугалова, 2005):

  • тауарлар мен қызметтерді өндіру үрдісін сипаттайтын «жалпы өңірлік өнім» көрсеткіші;
  • аймақ аумағында тауарлар мен қызметтерді түпкілікті пайдалануды сипаттайтын «үй шаруашылықтарын нақты түпкілікті тұтыну» көрсеткіші. Бұл көрсеткіш әл-ауқат деңгейін зерттеу тұрғысынан өте маңызды;
  • кірістердің пайда болу көрсеткіштері (жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысы, өндіріске салынатын таза салықтар, экономиканың жалпы пайдасы және жалпы аралас кірістер).

Индикаторлар әлеуметтік-экономикалық ахуалдың орнықты даму қағидаттарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, белгілі бір жағдайға әкеп соғатын себептерді анықтау үшін тұрақты дамуға көшудің экономикалық, әлеуметтік және табиғи факторларын талдау қажет.

  • .И. Данилов-Данильян және К.С. Лосевтің зерттеулерінде тұрақты даму индикаторлары келесі топтар бойынша жіктеледі (Данилов-Данильян, 2000):
  • әлеуметтік факторлар тобы: демографиялық динамика мен тұрақтылық, табыс көрсеткіштері, халықтың денсаулығы мен білімі, кедейлік деңгейі және басқалар;
  • экономикалық индикаторлар тобы: тұтыну және өндіріс сипаттамалары мен серпінін өзгерту, «жасыл» технологияларды енгізу ауқымы және басқалар;
  • экологиялық индикаторлар тобы: табиғи ресурстарды сақтау және қалпына келтіру көрсеткіштері (ормандар, су қоймалары, топырақ, биоәртүрлілік), шөлейттенуге қарсы күрес және басқалар;
  • институционалдық индикаторлар тобы: барлық деңгейде тұрақты дамудың құқықтық тетіктерін құру, ұлттық шаруашылықты жоспарлау және басқару кезінде орнықты дамудың басымдықтарын есепке алу, тұрақты даму жөніндегі халықаралық бағдарламаларға қатысу және т.б.

Сонымен, тұрақты даму табиғи ресурстарды пайдалану ауқымын осындай деңгейге дейін ұлғайтпауды қарастырады, ғаламшардың бүкіл халқының өмір сүру сапасын арттыруды көздейді, бұл жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіндіктерін арттыруға алып келеді.

Зерттеу әдістері

Бұл гипотезаны классификациялы-аналогиялық әдісі арқылы зерттеуді шештік.

Классификациялық әдіс көмегімен зерттеуші зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлу арқылы ортақ белгілеріне сүйене отыра, барлық жақтарын бағалай алады. Және де аналогиялық әдіске сүйене отырып, біз бірнеше құбылыстардың белгілі бір ұқсастықтарын тауып, содан кейін логикалық тұжырымдар жасаймыз.

Біздің ойымызша, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды басқарудың тиімді тетігін құрмас бұрын, «тұрақты даму» түсінігінің мәнін теориялық тұрғыда ашып алу қажет.

«Тұрақты даму» санатының жалпыға танылған түсіндірмелері жоқ. Отандық және шетелдік ғалымдардың ойынша «тұрақты даму» — бұл:

  • қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ететін және болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін даму;
  • адам мүмкіндіктерін сақтау және көбейту мүддесінде қоғамның жиынтық капиталын басқару;
  • экономикалық өсуге алып келетін және сонымен бірге оның нәтижелерін әділ бөлетін даму;
  • қоршаған табиғи ортаны бұзбайтын және қоғамның үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін тұрақты теңгерімді әлеуметтік-экономикалық даму (кесте 1).

Кесте 1. «Тұрақты даму» түсінігіне ғалымдардың көзқарастары.

Авторлар

Анықтама

Сипаттама

1

2

3

Возняк В.

Тұрақты даму — адамдардың қазіргі буынының өмірлік қажетті- ліктерін қанағаттандыруға болашақ ұрпақтарды осындай мүмкін- діктерден айырмай қол жеткізуге болатын қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмірінің моделі

Қазіргі уақыттың

қажеттілігін қамта- масыз ететін және болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қа- білетіне қауіп төн- дірмейтін даму

Кемел М.

Тұрақты жағдайдың мақсаты — көптеген ұрпақ үшін тұрақты бола алатын экономикалық әл-ауқатты әділ бөлу. Ал тұрақты даму- дың басты міндеті — мемлекеттің барлық адамдарын тұрақты не- гізде өмір сүруге қаражат табу мүмкіндігімен қамтамасыз ету

Котляков В.М. және басқалары

Тұрақты даму деп осы деңгейде табиғи-қоғамдық жүйелер үшін қажетті әлеуметтік әділдік пен экологиялық талаптарды сақтай отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтың рухани, материалдық қа- жеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған дамуды түсіну керек

Руденко Л.Г. және басқалары

Тұрақты даму қазіргі және болашақ ұрпақ қажеттілігінің барлық спектрін, оның ішінде өмірдің жоғары деңгейін, қоршаған орта са- пасын, қандай да бір шектеусіз өмір келешегіне қажетті табиғи ре- сурстарды теңдестірілген қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамның динамикалық дамуы ретінде айқындалуы мүмкін

Шургалина И.Н.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тұрақты дамуы — биосфера- ның шаруашылық сыйымдылығының қоршаған ортаның реттелуі- нің табиғи механизмінің бұзылуына және оның жаһандық өзгеруі- не алып келмейтін шегінде халықтың өмір сүру сапасының тұрақ- ты жақсаруы

Адам мүмкіндікте-

рін сақтау және кө- бейту мүддесінде

қоғамның жиынтық капиталын басқару

Сырлыбаева Б.

Тұрақты даму белгілі бір дәрежеде ресурстық шектеулерді еңсеру- ге мүмкіндік беретін және экономикалық өсуге, экологиялық, әлеуметтік тұрақтылық пен әділдікке қол жеткізу үшін жағдай жа- сайтын адамның ғылыми, білім беру және зияткерлік қызметі бо- лып табылады

Лось В.А., Урсуль А.Д.

Тұрақты даму — тарихи қалыптасқан экожүйелердің тепе-теңдігін сақтай отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін эко- номикалық өсу

Экономикалық өсу- ге алып келетін жә- не сонымен бірге

оның нәтижелерін

әділ бөлетін даму

Ускова Т.В.

Тұрақты даму шектеулі ресурстарды молайтуды және экономика- лық өсу сапасын қамтамасыз ететін экономикалық даму түрін си- паттайды

1

2

3

Татаркин А.И., Львов Д.С., Куклин А.А.

Тұрақты даму — өзінің табиғи негізін бұзбайтын тұрақты әлеу- меттік-экономикалық даму

Қоршаған табиғи

ортаны бұзбайтын

және қоғамның үз- діксіз дамуын қам- тамасыз ететін тұ- рақты теңгерімді

әлеуметтік-эконо- микалық даму

Коптюг В.А., Моисеев Н.Н.

Тұрақты даму — адамзаттың әлеуметтік-экономикалық дамуының ақылға қонымды теңгерімділігіне қажетті қол жеткізу және ақылға қонымды бағытталған даму негізінде қоршаған ортаны сақтау

Баландин Д.А.

Тұрақты даму — бір-біріне қайшы келетін экономикалық, әлеу- меттік, экологиялық және институционалдық мақсаттардың теңге- ріліміне қол жеткізу

Ескерту — Авторлар мәліметтері негізінде әзірленген

Осылайша, тұрақты дамудың пайда болу себебі — адам өркениетін дамытудың кейбір регламентін жасау әрекеті. Бір жағынан — бұл экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және өзге де әлемдік және өңірлік мәселелер, екінші жағынан тұрақты даму саясаты әлеуметтік және табиғи жүйелерді дамытудың шектеулер мен регламентін белгілеу тәсілдерін айқындаумен және мүмкіндіктерін анықтаумен тығыз байланысты.

Біз С.С. Копасова және Т.В. Ускованың көзқарасымен келісеміз, олар «тұрақты даму» және «тұрақты өсу» ұғымдарын бөлу керек деп ойлайды. Тұрақты өсу — бұл жүйенің ішкі құрылымын айқындайтын негізгі параметрлер арасындағы өзгермейтін пропорциялар жағдайында әлеуметтік- экономикалық жүйені сипаттайтын көрсеткіштердің сандық өзгеруі, ал тұрақты даму — бұл жүйенің сапалық трансформациясы. Өсу мен даму, яғни сандық және сапалық өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты (Копасова, 2009).

Басқаша айтқанда, тұрақты даму қоғамның әлеуметтік дамуын және келешек ұрпақ үшін зиян келтірмей қоршаған ортаны сақтай отырып, адам қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, теңдестірілген және ұзақ мерзімді экономикалық өсуді болжайды.

Профессор Р.К. Андарованың ойынша, экономикалық өсу, әдетте, ЖІӨ-нің абсолюттік өсуімен бағаланады және оның өсу қарқынымен байланыстырылады. Сондықтан елдің тұрақты дамуы үшін тікелей (еңбек ресурстарының санын арттыру және сапасын арттыру, негізгі капиталдың көлемінің өсуі және сапасының жақсаруы, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясын жетілдіру, шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың саны мен сапасын арттыру, қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттіліктің өсуі) және жанама (ұсыныс, сұраныс және бөлу факторлары) экономикалық өсу факторларын ескеру қажет (Андарова, 2000).

Осылайша, Ю.В. Филиппов пен Т.Т. Авдееваның пікірінше, кез келген даму міндетті түрде жүйенің ішіндегі құрылымның әр түрлі өзгерістеріне әкеп соғады. Оларға мыналар жатқызылуы мүмкін: экономика құрылымындағы өзгерістер; әлеуметтік институттардың құрылымы мен қызметтерінің өзгеруі; қоғам мүшелерінің құндылық бағдарлары мен қатынастарының өзгеруі. Егер бұл өзгерістер техникалық үдеріске, өнім сапасын арттыруға, тауарлар мен қызметтер сапасын бөлуді жақсартуға әкелетін болса, онда олар белгілі бір өсу көзіне айналады (Филиппов, 2013).

Р.М. Әшімованың пікірінше, тұрақты даму түсінігі келесі ережелерді қамтуы тиіс (Әшімова, 2012):

  • ) экономика мен экологияның теңгерімділігі, яғни адамзат өзінің шаруашылық, өндірістік немесе экономикалық қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаны бұзуды тоқтатқан кездегі дамуға қол жеткізу;
  • ) экономикалық даму беретін ресурстарды халықтың барынша пайдалануын көздейтін экономикалық және әлеуметтік салалардың теңгерімділігі. Кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз ету және экономикалық теңсіздікті қысқарту;
  • ) ағымдағы даму міндеттерін ғана емес, яғни келешекке, сондай-ақ қазіргі ұрпаққа ғана емес, болашақ ұрпаққа бағдарланған міндеттерді шешуге байланысты мәселелерді шешу.

Біз В.К. Сенчаговпен келісеміз, ол тұрақты дамуға көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін міндеттер жиынтығын атап өтті:

  • экономикалық өсуге қол жеткізу;
  • социумның тұрақты дамуы;
  • экономиканың нақты және қаржылық секторларының, ескі және жаңа экономика салаларының, жоғары технологиялардың теңгерімділігі;
  • экологиялық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың қалыптасуы және басқарудың экологиялық бағдарланған әдістерін кеңінен тарату;
  • энергия және ресурс үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, жеке және қоғамдық тұтыну құрылымын мақсатты түрде өзгерту негізінде шаруашылық қызметті экожүйе сыйымдылығы шеңберіне енгізу;
  • тұрақты дамуға көшудің құқықтық негізін құру;
  • тұрақты дамуды насихаттаудың тиімді жүйесін қалыптастыру және тәрбиелеу мен оқытудың тиісті жүйесін құру (Сенчагов, 2015).

Соңғы жылдары қоғамдық ғылымдар, ең алдымен экономикалық ғылым әлемдік дамудағы мүлдем жаңа құбылыстарға тап болды. Әңгіме экономикалық және әлеуметтік үдерістердің жаһандануы және жекелеген елдердің, әсіресе тәуелсіз даму жолына енген жас мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы болып отыр.

А.К. Қошанов Қазақстанның тұрақты даму мәселелерін еліміздің тәуелсіздігін сақтау және жаһандану шарты ретінде шешуі тиіс екенін атап өтті. Жаһандану өнеркәсіпті, әсіресе ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық салаларды терең қозғайды, бұл өнеркәсіптік технологиялық зерттеулер құнының күрт өсуін болжайды (Қошанов, 2001).

Бұл мағынада тұрақты дамудың басымдықтары мен мақсаттарының пайда болуы ұлттық мүдделерді жаһандық жағына жылжытады, бірақ ерекшелікті, меншікті мүдделерді, мақсаттарды, құндылықтарды, идеалдарды және т.б. теңестіруге алып келмейді деп айтуға болады. Бұл өзара іс- қимыл палеолиттен, әсіресе, экономикалық өсуді қамтамасыз еткен және сонымен бірге экологиялық тозуды тудырған неолиттік трансформациялардан өз бастауын алатын барлық табиғат-жаулап алу қағидаттарын алып тастауы тиіс.

Қазақстан жаһандану жағдайында өңірлік сипаттағы басқару шешімдерін қабылдау үдерісінде ел ішінде тұрақты жүйеге және тұрақты дамуға мүдделі.

С.Н. Алпысбаева және басқалардың айтуынша, өңірлік жүйелердің тұрақты даму моделінің негіздерін қалыптастыру мақсаты шаруашылық қызметті экологиялық қауіпсіздікпен және халықтың әлеуметтік дамуының барабар деңгейін қамтамасыз етумен үйлесімдегі экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізуге бағыттау болып табылады (Алпысбаева, 2003).

Тұрақты даму анықтамаларының алуан түрлілігіне, ғылымда «аумақтың тұрақты дамуы» және «ауылдық аумақтар» ұғымдарының орныққан анықтамасының жоқтығына байланысты бұл санаттар бір мәнді айқындалмаған.

  • .Н. Руднева, Т.М. Важенина «аумақтың тұрақты дамуы» анықтамаларын үш тәсілде топтастыруға әрекет жасады:
  • тұрақты даму — тарихи қалыптасқан экожүйелердің тепе-теңдігін сақтауды ескере отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтың материалдық және материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін экономикалық өсу ретінде;
  • тұрақты даму — өзінің табиғи негізін бұзбайтын бірқалыпты даму;
  • үшінші тәсіл тұрақты дамудың экологиялық негізделген (Важенина, 2013).

П.А. Чебоксаров, Р.Р. Хайритдинов аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету әр түрлі ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу шарттарының бірі болып табылатынын атап өтеді, бұл ретте салалық және ведомстволық мүдделерге қарағанда аумақтық мүдделердің басымдығын іске асыру қажеттілігі ерекше маңызға ие болады (Чебоксаров, 2009).

О.С. Пчелинцев бұл тәсілді қолдай отырып, аумақтық басымдық жергілікті жердің ерекшеліктерін, аумақтың адами әлеуетін, онда тұратын адамдардың өмір сүру жағдайларын сауықтыруда өмірлік мүдделілігін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіндігін атап өтті (Пчелинцев, 2001).

Н.К. Нұрланованың пікірінше, ел аумағының тұрақты дамуы негізінен өңірлік экономиканы құрылымдық әртараптандыруға, технологиялық жаңғыртуды жүзеге асыруға және түрлі жаңалықтар мен инновацияларды белсенді енгізуге ықпал ететін ішкі ерекше факторларды пайдалануға байланысты (Нұрланова, 2007).

Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы жөнінде көпшілік мойындаған пікір жоқ. Бұл көбінесе бастапқы ұғым — «ауылдық аумақтар» түсінігінің анық еместігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, ауылдық аумақтар дегеніміз ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы. (Заң, № 66, 2005).

Заң жүзінде бекітілуіне қарамастан, белгілі бір аумақты ауылдық аумақтарға жатқызудың экономикалық мәні мен өлшемдері ғылымда пікірталас мәселесі болып отыр.

    1. Баутин мен В.В. Козловтың пікірінше, ауылдық аумақ урбанизацияланған аумақтардан тыс жерде, адамдар мекендеген және қандай да бір белгілердің (табиғи, тарихи және басқа) ортақтығымен сипатталатын жер кеңістігі болып табылады (Баутин, 2006).
    2. Леонтьева да ауылдық аумақтарды зерттеуге үлкен көңіл бөледі, оларды аумағы жағынан шектеулі ауылдық елді мекендер және тиісті қонысаралық аумақтар, халықтың тығыздығы төмен, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын орман, су және жер ресурстарын қамтитын табиғи массив, сондай-ақ, ауыл тұрғындарының тіршілік әрекетін ұйымдастырудың ерекше заңдылықтары бар күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйелер ретінде қарастырады (Леонтьева, 2010).

С.О. Сиптицтің ойынша, ауылдық аумақ оның орналасқан жерінің географиялық ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе болып табылады. Бұл ретте ғалым халықтың қызмет түрлері арасында ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тауарлық өндіріс нысанында болуы тиіс екенін атап өтті (Сиптиц, 2007).

Көріп отырғанымыздай, ғалымдар ауылдық аумақты негізінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастардың өзіне тән жүйесі бар ауыл қоғамдастығына кіретін әлеуметтік-аумақтық кешен деп атайды.

Ауылдық аумақтарды жүйелеу және зерттеу үшін оларды бөлу белгілерін анықтау қажет.

Мысалы, Д.А. Баландин ауылдық аумаққа жатқызу белгілерін географиялық, экономикалық- демографиялық, аумақтық және әкімшілік-басқару сипаттары бойынша жіктеуді ұсынады (Баландин, 2014).

Көптеген басқа ғалымдар да қала мен ауылды бөлуге тиіс белгілерді зерттейді. Олардың ішінде И.Н. Меренкова және В.Н. Перцев мынандай белгілерді қарастырған: құқықтық мәртебесі, инженерлік инфрақұрылымы, жұмыспен қамтудың басым түрлері, үй-жайлардың болуы, басым құрылыстың сипаты және жасалатын мәмілелердің сипаты (Меренкова, 2011).

Н.Д. Заводчиков және Т.Н. Ларина кез келген өңірдің аумағын қалалық және ауылдық аумақтар жүйесі ретінде қарастыруды ұсынады (Заводчиков, 2014).

Қазіргі жағдайда «ауылдық аумақтар» ұғымы белгілі бір табиғи жағдайлары мен ресурстары, ірі қалалардың шегінен тыс мекендейтін ерекше ауылдық өмір салты, өндіріс және тұрмыс мәдениеті бар жер ретінде қарастырылады.

А.В. Петриковтің пікірінше, ауылдық аумақты өзара тығыз қарым-қатынас жасайтын екі кіші жүйеден — әлеуметтік және аумақтық кіші жүйеден тұратын жүйе ретінде көрсетуге болады (Петриков, 2020).

    1. Кузнецов ауылдық аумақ деп ауылдық қоныстар мен қонысаралық аумақтардың жерін, сондай-ақ ауылдық муниципалдық округ құрамына әкімшілік кіретін қалалық қоныстарды айтады (Кузнецов, 2011).

Байқағанымыздай, «ауылдық аумақтар» ұғымы едәуір күрделі. Ауылдық аумақтарды сәйкестендірудің нақты көрсеткіштері белгісіз болып қалуда. Бұл ауыл тіршілігінің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да салаларына қатысты кешенді міндеттерді орындауды тежеуші фактор болып табылады.

Осы тәсілдерді жалғастыра және тереңдете отырып, қазіргі географиялық, экономикалық- демографиялық және әкімшілік-аумақтық белгілерді, әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктерін назарға ала отырып, біз ауылдық аумақтарда мынадай ресурстар шоғырлануы тиіс деп есептейміз:

    1. табиғи ресурстар (сарқылмайтын ресурстар, сарқылатын ресурстар);
    2. экономикалық ресурстар (капитал, ұйымдастыру ресурстары, еңбек ресурстары, қаржы ре- сурстары және басқалар);

 әкімшілік ресурстар (ауылдық аумақтардың шаруашылық, экономикалық, құқықтық және өзге де мүдделерін қорғайтын жергілікті атқарушы органдар);

 ақпараттық ресурстар (есептеу ресурстары, Интернет-ресурстар, жады ресурстары және басқалар).

Ғалымдардың «ауылдық аумақтар» ұғымына берген анықтамаларын зерделеп және қалыптасатын ресурстарды ескере отырып, өз анықтамамызды ұсынамыз: «Ауылдық аумақтар — белгілі бір табиғи, экономикалық, әкімшілік және ақпараттық ресурстары бар ауылдық қоғамдастықтың елді мекені».

Ауыл аумақтарын ауыл шаруашылығы қызметі, ауылдық қоныстандыру, қоршаған орта басым аумақтар ретінде және күрделі әлеуметтік-табиғи-экономикалық жүйелер ретінде қарастыру керек деп санаймыз. Ауыл аумақтарын тек ескі дәстүрлерді сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қатынастар, институционалдық құрылымдар мен басқару деңгейлерінің жиынтығы ретінде олардың тұрақты дамуының үрдісі үшін қорғау және пайдалану керек.

Сондықтан ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту мәселесі жалпы «тұрақты даму» мәселесінің құрамдас бөлігі ретінде туындады.

Ауылдың тұрақты дамуы туралы БҰҰ (Біріккен Ұлттар ұйымы), Еуропалық одақ, халықаралық ұйымдардың көптеген бағдарламалық құжаттарында табуға болады:

 1992 жылдың маусымында тұрақты даму мәселесі БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы Қоршаған

орта және даму жөніндегі конференциясында арнайы қаралу тақырыбына айналды (UN Conference, 1992);

 1996 жылы БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының римдік сессиясында

кедейшілік деңгейін төмендету және ауыл халқының елдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әл-ауқатына үлесін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді тұрақты дамыту жөніндегі негізгі ережелер қабылданды (Chapter, 1996);

 2002 жылы Йоханнесбургте тұрақты даму бойынша жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кезде-

суде БҰҰ тұрақты даму қажеттілігін растады (Novoselov, 2010);

 1996 жылы Ирландияда өткен ауылдарды дамыту жөніндегі Еуропалық конференцияда

«Корк декларациясы» қабылданды, ол тұрақты ауыл дамуын Еуропалық одақтың ауылдық саясатының негізіне шығарды (Dehousse, 2000).

Экономикалық орнықты және әлеуметтік дамыған ауылдық аумақтар — мемлекеттің тұрақтылығының, тәуелсіздігі мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан олардың даму векторы тұрақты даму жөніндегі ұлттық саясаттың басым бағытына айналуы тиіс.

А.Н. Саханованың пікірі бойынша, ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды тұрақты да- мыту өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне, ауыл халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды сақтауға, ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты (Саханова, 2015).

С.С. Черновтың «ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы» және «ауылдық аумақтың тұрақты дамуы» ұғымдарын бөліп қарастыратын пікірін қолдау қажет. Себебі, ауыл шаруашылығы аумақтың жұмыс істеуінің әлеуметтік және экологиялық жақтарын, сондай-ақ оның көп қызметтілігін көрсетпейді. Сонымен қатар, ғалымдарға «ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту» және «ауылды тұрақты дамыту» анықтамаларының теңдігімен келіспейміз, өйткені ауылдық аумақтарға тек ауыл қоныстары (селолар) ғана емес, сондай-ақ қонысаралық аумақтар да жатады (Чернов, 2011).

В.И. Фролов және басқа да ғалымдар ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы — бұл адамдардың әлеуметтік-экономикалық қызметін ұйымдастыру ұрпақтардың сабақтастығына халықтың демографиялық негізделген қажеттіліктерін биосфералық қауіпсіз тәсілмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін даму деп есептейді (Фролов, 2013).

И.А. Матюшкинаның, О.М. Михалеваның, С.В. Герасименкованың пікірінше, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы ауыл қоғамдастығының сапалы жаңа деңгейге көшуінің мақсатты үрдісінен тұрады, ол өндірістік-ресурстық әлеуетті кеңейтуді, бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуді, ауыл халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруды, даму мен өзін-өзі дамытудың стратегиялық факторлары негізінде табиғи ресурстарды сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Матюшкина, 2013).

А.Н. Адукованың пікірінше, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды қалыптасқан дәстүрлерді бұзбай, қоғам мен табиғатқа зиян келтірмей және сол арқылы ауылдағы әлеуметтік, экономикалық, моральдық-адамгершілік және экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік бере отырып, халықтың негізгі массасының қолайлы жұмыспен қамтылуын, табысы мен өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің осындай деңгейіне қол жеткізу ретінде түсіндірген жөн (Адукова, 2009).

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мәселелердің көп жақтылығымен сипатталатынын атап өту керек. Ол, ең алдымен, қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тұрақты дамуды көздейді. Бұған ауылдық аумақтардың азық-түлікпен, ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету, ауылдық өндіріс пен тұрмыс мәдениетін сақтау, әлеуметтік дамуды жүзеге асыру, тарихи игерілген ландшафтысы және экологиялық қауіпсіздікті сақтау және басқа да қызметтерді орындау нәтижесінде қол жеткізуге болады. Олар өзара байланысты факторлардың мынадай топтарының: демографиялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, өмір сүру сапасы мен деңгейінің ықпалымен іске асырылады.

Е.Н. Коваленко өз жұмыстарында ауылдағы тұрақты даму үдерісінің үздіксіздігіне баса назар аударады, онда өзгерістердің жалпы векторы ұзақ перспективада ауыл тұрғындарының қазіргі және болашақ ұрпақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің өсуімен, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық кіші жүйелер арасындағы үйлесімділіктің сақталуымен сипатталады (Коваленко, 2012).

Қазіргі заманғы ауылдық аумақтар тек ауыл шаруашылығы өндірісінің аудандары болып табылмайды, сондай-ақ әртараптандырылған экономикалық қызметті дамыту, жаңа тұтыну пайда болу және бос уақытты еркін өткізу орындары болып табылады.

2014 жылдан бастап Еуропалық одақта (ЕО) ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту саясатының жаңа кезеңі іске асырылуда, оның негізгі мақсаттары:

  • ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • табиғи ресурстарды тұрақты басқару, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы әрекет;
  • ауылдық экономиканың теңдестірілген аумақтық дамуына қол жеткізу, халықты жұмыспен қамтуды құру және қолдау (Мерзлов, 2012).

АҚШ-та тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамасы үш басты мақсаттың өзара байланысты орындалуын қамтиды: салауатты табиғи ортаны сақтау, фермерлік шаруашылықтардың табыстылығына қол жеткізу, қоғамда әлеуметтік және экономикалық әділеттілік қағидаттарын белгілеу (Полушкин, 2015).

Ресей Федерациясының ауылдық аумақтарын тұрақты дамыту тұжырымдамасында ол ауылдық аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы және балық өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру, ауыл халқының толық жұмыспен қамтылуына қол жеткізу және оның өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ жерді ұтымды пайдалану ретінде айқындалады.

Тұрақты даму деп, әдетте, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы қазіргі табиғи негізде қоғамның үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды түсінеді. Яғни, тұрақты даму ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігімен, ауыл халқының өмір сүру деңгейімен, жалпы ресейлік көрсеткішпен және өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігімен тікелей байланысты (Пантелеева, 2011).

Л.В. Прохорова ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негізгі факторы ретінде — кәсіпорындар өндірісінің қуаттылығын бірқалыпты арттыру және ауылдық аумақтар халқының өмір сүру деңгейін арттыруға әсер ететін әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-тұрмыстық және басқа да даму жағдайларын жақсартуды қарастырады (Прохорова, 2013).

Осы ұғымның мазмұнына қатысты басқаша көзқарасты И.Н. Меренкова және В.Н. Перцев ұстанады. Олар «ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту — бұл ауыл аумағының өмірлік, өндірістік және табиғи-ресурстық әлеуетін қолдау мен дамыту жөніндегі міндеттерді теңгерімді шешуге мүмкіндік беретін қаржылық және инвестициялық стратегиялар негізінде экономикалық және экологиялық қызметтерге негізделген, әлеуметтік бағдарланған кеңейтілген ұдайы өндіруді, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды және сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін ауыл қоғамдастығының жаңа сапалы деңгейге көшуінің мақсатты үдерісі» деп атап көрсеткен (Merenkova, 2011).

Нәтижелер

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың теориялық мәселелерін жалпылай отырып, біз келесі қорытындыларға келдік.

Біріншіден, әр түрлі ғалымдар мен мамандардың «тұрақты даму» ұғымының анықтамаларын талдау барысында біз осы ұғымға тән ерекшеліктерді анықтадық (қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз етеді және бұл ретте болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қатер төндірмейді; адами мүмкіндіктерді сақтау және көбейту мүддесінде қоғамның жиынтық капиталын басқару; экономикалық өсуге алып келеді және сонымен бірге оның нәтижелерін әділ бөледі; қоршаған табиғи ортаны бұзбайтын және қоғамның үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін тұрақты теңгерімді әлеуметтік-экономикалық даму).

Екіншіден, қолда бар географиялық, экономикалық-демографиялық және әкімшілік-аумақтық белгілерді назарға ала отырып, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ресурстар (табиғи ресурстар, экономикалық ресурстар, әкімшілік ресурстар және ақпараттық ресурстар) анықталды. Бұл «ауылдық аумақтарды белгілі бір табиғи, экономикалық, әкімшілік және ақпараттық ресурстары бар ауылдық қоғамдастық жері ретінде» анықтауға мүмкіндік берді.

Үшіншіден, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын анықтауға ғылыми көзқарастарды жүйелеу негізінде оның құрамдас бөліктері анықталды: экологиялық бөлік (табиғи ресурстардың тұрақтылығын және олардың өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу қабілетін қамтамасыз етеді), экономикалық бөлік (шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды білдіреді), әлеуметтік бөлік (жаһандық ауқымдағы әлеуметтік тұрақтылық пен мәдени алуан түрлілікті сақтауға бағытталған), сондай-ақ «ауылдық аумақтарды тұрақты дамуы» ұғымының авторлық түсіндірмесі берілді.

Талқылау

Біздің ойымызша, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту — бұл экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өмір сүру салаларындағы сапалы және әділ даму ұстанымы бар болашақта осы қабілеттілікті сақтай отырып, ұзақ мерзімді (үздіксіз) дамудың мақсатты үдерісі. Бұл құбылыстың мәні сапалы айырмашылықтардың арақатынасының үйлесімі, халықты пайдалы (органикалық) және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын өзгеріссіз арттыру кезінде болашақ ұрпақ үшін табиғатты, мәдениетті, дәстүрді, мекендеу ортасын сақтай отырып, аймақтық және жергілікті басқару институттарын тарту. Ауылдың дамуы, сөзсіз, экономикалық өсуді және ауылдық қоғамдастықтардың адами капиталы сапасының өсуін болжайды.

Ауыл аумағының тұрақты дамуын анықтаудың ғылыми тәсілдерін жинақтап және жүйелей отырып, осы санат аумақтың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жақтарына әсер ету құралдарының жиынтығынан, әдістері мен тәсілдерінен тұрады деп есептейміз. Осыған байланысты ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту мынадай құрамдас бөліктерді қамтиды:

  • табиғи ресурстардың тұрақтылығын және олардың өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу қабілетін қамтамасыз ететін экологиялық бөлік: табиғи-ресурстық әлеуетті ұтымды пайдалану, технологияларды экологиялық қауіпсіз пайдалануды қолдану, азық-түлік қауіпсіздігі;
  • шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды көздейтін экономикалық бөлік: ұдайы өндіру үдерістерінің тұрақтылығы мен тиімділігін және аумақтың экономикалық өзін-өзі қамтылуын қамтамасыз ету, капиталды экономикаға тарту, бәсекелестік артықшылықтарды сақтау мен дамыту;
  • жаһандық ауқымдағы әлеуметтік тұрақтылық пен мәдени алуан түрлілікті сақтауға бағытталған әлеуметтік бөлік: тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы қызметті ұтымды ету, әлеуметтік әділдік және әлеуметтік бақылау.

Көріп отырғанымыздай, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы қоршаған ортаға зиян келтірмей, ауыл халқының өмір сүру сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен табиғатпен үйлесімді өзара іс-қимыл жасайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, авторлық анықтама беруге болады: ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы — болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтауды ескере отырып, ауылдық қоғамдастықтың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қорытынды

Түрлі ғалымдар мен мамандардың «тұрақты даму» ұғымының анықтамаларын талдау барысында біз осы ұғымға тән ерекшеліктерді анықтадық (қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз етеді және бұл ретте болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қатер төндірмейді; адами мүмкіндіктерді сақтау және көбейту мүддесінде қоғамның жиынтық капиталын басқару; экономикалық өсуге алып келеді және сонымен бірге оның нәтижелерін әділ бөледі; қоршаған табиғи ортаны бұзбайтын және қоғамның үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін тұрақты теңгерімді әлеуметтік- экономикалық даму). Қолда бар географиялық, экономикалық-демографиялық және әкімшілік- аумақтық белгілерді назарға ала отырып, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ресурстар (табиғи ресурстар, экономикалық ресурстар, әкімшілік ресурстар және ақпараттық ресурстар) анықталды. Бұл «ауылдық аумақтарды белгілі бір табиғи, экономикалық, әкімшілік және ақпараттық ресурстары бар ауылдық қоғамдастық жері ретінде» анықтауға мүмкіндік берді. Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын анықтауға ғылыми көзқарастарды жүйелеу негізінде оның құрамдас бөліктері анықталды: экологиялық бөлік (табиғи ресурстардың тұрақтылығын және олардың өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу қабілетін қамтамасыз етеді), экономикалық бөлік (шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды білдіреді), әлеуметтік бөлік (жаһандық ауқымдағы әлеуметтік тұрақтылық пен мәдени алуан түрлілікті сақтауға бағытталған), сондай-ақ «ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту» ұғымының авторлық түсіндірмесі берілді.

References

  1. Bas Kodden. The Importance of Sustainable Development / Kodden Bas // The Art of Sustainable Performance, 2020. Retrieved from https://link.springer.com/book/10.1007/978–3-030–46463–9
  2. Chapter 14: Promoting Sustainable Agriculture and Rural Development. — Rome: FAO, 1996.
  3. Dehousse R. Le principe de subsidiarite dans le debat constitutionnel europeen / P. Magnette (ed.). La constitution de l’Europe. — Editions de l’Universite de Bruxelles, 2000.
  4. Lucretia Dogaru. The Importance of Environmental Protection and Sustainable Development / Dogaru Lucretia // Procedia — Social and Behavioral Sciences, 2013. –– Vol. 9. –– P. 1344–1348. Retrieved from
  5. https://www.sciencedirect.com/journal/procedia-social-and-behavioral-sciences
  6. Petrović-Ranđelović Marijaa. Economics of Sustainable Development / Petrović-Ranđelović Marijaa, Kocić Natašaa, Stojanović-Ranđelović Branka. –– 2020. –– Vol. 4. –– P. 15–24 https://scindeks.ceon.rs/Article.aspx? artid=2560– 421X2002015P
  7. Hornick T.. An integrative environmental pollen diversity assessment and its importance for the Sustainable Development Goals / T. Hornick, A. Richter, W.H. Stanley, M. Bastl, S. Bohlmann, A. Bonn, J. Bumberger, P. Dietrich, B. Germeinholzer, R. Grote, B. Heinhold, A. Keller, M.L. Luttkus, P. Dietrich et al. // Plants, People, Planet. –– 2022. –– Vol. 4, Issue 2. –– P. 110–121. https://nph.onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1002/ppp3.10234
  8. Vekic A. The Importance of Academic New Ventures for Sustainable Regional Development / A. Vekic, V. Djakovic, J. Borocki, W. Sroka, J. Popp, J. Olàh // Amfiteatru Economic, 2020. –– 22(54). –– pp. 533–550. Retrieved from https://www.amfiteatrueconomic.ro/temp/Article_2908.pdf
  9. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы. www.adilet.zan.kz.
  10. Адукова А.Н. Местное самоуправление на селе: организационно-экономические аспекты / А.Н. Адукова. — М.: ООО «Угрешская типография», 2009. — 329 с.
  11. Алпысбаева С.Н. и др. Устойчивое социально-экономическое развитие региона: методология и практика / С.Н. Алпысбаева и др., отв. ред. А.К. Кошанов. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. — 464 с.
  12. Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка / Р.К. Андарова. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. — 342 с.
  13. Ашимова Р.М. К вопросу о перспективах устойчивого развития Республики Казахстан [Электронный ресурс] / Р.М. Ашимова. – Режим доступа: www.articlekz.com.
  14. Баландин Д.А. Совершенствование управления устойчивым развитием сельских территорий. / Д.А. Баландин. — Екатеринбург: Федеральное государственное бюджетное учреждение науки Институт экономики Уральского отделения Российской академии наук, 2014. — 169 с.
  15. Баутин В.М. Устойчивое развитие сельских территорий: сущность, термины и понятия / В.М. Баутин, В.В. Козлов // Агрожурнал, МГАУ им.Горячкина. — 2006. –№ 4. — С. 24–30.
  16. Важенина Т.М. Обеспечение устойчивого развития периферийного муниципального образования / Т.М. Важенина, Л.Н. Руднева. — Тюмень: ТюмГНГУ, 2013. — 100 с.
  17. Данилов-Данильян В.И. Экологический вызов и усточивое развитие: учеб. пос. / В.И. Данилов-Данильян, К.С. Лосев. — М.: Прогресс-Традиция, 2000. — 416 с.
  18. Дугалова Г.Н. Устойчивое развитие экономики региона: сущность, показатели и факторы / Г.Н. Дугалова, Д.Т. Абенова // Вестн. Казах.экон. ун-та. — 2005. — № 5. — С. 238–243.
  19. Заводчиков Н.Д. Сельская территория как социально-экономическая подсистема, формирующая качество жизни населения / Н.Д. Заводчиков, Т.Н. Ларина // В сб. Институциональное развитие: экономика, управление, социальная сфера, образование: Материалы IV Междунар. науч.-практ. конф. — Омск, 2014. — С. 216–221.
  20. Коваленко Е. Г. Механизм устойчивого развития сельских территорий региона / Е.Г. Коваленко // Современные проблемы науки и образования: электрон. науч. журнал. www.science-education.ru.
  21. Концепция устойчивого развития сельских территорий Российской Федерации на период до 2020 года, утверждена распоряжением Правительства Российской Федерации от 30 ноября 2010 г. № 2136-р // Информационно-правовая система «Консультант Плюс».
  22. Копасова С.С. Бюджетная обеспеченность как фактор устойчивого развития региона / С.С. Копасова, Т.В. Ускова // Финансовый менеджмент. — 2009. — № 1. — С. 93–104.
  23. Кошанов А.К. Устойчивое развитие экономики в условиях глобализации / А.К. Кошанов // Саясат. — 2001. — № 12. — С. 14–18.
  24. Кузнецов В.В. Опыт зарубежных стран в области защиты продовольственных рынков. / В.В. Кузнецов, В.И. Засько // В кн.: Агропродовольственная политика и вступление России в ВТО. — М.: Энцикл. российских деревень. ВИАПИ, 2011. — С. 447, 448.
  25. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі: www.adilet.zan.kz.
  26. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі:. 14 желтоқсан 2012. www.akorda.kz.
  27. Леонтьева В.В. Статистическая оценка региональной дифференциации показателей экономического развития сельских территорий Алтайского края / В.В. Леонтьева // Вестн. ИНЖЭКОНА. Сер. Экономика. — 2010. — № 6. — С. 350–354.
  28. Матюшкина И.А. Программно-целевой подход в управлении устойчивым развитием сельских территорий / И.А. Матюшкина, О.М. Михалева, С.В. Герасименкова // Вестн. Брян. гос. ун-та. — 2013. — № 3. — C. 75– 78.
  29. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». 31 қаңтар 2017 жыл.
  30. Меренкова И.И. Обеспечение устойчивого развития сельских территорий муниципального района / И.И. Ме- ренкова, В.Н. Перцев. — Воронеж, 2011. — 260 с.
  31. Мерзлов А.В. Введение в устойчивое развитие сельских территорий: Важнейшие понятия и теоретические основы. / А.В. Мерзлов и др. Серия учебных пособий «RUDECO Переподготовка кадров в области устойчивого развития сельских территорий и экологии». — М., 2012. — 57 с.
  32. Новоселов А.С. Региональная экономическая политика субъекта Федерации: принципы, формы и методы реализации / А.С. Новоселов, В.Н. Папело, Б.А. Ковтун и др.; под ред. А.С. Новоселова. — Новосибирск: ИЭОПП СО РАН, 2010. — 520 с.
  33. Нурланова Н.К. Концептуальная модель устойчивого территориального развития и приоритеты ее реализации /Н.К. Нурланова, под ред. О. Сабдена. — Алматы: ИЭ МОН РК, 2007. — 26 с.
  34. Пантелеева О.И. Государственная политика развития сельских территорий в Европейском союзе и США: мо- ногр. / О.И. Пантелеева, Н.В. Воронцова. — М.: Изд-во РГАУ-МСХА имени К.А.Тимирязева, 2011. — 144 с.
  35. Петриков А.В. О проекте концепции устойчивого развития сельских территорий РФ на период до 2020 года / А.В. Петриков // Муниципальная Россия. — 2010. — № 1(7). — С. 15–23.
  36. Полушкин Н.А. К эффективной политике сельского развития / Н.А. Полушкин // Междунар. науч. журн. «Инновационная наука». — 2015. — № 9. — С. 189–191.
  37. Прохорова Л.В. Устойчивое социально-экономическое развитие села Челябинской области в условиях вступления России в ВТО: моногр. / Л.В. Прохорова, О.Д. Рубаева. — Челябинск: ЧГАА, 2013. — 88 с.
  38. Пчелинцев О.С. Проблемы формирования экономической системы устойчивого развития / О.С. Пчелинцев // Экономическая наука современной России. — 2001. — № 4. — С. 5–24.
  39. Рио-де-Жанейрская декларация по окружающей среде и развитию. Принята Конференцией ООН по окружающей среде и развитию. — Рио-де- Жанейро, 1992.
  40. Саханова А.Н. Проблемы устойчивого развития сельского хозяйства Республики Казахстан [Электронный доступ] / А.Н. Саханова. — Режим доступа: articlekz.com.
  41. Сиптиц С.О. Математическая модель устойчивого развития сельских территорий / С.О. Сиптиц // Николаевские чтения. — 2007. — № 12. — С. 31–33.
  42. Филиппов Ю.В. Теории местного экономического развития: учеб. пос. / Ю.В. Филиппов, Т.Т. Авдеева, Т.Г. Лаврова. — М.: КноРус, 2013. — 100 с.
  43. Фролов В.И. Анализ проблемы устойчивого развития / В.И. Фролов, Е.О. Агафонова, А.Ю. Агафонова // Проблемы и перспективы устойчивого сельского развития: материалы Междунар. конф. — Орел: Изд-во Орел ГАУ, 2013.
  44. Чебоксаров П.А. Муниципальные образования как субъекты деятельности по созданию условий для устойчивого развития территорий / П.А. Чебоксаров, Р.Р. Хайритдинов // Бизнес в законе. Экон.-юрид. журн. — 2009. — № 3. — С. 18–21.
  45. Чернов С.С. Концепция устойчивого развития: междисциплинарный подход и география / С.С. Чернов// Изв. РАН. Сер. геогр. — 2011. — № 4. — С. 17–117.
  46. Экономическая безопасность России. Общий курс: учеб./ под ред. В.К. Сенчагова. — 5-е изд. — М.: Лаборатория знаний, 2015. — 816 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.