Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цифрлық экономика жағдайындағы логистиканың дамуы

Аңдатпа

Мақсаты: Қазақстан Республикасында экономиканы цифрландыру аясында логистика саласының даму қарқынымен таныса отырып, жаңаша цифровизациялау құралдарын пайдалану әдістерін ұсыну.

Әдісі: Мақалада салыстыру, талдау, жіктеу, статистикалық әдістер, индукция, дедукция, экономикалық-математикалық әдістер және модельдеу сияқты ғылыми әдіснамалық тәсілдер мен зерттеу әдістері пайдаланылды.

Тұжырымдама: Қазақстан Республикасының логистика нарығы дамудың бастапқы кезеңінде. Логистика нарығын цифрландыру да баяу қарқынмен жүзеге асырылуда, оны цифрландырылған және инновацияланған кәсіпорындардың аздығынан байқауға болады. Қазақстандағы IoT нарығына қатысушылардың бытыраңқылығы, сондай-ақ заттар интернетінің бірыңғай экожүйесінің және нарық қатысушыларының саланы дамыту жөніндегі үйлестірілген күш-жігерінің болмауы оның өсуі мен дамуын әлі тежеп отыр.

Қорытынды: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында бірқатар қадамдар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр, интеллектуалды көлік жүйесі, ақылы жолдар, цифрлық төлем құралдары қолданысқа енгізілуде. Бұл цифрлық экономика жағдайында логистиканы дамытудың бастапқы қадамдары. Транзиттік әлеует, көліктік-логистикалық хабтың болуы, енгізіліп жатқан цифрландыру құралдары ел логистикасының дамуына барлық мүмкіндіктерді ашып отыр, тек оны қолдана білу қажет. Сондықтан да логистиканы цифрландыруды жедел қолға алу маңызды.

Кіріспе

Әлемде Industry 4.0 дамуымен байланысты барлық шаруашылық салаларында көптеген өзгерістер орын алуда. Жаңа интернет-технологиялар, қарқынды мәліметтер алмасу жүйесі, бұлтты технологиялар, интернет заттары, жалпы айтқанда «ақылды» технологиялардың заманына куә болып жатырмыз. Көптеген сарапшылар бұл өзгерістерді оң бағалауда, BCG және PwC соңғы зерттеулеріне сәйкес, 4.0 индустриясы тиімділікті 15–20% арттырады және келесі бес жыл ішінде кірістің 20%-дан астамын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Осы өзгерістердің белең алуына әсер етуші маңызды факторлардың бірі цифровизациялау болып табылады. Цифрлы қоғамға көшудің барлық қадамдарын жалпы түсіну үшін нақты физикалық процестерді цифрландыруға болмайтындығына назар аудару қажет. Сондықтан, нақты өндіріс процесін цифрландыру туралы айтқанда, ақпаратты цифрлау немесе автоматтандыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы процесті автоматтандыруды қарастырамыз. Бүгінгі таңда цифрландыруды қарқынды енгізу барысында көптеген ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылып жатқанын байқауға болады. Қарапайым интернет, компьютер құрылғыларынан бастап күрделі функцияларды жүзеге асыра алатын (мысалы, 3D-принтерлер)

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: almas_kar@bk.ru технологиялардың қолданылуы цифровизациялау процесінің алға жылжуын қамтамасыз етіп отырғаны сөзсіз (Berisha-Shaqiri, Berisha-Namani, 2015).

Қоғамның барлық дерлік саласының сандық түрге көшуі дамыған заманға тән процесс. Әсіресе, кез келген мемлекеттің негізгі тірегі саналатын экономиканы цифрландыру қазіргі кезде өзекті болып отыр. McKinsey келтірген зерттеулерге сәйкес, экономиканы цифрландыру технологиялық инновацияларды жасаудан қарағанда оның өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мықты құралы бола алады. Олардың бағалауы бойынша, Қытайда 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 22%-ға дейін, АҚШ-та 10%-ға дейін өсуі цифрлық технологиялар есебінен жүзеге асырылуы ықтимал.

Жаһандық цифрлық экономика бизнесті жүргізу модельдерін өзгертеді, тұтынушылармен, жеткізушілермен және серіктестермен өзара іс-қимыл қағидаттарын, соның ішінде тұтынушының өзгеріп отыратын сұранысына сай өнім желісін өзгертуді, сондай-ақ өнімдер мен қызметтерді ұсыну шарттарын қайта қарауды талап етеді. Жаһандық цифрлық экономика жаңа білім алуға, көкжиекті кеңейтуге, жаңа кәсіптерді игеруге және біліктілікті арттыруға, бұрын-соңды болмаған басқа да мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады. Цифрлық экономика жеке бөлек сала емес, бұл – бизнестің, сауданың, логистиканың, өндірістің сапалы жаңа модельдерін құруға мүмкіндік беретін, білім беру, денсаулық сақтау, адамдар арасындағы коммуникация түрін өзгертетін, демек, мемлекет, экономика және тұтастай қоғам дамуының жаңа парадигмасын белгілейтін негіз. Сондықтан да цифрлық экономиканың дамыған заманында оның маңызы туралы айтпау мүмкін емес (Nurpeisova, 2020).

Цифрландыру қарқынды енгізіліп жатқан экономиканың маңызды саласының бірі логистика болып табылады. Жалпы логистика бұл жеткізулермен ғана шектелетін қызмет түрі емес, сонымен қатар, ол тұтынушының сұранысына сай тауарларды дер кезінде, тура көлемде жеткізуді, тауарларды дұрыс сақтауды, жеткізушілермен тығыз жұмыс жасауды, сервистік қызметтерді және тағы да басқа көптеген қызмет түрлерін қамтитын экономиканың үлкен бір саласы екенін ұмытпаған жөн. Жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде логистика саласы алға жылжып, дамудың жаңа белестеріне жетіп отыр.

Логистика өз ішінде бірнеше салаларға бөлінеді: жабдықтау логистикасы, қойма логистикасы, тарату логистикасы, көлік логистикасы, т.б. Цифрландыру аясында осы салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты инновациялық технологияларды қолдануда. Инновация түсінігі логистикада жаңалықтар, жаңашылдықтарды енгізуді емес, жүкті жеткізуді, әртүрлі процестерді тездету үшін көмектесетін жаңа технологияларды білдіреді. Яғни, инновациялық құбылыстар деп нарыққа әсер ете алатын, тауар сапасы мен жеткізу қызметінің сапасын жақсартатын және компанияға табыс әкелетін жаңашыл технологияларды түсіну керек. Зерттеулер бойынша инновацияны енгізу арқылы логистика саласы мына жетістіктерге жетуі мүмкін:

  • Қорлардың көрсеткішін 20–60% төмендету;
  • Өндіріс циклын 30–50% тездету;
  • Логистикалық тізбек бағасын 24–50% ға қысқарту;
  • Жалпы өндіріс қарқынын 10–16% ға арттыру.

Логистикада инновациялауды 5 бағыт бойынша жүргізген тиімді: логистикалық инновациялар, қоймалық инновациялар, көліктік инновациялар, IT-инновациялар, тұтынушыларға бағытталған инновациялар.

Логистикалық инновациялар көлік тасымалдарында жүктің оптималды тиелмеу мәселесін шешеді. Мұнда заманауи бағдарламалық жабдықтау, қорапты қайта өңдеу, 3-D принтерлер, көзілдіріктер сияқты элементтер қамтылады. Мысалы, Quantum View Notify жүйесі клиентке тапсырыстың мерзімі, жағдайы, қайда екені туралы мәліметтерді электронды поштаға жіберіп отырады.

Келесі инновациялар қоймалауға кететін уақытты үнемдеуге, тауарды қабылдау мен жөнелту мерзімдерін қысқартуға көмектеседі. Қоймалық инновациялардың мысалы ретінде Warehouse Management System жүйесін, RFID белгішелерін, әртүрлі роботтарды, т.б. атауға болады. Қоймалық инновацияның мысалы – радиожиілілік идентификация (Radio Frequency Identification, қысқаша RFID) – бұл идентификациялауға, бақылауға, сорттауға, мүмкіндік беретін заманауи автоматтық жүйе. RFID жүйесінің тиімділіктері: оперативті іздеу, тауарды түсіру мен жіберудегі бақылау, тауардың жылжуы туралы нақты ақпарат, қызметкерлердің қателіктерін минимализациялау, шығындардың оптимизациялануы.

Көліктік инновациялар жеткізу мерзімін қысқарту мақсатында енгізіледі. Бұл инновацияның мысалы ретінде электромобильдер, дрондар, роботтар, каршеринг қызметтері аталады.

IT-инновациялар тауарды іздеуге кететін уақытты тежеуге, адами факторлардан болатын шығындарды азайтуға, жүктерді бақылауға мүмкіндік береді. IT-инновациялардың логистикадағы алатын орны артып жатыр, себебі технологиялардың даму кезеңінде бұл үйреншікті құбылыс. Аталмыш инновациялар логистикалық жүйенің барлық дерлік бөліктерінде қызмет атқарады. Олардың көптеген түрлері бар: voice picking (дауыс арқылы қажетті тауарды табу), pick by light (сұрыптау үшін қоланылады), Big Data (мәліметтер базасы), т.б.

Тұтынушыларға бағытталған инновациялар компания тұтынушыларының сенімін арттырып, кері байланыс орнатуға көмек береді. Мысалы, тапсырыс беруші электронды сайт арқылы өз тауарына қажет қораптың 3-D моделін таңдай алады.

Қазақстан Республикасында да экономиканы цифрландыру шаралары белсенді жүзеге асырылуда. Оның айқын дәлелінің бірі – 2018 жылы қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасы. 2022 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс бұл бағдарламаның 5 бағыты бар, ең біріншісі «экономика саласын цифрландыру». Осы бағытта көлік және логистика салаларын цифрландыру қарастырылған, олар келесі цифрлық шешімдер арқасында қамтамасыз етіледі: интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және мультимодальды тасымалдарды дамыту. Бүгінгі таңда осы бағытта жұмыс жасалып жатыр және ол нәтижелі болады деп күтілуде.

World Economic Forum мәліметтері бойынша, 2022 жылы әлемдік ЖІӨ-нің 60%-ы цифрландырылады. Бұл дегеніміз цифрлық экономиканың маңыздылығының арта түсетінін және де әрі қарай мемлекеттің негізгі тіреуші күші ретінде қалатынын білдіреді. Біздің елімізде де цифрландыру қарқыны сақталып, дамуын жалғастырады деген болжам жасауға болады.

Әдебиетке шолу

Бүгінгі таңда ғалымдар «цифрландыру» терминіне тар мағынада – «ақпаратты сандық түрге айналдыру» және кең мағынада – «ақпаратты сандық түрге айналдыруға негізделген және экономиканың тиімділігі мен өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін экономика мен қоғамның дамуы» деген анықтамалар береді (Kargina, 2019).

Ал цифрлық экономика түсінігіне келер болсақ, халықаралық тәжірибеде әлі күнге дейін цифрлық экономиканың үйлестірілген анықтамасы қалыптасқан жоқ. «Цифрлық экономика» ұғымының қалыптасу тарихы, көптеген зерттеушілердің пікірінше, 1995 жылы физикалық заттардың материясын құрайтын атомдарды өңдеуден бағдарламалық кодтардың материясын құрайтын биттерді өңдеуге көшу туралы метафораны қолданған Массачусетс технологиялық институтының американдық ғалымы Николас Негропонттан бастау алады. Басқа сарапшылар «цифрлық экономика» терминін алғаш рет канадалық ғалым Дон Тапскоттың 1994 жылы орыс тіліне аударылған «Электрондық сандық қоғам: желілік интеллект дәуірінің оң және теріс жақтары» атты кітабында айтылған деп болжайды. Онда Тапскотт дамыған елдердің белгілерін сипаттай отырып, объектілерді ұсынудың сандық формасын, ақпараттық технологиялардың бизнеске, мемлекеттік басқару жүйесіне әсерін атап өтеді және цифрлық экономикаға мынадай анықтама береді: «бұл ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген экономика».

Бүгінгі таңда көптеген шетелдік дереккөздерде цифрлық экономиканы сипаттау кезінде технологияларға және олардың экономикалық агенттердің өзара әрекеттесу тәсілдеріндегі өзгерістеріне баса назар аударылады. Осы орайда технологиялардың нақты түрлері немесе экономикалық процестердегі өзгерістердің белгілі бір нысандары айтылуы мүмкін. Кейбір шетелдік әдебиеттердегі «цифрлық экономика» терминінің анықтамаларын қарастырайық:

«Интернет, сондай-ақ мобильді және сенсорлық желілер сияқты платформалардың арқасында қолдау көрсетілетін экономикалық және әлеуметтік қызметтердің ғаламдық желісі» (Australian Government, 2009).

«Цифрлық технологияларға негізделген экономика, біз бұл ретте интернет желісі мен бүкіләлемдік интернет желісіне негізделген нарықтарда іскерлік операцияларды жүзеге асыруды түсінеміз» (British Computer Society, 2013).

«Жоғары сапалы АКТ инфрақұрылымын қамтамасыз ете алатын және оның мүмкіндіктерін тұтынушылар, бизнес және мемлекет пайдасына жұмылдыратын экономика» (The Economist, 2014).

«Сандық экономика материалдық емес активтерге, деректерді жаппай пайдалануға, көпжақты бизнес-модельдерді кеңінен ендіруге және де баға қалыптастыру жүзеге асырылатын юрисдикцияны анықтаудың күрделілігіне сүйенеді» (OECD, 2015).

«Цифрлық технологиялардың дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігінің, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуы, өндіріс шығындарының төмендеуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, кедейлік пен әлеуметтік теңсіздіктің төмендеуі байқалатын экономика» (World Bank Group, 2016).

«Интернеттегі электрондық коммерция арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізуді жеңілдететін сандық нарықтар» (Fayyaz, 2018).

«Цифрлық экономика экономикалық өсудің негізгі көзі болып табылады. Бұл бәсекелестікті, инвестицияларды және инновацияларды ынталандырады, қызмет сапасын жақсартуға, тұтынушылар үшін таңдауды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі» (Carlsson, 2004).

«Адамдардың, кәсіпорындардың, құрылғылардың, деректер мен процестердің желілік өзара әрекеттесуінің миллиардтаған үлгілерінің арқасында пайда болатын экономикалық белсенділік нысаны. Цифрлық экономиканың негізі – гипер байланыс, яғни интернет, мобильді технологиялар және интернет заттары арқылы қалыптасатын адамдар, ұйымдар мен машиналардың артып келе жатқан өзара байланысы» (Deloitte, 2019).

«Цифрлық түрдегі деректер өндірістің негізгі факторы болып табылатын шаруашылық қызмет; аталмыш деректердің үлкен көлемін өңдеу және оларды талдаудың нәтижелерін шаруашылық жүргізудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда өндірістің, жабдықтың, сақтаудың, сатудың, тауарлар мен қызметтерді жеткізудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді» (Ресей Федерациясының 2017–2030 жылдарға арналған ақпараттық қоғамының Даму стратегиясы).

«Цифрлы экономика – өндірісті оңтайландыру, бөлу, алмастыру, қолдану және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру мақсатында электрондық технологияларды, электрондық инфрақұрылымды және қызметтерді, үлкен көлемді деректерді талдау технологиясын пайдалану барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы» (Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы).

Жоғарыдағы анықтамалардан байқағанымыздай, цифрлық экономиканың қатып қалған нақты бір анықтамасы жоқ. Көрсетілген барлық анықтамаларды қамти отырып, біз цифрлық экономикаға өзіміздің келесідей тұжырымдамамызды ұсынамыз: «Цифрлық экономика — бұл нарықта жаңашыл технологияларды қолданып, экономиканың барлық салаларын жоғары деңгейде дамыта отырып, мемлекет дамуына өз үлесін қосатын жоғары деңгейдегі экономика».

Логистика терминіне келер болсақ, әртүрлі авторлар бұл терминге де көп анықтамалар ұсынған. Ең қарапайым әрі кең тараған анықтама бойынша, логистика – қажетті мерзімде, қажетті көлемде, қажетті тұтынушыға ең оңтайлы тәсілмен тауарларды жеткізумен байланысты қызмет. Осы қызметті тиімді ұйымдастыру үшін логистиканың функционалды салаларының қызметін дұрыс қиылыстыра білу қажет.

Цифрлық экономиканың дамуына байланысты логистикада сандық технологиялардың қолданылуы белең алуда. Логистика саласында қолданысқа ие толассыз технологияларға тоқталып өтсек.

Big Data («Үлкен деректер») – елеулі көлеммен және өзгерістердің жылдамдығымен сипатталатын (оның ішінде нақты уақыт режимінде) құрылымдалған және құрылымданбаған ақпарат көлемдерін жинау, өңдеу және сақтау технологиялары, олармен жұмыс істеу арнайы құралдарды, әдістерді талап етеді.

Жасанды интеллект – белгілі бір дербестік дәрежесімен ақпаратты қабылдауға, үлкен көлемдегі деректерді талдау негізінде, соның ішінде адамның мінез-құлқын қайталай отырып, оқуға және шешім қабылдауға қабілетті бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдар жүйесі.

Таратылған тізілім технологиялары (блокчейн) – кейіннен өзгерту мүмкіндігінсіз, байланыстырылған блоктар бірізділігі түрінде құрылымдалған, транзакцияларды

орталықтандырылмаған, сақтау мен өңдеудің алгоритмдері және хаттамалары (Golovenchik, 2020).

IoT – бұл ішкі немесе сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және қабылдау немесе өзара әрекеттесу үшін кіріктірілген технологияларды қамтитын физикалық нысандар желісі (Gartner IT glossary).

Радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) – радио толқындарын қолдана отырып, электронды оқырманға сәйкестендіру ақпаратын беру үшін объектілерде, адамдарда немесе жануарларда орналастырылған электрондық белгілерді қолданатын технология (RFID Journal glossary).

Аталмыш технологиялар логистиканы цифрландыруды жүзеге асырудың бір бөлшегі ғана екенін атап өткен жөн. Біздің елімізде көлікті және логистиканы цифрландыру бағыты бойынша зияткерлік көлік жүйесі қолданысқа енгізілмек. Бүгінгі таңда қолданыстағы технологиялардың көп бөлігі жемісін беруде, бұл олардың шын мәнісінде пайдалылығының дәлелі деп айтуға болады.

Әдістер

BCG деректеріне сүйенсек, адамдардан басқа, бүгінде интернетті 10 миллиардқа жуық машиналар мен механизмдер – құрылғылар, датчиктер мен құрылғылар «пайдаланады», ал 2020 жылы бұл санның екі есе өсуі болжанды. Әлемдік деректердің 99%-ы цифрландырылған және 50%- дан астамының IP-мекенжайы бар. Болашақта деректер көлемі әр екі жылда екі есеге дейін артады.

Логистика мен тасымалдауда тиімділік, оңтайландыру, жылдамдық және мерзімдер әрдайым шешуші рөл атқарады. Бүгінгі күні Industry 4.0 дамуының жеделдетілген кезеңі және цифрлы ортаның артуы жағдайында олардың маңызы арта түсуде. Көлік және логистикадағы цифрлы технологиялар негізіндегі деректер мен ақпараттарды талдаудың негізгі мәні:

– процестерді жеделдету;

– серіктестер мен клиенттер үшін көрсетілімді қамтамасыз ету;

– құн құру тізбегін цифрлау (Dobrynin, 2016).

Цифрлық экономика жағдайындағы логистиканың дамуын зерттеу пәні ретінде логистикадағы цифрландыру құралдары мен олардың қолданысын қарастыруға болады. Осы орайда көлік және логистика саласында инвестиция үшін аса маңызды үш сала бар: клиенттермен өзара әрекеттесуге арналған мобильді технологиялар, киберқауіпсіздік құралдары, үлкен деректер және аналитика.

Елдің ғаламтор желісіне толыққанды қолжетімділігі оның цифрлық әлемге енуінің бірден бір кепілі екені анық. 2020 жылғы Қазақстан халқының 70%-дан астамы ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген (Internet World Stats, 2020). Ал 2021 жылы еліміздің 14,46 млн тұрғыны ғаламтор желісін пайдаланады, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 16,39 млн адамға жетеді деген болжам жасалуда. Бірінші кезекте ҚР Интернет желісін пайдаланатын ұйымдарды аймақтар бойынша қарастырдық (кесте 1).

Кесте 1. Интернет желісін пайдаланатын ұйымдар саны (мемлекеттік ұйымдарды қоса есепке алғанда), бірлік

Аймақтар

2018

2019

2020

Қазақстан Республикасы

100 702

105 531

110 246

Ақмола облысы

3 183

3 347

3 636

Ақтөбе облысы

3 981

4 101

4 049

Алматы облысы

3 982

4 394

4 242

Атырау облысы

2 656

3 127

2 727

Батыс Қазақстан облысы

2 120

2 410

2 326

Жамбыл облысы

1 925

2 012

2 198

Қарағанды облысы

7 673

8 175

8 089

Қостанай облысы

4 162

4 309

4 845

Қызылорда облысы

1 894

1 909

1 999

Маңғыстау облысы

2 956

2 780

2 840

Түркістан облысы

4 104

4 370

4 653

Павлодар облысы

2 999

2 939

3 494

Солтүстік Қазақстан облысы

2 622

2 937

3 274

Шығыс Қазақстан облысы

5 375

5 351

5 769

Нұр-Сұлтан қаласы

21 427

22 146

20 513

Алматы қаласы

24 199

26 255

29 782

Шымкент қаласы

5 444

4 969

5 810

Ескерту – Ұлттық статистика бюросы көрсеткіштерінің деректері бойынша автормен жасақталған

Кестеден көріп отырғанымыздай, жалпы республика бойынша 2020 жылы интернет желісін қолданатын ұйымдар саны 4,3%-ға немесе 4715 бірлікке өскен. Ең көп интернет желісімен қамтылған Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалады. Оның себебі аталмыш облыстарда ауылдық аймақтардың көп болуы, халықтың жас шамасы, тұрмыс жағдайы сияқты тағы да басқа факторлардың әсері болуы мүмкін.

Әуе, құбыр көлігі түрлерін, автомобиль және теміржолдарды, кеме жолдарын ұсынатын республиканың көлік кешені шаруашылықаралық және мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Республикамыздың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі 2020 жылы 5,9% құрады. Жүк тасымалдарына келетін болсақ, көліктің барлық түрімен жүзеге асырылған жүк тасымалдарының көлемінде біршама өзгерістер байқалады (сурет 1).

337

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 3944,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2019 жылғы көлемнен 6,6% кем. Бұндай құлдырауды карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты шекаралардың жабылуымен түсіндіруге болады. Жүк айналымы көрсеткіштері де жүк тасымалдау көлемінің азаюына байланысты 2020 жылы 584 млрд. тонна/км-ге тең болды, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3%-ға төмен.

Логистиканың тағы бір маңызды функционалды саласы – қоймалау. Еліміздегі қоймалардың жалпы ауданы 4,17 млн. шаршы метрді құрайды. 2018 жылы Қазақстанда, әсіресе, елдің солтүстік өңірлерінде логистикалық қызметтердің толық кешенін ұсынатын 3PL-операторлардың тапшылығы байқалған.

Сондай-ақ, Қазақстандағы қоймалардың жартысына жуығын дистрибьютерлік компаниялар қолданады, салыстырмалы көрсеткіш ретінде көршілес Ресей елінде бұл көрсеткіш 35%-ды құрайды (сурет 2).

Осылайша, логистикалық операторлардың басым бөлігі 40–45 күндік тауар айналымы бар дистрибьютерлерге қызмет етуге бағытталған, ал дамыған елдерде 3PL-операторлары немесе «А» класты қоймалар электронды коммерция нарығының қатысушыларына қызмет көрсетеді. Сол себепті біздің елімізде өнімнің соңғы құнындағы логистикалық шығындардың үлесі 25%-ға дейін жетіп отыр (әлемдік орташа көрсеткіш – 11%).

Қазақстанның логистика нарығы ірі кәсіпорындардан бастап шағын кәсіпорындарды қамтитын алаң болып табылады. Статистикалық деректерде логистикалық қызметпен айналысатын компаниялар «Көлік және қоймалау» бөліміне біріктіріледі, 2022 жылы олардың саны 19039-ға жетіп отыр, бұл республикамызда тіркелген кәсіпорындардың 4%-ын құрайды. Логистикалық кәсіпорындар

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

тек «Көлік және қоймалау» категориясына біріктірілетінін айта кеткен жөн. Яғни, логистикалық кәсіпорындар үшін статистикалық деректерде тек көлік және қоймалық қызметтермен айналысатын кәсіпорындар категориясы бөлінген.

Біз қолданған маркетингтік зерттеу әдісінде 100 компания қамтылды, респонденттер жалпы 8 сұраққа жауап берді. Олардың басым бөлігі логистикалық компаниялар болып табылады (сурет 3).

Респонденттердің басым бөлігі орта және шағын кәсіпорындар болып табылады. Бұл ҚР кәсіпорындар нарығы үшін тұрақты жағдай, себебі республикалық деңгейде шағын кәсіпорындардың саны басым. Ірі кәсіпорындардың басым бөлігі қоймалық шаруашылықпен айналысатын кәсіпорындарда байқалады, ал сауалнамаға қатысқан жалғыз құрылыс компаниясының өзі ірі, сауда- саттықпен айналысатын екі кәсіпорынның бірі — ірі кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорындарда цифрлық технологиялар қолданысы біршама аз (сурет 4).

Көріп отырғанымыздай, көптеген компаниялар цифрлық технологиялар мүлде қолданбайды немесе ендіруді тек жоспарлау сатысында, цифрлық технологияларды қолданатын кәсіпорындар да жоқ емес.

Зерттеу нәтижелері бойынша қолданылатын цифрлық технологиялардың түрлері (сурет 5):

338

Вестник Карагандинского университета

339

«Өз жауабыңыз» нұсқасын таңдаған респонденттердің таңдауы компьютерлер, GPS, 1С сияқты бағдарламалық жасақтамалар мен құрылғыларды қамтыды. Ең көп қолданысқа IoT технологиялары ие.

Көлік және логистика саласында «заттар интернеті» көлік құралдарын, материалдық ағындарды басқаруға, «ақылды технологияларды» енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қазақстандағы IoT нарығының 85%-ын тұрғын үй коммуналдық қызметтері, қоғамдық орындардағы инженерлік жүйелерді интеллектуалды түрде басқару бағдарламалары құрайды (сурет 6).

Басым үлестік пайызға ие салалардың көрсеткіштері уақыт өте келе осы нарықтағы басқа сегменттердің өсімінің нәтижесінде азайып қалуы ғажап емес екендігін ескерген жөн. Энергияны есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу тұрғын үй коммуналдық шаруашылық сегментін дамытудың басты тірегі болып табылады. «Ақылды қала» жобасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қала экономикасының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың қатарына жатады. Көлік және логистика саласы әлі де болсын бұл нарықта төмен үлестік пайызға ие, дегенмен, «Ақылды қала» жобасы, коммуналдық қызметтерді цифрландыру қалалық

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

логистиканы оңтайландырудың бір бөлігі екендігін атап өту маңызды. 2019–2024 жылдар аралығында еліміздегі «заттар интернеті» нарығы шамамен 21,2%-ға артады деп болжануда (J'son & Partners Consulting, 2020). 2020 жылы пандемияның экономикаға тигізген кері әсерінің арқасында нарық дамуы күрт төмендеген болатын, алайда 2021 IoT нарығы даму қарқынын қалпына келтіріп, одан әрі дамудың жоғары көрсеткішін сақтайды.

Нәтижелер

Интернет желісін пайдаланатын ұйымдар саны 2018–2020 жылдар аралығында шамамен 9,5%-ға өскен. Аталмыш ұйымдарда әртүрлі АКТ құралдары пайдаланылады (сурет 7).

Компьютер құрылғыларын қолданылатын ұйымдардың үлесі басым, дегенмен интернет желісіне қолжетімділігі бар ұйымдар оларға қарағанда төмендеу. Сонымен қатар, интернет желісі арқылы тапсырыс беретін ұйымдар саны осы желі арқылы қызметтерді қанағаттандыратын ұйымдарға қарағанда сәл айырмашылық жасайды. Осы орайда сұраныстың қанағаттануы туралы сұрақ пайда болуы мүмкін. Дегенмен, цифрлық технологияларды қолданатын өндіріс орындарының саны артып келеді (сурет 8).

Көлік және қоймалау қызметтері логистикада басты рөл атқарады. Жеткізу және сақтау қызметтерінің тиімділігін арттыру мақсатында осы екі қызмет түрлерін цифрландыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы орайда енгізіліп жатқан инновацияларды қарастыруға болады (кесте 2).

340

Вестник Карагандинского университета

Кесте 2. Көлік және қоймалау саласын инновациялау көрсеткіштері

 

Кәсіпорын саны

Оның ішінде инновациясы барлар

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %

Инновацияық қызмет саласында басқа ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеген кәсіпорындар саны, бірлік

Көлік және қоймалау

2068

184

8,9

79

Ескерту – Ұлттық статистика бюросы көрсеткіштерінің деректері бойынша автормен жасақталған

Көлік және қоймалау қызметінде инновациялану деңгейі салыстырмалы түрде орташа деп айтуға болады, себебі басқа салаларда бұл көрсеткіш 15,7%–2,5% аралығында тұр.

Маркетингтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің басым көпшілігі цифрлық технологияларды ендіру өз кәсіпорындары үшін тиімдірек деп санайды (сурет 9).

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

341

Алынған нәтижелерге сүйене отырып, ең басты себеп ретінде жаңа технологияларға деген сенімсіздікті атауға болады. Келесі басты себеп цифрлық технологиялармен жұмыс жасай алатын қызметкерлердің жетіспеушілігі.

Талқылау

Жоғарыда алынған нәтижелерді қарастыра отырып, Қазақстандағы цифрлық экономика жағдайындағы логистика нарығы туралы айтатын болсақ, ол әлі де болсын қалыптасып, даму үстінде екенін көруге болады. Цифрландыру басқа елдерге қарағанда кешірек енгізілуімен және де еліміздің үлкен аумағына байланысты бұл үдерістің баяу жүріп жатқандығын ескерген жөн.

Ғаламтормен қамтамасыз ету көрсеткіштері статистикалық ақпараттарда жоғары болғанымен, кейбір алыс аймақтарда оның дұрыс жұмыс жасамайтындығын жақсы білеміз. Осы мәселеге байланысты, цифрландырудың маңызды құралы болып саналатын ғаламтор желісімен іс жүзінде де толыққанды қамтасыз етуді ұсынамыз.

Инновациялауға келер болсақ, көлік және қоймалау саласында 2068 кәсіпорынның тек 8,9%-ы инновациялық белсенділікке ие. Логистиканың әрбір саласы үшін бұл процестердің маңызды екенін ескере отырып, кәсіпорындарға жаңашылдықтарды енгізуге қорықпау керектігін айтқымыз келеді.

Сондай-ақ, логистиканы дамытудың маңызды тірегі IoT технологиялары нарығына назар аударған жөн. Бүгінгі таңда елімізде «заттар интернетімен» байланысты «Smart Home», «Smart City» жобалары жүзеге асырылып жатқаны мәлім, бұл қалалық логистиканы оңтайландырудың алғышарттары болып табылады. Алайда, тек қалалық логистиканы емес, сонымен қатар, жеткізу тізбектерінде, қоймаларда, жеткізу қызметтерін жүзеге асыру барысында да аталмыш технологияларды енгізу үлкен жетістіктерге жол ашады.

Зерттеу қорытындыларына сәйкес, көптеген кәсіпорындар цифрлық шешімдерге әлі де болсын дайын еместігін көруге болады. Цифрлық технологиялардың қолданысы бүгінгі әлем үшін жаңа құбылыс болмаса да, оған сенім артпайтындар көп. Тағы бір басты кемшілік сандық құрылғылармен дұрыс жұмыс жасай алатын қызметкерлердің тапшылығы болып отыр. Осы орайда логистикалық, көлік, жеткізу, қоймалық қызмет саласына жұмыс жасайтын компанияларға цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынамыз. Сондай-ақ, компания қызметкерлерін цифрлық технологиялармен таныстыра отырып, олардың осы құрылғылармен жұмыс жасау барысындағы біліктіліктерін арттыру маңызды болып табылатынын атап өткіміз келеді. Біз қарастырған кәсіпорын түрлері нарығында цифрлық технологиялар мүлдем жоқ емес, тек оларды енгізуді қолға алып, дамытуды қолдау қажет. Жалпы көптеген компаниялардың қазіргі заман талаптарына сай цифрлық шешімдерді қолданумен байланысты оң пікірде екені анық.

Сонымен қатар, экономиканың маңызды бөлігі болып саналатын логистиканы цифрландыру бойынша шетелдік тәжірибені мысалға алу ұсынылады. Цифрлық экономика жағдайында логистиканы дамыту үшін өзін-өзі басқаратын автомобильдерді, роботтарды, дрондарды қолдану да бұл саланың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен, біздің еліміз үшін олар әлі болашақтың еншісіндегі үдерістер. Қазіргі сәтте қолданыстағы «ақылды технологияларды» оңтайлы пайдалана отырып, жаңашыл цифрландыру құралдарын кешіктірмей ендіру ҚР үшін оңтайлы шешім болып табылады.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының логистика нарығы дамудың бастапқы кезеңінде екенін көруге болады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында бірқатар қадамдар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр, интеллектуалды көлік жүйесі, ақылы жолдар, цифрлық төлем құралдары қолданысқа енгізілуде. Бұл цифрлық экономика жағдайында логистиканы дамытудың бастапқы қадамдары деп санаймыз. Біздің ойымызша, транзиттік әлеует, көліктік-логистикалық хабтың болуы, енгізіліп жатқан цифрландыру құралдары ел логистикасының дамуына барлық мүмкіндіктерді ашып отыр, тек оны қолдана білу қажет.

Әдебиеттер тізімі

Australia’s Digital Economy: Future Directions. — Commonwealth of Australia, 2009. — P. 35.

Retrieved from http://ict-industry-reports.com.au/wp-content/uploads/sites/4/2012/08/2009-Digital-Economy- Future-Directions-Snapshot-DBCDE-2009.pdf

Berisha-Shaqiri A. Information Technology and the Digital Economy / A. Berisha-Shaqiri, M. Berisha-Namani // Mediterranean Journal of Social Sciences, 6 (6). — 2015. — P. 78–83.

British Computer Society. Digital Economy. — House of Commons, 2013. — P. 37. Retrieved from

https://publications.parliament.uk/pa/cm201617/cmselect/cmbis/87/87.pdf

Carlsson B. The Digital Economy: what is new and what is not? / B. Carlsson // Structural change and economic dynamics. — 2004. — Vol. 15, No. 3. — P. 245–264.

Fayyaz S. A review on measuring digital trade & e-commerce as new economic statistics products. The 16th Conference of IAOS OECD Headquarters. — Paris, 2018. — P. 1–12.

Forecast of the Kazakhstan IoT market development until 2024. — JSON.TV, 2020. Retrieved from

https://json.tv/en/ict_telecom_analytics_view/forecast-of-the-kazakhstan-iot-market-development-until-2024

Internet Usage in Asia. — Internet World Stats, 2020. Retrieved from https://www.internetworldstats.com/stats3.htm IoT Platforms. — Gartner Glossary. Retrieved from https://www.gartner.com/en/information-technology/glossary/iot- platforms

OECD. Making Open Science a Reality. OECD Science, Technology and Industry Policy Papers. — No. 25. — 2015. — P. 109. DOI: 10.1787/5jrs2f963zs1-en

Radio Frequency Identification. — Alpharetta: RFID Journal, 2022. Retrieved from

https://www.rfidjournal.com/glossary/radio-frequency-identification

Technology Isn’t Working / Special Report. The Economist, 2014. — P. 3, 4. Retrieved from

https://www.economist.com/sites/default/files/20141004_world_economy.pdf

What is Digital Economy? — Deloitte, 2019. — P. 4. Retrieved from

https://www2.deloitte.com/mt/en/pages/technology/articles/mt-what-is-digital-economy.html

Головенчик Г.Г. Цифровая экономика: учеб.-метод. комплекс / Г.Г. Головенчик. — Минск: БГУ, 2020. — 143 с.

Добрынин А.П. Цифровая экономика — различные пути к эффективному применению технологий (BIM, PLM, CAD, IOT, Smart City, BIG DATA и другие) / А.П. Добрынин, К.Ю. Черных, В. П. Куприяновский, П.В. Куприянов, С.А. Синягов // International Journal of Open Information Technologies. — 2016. — № 1. — С. 4–11.

Каргина Л.А. Цифровая экономик: учеб. / Л.А. Каргина. — М.: Прометей, 2020. — 222 с.

Нурпейисова Г.Б. Цифровая логистика на транспорте: учеб.пос. / Г.Б. Нурпейисова, Т.Б. Нурпейисова, И.Н. Кайдаш, Д.В. Панюкова. — Алматы: Бастау, 2020. — 432 с.

Программа «Цифровая экономика Российской Федерации» [Электронный ресурс]. — М.: Правительство РФ, 2017. — 88 с. — Режим доступа: http://static.government.ru/media/files/9gFM4FHj4PsB79I5v7yL

VuPgu4bvR7M0.pdf

Программа «Цифровой Казахстан» [Электронный ресурс]. — Нур-Султан: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК, 2018. — 55 с. — Режим доступа: https://digitalkz.kz/wp- content/uploads/2020/03/%D0 %A6 %D0 %9A-%D1 %80 %D1 %83 %D1 %81.pdf

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.