Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Моңғолия қазақтарының репрессия дəуіріндегі қилы тағдыры

Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең ауыр қайғысы атанған сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа байланды. Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жетерлік. Солардың бірі — бұрынғы Кеңес Одағында болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл тарихи оқиға Моңғолия қазақтарын да бейжай қалдырмады. Шет елдегі қазақ тарихының өзекті бір саласына арналған мақалада — Моңғолия қазақтары, оның ішінде жекелеген адамдарды қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары қалай өткенін, зұлмат қуғын-сүргін жылдардағы халықтың жайын, нəубаттың салдары сараланған. Авторлар жаппай репрессияның саяси идеологиялық мəні мен жүргізілу себептерін ашып, жеке тұлғалардың ауыр қайғылы тағдырын айқындауға тырысқан.

Кіріспе

ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаев 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи əділеттілікті қалпына келтіру үшін үндеу жариялады. Үндеуде XX ғасырдың 1920–50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрып, халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңді зерделеп, тарихи шындықты ұрпаққа жеткізуді тапсырды.

Президент Қ.-Ж.Тоқаевтың бұл тапсырмасы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын тағы да бір игі қадамдардың бірі деп білеміз.

Кез келген өркениетті ұлт өз тарихын қадір тұтады, оны ұрпақтың санасына енгізуге бар мүмкіндікті жасайды. Тарих — халықтың мыңдаған жылдар жинаған тəжірибесі, ақыл-ой, рухани байлығы, асыл қазынасы. Сондықтан, қазақ ұлттық бірегейлікте, біртұтас болу үшін, жаңа талапқа сай тарихыда болуы заңды. Кеңестік дəуірде Қазақстан мен шет елдердегі қазақтардың ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарын зерттеп, парасаттылықпен зерделеудің маңызы зор. Бір ұрпақтың басынан кешкенін, келер ұрпаққа толыққанды жеткізу басты міндет болмақ. Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақтың əрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен жолдары — бəрі де бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мəңгі есінде болуы тиіс. Халық тарихты жасаушы, байланыстырушы буын ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің дамуының көрсеткіші. Қазіргі заманғы тарих ғылымында басты назар тікелей тарихты жасаушы — халық пен адамды зерттеуге арналған. Отандық тарих ғылымы оның негізінде халықтардың тарихы мəселесін жан жақты жəне тиянақты зерттемей одан əрі қарай дами алмайды.

Өткен ғасыр біртұтас қазақ ұлтының тарихында қайғысы мол, қасіреті ауыр кезең болды. Қандай халық болса да, өз тарихи тағдырына енжар қарай алмайды. Ғасырлар өтседе, XX ғасырдағы жалпы қазақтың, соның ішінде Моңғолия қазақтарының басынан өткен репрессияның салдары мен зардабы, мезгілсіз ажал құшқан азаматтардың ел есінде мəңгі сақталуына үлес қосу өзекті мəселелердің бірі жəне бірегейі болмақ. Дəл осындай қилы тағдыр Моңғолия қазақтарын да бейжай қалдырмады.

Мəселенің қысқаша тарихы

Моңғолияда жаппай репрессия 1922 жылдың өзінде басталып кетті. Репрессия кезінде 800-ге жуық ғибадатхана мен 7 мешіт жойылды. Ал, 1937–1938 жылдары қуғын-сүргін шырқау шыңына жетті, 1939 жылдан бастап сəл бəсеңдеді, бірақ сол кездегі моңғол қоғамының барлық буындарын қамтыған əртүрлі формада көптеген жылдарға дейін созылды. Моңғолиядағы сталиндік- чойбалсандық репрессиясы əлеуметтік зиялыларға, діндарларға, өзге этностық топтарға қарсы бағытталды. Адамдар жапондық тыңшылар ретінде жиі қудаланды. Əдетте, қуғын-сүргін кезінде 45000–55000 адам, тіпті 100000 адам өлтірілген деп есептеледі. Моңғолия халқының 8–13 % атылған болса, олардың арасында қазақтар да қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. Сол кездегі Моңғолия Халық Революциялық Партиясының басшысы Х.Чойбалсанның басшылығымен жəне Сталиннің тікелей қысымымен он мыңдаған жазықсыз моңғолдар мен қазақтарды жаппай қырып- жоюға əкелді [1, 85].

Моңғолияның ұлттық мүдделері мен тəуелсіздігін қорғаған моңғол жазушылары мен ғалымдарының еңбектеріне тыйым салынып, өртелді. Осы репрессияның кезінде моңғол зиялылары тұтқындалып, жазаланды, олардың көпшілігі өлім жазасына кесілді. Сөйтіп, жаппай қырып-жою, басып-жаншу мақсатында жүргізілген жазалау шаралары тағы да ондаған жылдарға жалғасты.

Талдау

Моңғолиядағы үлкен репрессия себептері мен жүргізілген əдіс-тəсіл, əкелген зардаптарына сəйкес ірі үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1922–1939 жылдарды қамтыған бірінші кезең — Моңғолия төңкерісін кеңестік үлгіге келтіру мақсатында Моңғолия саяси жетекшілерін қуғын-сүргінге ұшыратты. Бодоо, Данзан жəне басқалар саяси аренадан бірінен соң бірі аластатылып, Коминтерннің нұсқауымен байлардың, ұлттық буржуазия мен интеллектуалды ламалар мен молдалардың мүлкі (құны 10 млн. төгрөг) тəркіленді. Шығыс секциясының тапсырмасымен қазақ қайраткері Тұрар Рысқұлов 1924 жылдың қазан айынан 1925 жылдың шілдесіне дейін Моңғолияда қызмет атқарып, осы елдің жаңа Конституциясын жазып беріп, оны қабылдатумен қатар, ел астанасының атын Ұлан-Батыр деп өзгертті. Тұрар Рысқұлов осындағы қазақ ағайындарына үлкен пана болды. Осы кезеңде 1929 жылы Далелхан Сүгірбаев сынды қазақ зиялылары мен байлары Шығыс Түркістанға өтіп кетті. 1932 жылғы көтеріліс, шетке босудан кейін репрессия сəл басылды, алайда, келесі қорқынышты қырғынға дайындық жүріліп жатты. 1930 жылдардың аяғында МХР-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, түрмелер үстемдік еткен сталиндік-чойбалсандық социализм орнады. Қазақ этностық тобы қатігездікке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткерді. 1932 жылы Кенжебек айдаған, 1934 жылғы қарапайым қазақтарды ату, сияқты ауыр заман өтті. Коммунистік Жастар Интернационалы (КЖМ) ұйымының жолдамасымен Өтепов, жұбайы Дилнұз Өтепова Коминтерннің жолдамасымен бірге, Қайырбай Тілеубердин мен Б.Жолтаев келеді. 1930–1932 жылдары Моңғолиядағы қазақтар арасында 3 жылға жуық жұмыс істеп, қара халыққа жаңа саясатын насихаттаған. Олар Өтепов Қазақстанда, Б.Жолтаев Моңғолияда қудаланған [2, 215].

Жапондық контрреволюциялық қастандықтар сериясын ұйымдастырды деген жалған айып тағылғандар Ж. Лхүмбэ, П. Гэндэн, Г. Дэмид, Д. Лувсаншаравтар болды. 1937–1939 жылдар аралығында 26000 адам репрессияға ұшырап, 25000 адам өлім жазасына кесілген еді. 1937 жылы 10 қыркүйекте арнайы комиссия құрылып, 1939 жылдың 22 сəуіріне дейін 51 рет өткен отырыста 25824 іс қаралып, 20474 адамды өлім жазасына кесті. Сонымен қатар 5103 адамды 10 жылға, ал 240 адамды 10 жылдан аз мерзімге соттап, бас бостандығынан айырды. Алғашқылардың бірі болып қазақтардан аудан, сұмын əкімдері М. Тұрды, Оразбек қажы, Ж.Ташкен, Ч.Бақат бастаған барлығы 15 адамды тұтқындаған. Толық емес ақпаратқа сүйенсек, 1937–1938 жылы 3270 қазақ жалған жаламен атылған деген дерек бар. Демек, сол кездегі Моңғолиядағы 23299 қазақтың 7,6 % құрайды. Тұлбадан 62, Бұлғын, Құжырты, Дэлүүннен 1928–1956 жылдары ұсталған 413, Қобда аймағынан 70 адамның аты жөні белгілі. Ботқара руының биі Барламұлы Ақтышқан өзі 4 ұлымен, Ботақара-Нұра Бөбейғали 4 ұлымен атылып, бүтіндей екі отбасы геноцидтің құрбаны болды. Ұлан-Батыр қаласында қазақ тілінде жарық көрген «Нəубет құрбандары» атты кітапта 1938–1950 жылдар аралығында атылған немесе жалған айып тағылған 1250-ге жуық моңғолиялық қазақтардың аты-жөні жарияланды. Дэлүүннен ұсталғандардың ішінде Е.Майтақ, Ə.Мағзай, Ə.Дəмбіл, Б.Құмар, Б.Қаби (молқы руы); М.Мағади, Ж.Мұқаметқали, Ж.Иманбай, Ж.Иманғұл, Ж.Иманбет, К.Смағұл, А.Хамит, Қ.Тілеубай, Б.Түсіпжан, Т.Мəмəли сияқты найман руының 10 азаматы; Болатұлы Нəжітпан, Нəжітпанұлы Бұқар, Шабақ, Ережеп, Ниязбекұлы Құнапия, Жəнепия, Манақұлы Оразбек қатарлы молқы руының игі жақсылары; Т.Мəмəли, Қ.Мыңғыт, М.Мамырхан, Б.Үйсіпбек, Ү.Уəли, Б.Өсер, О.Құнапия, Қ.Бəдəуи, Б.Сəлдебай, Б.Екібас, Б.Əміре, М.Есімбек, М.Жүнісбек, Қ.Дудан, С.Ұлатай, Ы.Бақат, Ы.Жиғанбай, М.Жүніс, Қ.Қайырбек, Қ.Əрен, Қ.Қайдар, Б.Əлхан ботақара руының азаматтары; М.Бұлғынбай, Т.Əдепбай, М.Жəкула, С.Келес, Т.Зəкерия, З.Мүкей, Б.Құдаш, А.Құсайын, Р.Қазанбай, Т.Құрайыш, Ж.Құмар, Т. Ақылхан қарақас руының белсенді азаматтары көптеп ұсталды. Бұл адамдардың қудалануға себеп болған жағдайлар: біріншіден «Алтайға қашуды жоспарлады, ірі феодал, қашқын, жаназа шығарған молда» деген жалған ақпаратпен ұйымдастырылды. Тек 1937 жылдың тамызы мен 1938 жылдың қаңтары аралығында 10 728 адам қамауға алынды, оның ішінде 7814 лама, 322 бұрынғы феодал, 300 мемлекеттік қызметкер, 180 əскери басшылар, 3270 қазақ, 1555 буряттар жəне 408 қытайлар болды. Оның 7171 тергеуге алынып, 6311 атылды.

Ұлы нəубаттың, яғни 1940–1955 жж. арнайы комиссияның құрылуы саяси репрессияның екінші кезеңінің басталуына негіз болды. Бұл комиссияның басты міндеті — қылмыс куəгерлерін жою жəне жан түршігерлік қан төгушілерге қарсы бағытталған тарихи шындықтан аулақ болуды көздеді. «Порт-Артур ісі» деген желеумен 1939 жылы 78 адамды, 1940 жылы 42 адамды жəне 1941 жылы 86 адамды өлім жазасына кесті, олардың көп бөлігінің өмірі Кеңес Одағында шешілді [3, 56].

1922–1939 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі — мемлекет жəне оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза — ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тəркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тəрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.

1940–1955 жылдары қуғын-сүргін жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған кезеңді қамтыған еді. Арнайы комиссияның құрылуы саяси репрессияның екінші кезеңінің басталуына негіз болды. Бұл комиссияның басты міндеті — қылмыс куəгерлерін жою жəне жан түршігерлік қан төгушілерге қарсы бағытталған тарихи шындықтан аулақ болуды көздеді. «Порт-Артур ісі» деген желеумен 1939 жылы 78 адамды, 1940 жылы 42 адамды жəне 1941 жылы 86 адамды өлім жазасына кесіп, олардың тағдыры Кеңес Одағында шешілді. Екінші кезең Моңғолиядағы қазақтар үшін жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болды. Онда бірнеше факторлар, əсіресе, Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт азаттық күресі, Оспан батырдың саяси сахнаға шығуы, Моңғолияның мен сан қырлы қарым-қатынасы, елдің батысында геосаяси ахуалдың күрделенуі, қазақтарды шет елмен байланысы бар деген жалған жала мен қазақтарды ұстап жоюға бағытталған саясат негізгі рөл атқарды.

Оспан батыр, Ақыт қажымен байланыста болған адамдар көптеп зардап шекті. Əсіресе, Қытай- Моңғолия шекарасындағы Баян-Өлгий аймағының Хужирт аймағындағы тұрғын қазақтар орны толмас қасіретке ұшырап, өлшеусіз жапа шекті. Алпыстан астам отбасы ауа көшіп Алтайдың күн бетіне асса, 81 отбасы Баяннуур аймағына күшпен жер аударылды. Жалған айыппен көптеген адамдар атылып, ұзақ жылдарға түрмеге тоғытылды. 1946 жылғы «Қарабаланың қылмысы» деген атпен Бұлғында əдейі жүргізілген саясаттың салдарынан бір топ ауыл Дэлүүнге қарай жер аударылған. С. Қарабала 1949 жылы 2 шілде күні 49 жасында МТК-ның сот мəжілісінен ату жазасына кесілген. «С. Қарабала 1917 жылы Қазақстанның Семей қаласы, Үржар ауданында туған. Өмірінің көбі Шығыс Түркістанда өткен. 1944 жылы 27 ақпанда моңғол шекарашыларының қолына түсіп, Қобда қаласында сегіз ай тергеуде жатқан. Осы жылдың қазан айында Ұлан-Батыр қаласына жөнелтіліп, қатаң бақылауға алынған. 1951 жылы 7 сəуір күні тұтқындалып, 29 маусымда арнайы комиссияның № 2 бұйрығымен ату жазасына бұйырылған. 1991 жылы 6 желтоқсанда Жоғары сот əкімшілік кеңесінің 184-ші кепілдемесімен ақталған» деп жазылған. Бұл 1950 жылдары да қазақтарға қарсы репрессия жалғасқанына дəлел болады [1, 115].

1956–1990 жылдары болған саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі моңғол зиялыларының жаңа буынының ұлт мүддесін қалпына келтіру үшін ұлтшылдығын əлсіретуге бағытталған. Бұл кезең Моңғолиядағы саяси репрессиялар алдымен терроризм арқылы жүзеге асырылды, бірақ келесі жылдары ол біртіндеп партиялық басқару, жазалау, жала жабу, идеологиялық қудалау, лақап аттар жəне депортация түрінде өтті. 1960 жылдардан бастап Баян-Өлгий аймағы қазақтарын Төв, Хэнтий, Сэлэнгэ, Дорнод т.б. алыс аймақтарға депортациялау олардың өміріне ауыр соғып, тілі мен ділінен ажырай бастады. Бұл жолы ол құқық қорғау, сот жəне прокуратура органдарының қатысуымен жүзеге асырылды. Репрессияның бұл кезеңі тура қазақтарға бағытталып, тіл, рухани, заттық мəдениетін жойып, геноцид жасауға бағытталып, социалистік жүйеде бірге бола тұрып, Қазақстан мен Моңғолиядағы қазақтар арасындағы қарым-қатынасына балта шабуға қадам жасалынды. Оған МХРП-ның ОК-ның саяси бюросының 1976 жылғы «Интернационалдық тəрбиені пəрмендендіру туралы» № 149 қаулысы, орталықтан жіберілген шовинист, асыра сілтеуші Л.Хүрлээнің іс-əрекеті дəлел бола алады. Осыдан қазақтар рухани зардап шегіп, ондаған зиялылар қуғындалды. Бұл саясатқа қазақтардың қарсы болуымен бірге Д.Қонаевтың араласуы арқасында толық іске асырылмады [3, 81].

Бұл елдегі саяси репрессия белгілі бір сыртқы жəне ішкі факторларға тура байланысты болды. 1930 жылдардың басынан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Моңғолияға қатысты саясаты жандана түсті. Сол кезде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті жанынан Моңғолия комиссиясы құрылды. Олар Моңғолия мəселесін үнемі талқылап, қаулылар шығарды. Мысалы, 1930–1939 жылдары Моңғолия мəселесін 168 рет талқылады. Моңғолия басшылығына Жапон əскері басып кіру қаупін төндіреді деп, жапондық тыңшылар Моңғолияға, əсіресе ғибадатханаларға еніп жатыр деген жалған ақпаратпен сендірді. Сталин Моңғолия басшыларын көп санды моңғол ламаларын қуғын-сүргінге ұшыратуға жəне ғибадатханаларды жоюға шақырды. 1937 жылдың күзінде КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары Фриновский мен Қорғаныс министрінің орынбасары Смирнов Моңғолияға келгенде контрреволюциялық жəне жапондық тыңшылар деп аталатын тізімді əкелді. Мыңдаған адамдар партия, мəдениет, қоғам, əскери, ламалар мен қарапайым халық зардап шекті. Тұтқындау кезінде ондаған кеңес кеңесшілері мен тергеушілері Монғолияның ішкі істер министрлігінде жұмыс істеді жəне іс жүзінде олар тұтқындалғандарға тергеуді ұйымдастырды.

Саяси қуғын-сүргінге ықпал еткен көптеген ішкі факторларда болды. Сол кезде Моңғолияның Ішкі істер министрлігінде биліктің шамадан тыс орталықтандырылуы тергеу мен тергеу кезінде азаптауды ерікті қолдануға əкелді. Мұны заңдастыру үшін арнайы комиссия күдіктіні оның өміріне ауыр зиян келтірмей азаптауға санкция беретін шешім шығарды. Нəтижесінде, Ішкі істер министрлігінің шенеуніктері заңды түрде азаптауды қолдануға құқылы болды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің анықтаулары мен тергеуі толығымен прокурордың бақылауынан тыс қалды. Ол кезде 50 000 ішкі барлау агенттері болған. Тағы бір фактор, істі сот емес «Арнайы комиссия» деп аталатын комиссия шешімі болды. Арнайы комиссия айыпталушылардың істерін қараған жоқ жəне оларға тізім бойынша үкім шығарды. Сонымен қатар, айыпталушылар арнайы комиссияның шешіміне шағымдануға құқылы емес еді. Бұл елдің сыртқы жағдайы күннен-күнге шиеленісіп, ішкі ұрыс-керіс күшейіп тұрған кез еді. 1935 жылдың ақпанынан бастап Жапонияның шекарада арандатушылық жасауы, ол кезде жапондық барлау Моңғолияда бар деп айтуға толық негіз болды.

1990 жылдардың басында репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, 1998 жылы 2 қаңтарда жалған саяси істердің құрбандары ресми түрде ақталды [1, 167].

Этностық жəне діни тегі басқа миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің езгісіне түсіп, жалған жаламен сотталып, туған жерлерінен күшпен жер аударылып, түрмелерде жазықсыз атылды, көз жұмды. Біздің аяусыз қасірет шеккен азаматтарымызды есте сақтау қасиетті парызымыз.

1922–1990 жылдардағы аяусыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі — мемлекет жəне оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптау болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Осы кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады.

Қорытынды

Кеңестік тарихтағы ауыр қасіретті оқиғалар, соның ішінде Моңғолия қазақтарының тарихындағы 1922–1990 жылдардағы жаппай саяси репрессияның алар орыны ерекше. Сонау 1920 жылдары орныққан мемлекеттік репрессивты машина бұл кезеңде тоқтаусыз жəне белсенді жұмыс жасайтын механизмге айналды.

Қорыта айтқанда, 1922–1990 жылдардағы жаппай репрессиялау шаралары мен салдарының заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде бұрмалануы, заңсыздықтың белең алғаны бүгінгі күнде белгілі болып отыр. Бүгінгі таңда ақиқаттты қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып, жаңа деректермен, тың мəліметтермен көрсетілуде. Қалай дегенмен де, қазақ тарихындағы бұл қасіретке бейжай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын емес пе?! Ащы тарихымызды білмеу — тəуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дəуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сəт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

Əдебиеттер тізімі

  1. Қинаятұлы З. Жылаған жылдар шежіресі / З. Қинаятұлы. — Алматы: 1995.
  2. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы / И. Қабышұлы. — Баян-Өлгий: 1980.
  3. Сұрған Р. Құжырты құрбандары / Р. Сұрған. — Баян-Өлгий: 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.