Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ибн Синаның логикалық ілімі және силлогизміндегі кейбір ерекшеліктер

Грек философиясы ортағасыр ойшылдарының, әсіресе мұсылман-араб ойшылдарының назарында болғаны мәлім. Әсіресе Платон мен Аристотель ілімі көбірек қызықтырды. Халифаттағы ғылым өзге халықтар мұрасын, соның ішінде ежелгі грек мұрасын араб тілінен аударумен айналысты. Сол ғылымдар ішінде әлбетте логика ілімі де бар болатын. Ол, яғни логика рационалисттік методикаға деген қажеттілікті қанағаттандыра отырып, араб мәдениетінің әртүрлі салаларында қолданылды. Мұсылмандық ғылымдарда көбіне рационалды ойлаудың бір құралы болды: оны лингвисттер, философтар, дінмарлар, ислам құқықтанушылары қолданған болатын. Кейбір ғалымдар логиканы жасырын түрде қолданды, себебі ислам апологеттері тарапынан сынға ұшырауға қорықты. Жалпы араб-мұсылман логикасының тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде антикалық мұраны араб тіліне аударды. Екінші кезеңде байсалды логикалық зерттеулер пайда болды. Ол Әл- Фарабиден бастау алып Ибн Синамен тоқталады. Әрі қарай үшінші кезең мен төртінші кезең бар. Бұл кезеңдерге тоқталмаймыз. Аталмыш екінші кезеңде жасалған логикалық зерттеулер өзге де ғылымдар дамуына зор үлес қосты. Логика ілімін мұсылмандық өмір шыңдығына жақындастыру мақсатында жасалған қадам логика ғылымын жаңартып жіберді. Логика іліміне өз еңбектерімен жаңа серпіліс берген ол әлбетте ойшыл, ғалым Ибн Сина. Мақалада осы тұлғаның логика жүйесі, силлогистикасы жайында жазылған. Яғни Ибн Сина мен Аристотельдің логикалық жүйелеріндегі кейбір тұстарды салыстыра отыра, Шейх ур Райстың өзгешелік жақтары баса көрсетілген. Сондай-ақ Ибн Сина силлогистикасындағы шартты-біріктіруші мен шартты ажыратушы силлогизмдер түріне жеке тоқталынған. Себебі академик Диноршоев пайымынша Ибн Синаға дейін бұл силлогизм түрін ешкім соншалықты тыңғылықты дәрежеде зерделемеген.

Кіріспе

Классикалық ислам зиялыларының ішінде ренессансты энциклопедизм түріне жататын, өзіндік өзгеше орны бар тұлға, ол Ибн Сина (980–1037). Фальсафаның (элленисттік ислам философиясы) ірі өкілі. Зерттеушілер Ибн Синаның араб тілінде жазылған 400-ге жуық және фарси тіліндегі 20-ның шамасындағы ғылыми еңбектерінің болғанын растайды. Ол монотоисттік ревелятивизмді антикалық- философиялық дәстүрмен біріктірді. Ал бұл синтез кейіннен иудаизм (Моисей Маймонид) және батыс еуропа христиан (Ф.Аквинский) ойшылдарына серпіліс әсерін берді.

Сонымен бірге ұлы философ Ибн Сина ұлы дәрігер болғаны да мәлім. Оның «Медицина ғылымдарының канонының» латын тіліндегі аудармасы Еуропа дәрігерлерінің үстел кітабы ретінде XVII ғ. дейін болған. Ал физика саласында оның «зорлықшыл ұмтылыс» (насильственное стремление) концепциясы Жан Буриданның «импетус» (impetus) жайлы іліміне негіз салды.

Аристотельдік дәстүр тарихында басты кезең Ибн Синаның аш-Шифа (Исцеление) кітабы болып табылады. Ол кітаптың ерекше танымалдылығы ол бір философ қаламынан шыққан көлемі жағынан ең үлкен туынды. Бұл аталмыш энциклопедияда Аристотельдің ғылыми-философиялық мұрасы алғаш рет жүйеге келтіріліп жазылған. [1; 13]. Зерттеушілер пайымынша дәл осы жүйелеу арқасында латындық батыста аристотелизм жетістік шыңына шықты. Сол кездегі барлық ғылыми пәндер енген жүйелеу шегінде табиғаттағы бүткіл үш патшалығы — минералдар, өсімдіктер, жануарлар біртұтастыққа біріктірілді.

Жалпы бұл мақалада Ибн Сина логикасына және ондағы силлогизмдерге талдау жасалынды. Яғни оның өзгешеліктері мен ерекшеліктері сараланды. Ибн Синаның силлогизм теориясындағы

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: madina_star90@mail.ru (М.Қ. Жақан) силлогистиканың мәнін талдамас бұрын силлогизм ұғымы жайлы, оның пішіндері мен заманауи формалды логикадағы ережелері жайында жазып кеткен өте орынды болады.

Силлогизм дегеніміз ол пайымдау түрі. Аталмыш пайымдау түрінде әдетте екі алғышарт, олар байланыстырушы субъекттер (бастауыш) және предикаттар (баяндауыштар) ортақ (орта) терминмен байланысқан. Яғни қорытындыда ұғымдардың тұйықталуын қамтамасыз ететін пайым. Дәстүрлі формальды логикада силлогизм деп дедуктивті ой түйіндемені айтады. Бұл дегеніміз алғашқыдан белгілі пайымдардан (алғышарттар) үшінші жаңа пайым, қорытынды шыққанды айтады. Сонымен қатар «силлогизм» термині одан да кең мағынасында қолданылады – шартты және шартты- категориялық ой түйіндемелерде, бөлісу-категориялық ой-түйіндемелері мен шартты-бөлісу (лемматикалық) ой түйіндемелерінде [2; 33].

Зерттеудің әдіснамасы

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі шетелдік ғалымдардың практикалық және әдістемелік жұмыстарына негізделген. Мақалада қолданылған негізгі әдістер философиялық тұрғыдағы жүйелік құрылымдық, тарихи-логикалық, салыстырмалы талдаулар. Сонымен қатар мақала тақырыбына қатысты біршама бірегей жұмыстар қолданылды. Зерттеу Ибн Сина логикасы мен силлогистикасының негізгі аспектілері шеңберінде жүргізілген.

Ибн Сина логикасының өзгешелігі

Жалпы Ибн Синаның логикасы оның «Сауығу кітабы» («Китаб аш Шифа»), «Құтқару кітабы» («Китаб ан-Наджод»), «Білім кітабы» («Даниш намэ»), «Нұсқаулық және сілтеме кітабы» («Китаб ишорат ва танбе хот») атты еңбектерінде мазмұндалған.

Логика Ибн Сина пікірі бойынша танымсыз әдістер мен түсіну әдістерінің доктринасы. Яғни олар жалпыға танымал және ақиқат жайлы сұрақтарға негізделген. Логика ол да ғылым себебі ол заңды (легальды) құрал, оның қолданылуы адамды қатеден, ойындағы қатесінен сақтап қалуға көмектеседі. Ибн Синаның философиялық жүйесінде логика орталық элемент болып табылса, ал оның логикасының маңызды бөлігі ол силлогизм жайындағы ілім болып табылады. Силлогизм, әсіресе дәлелдемелік түрі, ғалым бойынша шынайы білім дәлелдемесін алудың маңызды жолы болып табылады. Сондықтан ол «Сауығу» еңбегінде осы ойлау формасына жағдайлық талдау жасай отыра, оның мәнін, түрлерін, модустерін, танымдық мәнін өзге дәлелдеу формаларының айырмашылығын анықтайды. Соның ішінде индукция мен аналогияның.

Ибн Сина өз энциклопедиясын ғылымдарды жіктеуден бастайды. Тіптен бұған жеке «Рационалды ғылымдар топтамасы» атты трактат арнаған болатын. Шей ур Райс перипатетикалық дәстүрге сүйене отыра, білімнің барлық салаларын «ғылымдар ғылымы» деп аталатын философия астарында шоғырлатты. Аристотельмен салыстырар болсақ, Аристотельде ғылымдар алдымен ғылымдардың мақсатына қарай үш үлкен топқа бөлінеді. Біріншісі «теориялық/ ой толғаныс», оның пәні білім (физика, математика, метафизика). Екіншісі «тәжірибелік» (этика, политика) адам іс- әрекетін реттеуге бағытталған. Үшіншісі «шығармашылық/өнімді» бір нәрсені жасауға бағытталған (өнер, қолөнер, қолданбалы ғылымдар). Ал Ибн Синада үшінші топ фактілі түрде жойылады, яғни бұл топтағы риторика мен поэтиканы логика құрамына енгізеді, ал қолданбалы ғылымдарды, өнерді және қолөнерді теориялық философияның «қайталама» бөліміне жатқызады. Ибн Сина бойынша философияның теориялық бөлігінің мақсаты ол ақиқатқа жету (хакк), ал тәжірибеліктің мүддесі — игілікке жету (хайр) [3; 28].

Логиканың философия ғылымдарына қатыстылығы жайында сұраққа жауап беру үшін Ибн Сина заттардың мәнін (махиййа) үш қырлы қарастыруға болатынына аса көңіл бөледі. Ойшыл логиканы тек гректер кітабынан ғана емес, сондай-ақ өзге деректерден де оқып таныған. Осы ретте ойшыл былай деп жазады: «Бізге келер болсақ, философияның бастапқы сабақтары, яғни ізашарлар мазмұндағаны оңай болды. Ғылымдар бізге тек гректерден ғана келген еместігі әбден мүмкін. Біз ғылыммен айналысқан шақта жастық шақ еді және бұл мезетте негізін салушылар қалдырған мұраны зерделеу сияқты құдайылық сәттілік көмектесті. Кейін біз гректер мұраға қалдырған «логика» ғылымын тыңғылықты зерделедік, салыстырдық. Бұл ғылым шығыс халықтарында басқаша аталуы мүмкін деген оймен салыстыруға келетіндермен де, келмейтіндермен де салыстырып, әрбір заттың себебін іздей келе, нәтижесінде ақиқаттың ақиқат, жалғанның жалған екені айқындалды» [4; 56]. Бұл Ибн Синаның жазған сөзіне ойшылдың ақырғы еңбектерінде гректер мұрасына сыни қарағандығы жайлы көрсетіп тұр. Соның ішінде Аристотельдің логикалық жүйесіне сыни қарады. Яғни грек ойшылдарының мұсылмандық ізбасарларына олардың кемшіліктері мен оқылықтарын көрсеткісі келді. Сол көрсету арқылы ислам фәлсафасын гректік сыннан тыс, шексіз әсерінен босатқысы келді. [5; 13].

Ибн Сина Аристотельге еліктеуші ғана емес деген пікір мұсылман ойшылдарына ғана тән емес. Бұндай ой көптеген батыс, ресейлік зерттеушілерде бар. Мәселен кеңестік зерттеуші Б.Э. Быховский былай жазады: «Ибн Сина көзқарастары Аристотель көзқарастарына жақын болғанымен, ол перипатетиктік философияны қайта жасаушысы болған емес. Ибн Сина шығармашыл түрде әзірлейді, яғни аристотелизмді қайталамайды. Керісінше оның көптеген ұсынымдарын тереңдетіп, өзгертеді. «Сілтеме кітабының» логика бөлімін оқығанда бұған көзін жетеді. Әрбір қарастырылып отырған сауалды Ибн Сина өздігінен шешіп, Аристотельдің «Аналитикада» берілген мағлұматтар мен пайымдардан мүлдем алшақтайды да, өзінің түсіндірмесін береді» [6; 78].

Ибн Синаның пікірі бойынша логика бұл жалпыға белгілі және ақиқат жайлы сұрақтарға негізделген белгісіз әдістер мен түсіну әдістерінің доктринасы. Логика — ол да ғылым, себебі ол заңды құрал және оның қолданысы арқылы адамды қателіктерден, ойдағы қателіктерден қорғайды. Логика Ибн Синаның философиялық жүйесінің орталық элементі. Бұл ғылыми танымның әдісі, яғни ғылым жолын таңдағандар ақиқат білім алу үшін әдістерге бар болуы шарт. Логика Ибн Сина үшін шынайы қорытынды білім алу жолындағы әдіс-тәсілдер ілімі болып табылады. Яғни ол білімдер қалыптасқан білімдер негізінде пайымдау барысында алынады. Бұған анықтама берудің мына бөлігі сәйкес келеді: логика адам ақылындағы ұғымдардан адам белгісі келетін ұғымдарға өтудің тәсілдерін зерттейтін ғылым. «Данышнаме» еңбегінде Ибн Сина ұғым мен пайымды білімнің екі түрі ретінде қарастырады. Пайымдар идеялардан, яғни ақыл-ой түрлерінен (маани) жасалады [7; 112].

Ибн Сина өз еңбектерінде ойлаудың әртүрлі логикалық түрлерін талдауда бірінші ұғым мәселесін қарастырудан бастайды. Себебі ойшылдың пікірінше оқу барысында біз алдымен ұғымдарды қажетсінеміз. Өйткені ұғым адам ойлауының бастапқы формасы, яғни ол заттардың жалпы, жалқы ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетеді.

Алғашқыда силлогизм теориясын (силлогистика) Аристотель құраған болатын. Ол силлогизмнің басты қағидасын да қалыптастырды: «Біреуі өзгесі туралы бастауыш сияқты айтылса, онда баяндауышы туралы да бастауыш жайлы болады». Аристотель жүйесі формальды логиканың қалыптасуына берік ірге болды. Сонымен қатар тек бірінші логикалық теория ғана болған жоқ, ғылым тарихындағы ең алғашқы теориялардың бірі болды. Аристотель ілімі, әсіресе оның силлогистикасы Ибн Синаның дүниетанымына үлкен әсерін тигізді.

«Силлогизм дегеніміз ол пайым, бұл пайым қабылданған қағидалар еріксіз өзге бір қағиданы тудырады. Оған мысал: «әрбір дене пішінге ие, ал пішінге иелердің барлығы жаратылған». Бұл пайымдау силлогизм болады. Себебі егер жоғарыда айтылған пайымдар қабылданса, онда еріксіз келесі қағида туындайды: «әрбір дене жаратылған». Сондай силлогизмнің екі түрі болады: біріктіруші (иктирани), жоққа шығарушы (истиснаи) [8; 541].

Ибн Сина сенген кез келген негіздемелер арқылы жасай ала бермейсің. Сол себепті ол бірнеше заңдылықтарды әзірлеген болатын:

  • екі жоққа шығарар негіздемеден силлогизм туындамайды;
  • екі жеке негіздемеден силлогизм құрылмайды;
  • егер кіші негіздеме жоққа шығарушы болса, ал үлкен негіздеме — жалпы болса силлогизм құрылмайды;
  • егер негіздеменің бірі — жоққа шығарушы болса, онда қорытындыда жоққа шығарушы болады;

Ибн Сина өзінің логикалық еңбектерінде біріктіруші категориялық пайымдаманың тек осы үш пішінін талдайды.

Бірінші пішін (фигура). Біріктіруші категориялық силлогизмнің ортаңғы термині кіші негіздеменің предикаты, ал үлкен негіздеменің субъектісі болады. Біріктіруші категориялық силлогизмдер екі шартты қанағаттандырулары керек:

  • олардың кіші негіздемесі болымды болуы шарт;
  • олардың үлкен негіздемесі ортақ болуы шарт.

Осы ережелерге сәйкес Ибн Сина бірінші пішіннің 4 модусын ажыратады:

І. AAA

Әрбір В ол А мәні

Әрбір С ол В мәні

Әрбір А ол С мәні

II. EAE

Ешбір В ол С мәні емес

Әрбір А ол В мәні

Ешбір А ол С мәні емес

ІІІ. A I I

Әрбір В ол С мәні Кейбір А ол В мәні Кейбір А ол С мәні

IV. E I O

Ешбір С ол В мәні емес

Кейбір В ол А мәні

Кейбір А ол С мәні емес

Екінші пішін. Біріктіруші категорияның силлогизмінің екінші пішіндегі ортаңғы термині әрбір негіздеменің предикаты болып табылады. Екінші пішіндегі силлогизмдер шынайылығының шарты Ибн Сина бойынша ол негіздемелердің бірі болымды, бірі жоққа шығарушы болуы шарт. Қайткен жағдайда да үлкен негіздеме жалпы болуы керек. Сол себепті екінші пішіндегі силлогизмдер 4 модусқа ие. Екінші пішін модустарының символикалық жазбасы мынадай:

І. E A E

Ешбір С ол В мәні емес

Әрбір А ол В мәні

Ешбір А ол С мәні емес

A E E

Әрбір С ол В мәні

Ешбір А ол В мәні емес

Ешбір А ол С мәні емес

ІІІ. E I O

Ешбір С ол В мәні емес

Кейбір А ол В мәні

Кейбір А ол С мәні емес

IV. A O O

Әрбір С ол В мәні Кейбір А ол В мәні емес Кейбір А ол С мәні емес

Үшінші пішін. Ортаңғы термин екі негіздемеде де субъект болады. Аталмыш пішін силлогизмдерінің шарты ол кіші негіздеме міндетті түрде болымды, ал негіздеменің бірі (қайсы болса да) – жалпы болуы шарт. Осы шарттарға сай бұл пішін силлогизмдері 6 модустан тұрады:

І. AA I

Әрбір В ол А мәні

Әрбір B ол C мәні

Әрбір А ол С мәні

II. IAI

Ешбір В ол С мәні Әрбір B ол A мәні Кейбір А ол С

ІІІ. E A O

Ешбір В ол С мәні емес

Әрбір В ол С мәні

Кейбір А ол С мәні емес

IV. O A O

Кейбір В ол С мәні емес

Әрбір В ол А мәні

Кейбір А ол С мәні

V. E I O

Ешбір В ол А мәні емес

Кейбір В ол С мәні

Кейбір А ол С мәні емес

VI. A I I

Әрбір В ол С мәні Кейбір В ол А мәні

Кейбір А ол С

Ибн Сина өзінің логикалық ілімін мазмұндауын анықтамадан бастайды. Анықтаманы талқылау Ибн Синаның логикалық ілімінде маңызды рөл атқарады. Себебі бүткіл логика ойшыл. Ол бойынша екі бөлікке бөлінеді: анықтама және ой қорытынды. Ойшыл анықтаманың екі түрін ажыратады: Хадд және Расм. Хадд араб тілінен аударғанда шек, шекара деген мағынаға ие, бұл сөздің астарында Ибн Сина анықталынып жатқанның нақты анықтамасын меңзейді. Екінші анықтама ол Расм, ол арабша бейне деген мағына береді. Оның астарында Ибн Сина зат сипатының толық емес анықтамасын түсінеді. Ибн Сина ұсынған Хадд және Расм араб терминдері араб тілді дәстүр логикасындағы анықтаманы анықтау мәселесінде жаңа ұғымдар болып табылады. Аристотельдің анықтамасымен салыстырар болсақ, бірінші ұстазда анықтама постулат та емес, болжам да емес. Ал Ибн Сина анықтаманы ой қорытындымен бірге ұстайды, яғни пайымдау негізі болып табылады. Бірінші қағидаға жатпайтынды ажырату үшін Ибн Сина тіптен өзге концепция сипаттауды ойлап табады. Ойшыл анықтаманы тек заттың негізгі қасиеттерін анықтау үшін ғана қолданбайды, сонымен қатар заттардың мәнін, яғни заттардың бар болу себептілігін тану үшін қолданады. Тағы да бір айтып кетер жайт ол Аристотель анықтаманың барлық түрлеріне бір құрылым тәсілін береді. Ал Ибн Сина әрбір анықтамаға — жеке тәсілді берген. Аристотельдің анықтама мәселесі онтологиялық сарынға ие және анықталып жатқанның бар болуына қатысты жүзеге асады. Ал Ибн Синада екі анықтамада гносеологиялық сипатқа ие және анықталып жатқанның онтологиялық негіздеріне қатысты емес [9; 158].

Ибн Сина силлогистикасындағы шартты-біріктіруші және шартты ажыратушы силлогизмдер

Тәжік философы, академик М.Д. Диноршоевтың айтуынша Авиценнаға дейінгі логиктер Аристотель, Әл-Фараби, стоиктер шартты–біріктіруші силлогизмдерді тыңғылықты зерттеген жоқ. Шартты-біріктіруші силлогизмдерді тыңғылықты зерттеген Ибн Синаның логика дамуына қосқан үлкен үлесі болып табылады. Оның көзқарасы бойынша шартты-біріктіруші силлогизмде бір немесе екі негіздемесі шартты пайымдау болады. Шартты–біріктіруші силлогизмдер қасиетіне қарай 6 түрлі болады:

  • қабысқан шартты–біріктіруші силлогизм;
  • қабысқан шартты–ажыратпалы силлогизм;
  • қабысқан шартты–біріктіруші баяндауышты (предикативті) силлогизм;
  • шартты–біріктіруші баяндауышты (предикативті) силлогизм;
  • біріктіруші–ажыратушы шартты силлогизм;
  • ажыратпалы–біріктіруші шартты силлогизм.

Ойшылдың пікірінше, қабысқан шартты силлогизм — ол екі шартты–біріктіруші пайымнан тұратын пікір. Біріктіруші шартты силлогизмдердің пайымдамалары, оның ішінде шартты- біріктіруші силлогизмдердің де пайымдамасы антецеденттен (мукадуам) және консеквентпен құралады. Олар предикативті пайымдамаларда субъект пен предикат қызметін атқарады. Біріктіруші шартты силлогизм, біріктіруші категориялық силлогизм сияқты үш пішінге (фигураға) ие:

Бірінші пішін (фигура): бұнда ортаңғы термин орнын кіші негіздемеде шартты пайымдаманың антецеденті алады, ал үлкен негіздемеде шартты пайымдаманың консеквенті алады. Бұл пішін (фигура) екі біріктіруші негіздемелерден құралады. Және де қорытынды жасайтын жағдайлар категориялық силлогизмдердің бірінші фигурасындағыдай. Аталмыш пішінде 4 дұрыс модустар бар:

Бірінші модус екі жалпы болымдылық шартты–біріктіруші пайымдамадан жасалады:

А ол В болғанда, онда С ол Д С ол Д болғанда, онда Е ол F А ол В болғанда, онда Е ол F болады

Екінші модус екі ортақ негіздемеден, яғни үлкені болымсыз болатын негіздемеден құралады:

А ол В болғанда, онда С ол Д Егер С ол Д болса, онда Е ол F емес Егер А ол В болса, онда Е ол F емес

Үшінші модус кіші негіздемесі жалқы (жеке) болатын екі болымды негіздемеден жасалады:

Егер кейбір А ол В болса, С онда Д болады

Егер әрбір С ол Д, онда Е ол F

Егер кейбір А ол В, онда Е ол F

Төртінші модус кіші жалқы болымды және үлкен жалпы болымсыз негіздемелерден құралады:

Егер кейбір А ол В болса, С онда Д Егер С ол Д, онда Е ешқашан F емес Егер А ол В болса, онда Е ол F емес

Ибн Сина осы шартты–біріктіруші силлогизмнің бірінші пішінін жетілген силлогизм деп атайды.

Екінші пішін (фигура): Бұл пішін ерекшелігі ортаңғы термин орнын екі негіздеме де шартты пайымдаманың консеквенті алады. Бұл пішінде екі болымды, екі жалқы және екі болымсыз негіздемелерден қорытынды шығарылмайды. Бұл пішінде де төрт дұрыс модус бар:

Бірінші модус үлкен негіздемесі болымсыз болатын екі жалпы негіздемеден жасалады:

Егер А ол В, онда С ол Д

Егер Е ол F, онда С ешқашан Д емес

Егер А ол В, онда Е ешқашан F емес

Екінші модус кіші негіздемесі болымсыз болатын екі жалпы негіздемеден жасалады:

Егер А ол В, онда С ешқашан Д емес

Е ол F болғанда, онда С ол Д

Егер А ол В, онда Е ол F емес

Үшінші модус жалқы болымды кіші негіздемеден және жалпы болымсыз үлкен негіздемеден құралады:

Егер кейбір А ол В, онда С ол Д

Егер Е ол F, онда С ешқашан Д емес

А ол В болғанда, онда Е ол F болмайды

Төртінші модус кіші жалқы болымсыз негіздемеден және үлкен жалпы болымды негіздемеден құралады:

Егер А ол В, онда С ол Д емес

Егер Е ол F, онда С ол Д

Егер А ол В, онда Е ол F емес

Үшінші пішін (фигура): ортаңғы термин орны оның екі негіздемесінде де шартты пайымдаманың антецедентін алады. Мұндағы қорытынды жағдайы бойынша үшінші пішінде категориялық силлогизмдер және оған ұқсас алты модус бар.

Бірінші модус екі болымды негіздемеден жасалады:

С ол Д болғанда, онда Е ол F С ол Д болғанда, онда А ол В Егер Е ол F, онда А ол В

Екінші модус үлкен негіздемесі болымсыз болатын екі жалпы негіздемеден құралады:

С ол Д болғанда, онда Е ол F

Егер С ол Д, онда А ешқашан В емес

Е ол F болғанда, онда А ешқашан В емес

Үшінші модус кіші негіздемесі жалқы болатын екі болымды негіздемеден жасалады:

Егер кейбір С ол Д, онда Е ол F C ол Д болғанда, онда А ол В Егер кейбір Е ол F, онда А ол В

Төртінші модус үлкен негіздемесі жалқы болатын екі болымды негіздемеден тұратын модус:

С ол Д болғанда, онда Е ол F Егер кейбір С ол Д, онда А ол В Егер кейбір Е ол F, онда А ол В

Бесінші модус кіші жалпы болымды және үлкен жалқы болымсыз негіздемелерден құралады:

С ол Д болғанда, онда Е ол F

С ол Д болғанда, онда А ол В емес

Е ол F болғанда, онда А ол В емес

Алтыншы модус кіші жалқы болымды және үлкен жалпы болымсыз негіздемелерден жасалады:

Егер кейбір С ол Д, онда Е ол F

С ол Д болғанда, онда А ешқашан В емес

Е ол F болғанда, онда А ол В емес [10; 233]

Қорытынды

Тарихи дәйектілік бойынша ежелгі гректер философтары мен логиктерінің зерделенуі, шынайы жетілуі біріншіден тек араб тілді шығыста болды десек қателеспеспіз. Соның ішінде Ибн Сина еңбектері бұған айқын дәлел. Жасалынған талдау нәтижесінде, мынадай қорытынды жасауға болады: Ибн Сина неоплатониктер сынды логикаға екі мәнділік тиесілі деп санады. Ол бір жағынан органон яғни ғылыми танымның методологиясы болса, енді екінші жағынан философияның ажырамас бөлігі болып табылады. Сол себептен ойшыл логиканы екі жоспарда қарастырды: жалпы және жалқы тұстарынан.

Ибн Сина логиканы жалпы жағынан қарастыра отыра, логиканы философияның бөлігі ретінде қарастырды. Яғни табиғатты зерттеу мен адамзат ақыл-болмысының өзгеше түрлерін зерделеуге арналған. Бұл сөйлеу, жазба таңбалары, ұғымдар, пайымдар, силлогизмдер, өзге де категориялар түрінде көрініс табады. Жалпы жоспарға сай Ибн Синаның логикалық жүйесі формальды логикадан басқа риториканы, диалектиканы, поэтиканы, софистиканы қамтиды. Ал жалқы жоспар бойынша Ибн логикасы білімдердің органоны ретінде, яғни ғылыми танымның әдіснамасы ретінде қарастырды.

Осы ретте айта кететін жайт, «Аристотель еңбектерінде логиканың жалпы түсінігі деген ұғым да, жіктеме де кездеспейді», – деп қорытынды жасайды Ф.Б. Худойдодов өзінің «Развитие силлогистики Аристотеля в логическом учении Ибн Сины». Егер «логика» астарында Аристотель танылған зат арқылы танылмағанды танудың ойлау құрамдары деп түсінді. Ал риторика, диалектика, поэтика астарында ол ойлау өнерінің ерекше түрлерін түсінеді.

Сонымен Ибн Синаның логикалық жүйесін талдаудың нәтижесінде ол аристотельдік логиканың реформаторы және кодификаторы деген қорытынды жасаймыз. Себебі екі ойшылда, Аристотель де, Ибн Сина да қандай да бір силлогизм екі немесе одан көп пайымдамадан тұрады деп айтқан. Алайда Аристотельдің силлогизм теориясы ол қарапайым категориялық пайымдамадан тұратын силлогистика теориясы. Бұндай жіктеме, заманауи логика көзқарасы бойынша толық емес болып есептеледі. Силлогизмнің авиценалық жіктемесі ол Аристотель силлогизмдерін оқып, оған түзетулер мен толықтырулар енгізгенін аңғарамыз. Ибн Сина іліміндегі силлогизм жайындағы көптеген қағидалар қазіргі силлогизм теориясына сай келеді. Сонымен қатар Ибн Сина Аристотельмен салыстырғанда шартты силлогизмдерді қарастырды. Бұл шартты силлогизмдерді Авиценнаға дейін тыңғылықты ешкім зерделеген жоқ. Ибн Синаның шартты силлогизмдерді тыңғылықты зерттеуі, әлбетте логика дамуына қосқан зор үлесі болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Ибрагим Т.К. Мусульманская философия фальсафа / Т.К. Ибрагим, Н.В. Ефремова. — Казань, 2009. — 670 c.
  2. Смирнов А.В. Исламская философия и философское исламоведение: перспективы развития / А.В. Смирнов. — М., 2012. — 144 c.
  3. Диноршоев М.Д. Компендиум философии Ибн Сины / М.Д. Диноршоев. — Душанбе, 2010. — 297 c.
  4. Сагадеев А.В. Ибн Сина / А.В. Сагадеев. — М., 1980. — 239 c.
  5. Фролова Е.А. История арабо-мусульманской философии / Е.А. Фролова. — М., 2006. — 200 c.
  6. Болтаев М.Н. Абу Али Ибн Сина / М.Н. Болтаев. — М., 2002. — 401 c.
  7. Ибн Сина. Избранные философские произведения /Ибн Сина. — М., 1980. — 554 c.
  8. Абу Али Ибн Сина. Сочинения. — Т. 7 / Абу Али Ибн Сина. — Душанбе, 2019. — 729 c.
  9. Худойдодов Ф.Б. Развитие силлогистики Аристотеля в логическом учении Ибн Сины / Ф.Б. Худойдодов. — Душанбе, 2019. — 307 с.
  10. Бартольд В.В. Работы по истории ислама и Арабского халифата / В.В. Бартольд. — М., 2002. — 775 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.