Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлытау өңіріндегі Жошы Ұлысы уақытының жерлеу ескерткішіндегі зерттеу жұмыстары

Ұлытау өңірінде Жошы Ұлысы уақытына тиесілі материалдық мәдениетті айшықтайтын қала, қоныс, кесене мен жерлеу орындары көптеп кездеседі. Осы қатардағы тарихи мұралардың бірі жерлеу ескерткіштері. Мақаланың зерттеу нысаны болып отырған Жошы хан кешеніннің аумағында орналасқан қоршау түріндегі жерлеу орны. Сонымен қатар осы ескерткішке қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының тың нәтижелері берілген. Археологиялық қазба барысында анықталған жерлеу орнының сыртқы құрылысы мен жерлеу дәстүрі бойынша салыстырмалы зерттеу әдістері арқылы мәдени атрибуциясы айқындалды. Табылған монета бойынша нумизимтикалық сараптама жасалып, басылған теңге сарайы мен айналымға енгізілген мерзімі анықталды. Сонымен қоса жерленген адамның қаңқа сүйегі бойынша антропологиялық сипаттамасы жасалып, 20–25 жас шамасындағы әйел адам болғандығы белгілі болды. Радиокөміртектік әдіс арқылы өмір сүрген уақыты нақтыланып, XIV ғ. ортасына жататын ескерткіштер қатарына жатқызылды. Антропологиялық белгілерінде ешқандай патологиялық ерекшеліктердің болмауына және киімімен бірге салтанатты түрдегі жерлеу салтына қарай әлеуметтік мәртебесі жоғары тұлға болуы ықтимал деген пайымдау жасалды. Жерлеу дәстүрінің ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті халықтың рухани құндылықтары мен тұрмыстық салт-жоралғыларына қатысты көзқарастар айтылды. Атап айтқанда қоршау түріндегі жерлеу ескерткіштерінің қалыптасқан уақыты, XIV ғ. ортасы мен XV ғ. аралығында адамды жерлеу дәстүріндегі мұсылмандық белгілердің басымдық ала бастауы және жергілікті халықтың тәңірлік наным-сеніммен сабақтас ескі дәстүрдің сақталуына байланысты негіздемелер жасалды.

Кіріспе

Әлем тарихында үлкен өзгерістер орын алған ХІІІ ғасырда саяси оқиғалардың алаңы болған тарихи мекеннің бірі Дешті Қыпшақ даласы. Ертістен Жайыққа дейін, оңтүстік Сібірден Сырдың төменгі ағысына дейінгі жерді қамтиытын бұл аумақ Шыңғысхан ұрпақтары билік жүргізген Жошы Ұлысының иелігіне кірді [1; 78]. Тарихи деректерде Алтын Орда деген атаумен қалған мемлекеттің саяси-мәдени орталықтарының бірі Ұлытау өңірі. Тарихи кезеңге қатысты материалдық мәдениет пен рухани құндылықтарды айшықтайтын мәдени мұра нысандары көптеп кездеседі. Осы қатардағы тарихи мұралардың бірі ― жерлеу ескерткіштері. Мұндай жекелеген ескерткіш түрлері мен оған тиесілі материалдық байлықты жан-жақты зерттеу, қисынды түрде тәпсірлеу арқылы өңірдің немесе тұтас бір географиялық аумақтың тарихи келбетін қалпына келтіруге мүмкіндіктер ашылады. Сондай-ақ кешенді ғылыми жұмыстары үшін деректік қор қалыптасады. Жаратылыстану ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, пәнаралық байланыстар арқылы ескерткіштің нақты тарихи мерзімін анықтауға және зерттеудің ғылыми құндылығын арттыруға мол мүмкіндіктер ашылды.

Ұлытау даласының ортағасырлық жерлеу ескерткіштері жайлы сөз қозғағанда күйдірілмеген саз кірпіштен тұрғызылған қоршау түріндегі жерлеу орындарын ерекше атауға болады. Бұл санаттағы ескерткіштер осы өңірден жиі кездесетіндігіне қарамастан зерттеу жасалған нысандар өте аз. Оның негізгі себебі ХХ ғ. қоғамдағы саяси-идеологиялық шектеулерге байланысты болса, екінші жағынан құрылыс материалдарының табиғи жағдайлар салдарынан тез ескеріп, қирап, топырақ үйіндіге айналып қалғандығынан сыртқы көрінісіне қарап дәл анықтап алудың да өзіндік қиындықтары бар. Кездейсоқ табылған немесе кешенді жұмыстар барысында қосымша ақпараттар алу мақсатында зерттелген ескерткіштер жайында ғана қысқаша деректер белгілі. Қазақстанның далалық өңірлерінде

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: syrymesenov@gmail.com саз кірпіштен мола тұрғызу үрдісінің бастауы мен алғышарттарын анықтау мәселелері ашық күйінде қалып отыр. Сонымен қатар жерлеу дәстүрі мен қосымша кездесетін жәдігерлерге байланысты мұсылмандық немесе одан тыс ескілікті дәстүр ретінде екіге бөліп қарастыру көзқарастары қалыптасқан [2; 95]. Алайда аталған екі бөлек дәстүрдің қосарлана жүретін белгілері мен оның себептері, жергілікті халықтың мұсылмандықты қабылдағанға дейінгі рухани құндылықтар жүйесі мен оның мән-мазмұнын археологиялық материалдар негізінде зерделеу мәселелері ғылымдағы ақтаңдақтардың бірі.

Соңғы 3–4 жыл көлемінде Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтілді, Жошы Ұлысының тарихы мен мәдениетін зерттеу, насихаттау жұмыстары қолға алынып, мемелекеттік деңгейде шаралар ұйымдастыру ісі қарқын ала бастады. Осындай игі бастамалардың бірі ― Жошы хан кешеніндегі жерлеу орындарының бірінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары. Аталған зерттеу Қарағанды облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Тарихи- мәдени мұраларды қорғау орталығы» мекемесінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылған.

Методология және зерттеу әдістері

Зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырып методологиялық тұрғыдан бірнеше ауқымды мәселенің шешімін табуға мүмкіндіктер береді. Біріншіден ортағасырлық жерлеу ескерткіштерінің заттай деректері негізінде материалдық мәдениеттің сипаты мен нақты тарихи кезеңін айқындау, екіншіден белгілі бір уақыттағы тұрмыстық салт-жоралғылар мен идеологиялық ахуалды бағамдауға болады. Аталған зерттеу жалпы ғылыми қағидаларға сүйене отырып, тарихи және салыстырмалы талдау негіздерін басшылыққа алады. Нәтижесінде археологиялық зерттеу әдістері мен архитектуралық ерекшеліктеріне сүйене отырып, ескерткіштің тарихи-мәдени атрибуциясы мен кезеңі анықталды. Сонымен қатар бірқатар пәнаралық зерттеу әдістерін қолдану арқылы тың мәліметтерге қол жетті. Жерлеу орнынан табылған адамның сүйек үлгілері бойынша антропологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасалса, радиокөміртектік талдаулар арқылы өмір сүрген жасы нақтыланды.

Археологиялық деректердің сипаттамасы

2020 жылғы археологиялық қазба жұмыстары Жошы хан кесенесінен солтүстік-шығысқа қарай 900 метр жерде орналасқан (географиялық координаттары 48°09′49.0″ ШБ 67°49′19.1″ СЕ) аласа төбенің үстіндегі жерлеу орнында жүргізілді. Төбенің үстінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле орналасқан бірнеше жерлеу орнының белгілері байқалады. Жерлеу орындары шағын топырақ үйіндісе ретінде ғана сақталған (1-сурет). Диаметрі 6 м., биіктігі 30–35 см болатын дөңгелек пішінді шағын үйінділердің біріне көлемі 7×7 м қазба салынды.

1-сурет. Зерттелген нысанның қазбаға дейінгі көрінісі

Нысанның беткі шым қабатын тазарту барысында күйдірілген кірпіштің сынықтары, қатты күйген кірпіш пен қож кесектері кездесті. Қазбаны одан әрі жалғастыру кезінде 10 см тереңдіктен бастап саз кірпіштен өрілген, жобасы тік төртбұрыш келген құрылыс қалдығы ашыла бастады. Ашылған құрылыстың көлемі 5×5 м, қабырғаларының қалыңдығы 70 см, сақталған биіктігі 20 см құрайды. Құрылысқа пайдаланылған саз кірпіштердің өлшемі 43,5×21×13 см және тек ең төменгі 1–2 қатар қаландысы ғана сақталған. Бұрыштары әлемнің төрт тарапына бағытталған. Құрылыстың есігі (ені 87 см) солтүстік-батыс қабырғасының тең ортасында орналасқан (2-сурет).

2-сурет. Қазба барысында ашылған құрылыс

Құрылыстың ішін тереңдетіп тазарту барысында, солтүстік бұрышқа жақын жерден ұзындығы 2,4 м, ені 1,2 м қабір шұңқырының ізі байқала бастады. Осы шұңқырды аршу барысында 0,46 м тереңдікте орташа көлемдері 25×25×5 см келетін күйдірілген кірпіш үйіндісі кездесті. Қабірдің үстін жабу үшін арнайы қойылған кірпіштердің ретсіз шашылып жатқанына қарағанда шұңқырдың бұрын ашылғандығын немесе тоналғандығын аңғаруға болады. Одан әрі тазарту барысында 0,8 см тереңдікте қабір шұңқырының ішкі жағын сылаған қалыңдығы 10 см болатын сазды сылақтары мен оның астынан ағаш табыттың қалдықтары ашылды. Ағаш табыт қатты бұзылған, жоғарғы бөліктері әбден шіріген тек астыңғы аз ғана бөліктері сақталған. Шұңқырдан 0,9 м тереңдікте басы солтүстік- батысқа бағытталған жерленген адамның сүйектері аршылды (3-сурет). Адам аяқ-қолдары созылып, қос білегі жамбасының үстіне қойылып, шалқасынан жатқызылған. Адамның оң аяғының тізесінен төмен сүйекке жабысқан былғарының қалдықтары байқалды. Органикалық қалдық қатты шіріп, күлге айналып кеткендіктен сақтап қалу немесе қандайда бір зертханалық талдау жасау мүмкін болмады.

3-сурет. Жерлеу орнының сызба жобасы мен кесіндісі

Қазба алаңын тазарту кезінде, қоршаудың ішінен, оңтүстік-батыс бұрышқа жақын аумақтан, табиғи жердің деңгейінде жатқан мыс монета табылды (4-сурет). Монетаның сақталуы өте жақсы, бетіне түскен таңбалары мен бедерлі өрнектері анық оқылады. Тазартылғаннан кейінгі көлемі 2,4×2,4 мм, салмағы 3,41 гр. болды. Монета бойынша Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к., нумизмат П. Петровпен бірлесе отырып, салыстырмалы зерттеу қорытындылары жасалды. Монета 785 (1383) жылы айналымға енген. Самарқандтың теңге сарайында соғылып, Әмір Темірдің таңбасы басылған [3; 132]. Бетіндегі бедерлерінің жақсы

сақталуына қарағанда қолданыста ұзақ болмаған. Сондықтан монета соғылған уақытынан бастап 10– 15 жыл шамасында ғана пайдаланылған деп қорытынды жасауға болады. Олай болса тиынның қолданыс аясынан шығуы немесе археологиялық жәдігер ретіндегі тарихы XIV ғ. соңғы жылдарына сәйкес келеді.

4-сурет. Қазба барысында табылған мыс монета

Зертханалық талдау нәтижелері

Жерлеу шұңқырынан алынған адамның сүйектері бойынша антропологиялық сараптама Уфа қаласында (Ресей) орналасқан РҒА Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері А. Нечвалода тарапынан жасалды.

Өкінішке қарай адамның негізгі антропологиялық белгілерін айқындайтын бас сүйегі толық сақталмаған. Қабірдің үстіне үйілген ауыр топырақтың салмағынан және кейінгі уақыттардағы тонаушылық әрекеттердің салдарынан басының кей бөліктері (оң жақ самай, желке, үстіңгі жақ және астыңғы жақтың жартысы) сынып, үгітіліп кеткен. Зерттеу барысында бас сүйекті толығымен құрастыру мүмкін болмаса да, нейрокраниумның негізгі бөлігі қалпына келтірілді (5, 6 — суреттер).

5-сурет. Қалпына келтірілген бас сүйек: алдынан және сол жақ қырынан қарағанда.
Фотоны түсірген А. Нечвалода.

6-сурет. Астыңғы жақ сүйек. Фотоны түсірген А. Нечвалода.

Қалпына келтіруден кейін бас сүйек өлшенбеді. Тістердің тозуы / сырылуы және эктокран жіктеріне қарай (Lovejoy, 1985 бойынша) бас сүйек шамамен 20–25 жас аралығындағы жас әйел адамға тиесілі. Мұндағы 22 жас төменгі 3-азу тістің шығуына байланысты шамалап беріліп отырған уақыт.

Қаңқа сүйектерінің сақталуы мен ерекшеліктеріне қарағанда ешқандай потологиялық белгілері байқалмайды (1-кесте), өлшемдері қалыпты (2-кесте). Қаңқа сүйектері толық болғанымен бұғана, шынтақ, жамбас және қабырға сүйектерінің кемік бастары шіріп, үгіле бастаған. Антропологиялықбелгілерінде ешқандай патологиялық ерекшеліктердің болмауына қарағанда физиологиялық ауыртпалықтар көрмеген әлеуметтік мәртебесі жоғары тұлға болуы ықтимал.

1 -кесте

Қаңқа сүйектерінің сақталу көрсеткіші 

Сүйек атаулары

Сақталуы мен ерекшеліктері

Омыртқалар

мойын — 7, кеуде — 12, бел — 5.

Бұғана

екеуі де бар, ерекшеліктері жоқ (е/ж)

Жауырын

екеуі де бар, е/ж

Тоқпан жілік

екеуі де бар, сынған, е/ж

Шынтақ сүйек

екеуі де бар, сол жағы сынған, е/ж

Шыбық сүйек

екеуі де бар, сынған, е/ж

Қабырғалар

барлығы бар, е/ж

Төс

біткен

Жамбас

екеуі де бар, морт сынған, кемік бастары нашар сақталған

Сегізкөз

біткен

Құйымшақ

Ортан жілік

екеуі де бар, е/ж

Тізе қапшығы

екеуі де бар, е/ж

Жіліншік

екеуі де бар, е/ж

Садақ сүйек

екеуі де бар, е/ж

Алақан сүйектері

барлығы бар, е/ж

Табан сүйектері

барлығы бар, е/ж

2-кесте

Посткраниалды қаңқа сүйектерінің өлшемдері (белгілердің реттік саны Мартин, 1928 бойынша) ♀

Белгілері

Оң жағы

Сол жағы

Шынтақ сүйек

1.Барлық ұзындығы

239

3. Ең жіңішке жері

34

11. Алдыңғы-артқы диаметрі

10

12. Көлденең диаметрі

13

13. Диафиздің жоғарғы көлденең диаметрі

10

14. Диафиздің жоғарғы сагитальді диаметрі

21

Бұғана

1. Барлық ұзындығы

6. Диафиздің ортасындағы жуандығы

Ортан жілік

1. Барлық ұзындығы

414

415

2. Табиғи қалпындағы ұзындығы

371

378

21. Эпифиздың төменгі ені

79

78

6. Диафиздің ортасындағы сагитальді диаметрі

25

25

7. Диафиз ортасының көлденең диаметрі

23

23

9. Диафиздің жоғарғы жағының көлденең диаметрі

27.

23

10. Диафиздің жоғарғы сагиталды диаметрі

23

26

8. Диафиздің ортасындағы жуандығы

78

77

Жіліншік сүйектері

1. Толық ұзындығы

320

314

2. Айдаршық ұзындығы

312

317

1а. Барлық ұзындығы

   

5. Жоғарғы эпифиздің ең үлкен ені

70

73

6. Төменгі эпифиздің ең үлкен ені

48

45

8. Диафиздің ортасындағы сагитальді диаметрі

27

27

9. Диафиз ортасының көлденең диаметрі

21

21

8а. Диафиздің ортасындағы сагитальді диаметрі foramen nutricia деңгейінде

27

27

9a. Диафиз ортасының көлденең диаметрі foramen nutricia деңгейінде

21

21

10. Диафиза жуандығы

78

78

Сегізкөз

2. Алдыңғы түзу ұзындығы

100

5. Алдыңғы түзу ені

103

1. Доғал ені

105

Сонымен остеометриялық көрсеткіштер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндіктер береді. Посткраниалды қаңқа сүйектері жас әйелге тиесілі. Ұзын сүйектердегі барлық өсу аймақтары бітіп болған. Оң жіліншіктің ұзындығы алты формула бойынша (3-кесте) есептегенде әйел денесінің неме- се бойының ұзындығы 156,5 см (М. Троттер — Г. Глезер формуласы бойынша) және 157,34 см (С. Дупертей — Д. Хедден формуласы) болды. Алты формула бойынша орташа көрсеткіш — 155,96 см, яғни қалыпты әйелдер үшін орташа немесе орташадан төменірек болып шықты.

3-кесте

Оң жақ ортан жіліктің ұзындығы бойынша адамның дене (бой) өлшемі ♀

Сүйек

Ортан жілік

Сүйектің ұзындығы (мм)

414

Троттер и Глезер

156.5

Алексеев

Найнис

155.0

Тельккя

156.0

Мануврие

154.95

Дюпертеи и Хедден

157.34

Лорке, Мюнцер и Вальтер

Денесінің (бойының) орташа ұзындығы

155.96

Зерттеу нысанының абсолюттік жасын анықтау жұмыстары

Литва Республикасының Вильнюс қаласындағы Физика ғылымдары және технологиялар орталығының зертханасында жерленген адамның тіс сүйегі арқылы радиокөміртегілік әдіспен нақты жасын анықтау мақсатында сараптама жүргізілді (4-кесте).

4-кесте

14С талдау нәтижелері

Зертханалық коды

14С BP

Калибрленген мерзімі (Сигма 1 / 68,3 %)

Калибрленген мерзімі (Сигма 2 / 95,4 %)

FTMC-RY88–3

619±26BP

1303 (30.7 %) 1327 calAD

1350 (20.4 %) 1368 calAD

1380 (17.1 %) 1395 calAD

1299 (95.4 %) 1399 calAD

Талдау нәтижелері бойынша жерлеу орнындағы адамның сүйек сынамалары негізіндегі мерзімдеу уақыты XIV ғасырдың ортасына жатады. Бұның өзі жерлеу орнының құрылыс ерекшеліктері, жерлеу дәстүрі және табылған монета бойынша анықталған уақытпен сәйкес келеді.

Талқылау

Архитектуралық ерекшеліктері мен жерлеу дәстүрі. Қазақ даласындағы ортағасырлық жерлеу ескерткіштері жайында құнды пікір жазып қалдырған зерттеушілердің бірі Ш.Ш. Уәлиханов өз жазбаларында далалық аймақтардағы кесенелер мен молаларды сипаттай отырып, олардың орналасу жағдайына, құрылысына, сыртқы өрнектеріне ерекше көңіл аударады. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, молалар әрқашанда биік жерлерге, керуен немесе көш жолдарының бойына, өзен, көлдердің маңына салынады. Бұл өтіп бара жатқан жолаушының аруаққа арнап арнайы дұға қылу мақсатында жасалады. Қабір үстіне салынған көне ескерткіштер үлкен қалыпта, әр түрлі үлгідегі материалды қолдана отырып, әсем күмбездерді және ою-өрнекті безендірулеріне қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Өтіп бара жатқан саяхатшы бұл ғимараттарды білімді халықтың шығармасы екендігін өз жазбаларына түртіп қояды [4; 193].

Қазба барысында ашылған жерлеу орны мен сыртқы қоршауының архитектуралық ерекшеліктері және құрылыс заттары XIV-XV ғасырларда кең таралған Жошы Ұлысы заманының ескерткіштеріне тән. Құрылысы ұқсас келетін ескерткіш нысандары дәл осы аумақта жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында анықталған. Ә.Х. Марғұланның жетекшілігімен Жошы хан кесенесінің жанындағы екі жерлеу орны мен Ұлытау ауданының қазіргі Қаракеңгір ауылы маңында орналасқан тағы бір жерлеу орнында қазба жүргізілген. Құрылыстары бір-біріне өте ұқсас, жобасы тік төртбұрышты болып келген, есіктері оңтүстік-батыс жағында, қабір шұңқырының басы солтүстік- батысқа қараған және табыт іспетті тақта кірпіштермен жабылған. Еденіне тегіс етіп кірпіш төселген. Жерлеу орнынан айтарлықтай заттай деректер табылмаған. Барлық ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеушілер мұсылман дәстүрмен жерленген Дешті Қыпшақ (XIII-XV ғғ.) заманына тиесілі ескерткіш деген қорытындыға келген [5; 144]. 1949 жылы Нұра өзенінің бойынан, Қарағанды қаласына жақын жердегі Жартас ауылының маңындағы XІV ғасырға жататын қорымға [6; 248] және 1961 жылы Шідерті өзенінің бойындағы Екібастұз қаласының маңындағы Тасмола ІV қорымында қазба жұмыстары жүрген [7; 42]. Бұл ескерткіштерден жерленген адамның басын солтүстік-батысқа қарата қоюы және ағаш табытқа салып жерлеу дәстүрі сияқты байланыстарды байқауға болады. Осы типтегі құрылыстар VIII-IX ғасырлардағы Ертіс өзені алқабындағы қимақтардың жерлеу дәстүрінде жиі кездеседі [8; 181]. Бұл үрдіс кейінірек батысқа қарай қыпшақтардың арасында кең таралған [9; 130].

ХІV—ХV ғасырларға жататын, құрылысы саз кірпіштен тұрғызылған бірқатар жерлеу орындарын Ертіс өзенінің орта ағысына жақын аумақтардан кездестіруге болады. Олардың қатарында Әулиекөл қорымындағы 7 обаның [10; 119], Қаратоғай (2011 жылға дейін Комарицино деп аталған) ауылы маңындағы жерлеу орны [11; 124] және Шідерті қорымындағы 2 обаның [12; 160] құрылыс ерекшеліктері зерттеу нысаны болып отырған ескерткішке жақын келеді.

2010 жылы Ұлытау ауданындағы археологиялық зерттеулер барысында Қаракеңгір өзенінің бойында орналасқан Хан Ордасы қалашығының маңындағы екі жерлеу орны зерттеліп, XIII-XV ғасырларға тиесілі екендігі айтылған [13; 10–13]. Ашылған кесенелердің жобасы, құрылыс материалдары мен олардың өлшемдерінде және жерлеу дәстүрінде зерттеу нысаны болып отырған ескерткішпен тікелей ұқсастықтары бар.

Осы сипаттағы ескерткіштердің бірі Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзенінің бойында орналасқан «Нұраталды-2» қорымы. Құрылыстарының көлемдері 5×5 м және 5,8×4,7 м, сақталған биіктігі 0,6 м, тік төртбұрышты келген, шикі саз кірпіштен өрілген, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағыттала орналасқан екі жерлеу орны анықталған. Зерттеу қорытындыларына сәйкес XIII-XIV ғғ. жататын дәстүрлі ерекшеліктері бар мұсылмандық жерлеу ескерткіштерінің бірі ретінде сипатталған [14; 218].

Зерттеу нысанына аумақтық тұрғыдан жақын орналасқан ескерткіштердің бірі ретінде Есіл өзені бойындағы Бозоқ қалашығының қорымынан табылған жерлеу орындарын атауға болады. Ескерткіш аумағынан 70 астам жерлеу орны анықталып, олардың бірқатарында қазба жүргізілген. Негізгі нысандар күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған қоршау түріндегі (көлемдері 4,5×3,7 ден 7,5×5,3 м дейін) жерлеу орындары. Құрылыс қалдықтары мен жерлеу дәстүріне, табылған жәдігерлеріне қарай отырып, XIII ғ. мен XIV ғ. басындағы мұсылмандық жерлеу ескерткіштері деген қорытынды жасалған [2; 95].

Күйдірілмеген саз кірпіштен жерлеу орындарына арналған қоршау тұрғызудың нақты қай уақыттан бастау алғандығы жөнінде ғылыми көзқарастар әртүрлі. Қалыптасқан түсінік бойынша мұндай құрылыстар белгілі бір аймақта қалалық мәдениеттің қалыптасуымен қатар жүретін құбылыстар ретінде белгілі. Бұл типтегі ескерткіштер Қазақстанның батыс өңірлері мен Еділ бойындағы алтынордалық қалалардың маңында орналасқан қорымдарда жиі кездеседі. Тік төртбұрышты саз кірпіштен тұрғызылған жерлеу орындарын ерекше үлгідегі құрылыс нысандары (VІІ үлгі) ретінде бөліп қарастырған зерттеушілердің бірі Г.А. Федоров-Давыдов болды. Бұл үрдістің қалыптасуын алтынордалық кезеңдегі (XIII ғ. екінші жартысы мен XIV ғ.) мұсылмандық жерлеу дәстүрінің келуімен байланыстырады. Зерттеуші мұндай қорытындыны жерлеу дәстүріндегі қосымша заттардың болмайтындығын негізге ала отырып шығарады [9; 131]. Осы ұстанымдағы зерттеушілер қатарындағы В.А. Иванов пен В.А Кригердің қорытындысына сәйкес XIV ғ. екінші жартысынан бастап Оңтүстік Орал өңірінде мұсылмандықтың келуімен қатар жергілікті тұрғындардың жерлеу дәстүрінде ақымдап жерлеу, кірпіштен өрілген қоршау түрлері сияқты жаңа элементтер пайда бола бастаған [15; 86]. М.В. Аляев мұндай құрылыстардың географиялық аумақтарға қарай түрленіп отыратындығын басты назарға алады және қоршаулардың исламдық мәдениетпен ешқандай қатысы жоқ, ол көшпелілерден жеткен ұлттық дәстүрінің ерекшеліктері ретінде бағамдайды [16; 55–56]. Қазақстанның батыс аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, көшпелілердің жерлеу құрылысында XV ғ. бастап исламдық идеологияның келуімен өзгерістердің орын алғандығын аңғаруға болады. Алайда жергілікті халықтың наным-түсініктеріне негізделген ескі салт-жоралғылармен сіңісіп, жаңа да күрделі мәдени дәстүр ерекшеліктері қалыптасқан [17; 207].

Зерттеушілердің көпшілігі саз кірпіштен тұрғызылған қоршауларды архитектуралық құрылыстан гөрі жерлеу дәстүрі ретінде қарастырады. Еділ бойындағы ескерткіштерге зерттеу жүргізген А.И. Ракушин алғашқылардың бірі болып қоршауларды топтарға бөлген. Оның ішінде шеңбер және тік төртбұрышты үлгілерін ажыратып, өзара жекелеген түрлерге бөле отырып, олардың шығу тарихын көшпелілер арасында ислам дінінің таралуымен байланыстырған [18; 170–173].

Зерттеушінің бұл пікірін терістеп, қоршаулар Алтын Орданың отырықшы халқының жерлеу ескерткіштері деген пікірді ұстанушылар да бар [19; 225]. Ескерткіштерді топқа бөлуде анағұрлым кеңірек талдау жасаған Э.Д. Зиливинская жерлеу орындарының жалпы жобасы бойынша шеңбер, шаршы және тік төртбұрышты деп, ал қоршаулардың қабырғасы бойынша шеңбер, сегіз қырлы (немесе көп қырлы), шаршы, тікбұрышты үлгілерін анықтап, олардың ішінде өзара бірнеше түрге бөлінетін айырмашылықтары бар екендігін атап көрсеткен [20; 182].

Жерлеу орындарының архитектурасы жөнінде терең зерттеу жүргізген этнограф ғалымдардың бірі ― С. Әжіғали аталған ескерткіш түрлерінің тарихы ерте кезеңдерден басталып, этнографиялық уақытқа (XIХ-ХХ ғғ.) дейін жалғасатынын айта келіп, «төртқұлақ» үлгісіндегі құрылыстармен сабақтастырады. Сонымен қоса құрылысына ерекше атау беріп, бұрыштарын әлемнің төрт тарапына бағыттай орналастырудың мән-мағынасын кеңістікке бойлау, өмір мен өлім, аруаққа құрмет сияқты архаикалық түсініктермен байланыстырады [21; 280–283].

Жоғарыда айтылған әртарапты пікірлердің қайсы болсын өзіндік ғылыми негіздемесі барын мойындауға болады. Алайда көшпелі өмір салтына бейімделген далалық өңірді мекендеген тұрғындардың саз кірпіштен мола тұрғызуын этникалық дәстүрімен байланыстыра отырып қарастырған зерттеушілер пікірінің қисыны жоғары деп санаймыз. Себебі бұл үрдіс ерте кезеңдерден бастау алып, уақыт пен өндірістік жетістіктердің нәтижесінде өзгеріп отырған. Далалық өңірлерде саз кірпішті жерлеу құрылысына пайдалану қыштан кесене тұрғызу дәстүрімен қатарлас дамыды деп пайымдауға болады. Сондай-ақ жерлеу орнына қойылған адамның әлеуметтік мәртебесіне, қоғамдық беделіне, материалдық байлығына да байланысы барын ескерген жөн. Зерттеу нысаны болып отырған жерлеу орны сол заманның жаңа үлгідегі құрылыс материалдарынан тұрғызылған, әлеуметтік мәртебесі жоғары әйел адамның құрметіне арналған ескерткіштердің жарқын үлгісі.

Жоғарыда аталған Жартас, Тасмола ІV, Әулиекөл сынды жерлеу орындарынан монеталардың кездесуі [22; 167] мен зерттеу нысанын да монетаның табылуын салыстырмалы түрдегі атрибуттық белгілердің ұқсастығы деп қарастыруға болады. Жалпы Ұлытау және оған іргелес Сарыарқаның өзге де аумақтарда Жошы Ұлысы заманына тиесілі жерлеу орындарынан монеталардың кездескен мысалдары аз емес. Ескерткіштің нақты жасын анықтауға мүмкіндік беретін жәдігер ретіндегі құндылығы жоғары. Алайда бұл дәстүрдің нақты қандай таным-түсініктерге байланысты жасалатындығын немесе аумақтық, этникалық ерекшеліктерін айқындайтын деректер өте аз. Мәселен Дж.Г. Фрэзердің өмірден қайтқан адамның қабіріне қандай да бір тағамдарды қою салтының өзгерген түрі, яғни адамның о дүниеде азық сатып алуы үшін аузына немесе уысына тиын салу әдетінің қалыптасқандығы жайлы пікірі қисынға қонымды [23; 19–20]. Ал қазақ қоғамында әлі күнге дейін кей өңірлерде көпшілік әулие тұтатын тұлғалардың бейіті немесе кесенелеріне арнайы сандық, қорапшалар қойылып, зиярат етушілердің өз қалтасынан ақша салып, тәбірік ретінде басқасын алып кететін жоралғылар сақталған. Бұны да дәстүр сабақтастығының үзілмей келе жатқан сипаты ретінде бағамдауға болады.

Жерлеу салтындағы мүрдені қабірге орналастыру, басын құбылаға бағыттау ерекшеліктері мұсылмандық белгілерін айшықтайтын болса, мыс монетаның кездесуі мен адамды киімімен қоса жерлеуі жергілікті халықтың дәстүрлі наным-түсінігімен ұштасып жатқан синкретті бейнесі.

Қорытынды

Ұлытау өңіріндегі саз кірпіштен тұрғызылған ортағасырлық жерлеу орындары санатындағы зерттелген ескерткіштер саны аз болғанымен өзіндік салт-жоралғысы, архитектуралық құрылымы бар, арнайы ғылыми-зерттеулерге негіз болатын кешен ретінде қарастыруға болады. XIII-XIV ғғ. аралығында қоғамда орын алған саяси, идеологиялық өзгерістердің тұрмыстық сипатын айшықтайтын мұндай материалдық құндылықтарды жүйелі түрде зерттеуді жетілдіре түсудің ғылыми маңызы жоғары.

Тарихи-мәдени салыстырулар мен зертханалық талдау қорытындылардың нәтижесіне сәйкес Жошы хан кешеніндегі жерлеу орыны XIV ғ. орта тұсындағы Жошы Ұлысы заманына тиесілі ескерткіш ретінде қарастыруға толық негіз бар. Осы уақытқа жататын Ұлытау өңірі мен оған жақын аумақтарда зерттеу нысанына іліккен бірқатар ескерткіштер бойынша архитектуралық ерекшеліктері мен жерлеу дәстүрінде ұқсастықтар мен сабақтастықтың бар екендігі байқалады. Адамның басын солтүстік-батысқа қарата, басын оң иығына қарай бұрып, қос білегін кіндіктен төмен айқастыра қойып жерлеу ишараларын мұсылмандық дәстүрдің сипаты деп қарастырылды. Алайда адамның аяқ сүйектеріне жабысқан органикалық қалдықтардың болуы және мыс монетаның кездесуі мұсылмандық емес немесе жергілікті халықтың көп тәңірлік ұстанымдарының атрибуттық белгісі деп пайымдауға болады. Антропологиялық белгілерінде ешқандай патологиялық ерекшеліктердің болмауы және киімімен бірге салтанатты түрде жерленуі, әлеуметтік мәртебесі жоғары тұлға болғандығын айғақтайды. Көшпелілердің тұрмыстық салтында жас әйелге жоғары құрмет көрсету оның жоғары әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдық беделіне тікелей байланысты жүретін құбылыстар.

Сонымен XIII—XIV ғасырлардағы Сарыарқа даласының көшпелі халқы саяси, мәдени үрдістерді басынан кешіре отырып, қоғамдық өзгерістерге түскенін аңғарамыз. Әсіресе тұрмыстық салт-жоралғыларында қарқынды өзгерістер байқалады. Рухани құндылықтар жүйесінде мұсылмандық сенім мен дәстүрлер дендеп ене бастаған. Бұл үрдіс жоғарыда айтылған жерлеу орындарындағы ғұрыптық өзгерістерден айқын көрініс береді. Жерлеу құрылыстарындағы ислам мәдениетінің архитектуралық нышандардың берік орныға бастауын және жерлеу дәстүрінде қосымша жабдықтар санының азаюын ереше атап айтуға болады.

Әдебиеттер тізімі

  1. Рашид ад-Дин. Джами ат-таварих: Сб. летописей. — Кн. 2. — Т. 1. / Рашид ад-Дин. — М., 1960.  253 с.
  2. Хабдулина М.К. Раннемусульманские погребения некрополя городища Бозок / М.К. Хабдулина // Диалог городской и степной культур на Евразийском пространстве. Историческая география Золотой Орды: материалы Седьмой междунар. конф., посвящ. памяти Г.А. Фёдорова-Давыдова; под ред. С.Г. Бочарова и А.Г. Ситдикова. — Казань; Ялта; Кишинёв, 2016. — С. 94–96.
  3. Петров П.Н. Монетные находки в погребениях XIV в. На территории Сарыарка (Центральный Казахстан) / П.Н. Петров, А.Е. Касеналин, Т.Н. Смагулов, С.Г. Есен // Stratum plus — 2021. — № 6. — С. 127–138.
  4. Валиханов Ч.Ч. О киргиз-кайсацких могилах (молах) и древностях вообще / Ч.Ч. Валиханов // Собрание сочинений : [В 5-и т.]. — Т.1.  Алма-Ата: Гл. ред. Казах. сов. энцикл., 1984. — 432 с.
  5. Маргулан А.Х. Археологические разведки в Центральном Казахстане (1946 год). / А.Х. Маргулан // Изв. АН КазССР. Сер. ист. — 1948. — Вып. 4, № 49. — С. 119–145.
  6. Маргулан А.Х. Раскопки погребения воина XIV века в долине реки Нуры / А.Х. Маргулан // Тр. Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР: археология. — 1959. — Т. 7. — С. 248–261.
  7. Кадырбаев М.К. Погребение кыпчака первой половины XIV века из могильника Тасмола / М.К. Кадырбаев, Р.З. Бурнашева // По следам древних культур Казахстана. — Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР, 1970. — С. 42–53.
  8. Арсланова Ф.Х. Жоғарғы Ертіс өңірінің ортағасырлық археологиясының очерктері / Ф.Х. Арсланова. — Астана: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының баспа тобы, 2013. — 405 б.
  9. Феодоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов / Г.А. Феодоров- Давыдов. М.: Изд. Моск. ун-та, 1966. — 276 c.
  10. Смагулов Т.Н. Калбасунская башня / Т.Н. Смагулов. — Алматы, 2012. — 160 с.
  11. Смагулов Т.Н. Новые материалы к изучению археологических памятников кочевников Золотой Орды в Среднем Прииртышье /Т.Н. Смагулов // Материалы Междунар. науч. конф. «Археология Казахстана в эпоху независимости: итоги, перспективы», посвящ. 20-летию Независимости Республики Казахстана и 20-летию Ин-та археологии им. А.Х. Маргулана (12–15 декабря 2011 г.). — Алматы, 2011. — Т. 3. — С. 118–125.
  12. Мерц В.К. Памятники Шидертинского археологического комплекса / В.К. Мерц, О.Н. Красноперова // Наследие академика А.Х. Маргулана: сб. материалов науч.-практ. конф., посвящ. 100-летнему юбилею ученого. — Экибастуз, 2004. — С. 153–163.
  13. Смаилов Ж. Отчет о научно-исследовательской работе «Проведение реставрационных работ на памятнике археологии — городища Хан Ордасы XIV–XV вв., Улытауский район» / Ж. Смаилов. — Алматы, 2010. — 26 с.
  14. Ломан В.Г. Золотоординские погредения могильника Нураталды–2 / В.Г. Ломан, Е.А. Дмитриев, И.А. Кукушкин, А.И. Кукушкин // Археологическое наследие Центрального Казахстана: изучение и сохранение: сб. науч. ст., посвящ. 70-летию организации Центрально Казахстанской археологической экспедиции Академии наук Казахстана. — Т. 2. — Алматы: Научно-исследовательский центр истории и археологии «Бегазы–Тасмола», 2017.— С. 209–218.
  15. Иванов В.А. Курганы кыпчакского времени на Южном Урале (XII–XIV вв.) / В.А. Иванов, В.А. Кригер. — М.: Наука, 1988. — 89 c.
  16. Аляев М.В. Погребения золотоордынской эпохи в сырцовых оградках на территории Волгоградской области / М.В. Аляев // Материалы ХХХ Урало-Поволжской археол. конф. молодых ученых. — Самара, 1999. — С. 55, 56.
  17. Бисембаев А.А. Археологические памятники кочевников средневековья Западного Казахстана (VIII–XVIII вв.) / А.А. Бисембаев. — Уральск, 2003. — 232 с.
  18. Ракушин А.И. Подкурганные кирпичные сооружения золотоордынского времени в Нижнем Поволжье / А.И. Ракушин // Археологические вести. — Саратов, 1993. — Вып. 1. — С. 170–175.
  19. Мыськов Е.П. Погребальные сооружения с кирпичными оградами могильника Маляевка VI у северо-западного пригорода Царевского городища / Е.П. Мыськов // Нижневолж. археол. вестн. — Вып. 6. — Волгоград, 2003. — С. 216–235.
  20. Зиливинская Э.Д. Архитектура Золотой Орды. Культовое зодчество: моногр. / Э.Д. Зиливинская. — Казань: Отечество, 2014. — Ч. I. — 228 с.
  21. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников — феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона) / С.Е. Ажигали. — Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. — 654 с.
  22. Петров П.Н. Нумизматические находки XIV века из некрополя у озера Аулиеколь / П.Н. Петров, Т.Н. Смагулов // Stratum plus — 2018. — № 6. — С. 167–184.
  23. Frazer I.G. Garnered sheaves. Essays, adresses and reviews. London, 1931.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.