Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шаймерден Қосшығұлұлының өмірі мен қызметі

Өзімізге белгілі, ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс сол кезеңдегі қазақ қоғамының сан қырлы әлеуметтік, мәдени, саяси мәселелерін қамтыды және қазіргі кезеңде күн тәртібіндегі қоғам, білім, ұлттық шаруашылық, экономика мәселелері өзінің өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, тәуелсіздік жылдарында бұл мәселелер жаңаша мән мен мазмұнға ие болды. Әрине, зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше қызығушылық танытатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастың дамуы тек қана орталықта емес, сонымен қатар барлық отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте үлкен өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық құрылыстың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында үлкен өзгерістер пайда болып, ұлттық зиялылар қауымы қалыптаса бастады. Осымен бірге, Ресейдегі парламенттік жүйенің құрылуы, қазақ өкілдерінің І-ші және ІІ-ші Думаға депутат болып сайлануы ұлт зиялыларының саяси санасы мен тәжірибесінің жетілуіне ықпал етті. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірі Ресейде жүріп жатқан саяси үрдістің ықпалында дамып, жергілікті ұлт-өкілдерінің мемлекеттік-саяси үрдістерге тартылғаны, Шаймерден Қосшығұлұлының екі рет Мемлекеттік Думаға сайланғаны, 1906 ж. Бүкілресейлік мұсылмандар фракциясына қатысып, оның бағдарламасын жасауға атсалысуы тарихта үлкен саяси маңызы бар оқиға және өзінің өзектілігін жойған емес. Ол өзінің қызметін адал атқарып қана қоймай, қазақ халқының көзін ашып, санасын ояту мақсатында зор пайдалы істер жасады. Авторлар мақалада ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және рухани-мәдени дамуындағы Ш. Қосшұғұлұлының өмірі мен қызметін қарастырған.

Кіріспе

Өзімізге белгілі, тарих ғылымында зерттеуді талап ететін мәселелер өте көп және КСРО-ның құлауы, нәтижсінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы тарих ғылымының міндеті ретінде осы мәселелерді зерттеу қажеттілігін күн тәртібіне қойды. Қазақстан тарихының тұлғатанулық бағыты мемлекетіміздің егемендігімен бірге дамудың жаңа жолына көшті. Қазіргі кезеңдегі тұлғатану бағытының дамуы, қалыптасқан ғылыми тұжырымдар алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді іске асыру үшін де мәселені жаңа көзқарастарға негізделген әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуді талап етеді.

Сөз жоқ, тарихи құбылыстар мен үрдістерді зерттегенде көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі дегеніміз белгілі бір адамгершілік және әлеуметтік бағдарлар жүйесіндегі оның нақты ойлары мен әрекеттері ғана емес, ол сонымен бірге тұлғаның өзі тарих сахнасынан кеткеннен кейінгі де қоғамдық үдерістерге жасайтын ықпалы екендігін ескерсек, тарихи тұлғалар болашақта да ғылыми ойдың зерттеу нысаны болып қала береді.

Осы тұрғыдан алғанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған қоғамдық-саяси және рухани-мәдени үрдістердің дамуында ұлт үшін еңбек етіп, өзіндік маңызды із қалдырған Шаймерден Қосшығұлұлының өмірі мен қызметін зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан баға берудің маңызы жоғары.

Сонымен бірге, І және ІІ Дума жұмысы кезеңінде Дала өлкесі мен Түркістанда ұлтаралық қатынастарды және әлеуметтік-саяси тұрақсыздықты реттеу мәселесі тұрғаны белгілі. Бұл мәселелер жер иелену және жерді қолдануда, орталық пен жергілікті жерлердегі басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруда, осымен бірге білім мен мәдениет, дін салаларында көрініс тапқаны белгілі. Осындай мәселелерді шешуге талпыныс білдірген және І-ІІ Думадағы маңызды рөл атқарған Мұсылман фракциясында қызмет жасаған Ш. Қосшығұлұлының рөлі мен қызметін зерттеудің тек қана ғылыми-теориялық емес, сонымен бірге танымдық және саяси-қолданбалы маңызы да бар.

Думаға депутат болып сайланғаннан соң Шаймерден Қосшығұлұлы Ресей империясының астанасы Петербург қаласында орын алған маңызды оқиғаларға қатысқан. Қарама-қайшы саяси ағымдардың көп болуы және олардың арасындағы идеологиялық күрес, осымен бірге жаңа әсер оның саяси ой-өрісінің өсуіне ықпал етті.

Шаймерден Қосшығұлұлы өзінің қызметін адал атқарып қана қоймай, қазақ халқының көзін ашып, санасын ояту мақсатында зор пайдалы істер атқарды, атап айтқанда, сол кезеңдегі империя астанасы Петербургте татар тілінде шыққан «Улфат» газетінің редакторы Әбдірашид Ибрагимовпен келісіп, қаржыны өз қалтасынан көтеріп, «Серке» атты газет шығарған.

Зерттеу әдістері

Мақаланың әдіснамалық негізін тарихи құбылыстардың дамуын зерттеуге мүмкіндік беретін танымның жалпы ғылыми принциптері, соның ішінде историзм принципі құрайды. Тақырыпты зерттеу барысында хронологиялық және тарихи салыстыру әдістері қолданылды. Хронологиялық әдіс Ш. Қосшығұлұлының өмірі мен қызметін зерттеуге; ал тарихи салыстыру әдісі Дала өлкесіндегі тарихи құбылыстардың ортақ тұстары мен ерекшеліктерін зерттеуге мүмкідік береді.

Талқылау

Қосшығұлов Шаймерден, (Шахмерден) (шамамен1869/1874–1932) — қоғам қайраткері. Қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Қоғам ауылында туған. Оның азан шақырып қойылған есімі Шаһмардан, ал ел арасында құрметпен Шәйке молда деген атпен белгілі. Орыс тілді дереккөздерде Кощегулов (Кочегулов) Шаймардан түрінде беріледі. Ш. Қосшығұлұлын кезінде Ақмола облысының сайлаушылары Ресей империясында революция толқынымен шаңырақ көтерген Мемлекеттік Думаның алғашқы екі шақырылымына да депутат етіп сайлаған. Осылайша ол қазақ қауымына танымал қоғам қайраткері болып табылады.

Ш. Қосшығұлұлы жас шағында ауыл молдасынан хат танып, одн соң өзінің оқуын Көкшетау, Қызылжар, Бұхара медреселерінде жалғастырған. Оның ұстазы Наурызбай Таласұлы 1886 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы мешіттің имамы ретінде белгілі. Ол ұзақ жылдар бойы Бұхара мен Бағдаттан білім алған, сол жақтарда діни ғылыммен шұғылданған, Арқа өңірі халқының арнайы өкілдер жіберіп, елге шақыруы бойынша Көкшетауға келіп, ғұлама, діни қайраткер болған. Жұрт оны құрметпен Науан хазірет деп атап кеткен. Науан хазірет өлкедегі ел-жұрттың мұсылмандық негізін нығайтуға көп көңіл бөлді. Мешіттің жанынан медресе ашып, медреседе алыс ауылдардан келетіндер үшін жатып оқитын интернат салғызған. Ш. Қосшығұлұлы осы медресенің мұғалімі әрі хазіреттің көмекшісі болып қызмет атқарған.

Тарихтан белгілі, Ақмола облысының әкімшілігі 1901 ж. Көкшетау қаласындағы мешіттің имамы Наурызбай Таласұлының қызметіне тыйым салған болатын. Облыстағы болыстардың өкілдері бас қосқан төтенше жиылыста «қазақтарда дін жоқ, бұдан былай шариғат жолын ұстауға рұқсат берілмейді» деп ашық жарияланды. Мұндай ахуал отаршыл биліктің қазақ еліне қатысты жүргізіп отырған саясатына жаппай наразылық сезімін туғызды. Осы ретте Көкшетау имамы Науан хазірет пен оның көмекшісі Ш. Қосшығұлұлының аймақтағы көзі ашық, оқыған азаматтардың басын қосуға әрекеттенген себебінің маңызы жоғары болып табылады. Олар өкімет шараларының қазақ халқының діни-рухани тыныс-тіршілігіне қатты қысым жасап отырғанын айқын ажыратып, ондай саясатқа көндіге алмаған болатын. Дегенмен, Наурызбай Таласұлы мен Ш. Қосшығұлұлының белгілі тұлғаларды бір жерге жиналуға шақырмақ ниеттері әкімшіліктің құпия қызметі назарынан тыс қалған жоқ. Сондықтан имам мен оның көмекшісі қудалауға түскен болатын. Осының нәтижесінде, биліктегілердің тапсырмасы бойынша 1903 ж. 2 сәуірде Көкшетаудағы мешіт және Науан хазірет пен Ш. Қосшығұлұлы жеке өздері тінтуге алынды. Осы тінтудің нәтижесінде күдіктерін растайтын дәлел тауып, 3 сәуірде Ш. Қосшығұлұлы тұтқынға алынып, аймақтағы ол хат жолдаған белгілі тұлғалардың аты-жөндері, мекенжайлары анықталды [1].

Осылайша, мұрағат құжаттарына сәйкес, 1903 ж. 18 маусымдағы Ішкі істер министрлігінің № 6775 ісінде көрсетілгендей, Мемлекеттік қорғаныс жөніндегі Ереженің 34-ші бабына сәйкес үкімет шешімдеріне қазақтарды қарсы қойды деген сылтаумен айыптап, Ш. Қосшығұлұлын 5 жылға, Н. Таласовты 3 жылға Шығыс Сібірге айдаған және жер айдаудың мекенін анықтау Иркутск әскери генерал губернаторының шешіміне берілген және айыпталу мерзімінің басталуын 1903 жылдың 12 маусымынан есептеген [2].

Әрине, халық арасында кең танымал діни қызметшілердің бұлай қудалануы ел-жұрттың ашу- ызасын тудырды. Соңынан, іс жүзінде Алаш қозғалысын ұшқындатқан алғашқы әрекеттер, оларды босатуды талап еткен қозғалыс басталды. Әкімшіліктің озбыр қылығын әшкерелеген жәйт 1905 ж. әйгілі Қарқаралы петициясында да шегелеп айтылды. Осы жылы, Бірінші орыс революциясының басталуымен, Ш. Қосшығұлұлы айдаудан бостатылған болатын.

1905 жылы тамызда жасырын түрде Ресей мұсылмандарының алғашқы съезі өткізілген болатын, оның азаттық аңсаған идеясын Шәйке молда бірден қолдады. Ұзамай ол кезекті ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайланды. Бұл жиынға да билік рұқсат берген жоқ, сондықтан да съезд 1906 жылғы қаңтарда Санкт-Петербургте жасырын жағдайда өткен болатын.

Екінші съезде Ресей мұсылмандарының мұң-мұқтажын қорғаумен шұғылданатын саяси партия құру мәселесі көтерілген болатын. Ш. Қосшығұлұлы осы бастаманы — мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігіне қолдау көрсетті. Осымен бірге, делегаттар оны партия бағдарламасын жасау үшін құрылған комиссияның құрамына сайлады. Осылайша, Шәйке молда бағдарламаның оқу ісіне қатысты бөліміндегі шарттар мен міндеттерді тұжырымдауға өзінің маңызды үлесін қосты. Осындай істердің арқасында, Ш. Қосшығұлұлы Бүкілресейлік мұсылман қозғалысының белсенді қайраткеріне айналған болатын.

Ш. Қосшығұлұлының мұнан кейінгі қызметі Дала өлкесіндегі І және ІІ Мемлекеттің Думамен байланысты болды. Өзімізге белгілі, Дала өлкесінде І Мемлекеттік Думаға сайлау өткізу күрделі жағдайда жүрді. Себебі, Дала өлкесі әскери жағдай жарияланған жергілікті орындар тізіміне кірді және мұндай жағдайдың өзі әкімшіліктің озбырлығы үшін үлкен мүмкіндіктер тудырды. Мысалы, 1906 ж. 24 қаңтарда Ақмола облысының әскери губернаторының қаулысына сәйкес жиналыстар, манифестациялар, т.б. жаппай іс-шаралар жүргізуге тыйым салынды.

Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде Думаны көшпенділердің құқықтарын қорғау үшін қолдануға шақырған алдыңғы қатарлы қазақ демократиялық интеллигенциясы өздерінің қызметін белсендете бастады. Дала өлкесінің жергілікті тұрғындарын кемсітуге қарамастан, бұл құбылыс Ресейде және оның шеткері аймақтарында парламентаризмнің қалыптасуының бастамасына айналды.

Қазақ даласындағы І Думаға сайлау компаниясы 1906 жылы сәуір айының аяғында басталды. Бұл кезеңде Мемлекеттік Дума өзінің қызметіне кіріссе, ал Семей облысының волостарында тек қана сайлаушылардың тізімін тексеріп үлгерді [3: 40]. Сайлау алдындағы күрес Омбыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Өскеменде орын алды және социал-демократтар айтарлықтай белсенділік танытты. Олар Думаның бойкот жариялау тактикасын қателік деп танып, жергілікті социал- демократтарды сайлау компаниясына қатысуға үгіттеді. Социал-демократтармен бірге, Омбыда, Семей мен Өскеменде сайлау компанияларында кадеттердің жақтаушылары да белсенділік танытты.

Жалпы алғанда, қоғамдық өмірдің кейбір жандануына қарамастан, сайлау алдындағы үгіт- насихат тек қана Дала өлкесінің ауылдық жерлерінде емес, сонымен бірге қалаларда да кеңінен жүргізілген жоқ. Қала тұрғындарының айтарлықтай бөлігі сайлауды елемеген және мұның себебі жергілікті әкімшіліктің жазалау саясатымен байланысты болды.

1906 жылы маусымда Дала өлкесі халықтарының арасынан І Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлау өтті. Көкшетауда өткен Ақмола облысы сайлаушыларының жиналысы нәтижесінде Думадағы қазақ халқының өкілі ретінде көкшетаулық молда Шаймерден Қосшығұлұлы сайланды.

Жалпы алғанда, революцияға дейінгі кезеңдегі Думаға барлығы 79 мұсылман депутат сайланған: соның ішінде І Думаға 25 депутат, ІІ Думаға 37 мұсылман депутат, ІІІ Думаға — 7 депутат сайланған [4: 146–179]. Мұсылман депутаттарының жалпы саны арасынан І Думаға Дала өлкесі мен

Түркістаннан төрт депутат: А. Биримжанов, А. Кальменов, Ш. Қосшығұлұлы, Ә. Бөкейханов ұсынылса, ІІ Думаға — 10 депутат: Т. Абдухалилов, Т. Аллабергенов, М. Нурбердыханов, М.Т. Тынышпаев, С.А. Мухамеджанов, А. Кариев. Ш. Қосшығұлұлы, Т. Нурекенов, С.Б. Каратаев, А.К. Беремжанов сайланды [5: 276–314].

І Думаның 1906 жылдың сәуірінен бастап шілдесіне дейін қысқа уақыт жұмыс жасағанына қарамастан, оның қызметі Ресей империясының саяси дамуының маңызды факторына айналып, қоғамдық өмірдің көптеген салаларына өзінің ықпалын тигізді. Думаға әртүрлі саяси партиялар мен халықтардың жарқын өкілдері сайланды. Олар фракцияларды құру, палатаның регламентін өңдеу, үкіметке депутаттық сұраныстарды жіберу т.б. маңызды жұмыстар бойынша өздерінің шеберлігін көрсетіп, ағарту ісіне, мәдени-ұлттық автономияларды дамытуға, ұлттық азшылдықты қорғауға айтарлықтай көңіл бөлді. І Дума қызметі ұзаққа созылмағанымен, парламентаризм идеясы интеллигенция тарабынан қолдауға ие болды.

Сонымен бірге, І Думаның таратылуына қарамастан, қазақ даласындағы қоғамдық толқулар тоқтаған жоқ және бұл ІІ Думаға сайлау өткізу іс-шараларының басталуымен байланысты еді.

1907 ж. қаңтар-ақпан айларында Дала өлкесінде ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау жұмыстары өтті. ІІ Думаға сайлау қарсаңында революцияның шегінуіне байланысты елдегі жағдай өзгеріске ұшырады. Сондықтан, сайлау алдындағы компанияға тек қана социал-демократтар емес, сонымен бірге эсерлерде қатысты. Биліктің жазалау шараларына қарамастан және І Думаға сайлау кезеңімен салыстырғанда социал-демократтар сайлау алдында үгіт-насихат жұмыстарының заңсыз, сонымен бірге заңды түрлерін қолданып, белсенділік танытты. Мысалы, Ақмола облысында социал- демократтар тек қана үндеухат таратып қойған жоқ, сонымен бірге Думаға қатысты өздерінің тактикасын насихаттау бойынша сайлау алдындағы жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда, Дала өлкесіндегі сайлаудың нәтижесінде ІІ Думаға Ақмола облысынан Ш. Қосшығұлұлы, Семей облысынан Т. Нурекенов, Семей облысының орыс халықтарынан Н.Я. Коншин, Сібір казак әскері атынан И.П. Лаптев, Ақмола облысының орыс халықтары арасынан социал-демократ А.К. Виноградов сайланды [2: 41].

Осылайша, ІІ Мемлекеттік Думаға да І Думаға сайланған және патшалық Ресейдің әлеуметтік- саяси құрылысының қайта құрылуын қолдаған халық арасында беделі бар депутаттар, соның ішінде Ш.Қосшығұлұлының қайта сайланғандығын көре аламыз.

Жоғарыда атап көрсеткендей, ІІ Думада құрылған Мұсылман фракциясының құрамына кірген Ш. Қосшығұлұлы аграрлық мәселе бойынша заң жобасын даярлау істеріне белсенді түрде қатысқан.

Айта кету керек, ресейлік парламентте талқыланған көптеген мәселелердің ішінде мыналар бірқатар маңызға ие болды және бұл мәселелерді көтеру барысында Ш. Қосшығұлұлының рөлі жоғары болды:

  • діни заңшығарушылық (жарияланған «ар-ождан бостандығын» жүзеге асыру, діни басқару органдарын қайта құру);
  • халыққа білім беру мәселелері (ана тілінде оқыту құқығы);
  • қоныс аудару саясаты және ұлттық шеткері аймақтардың жағдайы;
  • сот реформасы (ана тілінде сот ісін жүргізу);
  • мерекелік күн жөніндегі мәселе (мұсылмандық мереке күндері демалыс мәселесі) [6].

Сондықтан, Дала өлкесінің атынан Мемлекеттік Думаға сайланған Мұсылман фракциясы мүшелерінің қатарында Ш. Қосшығұлұлының рөлі ерекше деп атап көрсетуге болады.

«Иттифак-аль-муслимин» партиясының бағдарламасына сүйенген мұсылман депутаттар аграрлық мәселені шешудің өзіндік нұсқасын ұсынған. Бірінші нұсқада жерді облыстардың жеке меншігіне беру, соңынан, жерді тек қана диқаншылықпен емес, сонымен бірге көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындар арасында әділ түрде шешуге шақырды. Осымен бірге, мұсылман депутаттар Дала өлкесіне ресейлік қоныстанушылар толқынын толық тоқтатуды талап етті. Бұл құжаттарды Думаға жібергеннен соң, мұсылман депутаттары биліктің жоғарғы органына қазақ жеріндегі қоныстандыру комиссиясының заңға қайшы әрекеттері жөнінде сұратым білдірді.

Қазақ халқының атынан сайланған депутаттарға думалық трибунаға шығып сөйлеу мүмкіндігі берілген жоқ, сондықтан олар сайлаушылардың тілегін орындаудың басқа тәсілдерін қолданды. Мысалы, ІІ Думаның жұмыс жасаған кезеңінде депутаттар Ш. Қосшығұлұлы пен Т. Нурекенов қоныстандыру мен егін шаруашылығы басқармасының басшысы князь Васильчиковқа барып, Дала облыстарына қоныстандыруды тоқтату қажет екендігіне үкіметтің назарын аудару мақсатында қазақ халқының жағдайы жөнінде өздерінің ойларын білдірген [7: 85].

1907 жылдың 3 маусымында заң шығару ісіне бұдан былай Дала және Түркістан өлкелері тұрғындарын қатыстырмауды көздеген әйгілі патша манифесі шыққаны белгілі. Алғашқы шақырылымдағы тәрізді солшыл, үкіметке жақпайтын көзқарастарын өзгертпеген Екінші Мемлекеттік Дума таратылғаннан соң Ш. Қосшығұлұлы Ақмола облысына қайтып оралған және бұдан кейін саясатқа араласпай, туған өңірінде діни және ағартушылық істермен шұғылданған. Бірақ, Ш. Қосшығұлұлының кеңес өкіметі кезеңіндегі бала оқытудағы еңбегі бағаланған жоқ, ал молда ретінде ұдайы қуғынға ұшырап отырды.

Ш. Қосшығұлұлы Алаш қозғалысына қатысушыларға қарсы жүргізілген саяси репрессияның алғашқы толқынында, 1931 ж. 4 мамырда тұтқынға алынды. ОГПУ-дің Қазақстан бойынша алқасы жанындағы Айрықша мәжілісі 1932 ж. 14 қаңтарда Ш. Қосшығұлұлын үш жылға жер аударуға үкім шығарды. Бұл қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бастауында тұрған діни қызметші, қоғам қайраткері Шәйке молда Қосшығұлұлын бақиға аттандырған үкім болды. Қосшығұлов елді сұрапыл ашаршылық жайлаған 1932 жылы Ресейдің Омбы облысындағы Марьяновка теміржол стансасы маңында дүние салған [1].

Ескі өкіметтің қайта құру саясаты кезеңінде КСРО Жоғарғы соты төралқасының 1989 жылғы 16 қаңтардағы шешімінің негізінде Көкшетау облыстық прокуратурасы Ш. Қосшығұлұлын ақтаған болтын. Қазақ ұлтының игілігі үшін еңбек еткен тұлғаның есімін ұрпақтары ұмыт қалдырмады. Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысы Еңбекшілдер (қазіргі Біржан сал) ауданының бүгінгі Макинка ауылдық округі құрамындағы Қоғам ауылындағы орта мектепке Шәймерден Қосшығұлұлының есімі берілген.

Қорытынды

Қазақстан тарихында есімі мен қызметі мақтаныш саналатын және үлгі-өнеге алуға тұрарлық тұлғалар өте көп. Осындай тұлғалардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Қосшығұлұлы. Ол ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени дамуына өзіндік үлесін қосты. Өзі өмір сүрген заманда өз пікірін, көзқарасын ашық білдірген, ұлт үшін ерен еңбек еткен Ш. Қосшығұлұлының Мұсылмандардың алғашқы съезі мен ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде делегат ретінде, сонымен бірге І және ІІ Мемлекеттік Думаға Дала өлкесінің атынан депутат ретінде сайлану арқылы қызметі мен рөлі жоғары деген тұжырым шығаруға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қойшыбаев Б. Қазақ қозғалысының қайраткері Шәйке молда [Электрондық ресурс]. / Б. Қойшыбаев. — Қолжетімдік тәртібі: https://www.muftyat.kz/kk/articles/edification/20200908/32908-kazak-kozgalysynyn-kairatkeri-shike-molda/
  2. ЦГА. — Ф. 64. — Оп.1. — Д. 938.
  3. Буктургутова Р.С. Общественное движение в Степном крае в конце ХІХ–начале ХХ вв.: автореф. дис. … д-ра ист. наук. Спец. 07.00.02 — «Отечественная история» / Р.С. Буктургутова. — Омск, 2007. — 51 с.
  4. Усманова Д.М. Мусульманские представители в pоссийском Парламенте (1906–1916 гг.) / Д. Усманова. — Казань, 2005. — 584 с.
  5. Мусульманские депутаты Государственной думы России. 1906–9017 гг.: сб. док. и материалов / Сост. Л.А. Ямаева. — Уфа: Китап, 1998. — 384 с.
  6. Усманова Д.М. Мусульманские депутаты в Государственной думе (1906–1917 гг.): новая политическая элита в Российской империи [Электронный ресурс] / Д.М. Усманова. — Режим доступа:https://kpfu.ru/portal/docs/F_2099887931/155_3_1_gum_11.pdf
  1. Озганбай О. Казахское представительство в Госдуме / О. Озганбай // Мысль. — 1996. — № 6. — С. 85.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.