Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бағдарламалау тілдері бойынша электрондық оқу ресурсын жасау және тиімділігін зерттеу

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – ғаламтор желісін қолдана отырып, қашықтықтан оқыту. Онлайн білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті және тиімді оқу ресурстарын жасау оқытушылардың басты міндеті болып табылады. Осы мәселеге орай, мақалада авторлардың бағдарламалау бойынша студенттерге арнап жасаған электрондық оқу ресурсы және оның тиімділігін анықтау мақсатында студенттерге жүргізілген сауалнама зерттелген. Авторлар мақала барысында оқу ресурсының интерфейсін көрсетіп, мазмұнын баяндайды және студенттерге жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін талдайды. Оқу ресурсы бағдарламалау тілдері бойынша теориялық материалдан, тест тапсырмасынан және С++ бағдарламалау тілі негізінде құрылған жаттығу тапсырмаларынан тұрады. Жасалған оқу ресурсы 6B06103 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бірінші курс студенттеріне сынау мақсатында берілді және студенттерге сауалнама жүргізіліп, нәтиже алынды. Мақалада қарастырылған мәселе онлайн оқыту барысында бағдарламалау саласы бойынша сапалы білім беруге, студенттердің дербес білім алу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа технологияларды игеруге ықпал етеді.

Кіріспе

Бүгінде технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Технологиялар дамыған сайын, адамдардың күнделікті өмірі де өзгеріп жатыр. Бүгінгі таңда орын алған онлайн оқыту жүйесі осыған дәлел.

Қашықтықтан оқыту барысында мұғалім үшін оқу процесін заманауи ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру қажеттілігі туындайды [1].

Жұмыстың мақсаты — бағдарламалау тілдері бойынша студенттерге арналған интерактивті оқу веб-сайтын жасау және оның тиімділігін анықтау.

Жұмыстың міндеті — веб технологиялар мүмкіндіктерін қолдану арқылы интерактивті оқу веб- сайтын жасау және оның тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама формасын құру.

Зерттеудің өзектілігі және жаңашылдығы білім беру жүйесінің онлайн форматына ауысумен және қазақ тіліндегі онлайн ресурстардың тапшылығымен байланыстырылады.

Зерттеу объектісі — интерактивті оқу веб-сайты, зерттеу пәні — бағдарламалау тілдері бойынша тәжірибелік жұмыстар және тест тапсырмалары.

Зерттеу проблемасы — электрондық оқу ресурсын жасау үшін веб-бағдарламалау тілдерін жақсы білумен қатар, педагогикалық әдістерді де дұрыс қолдана білу қажет.

Мақалада бағдарламалау тілдері бойынша жасалған интерактивті оқу веб-сайтының сипаттамасы, сайттың студенттер үшін қаншалықты тиімді болатынын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелері және мақаланың қорытындысы баяндалады.

Зерттеу әдістері

Зерттеу жүргізудің сауалнама әдісі негіздемесінде авторлар заманауи веб-технологияның жетістіктерін және педагогикалық зерттеулердің іргелі тұжырымдарын басшылыққа алған. Сауалнама әдісі — психологиялық вербалды-коммуникативті әдіс, онда респонденттен ақпарат жинау құралы ретінде арнайы жасалған сұрақтар тізімі қолданылады. Сауалнама әдісін қолдана отырып, ең аз шығынмен жаппай зерттеудің жоғары деңгейін алуға болады. Респонденттердің саны бойынша жеке сауалнама, топтық сауалнама, аудиториялық сауалнама, жаппай сауалнама деген түрлерге бөлінеді. Зерттеу барысында аудиториялық сауалнама түрі қолданылды және сауалнамаға6B06103 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бірінші курс студенттері қатысты. Зерттеу нәтижесі нақты болуы үшін респонденттер саны көп болуы қажет, сондықтан, аталған мамандықта білім алып жатқан барлық студенттер сауалнамадан өтті [2].

Нәтижелер және оларды талқылау

Берілген мақала барысында онлайн білім беру мақсатына негізделген веб-сайт құрылды және тиімділігі зерттелді.

Веб-сайт бағдарламалау тілдері бойынша теориялық материалдардан, жаттығулардан және тест тапсырмасынан тұрады. Басты бетте мәзір және бағдарламалау тілдері туралы жалпы мағлұмат орналасқан (1-сурет).

 

25

Тест тапсырмалары бөлімінде студент бағдарламалау бойынша өз білімін тексере алады (4- сурет).

Жаттығулар алгоритм, шартты және таңдау операторлары, цикл операторы тақырыптары бойынша топтастырылған. Сайтта әр тақырып бойынша 10 жаттығу берілген.

Мақала барысында құрылған веб-сайттың құрылымын жасау үшін html белгілеу тілі, безендіру үшін CSS стильдері және интерактивті жаттығуларды жасау үшін JavaScript тілі қолданылды. Сайтты бағдарламалау пәні бойынша қолдануға болады [3].

Бағдарламалау тілдерін үйрету үшін құрылған веб-сайттың тиімділігін анықтау мақсатында онлайн сауалнама өткізілді. Алынған нәтижелер бойынша талдау жасалынды. Сауалнама кері байланыс нысандарын құруға, онлайн тестілеу және сауалнамалар әзірлеуге арналған Google Форма — онлайн-сервис көмегімен әзірленді және WhatsApp желісі арқылы студенттерге таратылды. Сауалнама 6 сұрақтан тұрады және 1 курс студенттеріне жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан студенттер саны 61 (6-сурет).

Сауалнаманың бірінші сұрағы веб-сайттың бағдарламалау бойынша білім алуда қаншалықты пайдалы екенін анықтау үшін берілген. Студенттердің жауап беру нәтижесінде 61 студенттің 83,6% веб-сайттың пайдасы бар деп белгіледі, 9,8 % пайдасыз деп көрсетті, ал 6,4% келесідей өзгеше жауаптар берді: практикалық жаттығуларды орындай отырып, тәжірибемді арттырдым; мен үшін пайдасы циклмен, шартты оператормен жұмыс жасауды үйрендім; қашықтықтан оқу кезіндегі ең пайдалы сайт болды, алған біліміңді де тексеруге мүмкіндік берілген, жаттығулары да өте қызықты болды; мен бағдарламалау бойынша негізгі білімім болды, бірақ қайталау мақсатында қолдануға болады. Төмендегі суретте аталған сұраққа берілген жауаптар нәтижесі көрсетілген (7-сурет).

 

Келесі сұрақ веб-сайттың интерфейсіне байланысты болды. Нәтиже бойынша 86,9% студентке интерфейс түсінікті болды, 9,69% студент түсініксіз деп белгіледі, ал 3,2% өзгеше жауап берді (9- сурет).

Сауалнаманың соңғы сұрағы студенттердің қандай нәтижеге қол жеткізгенін анықтау мақсатында берілген. Нәтижесінде студенттер қысқаша өз ойларын білдірді (12-сурет).

Серия «Педагогика». № 4(104)/2021

27

Қорытынды

Сауалнаманың нәтижесін сараптай келе бағдарламалауды үйрету үшін құрылған веб-сайт студенттер үшін тиімді екенін айтуға болады. Алайда, кейбір студенттердің жауабынан веб-сайтты өзгерту және әрі қарай дамыту мәселесі бар екенін байқауға болады. Мәселен, бірінші сұраққа берілген жауаптар арасында веб-сайт бағдарламалауды қайталау мақсатында қолданылғаны туралы айтылған және интерфейстің кейбір студенттерге түсініксіз болғаны туралы жауап та болды. Яғни, веб-сайттағы оқу материалдары бағдарламалау бойынша күрделі программаларды қамтымағанын және интерфейстің кейбір студенттерге түсініксіз болғанын айтуға болады. Осындай жауаптарды ескере отырып, болашақта сайтқа өзгерістер енгізіледі. Жалпы алғанда, сайт бағдарламалау пәнін оқыту процесінде бірінші курс студенттері үшін қолдануға болады.

Қашықтықтан сапалы білім беру үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жеткілікті дамыған болуы қажет, оқыту процесі қажетті әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілуі керек. Жазылған мақаланың тәжірибелік құндылығы осы аталған мәселелермен байланыстырылады. Бағдарламалау тілдерін онлайн оқыту барысында алғашқы оқу материалы ретінде қолдануға болатын электрондық оқу ресурсы мақаланың нәтижесі болып табылады [4].

Сапалы білім беру — инновациялық экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты, тез өзгеретін жаһандық әлем жағдайында елдің өркендеуінің кепілі. Əлемдік білім беру нарығында бәсекегеқабілетті болу үшін университеттер оқытудың жаңа формаларын дамытып, тиісті ресурстармен қамтамасыз етілуі керек [5].

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Вайндорф-Сысоева М.Е. Методика дистанционного обучения: учеб. пос. для вузов / М.Е. Вайндорф-Сысоева, Т.С. Грязнова, В.А. Шитова. — М.: Юрайт, 2018. – 194 с.
  2. Спирина Е.А. Развитие информационной образовательной среды университета как условие совершенствования учебно-методической работы / Е.А. Спирина, Д.А. Казимова, С.А. Муликова // Вестн. Новосиб. гос. пед. ун-та. — 2017. — № 4. — С. 26–39.
  3. Дронов В. HTML 5, CSS 3 и Web 2.0. Разработка современных web-сайтов / В. Дронов. — М.: БХВ-Петербург, 2014. — 138 c.
  4. Slipukhina I.A. Development of education and information portal of physics academic course: web design features / I.A. Slipukhina, V.V. Olkhovyk, O.O. Kurchev, V.D. Kapranov. Information Technologies and Learning Tools, 2018. — Vol. 64. — No. 2. — 221-233.
  5. Nwohiri A.M. Application of webometrics methods for analysis and enhancement of academic site structure based on page value criterion / A.M. Nwohiri, A.A. Pechnikov. Bulletin of Saint Petersburg University. Applied Mathematics. Computer Science. Control Processes, 2019. — Vol. 15. — Is. 3. — 337-352.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.