Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші–педагогтерінің ата-аналармен және балалармен қарым-қатынасы болып отыр. Коммуникативті құзыреттілік адам өмірінде маңызды орын алады. Балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен үнемі байланыста болатын тәрбиеші–пе- дагог жұмысының сәттілігі, әрине, қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты. Сонымен бірге, қа- рым-қатынаста жетекші роль тәрбиеші–педагогке тиесілі, өйткені ол мектепке дейінгі ұйымның кәсіби және ресми өкілінің бірі. Педагогикалық тәжірибеде қарым-қатынас кәсіби жетістіктің маңызды факторы болып саналады. Мақалада қазіргі заманғы білім беру жағдайында мектепке дейінгі ұйым тәр- биеші–педагогтерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне жан-жақты талдаулар жасалған. Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай оның кең мағына- лылығын салыстыра отырып, тақырып мазмұны зерделенген. Коммуникативті құзыреттілік — жалпы мәдениетті және оның кәсіби қызметтегі өзіндік көріністерін синтездейтін интегралды сапа ретінде си- патталады. Тәрбиеші-педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің мәнін сипаттай отырып, олардың коммуникативті қасиеттерін қамтамасыз ететін бағыттарын ашып көрсетеді. Авторлар коммуникативті құзыреттілікті кәсіби құзыреттілік пен сөйлеу мәдениетін қазіргі тәрбиеші–педагогтің жалпы кәсіби- педагогикалық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруды жөн санайды. Педагогикалық қа- рым-қатынастың жетістігі тәрбиеші–педагогтің коммуникативтік мәдениетінің деңгейіне байланысты. Сөзді қолдана білу, өз ойыңызды эмоционалды түрде білдіру — қарым-қатынастың маңызды жағы деуге болады. Сонымен қатар, мақалада тәрбиеші–педагогтердің коммуникативті құзыреттілігі, комму- никативті мәдениет, коммуникативті дағдылар, коммуникативті қабілеттерінің мәні ашылған.
Кіріспе
Қазіргі таңда заманауи жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы тәрбиеші–педагог қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау мәселесі алға қойылса, ҚР білім беруді дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу үшін коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту», — деп көрсетілді [1]. Еліміздің білім беру саласының әлемдік деңгейдегі білім кеңістігіне енуге деген талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақты жаңаша ойлауға қабілетті, дүниеге көзқарас мәдениеті мен саналы ұрпағын тәрбиелеп, оқытатын педагогикалық мамандарды дайындаудың сапа- сын арттырудың қажеттілігі заңды құбылыс. Осыған орай, білім беруді, заманауи ғылым мен практи- каны жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеші–педагогтерінің коммуникативтік құзыреттілігі мәселесі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Коммуника- тивті құзыреттілік адам өмірінде, мамандардың кәсіби іс-әрекетінде маңызды орын алады. Сондықтан тәрбиеші–педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің қалыптасуына мұқият назар аудару қажет етеді.
Зерттеу әдістері мен материалдар
Тақырыпты зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізінде авторлар болашақ тәрбиеші–педа- гогтердің коммуникативті құзыреттілігін анықтауға негізделген шетелдік және отандық педагогика ғы- лымындағы соңғы жетістіктер мен іргелі зерттеулердің тұжырымдарын, әдіснамалық негіздерін бас- шылыққа алған. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, салыстыру, нақ- тылау сияқты жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.
Нәтижелері мен оларды талқылау
Коммуникативті құзыреттілікті талдау үшін, ең алдымен, «құзыреттілік» ұғымының мәнін терең түсіну маңызды. Жалпы педагогикалық әдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мы- нандай негізде әрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі: нәтижесі — білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі; нәтижесі іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; нәтижесі проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі деп саналатын шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі. Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлігі мен көпті- гіне қарай оның кең мағыналылығына көз жеткіземіз.
Құзыреттілік ұғымын неғұрлым кең сипаттаған ғалымдар Н.Ф. Талызина, Р.Х. Шакуров, А.И. Щербаковтар т.б. болды. Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы — маманда кә- сіби іс-әрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко және Е.Н. Шиянова педагогтің кәсіби құзыреттілігін педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығының бірлігі ретінде сипаттайды.
Қазіргі психологиядағы құзыреттілік білім мен тәжірибенің үйлесімі және адамның қабілеттері ретінде түсіндіріледі (Г.А. Цукерман). Яғни, коммуникативті дағдыларға қарағанда коммуникативті құзыреттілік дағдыларын (қолданыстағы дағдыларды қолдана отырып үйретуге болатын қасиеттер мә- дениетте мақсаттарға жетудің құралдары мен тәсілдері), адамға оған қол жеткізудің құралдары мен тәсілдерін дербес құруға мүмкіндік беретін қасиеттердің болуын болжай отырып, жеке қарым-қатынас мақсаттарын айқындайды.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда коммуникативтік құзыреттілік мәселесі барған сайын та- нымал болып отыр. Бүгінгі таңда отандық (Л.А. Петровская, М.И. Лукьянова, А.А. Попова, Ю.Н. Емельянов, С.В. Кондратьева, Т.Н. Щербакова) және шетелдік психологияда (Дж.Равен, Р.Сел- ман, Г.А. Шредер, М. Аргайл, К. Рубин). Бұл зерттеулер коммуникативтік құзыреттіліктің сипаттама- ларын көрсетеді, оның даму құрылымы, механизмдері мен факторларын анықтайды, бірақ мектеп жа- сына дейінгі балалармен жұмыс істейтін тәрбиеші-педагогтердің кәсіби коммуникативтік құзыреттілігі мәселесі саласы жеткілікті зерттелінген жоқ. Сонымен қатар, көптеген авторлар А.В. Батрашев, А.А. Бодалев, К.В. Вербова, С.В. Кондратьева, В.А. Кан-Калик, Л.М Митина, Н.В. Кузьмина және тағы басқалары коммуникативті қабілеттер мен дағдылардың маңызды сипаттамаларын ашып көр- сетті. Олар өз зерттеулерінде оны тәрбиеші-педагогтің кәсібилігін дамыту факторы ретінде, қарым- қатынас қабілеттерін жеке және іскерлік қарым-қатынас орнатуға, адамдармен қарым-қатынас жа- сауға, басқаларды түсінуге, байланыстарды орнатуға, қолдауға және өзара түсінушілік пен қабылдауға негізделген адамның жеке ерекшеліктерінің кешені ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер бұл тұ- жырымдаманы, ең алдымен, тәрбиеші–педагогтің мәдени сипаттамасымен байланыстырады.
М.А. Хазанова коммуникативтік құзыреттілікті тілді меңгеру, қарым-қатынас субъектісінде оның мінез-құлқының болжамды моделін, эмпатиясын, қарым-қатынас субъектісінің жеке сипаттамаларын (өзін-өзі бағалау, әлеуметтік бағыт) құру үшін бағдарлай білу ретінде қарастырады, сол сияқты Г.М. Андрееваның айтуынша, бұл бағдарлау қабілеті, ал Г.С. Трофимованың пікірінше, қарым-қаты- настың әртүрлі жағдайларында бағдарлану. Л.Д. Столяренко коммуникативті құзыреттілік — бұл басқа адамдармен қажетті байланыстарды орнату және қолдау мүмкіндігі. Л.А. Петровская бұл тұлғаа- ралық өзара әрекеттесу жағдайларының белгілі бір шеңберінде тиімді коммуникативті іс-әрекетті құру үшін қажетті ішкі ресурстар жүйесі деп санайды.
Алайда, ғалымдардың теориялық көзқарастарын салыстыра келе, тәрбиеші-педагогтің коммуни- кативті қабілеттерін анықтай отырып, В.А. Крутецкий педагогке (тәрбиешіге) балалармен өзара қа- рым-қатынаста педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас орнату, педагогикалық әдептіліктің болуы си- яқты қажетті ерекшеліктерді атап өтті. Педагогтің (тәрбиешінің) коммуникативті қабілеттері білім беру үдерісінің субъектілерімен тиісті педагогикалық қатынастарды құру дағдыларының жан-жақты сипаттамасын білдіреді [2].
Нақтырақ айтқанда, «Коммуникативті құзыреттілік» терминін алғаш рет әлеуметтік психологияға сәйкес қолданылды (лат. сompetens — «қабілетті») — ішкі ресурстар (білім мен іскерлік) болған кезде басқа адамдармен тиімді байланыс орнату және қолдау мүмкіндігі [3]. Коммуникативті құзыреттілік өз ойын нақты және айқын білдіре алу, өз ойын дәлелдеу, талдау, пікірін білдіру, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізу, тұлғааралық қатынас орнату, өз әрекетін ұжым әрекетімен сәйкестен- діре алуы, кез келген іскерлік жағдайда тиімді қарым-қатынас орната білу, диалогты ұйымдастыру және қолдай алу қабілеті десек, онда ол табысты қарым-қатынасқа ықпал ететін адамның психикалық және мінез-құлық сипаттамаларының тұтас жүйесі ретінде қарастырылады яғни, қатысушы тараптар үшін мақсатқа жетуге (тиімді) және эмоционалды (психологиялық тұрғыдан ыңғайлы) болып келеді.
Қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі тәрбиеші-педагогтің ата-аналармен және балалармен қарым- қатынасы болып отыр. Гуманистік психология қарым-қатынас қажеттілігін адамның негізгі қажетті- ліктеріне жатқызады. Балалармен, ата-аналармен және әріптестермен үнемі байланыста болатын тәр- биеші-педагогтің жұмысының сәттілігі, оның қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты. Сондай-ақ қарым-қатынаста жетекші рөл тәрбиеші-педагогке тиесілі, өйткені ол мектепке дейінгі білім беру ұйы- мының кәсіби және ресми өкілі. Педагогикалық тәжірибеде қарым-қатынас кәсіби жетістіктің маңызды факторы болып саналады.
«Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны — жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағынаны білдіріп, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті біл- діреді [4].
Қарым-қатынас өзара процесс болғандықтан, адам өзінің серіктесі оны қабылдайтынына және оның әсеріне қатысты екеніне сенімді болуы керек. Өзгелердің қызығушылығын оятуға, қарым-қаты- настың ең маңыздылығы назар аударуға деген ұмтылысы.
Коммуникативті құзыреттілік пен қарым-қатынас — қатарлас және бір-бірлеріне тәуелсіз құбы- лыстар ғана емес, олар өзара байланыста тұратын процесс. Коммуникативті құзыреттілік тиімділігі «субъект — субъект» сызбасы бойынша бірлескен іс-әрекет қатынасының жақсаруына қаншалықты негіз болуына байланысты болса, ол қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қазіргі қоғамда моральдың құлдырауы, жалпы мәдениеттің және сөйлеу дәстүрлерінің төмендеуі кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың кейбір тәрбиеші-педагогтерінің коммуникативті мә- дениеті төмендеді, олар үшін әлеуметтік маңыздылық пен жеке жауапкершілікті түсіну қозғаушы, мо- тивациялық күш емес сияқты көрінетін жағдайлар орын алуда.
Тәрбиеші–педагогтердің едәуір бөлігі айқын авторитаризммен коммуникативтіліктің ақпараттық және іскерлік бағытымен әрекет етеді. Әріптестермен, ата-аналармен және балалармен сөйлесу қабіле- тіне мүлдем мән бермейтін тәрбиеші-педагогтер бар, олар тәлімгерлік белгілерді, жағымсыз қылық- тарды, атап айтсақ, балаға шағымданып, ата-аналарды бір нәрсеге кінәлау үрдіске айналды. Міне, сон- дықтан да маманның сөйлесу өнерін үйрену қажеттігі заңдылық.
Тәрбиеші–педагогтің коммуникативтік құзыреттілігі: ол баланы тыңдау, оның көзқарасын түсіну, өз пікірін сауатты және әдепті түрде қорғау, балаға зиян тигізбеу және қарым-қатынас арқылы жылы және сенімді қарым-қатынас құру қабілеті ретінде анықталады.
Тәрбиеші–педагогтің коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымы бірнеше компоненттерге ие десек, онда ол:
- мотивациялық-құндылық;
- когнитивтік;
- әрекеттік;
- позициялық-құндылық.
Нақты қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру — сөздерді құру, сөйлесудің эмоционалды фонын анықтау, сөйлеудің грамматикалық жағын түзету, дауыс интонациясы мен үнін бақылау, бет-әлпетін рет- теу және бақылау мүмкіндігі және вербалды емес қарым-қатынастың басқа да ерекшеліктері.
Шынымен де, өзара түсіністіктің болмауы, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту- дың кейбір мәселелеріне көзқарастардағы айырмашылық — мұның бәрі тәрбиеші-педагог пен ата-ана арасындағы сенімсіздіктің артуына әкеледі, олардың әрекеттерімен келіспейді, серіктестіктің мүмкін- дігіне күмән келтіреді.
Коммуникативті мәдениеттің негізі — қарым-қатынас — адамдармен қарым-қатынасқа деген тұ- рақты ұмтылыс, оларды тез жылдам орнату мүмкіндігін көрсетеді [5]. Тәрбиеші–педагогтің әдепті бо- луы жоғары коммуникативті әлеуеттің көрсеткіші болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше, жеке тұлғаның қасиеті ретінде қарым-қатынас келесі компоненттерді қамтиды: қарым-қатынас процесінен ләззәт алу; эмпатияға және басқа адамның әлеміне ену, оны түсіне алу сезіміне деген қабілеттіліктің болуы.
Коммуникативті мәдениет — бұл қарым-қатынас процесінде, соның ішінде қарым-қатынас ке- зінде қолданылатын мәдени нормалардың, мәдени білімнің, құндылықтар мен мағыналардың жиын- тығы. Ю.В. Жуков (1988) коммуникативті мәдениетті құрайтын ережелердің үш тобын анықтайды.
Біріншіден, коммуникативтік этикет ережелері. Олар жүгіну және ұсыну тәртібін, өтінішті таң- дауды және тағы басқаларды анықтайды. Этикет ережелері қарым-қатынастың тиімділігімен тікелей байланысты емес, бірақ олардың ішінара немесе толық елемеуі адамды қарым-қатынасқа қатысудан шеттетеді.
Екіншіден, коммуникативтік өзара әрекеттесуді үйлестіру ережелері. Олар қарым-қатынас түрін белгілейді: зайырлы, іскерлік, салттық және т. б.
Үшіншіден өзін-өзі ұсыну ережелері (өзін-өзі таныстыру). Олар қарым-қатынас түрін анықта- майды және барлығына ортақ тиімділікке әсер етпейді, бірақ та жеке қарым-қатынасқа қатысушыла- рының жеке жетістіктерін анықтайды. Өзін-өзі қамтамасыз ету ережелері басқаларға өздері туралы белгілі бір әсер қалдыруға арналған.
Дегенмен де, сөйлеу мәдениеті міндетті түрде олардың мазмұнына шығармашылық, өнімді ұсы- нуға негізделген білім, білік және дағдыларды беруді (қайта таратуды), сонымен қатар үнемі жаңасын құруды — адамгершілікті, гуманды, бейімделгіш тұлғаны қалыптастыруды қамтиды [6].
Сөйлеу мәдениеті қазіргі тәрбиеші-педагогтің жалпы кәсіби-педагогикалық мәдениетінің ажыра- мас бөлігі. Сөйлеу мәдениеті — айтушының сөйлеу мәлімдемесінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ете- тін білім, білік және дағдыларының жиынтығы.
Жалпы тәрбиеші-педагогтің коммуникативті мәдениеті неден тұрады? Ол адамдарға қатысты кө- рінетін жеке қасиеттерге, құндылық бағдарларына, көзқарастарына, сондай–ақ, қарым-қатынас техни- касына негізделген — сөйлеу, бет-әлпет, ым-ишара, қозғалыстары, басқа адамға әсер ету әдістері, өзін- өзі реттеу әдістері. Педагогикалық қарым-қатынастың негізін құрайтын тұлғаның коммуникативті қа- сиеттері бар. Оларға мыналар жатады: 1) сөйлеу сипаттамасы: айқын дикция, мәнерлілік; 2) жеке ерек- шеліктері: сыпайылық, ашықтық, адамдарды тыңдау және сезіну қабілеті. Тәрбиеші-педагогтің ком- муникативті мәдениетінің негізі — қарым-қатынас-адамдармен қарым-қатынасқа деген тұрақты ұмты- лыс, тез байланыс орната білу. Тәрбиеші–педагогтің әдептілігінің болуы жеткілікті жоғары коммуни- кативті әлеуеттің көрсеткіші болып табылады.
Сонымен, қарым-қатынас дағдылары толыққанды қалыптаспаған тәрбиеші–педагогтер тез шар- шайды, ашуланады және тұтастай алғанда олардың қызметіне қанағаттанбайды. Тәрбиенің жеке пси- хологиялық дайындығы қарым-қатынас техникасының жеткілікті деңгейін қамтиды. Тәрбиеші-педа- гогтер үшін «айыптаушы» позициясын, баланың теріс бағасын болдырмау үшін ата-аналармен қарым- қатынас жасауды үйренуі ерекше маңызды. Т. Гордон әзірлеген «мен–хабарлар» техникасының тиімді қолдану оны реттеуге және шебер қолданылған жағдайда, ол тәрбиеші-педагог пен ата-ана арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруға, шиеленісті азайтуға септігін тигізеді.
Тәрбиеші–педагог үшін жанжал жағдайынан өз жұмысында абырой мен шығармашылыққа қана- ғаттанушылықпен шығу өте маңызды және бұл тәрбиеші–педагогтің қалыптасқан коммуникативті қа- білеттері болған жағдайда ғана мүмкін болады. Тәрбиеші–педагогтің коммуникативтік құзыреттілігі- нің жоғары деңгейі оның барлық компоненттерін жан-жақты дамытуды және коммуникациялық әдіс- терді қолдануды қамтиды.
Коммуникативті құзыреттілік — бұл жалпы мәдениетті және оның кәсіби қызметтегі өзіндік кө- ріністерін синтездейтін интегралды сапа. Сонымен қатар, ол білім нормасы мен қарым-қатынас ере- жесі, оның технологиясын меңгеруі болып табылатын кең ауқымды ұғым ретінде тұлғаның коммуни- кативті потенциалын құрайды. Коммуникативті потенциалы — ол адамның мүмкіншілігін сипаттайды сонымен бірге, оның қарым-қатынас түсу сапасын анықтайды [7].
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші–педагогінің ең маңызды сипаттамасы ретінде коммуника- тивтік құзыреттіліктің маңыздылығы осы кезде нормативтік, ғылыми-теориялық және әдістемелік дең- гейде жарияланды. Тәрбиеші–педагогтің кәсіби қарым-қатынас дағдыларына мыналар жатады: бел- сенді тыңдау, кері байланыс құру, мінез-құлықты сипаттау, адамдарды өзіне тарту мүмкіндігі; клиентті қашықтықта ұстау және эмоционалды жақындасудан аулақ болу мүмкіндігі; шеберлік ретінде эмпатия; клиенттің мінез-құлқының өзгеруіне ықпал ететін стратегияларды қолдана білу, берілген объектілер мен құбылыстарға назар аудара білу, оларды объективті, жеткілікті түрде көрсетуді қамтиды.
Тәрбиеші–педагогтің маңызды коммуникативті қасиеттеріне мыналар жатады: адамдармен қа- рым-қатынас үрдісі, қарым-қатынас, жанжалды тиімді шешу қабілеті, ауызша және вербальды емес қарым-қатынас құралдарын еркін меңгеру, логикалық және нақты сөйлеу, сыпайылық, әдептілік, әзіл сезімі және т. б.
Коммуникативтік құзыреттілік тәрбиеші-педагогтің кәсіби құзыреттілігінің негізгі құрамдас бө- лігі болып табылады. Ол: қарым-қатынас процесінде адамға ақпаратты еркін қабылдауға және жіберуге мүмкіндік беретін сөйлеу дамуының жоғары деңгейі; белсенді тыңдау қабілеті, кері байланыс құру; қарым-қатынастың вербалды емес тілін түсіну; сұхбаттасушыны тұлға ретінде дұрыс бағалау және осы бағалауға байланысты өзінің коммуникативті стратегиясын таңдау мүмкіндігі; жағдайға сәйкес әрекет ету және оның ерекшелігін өзінің коммуникативті мақсаттарына жету үшін пайдалану, сұхбаттасу- шыда оның жеке басын жағымды қабылдауды ояту.
Тұжырым
Қорыта келгенде, коммуникативті құзыреттілік — басқа адамдармен қажетті байланыстарды ор- нату және қолдауға деген қабілеттілігі. Коммуникативті құзыреттілік — бұл басқа адамдармен өзара әрекеттесудегі вербалды және вербалды емес (мимика, дене тілі) қатынасқа түсу дайындығы мен қабі- леттілігін көрсетеді. Демек, коммуникативті оқытудың барлық әдістері байланыс орнату, қарым-қаты- настың сәтті формаларын табу қабілетіне негізделеді.
Коммуникативтік дағдылар тәрбиеші–педагогтің құзыреттілігін құрайтын маңызды психология- лық сапаларды дамытады. Оларға педагогикалық әдептілік, педагогикалық эмпатия, педагогикалық әдептілік, педагогикалық этикаға ие болуы жатады.
Тәрбиеші–педагогтің мәдениеті — оның сөйлеу әрекетінің мәдениеті, ол негізінен жеке сөйлеу мен тілдік нормалар арқылы жүзеге асырылатын этикалық және коммуникативті нормаларға сәйкестігі тұрғысынан бағаланады.
Коммуникативтік мәдениет кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың, дамытудың және іске асыру- дың маңызды шарты және барлық құзыреттілік пен біліктілік сипаттамаларына елеулі әсер ете отырып, тәрбиеші–педагогтің жалпы және кәсіби мәдениетінде орталық орын алады және оның мақсатты қа- лыптасуы жеке дамудың басым бағыты болып саналады.
Бірақ коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру оның барлық компонентте- рінің жиынтығында болуы қажет, атап айтқанда:
- сөйлеу құзыреттілігі — сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрінде (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) коммуникативтік біліктерді жетілдіру);
- тілдік немесе тілдік емес мінез–құлқын жоспарлау қабілеті;
- тілдік құзыреттілік — бұрын зерттелген материалды жүйелеу;
- коммуникативтік мақсатта тілдік бірліктермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- әлеуметтік-мәдени құзыреттілік — көп тілді елдердің әлеуметтік–мәдени ерекшеліктері туралы білім көлемін арттыру;
- оқу–танымдық құзыреттілік — жалпы және арнайы оқу дағдыларын дамыту, оны игеру бойынша оқу қызметін жетілдіруге, оның көмегімен білімнің басқа салаларындағы танымдық қызығушылық- тарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ғылыми әдебиеттерді талдау тәрбиеші-педагогтердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын қарастыру қажеттігін көрсетті.
Әдебиеттер тізімі
- Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіз- дері: моногр. / К.С. Құдайбергенова. — Алматы, 2012. — 340 б.
- Марченко В.А. Профессиональная компетентность педагога ДО [Электрoный ресурс]. / В.А. Марченко. — Режим доступа: https://nsportal.ru/detskiy-sad/raznoe/2016/10/05/ professionalnaya-kompetentnost-pedagoga-do.docx.
- Майер А.А. Модель профессиональной компетентности педагога дошкольного образования. [Текст] / П.А. Майер // Основы педагогического менеджмента. — 2007. — № 1. — С. 35–57.
- Соколова В.В. Культура речи и культура общения / В.В. Соколова. М.: Просвещение, 1995. — 190 с.
- Сысоева Е.Ю. Коммуникативная культура преподавателя вуза: учеб. пос. / Е.Ю. Сысоева. — Самара: Изд-во Самар. ун-та, 2014. — 144 с. — Режим доступа: http://repo.ssau.ru/bitstream/Uchebnye-posobiya/Kommunikativnaya-kultura-prepodavatelya-vuza-Elektronnyi-resurs-ucheb-posobie-dlya-vuzov-o-progr-dop-kvalifikacii-Prepodavatel-vyssh-shk-vyssh-prof- obrazovaniya-68085/pdf.
- Синаторов А.Л. Культура речевой деятельности педагога. [Электрoнный ресурс]. / А.Л. Синаторов, О.Н. Андреева, Н.А. Степанова. — Текст: непосредственный // Теория и практика образования в современном мире: материалы Х Междунар. науч. конф. (г. Чита, апрель 2018 г.) — Чита: Изд-во «Молодой ученый», 2018. — С. 110–112. — Режим доступа: https://moluch.ru/conf/ped/archive/277/13969/ Дата обращения: 11.12.2021
- Мирза Н.В. Профессиональная компетентность педагога: моногр. / Н.В. Мирза. — М.: Изд-во «Независимое литературное агентство «Московский Парнас», 2008. — 256 с.