Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Мен де оны тырнағынан таныдым...» (Абайдың астарлы сөздері)

Мақалада бүгінгі таңда абайтану іліміне қатысты ең өзекті мəселелер көтерілген. Абайдың өлеңдері текстологиялық-мəтіндік тұрғыдан талданып, ғылыми пайымдаулар жасалған. Абайдың азаматтық көзқарасына қатысты осы уақытқа дейін теріс түсіндіріліп, не бұрмаланып келген оқиғалардың астарын ашатын өмірлік деректерге негізделіп ұсынылған. Абайдың жеке өміріне қатысты зерттеулер мен естеліктердегі мағлұматтар архив мұраларымен салыстырылып, бір ізге түсіріліп, авторлық көзқарас тұрғысынан сараланған. Сонымен қатар, абайтану іліміне қатысты кейінгі жарты ғасырда айтылып жүрген əр түрлі сыңаржақ пікірлерге тойтарыс берілген. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» мен «Біреудің кісі өлсе — қаралы ол» жəне «Бай сейілді, бір бейілді» мен «Бойы былғаң, сөзі жылмаң», Сегіз аяқ» өлеңдеріне мəтіндік талдау жасалған. Мазмұндық қолданысына қатысты сыңаржақ пікірлер айтылған сөз, сөз тіркесі, өлең тармақтарына түсініктеме жазылған. Мысалы, қиуа, ақ шом, табытын қаққан, баспақ, саспақ т.б. сөздердің қолданылу аясы, контекстегі мағынасы сараланған. Ақынның жарық көрген шығармалар жинағында берілген мəтіндік түсініктемелер де назардан тыс қалмаған. Мəтіндік талдаудың ғылыми бірізділігі жайлы да өз тұжырымдары ұсынылған.

Кіріспе

Даналардың ойы қашанда жұмбақ. Олар өздерінің емеуіріні мен сөз астары арқылы адамзаттың ойына мəңгілік ақыл азығын қалдырады. Ал көркемсөзде бұл ерекше тамырланып, барған сайын шорлана бермек. Шекспирдің «Быть или не быть!» («Гамлет»), Гетенің «Тыншығарсың сен-дағы» («Қараңғы түнде тау қалғып»), Пушкиннің «Мен де оны құлағынан таныдым, Ол да мені тырнағымнан таныды» («Евгении Онегин»), Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла!» – деген ұғымдарының астарын сарқа саралап, сарасын таптық деген сөзуар мен ойсоқтыны кездестіргеміз жоқ [1; 34]. Бұл ұғымдар жаңа заманның тумысымен түрленіп, бұрынғыдан да тереңдеп, мағыналанып, тамырланып барады. Шекспирдің шындықтың бетін ашуға ұмтылған сұрағы қазір «жаһанданып», философтар мен физиктердің, теологтардың түйсігінше ғаламдық ұғымдағы тектің тетігіне тіреліп, жаратқанға қаратылған қисынмен қиыстырып жүр. Гете дегдардың жігіт кезінде аңшының лашығының есігіне жазып кетіп, ұмытылып қалған өлеңін, қартайғанда өзі оқып, солқылдап тұрып жылағанын, нені еске алып күңіренгенін ұқыпты неміс зерттеушілерінің өзі сан- саққа балайды.

Оған қарағанда, ХІХ ғасырдағы бүкіл орыс қоғамының салтанатты тоқырауын кекесінмен астарлаған Пушкиннің өлеңіндегі: «Мен де оны құлағынан таныдым, Ол да мені тырнағымнан таны- ды», – деген емеуірінін түсіндіру оңайырақ. Салтанатты думанның ішінен қылт ете қалған «құлақ» — кəдімгі халық ауызындағы қалыптасқан «салпаңқұлақ», яғни, жандармерия тыңшысы. Атын атап айтсақ, атақты алаяқ жазушы, баспагер, 1812 жылғы Отан соғысының жауынгері Булганиннің «құлағы». Демек, Пушкиннің пайымдауынша, ол — сол салпиған құлағын жымыра жасырып, елдің өзін мазақтап тұрғанын түсінбейтін нағыз миқұла есек. Ал тырнағынан танылып тұрған арыстан — ақынның өзі. Демек, өр кеуде ақынның: «Сен — есексің, мен — арыстанмын. Сені мысыммен-ақ ба- сып тұрмын» — дегені. Бұл — өлеңнің жай ғана бергі астары, ал түпкі нысанасы — барлық қоғамға тəн түйсіксіз ажырық аран [2; 45]. Ауыспалы осы мағына Чадаевтан бастап күні бүгінге дейін Ресейдің аңғарлы зиялыларының астарлы тұспалына айналды. Көркем сөздің тұздығын келтіріп, ащы ойдың кермегін таттырып, емеуіріннің əсерін асырып келеді. «Құлағынан көрініп тұр емес пе», «тырнағынан танылды», — деп емеуірін танытсаң-ақ жетіп жатыр, айтар ойыңды одан əрі талдап, түсіндіріп, сұрап жатпайды. Мұндай таңдайының астына тиек қойған уытты сөздер мен тіркестер, астарлы ұғымдар мен емеуіріндер қазақта да қадау-қадау. Алысқа мекземей-ақ, бір «Абай жолының» өзінен-ақ ондап мысал келтіруге болады. Ал бұл ретте дана Абайдың жөні тіпті басқа. Əзілдің өзін астарлап айтатын, туысына да тұспалдап сөйлейтін, ішіндегісін емеуіріннен біл дейтін қазақ үшін мұның өзі үлкен ілім əрі жоралғы жоба. Оны ажыратпай ой адымын аттай алмайсың. Жоғарыдағы Шекспир мен Гетенің Пушкиннің емеуіріндерінің астары мен шығу тарихына, тарихи текстологиялық сипаттамасына, əлеуметтік астарына қатысты түсініктемелер мен зерттеулердің анықтамалық көрсеткіштері түзілген. Сондықтан да, ол даналардың «жасырын жұмбақтары» толық шешілмесе де, олардың нені мекзегені туралы молынан хабар алатындай ғылыми негіз жасалған.

Бұл өте өнегелі жəне үрдіс алатын ұстын. Себебі, данышпандардың əр сөзінің астарынан мағына іздеп, оны ұлттық идея дəрежесіндегі ұстанымға айналдыруға ұсыныс етіп жүргендердің саны біреу емес, бірегейлене бастады. Ал идея таза да адал түсінік, онда жасырын бейіл мен пейіл араласпауы тиіс. Яғни, ұлттық идея саф қалпында сақталуы керек. Абай позиясының астарлы мағынасы ашылып, «сырты күміс, іші алтын, айналасы теп-тегіс жұмыр келіп, бірыңғай келісім тауып» тұруы қажет.

Зерттеу əдістері

Ақын шығармашылығын зерттеуде əр түрлі əдістер қолданылады. Соның бірі тарихи тұлғаны зерттеудегі жүйелеу, талдау, салыстыру əдістері. Сонымен қатар логикалық талдау жəне талдау мен синтез, тарихи-жүйелік əдістері қолданылып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы астарлы сөздерге түсініктер берілді.

Нəтижелері мен оларды талқылау

Даналардың шығармалары — күрделі көзқарасқа негізделген құбылыс болғандықтан да, олардың түпкі қозғаушы күші мен көркем ишарасының бұрмаланбай жетуі неғайбыл. Қазақта Абайдан көп басылым көрген ақын, зерттелген данышпан, зерделенген ғұлама жоқ. Алайда соңғы жүз жылдың ішіндегі басылымдар мен зерттеулер, текстологиялық салыстырулар мен өзгертулер, дəйектемелер мен тұжырымдар үнемі бір бірімен қайшыласып, не қарама-қайшы келіп, бір-біріне «тура келмей, қырын келіп» жатады. Бірыңғай сипатта тұтастық ала бағаланған туындыны табу қиын. Тұспалды мəтіндер — ұлттық рухтағы ақындардың бəріне тəн. Бұл əдебиеттану іліміндегі теориялық, тілдік, текстологиялық шетін мəселе. Бірақ та дəл Абай сияқты шығармашылығы тұтастай «жұмбақ мəтіннен құралған» ақын қазақта сирек. Заман ағымы, оқырмандардың тілді қолдану қоры, көркем мəтінді қабылдау қабілеті, əсерлену тəсілі, елестету мүмкіндігі, сезіну жүйесі, жеке сөзді түсіну аясы мүлдем өзгеріп барады. Архаизм сөздер ғана емес, бүтіндей бір шумақтар бұлыңғыр тартып, өлі тіркес қалпында көз қарықтырады. Оларды түсінбей, не түсіндірмей Абайдың жүрегіне терең бойлай алмайсың. Басқаны былай қойғанда, күнде радиодан естіп, əбден құлаққа жатық болған: «Алыстан сермеп, жүректен тербеп, шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп қайырған», – деген өлең жолдарындағы: «Қиуа» деген сөз қандай астармен қолданылып тұр» – десе не деп жауап берер едіңіз? Əр сөздің түсіндірмесін компьютерге түсіріп алған қазіргі есепшіл, əсершіл жасты жалпы өлеңнен алған əсермен уата да, сендіре де, тіпті, дəлелдей де алмайсың [1; 423].

Шындығында да, осы Қиуа деген не мағына береді? Хиуа — кезінде қазақ үшін экзотика болған шаһардың аты. Алыс, тосыннан кездескен адамды: «Хиуадан кездескен қарағым-ай» — деген. Ал он- да неге «шабады, қисынын қалай табады, тағыны неге қайырады?» — деген сұрақ туады жəне айдаладағы шаһардың тағы аңға қандай қатысы бар? Көркемдік те, өмірлік те логика қайсы? Біздіңше, кезінде бір рет пікір таластың негізіне айналып, іле жауапсыз қалып, қанша тестологиялық салыстырулардан өтсе де, жинақтан жинаққа Қиуа болып өзгеріссіз келе жатқан дəл осы «Хиуаның» осы араға килігуінде ешқандай логика жоқ. Бұл ешқандай «Хиуа» шаһары да емес, Абайдың «Бүркітші» атты өлеңіндегі кəдімгі — қиын қия, қиян деген сөз. Саятқа шыққанда түлкі бұтаға бұғып, жартасқа тығылып, қиын-қыстаулы шатқалға түсіп кетпес үшін қағушылар қиын-қиын жерге тосқауыл қойып, аңның алдын орап, жасқап тұрады. Ашыққа шыққан соң ғана қыранның томағасын сыпырады. Қансонардан шабыттанып, «алыстан сермеп, жүректен тербеп, шымырлап бойға жайылған» кезде ғана ақын «қиыннан (құз-қиядан) шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп қайырады», яғни, «қуатты ойдан бас құраған» өлең шумақтарын қағазға түсіреді. Көшпелі өмірдің тоятты шағы да осы қансонар. Ендеше, жинақтан жинаққа ауысып келе жатқан Хиуамыз қай Қиуа? Орынсыз ас- тарлы экзотика мен символика іздеп, көшпелілердің көркем көрінісінен көз жазып қалғанымызды өзіміз де қызды-қыздымен аңғармай қалған сияқтымыз. Демек, біз бұл мысал арқылы, астарсыздан астар іздеген əсіре əсердің жетегінде кеткенімізді анық байқаймыз.

Кезінде осы «Сегіз аяқтағы»: «Күпілдек мақтан, табытын қаққан, аңдығаны, баққаны» — деген жолдардағы «табытын қаққан» дегеннің мағынасын түсінбей, оны өзге де Абай өлеңдерін өзгертудің үйреншікті жолына салып, «тағыны қаққан» (аң қаққан) деп өзгертуге ұмтылғандар болған. «Неге бос тұрған табытты қағады, қазақ аңды қағады» – деп «ғылыми сипаттама» берушілер де табылған. Ақырында М. Əуезовтің де қиналыңқырап барып: өлім азайып, жаназа шығару тоқтап, мешіт қайыр- садақасыз қалғанда, мəйіт жөнелтушілер табытты таяғымен қағып, қаза тілейтінін — айтып, Абайдың дұрыс қолданғанына көз жеткізіп, арнайы түсініктеме беріп, өзгерісті тоқтатқан [3; 24]. Əйтпесе, қазір біз осы күндері: «Күпілдек мақтан, тағыны қаққан» — деп тақылдап жүретін едік. «Табытын қаққан» мен «тағыны қаққанның» арасындағы көркем жəне мағыналық астарлы айырмашылық пен əсер қуатының əр күйге түсіретін тітіркендіруші күшінің поэзиялық шамырқанысын терең сезінбес едік. Ал «табытын қаққан» деу арқылы Абай танымдық тұрғыдан да, бейнелік тұрғыдан да адамды шіміркендіріп тұр. Күпілдек мақтан иесі мен табытты қаққан мəйітшінің пиғылы мен қимылы тұтаса келіп, соншалықты жеккөрінішті қосарлы жағымсыз образға айналған. Мұнда көркемдік қисын да, қиыннан қиыстыру да, қосарлай астарлап шенеу де бар.

Осындай қосарлы астарлау мен тіркес арқылы күрделі əрі сол тұстағы көшпелі өмірде əркім аңғара алатын, дəл қазір архаизмге айналып кеткен қос тармақтар Абайда жиі қолданылады. Тіпті кейде екі өлеңді салыстырып оқып, ақынның сол сəттегі көңіл-күйі мен күйттеген ойын тауып алып, əр қайсысын бұтарлай талдамаса, бірінің əсері екіншісімен үйлесіп, жаңғырығы жаңылыстыратын, тіпті, көзқарасыңды өзгертіп жіберетін туындылар бар. Соның қатарына «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» мен «Біреудің кісі өлсе — қаралы ол» жəне «Бай сейілді, бір бейілді» мен «Бойы былғаң, сөзі жылмаң» өлеңдері жатады. Мұндағы идея да, тақырып та, көңіл-күй де, буын да, ішкі ырғақ та, көркемдік, түрлік əдіс те бір-біріне сарындас. Шумақ аңдып оқымаса, біріншісінде айтылған: «Танымадық, жарымадық, Жақсыға бір іргелі» — дегеннен кейін: «Байы — баспақ, биі — саспақ, Əулекі — аспақ, сыпыра қу» – деп жалғастырып айта берсең, екеуінің екі өлеңнің үзіндісі екені байқалмай да қалады. Объекті де, əсер де, шығарушы да бір болғандықтан, бірінің ассосативті əсері екіншісімен заңды түрде сарындасып, жарыса əсер қалдырады.

Зерделеп, саралап, автордың көзқарасы мен өлеңдегі басты нысандағы адамды қамырдан қылды сурытпақтағандай етіп тартқанда ғана ақынның нақты ойы ашылады. Ажыратып қарасаң, екі өлеңнің кейіпкері екіұдай нақты адам. «Бай сейілдідегі» лирикалық басты жағымсыз кейіпкер — «тар ниетті, өз елін өзі төрден үрген ит құсап аңдыған» пəлеқор, «бейілі шикі, ақылы күйкі», «басы мен аяғы бір есеп» итаршы болыс. Аласапыран науқаншыл, асыра сілтеуші, шаш ал десе — бас алған бүгінгі орындаушы үгіт-насихатшылар мен мəслихатшылар. «Бойы бұлғаңдағы» басты мүскін — бай адам, ал оны сорған жағымсыз міскін — қағынған қара өкпелер, бүгінгі тілмен айтсақ, бопсашы рекеттер, делдалдар, үстеме ақы қосатын ысқаяқтар. Алдыңғы өлеңде елдегі сияз бен ойдағы ояздың арасындағы құйыршық билік иесін кекетеді. Екінші туындыда Абай адал малына иелік ете алмай, «бойы бұлғаң, сөзі жылмаң, түзде мырзаң, үйде сырдаң, адам аулап, сыпыра жаулап, байдың атын саудалап, алмалап» жүрген «кедейі — ер, кеселі зор, малды байдан сорлы жоқ сыпыра жылмаңды» суреттейді. «Ел қағынған соң, мал сабылған соң: байы — баспақ, биі — саспақ, əулекі — аспақ, сы- пыра қу» болды дейді ақын мал иесіне жан тартқан сыңай танытып.

Зерттеушілер осы екі өлеңдегі екіұдай кейіпкерді жинақы бір образ ретінде талдап, басты кейіпкер есебінде зəлім байдың кескінін сүлдер етеді. Біздің аңғаруымызша, екінші өлеңде «өз малы- на өзі ие бола алмай отырған» сорлы байға ақынның жаны ауырады. Кеселі зор бопсашыл кедей тұрғанда, оған «еш көмектің, жемдемектің, босқа əлектің орыны жоқ. Сондықтан да, «байы — баспақ, биі — саспақ» — дейді. Ал осындағы «баспақ» пен «саспақ» деген не? Неге байды — баспақ, биді саспақ — дейді? Ешқандай компьютер де, интернет те оған түсініктеме бере алмайды. Бұл мəтінді оқырманға қалай ұғындырамыз? Өлеңнің ырғағы мен көңіл-күйін бағып отырып, əйтеуір бір жағымсыз ұғым екенін топшылаймыз.

Өткен өмір, кеткен күндердің бір жазында көл жағасында сырбаз сөздің иесі Аманжан Жақып ақын мен белгілі пəдіретші Қуаныш екеуінің осы мəселе жөнінде пікір іздестіріп, ел арасынан соның мағынасын қузап жүргенінің куəсі де болғаным бар. Ақыры ол таласқа өзім де араласып кеттім. Абай: бай мен биді неге баспақ пен саспақ — дейді жəне оларды жақтап отыр ма, ақтап отыр ма? Бұрын — «баспақ» дегенді қорғаншақ, аямшақ, шешімсіз деп түйсінетінмін. Ал «саспақ» дегеннің түбірін «са- судан» туындатып, бүгінгі алған парасы жария болмай тұрғанда, асып-сасып үкім шығаратын парақор əрі жылмақай биді — сотты мекзейтінмін.

Ал, сөздің түпкі тегін іздесек, ол былай екен. Баспақ — қара мал атауы. Екіншіден сиырдың екі бақайының арасына шығатын кесепатты жұқпалы бөрткен. Мал аяғын баса алмай, баспақтап қалады. Ақыры асқына келе еті қарайып, қанталап, арам қатады. Сонда Абай өзіне де, еліне де пайдасы жоқ, тəуекелсіз қорғаншақ, ақыры «сабылатын малды» «айтты — көндім, алды — бердімге» салып отырған шарасыз байды мекзеп отыр ма? Нағашым, марқұм Серік Жентбайұлы Қоспақовтың пайым- дауынша: баспақ деп — аттың терісінен жасалған, ауызы бүрілген шөншікті айтады. Байлар өзінің қолына түскен құнды бұйымды шөншіктің тар ауызы арқылы соның ішіне баспалап, нығарлап сала береді. Ырысым шашылады деп ырым етіп, оны ашпайды. Кейін не тыққанын ұмытып та қалады. Сараң байлар өлген соң ғана əлгі баспақты тіліп ашады. Абайдың мекзеп отырғаны осы баспақ, яғни, сараңдық болуы да мүмкін.

Қош, баспақтың мағынасы мұнымен де таусылмайды екен. Мені, яғни, абайтанушы деп жүрген жиенін сыннан өткізбекші болған-ау, ертеңінде осы əңгімені нағашым тағы да ортаға салып, бір тəмсіл айтты. Аманжан ақын оны қостады. Нағашымның бұл жолғы айтуынша: баспақ — деген саулыққа семіздіктен келетін дерт екен. Көктемде күйлі саулықтардың іш майы мен ішегі төлге ора- тылып, бунақталып қалатын көрінеді. Сөйтіп, семіздіктің кесірінен саулық та, төл де шығасыға, бос расуаға жатады. Абайдың мекзегені осы баспақ. Байдың жеке басы күйлі-қуатты, бірақ оның өзінен де, байлығынан да не өзіне, не елге пайда жоқ. Сондықтан да, «еш көмектің, жемдемектің, босқа əлектің орны жоқ» — деп отырғаны анық. Ал біз осының қайсысына иланамыз. Қалай десек те баспақтың беті ашылды. Əйтеуір туытында тұншыққан тұмса байлықты мекзеп, астарлап айтады екен. Ал «саспақ» дегеніміз — біздің түйсігімізге мүлдем жат, бүгінгі ұрпақтың түсіне де кірмейтін ұмытылған ұғым болып шықты. Көшпелі жұрт төрт түліктің жайын, ауа райын, алдағы қыстың жұмсақтығы мен қаталдығын, көктемнің ұзаққа созылар-созылмасын көршісінің қас-қабағынан бетер жіті аңғарған. Өйткені, ырыс-құты, өмірі мен өрісі соған тікелей қатысты болған. Сондықтан да, көктемде жұтап қалмас үшін күйектің уақытын қатаң белгілеген. Уағынан ерте саулық пен ешкінің мазасын алатын қошқар мен текеге күйек байлап, саяқ ұстаған. Күйек шыбығын қажап, белі сыздаған, үсті сатала-сатала, əр нəрсеге бір ұрынып, бақылдап, қадірі кеткен сідік сасыған текені «саспақ» деп атапты. Енін тартып, ақтап жіберуге болмайды, ешкісі төлсіз қалады. Сүйкімі мен тыныштығы тағы жоқ ол текенің. «Ақы берген, айтса көнген, тыныштық іздер ел де жоқ» – деп ойын дамытып отырғанына қарағанда, Абай билерді саспаққа теңеу арқылы, би сайлайын десе — сиязға ерте, сайламайын десе — бақылдап əкетіп барады, мүлдем сайламайын десе — бисіз қалады. Ал мы- на бидің құр домбытпасы, күпілдегі, жалған сөзі, сатымсақ билігі, жұтуын — жұтып қойып сіңіріп үлгермеген парасы дүмін бүлкілдетіп, сол арадан жылдам кетіп қалуға асығып-сасқаны əлгі күні-түні орынсыз бақылдаған теке сияқты сүйкімін кетірген. Бірақ, жұрттың шыдамасқа амалы жоқ, еріксіз көнеді — деген ишараны өлеңмен астарлап жеткізсе керек. Шындығында да, биліксіз шолақ белсендінің сазайын бір халық тартса, ол осы қазақ жұрты шығар. Өткен ғасырдың елуінші жылдарына дейінгі естиярларға түсінікті болған, дəл қазіргі кезде архаизмге айналып кеткен шумақтың бірі Абайдың «Күз» өлеңіндегі: «Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен» — деген жолдардағы «ақ шомшы» деген сөз. Барлық басылымдарда оған: «Астық екпеген ел басқа елге түйемен барып астық алып қайтады, сонда түйе бос барады да, шом артады» — деп сілтеме жасалған. Жалпы ұзын-сарыны бұлдыр-бұлдыр елес бергенімен де, екіұшты мағынасыз көріністі көз алдыңа əкеледі. Осыдан біраз жыл бұрын «ақ шомды» басқаша пайымдаған жазушы, марқұм Кəрібай Ақметбектің көлемді мақаласы «Егемен Қазақстанда» да жарияланды. Ондағы «Ақ шомның» ұғымы қиыстау түсіндірілген сияқты. Ақ шомды тура жəне бейнелі мағынасында екі түрлі түсіндіруге болады. Бірінші, «Ақ шом» — тұрмыстық, əлеуметтік, экономикалық термин. Ол көшпелілердің сонау əлмисақтан бергі өмір сүруінің бір формасы əрі тіршілік кепілі. Жібек жолының алтын өзегі. «Ақ шомның» басы, шығыста: сонау — Алтайдан, Тарбағатайдан, солтүстікте — Ібір-Сібірден, батыста — Еділ-Жайықтан, Дөң мен Азаудан басталады. Шеткі, түпкі ауыл ерте қамданады. Шығатын мезгілі ерте хабарланады. Соған орай белгіленген «Ақ шомның» жолында отырған ел-жұрт ығысып, жолдан көші-қонын жырақтатады. Ал, əр ауылдың кірешілері түкпірден шыққан «ақ шомшыларға» жолай қосылып, қайтқан қаздар сияқты тізбекке ұласады. Əр ауылдың керуенінің өз сəні өзінде. Құрметпен көрісіп, сый-сияпатпен шығарып салады. Базардан қайтқандағы «базарлықтың» жөні бір басқа, əркім қиырдағы құда-жекжатына, нағашы- жиеніне, жезде-балдызына, бауыр-бөлесіне сарқыт беріп, қыстан аман-есен өтуіне тілектестігін білдіріп жатады. Сол көшпен ұзаққа ұзатылған қыздарының жағдайын біліп қайту үшін құда балалар ақ шоммен ілгер-кейінді еріп те кетеді. Міне, сөйтіп, «Ақ шом» — көшпелі жұрттың тілінің, ділінің, тілінің, ұранының, ынтымақ-мүддесінің бірлігінің кепілі болған. Оған мысал: біздің жыл қайыруымыздан бұрын-ақ жағырапия ғылымының атасы Страбон: «Көшпелілердің батыстан — шығысқа, солтүстіктен — оңтүстікке созылып жатқан сауда жолы бар. Бұл жолды олар көзінің қарашығындай сақтайды. Оған қауіп төндірген елді жермен жексен етеді. Өйткені бұл олар үшін өмір жолы. Ол бұзылса — бүкіл көшпелі экономика бұзылып, аштыққа ұшырайды. Өйткені сол жолмен олар қары қалың жаққа астық тасиды, жазда тері-терсегін өткізеді» — деп жазған болатын [4; 188]. Бұл «ақ шом» көшпелі экономикасы қашан Ресейдің жəрмеңкелері ашылғанша толас тапқан жоқ. Күзде тері-терсек, жүн теңдеген, жолай əр ауылдан қосағына жетек атан қосылған түйелер керуені қаздай тізіліп оңтүстікке бет алады. Олар əлмисақтан бері белгіленіп қойылған, ата-бабасы «Ақ шом» заңы бойынша уағдаласқан елге барып, тері-терсегін былтыр келісілген уəде бойынша өткізіп, тиесілі астығы мен бұлды алып қайтады. Алушы да, сатушы да, керуенбасы да, ауыл да өзгермейді. Бірі — одан басқаға өнім өткізбейді, екіншісі одан басқаға сатпайды. Өйткені, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан сауда заңы солай. Екінші жақтың шығынға не аштыққа ұрынуы мүмкін. Сонда, отырықшы жұрт, өзінің тұтынушысына тегін несие беріп, қоңсыма жəрдем — деп тегін базарлық, яғни, сəлем-сауқыт жолдайды. Кім де кім себепсізден себепсіз уəде бұзса, аса үлкен айып төлейді. Сондықтан да, келісілген уақытта түйеге қом салынып, дер кезінде аттанады. Міне, Абайдың: «Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен» – дейтіні осылар. Екінші бейнелік мағынасында: аспандағы қаз бен тырнаның жердегі суретіндей болып тізіліп бара жатқан керуеннің күздің бір уақыт белгісіндей болған əсем көрінісін суреттейді. Бұл сурет «Абай жолында» сондай əсерлі бейнеленген. Сондықтан да, кейбір түсініктемелер мен жоғарыда аталған мақалада айтылғанындай «ақ шом» дегенді кəдімгі түйелі көшпен, ақ жəне қара шомның түсімен шатастыруға болмайды. Мұнда көшпелі əлемнің өмір сүру қажеттілігі мен эстетикасы, мерзімдік өлшемі жатыр. Біз жоғарыда Абайдың қосарлы тақырыптас, қыстырмалы астарлас өлеңдерінің қатарына «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» мен «Біреудің кісі өлсе — қаралы ол» туындысын жатқызған болатынбыз. Бұл өлеңдердің шумақтарын бір-біріне ауыстырып қолданса, еш ағаттық байқалмайтыны да рас. Басты идея: сөздің патшасы мен сарасы — өлең, ал өлеңде сол өлеңнің ұлы талап пен оның астары туралы: «Сөзге — жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деп бастап, екіншісінде: «Сөзі тəтті, мағынасы түзу келсе, Оған кімнің ұнасар таласуы» – деп жалғастырып отырады. Зерттеушілер мен түсінік берушілер осы екі өлеңді талдағанда, міндетті түрде, бір пікірді тілге тиек етіп, бірегей де бірбеткей тұжырым жасайды. Тағдырдың жазуы солай ма, жоқ, заман екпiнi ме, əлде адамдардың ала мысық пейiлi ме, басынан дау арылмайтын бiр тұлғалар мен түйнекті тіркестер болады. Екi жүз жылдың iшiнде екi жаhангер империяның қысымын көрiп, өзі өлсе де өлеңі қудаланудан көз ашпаған, бiрақ екi заманның екпіні де ештеңе iстей алмай, керісінше барған сайын тұлғалана түскен, «дулатуы мен шулатуын» қоймаған тұлғалардың бiрi — Дулат пен Шортанбай ақын жəне Абайдың осы екеуін ауызына алған сөзі. Ресей мен кеңес үкіметiнiң күшi келмеген Дулат пен Шортанбайды үшiншi бiр күш — қазақ қауымдастығы қазақы қазымыр тəсілмен жіліктеп жатыр. Жəне бұл Дулат пен Шортанбай үшін ең қауiптi кедергі болмақ. Осы бағыттың беті бері қарамаса, Абайдың өзi аузына алып, ұстаз тұтқан Дулаттың, Шортанбайдың түте-түтесі шығып, олардың мұрасының «бірі — жамау, бірі — құрау» боп, түк те қалмауы мүмкiн. Бұл түйткіл Абайдың туғанына 150 жыл, Бұқардың туғанына 300 жыл, Дулат пен Шортанбайдың туғанына 200 жыл толуына орай өткен, қазіргі күнде өтіп жатқан, алдағы уақытта да өтетін ғылыми мəжілістерде тиянақталуы тиіс еді. Алайда ол мəселе байыбымен шешуін таппады. Бұған басты ілгешек болып отырған сөз — астарлап та, астарсыз да тура айтылған жəне абайтанушыларды бір ғасыр бойы сарсаңға салып, əр басылымда əр түрлі жазылып, əр қалай пайымдалып та, хатталып та, жатталып та келген, соны айтып тұрып та көкейіңе күдік ұялайтын, үнемі: олай емес, былай жазылғаны дұрыс — деп түсіндіруге мəжбүр болып жүрген Абайдың:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

Өлеңі — бірі жамау, бірі — құрау.

Əттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,

Кемшілігі əр жерде көрініп тұр-ау! – деген əйгілі жолдары [1; 26].

Мен дəл қазір осы шумақтың басынан кешкен текстологиялық тауқыметіне тоқталып жатқым келмейді. Тек ұзақ жылдар бойы Шортанбай мен Дулаттың, Бұқардың «өлеңінің бəрі — жамау, бəрі — құрау» болып, «кемшілігі əр жерден көрініп тұрғанына» да тоқталмаймын. Шүкір, кейінгі басылымдарда, бəрі емес, «бірі — жамау, бірі — құрау» боп өзгерді. Бірақ, соңғы академиялық басылымдағы «кемшілігі əр жерде-ақ көрінеу тұр-ау» – деп өзгертілгеніне қосылмаймын да, оны қабылдамаймын. Дұрысы, «Кемшілігі əр жерде көрініп тұр-ау» – деген жолдар деп түсінемін. Өйткені «көрінеу тұр-ау» деген тіркес өзгені былай қойғанда, кəдімгі поэзияға тəн үндестік пен ырғақ үйлесімінен ада, тұтқыр. Абайдың өлең сөзге қойған өз шартына сай «тілге жеңіл емес, жүрекке жылы тимейді». Мəселе мұнда да емес. Мəселе, осы өлеңде Абай шынымен де: «Бірі — жамау, бірі — құрау» деп Бұқар жырау мен Шортанбайдың, Дулаттың өлеңдерін айтып, сынап отыр ма? Басты түйткіл осы: «Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап» – деп осы үш дегдарды мекзегені шындық па?

Бұрынғы кезде, Абай осы өлең арқылы: «Дінді, орта ғасырды көксеген Бұқар, Шортанбай, Дулат сияқты бай, феодалдардың жыршыларын, орыс халқының демократиялық мəдениетінің қазақ арасына тарауына, орыс, қазақ достығына қарсы бағытталған олардың идеяларын əшкерелейді», — деп тура осылай сабақтайтынбыз. Тек М. Əуезов қана үшеуін қорғаштай майдалайтын. Қазір не өзгерді? Рас, діншіл, орта ғасырды көксеген, орыстың демократиялық (шындығында, самодержавиелік) мəдениетіне қарсы делінген идеологиялық бағаны алып тастадық. Бірақ, олардың ең қасиетті де құдіретті жырына берілген бағаны баяғыша тəпсірлеумен келеміз. Енді: — Иə, Абай ол үшеуін сынаған, бəрі жамау емес, бірен-сараны ғана құрау. Өйткені Абай жаңа заманға сай поэзия талабын алдыға тартады — дейміз күмілжіп. Менің ойымша, мұның жауабы мүлдем басқаша жəне Абайдың бұл өлеңінің Бұқардың, Шортанбайдың, Дулаттың өлеңдеріне еш қатысы жоқ. Əңгіме, олардың 1880 жəне 1888 жылы басылып шыққан «Өсиетнама» мен «Бала зар» атты жинақтары туралы болып отыр. Оған дəйек, біріншіден:

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» атты өлеңінде бұрынғы ақын-жыршыны мазақтамайды, керісінше, «Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған, Би де тақпақ, мақал бар, байқап қара», – дейді. Демек, өткен күннің ақындарының бетіне күл шашып отырған жоқ. Қайта: «Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ, Ондай жерде сөз айтып болма мазақ. Біреуді — олай, біреуді — былай қарап, Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ», – деп сөзді бөліп жарма, біреудің сөзін асты-үстіне төңкерме, шатастырма. Олай, былай сапырылыстырма – деп сақтандырады. Неге бұл арада сақтандырады жəне өзің де мазақ болма, өзгені де мазақ етпе дейді?

Өйткені, сауатты Абай қазақ жырауларының екеуінің де баспадан шыққан кітабын алып оқыған. Тіпті екеуінің де қолжазба нұсқасы Абайда болуы да мүмкін. Өзге-өзге, Дулаттың өлеңдерін жасынан жаттап өскені, көшіріп алғаны, үлгі тұтқаны анық. Енді сол кітаптағы жəне қолжазбадағы, немесе өзі жатқа білген тұстарды кітаптағы мəтінмен салыстыруы заңды. Тіпті, Абай үшін міндетті іс. 1888 жылы шыққан Шортанбайдың кітабы мен 1880 жылы шыққан Дулаттың кітабын Семейден, не Қазанның өзінен алдырған. Ол кəміл мəселе. Екеуін оқып шығып, екі кітаптағы жазылған сөзді бір- бірімен салыстырған. Өзі жастайынан жаттап өскен жəне үлгі тұтқан Бұқардың, Дулат пен Шортанбайдың өлең-толғаулармен де ойша жолма-жол салыстырып екшеген. Абайдың өзі «сөз танитұғын кісі болғандықтан» да, екі жинақтағы жазылған өлеңдердің арасындағы айырмашылықтарды, Бұқардың сөзінің Дулатқа, Дулаттың сөзінің Шортанбайға, керісінше, Шортанбайдың сөзінің Дулатқа ауысып кеткенін көрген. Ішінен өкінген. Өкінішпен, реніш араласа отырып, өлең сөздің қадірі туралы: «Əттең! Өлең сөздің — патшасы, сөз сарасы еді ғой. Мында құрақ боп басылғаны несі екен», – деп кітаптың əр жерінен көрініп тұрған кемшілікке налыған, ойға қалған. Сөйтіп, қолға қалам алған.

Бұл арадағы сөзіміздің ең басты дəлелі «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» атты өлеңі де тура сол 1888 жылы жазылған. Өлеңнің шығуына басты себеп болып отырған жағдай да сол кітаптың ала-құла құрастырылуы. Шындығында да бір өлеңнің басы бар, аяғы жоқ. Екінші өлеңнің басында үшінші толғаудың аяғы жүр. Ырғағы да, ұйқасы да, мағынасы да, желісі де бұзылған. Бір жерін екіншіге апарып жамаған не құрастырған. Тұтас туынды жоқ. Абайдың өзі айтқандай, қазақ тілі мен жырдың құрылымын, тақырып желісін еркін ажырата алмағандықтан да, шығарушылардың «біреуі олай қарап, біреуі былай қараған», яғни Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жыраудың өлеңінің «бірін — құрау қып, бірін — жамау қып» бастырған. Сондықтан да ашынып: «Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, өлеңі (кітабы деп түсініңіз — Т.Ж.) бірі — жамау, бірі — құрау. Əтттең, дүние-ай, сөз таныр (қазақша емле білетін — Т.Ж.) кісі болса, Кемшілігі əр жерде-ақ көрініп тұр-ау» – деп өкінген.

Жалпы үш ұстазының шығармашылығына емес, олардың жинақтарының жамалып, құралып шыққанына наразы болған. Бұл дегеніңіз ұстаздарын жаппай жазғыру емес, қайта жаны ашу. «Біреудің кісі өлсе, қаралы ол» өлеңінің де түпкі емеуіріні — үлгі. Мадақтау жырының іші сынға емес, жылылыққа толы: «Сүйсінерлік адамды құрмет қыл. Түгел сөзді тұтас тыңда. Əттең, дүние-ай! Шортанбай мен Бұқардың, Дулаттың сөзі мазақ болды-ау. Наданның көңілін ашып, солар үлгі алсын, түзетсін — деп мақсат етіп осы өлеңді жаздым» – деп отыр емес пе.

Ендеше, «сөз түзелді», біздің де көзқарасымыздың түзелетін кезі жетті. Бұрынғы айтылып жүрген əсіре пікірлерді енді мүлдем басқаша бағамдаған дұрыс.

Екінші уəж — Дулаттың ақындығы мен тiлiн зерттеуге ерекше үлес қосқан аяулы ғалым Құлмат Өмiрəлиевтің пікірі. Ғалым өзінің «Қазақ поэзиясының жанры жəне стилі» атты Дулат туралы монографиясында: 1880 жылы Қазан қаласында Мəулекей Юмашков бастырып шығарған «Өсиетнама» жинағындағы Дулаттың өлеңдерін бүтiндей жоққа шығарып, оны Шортанбайдың қанжығасына байлап бередi. Х.Сүйiншəлиев пен Ы.Дүйсенбаевтiң, сол арқылы М.Əуезовтiң Дулат туралы пiкiр-зерттеулерiне мойынсынбайды. Ол «Мəулекей деген бiр қиссашыл молда ақынға сенiп, «Өсиетнаманы» Дулат жырауға қалай таңа салдық?» – деп сұрақ қояды [2; 234]. Оған мысал ретiнде:

Ұл силамас атасын.

Арам сiдiк болған соң, Атасы бермес батасын. Қазы, болыс, хан қойды Қайда бiр некесiз туған шатасын. Өзi қылған өкiнбес, Күнiнде сонан татасың.

Сол заманның кезiнде Қыз силамас шешесiн, Ер жеттiм деп шаштасып, Салыстырып дүниесiн. Старшын қойып, Пысықсыған немесiн, – деген В.В. Радловтың 1888 жылы бастырған жинағындағы Шортанбайдыкі деп берілген мəтінді келтіріп, оны содан сегіз жыл бұрын, яғни, 1880 жылы жарық көрген «Өсиетнамадағы»:

Ұл силамас атасын, Атасы бермес батасын. Старшын, болыс қойыпты, Қайдағы асылзадасын. Өзі қылған өкінбес, Күнінде содан тартасың. Сіз біл деген бала жоқ, Келіні боқтар анасын. Сіздер деген келін жоқ, Өз пиғылыңнан табасың, – деген жолдармен салыстырады.

Егер қазақ өлеңiнiң осындай дəстүрлi сарындастығы мен өзара жалғастығын көшiрмешiге санасақ, онда Бұқар жырау мен Қайып пен Кененнің арасындағы 300 жылда бiрде-бiр ақын қалмайды. «Он жас- та ойнақтаған лақтайсың» деген бір мен жүзге дейiнгi адам жасы туралы салыстырмалы теңеулерді қолданған ақындардың бəрi де көшiрмеші боп шығады. Ал, өзге-өзге Кененнiң «Ақ ешкiсi» мен «Егiз лағы» оның поэзиясының трагедиялық шыңы болып табылады.

Заман ақыр болғанда.

Алуан, алуан жан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты,

Самауыр мен шай шықты («Өсиетнама»).

Мынау ақыр заманда, Алуан, алуан жан шықты. Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты, – деген екі мысал да солай.

Мұндай ұйқасты сөз тіркестер мен теңеулер ауызекі сөйлеу мəнерін меңгерген барлық шешен- дер мен билерге, суырып салма ақындарға тəн.

Екiншi: Құлмат марқұмның: «Өсиетнамадағы» «Шортанбай өлеңiн неге көрмедiк? «Өсиетнама» мен Шал өлеңдерi арасындағы жақындық жайлы неге бiр ауыз пiкiрiмiз жоқ» – деген уəжіне келтіретін дерегі мынадай:

Ата-ананың ақылы,

Қазылған қара жолмен тең. Иманнан көрген қорлығың, Көксіңе біткен шермен тең («Өсиетнама»).

Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың, Лəзім болған іспен тең. Жаманнан көрген қорлығың, Көкірекке біткен шермен тең (Шал ақын) [5; 225].

Ауыз əдебиетi мен айтушы арқылы таралған халықтық жырға осы да ұқсастық па? Əрине, текстологиялық зерттеу керек. Бiрақ. 1. «Өcиетнаманы» баспа арқылы шығарған М.Юмашков Шал ақынды бiлдi ме? 2. Тiлшi ғалым 1970 жылы башқұрттардың қолынан Абайдың қолжазба жинағын тауып əкелдi. Ендеше Дулаттың өлеңiнiң де Ақмолла ақын жырымен қоса таралмағанына кім кепіл?

Үшiншi: «Өсиетнаманы» түгелдей жоққа шығара отырып, ғалым тек Байдiлдə қарттан жазып алған Шəкiр Əбеновтiң нұсқасына ғана сүйенедi. Ал қазiр Дулаттың бұл өлеңдерiн Шəкiр жазған деп шаптығып жүргендер де бар. Шəкір ақынның өз ауызынан жазылып алынып, көзі тірісінде «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған пікірі мынадай:

«– Е, бұлт адамның басына бiр үйiрiлсе қашып құтылмайды екенсiң. 1948 жылы тағы ұсталдым. Сақтаған Бəйiшевтiң соның алдында Мұхтарды, Есмағамбеттi сынаған мақаласы газетке басылған. Соның iшiнде: «Буржуазиялық-ұлтшыл, байшыл ақын Дулаттың өлеңдерiн, «Еспембет» дастанын Есмағамбет Шəкірге əдейi тапсырма берiп жаздырды», – деп сынады. Сол маған айыптау материалы болды. Шуға қарай бой тасалап ем, бəрiбiр, құтылмадым. Тергеушi: «Сен осыларды ойдан шығардым. Ондай ақын жоқ деп бас тарт», – дейдi. Бар нəрсенi қалай жоқ дейсiң. Академияның қолжазба қорына Дулат жыраудың 6000 жол өлеңiн тапсырғаным рас. «Сен қазақтың мұңын Дулат боп жоқтап отырсың. Айт шыныңды», — деп ақырады. Рас, қолжазбаның iшiнде «Бəйбiше туралы», «Тырнақтай кiр қонған соң» деген өз өлеңдерiм қоса тапсырылып кетiптi. Мен Дулатты қалай жоққа шығарамын. Ал «Сабырбай мен Байбаланың» айтысын өңдеп жазғаным рас», – дейді [6; 46]. Үшінші уəжге бұдан артық дəлелдің керегі шамалы. Ендеше: Дулаттың, сонымен қоса Шортанбай мен Бұқардың ақындық рухы мен мұрасын тулақша сүйреткенiмiз жеткен сияқты. Оған Дулаттың да, Шортанбайдың да, Бұқардың да, Абайдың да түгi кетпейдi. Ендi олардың əруағы бiздi тулақша сүйретiп жүрмесiн — дегіміз келеді. Əрине, салиқалы да салмақты зерттеулер мен мəтіндік салыстырулар қажет-ақ. Бірақ, барлық пайымдаулар мен тұжырымдар Дулатты, Шортанбайды, Бұқарды тұқырту үшін емес, тұлғаландыру тұрғысынан жасалғанда ғана аманаттың жолын қиянат кеспейді.

Абайдың астарлы сөздерінің көзге көрініп тұрған үш-төрт түйткілін ғана жеңілдете тілге тиек еттік. Терең талдап, дəйекті талдауға мақала жүгі көтермеді. Алайда бұл ешқашанда назардан таса етпейтін күрделі де маңызды мəселе.

Қорытынды

Сөз өнері саласында қандай да бір қағиданы қатаң ұстанатын ілім саласы бар ма? — деп сұрай қалса, əр қалам иесі, сөзсіз: — текстология, яғни, мəтінтану ілімі — деп жауап берер еді. Кейінгі ширек ғасырда сол ілімнің ыстық-суығын азды-көпті көрген менің өзім де, солай ойлайтынмын. Арнайы дəріс жүргізгенде, дүниежүзіндегі текстологиялық сүзілімдер мен салыстырулар барысындағы əдіс-тəсілдерді жүйелей келіп, оның бұлжымайтын 27 қағидасы бар, сол əдіс-тəсілдің 21 шарты — орыс, 9 əдіс-тəсілі қазақ əдебиеттануында қолданылады — деп тəмсілдейтінмін. Бұған көне қолжазбалардың мəтінін оқуды қоссақ, қазақ ғалымдарының қолданған əдіс-тəсілі 17-ге жуық екен. Одан арғы он тəсілді меңгеруге, əзірше, мұршамыз келмейді, себебі біздің ғалымдарымыздың ғылыми-техникалық тұрғыдан жабдықталу мүмкіндігі шектеулі.

Деп, ой тұжырымдап келсек те, сол санаулы мүмкіндіктердің өзі қазақ əдебиеттану ғылымында арнайы қарастырылып, ғылыми жүйеге түсіп, ілімдік сыпат алмапты. Əр кезеңде, əр тақырыптағы мəтіндік мəселелер туралы жекелеген жинақтар шығып, жекелеген тақырыптық мəселелер қозғалғанымен де, текстологияның өзінің теориясы мен ішкі əдіс-тəсілдері, оны игеру жолдарының ерекшелігі арнайы қарастырылмапты. Біз де оған тереңдеп бармаймыз. Тек, өзіміздің қолымыздағы қолжазбаларды мəтіндік-салыстыру барысында байқаған, жоғарыдағы 27 шарттың сыртында қалған бір мəселеге, тіпті, текстологияның өзі емес, сол текстологиялық талдауға арқау болатын қолжазбалардың тағдырының да мəтінтануға психологиялық тұрғыдан əсер ететін ықпалы болатыны туралы тəжірибені қаперге іле кеткіміз келеді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы / Редакциясын қарап, түсініктерді, жаңа материалдарды толықтырып баспаға дайындаған Ə.Жиреншин — Алматы: Қазмемкөркемəдеббас. — 1961. — 694 б.
  2. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сөздер. 1–2 том / Жауапты ред.: З.Ахметов, С. Қирабаев. — Алматы: Жазушы. — 1995.
  3. Əуезов М. Абайдың туысы мен өмірі /М. Əуезов // Абай. —1992. — № 1–3
  4. Страбон. География: [В 17-и кн.] / пер. с греч., вступ. ст. и комм. Г.А. Стратановского. — М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2004. — 639 с.
  5. Өмiрəлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры жəне стилі. Монография / Қ. Өмірғалиев. Алматы: Мектеп. 1983. — 239 б.
  6. Жұртбай Т. Өмір жылжып барады жүзге қарай. Шəкір Əбенов 90 жаста / Т. Жұртбай // Қазақ əдебиеті. — 1990. — № 7. — 46-56 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.