Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіл біліміндегі өткен шақ түрлеріне қатысты атаулардың қалыптасып, дамуы

Мақала қазақ тіліндегі өткен шақ категориясына қатысты терминдердің қалыптасуын, дамуын зерттеуге арналған. Зерттеу пəніне сəйкес өткен шақ категориясына қатысты терминдер қазақ тіл білімі терминдерінің негізін салушы — Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастап қазіргі кездегі қолданыстағы академиялық грамматикалық еңбекке дейін талданды. Қазақ тіліндегі грамматикалық еңбектердің авторларының өткен шақ категориясының тұлғаларын анықтаудағы, өз ішінен жіктеудегі, оларға атау берудегі ұстанымдары анықталды. Өткен шақты беретін тұлғалардың грамматикалық мағыналарының берілген атауға сай келуі, соған сай жұмсалуы басты назарда болды. Соған сəйкес əрбір термин талданып, грамматиканы меңгерудегі рөлі де айтылды. Зерттеудің нəтижесінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, А. Ысқақов сынды ғалымдардың еңбектерін зерделеп, ондағы ұстанымдарды басшылыққа алуымыз қажет деген қорытындыға келдік.

Кіріспе

Қазіргі кезде тіл білімі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйесінде ғаламның концептуалдану ерекшелігін, яғни тілдің ғаламды қалай жіктейтінін, оны қалай көрсететінін, бейнелейтінін зерттеп, табиғи тілдің метатілге айналу үрдісін тексеруді мақсат етіп отыр. Бұл орайда əсіресе грамматикалық категорияға, яғни сөз таптарына семантикалық интерпретация жасау, семантикалық тұрғыдан сипаттау ерекше маңызды болады. Сөз таптарының когнитивті сипаты тілдің мəнін түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ таным ерекшелігін, тілдің қызметін айқындауға жол ашады. Концептуалды мазмұнды талдамайынша, тілдік формалардың қолданыс ерекшеліктерін түсіндіріп беру мүмкін емес. Адамның болмысты түсінуі таным əрекетінің маңызды үдерістерінің бірі — концептуалдаумен тығыз байланысты. Ол адамның ақпаратты қабылдап, тəжірибесіндегі ең кіші бірліктерді айқындауына, заттар мен құбылыстарды концепт түрінде жіктеуіне байланысты болады. Бұл концептілердің негізгі бөлігі тілде сөз мағынасы арқылы бекиді, сол арқылы білім сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырады. Тілдің сөздік құрамын зерттеу арқылы сөйлермендердің тілінде көрініс тапқан негізгі құндылықтарды айқындауға болады. Бұл орайда тілдің тұрпат межесімен қатар мазмұн межесін де ескеру қажет. Адамның, тұтас халықтың дүниетанымын бейнелейтін адамзат санасы мəдениеті мен тілі арқылы көрініс табады. Тілдік білім морфологияның концептуалды кеңістігінде сақталып, репрезентацияланады. Онда тілдік мағына, категориялар мен тұлғалар туралы білімдер сақталып, ғаламның тілде қалай концептуалданатыны көрінеді.

Негізгі бөлім

Қазақ тілінде өткен шақ — өте күрделі категория болып табылады. Ф.Т. Гришко «Прошедшее время в русском и казахском языках» атты еңбегінде орыс тіліндегі, қазақ тіліндегі шақтардың берілуін салыстыра келіп: «В сравнении с русским языком казахский язык богаче формами прошедшего времени: в нем есть вербальные, причастные и деепричастные формы времени, которые подразделяются на достоверные (очевидные) и недостоверные (неочевидные), на недавно и давнопрошедшие» [1; 3]‚ — дейді. Өткен шақтың бұл ерекшелігі, біріншіден, басқа шақ түрлерімен салыстырғанда, өткен шақтың тілде (тілдік санада) ертерек қалыптасқанын танытса, екінші жағынан, зерттеушілердің өткен шақ тұлғаларын тануда түрлі ұстанымдарды басшылыққа алуына байланысты деп ойлаймыз.

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде өткен шақ тұлғалары 1-кестеде берілген:

1 -кесте

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде өткен шақ тұлғаларының танылуы

Н.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия»

М.Терентьев «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская»

П.М. Мелиоранский «Краткая грамматика казак- киргизского языка»

И. Лаптев «Краткий грамматический очерк казак- киргизского языка»

Н.Созонтов «Записки по грамматике киргизского языка»

Пр. вр. жаздым

Пр. вр. жазды

Пр. вр. I прошедшее -ды/-ді

Пр. вр. прошедшее безотносительное -ды/-ді

Пр. время прош. вр.I.

-ды/-ді

жазыппын

Прошедшее совершенное I:

-ып/-іп

Прошедшее совершенное I -ып/-іп

Прошедшее время II:

-ып/-іп

Прошедшее совершенное II:

-ған

Прошедшее совершенное II: -ған

жазып еді

Давно прошедшее: -ып еді

Прошед. повествовательное:

-ып еді

Прошед. повествовательное (предварительное): -ып еді

Прошедшее время III:

-ып еді

Давно-прошедшее: -ған еді

Давно-прошедшее: - ған еді

Давно-прошедшее II: -ған екен

Условное прошедшее -са еді

Прошедшее предположительное: -р еді

Атаулары əртүрлі болғанымен, зерттеушілер бұрынғы өткен шақ тұлғалары ретінде ып/-іп, ған/-ген, -ып еді, -ған еді, -ған екен қосымшаларын көрсетеді. Бұл бүгінгі тілтанымдағы ұстанымдармен ұқсас. М.Терентьевтің -са еді (условное прошедшее) [2] жəне И.Лаптевтің -р еді (прошедшее предположительное) [3] тұлғаларын өткен шақ көрсеткіштері ретінде тануы шатастырудан туған болуы керек. Давно прошедшее время атауына амал-əрекеттің сөйлеу сəтінен бұрын болып өткені; іс-əрекеттің сөйлеу сəтінен біршама уақыт бұрын болғандығы негіз болса, прошедшее повествовательное (предварительное) (П.М. Мелиоранский [4], И.Лаптев) атауына амал- əрекеттің жалпы түрде болып өткендігі негіз болғанын көреміз.

А.Байтұрсынұлы өткен шақты өз ішінен баяғылық (-ған екен) жəне бұрынғылық (-ушы еді) деп жіктейді [5]. Қ.Кемеңгерұлы өткен шақтың түрлі реңктерін, атап айтқанда, іс-əрекет, қимылдың өте ертеде болуы не жуық арада өтуі, сөйлеушінің оған қатысы, қимылдың өткен шақта тұрақты, қалыпты түрде өткізіліп тұруы т.с.с. мəндерін көрсеткен [6]. Ғалымның өткен шақты жіктеу 2-кестеде беріледі.

2-кесте

Қ. Кемеңгерұлының өткен шақты жіктеуі

Прежде-прошедшее 1-ое

Действие, которое совершилось прежде

Ол сұрап еді

Прежде-прошедшее 2-ое

 

Ол сұраған еді

Прошедшее постоянное

а) действие которое совершилось обыкновенно по обычаю и по привычке

Ол қойын бағушы еді — он обыкновенно пас своих баранов

2-кестенің жалғасы

Давно прошедшее

Действие или состояние давно происходившее

Жоғалтқам — жоғалтқанмын — жоғалтқамын — я давно потерял

Прошедшее не определенное

а) действие или состояние, время совершения которого точно неизвестно по давности или по неопределенности

Сен келіпсің — (когда-то) ты приходил

Қ. Кемеңгерұлының шақ түрлерін, оның мəні мен реңкін түсіндіруі өзіне дейінгі ғалымдардан өзгеше екенін көреміз. Зерттеуші олардың еңбектеріне сүйенгенімен, қолданған терминдерін қайталамай, өзінше атау беріп, шақтардың түрліше мəн, реңкін де өзінше түсіндіреді. Мəселен, ғалым бұрын дағдылы, қалыпты түрде өтіп тұрған істі білдіретін өткен шақ түрін «прошедшее постоянное» деп атаса, əлі толық аяқтала қоймаған істі білдіретін шақ түрін «несовершенное прошедшее» деп атайды.

Қ. Жұбановтың өткен шақты танып, түсіндіруінде де елеулі өзгешеліктер байқалады:

Өткен шақ:

  1. Айғақ өңді өткен шақ: жазыпты
  2. Аулақ өңді өткен шақ: жазған
  3. Мойындау өңді өткен шақ: жазған шығар
  4. Күмəн өңді: жазған шығар
  5. Айғақ баяғылық: жазған екен
  6. Аулақ баяғылық: жазған екен
  7. Əдетше баяғылық: барушы еді, баратын еді
  8. Опық баяғылық: баратын еді
  9. Арман баяғылық: бармас па едім [7].

Қ. Жұбанов өткен шақты тануда амалдың ертеректе не жуық арада өткенін, сөйлеушінің іс- əрекетті өз көзімен көргендей етіп жеткізуін немесе басқа біреудің айтқанына сүйеніп қана айтып отырғанын, сол сияқты қимылдың бұрынғы кезде бірнеше рет қайталанғанын, яғни əдетке айналған іс-əрекет екенін т.с.с. ескеріп, соған байланысты өткен шақ түрлеріне өзінше ат берген. Ғалым өткен шақты тануда амалдың, қимыл-əрекеттің ертеректе не одан бұрын жасалуын негіз етіп алады. Сонымен қатар ғалымның оларды өз ішінен айғақ өңді өткен шақ (-ып), айғақ баяғылық өткен шақ (-ып еді), аулақ өңді өткен шақ (-ған), аулақ баяғылық өткен шақ (-ған екен) деп топтастыруы, яғни сөйлеушінің іс-əрекетке қатысын, яғни субъект өзі істің басында болғандай, өз көзімен көргендей баяндауына немесе өзі басы-қасында болмай, басқа біреудің айтқанына немесе басқа мəліметтерге сүйеніп айтуына қарай жіктеген. Қ. Жұбанов -ушы еді, -атын еді формаларын өткен шақта дағдылы, қалыпты түрде орындалып тұрған іс-əрекет, қимылды білдіретінін ескеріп, өткен шақтың бір түрі ретінде көрсетіп, «əдетше баяғылық» деп атайды. Негізгі мағынасы өткен уақыттағы дағдылы, əдетке айналған қимылды білдіру болғандықтан, ғалым -ушы еді, -атын еді көрсеткіштерін өткен шақ қатарында береді.

Қ. Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтың өткен шақты тануларынан ұқсастықтар бар:

  1. Екі ғалым да амалдың, қимыл-əрекеттің ертеректе не одан бұрын жасалуын негіз етіп алады. Мəселен, Қ.Кемеңгерұлы прежде прошедшее І, ІІ (-ып еді, -ған еді), давнопрошедшее (-ған) деп жіктесе, Қ.Жұбанов айғақ өңді өткен шақ (-ып), айғақ баяғылық өткен шақ (-ып еді), аулақ өңді өткен шақ (-ған), аулақ баяғылық өткен шақ (-ған екен) деп топтастырады.

ə) Екі ғалым да өткен шақты сөйлеушінің іс-əрекетке қатысын, яғни субъект өзі істің басында болғандай, өз көзімен көргендей баяндауына немесе өзі басы-қасында болмай, басқа біреудің айтқанына немесе басқа мəліметтерге сүйеніп айтуына қарай жіктейді.

  1. Екі ғалым да -ушы еді, -атын еді формаларын өткен шақта дағдылы, қалыпты түрде орындалып тұрған іс-əрекет, қимылды білдіретінін ескеріп, өткен шақтың бір түрі ретінде көрсетеді. Қ. Кемеңгерұлы оны «прошедшее определенное» десе, Қ. Жұбанов «əдетше баяғылық» деп атайды. Негізгі мағынасы өткен уақыттағы дағдылы, əдетке айналған қимылды білдіру болғандықтан, Қ. Кемеңгерұлы -ушы еді, -атын еді көрсеткіштерін өткен шақ қатарында береді. -ушы қосымшасын Қ. Кемеңгерұлы осы шақ есімше, -атын жұрнағын осы келер шақ есімше деп атайды. Бірақ аталған есімшелердің еді көмекші етістігімен тіркескенде, осы шақтық мəнінен айырылып, өткен шаққа ауы- сып кететінін байқаған.

1930-жылдарға дейінгі еңбектерде -атын/-етін қосымшасы шақ көрсеткіші ретінде берілмейді. Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінде -атын қосымшасының еді көмекші етістігімен тіркесі (-атын еді) өткен шақ түрі ретінде қарастырылады. -атын/-етін жұрнақтарының жалаң түрін Қ. Жұбанов кесімді келер шақ ретінде сипаттайды, ал І. Кеңесбаев, С . Аманжолов оқулықтарында бұл қосымша өткен шақтың көрсеткіші ретінде түсіндіріледі. Қ. Кемеңгерұлы -атын/-етін қосымшасын контекске қарай бірде келер шақты, бірде өткен шақты, бірде осы шақты білдіруіне байланысты осы келер шақ есімше деп атағанымен, шақ көрсеткіші ретінде қарастырмайды.

І. Кеңесбаев өткен шақты «простое прошедшее, давнопрошедшее І, ІІ, ІІІ, прошедшее переходное» түрінде саралайды. Ғалым бұрынғы уақытта əдет болған, дағдылы қимылды білдіретін -ушы еді, -атын еді қосымшаларын -ып еді, -ған еді формаларымен қатар бұрынғы өткен шақ (давнопрошедшее ІІІ) түрінде сипаттаған. Алайда бұл көрсеткіштердің біраз ерекшеліктері бар: келіп еді, келген еді деген тіркестерде келу қимылы бір-ақ рет болғанын білдірсе, келетін еді, келуші еді десек, келу қимылы бір рет емес, бірнеше рет, дағдылы түрде болғанын, əдетке айналған амал-əрекетті білдіреді.

С. Аманжолов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев оқулықтарында -ып еді, -ған еді, -ушы еді, -атын еді көрсеткіштері мүлде берілмеген. Аталған ғалымдар өткен шақты өз ішінен жедел өткен шақ, ауыспа- лы өткен шақ, бұрынғы өткен шақ деп жіктейді де, бұрынғы өткен шақ көрсеткіштері ретінде -ған, -ып жұрнақтарын ғана атайды.

Сонымен, 1930-жылдардың аяғынан бастап өткен шақтың көрсеткіштерін топтастыра, жинақтай беруге тырысушылық белең алып, амалдың жуық арада немесе ертеректе өткені ғана негізге алына бастаған. Алайда шақ категориясының арнайы зерттеу нысанына айналуына байланысты оның өзіндік ерекшеліктері айқындала түсті. Т. Қордабаевтың 1949 жылғы «Категория времени в современном казахском языке» деген еңбегінен [8] кейін шақтың өзіндік ерекшелігіне үңіле түсу, шақ көрсеткіштерінің уақыт, мезгілді білдіруімен қатар басқа да мəндерді аңғартатыны негізге алына бастады.

«Қазақ грамматикасында» бұрынғы өткен шақ былайша сипатталған: «Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-əрекеттің сөйлеп тұрған сəтпен салыстырғанда, əлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді [9; 516]. Бұрынғы өткен шақтың екі түрлі жолмен жасалатыны туралы сөз болады: а) -ған/- ген, -қан /-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады; ə) етістікке көсемшенің -ып/-іп жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Бұрынғы өткен шақтың күрделі түрі -ған/-ген, -қан /-кен тұлғалы есімшеге немесе -ып/-іп тұлғалы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады [9; 516].

Бұрынғы өткен шақ көрсеткіштері (-ған/-ген) барлық зерттеушіде кездесетінін байқаймыз. Оның атауы, негізінен, бəрінде бірдей. «Современный казахский язык» оқулығында ғана бұрынғы өткен шақ көрсеткіштеріне -ып/-іп жұрнақтарын атап, -ған/-ген қосымшасымен келген тұлғаны обычное прошедшее деп берген. «Қазақ тілінің грамматикасы», Ғ. Əбуханов «Қазақ тілі», М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Құлкенованың «Қазіргі қазақ əдеби тілі» сияқты еңбектерде бұрынғы өткен шақ көрсеткіштерінің қатарында -ған/-ген жұрнақтарынан басқа -ған еді, -ып еді түрін де атайды. Ы. Маманов -ған еді, -ып еді формаларын бұрынғы өткен шақ құрамында қарастырмай, қатысты өткен шақ қатарында таниды.

Т. Қордабаев [8], А. Ысқақов [10] өткен шақты сөйлеушінің амалды өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушысы сенерліктей етіп хабарлауына байланысты айғақты (немесе анық), айғақсыз (немесе танық) деп жіктесе, «Современный казахский язык», Ы. Маманов, «Қазақ тілі грамматикасы» (Қ. Неталиева), Ғ. Əбуханов, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Құлкенованың «Қазіргі қазақ əдеби тілі», Ш. Бектұров, М. Серғалиевтің «Қазақ тілі» сияқты еңбектерде іс-əрекеттің бұрынырақта не жуық арада өтуіне байланысты жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ деп топтастырылған. Сонымен қатар «Современный казахский язык», Ы. Маманов, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Құлкенова еңбектерінде бұрынғы уақытта дағдылы түрде өтіп тұрған қимыл-əрекетті жеке топтастырып, «дағдылы өткен шақ» деп берілген.

-ған/-ген қосымшасының негізгі мағынасы — сөйлеу сəтіне дейін болған іс-əрекетті білдіру. Бұл форманы тануда ғалымдар арасында екі түрлі бағыт бар: бірі — -ған/-ген тұлғасының негізгі мағынасы ретінде нəтижелі қимылды білдіруін атаса, енді бірқатары шақтық мəнін негізгі деп есептейді. Ы. Маманов -ған/-ген тұлғасының мағыналық ерекшелігі туралы былай дейді: «Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нəтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады» [11; 106]. Сонымен қатар түркітануда Н.К. Дмитриев, Б.А. Серебренников, Д.Г. Тумашева сияқты ғалымдар да -ған/-ген тұлғасының негізгі мағынасы істің нəтижесін білдірумен байланысты сипаттайды.

А. Жаңабекова уақытты қатыстық тұрғыдан ғана сипаттауға болатынын, тілдік уақыт та қатыстық уақытқа жататынын айта келіп былай дейді: «Темпоралдылық — актуалданған категориялардың межелі типіне жататын векторлық категория; сөйлеу сəті — шақтық меженің орталығы жəне шақтық қатынастардың негізгі бастау нүктесі болып табылады; бастау нүкте — (точка отсчета) шақ (темпоралдылық) категориясын межелі категория деп атаудың негізгі критерийі. Бастау нүкте — шақ түрлерінің анықтағышы, ол осы анықтағыштық сипатына сəйкес шақтық дейктикалық орталық болады. Шақтық дейктикалық орталыққа тілдік емес сөйлеу сəтімен қоса басқа да бастау нүктелер, яғни екіншілік шақтық межелер де енеді; сөйлеу сəті дейктикалық орталық болу қызметін атқарып тұрса, шақ абсолютті болады да, дейктикалық орталық болу қызметі сөйлеп тұрған уақыттағыдан басқа екінші бір қимылдың өту мерзімін атқарса, онда ол қатыстық шақ болады» [12]. Яғни Ы. Мамановтың -ған еді, -ып еді тұлғаларын қатыстық өткен шақ ретінде тануын өткен шақтың бұл тұлғаларында «дейктикалық орталық болу қызметі сөйлеп тұрған уақыттағыдан басқа екінші бір қимылдың өту мерзімін атқаруына» байланысты түсіндіруге болады. Ғалым дағдылы өткен шақты: «қимыл иесінің ертеде дағдысына айналған іс-əрекетін, қимылын білдіретін етістік формасы»‚ — деп сипаттайды [11; 132]. Сонымен қатар «Современный казахский язык», М. Оразов, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Құлкенованың «Қазіргі қазақ əдеби тілі», т.б. еңбектерінде де -шы еді, -атын еді көрсеткіштері дағдылы өткен шақ ретінде берілген. Т. Қордабаев, А. Ысқақов еңбектерінде өткен шақтың бұл түрі жеке сараланбай, айғақты (анық) өткен шақ көрсеткіштерінің қатарында түсіндіріледі. Аталған ғалымдар өткен шақты өз ішінен айғақты (анық) жəне айғақсыз (танық) деп жіктейді де, айғақты өткен шақ түрлеріне –атын‚ -ған‚ -ған еді‚ -ып еді‚ -ушы еді көрсеткіштерін атайды. Ал айғақсыз немесе танық өткен шақ түрлеріне -ып‚ -ған екен‚ -ады екен көрсеткіштерімен қатар -са керек‚ есімше + шығар, сияқты, білем, тəрізді, көрінеді сияқты формаларды қосады. Бұл көрсеткіштерді Қ. Неталиева бұрынғы өткен шақ қатарында түсіндірген [13]. Ал басқа ғалымдарда өткен шақтың мағыналық топтарының ішінде бұл көрсеткіштер кездеспейді. Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалив Ы. Маманов, Ғ. Əбуханов, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Құлкенова оқулықтарында -ып/-іп жұрнақты өткен шақ түрі ежелгі өткен шақ деп аталған. Өткен шақтың бұл түрі туралы Т. Қордабаев былай деп жазады: «Өткен шақтық көсемше етістіктер, біріншіден, баяғыда болған, қазір ұмытыла бастаған ертегілерде көбірек қолданылса, екіншіден, іс-əрекеттің басы-қасында айтушының өзі болмағандығын, оны басқа біреулерден есту арқылы білгендігін немесе іс-əрекеттің қашан, қалай болғандығын өзінің ұмытқанын, есінен шығып кеткенін байқату үшін де қолданылады» [14; 79]. Т.Қордабаев өткен шақты айғақты, айғақсыз өткен шақ деп бөледі. Ғалым айтушы я жазушы іс-əрекеттің болған-болмағанына өз көзі əбден жететіндей, өзі соның басы-қасында болғандай сеніммен айғақ бола сөйлеген өткен шақтың түрін айғақты өткен шақ деп атап, оны өз ішінен айғақты өткен шақтың жедел түрі (-ды/-ді) жəне айғақты өткен шақтың бұрынғы түрі (-ған /-ген, -атын/-етін, -ушы/-уші) деп топтастырады. Ғалым өткен шақтың бұл түрінің өзіндік ерекшелігін былайша сипаттайды: «Мұндағы əңгіменің түйіні, іс-əрекет, жай-күйлердің болу мезгілінде, көнелігінде ғана емес, сол іс-əрекеттердің қалай болғандығын айтушының өз көзімен көрмегендігінде немесе ұмытқандығында, сондықтан оған өзінің айғақ бола алмайтындығында. Өткен шақтық көсемше формаларының бұл айтылған айғақсыздық мағынасы — оны өткен шақтық есімше формаларынан да, өткен шақтың басқа көрсеткіштерінен де жекелеп танытатын ең басты мағыналық ерекшелігі» деп анықтайды [14; 79]. Ы. Маманов -ып/-іп тұлғасын ежелгі өткен шақ ретінде танып, оны былайша сипаттайды: «сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болып өткен істі, қимылды өз көзімен көрмей, екінші бір адамның айтуымен, немесе басқа бір жағдай арқылы білсе, осы ежелгі өткен шақ формасында баяндайды» [11; 130]. А. Ысқақов -ып/-іп тұлғасын танық өткен шаққа жатқызады [10; 323]. Яғни ғалымдар ежелгі, айғақты, анық жəне айғақсыз, танық өткен шақ түрлерін саралауда сөйлеушінің іс-əрекетке қатысын негізге алған.

«Современный казахский язык» оқулығында өткен шақтың мағыналық реңктерінің қатарында -мақ еді‚ -мақшы еді (форма намерения)‚ -ар еді (сослагательная форма) көрсеткіштерін атайды. Осы формалармен қатар А. Ысқақов -ғай еді‚ -са еді‚ -са игі еді‚ -са керек еді‚ -ар екен‚ -са екен‚ -йын деп еді‚ -йын деген екен формаларын да өткен шақтың мағыналық топтары ретінде көрсетіп, оны «неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ» деп атайды. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақты А. Ысқақов: «сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формалар»‚ — деп түсіндіреді [10; 340]. Ғалым -са игі еді‚ -ғай еді, -са екен формаларын қалау рай қатарында түсіндіреді.

Зерттеушілер арасында жедел өткен шақ атауының өткен шақтың бұл түрінің мəнін ашып бере алмайтыны, оның сөйлеу сəтінің алдындағы қимыл-əрекетті білдіру үшін қолданыла бермейтіні туралы сөз болады. Мұндай ұстаным Т. Қордабаев, Ж. Түймебаев, «Современный казахский язык» т.б. еңбектерінде сөз болады. Осыған байланысты Ж. Түймебаев: «Между тем, если мы обратимся к контекстуальным оттенкам прошедшего времени на -ды или сравним эту форму в казахском языке с аналогичными формами в других тюркских языках, то нетрудно убедиться, что аффикс -ды, хотя и употребляется в целом для выражения конкретного действия, имевшего место в прошлом, тем не менее имеет ряд оттенков в основном своем значении. Так, например, глагол с этим аффиксом, иначе говоря, форма на -ды, употребляется не только для обозначения недавно происходившего действия, скажем, совершенного несколько дней, несколько часов и т.д. назад, но и передает такое действие, которое имело место давно или очень давно. Поэтому следует признать, что термин, принятый в казахском языкознании «жедел өткен шақ», соответствующий по значению принятым в тюркологических работах, написанных на русском языке, терминам «достоверное», «категорическое», «определенное», далеко не является наиболее подходящим и единственно приемлемым» [15; 21].

Ы. Маманов жедел өткен шақ формасы (-ды/-ді) басқа шақ формалары сияқты, өткен шақтық мағынадан басқа үстеме мағына білдірмейтінін, ол сөйлеу кезінен бұрынғы қимыл, іс туралы хабар- лау түрінде баяндайтынын айтады [11; 107]. «Современный казахский язык» атты еңбекте оны «незаконченное прошедшее время» деп атаған [16]. Бұл Қ.Кемеңгерұлының «несовершенное прошедшее время» деген атауына ұқсас. Оның мəнін ғалым «не вполне оконченное действие» деп түсіндіріп, оған -ды/-ді қосымшаларын (жедел өткен шақ) жатқызады. Т. Қордабаев өткен шақтың бұл түрі «іс- əрекеттердің жақында болған емес, хабаршының сол іс-əрекеттердің болғандығына өзінің көзі əбден жететіндей, өзі соның басы-қасында болғандай сенімді етіп беруінде» екенін айта келіп, оны «айғақты өткен шақ» деп атау керектігін айтады [14; 56]. Ғалым жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың мағыналық ерекшеліктерін талдай келіп, былай дейді: «-ды /-ді аффиксті айғақты өткен шақтың жеделді түрі дегенде, мұндағы жеделділік мағынаны тек жақында болғанына көп уақыт болмаған іс-əрекеттерді білдіру үшін қолданылатындығынан деп қарауға болмайды. Асылында, шақтық көрсеткіштердің қай-қайсысы болса да, болып өткен немесе болашақ іс-əрекеттерді жалпы білдіргені болмаса, олардың болған я болатын мезгілін нақты білдіре алмайды. Ондай нақтылық — шақтық көрсеткіштердің емес, мезгіл үстеулерінің міндеті. Өткен шақ көрсеткіштерінің мағыналарынан байқалатын жеделділік я бұрынғылық ұғым іс-əрекеттердің болу мезгіліне байланысты болмайды, оның не динамикалық күйде, не статикалық күйде берілуіне байланысты болады. Мысалы, Ол кеше жиналыста болды деп те, Ол кеше жиналыста болған деп те айтуға бола- ды. Осындағы болды мен болғанның екеуі де — бір мезгілдегі іс-əрекеттің көрсеткіштері. Бұлардың алдындағысы жақында болған істі білдіріп тұр да, соңғысы одан бұрын болған, баяғыдағы істі білдіріп тұр деу шындыққа үйлеспейді» [14; 57].

Бұл орайда «жедел өткен шақ» терминінің өткен шақтың осы түрінің мəнін толық ашып бере ал- майтынын атап өткіміз келеді. Мұнда істің өту сапасы — тез өтуі, кенеттен өтуі, жай өтуі т.б. мүлде сөз болмайды. Мысалға қарады, сөйледі, тұрды, көрді, бастады, күлді т.с.с. етістіктерді алсақ, мұнда істің жедел, тез өткен сипатынан гөрі бұл процестің əлі аяқтала қоймағанын, яғни əлі қарап тұрғанын, əлі сөйлеп тұрғанын, əлі тұрғанын, əлі көріп отырғанын, əлі күліп жатқанын т.с.с. түсінеміз. Сондықтан амалдың əлі де өтіп жатқанын немесе жуық арада ғана өткенін білдіретін өткен шақ түрін «жедел өткен шақ» дегеннен гөрі «аяқталмаған өткен шақ» деп атаған түсініктірек əрі өткен шақтың осы түрінің мəнін аша түсетін сияқты. Ал оның көрсеткіштеріне -ды/-ді қосымшасы мен жоғарыда келтірілген — отыр, тұр, жатыр, жүр + еді формасын жатқызуға болады деп ойлай- мыз.

Сонымен, жедел өткен шақты тануда ғалымдар бірнеше ұстанымды негізге алған. Бұл орайда С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев пен Ғ. Бегалиев, Ы. Маманов, С. Исаев, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкенова, «Қазақ грамматикасы» т.б. еңбектерде жедел өткен шақтың сөйлеу сəтіне жақын арада болып өткен амал-əрекеттің өту мерзімін білдіруі негізгі жіктемелік белгі ретінде алынса, Т. Қордабаев, Ж. Түймебаев, А. Ысқақов еңбектерінде жедел өткен шақ қимылдың нақты болғаны, сөйлеушінің сенімділігі сияқты модальдық реңктеріне сүйене отырып, модальдық ұстаным басшылыққа алынған. Соның негізінде жедел өткен шақтың бұл түрін А. Ысқақов анық өткен шақ деп атаса, Т. Қордабаев айғақты өткен шақ деп атаған. «Современный казахский язык» атты еңбекте аспектілік ұстаным негізге алынған.

Бүгінде ауыспалы өткен шақ көрсеткіші ретінде аталып жүрген -атын/-етін тұлғасын М. Терентьев, Н. Созонтов осы шақ есімше деп, П. Мелиоранский, И. Лаптев долженствовательное причастие деп атаса, А. Байтұрсынұлы ұйғарынды есімше деп, Қ. Жұбанов дағдылы тел есімше деп, І. Кеңесбаев, Т. Ерғалиев, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев ауыспалы келер шақ есімше, Н. Сауранбаев келер шақ есімше, С. Аманжолов өткен келер шақ есімше, Ы. Маманов дағдылы өткен шақ, Ж. Болатов, Ғ. Əбуханов ауыспалы шақ, М. Серғалиев, Ш. Бектұров ауыспалы өткен шақ есімше, А. Ысқақов жалпы осы шақ есімше деп атаған. -атын/-етін жұрнақтарының жалаң түрін Қ. Жұбанов кесімді келер шақ деп түсіндіреді, ал І. Кеңесбаев, С. Аманжолов бұл қосымшаны өткен шақтың көрсеткіші ретінде түсіндіреді. Яғни зерттеушілер бұл тұлғаны мəнмəтін ыңғайына қарай келер шақ, өткен шақ мəнінде келетінін ескере отырып атау берген. Т. Қордабаев ауыспалы өткен шақ тұлғасының келер шақ пен осы шақ мəнінде жұмсалуы мəнмəтінге байланысты болатынын айта келіп, бұл қосымшаның ертеде болған іс-əрекеттің бір емес, бірнеше рет болғанын немесе дағдыға айналғанын білдіретінін ескертеді өткен шақтағы дағдыға айналған амал-əрекетті білдіруі -атын /-етін тұлғасының төл мағынасы екенін айтады [14; 64].

-атын/-етін тұлғасының өткен шақтағы дағдыға айналған амал-əрекетті білдіретіні туралы Қ. Жұбанов еңбектерінде де сөз болады. Ғалым есімшенің бұл түрін дағдылы тел есімше деп атайды. Т. Қордабаев өткен шақты айғақты жəне айғақсыз өткен шақ деп жіктеп, -атын/-етін тұлғасын айғақты өткен шақтың бұрынғы түріне жатқызады. Ғалым мұнда сөйлеушінің іс-əрекет, жай-күйдің болғандығына күмəнданбайтынын, өз көзімен көргендей сеніммен айғақ бола айтатынын негізге алады. Сол сияқты А. Ысқақов та ауыспалы өткен шақ тұлғасын анық (айғақты) өткен шақ ретінде айқындайды. Бұл жұрнақтың ерекшелігін ғалым былайша сипаттайды: «-атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы арқылы жасалатын есімшенің қай мезгілді білдіруі контекске байланысты, өйткені оның қай шақты білдіру айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Бірақ бұл форма, əдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-əрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек қолданады да, осы шақ пен келер шақта болатын əрекетті білдіру үшін сирек жұмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жұрнақтың күрделілігінен туған сияқты, мысалы, өткен шақтың мəн жұрнақтың құрамындағы əуелі -ған (тұр + ған) бөлшегінен тиген енші болса, осы мен шақтық мəн əуелгі -а (-е, -й) жұрнағы тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жұрнағының келер шақтық мəні (баратын жұмысым бар; жөнелетін жолаушыларым бар) сөз тіркестерінің ауқымынан пайда болатын ерекшелік тəрізді. Мысалы: біздер уақыт-уақыт жиналатынбыз да, əлеуметтік жай, əдебиет мəселелері жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті, кейде қатты таласатынбыз... сияқты тексте, əрине, өткен бір кездерде болған іс-əрекет жайында сөз болып отырғаны айқын. Сонымен қатар ол формадан өткен уақыттарда болған іс-əрекет бір жолғы құбылыс емес, үнемі болып отырған, əдетке айналған, дағдылы машық болған амал-əрекет екені де бағдарланады. Осыдан бұл форманың, контекске қарай, бірде осы шақ, бірде келер шақ мəнін білдіру қасиеті қалыптасқан» [10; 302]. Яғни Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, А. Ысқақов сияқты ғалымдар -атын/-етін тұлғасының мəнін айқындауда модальдық ұстанымды басшылыққа алған.

Қазақ тіл білімінде шақ категориясына қатысты «ауыспалы» атауының қолданылуы əлі де түбегейлі зерттеулерді талап етеді. Себебі ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақ, ауыспалы келер шақ ретінде танылып жүрген тұлғалар (-а/-е/-й; -атын/-етін, -йтын/-йтін) бірінің орнына бірі алмасып (ауысып) қолданылмайды. Олар əрдайым осы шақтық, келер шақтық немесе өткен шақтық мағына береді. Бұл тұлғалардың шақтық мəні контекст арқылы нақтыланады. Сондықтан «ауыспалы» деген атау бұл тұлғалардың қызметін көрсете алмайды, керісінше, шатастыруға əкеледі.

Қорытынды

Сонымен, өткен шақ категориясын танып-танытуда терминдердің ала-құлалығы байқалады. Бұл орайда А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, А. Ысқақов сынды ғалымдардың еңбектерін зерделеп, ондағы ұстанымдарды басшылыққа алуымыз қажет. Себебі жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ сияқты атаулар оқыту барысында елеулі қиындықтар тудырып, оқушылардың танымында жалған ақпарат тудырумен қатар жас зерттеушілердің тілдік білімінде шатастыру, түсініксіздіктердің туындауына себеп болады. Термин аталымның мəнін ашып, нақтылауға тиіс болғанмен, шақ категориясының метатілінен ондай айқындық, нақтылық байқалмайды. Морфологиялық концепт — тілдің морфологиялық құрылымын айқындайтын ментальді сапаның бірлігі, сонымен қатар ол — морфологияны ғылым ретінде сипаттайтын ұғым. Морфологиялық концептілер метатілдік морфологиялық концепт ретінде грамматикалық терминологияға енеді. Морфология — тілдік білімді объективтендіретін, ғалам туралы білімді құрайтын сала. Онда морфологиялық категориялар мен тұлғалардың тілде қалай концептуалданатыны туралы білім қоры жинақталып, адамның концептуалды жүйесін құруда маңызды орын алатын, ғалам бейнесін қалыптастыратын іргелі концептілердің тіл туралы білімді құраудағы орны сипатталады. Сондықтан бұл саланың терминдері əлі де нақтылауды, жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Гришко Ф.Т. Прошедшее время в русском и казахском языках / Ф.Т. Гришко. — Алматы‚ 1964. — 28 с.
  2. Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская, узбекская / М. Терентьев. — СПб., 1875. — 149 с.
  3. Лаптев И. Краткий грамматический очерк казак-киргизского языка / И. Лаптев // Материалы по казак-киргизскому языку. — М.‚ 1900. — С. 83, 84.
  4. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Фонетика и этимология / П.М. Мелиоранский. — Ч. ІІ. — СПб.‚ 1897. — 92 с.
  5. Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. — Астана: Алашорда, 2017. — 740 б.
  6. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-том / Қ. Кемеңгерұлы. — Алматы: Алаш, 2006. — 262 б.
  7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер / Қ. Жұбанов. — Алматы: Ғылым, 1999. — 581 б.
  8. Кордабаев Т. Категория времени в современном казахском языке / Т. Кордабаев. — Алматы‚ 1949. — 138 с.
  9. Қазақ грамматикасы / ред. Е. Жанпейісов. — Астана: «Астана» полиграфия, 2002. — 783 б.
  10. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / А. Ысқақов. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 382 б.
  11. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Ы. Маманов — Алматы: Арыс, 2007. — 488 б.
  12. Жаңабекова А. Қазақ тіліндегі уақыт ұғымының тілдік парадигмасы: филол. ғыл. докт автореф.: 10.02.02 — Қазақ тілі / А. Жанабекова. — Алматы, 2010. — 56 б.
  13. Неталиева К. Имена действия в современном казахском языке: автореф канд. филол. наук: 10.02.02 — «Казахский язык» / К. Неталиева. — Алма-Ата, 1963. — 23 б.
  14. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы / Т. Қордабаев. — Алматы, 1953. — 113 б.
  15. Туймебаев Ж. Прошедшее время индикатива в казахском языке / Ж. Туймебаев. — Алматы, 1987. — 21 б.
  16. Қазіргі қазақ тілі / І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. — Алматы: Ғылым‚ 1962. — 453 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.