Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жазушы Кемел Тоқаев шығармашылығы жəне ұлттық детектив жанры

Мақалада жазушы Кемел Тоқаевтың детектив жанрында жазылған туындыларының тақырыптық мəні, сюжеттік-композициялық, жанрлық ерекшеліктері қарастырылды. Детектив жанрына алғаш қалам тербеген Кемел Тоқаевтың шығармаларын негізге ала отырып, оның көркемдік факторлары мен кейіпкер образының идеялық-эстетикалық қызметі зерделенді. Сондықтан жанрдың сюжеттік құрылымы мен кейіпкерінің ерекшелігін саралау мақаланың басты мақсаты. Шығармадағы негізгі оқиғалар, шындықты көркем бейнелеу жолындағы ізденістер талданды. Жазушы шығармашылығына тəн қылмыс хроникасы, оның ашылу процесі, қылмыскердің экспозициясы сипатталған. Қаламгер ұстанымы, қолтаңба мəні айқындалды. Негізгі шытырман оқиғалар ретінде қылмыстық істер қарастырылды. Детектив жанры оны зерттеу мен кінəсі барларды іздеудің қыр-сырларын, шым- шытырық жолдарын суреттейді. Детективтің жанр ретіндегі басты белгісі осы. Бірақ, қылмыс болып табылмайтын оқиғалар да жанрдың негізгі өзегі болып табылады. Детектив туындыларын жаңаша бе- леске көтерген Кемел Тоқаевтың кейбір шығармаларында қылмыс болмауы мүмкін. Жанрдың тағы бір ерекшелігі ретінде оқиғаның себептері тергеу аяқталғанша оқырманға белгісіз болып қалатын тұстары бар. Оның орнына оқырман автормен бірге қылмыстық зерттеудің қыр-сырына, өн бойына емін-еркін бойлап, өзіндік қорытынды шығарып, шындықты талқылауға мүмкіндік алады.

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі əңгімелер мен повестердегі əлемдік əдебиет өмірінен туындап жатқан жаңа шығармашылық ізденістер бары байқалады. Оның арасында қазақ əдебиетіндегі детективтік жанр да бар. Аталған жанр көп зерттеле қоймаса да өзіндік қалыптасу, даму заңдылықтарын бастан өткергені анық. Детективті шығармалардың қазақ прозасына ықпалы қазақ қаламгерлерінің тарапынан зерттеулердің, тұжырымдардың жоқтығынан деп білеміз. Бұл жөнінде детектив жанрына қалам тар- тушы жазушы, журналист Зияш Төлеуова былай дейді: «Детектив жанры тек қана қазақ əдебиетіндегі сирек жанр. Бірақ тіпті, түк жоқ деп ауызды құр шөппен сүртуге болмайды. Жалпы, біздің халқымыздың менталитеті — жəй қозғаламыз, сосын жаңалықты бірден қабылдай қоймаймыз. Детектив жанры — бірнеше ғасырдан бері əлем əдебиетінен ойып орын алған жанр, сонымен қатар қазіргі заманда шетел оқырмандарын айтпағанның өзінде, біздің оқырмандарымызды өзіне толайым қаратып алған жанр. Оның басты себебі — оның желісінде заман сарынының, өмір көріністерінің деректері басым, оның басқа əдеби жанрдан ерекшелігінің өзі осында» [1; 90].

Детектив — əдебиеттің басқа жанрлары секілді өзіндік шарттары, ережелері жəне статистикалық ерекшеліктері бар жанр. Шығарма жанрдың талаптарына сай болмаса оны үзіп алып, детективке қосудың өзі дұрыс бола қоймас. Осы кезде ғалым Қажым Жұмалиевтің мына пікірі есіме түседі: «Əдебиеттің өзіне тəн ерекшеліктерін тапжылмай тануды, көркем əдебиеттердің кейбір мəселелеріндегі көзге ілікпестей, байқатпастай өзгешеліктерді шатастырып алмауды талап етеді. Композицияның бір элементін не поэтикалық тілдің бір түрін екіншілермен шатастырсақ болды, онан кейінгі талдауларымыз дұрыс болмайды. Математикада бір знак (белгі) теріс қойылса, есептің еш уақытта дұрыс шықпайтыны сықылды, əдебиет теориясының элементтері де мейлінше мұқияттылықты керек етеді» [2; 161]. Сондықтан да детектив жанрын жеңіл жанр деп қарамау керек. Оны жазып шығу үшін қаламгердің логикалық, психологиялық жəне фантазиялық түйсігі мол, байқампаздық қасиеті мен логикалық ойлау жүйесі мықты болуы шарт. Жəне есепті жақсы меңгерген, шахмат ойыны секілді қылмыскерді фактілерге сүйене отырып дəл табу сияқты қасиеттері қаламгердің басты қаруына айналуы керек.

Қазақ əдебиетінің проза жанрында шытырман оқиғаны негіз еткен, əрі оқырманы көп қаламгерлердің бірі Кемел Тоқаев. Қаламгер қазақ əдебиеті əлеміне бұрын-соңды болмаған тың дүниелер əкелді. Сол бір алмағайып заманда жаңалық жағына таласып жүріп, шындыққа көзі жетіп, сол қиын сыннан өте білді. Ендеше біз жазушы туындыларының тақырыптық мəні, сюжеттік- композициялық жанрлық ерекшеліктеріне тоқталайық.

Негізгі бөлім

Қазақ əдебиетінде балалық шақ мəселесі өз кезеңдерінде нысанға бағытталды. Əсіресе, жетім баланың тағдырын, жетімнің бейнесін, халықтың бейнесін көрсетті. Адамзаттың өміріне зорлықпен енген тарихтың өзгерісі, жақындары мен отбасынан айырды. Сөйтіп, соғыс зардабынан үйіне қайтпаған жақын бауыр еті ағасының қазасы баланың санасына қатты əсер етті. Олар ертерек есеюге, өздерінің іс-əрекеттері мен мінез-құлықтарын ертерек танытуға тиісті болды. Жазушы Баққожа Мұқай: «Соғыста болған, өлім көрген, балалық шағы жоқшылықта өткен, жетімдіктің қасіретін мықтап көрген Кемел Тоқаевты жүрегі тас болып қатып қалған адам шығар деп ойлайтынмын. Қателесіппін. Мен оның жылағанын көрдім» [3; 23]. Осы ретте жазушының «Солдат соғысқа кетті» атты романында Мұхамед орыс офицерлерін құтқарып қалады. Олардың қатты қуанғанын көрген Мұхамед көзіне жас алады. Көз алдыңда суреттеліп тұрған картинаға қарап, Мұхамедті лирикалық қаһарман десек артық айтқан болмаймыз. Лирикалық қаһарман — ол ең ұлы, асқақ ниетті адам. Бұның ар жағында еліне, жеріне деген таза сезім жатыр. Автор үшін қаһарман көкірегі өкініш пен шерге толы, тағдыры тайғақты болғанымен, рухы мықты жан образында елестейді. Сөйтіп автор қуатты образды алға шығарып отырады.

Жазушының «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Түнде атылған оқ», «Сарбағанда болған оқиға», «Солдат қабірінің басында» атты сүбелі шығармалары детектив жанрындағы үздік туынды- лар қатарына жатады.

Қаламгердің туындыларындағы қылмыскердің өкініші, қоғамдағы жат қылықтарды əшкерелеуі, əділетсіздік пен заңсыздықтың арасындағы тартысты анықтауы, қылмыскерді тұтқындай отырып, адамгершілік танытуы аталмыш шығармаларында айқын бейнеленеді. «Солдат соғысқа кетті» деп аталатын романында Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес жауынгерлерінің ерлік істері суреттеледі. Роман бірнеше бөлімнен тұрады. Бөлім атауларының өзі — сюжеттік оқиғаның құпиялылығымен, жұмбақтығымен жəне шытырман бір жайтқа қатысты екендігімен назар аударады. Мысалы, «Жауға атылған алғашқы оқ», «Олар жетеу еді», «Ерекше тапсырма», «Ашылмай қалған сыр» жəне тағы басқалары. Шығармадағы кейіпкерлердің бойында жасандылық жоқ, табиғилық басым. Себебі қарапайым əскери командирлердің, кеңес жауынгерлерінің қан майданда жүрген əр адамның «немістердің көзін құртып, аман-есен үйіне оралсам екен» деген тілегін жазушы оқырманға шебер жеткізе білген. Көркем шығарма деңгейінде жазылған бұл туынды өмірбаяндық шығармаға ұқсайды. Себебі, Мұхамедтің басынан кешкен оқиғалары, айқас алаңында жүрген сұрапыл күндері сипаттала- ды. Зерттеуші Л.М. Баткиннің ойынша кез келген жанр жəне өмірбаян «дүниетанымдық қатынас тəсілін көрсететін «мəдени форма». Осы мəдени қалып өмірбаянның «əмбебап» жоғары міндетін көрсетіп, жеке тұлғаның тарихи уақыт кеңістіктегі орнын танытады.

Өмірбаяндық шығарманың өзіндік жанрлық ерекшеліктері бар. Біріншіден баяндау бірінші жақтан жүреді. Екіншіден грамматикалық, стилистикалық жəне құрылымдық ерекшелігі болады. Үшіншіден, жазудың ментальді ерекшелігі сақталады.

Жазушының «Солдат соғысқа кетті» романының бастапқы бөлімінде Мұхамед Мейірмановқа өзінің басынан өткен күндерін баяндайды. «Саған түсінікті болу үшін əңгімені өзімнің туған жерімнен бастайын. Атамыздың ата мекені Қаратал өзенінің бойы болады. Қыс түсе қалың ауыл маңыраған көп малмен бірге қалың құм ішіне, көп шағылдардың арасындағы Үшөзек қыстауларына көшіп, көктемге қарай өзенге ойысады екен... Мұхаммед əрі қарай ағасының өз аузынан əке- шешесінен қалай айырылғанын айтып береді. «Ертеңгісін көзімді ашқанда күнсіз, бұлтсыз, бұлыңғыр дүниенің ортасында жалғыз жатқандай сезіндім. Ең алғаш ақ халат киген докторды көргенім сол. Қолымның қарына ине тығып сұйық дəрі беріп жатты. Осының бəрі маған түс секілді. Тек ағамның қамқор қолы со жолы мені ажалдан құтқарғанын білем. Енді сол бауырымнан да айырылдым. Биыл ақпанда қаза тапты. Немістер өлтірді» [4; 383]. Романның бас жағында балалық шақтың трагедиясына көңіл бөлінеді. Кейіпкеріміз балалық шаққа тиесілі кезеңді көрмеген, басынан небір қиыншылықтар өткен.

Қаламгер шығармаға майдан кезіндегі əділетсіздік көріністерін, ұлтаралық түсініспеушілік сияқты мəселелеріне де қалам тербеген. Аталмыш шығармадағы Власов сияқты жағымсыз пасық, мақтаншақ жауынгердің Мейірманов деген қазақтың атып түсірген самолетін «мен» аттым деп бас- шыларына жалған айтуы, кейбір офицерлердің ұлты орыс емес жауынгерлерге күдікпен, астамшылықпен қарауы романның мазмұнын байытып, дамыта түседі. Сол бір қан майданда автор өзін Мұхамед деп таныстырады. Қасында болған жеті солдаттың іс-əрекеттерін, олардың жаудан қорықпай ерлікпен шайқасқанын, жастай өліп кеткен Фаткуллиннің аңғалдығын, Мейірманов досының ерлігін, Чумаковтың қайтпас-қайсарлығын, Қойбағаровтың ауырып жүріп, жаумен күрескенін қалың оқырманға шынайы жеткізген. Мейірмановтың жұмбақ өлімі бірінші бөлімінің негізгі тақырыбына айналады. Мəселен, қаламгердің шығармасындағы мына бір үзіндісін мысалға алайық.

«Комиссар Алиев:

‒ Біздің əңгімеміз аяқталмай қалды. Мейірманов тура жау қолынан өлді дейсің. Сонда оны өлтірген кім? — деді.

‒ Кім екенін дұшпанды ұстаған кезде айтам.

‒ Қылмыскер қайткенде де тұтылуға тиіс. Ол жазасыз ұзақ жүре алмайды. Əйтпесе, бұл дүниеде əділеттік болмай кетеді ғой!

Мұхамедтің айтқаны дəл келді. Сталинград түбіндегі осы оқиғадан кейін екі жыл өткен соң Мұхамед командованиенің ерекше тапсырмасын орындау кезінде, Польша жерінде Ломда қаласының түбінде Мейірмановты өлтірген жаудың жансызымен бетпе-бет кездесті» [4; 383].

Сонымен жазушының шығарған формуласы көзге дəл көрініп тұр. Алдымен, лейтенанттан досы Мейірмановтың өзін-өзі өлтірген деген күдік айтады. Оған Мұхамед сенбейді. Оны не жау өлтірген немесе өз орталарынан біреу қасақана өлтірген дейді. Мұхамед өзіне жəне оқырманның алдына қылмыскерді əшкерелеу тапсырмасын қояды. Ол өз ортасындағыларға сенімсіздікпен қарап, кісі өлімі болған жерді мұқият қарап шығады. Арада екі жыл өткен соң, Мейірмановты өлтірген қылмыскерді дəл табады. Ол Власов болатын. Оқырман оқиға қалай аяқталар екен, Мейірмановтың жұмбақ өлімі қалай ашылар екен деген оймен шығарманың аяғына дейін тыным таппайды.

Жалпы əлем əдебиетінде детективтік романдардың екі түрі кездеседі. Біріншісі, қылмыскердің жұмбақ іс-əрекеті болса, екіншісі, ашық түрде жүргізілетін ізкесуші əрекеті. Оқиғаның шешімінде екі желі тоғысып, бірін-бірі толықтыра түседі. Қаламгердің «Сарбағанда болған оқиға» деп аталатын повесінде қылмыскердің жұмбақ іс-əрекеті сипатталады. Оқиғаның басталуында қылмыстың болғаны баяндалады. Шығармадағы сюжетті элементтер мыналар: алдымен, кісі денесі, қылмыс болған жер жəне құпияны ашатын ізкесуші. Шығармада жолдасы соғысқа кеткен Сəндігүл деген əйелдің жақында ғана үйленген жалғыз ұлы Рахымның қой бағып жүріп қылмыскерлердің қолынан қаза та- буы баяндалады. Бұл жерде ізкесуші Талғат Майлыбаев — тергеумен айналысатын кейіпкер. Ізкесуші əртүрлі адам бола алады: қауіпсіздік қызметкері, жеке ізкесуші, туысқандар, достар, зардап шегушінің танысы, кейде тіпті кездейсоқ адам. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген Рахым аздап көзін ашып, қасында тұрған қылмыскерді айтам дегенше өліп кетеді. Осы жағынан қарағанда бұны полициялық детективпен бірге, шектеулі детективке де жақын деуге болады. Шектеулі детектив дегеніміз — шектеулі адамдардың ішінде ғана болатын əрекет [5; 183]. Талғат бастаған топ тек дəлелдер табуға шығады. Бұл жерде Талғат өзінің болжамдарын құрады, қылмыскерді ойша іздей бастайды. Детектив жанрының барлық талаптарына сəйкес келетін жанр. Мұндай туындының сюжеті шағын кейіпкермен бір ғана ортада жүзеге асырылады. Сол санаулы кейіпкерден өзге адам болуы мүмкін емес, сондықтан қылмыс тек осы арадағы адамдар арасында жасалады. Ізкесу жұмыстарын қылмыс орын алған жердегі біреу қолына алып, қалған қаһармандар көмегімен іс əшкереленіп отыра- ды. Бұл детектив түрінің ерекшелігі сюжет белгісіз қылмыскерді іздеуді қажет етпейді. Күдіктінің түр — тұлғасы белгілі, ізкесуші тек оқиға куəгерлерінен мейлінше көп мəлімет жинап, дəлел келтіреді. Қылмыскердің жақсы таныс, қасындағы адам болып шығатыны терең психологиялық жағдай туды- рады. Бұл да детективтің өзіне ғана тəн басты ерекшеліктерінің бірі. Оқиға барысында Талғат пен бірге Нұржан да бірге жүрді. Екеуі қылмыскерді табамыз деп күнде орман жаққа қарай беттейді.

Нұржан:

‒ Жолдас капитан, мені күлкі етейін дедіңіз бе? — деп ренжіп те қалды.

‒ Сен мына таяқ батқан шұңқырды анықтап қарап алшы, — деді Талғат Нұржанның иығынан құшақтап. — Саған дамыл бермеген себебім, мен күні бойы осы шұңқырды іздеп жүрдім. Енді Рахымды өлтірген қылмыскердің біреуі бізге белгілі. Оның бір аяғы жоқ, күпшектей ағаш аяқпен жүреді. Ағаш күпшектің темір өкшесінің жерге батқан таңбасына қарағанда кесек, ірі денелі адам. Салмағы 85–90 килограмм. Сірə, алпыстың айналасындағы жасы келген кісі секілді.

Талғаттың сөзін тыңдап тұрған Нұржан:

‒ Жерге батқан ағаш күпшектің таңбасынан оның салмағын білдіңіз делік. Мұндай ілімнен хаба- рымыз бар. Ал оның жасын қалай анықтай қойдыңыз? — деді.

Бұл жай логикалық ойдан шыққан түйін. Өзіңе белгілі, кембағал жас адамдар көбіне арнайы жасалған жеңіл протез киеді. Ал мұндай қолдан жасалған күпшекті салақ, үнемқор, пайдакүнем, ескі əдет бойынан кетпеген қарт адам киеді [6; 335]. Осы ретте Талғат Майлыбаевтың логикалық ойы терең дамыған, тəжірибесі бар, небір ұшы-қиыры жоқ шытырман оқиғаларды, жұмбақты шеше ала- тын тəжірибелі азамат ретінде көрінеді. Көркем кейіпкер көз алдымызда дамып отырады. Қаламгер шығарманы жазғанда өзін ұмытып, кейіпкер бейнесіне еніп, кейіпкері күлсе — бірге күліп, мұңайса — бірге мұңаяды. Басты қаһарманның басқалардан айырмашылығы, ол өз тұлғасын тек іс-əрекетімен ғана емес, ой-өрісі жағынан да сипаттайды жəне өз кейіпкерлерін психологиялық тұрғыдан өте дəл, өте дəлелді берумен де даралығын көрсете алған. Бұл жерде оқиғаның дамуындағы іс-əрекет — қате болжам жасау. Рахымның нағашысы Рысбекке жала жабылады. Кінəсіз адамнан күдіктену, қате қадамдар жасау секілді оқиғалар орын алады. Рахым көрсеткен топтың ішінде бұл да болған. Талғат Рысбекті өздеріне қызмет етуге шақырады. Ондағы мақсаты нағыз қылмыскерлер полиция қызметкерлерін қате жолмен кетті деп ойлап, емін-еркін əрекет етуін қалады. Мұнысы дұрыс та еді. Оқиғаның шиеленісуінде Талғатқа еріп Нұржан да дəлелді ойларын жеткізе алатынын көреміз.

Шығарманың шарықтау шегінде қылмыскер Майснев пен Цой екені анықталып, кей құпиялардың басы ашыла түседі. Цой мен Майсневтің сыбайлас екені, медсестра Аида Глухованы айыптағаны, алтын ұрлап сатқандары, Дарьяны өлтіргені, барлық қылмыстары ашыла түседі. Бұл жерде ізкесуші Талғаттың неліктен Аиданы қамаудан уақытша босатты дейсіздер? Себебі, біріншіден, Аиданың арамдық істегеніне сенбеді, бірақ дəлелдер іздеді. Екіншіден, ата-анасының ауырып қалғанын, інісінің үйде жалғыз қалғанын түсіндірген соң, Талғат оны қамаудан босатты. Бұл жерде ізкесушінің адамгершілік белгілері байқалады. Кемел Тоқаевтың адамгершілік қасиеттері жайында əріптестері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері өз кезінде де, кейін де көп жазды. Олардың ішінде Серік Қирабаев, Шерхан Мұртаза, Қалихан Ысқақ, Əкім Тарази жəне тағы басқа қазақ əдебиетінің майталмандары, Мəткəрім Əкімжанов, Рафаэль Ниязбек жəне тағы басқа ғалымдар, жазушылар, ақындар бар. Детективті прозада ізкесуші мен тергеушіде адамгершілік болады да, қылмыскерде логикалық ойлау болғанымен мейірімділік жоқ. Туындыдағы жұмбақ құпияның өзі кейіпкерлерді таңқалдырып тұр. Алайда, оқиғаның шешіміне дейін құпиялардың барлығы заттай дəлелдер мен болжамдар ретінде оқырманның көз алдында тұрады. Автор бұл жағдайда оқырманын бірінші өн бойымен жетелеп, қалай дамып, өрбіп отыратындығын көрсетеді. Қаламгердің қай шығармасын алсақ та оқырманға түсінікті, əрі жеңіл оқылады.

«Түнде атылған оқ» повесіне келетін болсақ оқиғаның басталуында қылмыстың болғаны баян- далады. Туындыда орман ішінде жүрген Мырзаш есімді қартқа түнде оқ атылады. Оқтың кім атқанын капитан Талғат Майлыбаев анықтайды. Ол қылмыскер — Черноносов болатын. Тыңшы болып, мақсатын жүзеге асырмақшы болған Черноносов əртүрлі жамылғы есіммен Мырзаштың əйелі Қалампырды алдап, Павелдің ұлымын деп үйіне кіреді, Зина деген жас қызды алдап Аркаша болып танысады, кейін Зинаға қастандық жасайды, Глиновты бопсалайды, аяғында Ашырапов болып сауда- герлермен танысады. Одан кейін Бақытжан Əлтаевты өлтірдім деп өзін алдайды. Черноносов барлау мектебінде Орта Азия мен Қазақстан жөнінде қазақ тілін де жетік білетін маман еді. Сондықтан да оны тыңшы етіп елге жібереді. Барлау мектебінің тыңшы жіберу себебі: Т. қаласының маңында бірнеше ұшақтарды бір снарядпен атып түсіретін қаруға сынақ жүргізіледі. Черноносовтың міндеті сол қаруды анықтап, нақты мəліметтер жіберу болатын. Оқиға желісі осылайша дами түседі. Осы ретте айта кетейін, Бақытжанның Алтыншаш атты сүйіктісі болады. Қаламгер шығармадағы махаб- бат сызығын жалтырата көрсетпейді. Себебі, бұл ізкесушінің жұмысына кері əсерін беруі мүмкін. Алтыншаш — ақылды қыз. Бақытжан сүйіктісін Талғаттан қызғанып жүрсе де, өз қызметін адал атқарады. Досқа адал, уəдеге берік еді. Алтыншаш пен Бақытжанның бір-біріне деген сүйіспеншілігі болды. Бір‒бірлерімен хат алмасып та тұрды. Бұларды эпистолярлық жанрдың кейіпкерлері дейміз. Себебі, көбіне хаттың тілінде сыпайыгершілік, құрмет, сенім аңғарылып отырады. Оқиғаның шарықтау шегінде қылмыскердің кім екені анықталады. Ендігі мəселеде Черноносовты дəлелдер арқылы қолға түсіру болатын. Оқиғаның шарықтау шегінде Черноносов «Көлбастау» колхозында бо- лып, сынақ жүргізуді бірнеше мəрте көріп, суреттер жіберіп те үлгерген еді. Бұл оқиғада Талғат өзінің актерлік шеберлігімен таңқалдырады. Мас адамның, қарапайым такси жүргізушісінің рөлін керемет алып шығады. Автор қалың оқырманға Талғатпен қатар жаңа кейіпкер Бақытжан Əлтаевпен де таныстырады. Оның ізкесу ісіндегі алғашқы қадамдарын көріп, куəгер болдық. Оқиғаның шиеленісуінде Черноносов Бақытжан жəне Талғатпен Ашырапов деген жамылғы есіммен танысып, тығыз қарым-қатынас орнатады. Оның жіберген хаттарының кілтін тауып оқып, алдағы əрекеттерін біліп отырды. Оны қолға түсіруде сол мəліметтердің көмегі тиеді. Оқиғаның шешімінде де Черноно- совты құрықтау операциясы жүзеге асырылады. Жас Бақытжан өз басын қатерге тігіп, қылмыскермен бірге тиісті жерге бару керек болатын, бірақ тыңшымыз оған қару кезейді. Ақырында Талғат пен Бақытжанның жоспары жүзеге асып, Черноносовты Глинов үйінде тұтқындайды. Бұл тыңшылық де- тективке жақындау болып келеді. Себебі, стильдік жағынан алғанда саяси детективке жақын. Негізгі айырмашылығы: саяси детективте маңызды орынды саяси адамдар алса, тыңшылық детективте бар- лау, аңду секілді тергеу жұмыстарына баса назар аударылады. Оқиға желісінде ерекше болмысымен танылған кейіпкерлер, ұтымды монолог мен диалогтар арқылы өз заманының шындығын анық бей- нелеген. Жазушы əділеттілікті қалпына келтіру мақсатында, ақиқатты анықтау жолында əртүрлі амал-тəсілдерді қолданған.

Қорытынды

Кемел Тоқаевтың шығармалары жинақы, композициясы мен сюжеті қызықты, оқырманын оқиға желісімен əрі қарай жетектеп отырады. Шығармадағы кейіпкерлерін асыра мақтамайды, өз ісінің адал азаматтары екенін дəлелдеп отырады. Жоғарыда аталған туындыларында жасалған қылмыстың құпияларын ашу басты мақсат болып көзделеді. Оқиға барысында бас қаһарманның жұмыстары құпия түрде астыртын жүргізіледі. Ізкесуші өзін қылмыскерге байқатпас үшін əртүрлі образ жасайды. Шым-шытырық, қым-қиғаш, шиеленіскен шығармаларды оқи отырып, қаламгердің бойынан өткір қайсарлық пен шынайы шеберлікті байқаймыз. Кейіпкерлер арасындағы тартыс, кейіпкерлердің түрлі психологиялық көңіл күйі арқылы автордың дүниетанымы, позициясы танылады. Автор кейіпкердің көп қырлы екенін көрсетіп отырады. Таң қалатынымыз жазушының барлық туындылары тек шынайы жазылған.

Ойға алсақ, детектив — əдеби жанрлардың ішіндегі жылдам оқылатын, оқырманды бірден бау- рап алатын жанрлардың қатарына жатады. Қаламгердің туындылары өз заманындағы жастардың үлкен қызығушылығын тудырған. Шынымен, Кемел Тоқаев өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің жұмбақ құпиясын шешіп, шытырман оқиғалардың иірімдерін тарқатып, боямасыз шебер жеткізе білген. Бұл жанрда жазып жүрген жазушылар бар. Бірақ Кемел Тоқаевтың шығармаларындай туынды бола қоймады дейді отандық сыншылар. Сол себепті детективті жанрды дамыту үшін жоғары оқу орындарында детективке қызығушылығы бар оқушыларға, детектив жазамын деген студенттерге де демеу көрсету керек деп ойлаймын.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мұқажанова Р.М. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа үрдіс / Р. Мұқажанова // Жоғары білім беру жүйесі: дəстүр мен инновация. Семей, 2018. — Б. 90–92.
  2. Қирабаев С. Шындық жəне шеберлік. Зерттеулер мен мақалалар / С. Қирабаев. — Алматы: Жалын, 1981. — 61 б.
  3. Баққожа М. Жұмбақ жан / М. Баққожа // Парасат. — 2003. ‒ № 4. — Б. 21–23.
  4. Тоқаев К. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-ші том / К. Тоқаев; Құрастырған Ж.Дəуренбеков. — Алматы: Ана тілі, 2018. — 383 б.
  5. Ван Даин С.С. Двадцать правил для написания детективных романов / С.С. Ван Даин. — 1928. — Электронный ресурс. Режим доступа: URL: http://scriptmaking.ru/.
  6. Тоқаев К. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-ші том / К.Тоқаев. Құрастырған Ж.Дəуренбеков. — Алматы: Ана тілі, 2018. — 383 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.