Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының сайлау құқығы нормаларын жетілдірудің кейбір мəселелері

Мақалада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сайлау құқығы мен сайлау процесі саласындағы арнайы əдебиетті, электоралдық практиканы зерттеу негізінде сайлау қызметі саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мəселелері қаралған. Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының ережелеріндегі сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген қосымшаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының сайлау органдары мен олардың мүшелерінің мəртебесіне қатысты заңгер ғалымдардың ұстанымдары зерделеу объектісі болып табылады. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде мақалада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы сайлау комиссияларын ұйымдастыруға жəне олардың қызметіне байланысты мəселелер қарастырылды. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың жалпы міндеті тұрғысында сайлау институтын конституциялық-құқықтық реттеуді одан əрі жетілдіру қажеттігі белгіленді. Сайлау комиссияларының заңды қасиеттеріне қатысты ережелермен конституциялық нормаларды толықтырудың, олардың мүшелерінің мəртебесін нақтылаудың орындылығы туралы ұсыныстар жасалды. Сайлау заңнамасын жетілдірудің бағыттары ретінде сайлау алдындағы үгіт саласындағы кейбір олқылықтарды жою, шешуші дауыс құқығы мен кеңесші дауыс құқығы бар сайлау комиссиялары мүшелерінің мəртебесін нақтылау ұсынылды.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы [1] адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары сақталатын жəне қорғалатын, танылатын, демократиялық құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның дамуының аса маңызды кепілдіктерін бекітті. Елдегі бүкіл биліктің оның көп ұлтты халқына тиесілілігі — бұл қазақстандық конституциялық құрылымының негізгі ажырамас бөлігі, мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің негізгі қағидаты. Халық билігінің ең жоғары тікелей көрінісі — референдум жəне ерікті сайлау болып табылады.

Сайлау комиссияларының жұмыс істеуі, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде кепілдік берілген сайлау бостандығын қамтамасыз ететін маңызды қағидат болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу саяси үрдістерді демократияландырудағы жалпы бағыттылықтың дəлелі болды [2]. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 162-VI Конституциялық заңымен бекітілген [3]. Сайлау туралы конституциялық заңнама Қазақстандағы сайлау процесін ырықтандыру жəне одан əрі демократияландыру жолымен жүрді. Осы түзетулерге сəйкес сайлау органдарының мəртебесі жетілдірілді, партиялық тізімдер бойынша мəслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну тəртібі бекітілді.

2018 жылғы маңызды жаңашылдық округтік сайлау комиссияларын жою, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының екі мүшесінің өкілеттіктерін кəсіби негізде жүзеге асыруды енгізу болып табылады. Сондай-ақ 2018 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістерге сəйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері «сайлау үрдісіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жəне өткізу, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдерімен жəне сайлау үрдісіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша семинарлар өткізу» функциясымен толықтырылды [2]. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, бұдан басқа, сайлау комиссиялары мүшелерінің кəсібилігін арттыруға, əр түрлі саяси партиялардың өкілдері үшін тең жағдайлар жасауға, сайлау үрдісі оның ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мұның бəрі Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі біздің халқымыздың демократиялық дəстүрлерін, сондай-ақ əлемдік сайлау тəжірибесін ескере отырып, Халықаралық сайлау стандарттары қағидаттары мен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктеріне қойылатын талаптарды ескере отырып құрылатынын айғақтайды.

Əдістер мен материалдар

Зерттеуде мыналар қолданылды: логикалық-құқықтық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы- құқықтық, тарихи, сондай-ақ құқықтық нормаларды түсіндірудің арнайы құқықтық əдістері. Жұмыста зерттеудің жалпы ғылыми жəне арнайы əдістері — талдау, синтездеу, абстракциялау, дедукция, логикалық жəне салыстырмалы əдісі қолданылды.

Мақалада Қазақстан Республикасының жəне шетелдердің қолданыстағы заңнамасын, сайлау құқығы мен сайлау процесі саласындағы ғылыми əдебиетті, электоралды науқандардың құқық қолдану практикасын зерделеу жəне талдау негізінде Қазақстан Республикасының сайлау органдары мен олардың мүшелерінің құқықтық мəртебесінің өзекті мəселелері қаралған. Мақалада Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының ережелері талданған, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға заңдық талдау жасалды.

Нəтижелер

Қазақстан Республикасында өткізілетін ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар шеңберіндегі өзекті бағыттардың бірі сайлау заңнамасын жетілдіру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, жергілікті өкілді органдарды сайлау бойынша өткізілген сайлау науқандарының тəжірибесі көрсетіп отырғандай, тұтастай алғанда, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру процесі айқын, дəйекті жəне жан-жақты реттелген. Бірақ, бұл Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы одан əрі жетілдіруді қажет етпейді дегенді білдірмейді. Бұл жағдай қолданыстағы заңнаманың жəне құқық қолдану тəжірибесінің оңтайлы құқықтық нысандарын одан əрі іздеу қажеттігіне түрткі болады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында сайлау комиссияларының сайлауды ұйымдастыру мен өткізудегі рөлі туралы айтылмайды [1]. Мұндай тəсіл біршама қате болып көрінеді, өйткені Қазақстанда биліктің үш тармағының ешқайсысына жатпайтын жəне бірқатар ерекшеліктері бар мемлекеттік органдардың жаңа жүйесі қалыптасты.

Конституцияда халық еркінің ұйымдастырушылық рəсімдеу сұрақтарын бекіту жəне дамыту, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар үшін нормативті-міндетті сипат беру, жалпы алғанда, біздің қоғам өмірінде саяси плюрализмнің жəне дамыған демократияның əр түрлі нысандарын бекіту үшін нақты құқықтық негіздер құруға мүмкіндік берер еді. Біздің ойымызша, конституциялық мəртебе сайлау комиссияларының функцияларына лайық.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, біздің ойымызша, сайлаудың жарыспалылығы мен баламалылығы қағидаларын бекіту, сондай-ақ сайлаушылардың еркін қалыптастырудың заңдылығын қамтамасыз ететін органдар ретіндегі сайлау комиссияларының орны мен рөлін айқындау қажет болар еді.

Президенттікке, Мəжіліс жəне Сенат депутаттығына кандидат тіркелген сəттен бастап сайлаушылар арасында өз үміткерлерін қолдау үшін саяси партиялардың үгіт жұмысы басталады. Үгіт компаниясы, оның маңыздылығын ескере отырып, құқықтық реттеуге ие болады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында [2] саяси партиялардың үгіт жұмысының құқықтық аясы айқындалады, өйткені қажетті жағдайлар жасау сайлауды демократиялық ұйымдастыру мен өткізудің кепілі болып табылады. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу тəртібін реттейтін нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 162-VI Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен толықтырылғанын атап өту қажет [3].

Қазақстандық заң шығарушы анықтағандай, сайлау алдындағы үгіт 1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды жəне сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулерді, сайлау алдындағы жария пікірталастар мен пікір алысуларды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды жəне заңнамада белгіленген тəртіппен жəне сайлау туралы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың жəне олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу); 3) баспа, дыбыс-бейне жəне өзге де үгіт материалдарын шығару жəне (немесе) тарату жолымен (сайлау туралы Заңның 27-бабының 3- тармағы) жүзеге асырылады.

«Сайлау туралы» Заңның 28-бабы Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау алдындағы үгітті жүргізу тəртібін регламенттейді. Мəселен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сəйкес [2] мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тəртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Президенттікке кандидаттар, Мəжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысуға құқылы.

Мəслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телевизиядағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.

Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тəртібі мен шарттары тең болуға жəне белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық жасамауға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға жəне партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттарға жəне партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық жасамауға тиіс. Эфир жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары мен тəртібі туралы мəліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға жəне жариялауға, сондай-ақ Президентті жəне Парламент депутаттарын сайлау кезінде — Орталық сайлау комиссиясына, мəслихаттар депутаттарын жəне өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына беруге тиіс.

Орталық жəне аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тəртібі туралы мəліметтер орналастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тəртібі туралы мəліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бере алмайды.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруі болып табылады.

Кандидаттардың жəне партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығу кезектілігі жазбаша өтініштердің келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келіп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.

Кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге жəне сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерінен кейін сол нөмірде түсініктеме жасауға тыйым салынады [2].

Демек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқанын жария етуі кезінде барлық кандидаттар үшін тең жағдайлардың кепілдігін көздейді. Сонымен бірге, сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларын неғұрлым толық жүзеге асыру үшін, азаматтардың еркін ерік білдіруі үшін Қазақстан Республикасындағы сайлауда тегін эфир уақытын беру кепілдігін кеңейткен дұрыс болар еді. Профессор М.А. Сəрсембаев атап өткендей, кандидаттардың телеарна мен радиода сөйлеген сөздері, баспа мəтіндері арқылы республиканың барлық электоратына өзінің саяси көзқарастары мен саяси бағдарламаларын жеткізу құқығын іске асыра алады [4; 105]. Кандидаттардың теңдігі қағидасын кепілдендіру, сондай-ақ сайлауға қатысатын партияларға мемлекет қаржыландыратын БАҚ-та қосымша тегін жариялауды, сайлаушыларға ақпарат көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында əрбір кандидатқа мемлекеттік телевизиядан 60 минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік радиодан 30 минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік баспасөз органдарында 0,5 баспа парағынан аспайтын көлемде үш мақала жариялауға құқық бере отырып, тегін эфир уақытының көлемін ұлғайтқан дұрыс болар еді.

Бұдан əрі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын талдауда оның кейбір ережелерінің жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді. Атап айтқанда, осы Заңның 50-бабының 4-тармағында «кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды» деп белгіленген [2]. Біздің ойымызша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 50- бабының 4-тармағын «егер депутаттыққа кандидат саяси бəсекелестердің үгіт материалдарын жойғаны дəлелденген жағдайда, мұндай кандидатураны тіркеу туралы шешімнің дереу күшін жойылуы тиіс» деген ережемен толықтыру керек еді [5; 31]. Профессор М.А. Сəрсембаевтың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47–50-баптарын кеңейту не «Қазақстан Республикасы азаматтарының электораттық құқықтарының кепілдіктері туралы» жеке заңды қабылдау туралы айтқан ұсынысын қолдау орынды болар еді [6; 23].

Сайлау туралы қазақстандық заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін сайлау комиссияларының жауапкершілігін белгілеу туралы мəселені егжей-тегжейлі реттеу қажет, өйткені сол арқылы азаматтардың Қазақстан Конституциясында кепілдік берілген сайлау құқықтары бұзылады. Бұдан басқа, сайлау заңнамасын осындай бұзушылықтар тиісті аумақтағы дауыс беру қорытындыларының жарамсыздығын тануға əкеп соғуы мүмкін. Мұндай жауапкершіліктің нысандары сайлау комиссиясының мүшелеріне қатысты əкімшілік шаралар, сайлау комиссиясын толық немесе ішінара тарату жəне басқалар болуы мүмкін.

Орталық сайлау комиссиясының қолдауымен сайлау комиссияларының құқықтық ұстанымдарының электрондық базасын құрған жөн. Сайлау комиссияларының құқықтық позициялары деп алқалы органның (сайлау комиссиясының) ҚР азаматтарының сайлау құқықтарын жүзеге асыру жəне қорғау, сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу саласындағы заңнамалық ережелерді қолданудың негізділігі туралы, сондай-ақ сайлау комиссиясының құзыретін жүзеге асыру жөніндегі өзге де қызмет туралы пікірлерінің құжатпен ресімделген ресми жүйесі түсініледі. Сайлау комиссияларының құқықтық ұстанымдары сайлау құқықтарының кепілдіктеріне, олардың шектеулері мен жүзеге асырылу жағдайларына нақты мазмұн беру бөлігінде, ҚР сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу кезінде, азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау туралы істерді қарау кезінде маңызды функцияны орындайды.

Сондай-ақ сайлау комиссияларының құқықтық ұстанымдары жүйесін автоматты түрде мониторингтеу тетігін ойластыруға жəне жүзеге асыруға болады. Мұндай тетік сайлау дауының сипаттамалары жəне олар бойынша қабылданған шешім бойынша сайлау комиссияларының барлық шешімдерін автоматтандырылған өңдеуді; проблеманың қандай да бір моделіне жатқызу жəне жоғары тұрған сайлау комиссиясының осы модель бойынша қабылдаған шешімімен салыстыру тұрғысынан сайлау комиссияларының барлық шешімдерін автоматтандырылған өңдеуді қамтуы мүмкін.

Сайлау комиссиялары мен олардың мүшелерінің құқықтық мəртебесін жақсарту тұрғысынан Ресейдің тəжірибесін зерттеу пайдалы. Ресей заңнамасында сайлауға қатысатын саяси партиялардың сайлау комиссияларында тең өкілдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ сайлау комиссияларының тəуелсіздігіне кепілдік беруге бағытталған нормалар бар.

Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясы азаматтарының сайлау құқықтары мен референдумға қатысу құқығының негізгі кепілдіктері туралы» Федералдық заңының [7] (бұдан əрі- Ресей Федерациясының «Сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы» Заңы) 22-бабының 4- тармағы, əр саяси партияның, əр сайлау бірлестігінің, басқа да қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша сайлау комиссиясының құрамына шешуші дауыс құқығы бар комиссияның бір мүшесінен артық емес тағайындалуы мүмкін деген ережені белгілейді.

Сайлау комиссияларының тəуелсіздігінің келесі кепілі «Сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы» Ресей Федерациясының Заңында (22-бап, 5-тармақ) Ресей Федерациясының субъектілерінің сайлау комиссиялары мүшелерінің жартысынан көбі ғана емес, округтік сайлау комиссияларының, муниципалдық білім беру сайлау комиссияларының, аумақтық жəне учаскелік комиссияларды мемлекеттік жəне муниципалды қызметкерлер құрауы мүмкін екендігі қарастырылған [7].

Ресей Федерациясының «Сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы» Заңы Федерация субъектілерінің сайлау комиссияларын, округтік, аумақтық, учаскелік комиссияларды азаматтардың сайлау құқығын бұзған жағдайда тарату мүмкіндігін белгілейді, бұл тиісті аумақтағы дауыс беру нəтижелерін немесе жалпы сайлау нəтижелерін жарамсыз деп тануға əкелді (Заңның 31-бабы) [7]. Сайлау комиссиясын тарату туралы шешімді тиісті деңгейдегі заң шығарушы (өкілді) орган, сондай- ақ орталық сайлау комиссиясы (Федерация субъектісінің комиссиясына қатысты) депутаттарының өтініші бойынша сот қана қабылдай алады.

Сайлау комиссияларының тəуелсіздігіне кепілдік беру, саяси пайымдарға қатысы жоқ объективті өлшемдері бар сайлау комиссияларын қалыптастырудың демократиялық рəсімін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін сайлау комиссияларының жүйесін құру бағытында сайлау комиссияларының жүйесін жаңғырту қажет.

Осы мақсатта, мысалы, Мəжіліс депутаттарының, Президенттің өкілеттік мерзіміне теңестірілген Қазақстандағы барлық сайлау комиссиялары үшін бірыңғай өкілеттік мерзімін белгілеуге, не бірыңғай өкілеттік мерзімін белгілеп, бірақ сайлау комиссияларының түрлі буындарын кезең-кезеңімен қалыптастыра отырып: алдымен Орталық сайлау комиссиясы, келесі жылы — аумақтық сайлау комиссиясы, содан кейін бір жылдан соң — учаскелік сайлау комиссиясы құрылады.

Ресей Федерациясының «сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы» Заңына 2012 жылы өзгерістер енгізілді, осыған сəйкес учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына тұрақты негізде көшу белгіленді, яғни оларды қалыптастыру қазіргі уақытта аумақтық сайлау комиссияларымен 5 жыл мерзімге тұрақты жұмыс істейтін сайлау учаскелерінде жүзеге асырады (сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы Заңның 27-бабы) [7].

Ресейдің сайлау заңнамасындағы 2012 жылғы жаңашылдықтар комиссияның тиісті мүшелерін ауыстыру кезінде партияның қайта өкілдігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне де бағытталған. Мəселен, учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған, бірақ комиссия мүшелері тағайындамаған кандидатуралар қатарынан резерв қалыптастыру көзделген. Шығып қалған адамның орнына учаскелік сайлау комиссиясының жаңа мүшесін тағайындау осы резервтен жүргізілуі мүмкін. Мұндай механизм кең мағынада сайлау комиссияларының кадрлық резервін дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру тетігі неғұрлым ұйымдастырушылық ашықтық пен негізділік беру мақсатында одан əрі жетілдіруді талап етеді. Кейбір шет елдерде сайлау комиссиясы мүшесінің орынбасары институты (сайлау органы) жұмыс істейді, бұл комиссиялар жұмысына үздіксіз сипат беруге, сондай-ақ комиссия мүшелерін оқыту жəне олардың кəсіби біліктілігін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Мексикада сайлау комиссиясына ұлттық саяси партиялардың уəкілдері жəне барлық уəкілдердің орынбасарлары кіреді.

Қазақстан Республикасының Негізгі Заңын Қазақстандағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесіне арналған жаңа тараумен толықтыру туралы мəселе пісіп жетілді. Бұл конституциялық реттеу пəніне мемлекеттік билік жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сайлауға қатысты аса маңызды қатынастарды енгізуге, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарының неғұрлым салмақты кепілдіктерін, атап айтқанда, сайлау комиссияларының құқықтық мəртебесінің негіздерін бекітуге мүмкіндік берер еді.

Талқылаулар

Қазіргі заманғы конституционализмнің дамуының жалпы заңды үрдістері Қазақстан Республикасында саяси плюрализм қағидатын саяси-құқықтық тұрғыдан бекіту қажеттігін талап етеді. Саяси жүйенің тиімді жұмыс істеуі саяси партиялардың мемлекеттік жəне қоғамдық өмірге белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Заң шығарушы мемлекеттік емес ұйымдардың, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің мемлекеттің саяси өміріндегі рөлі мен маңызын арттыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту үрдісін ескеруі тиіс.

Идеологиялық жəне саяси əр алуандық, көппартиялылық демократияның мазмұндық сипаттамасы болып табылады, ол ҚР Конституциясында бекітілген, ал саяси партиялардың өздері — оның құқықтық мемлекет шеңберінде жұмыс істеуі үшін қажетті институт болып табылады. Дəл осы партиялар елдің мемлекеттік-саяси жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сайлаушылардың кең тобын мемлекет істерін басқару процесіне қосуға арналған. Партиялардың елдердің саяси өміріндегі рөлін күшейту елдің саяси процесін дамытудағы жалпы үрдіс болып табылады.

Сонымен қатар, конституциялық реформа жүргізу барысында азаматтық қоғам жəне оның институттары, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы мəселе ҚР Конституциясында тиісті көрініс таппады. Бұл мəселелерді конституциялық деңгейде пысықтау мемлекеттің қажет болған жағдайда азаматтық қоғам институттарын елемеу мүмкіндігін жоққа шығарар еді, бұл олардың өкілдеріне дұрыс қарау үшін алғышарттар жасар еді.

Конституциялық-құқықтық заңнамаға осы өзгерістер мен толықтырулар тұрақтандырушы факторға қызмет ететін болады жəне біздің қоғамымыздың өмірінде саяси плюрализм мен дамыған демократияның əр түрлі нысандарын жылдам бекітуге мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, Қазақстан Конституциясын мынадай ережелермен толықтыру қажет: ҚР Конституциясында саяси партиялардың қоғамдағы жəне мемлекеттегі рөлі мен маңызы туралы Ережелерді бекіту туралы; ҚР Конституциясына партиялардың бəсекелестігі, бəсекелестігі сияқты саяси плюрализм қағидаты тараптарын енгізу туралы.

Сайлау комиссиялары мен олардың мүшелерінің құқықтық мəртебесіне қатысты мəселелер, қазақстандық жəне шетелдік ғалым-заңгерлермен қарастырылады.

Заң əдебиеттерінде сайлау комиссияларының қызметі мен білім берудің өзекті сұрақтары, олардың құқықтық мəртебесі қарастырылады. Мысалы, «Конституциялық заңда сайлау комиссиялары мемлекеттік органдар деп аталғанымен, олар белгілі бір мемлекеттік орган бекіткен жəне мүлдем жауапсыз əрекет ететін еріктілер тобына өте ұқсас» [8; 54]. Сондықтан, автордың пікірінше, сайлау туралы заңнамада сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын нақты талаптар айтылуы тиіс, «комиссиялардың жауапкершілігі» бөлімі енгізіліп жəне олардың бүкіл қызметі кəсіби негізге қойылуы тиіс [8; 53–55].

Сайлау үрдісінде мемлекеттік аппараттың бейтараптылығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау органдарының құрамын ұжымдық қалыптастыру неғұрлым демократиялық болып табылады. Сайлау органдарын құрудың осындай «ұжымдық» қағидасы сайлау барысына қоғамдық бақылауды кеңейтуді қамтамасыз етеді.

Сайлау комиссияларының құрамындағы партиялардың неғұрлым кең өкілдігін, сондай-ақ олардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сайлау комиссияларының құрамына тең дəрежеде барлық саяси партиялардың өкілдерін қосу керек еді. Алайда, бұл жағдайда əдебиетте айтылғандай, барлық партиялар сайлау комиссияларының құрамында бола бермейді, өйткені партиялардың саны комиссиялардың сандық құрамынан асып түседі. «Сайлау комиссиясындағы бос жұмыс орындарының саны — 7, ал Қазақстандағы саяси партиялардың саны — 10. Біз не істесек те, сайлау комиссиясының құрамында қалған үш партияның болуы мүмкін емес» [9; 108]. Профессор М.А. Сəрсембаев сайлау комиссияларында партиялардың тең өкілдігін қамтамасыз ету комиссиялардың төрағалары мен хатшылары деңгейінде мүмкін деп санайды [9; 108]. Басқа ғалымның пікірінше, Ресей сайлау заңнамасының тəжірибесін сайлау комиссияларының мүшелеріне үміткер кандидаттан бір өкіл қосу арқылы пайдалана аламыз [10; 158].

Саяси партиялардың сайлау комиссияларын ұйымдастыруға жəне қызметіне тең қатысуын қамтамасыз ету мəселелерін ресейлік заңгер ғалымдар да қарастырады. Саяси партиялар санының артуы құрылатын сайлау комиссияларының құрамында партиялардың тең өкілдігін қамтамасыз ету проблемасын одан əрі айқындай түседі [11; 37]. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының «Сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы» Заңында белгіленген кандидаттардың тізімдері Мемлекеттік Думада, Федерация субъектісінің заң шығарушы органында, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органында депутаттық мандаттарды бөлуге рұқсат етілген саяси партиялардың ұсыныстары негізінде оның мүшелерінің кем дегенде жартысын сайлау комиссиясына міндетті түрде тағайындау туралы талап «елде тіркелген жəне сайлауға қатысқан 7 саяси партия болған кезеңде оңай орындалды» [11; 37].

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ хатшылары өз өкілеттіктерін кəсіби тұрақты негізде жүзеге асырады [2]. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе олардың орынбасарлары, хатшылары өз өкілеттіктерін кəсіби тұрақты негізде жүзеге асыратындықтан, олардың құқықтық жағдайын нақты айқындау, мысалы, саяси жəне əкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде оның негізгі параметрлерін айқындай отырып, оларға мемлекеттік қызметшілер мəртебесін беру орынды болар еді.

Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру тəртібі одан əрі жетілдіруді талап етеді. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын реформалау: сайлауға қатысушы барлық саяси партиялардың мүшелігін қамтамасыз ету мақсатында сайлау комиссияларын қалыптастыру тəртібін өзгерту; оларға тек кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын беру; тұрақты жұмыс істейтін сайлау комиссияларының жүйесін құру сияқты бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық мəртебесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі олардың кəсібилігін арттыру болуы тиіс, бұл сайлау үрдісін тиімді ұйымдастыруға, сайлау науқаны барысында бұзушылықтарды болдырмауға жəне сол арқылы азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сайлау комиссияларының құрамына, біздің ойымызша, барлық саяси партиялардың, оның ішінде оппозициялық партиялардың өкілдері сайлау комиссияларының құрамындағы партиялардың неғұрлым кең өкілдігін қамтамасыз ету, комиссиялардың тəуелсіздігіне кепілдік беру үшін тең дəрежеде кіруі тиіс. Қазақстандық сайлау заңнамасын реформалау қажет, атап айтқанда, сайлауға қатысушы барлық саяси партиялардың қатысуымен сайлау комиссияларын қалыптастыру тəртібін өзгерту керек. Сайлау комиссияларының сандық құрамын заңнамалық тұрғыдан кеңейту керек, комиссиялар мүшелерінің саны тіркелген саяси партиялардың санынан кем болмауға тиіс [12; 21]. Сайлау комиссияларының тəуелсіздігінің кепілі ретінде мемлекеттік қызметшілердің сайлау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының екіден бір бөлігінен артық бола алмайтындығы туралы ережені белгілеуге болады. Азаматтардың сайлау құқықтарын бұзған жағдайда, тиісті аумақтағы дауыс беру қорытындыларын немесе жалпы сайлау нəтижелерін жарамсыз деп тануға əкеп соқтырған жағдайда, сайлау комиссияларының жауапкершілігін оларды тарату арқылы қолдану мүмкіндігін белгілеу орынды болар еді. Қазақстанда сайлау комиссияларын жаңғырту жоспарында тұрақты жұмыс істейтін учаскелік сайлау комиссияларының жүйесін құруды қарастыруға болады.

Азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігі туралы ұсынысты қолдау керек. Авторлар оларға мынадай шараларды жатқызады: сайлау барысын кең қоғамдық бақылау жəне дауыс беру қорытындыларын шығару; сайлау қорытындыларын шығарудың дұрыстығын міндетті түрде іріктеп тексеру; сайлау нəтижелерін есептеу жəне дауыс беру рəсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары жəне т.б. [13; 67].

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын реформалау мақсатында «Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтары мен референдумға қатысу құқығының негізгі кепілдіктері туралы», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы», «Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен Сенатының депутаттарын сайлау туралы» (мысалы, Ресей Федерациясындағы тиісті заңдар сияқты) заңдарды əзірлеп, қабылдауға болады немесе Қазақстан Республикасының сайлау кодексінде сайлау заңнамасының нормалары кодификациялансын (Франция мен Чехия үлгісі бойынша). Кодификацияланған заңнама сайлау органдарының құқықтық мəртебесіне ғана емес, олардың жауапкершілігін де бекітуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында сайлау құқығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны Республика Президентінің Жарлығымен əзірлеу мен бекітудің орындылығы туралы ұсынысты қолдау қажет болар еді. Мұндай бағдарлама Қазақстандағы мемлекеттік сайлау саясаты мен сайлау құқығын кезең-кезеңмен, эволюциялық жетілдірудің негізі бола алар еді [14; 185].

Қорытынды

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің мəртебесін регламенттейтін берік құқықтық іргетасы құрылды. Онда Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қағидасына, Халықаралық сайлау стандарттарына сəйкес келетін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы орталық орынға ие. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сайлау комиссияларының ұйымдастырылуы мен қызметін құқықтық реттеу бірқатар кемшіліктерсіз емес.

Кандидаттардың теңдігі қағидасын кепілдендіру, сондай-ақ сайлауға қатысатын партияларға мемлекет қаржыландыратын БАҚ-да қосымша тегін жариялауды, сайлаушыларға ақпарат көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында əрбір кандидатқа мемлекеттік телевизиядан 60 минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік радиодан 30 минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік баспасөз органдарында 0,5 баспа парағынан аспайтын көлемде үш мақала жариялауға құқық бере отырып, тегін эфир уақытының көлемін ұлғайтқан дұрыс болар еді.

Негізгі Заңға сайлау комиссияларының заңды қасиеттеріне, оларды қалыптастыру жəне қызмет ету қағидаларына қатысты ережелерді енгізу, сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу өкілеттіктерін нақтылау, шешуші дауыс құқығы мен кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерінің мəртебесін нақтылау қажет. Орталық сайлау комиссиясының қолдауымен сайлау комиссияларының құқықтық ұстанымдарының электрондық базасын құрған жөн.

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. [Электрондық ресурс] — Кіру режимі: //http: //online.zakon.kz/document/? doc_id=1005029.
  2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы. [Электрондық ресурс] — Кіру режимі: // https://online.zakon.kz/document/? doc_id=1004029.
  3. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 296-VІ ҚРЗ. [Электрондық ресурс] — Кіру режимі // https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=35041664#pos=2;-245.
  4. Сарсембаев М.А. Проблемы совершенствования казахстанского выборного законодательства / М.А. Сарсембаев // Заңгер. — 2007. — № 12. — С. 102–108.
  5. Ержанова Ф.А. Некоторые вопросы совершенствования избирательного законодательства Республики Казахстан: анализ судебной практики / Ф.А. Ержанова, Р.М. Жамиева, Г.А. Ильясова // Вестн. Караганд. ун-та. — Сер. Право. — 2020. — № 1. — С. 27–36.
  6. Сарсембаев М.А. Конституционные принципы избирательного права в Казахстане и их соответствие международным обязательствам страны / М.А. Сарсембаев // Право и государство. — 2014. — № 3(64). — С. 18–23.
  7. Федеральный закон Российской Федерации «Об основных гарантиях избирательных прав и права на участие в референдуме граждан Российской Федерации» от 12.06.2002. — [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.consultant.ru/document/cons_doc_LAW_37119/.
  8. Мухамеджанов Э.Б. Выборы прошли, что дальше? / Э.Б. Мухамеджанов // Юрист. — 2005. — № 2. — С. 53–55.
  9. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право Республики Казахстан: теоретико-правовые вопросы / Э.Б. Мухамеджанов. — Алматы: Жетi жарғы, 2001. — 176 с.
  10. Турищева Н.Ю. Правовое регулирование участия партий в выборах / Н.Ю. Турищева // Государство и право. — 2016. — № 8. — С. 29–39.
  11. Yerzhanova F.A. Status of members of election commissions: legislation, practice and international experience / F.A. Yerzhanova, K.S. Mussilimova // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Право. — 2019. — № 2. — С. 19–28.
  12. Сагинаев М.Е. Проблемы функционирования избирательного законодательства и совершенствования принципов избирательного права в Республике Казахстан / М.Е. Сагинаев, Н.Б. Тауекелов, Л.Б. Нусипова // Вестн. Казах. нац. ун-та. Сер. юрид. — 2018. — № 1(85). — С. 62–67.
  13. Копабаев О.К. Избирательное право Республики Казахстан: науч.-практ. пос. / О.К. Копабаев, К.К. Айтхожин, М.Б. Кудайбергенов. — Астана, 2009. — 194 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.