Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің дəлме-дəлдігі туралы

Мақала заңнамалық актілерді мемлекеттік тілге аудару сапасына қатысты құқықтық техникамен байланысты мəселелерді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты заң шығару техникасының теориялық ережелерін жəне азаматтық заңнаманың мемлекеттік тілдегі мəтіндерін талдау жəне соның негізінде құқық нормаларының аудармасындағы қателерді анықтау, заңнамалық актілердің қазақ тіліндегі мəтінін сапасыз аудару мəселелерін айқындау, заңнамалық актілерді мемлекеттік тілде əзірлеу кезінде заң техникасын жетілдіру жөнінде қорытынды жасау болып табылады. Зерттеу барысында азаматтық заңнама саласындағы нақты олқылықтар мен қайшылықтар анықталды, заң техникасының ережелерін дұрыс қолданбау жағдайлары сипатталды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы заң шығару практикасындағы қазақ тілінің беделін арттыру мақсатында авторлар орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген ережені алып тастауды ұсынған. Сондай- ақ, жалпы қабылданған, біркелкі жəне тиісті түрде рəсімделген заң терминдерін қамтитын бірыңғай заңды терминологиялық сөздікті енгізуді қарастырған. Теориялық көзқарастар мен авторлардың айтқан ескертулерін талдау арқылы, құқық нормаларын қазақ тіліне дұрыс аудару нұсқалары жəне нормативтік құқықтық актілердің мəтінін қазақ тіліне аудару бойынша заң техникасын жетілдіру жолдары айтылған. Зерттеу нəтижелері жаңа жəне бірегей болып табылады, авторлық ұстанымы негізделген жəне қызметі заң жобаларына мемлекеттік тілде лингвистикалық сараптама жүргізумен байланысты қызметкерлер үшін қызығушылық тудырады.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мемлекеттік тілдің заң саласындағы қолданыс аясымен мəртебесін қарастыру арқылы қазақ мəтініндегі азаматтық заң саласы нормаларының дұрыс қалыптастырылуын зерттеу болып табылады. Мақалада азаматтық құқық саласындағы заңнамалық актілердің мазмұнын қазақ тілінде қалыптастыру мəселесі қарастырылады. Көтеріліп отырған мəселе қазақ тілінің заң аясындағы қолданысының келте тұстарын анықтап, сол түйінді шешуге бағытталады. Зерттеу мақсаты мемлекеттік тілдің заң жобаларындағы қолданыс аясының тарылуына деген заң танушылардың ойларын зерделеп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстегі емле қателеріне етене назар аудара отырып, олардың қате кемшіліктерін талдау. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі заңдық техника ережелерінің сақталмауын анықтай отырып, қателіктерді айқын ашып көрсету. Қазақ тілінің заң саласы аясындағы мəртебесін көтерумен, толыққанды аударма жасалу мəселесінің шешімін тауып, заң актілерінің мемлекеттік тілде жазылуына үлес қосу мақсатымыз жəне осы салада жіберілген қателіктерді зерттеп, тиісті ұсыныстар жасау. Мақсатқа жету үшін мына мəселелерді ашып, нақтылау жəне түсіндіру зерттеу міндеттері алға қойылып отыр. Қолданыстағы азаматтық заңдардың сапасы көбінесе оны қалыптастыруда қолданылған ондағы заңдық техниканың деңгейіне, заңдық актідегі нормативтік ұйғарымдардың нақтылығына байланысты. Орыс мəтінінде қабылданған азаматтық заң саласы нормаларының аудармасы сын көтеретіндей қалыптастырылуы заңдық актілердің сапасына зор əсер етеді, ал оған заңдық техниканың тиісті ережелері мен əдістері арқылы қол жеткізіледі. Əрекет етіп отырған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі орыс мəтінінен қазақ мəтініне аудару салдарынан үйлесімсіз қателерге толы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің кейбір баптарында сөздер, сөйлемдер дұрыс аударылмаған, соның себебінен толық баптың мағынасы өзгеріп, құқық қолдану тəжірибесінде қайшылыққа толы өзінің кері салдарын туғызуда. Заң техникасы бойынша

Хат-хабарларға арналған автор. Е-mail: tokatov77@mail.ru талаптар құқық теориясы мен əдіснамалық, нормативтік-құқықтық негіздерімен бірауыздан бекітілген болса да, азаматтық кодекс нормаларын қалыптастыруда бұл ережелер сақталмаған.

Зерттеудің нақты мақсаты азаматтық заң саласында заңдарды қалыптастыруға əнбебап үйлесімділікті қамтамасыз ететін тетікті қалыптастастыру негізгі мақсат болып табылады. Заң шығармашылық іс–əрекетін дамытудың басты жолдарының бірі заңдық техниканың жетілген тетігін қалыптастыру болып табылады, егер мұндай тетік тəжірибеде өз қолданысын таппаса, қолданыстағы ережелердің объективтілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, ол заңдарды құқық қолдану тəжірибесінде пайдалануда етене қиындықтар туғызады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы қарастырылған мəселе бойынша материалдар мен дəйектерді жинақтап, жүйелеп жəне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстегі ережелердің сапасы мен заң техникасы талаптарына сəйкестігін тыңғылықты қарастырылуына байланысты болып отыр.

Зерттеудің тəжірибелік маңыздылығы бұл зерттеудің материалдарын заңгер оқытушылар, студенттер мен ізденушілер, тікелей тəжірибемен айналысатын заң аясының мамандары өз тəжірибелерінде қолдана алатындығында. Сонымен қатар, зерттеу дəйектері мен нəтижелері, ұсыныстары заңшығармашылықты жетілдіру тəжірибесіне де оң үлесін қосары сөзсіз.

Əдістер мен материалдар

Зерттеу əдістері ретінде сəйкес ғылыми-теориялық, нормативтік-құқықтық актілердегі, мемлекеттік бағдарламадағы құқықтық актілерді рəсімдеу тəсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығына қатысты талдау, топтау, жалпылау, жүйелеу, салыстыру, индукция жəне дедукция қолданылды. Зерттеудің əдіснамалық жəне материалдық негізі ретінде С.Ш. Оразалинов, М.А. Айымбетов, Б.К. Бодаубай, Ө. Ақыпбекұлы, Ю.А. Тихомиров, Н.А. Власенко, В.Б. Исаков, С.В. Кузнецов сияқты отандық жəне шетелдік ғалымдардың, ізденушілер мен тəжірибе мамандарының, заң техникасы мен тіл мəселесіне арналған мемлекеттік бағдарлама мен əрекет етуші заңнама ережелеріндегі тұжырымдар алынды.

Нəтижелер жəне талқылау

Қазақстан Республикасы егемендігінің отыз жылдық қарсаңында ел егемендігін негіздейтін басты құралдардың бірі отандық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асыратын заңдар мəселесі аса елеулі жағдайлардың бірегейі болып табылады. Себебі қоғамдағы қалыптасатын қатынастар жан- жақты əрі нақты реттейтін заңдармен қамтылған болса онда, қоғамдық қатынастар нақты əрі əділ реттеледі. Осы орайда басты зерттеуге алып отырған мəселе қоғамдағы азаматтық қатынастардың құқықтық реттелуі жəне оны реттейтін азаматтық заң саласының жалпы жағдайы мен қазақ тілінде қалыптастырылатын нормалардың сапасын зерделеу қазіргі таңның елеулі мəселелерінің бірі болып отыр. Елдің тəуелсіздігі алдымен қоғамдағы ұлттық негізді қалыптастыратын үш басты мəселемен тығыз байланысты. Оларға біз: тіл, діл жəне дінді жатқызамыз. Бұлар қай заманда болмасын ел егемендігі тізгінінің басты құралы болып табылған. Осылардың ішінде бастысы тіл аса маңызды орын алады, себебі тіл дұрыс болса діл дұрыс болады, ал ділі дұрыс елдің діні дұрыс болады. Осы үш элемент елдің болашағының негізін қалыптастырушы басты құралдар санатына жатады. Егер осылардың мемлекетімізде дамуын дұрыс жолда ұстасақ болашақ жарқын болары ақиқат. Бұл үшеуінің ішінде негізгі біздің көңіл бөлгелі отырған мəселеміз ол тіл мəселесі. Отыз жыл егемендігімізге жетсек те, қазақ тілі мəселесі əлі де көкейкесті мəселелердің бірегейі болып отыр. Өз елінде өгей болған қазақ тілі қазіргі таңда қарын аштыратын мəселелердің бірегейі екендігі сөзсіз шындық. Отыз жылдық егемендік алғалы парламент қабырғасынан не бəрі екі ғана заң қазақ тілінде қабылданған, атап айтсақ, «Халықтың көші-қоны туралы» (1997) жəне «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдары (2002) [1].

Сонымен қатар, бізде көп заңдар орыс тілінде қабылданып, олар қазақ тіліне аударылады, ал аударма сапасы сын көтермейді. Халық арасындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуші басты құрал болып заң табылады. Егер осы заңдар сауатсыз қабылданып, үнемі қайшылықтарға толы болса, оны қолданушы адамдар мен олардың арасында қалыптасатын қатынастар шиеліністерден бас көтертпейтін болады. Заңгер мамандардың басты қазіргі таңдағы мəселелерінің бірі болып қазақ тілінде қалыптастырылған заңдарды түсіну мен түсіндіру болып табылады. Егер басшылыққа алынатын заңдардың өзі қате жазылатын болса, онымен қандай қатынастарды реттеп жарытамыз деген сұрақ туындйды.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24- бабында нормативтiк құқықтық акт мəтiнiнiң мазмұнына жəне жазылу стилiне қойылатын талаптар көрсетілген, ал 3-ші тармақшасында «Қазақ жəне орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мəтіндері тең түпнұсқалы болуға тиіс» делінген [2]. Олай болса біз зерттеуге алып отырған Азаматтық құқық саласын реттейтін азаматтық кодекске көз жүгіртіп көрелік. Соның негізінде бұл талаптардың яғни қазақ жəне орыс мəтіндегі аударылымдардың теңтұспалығы қаншалықты сақталғанын анықтаймыз.

Заң саласындағы аударма мəселесіндегі елең еткізер қателіктер аз емес, солардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімінің 6 бабы. Бұл бап «Азаматтық заң қалыптарының түсiнiлуi» деп аталған, алайда дəл осы кодекстің орысша баламасында «Толкование норм гражданского законодательства» деп көрсетіледі, бұл жердегі көзге оттай басылатын қателік «норма» сөзінің қазақша аудармасын «қалып» деп аударған [3]. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сəуірдегі Заңының 1 бабының 18 тармағында «құқық нормасы» сөзіне «реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мəрте қолдануға арналған, жеке- дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы» деп түсініктеме береді [2]. Көріп отырғанымыздай, бұл жерде «норма» сөзіне қазақ мəтініндегі аудармада «қалып» деген сөзбен аударылмаған. «Қалып» сөзі жалпақ əдеби тілде белгілі бір мағына берсе, ресми заңды іс қағаздар тілінде түсініксіз əрі ерсі көрінеді. Сол себепті аударудың жөні осы екен деп жаппай барлық сөздерді аудара бергенде дұрыс емес деп ойлаймыз. Əсіресе, шет тілінен кірген кірме сөздерді аудармай, сол бетінде қалдырған жөн де есептейміз.

Ocы жepдe тaғы бip тoқтaлa кeтeтiн мaңызды мəceлe: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі (Жалпы бөлім) 24 баптың, 34 баптың 5 тармағында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі (Ерекше бөлім) 406-баптың 2, 3-тармақтарына сəйкес, орысша мəтіндегі «законодательные акты» деген сөздер түрліше аударылған, бір жерде «заң актілері», ал екінші бір жерде «заңнамалық актілер» немесе «заң құжаттары» деп берілген. Осы сөздердің мағынасы бірдей болғанымен, бірізділікті сақтау мақсатында кодекстің толық мəтіні бойынша «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2) тармақшасына сəйкес «заңнамалық акт» деп қолданылған орынды болар еді деп санайды мамандар [4; 160].

Азаматтық кодекстің 42 бабының 6-тармағында қарастырылған «рыноғының» деген сөзді үйлесімсіз деп есептейміз. Қ. Бектаев еңбегінде «рынок» сөзі «нарық» деп аударылады [5; 637]. Тиісті өзгерістерді «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Қазақстан Республикасының Заңында қолдану жөн деп санаймыз [6].

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің көптеген баптарында «лицо» деген орыс мəтіндегі сөзді «адам» деп аударған, бұл азаматтық құқықтық доктринасы тұрғысынан қате болып есептеледі. Мысалы: орыс мəтіндегі: «Өкілдік» туралы 163 бапта «Сделка, совершенная одним лицом (представителем) от имени другого лица (представляемого) в силу полномочия...» деген сөйлемде «лицо» деген сөзді қазақ мəтінінде: «Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң)», яғни «лицо» деген сөзді «адам» деп аударған [3]. Негізі «лицо» деген орыс мəтіндегі сөзді «тұлға» деп аударған дұрыс. Сонда жоғарыдағы мəтін келесі түрде рəсімделеді: «Басқа тұлғаның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр тұлғаның (өкiлдiң)» деп жазылса құқықтық қатынастағы субъектілер ауқымы шектеліп қалмайды. «Лицо» сөзін «адам» деп аударсақ азаматтық құқықтағы өзге де субъектілер бұл қатынастың қатысушылары бола алмайды, сол себепті «тұлға» дейтін болсақ оның құрамына жеке тұлғалар, яғни адам, сонымен қатар заңды тұлғалар, мемлекет кіреді. Бұның негізінде осы нормаларда анықталып отырған субъектілер қатары шектелмейді.

ҚР Азаматтық кодексінің 167 бабының 4 тармақшасына назар аударар болсақ, Азаматтық кодекстің орыс мəтініндегі: «командованием соответствующих воинских частей» деген сөйлемді қазақ мəтінінде «əскери бөлiмдердiң командованиесi» деп қате аударған. Бұл жердегі орыс мəтіндегі «командованием» деген сөзді қазақ тіліне мүлдем аудармай кеткен [3]. Егер қазақ мəніндегі аудармасын өңдер болсақ, дұрысы: «əскери бөлiмдердiң қолбасшылығымен» деген сөзбен аударылуы тиісті.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-бабында «Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң басталуы» деген сөйлемінде орыс мəтініндегі «Начало срока, определяемого периодом времени» деген сөйлеміндегі «определяемого» деген сөзді «белгiленетiн» деп аударған. Ал «белгiленетiн» деген сөзді орыс тіліне аударар болсақ «устанавливаемые» деген сөз болып аударылады. Сол себепті орыс мəтіндегі «определяемого» деген сөзді «анықталатын» деген сөзбен ауыстыру керек. Сонда жоғарыда көрсетілген 173–бап қазақ тілінде мынадай түрде жазылуы тиіс: «Уақыт кезеңiмен анықталатын мерзiмнiң басталуы» [7; 132].

Азаматтық кодекстің 188-баптың «Меншiк құқығы ұғымы жəне оның мазмұнының» 1 тармақшасында «Меншiк құқығы мəмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi» деген сөйлеміндегі «жүктемелерiмен» сөзі орыс мəтініндегі «обременениями» деген сөздің аудармасын береді. Негізінде бұл сөзді қазақшаға аударғанда «ауыртпалықтарымен» деген сөзбен аударылып, жоғарыдағы сөйлем дұрысында, яғни 188-баптың 1 тармақшасында «Меншiк құқығы мəмiле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтарымен басқа адамға берiледi», — деп көрсетілуі тиіс [7; 154].

Азаматтық кодекстің 286-бабында «Бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысатын мiндеттеменiң орындалуы» деген атауда көрсетілген «несие беруші» сөзі кодекстің əр шетінде əртүрлі сипатта көрініс табады, мысалы 286-бапда «несие беруші» деп көзделсе, «Жеке кəсiпкердiң банкроттығы» деп аталатын 21 баптың 3-ші тармағында «кредитор» деп сипатталады, бұл соңы емес. Дəл осы кредитор сөзі Азаматтық кодекстің ішінде 46 рет кездеседі, ал «несие беруші» сөзі 221 рет жазылған. Егер заңшығару нормаларды қалыптастыру барысында бірізділік қағидасын ұстанбайтын болса, құқық қолдану тəжірибесіне өзінің кері ықпалын тигізері сөзсіз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің «Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы» деп аталатын 189-баптың 2 тармақшасында «Затты күтiмсiз жəне заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi» деген сөйлемінде «күтімсіз» сөзін орыс мəтініндегі «недобросовестно» деген сөзінен аударған, ал «недобросовестно» деген орыс сөзін қазақшаға аударсақ «жосықсыз» деген сөзімен аударылған жəне ол Қазақстан Республикасының «Бəсекелестік туралы» Заңында «жосықсыз» деп рəсімделген [8].

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 324-бабында кепiлге салынған мүлiктi күштеп алу салдары бабындағы «предмет» деген орыс мəтінінен тікелей сөз «нəрсе» деп аударылған. «Нəрсе» сөзін орыс тіліне аударғанда «вещь» немесе «что-то» деген аудармалар береді. Ал бұл аудармалар осы жəне кодекстің өзгеде жерлеріндегі қолданысына мүлдем келмейді. «Предмет» сөзінің ресми аударма сөздіктеріндегі сөзі «пəні» деп аударылады [5; 150]. Сол себепті азаматтық кодекстің орыс мəтіндегі «предмет» деген сөз ресми түрде «пəні» деп аударылуы тиіс.

Осы кодекстің «Кепiлдiк берушiнiң жəне кепiл болушының жауапкершiлiгi» туралы 322- бабында орыс мəтініндегі «неустойка» деген сөз қазақ мəтінінде «айыпақы» деген сөзімен аударылған. Орнына «тұрақсыздық айыбы» — деген сөзбен аударған дұрыс деп ойлаймыз. Себебі «айыпақы» сөзін орыс тіліне аударса «штраф» деген мағына береді [9].

Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің «Кепiлдiк берушiнiң өзiне несие берушi талаптар қойған жағдайдағы құқықтары мен мiндеттерi» деген 333-бабында «предъявлен иск» деген орыс мəтініндегі сөзі қазақ мəтінінде «қуыным» деген сөзімен аударылған, оны «талап қою» деген сөзбен аустырырсақ заң техникасы жағынан орынды есептейміз.

Азаматтық кодекстің тағы бір жазылған емле қатесі көптеген оқытушылармен заңгерлерді толғандырып жүргені өтірік емес, ол 516-бап «Қайырмалдық». Бұл баптың орыс тіліндегі баламасының орысша нұсқасын қарайтын болсақ, ол жерде «пожертвования» деп көрсетіледі. Бұл жердегі «пожертвования» деген сөздің қазақша аудармасы «қайырымдылық» деп аударылса, біздің кодексті аударған аудармашылар «қайырмалдық» деп жаңаша атау берген екен. Енді осы «қайырмалдық» сөзін зерттеп көрейік [3]. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Қайырымдылық туралы заңының 1-бабының 4-тармағында «ерікті қайырмалдық» терминіне былай деп анықтама берген: «Пайдаланушыларға олардың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күнтізбелік жыл ішінде бір мəрте берілген, тұлғалардан түскен ақша, сондай-ақ өзге де мүлік» деп жазылған. Алайда дəл осы баптың 5-тармағында «қайырымдылық» терминіне анықтама былай деп берілген: «Қайырымдылық көмек көрсетуге жəне ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік жəне меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын əлеуметтік пайдалы қызмет» деп анықталған [10]. Азаматтық кодестің 516-бабына оралар болсақ, осы баптың 1- тармағында «Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тəрбие беру мекемелерiне, əлеуметтiк қорғау мекемелерiне жəне басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми жəне оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мəдениет мекемелерiне, қоғамдық жəне дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке жəне осы кодекстiң 111 жəне 112-баптарында «аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн» делінген екі анықтамаға да көз жүгіртсек Азаматтық кодекстің 516-бабының анықтамасына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Қайырымдылық туралы заңының 1-бабының 5 тармағындағы анықтама сай келеді. «Қайырымдылық» пен «қайырмалдық» сөздерінің арасында мағыналық тұрғысынан айтарлықтай айырмашылық болмағанымен, түсіністік тұрғысынан кұлаққа жағымды «қайырымдылық» сөзінің қолданылуын дұрыс деп санаймыз.

566-баптағы «Лизинг нысанасы» деген атауға келер болсақ, осы баптың орысша нұсқасына назар салсақ «Предмет лизинга» деп көрсетілген. Тікелей аударар болсақ, «лизинг пəні» деген аударманы аламыз, сонымен қоса «нысана» сөзін аударсақ «цель» немесе «форма» деген сөздер шығады. Мағынасы тұрғысынан екеуі мүлдем сəйкес келмейді. Жалпақ тілге «нысанасы» сөзі мүлдем түсініксіз, осы «нысанасы» сөзін тек ерекше бөлімнің өзінде 17 баптан 77 рет байқауға болады екен. Атап айтсақ 566, 571, 631, 719, 720, 721, 722, 723, 730, 731, 732, 871, 1108, 916, 910, 1113, 1120 баптарында жазылған. Біз түсінбеген кодекстегі сөздердің бірі 697 баптың атауы «кіре ақысы». Кіре деген сөзді түсінбей орысша нұсқасына қарасақ, ол жерде «провозная плата» яғни тікелей аударсақ «тасымалдау ақысы» деген түсінікті атауды аламыз [8]. Осы баптың 1 тармағында кіре сөзіне емес, «тасымалдау» деген сөзге анықтама береді, ендеше өзіміздің тілімізді өзіміз түсінбейтіндей етіп неге мағынасы жоқ атауларды жазамыз...

Қорытынды

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған мысалдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексті қарастыру барысында өте көп кездеседі. Бұндай қате кемшіліктер орын алмау үшін заңды қалыптастыру барысында заң техникасын қолдану ерекшеліктерін қолдануды жүзеге асыру қажет. Заң əдебиеттерінде заңдық техниканы жан-жақты қолданудың бірнеше бағыттары көрсетіледі:

  1. құқықшығармашылықты жүйелі, сауатты, мұқият қалыптастыруда заңдық техника ережелерін сақтай отырып, заңдық олқылықтардың орын алмауына мүмкіндік беру;
  2. заңдық техника көмегімен құқықтық ережелердің мəні мен мазмұнын дұрыс түсініп, оларға сəйкес келетін, қайшы келмейтін заңға тəуелді актілер шығаруға, оларды заңдық іс-əрекеттерді жүзеге асыруға, азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтық қорғау тетігін пайдалану үшін негіз ретінде қолдануды жүзеге асыру;
  3. заңдық техника халықаралық деңгейде əртүрлі елдердің заңнамаларын жақындастыра отырып, бірізділік қағидасын ұстану арқылы, халықаралық құқықтық ақпарат алмасу құралы ретінде қолданылады;
  4. заңдық техника құқық шығармашылық пен құқық қолдану негіздерін үйрету құралы ретінде қолданылады [11; 9]. Міне осы заң техникасына қатысты жағдайларды құқықшығармашылық тəжірибесінде жан-жақты қолдансақ, қабылданатын нормалардың сапасы артатындығы орынды болады.

Егемендігіміздің отыз жылында жеткен жетістігіміздің басты белгілерінің бірі болып қоғам арасындағы қатынастардың дұрыс реттелуі болып табылады. Бұл орайда заңның алатын орны аса маңызды. Ал заң қате қалыптастырылса, онда қандай құқықтық мемлекет құру туралы əңгіме көтерілуі мүмкін. Азаматтық қатынасқа түсуші тараптар арасындағы қатынастарды реттеуші заңдар сауатсыз қалыптастырылса, тұлғаның құқықтары қаншалықты толық қорғалады.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (Грант № АР09259787).

Əдебиеттер тізімі

  1. Құрманбайұлы Ш. Заңдар неге қазақша жазылмайды? [Электрондық ресурс] / Ш. Құрманбайұлы // Ақпараттық жүйелер — Қолжетімділік тəртібі:http://anatili.kazgazeta.kz/news/55686 12.12.2019
  2. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сəуірдегі Заңы [Электрондық ресурс]. // Ақпараттық жүйелер. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480
  3. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. 1994 жылғы 27 желтоқсан № 268-XIII; Ерекше бөлімі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409–1 қабылданған [Электрондық ресурс] // Ақпараттық жүйелер. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/ K990000409_http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000
  4. Ильясова Г.А. Заңнамалық актілердің мəтінін мемлекеттік тілге аударуға байланысты өзекті мəселелер [Электрондық ресурс] / Г.А. Ильясова // Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы. — 2017. — № 1 (46). — Б. 155–163. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.iz.adilet.gov.kz/sites/default/files/upload-files/na_sayt_vestnik_no 146–1017.pdf
  5. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша орысша-қазақша сөздік. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. / Қ. Бектаев — Алматы, 1995. — 704 б.
  6. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). [Электрондық ресурс] // Ақпараттық жүйелер — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000461_
  7. Заң терминдерінің сөздігі = словарь терминов законодательства / Құраст. С.Ш. Оразалинов, М. Айымбетов, Б. одаубай, Ө. Ақыпбекұлы. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. — 832 б.
  8. Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексі. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексі (2021.06.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондық ресурс] // Ақпараттық жүйелер — Қолжетімділік тəртібі: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=39147530#activate_doc=2
  9. Сапаргалиев Г.С. Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий [Электронный ресурс] / Г.С. Сапаргалиев // Ақпараттық жүйелер. — Режим доступа: http://online.zakon.kz/ 30355569
  10. «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңы (өзгерістермен жəне толықтырулармен [Электрондық ресурс]. // Ақпараттық жүйелер — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000402
  11. Апт Л.Ф. Законодательная техника / Л.Ф. Апт, Н.А. Власенко, В.В. Исаков, С.В. Кузнецов и др. / под ред. Ю.А. Тихомирова. — М.: Городец, 2000. — 272 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.