Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи контекстегі және қазіргі жағдайдағы экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар

Мақалада экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін жалпы себептер мен жағдайлар, құқықтық сипаттағы факторлар, ұлттық тәжірибе мен шет елдердің тәжірибесі экономикалық контрабанда қылмыстарын ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген тұжырымдамалары мен ерекшеліктерін анықтамай қылмыстылықпен күресу мүмкін еместігі көрсетілген. Сонымен қатар экономикалық контрабанда қылмысымен күресудің теориясы мен тәжірибесі мәселелерін жан-жақты объективті негіздерін анықтап зерттеудің мәселелері қарастырылған. Зерттеудің теориялық негізі — экономикалық қылмыстылықпен күресу бойынша отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері. Зерттеудің ақпараттық негізі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің мәліметтері және авторлардың зерттеу нәтижелері. Зерттеудің әдіснамалық негізі – экономикалық контрабанда қылмысын зерттеудің жүйелі тәсілі, абстрактілі- логикалық, құқықтық-статистикалық, монографиялық әдістер. Қазақстандағы тарихи контексте және қазіргі жағдайда экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін жалпы себептер мен жағдайлар, құқықтық сипаттағы факторлар, экономикалық контрабанда қылмыстарын азайтуға толыққанды мүдделілік субъектісінің болмауы, экономикалық контрабанда бойынша қандай да бір алдын алу шараларын қабылдау туралы түсініктер ашылған. Қазіргі уақытта экономикалық контрабанда ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұр, ол себепті осы мақалада кеден органдарының экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылған. Мұндай қылмыстық әрекеттер қазіргі кезде көптеп орын алуда және олардың алдын алу үшін олардың себептерін түсініп, жағдайдайларын анықтау бойынша мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада мемлекеттік мүлікке пайдакүнемдік қол сұғушылықтың өсуіне себеп болатын факторлардың тұрақтылығын сақтай отырып, бақылауды тоқтату қоғамның әдеттегі назарынан тыс аймақты тудырды, халықтың елді бүлдіретін заңсыз әрекеттерге немқұрайдылық атмосферасын өзгертіп, ұлтқа төнген үлкен қауіп деп түсініп, қылмыс пен күресудің жаңа жолдары мен нысандарын іздеуге әкеледі деген қорытынды жасалған.

Кіріспе

Экономикалық контрабанда түрінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар санының артуы экономиканың орнықты дамуына кедергі келтіретін жетекші факторлар болып табылады.

Контрабанда түрінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуы мен өрбуіне әсер ететін барлық жағдайларды мына топтарға бөліп қарастыруға болады: экономикалық тұрғыда, ұйымдастырушылық–басқарушылық тұрғыда және құқықтық тұрғыда [1: 90].

Қандай да болмасын қылмыстық мінез-құлықтың, оның ішінде өзімшілдіктің негізгі субъективтілігін анықтау – мұндай әрекеттің пайда болуына әсер ететін, оны қызықтыратын және жеке мағынасымен толықтыратын дәлел екендігі анық.

Контрабанда тұрғысында істелген қылмыстардың не үшін жасалғандығын білу маңызды болып табылады, себебі олар құқық қорғау мекемелеріне субъектінің экономикалық қатынастарды сақтайтынын моральдық немесе құқықтық нормалардың қаншалықты дұрыс түсіндірілгені және қабылданғаны, тиісті әлеуметтік тәжірибе қалай оны бағалағаны туралы қажетті ақпарат береді.

Жасалынған қылмыстық құқық бұзушылықтың дәлелдері бойынша, осыған жауаптылықтың болатынын бар екенін біле тұра, жылдар бойы жалғасын тауып контрабандалық қылмыстар тұрақтылыққа айналып бара жатқандай.

Қылмыскерлердің бұл құқық бұзушылықтарды жасаймын деген ойлары мен мақсаттары әр түрлі болып келеді. Мысалы, тонау мен ұрлықта қылмыскерлердің ниеттері өзгеруі мүмкін, біреуі бір затқа қызығып соны алу мақсатында жасаса, ал екіншісі өзінің материалдық жағдайын қанағаттандырумен, пайдакүнемдік ниетпен жасайды.

Көп жағдайларда менмендік, өзімшілдік себептер болуы мүмкін, бірақ ізденістер нәтижесінде, бұл басқа ойлар мен де әрекет етеді, мысалы, белгілі бір адам үшін өзін көрсетіп, топтың алдынан шығып немесе беделін сақтау сияқты болып көрініс табуы мүмкін. Экономикалық контрабанда қылмыстарын жасаған кезде адам барлық жағдайларда өзінің пайдакүнемдік жағдайын қанағаттандыруға жағдай жасайтынын білгеніміз дұрыс. Қандай да болмасын қылмыстық әрекет ішкі субъективті түрде анық және сол адам үшін табиғи жағдай.

Тұлғаның осы қылмыстарды жасауға өзінің ішкі ыңғайының болуы туралы оның жеке басын, өмірлік тәжірибесін, отбасындағы тәрбиеленген жағдайын жан-жақты анықталған жағдайда ғана айтуға болады.

Әдістер мен материалдар

Мақаладағы мәселелерді терең зерттеу үшін Қазақстан Республикасы мен ресейлік ғалымдардың еңбегіне қатысты ғылыми дереккөздері мен заңнамалары, тәжірибелік материалдары зерделеніп, қарастырылды.

Ғылыми мақаланы жазу кезінде жалпы ғылыми әдістер (логикалық, құрылымдық және жүйелік талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, индукция және дедукция, модельдеу), сондай-ақ құбылыстар мен процестерді зерттеудің арнайы әдістері мен тәсілдер (диалектикалық, формальды- логикалық, құрылымдық функционалдық әдістері) қолданылды. Сонымен қатар, экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды ашу мақсатында құқықтық-статистикалық әдіс, құжаттарды зерттеу әдісі, салыстырмалы құқықтану әдістері пайдаланылды.

Нәтижелер

Бұл тақырыпты зерделеу барысында барлық болатын криминогендік себептер мен жағдайлар, соның ішінде жасырын жасалатын себептер мен жағдайлар анықталуы керек, сол кезде бұл қылмыстардың жасалу жағдайлары толығымен суреттеледі.

Экономикалық тергеу қызметі жұмысының нәтижелері туралы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 9 айында сыртқы экономикалық қызмет саласында экономикалық контрабанданың 25 фактісі тіркелген (ҚР ҚК 234-бабы).

Іс жүргізумен 68 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 8-і сотқа жолданған [2].

2021 жылдың 6 айында 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экономикалық қылмыстардың сотқа дейінгі іс жүргізу бағыты бойынша нәтижелер

Негізгі көрсеткіштер

2020 ж.

2021 ж.

1

Өндірістегі қылмыстық істер

барлығы

1967

 

1766

 

ауыр және аса ауыр

1100

55,9%

972

55,0%

2

СТБТ-де тіркелді

барлығы

1135

57,7%

1164

65,9%

ауыр және аса ауыр

636

56,0%

631

54,2%

3

Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер

барлығы

743

37,8%

909

51,5%

ауыр және аса ауыр

372

50,1%

448

49,3%

4

Сотқа жолданды

барлығы

560

28,5%

734

41,6%

ауыр және аса ауыр

339

60,5%

400

54,5%

Сонымен қатар, бұл қылмыстарды жасайтын адамдардың өміріндегі әлеуметтік жағдайлары мен табиғи болмысы осы әрекеттерді жасауға бейімделіп, тұлғаның ойының өзгеруіне әкеп соғады және бұл адам осы әрекеттерді жасауға дағдысына айналдырып, қылмыскерлер осы әрекетті жасағаннан кейін, қызығушылық бойын мазалап қайтадан осы қылмыстық әрекетті жасауға жағдайлар туғызады.

Көп жағдайларда экономикамызда осындай қоғамға қарсы әрекеттердің болуына немесе өріс алуына келесідей себептер мен жағдайлар бар.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайларда мыналар орын алады: ақшаның құлдырауы, шетел валютасының шарықтауы, мемлекеттің көптеген мекемелерінде еңбек етушілер мен жұмысшылардың еңбек ақысының аз болуы, бағаның тұрақты болмауы, жұмыстың болмауы, «көлденең экономиканың», шикізат пен заттардың кейбір түрлерінің болмауы, қылмыстық жолмен табылған пайдаларды заңдастыру, мемлекетке жататын меншіктерді өзінің атына аудару (жекешелендіру) үрдісінің шығындары, шикізат пен заттарды қолданудың жетілмегендігі, содан кейін осыларды иемдену мен ысырап ету үшін белгілі бір қорлар құруға жағдай жасайды, азаматтар арасындағы экономикалық ара-қатынастарының реттеу деңгейінің төмендігі, бағалы қағаздар нарығы дамуының өспеуі, бағалы қағаздарды қорғаудың пайдасыз жүйесінің болуы, экономикадағы нақты бәсекелестіктің болмауы, банк қызметіне бақылау тетіктерінің соңына дейін қалпына келтірмеуі болады.

Осы қылмыстар түрінің таралуына әсер ететін ұйымдастырушылық-басқарушылық мән- жайларға келесілерді жатқызуға болады: экономика саласындағы қатынастар субъектілерінің жұмысына қажетті кірістер, кедендік, қаржылық, банктік тексерулердің болмауы, заңдарда көрсетілген нормалардың тәжірибеде дұрыс қолданылмауы, мемлекетті басқарудың қазіргі бюрократиялық жүйесі, есеп беру жүйесінің, лауазымды адамдар тарапынан жүргізіліп жатқан тексерістердің кемшіліктері, жауапты лауазымдарға тұлғалар қарап тексеру кезінде талаптарды елемеу, заңдардың тұрақты болмауы мен жетілдірілмеуі де жатады.

Қазіргі кезде әкімшілік-командалық тәсілдерді, экономикалық тәсілдерді ығыстыру кезінде дұрыс емес жағдайлардың алдын-алудың түгелдей бір тұтастығының болмауы мемлекет үшін жағымсыз әрекеттер мен мінез-құлық нысанына сұраныстың төмендеуіне жанама әсер етеді.

Кеден қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасындағы кедендік ережелерді орындамағыны үшін жауаптылықтың бар екендігі ескерілмейді, кей жағдайларда кеден саласында туындайтын проблемалар экономикалық проблемаларды орындаудың қоғамға қарсы әдістеріне итермелейді. Осы болып жатқан үрдістер жеке нәрсе емес, қосымша түрде қоғамға қарсы әрекеттердің сан-алуан нысандардың артылуының өсуінде және азайуында әкеледі. Негізінде, бұлар бір-бірімен араласып, мемлекетіміздің экономикасына ыңғайсыз жағдай туғызады [1: 90].

Мемлекетімізде контрабандалық қылмыстардың көбеюуінің негізгі себептері мен жағдайлары ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:

  • жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар үдерістерін қате таңдау;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
  • адамгершілік, рухани құндылықтардың жоғалуында;
  • нарықтық экономикаға көшу және Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетін қалыптастыру және дамыған елдердің қатарына қосылу;
  • азаматтық қоғамның толық қалыптаспауында [3. 368].

Осы жағдайлардың барлығы экономикалық контрабанда түрінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа жай-күйін туындатқан негізгі себептер болып табылады. Бірақ олардың арасында әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеруі, атап айтқанда, нарыққа көшу шешуші болып табылады. Өйткені бұл құндылықтарды қайта бағалауға әкелетін негізгі себеп болды, нәтижесінде қоғамда белгісіз маргиналдар – пайда болды.

Дамушы мемлекеттердің қатарына қосылу, экономикамызда шығындар болмаса да, әрдайым қылмыстардың өсуіне әкеп соғады. Экономикалық өзгерістерді жүргізудегі дұрыс емес жасалып жатқан жұмыстары, орындалмаған жоспарлары тұтастай алғанда қылмысқа, атап айтқанда экономикалық контрабандаға қатысты жағдайды одан әрі нашарлатады.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында қылмыстық жағдайларды болдырған себептерге төмендегілер жатады:

  • мемлекеттің ішіндегі туындаған жалпы әлеуметтік жағдайға іріткі салу;
  • кәсіпкерлер арасында криминалдық тұлғалардың болуы;
  • ұйымдасқан, бірлескен топтың болуы;
  • бұрын болмаған қауіпті әлеуметтік құбылыс – сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы.

Жалпы алғанда экономикалық қызметке әлеуметтік-құқықтық бақылау деңгейінің төмендігі мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың қаралатын түріне қарсы күресті құқықтық регламенттеудің жетілдірілмеуі, құқық қорғау органдары қызметінің қазіргі кемшіліктері экономикалық контрабанда түрінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар болды.

Айта кету керек, кез келген қоғамда экономикалық контрабанда түрінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың болуының жағдайларына әлеуметтік қайшылықтар болып табылады. Контрабанда түрінде жасалған қылмыстардың себептері, біріншіден, экономикалық қатынастардың мәні, олардың арасындағы қайшылықтардың болуы, сондай-ақ кеден жұмысында жүйеліліктің болмауы. Қайта құрудан бұрын ұзақ уақыт бойы социализмнің экономикалық негізі қылмыс тудырмайды деген пікір болған. Іс жүзінде осының өзі қылмысты және қылмыстың жекелеген түрлерін, мысалы, экономикалық контрабанда түрінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тудырды.

Талқылау

Экономикалық контрабанданың криминогендік факторларының кешені (тарихи бөліністегі және қазіргі заманғы жағдайлардағы экономикалық контрабанданың себептері, жағдайлары, негізгі детерминанттары) бірқатар шетелдік және отандық зерттеулерде ішінара зерттелген. Бұл зерттеулердің жалпы нәтижесі экономикалық контрабанда құбылысына айтарлықтай криминогендік әсер ететін құбылыстардың нақты (қылмыстың басқа түрлеріне қатысты) тобын бөлу деп санауға болады.

Қазақстанға қатысты экономикалық контрабанданың негізгі криминогендік факторларының кешенін біз талдау негізінде бөлдік және ол мыналарды қамтиды:

  • Қазақстан Республикасы жағдайында заңды экономиканың елеулі бөлігін көлеңкелі экономикаға айналдыруда көрініс тапқан жүйелі экономикалық дағдарыс;
  • Қазақстан жағдайында халықтың едәуір бөлігі үшін экономикалық контрабандамен айналысуға заңды баламалардың барынша шектеулі тізбесі ретінде көрініс тапқан жұмыссыздықтың аса жоғары деңгейіне қол жеткізу;
  • экономикалық контрабандадан және заңды сыртқы экономикалық қызмет нәтижесінде алынуы мүмкін кірістердің сәйкессіздігі;
  • экономикалық контрабанда үшін қылмыстық қудалау тәжірибесінің төмен тиімділігі;
  • «лас» ақша мен жаппай сұранысқа ие тауарлар бір ағымда және сол бір адамдар тобымен өткізілетін кезде оны экономикалық контрабанданың әмбебап жолдарының Еуразиялық торабына айналдыратын Қазақстанның ерекше географиялық жағдайы [4: 40].

Қазақстан Республикасының жағдайында контрабанданың негізгі факторларының тобын анықтауға келтірілген тәсіл жалғыз мүмкін емес. Ғылыми әдебиеттерде басқа саралаулар келтірілген.

  1. Экономикалық контрабанданың «үстеме кірістілігі».

Контрабандашылар өздерінің заңсыз бизнесін мемлекет тарапынан қудалаудан қорғау үшін, сондай-ақ, экономикалық контрабанданы бақылау құралдарын жеңу үшін алып жүруге мәжбүр болған үлкен шығындарға қарамастан, экономикалық контрабанда әрқашан заңсыз бизнестің ең тиімді түрлерінің қатарына жатады. Т.Е. Диканова және В.Е. Осипов мәліметтері бойынша, кең тұтынушылық сұраныстағы тауарлардың контрабандасына салынған әрбір рубль кем дегенде үш рубль пайда бере алады (Диканова Т.А., Осипов В.Е., 2000). Экономикалық себептерге байланысты еркін айналымдағы тауарлардың экономикалық контрабандасымен айналысудан түсетін табыс деңгейі айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, заңды сыртқы экономикалық қызмет экономикалық контрабандаға қатысты бәсекеге қабілетсіз болып қала береді [5: 9].

  1. Кеден заңнамасының кемшіліктері.

Біз жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экономикалық контрабанданың көлемі мен қауіптілігінің өсуіне барынша ықпал ететін қылмыстық және кеден заңнамасының негізгі кемшіліктерінің қатарына мыналар жатады: 1) Құқық қолданушыға (оның ішінде судьяларға) оны өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік беретін терминологияның белгісіздігі; 2) кеден құқығы көздерінің тым көп саны; 3) кеден заңнамасының, ең алдымен, оны жаңартудың тым жоғары қарқынында көрінетін тұрақсыздығы; 4) кедендік жеңілдіктерді белгілеудің, өзгертудің және оларды ауыстырудың заңнамалық бекітілген қағидаттары мен тәртібінің болмауы; 5) кеден және шекара органдары лауазымды адамдарының кеден қатынастарының өзге де қатысушыларымен, ең алдымен кәсіпкерлермен қарым-қатынасының заңнамалық бекітілген егжей-тегжейлі қағидаларының болмауы; 6) кедендік және шекаралық реттеу саласында өкілеттіктер берілген лауазымды адамдардың шешімдер қабылдау рәсімдерінің «ашықтығының» құқықтық кепілдіктерінің жеткіліксіздігі.

  1. Кеден, шекара және өзге де құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық.

Көп сарапшылардың пікірінше, осы қылмыстарды жасайтындар өз кірістерінің 30-нан 50 % –на дейін кеден, шекара және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне пара беруге жұмсайды. Нақты мәліметтерге сүйентін болсақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайтын қызметкерлер, осы кеден саласының бірі болып табылады. Соңғы уақытта кеденнің лауазымды тұлғаларын сатып алу үшін әдеттегі нысандармен қатар (шет мемлекеттердің валютасындағы ақша, қымбат сыйлықтар) лауазымды тұлғалар үшін шетелдік банктерде шоттар ашу, шенеунік көрсеткен кез келген тұлғаға шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу, жаңадан құрылған коммерциялық ұйымдардың тең құрылтайшыларының қатарына туыстар мен жақын лауазымды тұлғаларды қосу, шетелдік сапарларға ақы төлеу және т.б. пайдаланылады.

Дәл осы сыбайлас жемқорлық кеден қатынастары саласында контрабандашылардың ұйымдасқан топтарын құру, сондай-ақ контрабанда жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастықтарды құру жағдайларын анықтаудың ерекше сипаты болып табылатындығының негізгі себебі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық сонымен қатар экономикалық контрабанданың кешіктірілуінің жоғары деңгейінің басты себебі болып табылады [6: 51].

Қорытындылар мен зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кедендік бақылау саласындағы пара үшін экономикалық контрабандаға қарсы тиімді күреске кедергі келтіретін келесі теріс қылықтар жасалады:

  • кедендік бақылаудың кез келген нысандарынан босату;
  • жалған кеден терминалдарын құру;
  • кедендік құжаттаманы қолдан жасау;
  • заттай дәлелдемелерді жою;
  • қылмыстық қудалаудан негізсіз бас тарту;
  • қылмыстық қудалауды негізсіз тоқтату;
  • тергеуді негізсіз созу;
  • қамауға алынған тауарларды айналымға шығару.
  1. Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы кемшіліктер.

Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданың дамуына ықпал ететін ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы негізгі кемшіліктерге мыналарды жатқызуға болады:

  1. экономикалық контрабандаға қарсы күреске бағдарламалық қамтамасыз етудің төмен деңгейі;
  2. еркін айналымнан алынған заттардың контрабандасы мен экономикалық контрабандасы жағдайларының ең көп санының жолын кесуде кеден және арнайы уәкілетті органдар қызметкерлерінің материалдық қызығушылығының тиімді тетігінің болмауы;
  3. кеден шекарасы мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметінде экономикалық контрабанда мен өзге де кедендік қылмыстардың алдын алу жөніндегі арнайы бөлімшелердің болмауы;
  4. кеден органдарында және экономикалық тергеп-тексеруді жүзеге асыратын қызметте жұмыс жасайтын лауазымды адамдарға азаматтық бақылау жүйесінің болмауы.

Қорытынды

Қазіргі жағдайдағы экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар қоғамдағы өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық жағадайдың төмендеуінде.

Қолданыстағы мемлекеттік бақылау жүйесінің кемшіліктері жасырын анықталмаған қылмыстардың таралуына ықпал етеді. Мемлекеттік мүлікке пайдакүнемдік қол сұғушылықтың өсуіне себеп болатын факторлардың тұрақтылығын сақтай отырып, бақылауды тоқтату қоғамның әдеттегі назарынан тыс аймақты тудырды, халықтың елді бүлдіретін заңсыз әрекеттерге немқұрайдылық атмосферасына әсер етті. Құқықтық қамтамасыз етудің артта қалуы, заңдылық режимін нығайтуға теріс әсер ететін кәсіпкерліктің тұрақсыз құқықтық негізінің жағдайы.

Халықтың экономикалық өзгерістерді қабылдауға жалпы дайын еместігі, құзыреттіліктің жеткіліксіздігі және дағдарыстық және төтенше жағдайларда жұмыс істеу қабілетінің болмауы экономикалық мінез-құлықтың ауытқушы нысандарының таралуына айтарлықтай әсер етеді.

Экономикалық контрабанданың себептері жеке тұлғалардың, лауазымды адамдардың өзінің материалдық жағдайын қанағаттандырып, пайдакүнемдік мақсатта жүзеге асырылады. Демек, заңсыз әкелінген тауарларды пайдаланатын адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандырады, ал контрабандалық тауарларды жеткізетін субъектілер өздерінің кірістеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.

Осының негізінде, кез келген экономикалық және саяси жағдайларда заң шығарушы, мемлекеттің сыртқы экономикалық мүдделерін барынша тиімді қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылуы керек.

Экономикалық контрабандаға қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық құралдарын пайдалануға ерекше көңіл бөлу, ұлттық экономиканың дағдарысты кезеңдерінде ел экономикасын қорғау және даму тұрақтылығын сақтау мақсатында елдің өз өнімдерін, меншікті, экономикалық өндірістік күштерді дамытып қолданысқа енгізгендігі дұрыс.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Устинов В.С. Криминологические аспекты экономической преступности / В.С. Устинов, А.Ю. Арефьев. — Нижний Новгород, 1999. — 278 с.
  2. Информация о результатах деятельности Службы экономических расследований Комитета по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан за 9 месяцев 2019 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://afmrk.gov.kz/ru/law-enforcement/information-on-the-activities-of-sir.html
  3. Сорокин П. Общедоступный учебник социологии. Статьи разных лет / П. Сорокин. — М.: Наука, 1994. — 560 с.
  4. Бисенғали Л. Основные детерминанты экономической преступности / Л. Бисенғали, Р.Е. Джансараева // Наука и жизнь Казахстана. — 2017. — № 2/2 (45). — С. 40–45.
  5. Диканова Т.А. Борьба с таможенными преступлениями и отмыванием «грязных» денег / Т.А. Диканова, В.Е. Осипов // Закон и право. — 2000. — С. 9–24.
  6. Сирма С.А. Борьба с организованной преступной деятельностью в сфере таможенного контроля (уголовно-правовой и криминологический аспекты): дис канд. юрид. наук / С.А. Сирма. — М., 1999. — 220 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.