Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік тілдегі терминдерді азаматтық заңнамада қолдану мәселелері (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің мәтіні бойынша)

Мақалада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндеріне жүргізілген лингвистикалық сараптама нәтижелері қорытындыланған. Зерттеу жүргізудің мақсаты ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 24-бабының 3-бөліміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімінің) екі тілдегі мәтіндеріне салыстырмалы линвистикалық-құқықтық сараптама жүргізу арқылы заңдық терминдердің аудармасындағы сәйкессіздіктерді айқындау, терминологияның дұрыс аудармасын ұсыну болып табылады. Сараптама нәтижелері авторлардың «Заңдық терминдердің бірегей қазақ тіліндегі сөздігін» құрастыруға негіз болады. Заңдық терминдердің көпшілігі ағылшын, француз, латын тілдерінен енгізілген, сондықтан дүниежүзі бойынша өзгертілместен қолданылып жүр. Сонымен қатар мақалада ұлттық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминдерді қазақ тіліне аудармай түпнұсқа түрінде қолдану туралы пікір қозғалған. Халықаралық заң терминдерін аударған жағдайда оның мағынасы дәлме дәл сәйкес келе бермейді, екінші жағынан түрлі ұқсас сөздерді қолдану арқылы заңның сапасын жоғалтып аламыз деген ой айтылады. Қорытындыда азаматтық заңнамадағы заңдық терминдердің дұрыс аударылуын қамтамасыз ету үшін оларды біріздендіру, стандарттау қажет деген ұсыныс берілген.

Кіріспе

Заңның тілі — заңдар сапасының көрінісі. Заңдардың сапасы — қоғамның құқықтық жағдайын, өркениеттілігін сипаттайтын көрсеткіш деп түсінеміз. Заңдар нәтижелі жұмыс жасауы үшін, оның тілі түсінікті, терминдері бірегей, халықаралық деңгейде қолданылып жүрген заңдық терминдерге сәйкес келуі тиіс. Заңдардың қазақ тіліндегі аудармасының сапасын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі көпшілікке мәлім.

Зерттеу тақырыбының мақсаты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөліміне ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 24-бабының 3-бөліміне сәйкес аталмыш заңның қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы талаптарына сәйкестігін тексеру болып табылады [1]. Заңның баптарына лингвистикалық сараптама жүргізу арқылы талаптарға сәйкессіздіктерді айқындау, заңдық терминдерді дұрыс аудармау салдарынан мән-мағынасының бұзылуын анықтау, оларды түзету арқылы дұрыс аудармасын ұсыну жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі таңдағы кез келген мүліктік және мүліктік емес қатынастар Азаматтық кодекс арқылы реттелетіні мәлім. Азаматтық кодекстің маңыздылығын заң ғылымдарының докторы, академик Майдан Сүлейменов былай деп атап өткен: «Республикамызда Азаматтық кодекстің қабылдануына дейін көптеген экономикалық байланыстарды реттейтін көптеген түр мен бағыттардағы заңдар қолданысқа енгізілген. Алайда, олар бір-біріне тәуелсіз қабылданғандықтан, бір-бірімен жеткілікті деңгейде байланысты болмаған, көптеген қателіктер, бірдей немесе ұқсас сұрақтарды шешу жолы бір-біріне қайшы келетін жағдайлар аз болмаған. Осының барлығы құқықтық реттелуі тиіс экономикалық қатынастардың негізгі аспектілерін қамтитын, көп деңгейлі жүйелі заңнаманы тез арада жасау қажеттілігін туындатты. Осы міндетті Азаматтық кодекс атқарды» [2]. Дегенмен, қазіргі таңда біз қолданып жүрген қазақ тіліндегі Азаматтық кодекстегі кездесетін қателер көз сүріндіреді.

Адами факторлар нәтижесінде заңнамада бір-екі қате кездесері анық, алайда кодекстің көптеген баптарынан белгілі бір дұрыс аударылмаған сөз, терминдер мен түсініксіз ұғымдарды кездестіруіміз, мемлекеттік тілдегі заңнаманың сапасына немқұрайлы қараудың кесірі болып табылады. Осы қателіктерді тереңірек талдау үшін, ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің 25-тарауынан басталатын мүлікті меншікке беру міндеттемелеріне кіретін «Сатып алу-сату» шартын қарастырамыз.

Әдістер мен материалдар

Мақала тақырыбына зерттеу жүргізу барысында мынадай әдістер қолданылды: анализ, синтез, жинақтау, салыстыру, модельдеу тәрізді теориялық талдаудың жалпы логикалық әдістері. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін техникалық-құқықтық талдау, нақтылау, түсіндіру, салыстырмалы- құқықтық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізі ретінде ғалымдар М.К. Сүлейменовтің, Ш. Құрманбайұлының, ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының ғылыми қызметкерлері Г.К. Ақылбекованың, М.Ә. Әбдірееваның, Е.С. Сафуанидің, М.Б. Асылбаевтың мерзімдік басылымда жарияланған ғылыми мақалаларына талдаулар жасалды. ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі мәтіндеріне салыстырмалы лингвистикалық сараптама жүргізіліп, нәтижелері талқыланды.

Нәтижелер

ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің қазақ тіліндегі мәтінінде аударма жасау барысында жіберілген қателіктер тым көп орын алған. Осы қателіктерді тереңірек талдау үшін, ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің 25-тарауынан басталатын мүлікті меншікке беру міндеттемелеріне кіретін «Сатып алу-сату» шартын қарастырайық.

Азаматтық кодекстің 406-бабына назар аударар болсақ: «Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi» [3]. Осы мәтіндегі «жедел» сөзі, орыс тілді мәтінде «оперативный» деп жазылған, алайда оның қазақша баламасына тура мағынада аударылуы дұрыс емес. «Оперативный» сөзі іс жүзінде «жедел» емес, «оралымды басқару» деп жаза отырып, біз бұл қателікті жөндей аламыз. Бір қызығы, бұл бапта қате аударылған сөз, 412-бапта тура сол сөз тіркесімен бірге «оралымды басқару» деп дұрыс аударылған.

«Определить» сөзі белгілі бір істі нақтылау, анықтау ұғымын білдіру үшін қолданылады. Сонымен қатар осы 406-баптың 3-тармақшасындағы «определяются» сөзі қазақша аудармасында «белгiленедi» деп аударылған. «Белгіленеді» деген белгілі бір затты басқалардан ерекше болатындай айрықшалау деген түсінікке келіңкірейді. «Белгіленеді» сөзінің аудармасы орыс тілінде «обозначить, выделить, наметить» деген мағыналар бергендіктен, бұл сөзді тіпті «определить» сөзімен синоним ретінде де қарастыра алмаймыз, осы бапта «белгіленеді» сөзі өзінің дұрыс нұсқасында «анықталады» сөзімен жазылуы тиіс. Сонымен қатар 409-баптағы кездесетін «определяется договором», «не позволяет определить срок» деген сөз тіркестерінде бұл сөз қазақша «шартта белгiленедi», «егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса» деп «белгілеу» болып аударылған. Сондықтан оларды да «определяется договором» — «шартпен анықталады», «не позволяет определить срок» — «мерзімді анықтауға мүмкіндік бермейді» деп аударған жөн.

Сонымен қатар осы 406-баптың 6-тармақшасындағы орыс мәтініндегі «При продаже имущества в порядке, установленном для исполнения судебных решений, в качестве продавца выступает судебный исполнитель» деген сөйлеміндегі «выступает» сөзін қазақ мәтінінде «шығады» деп аударған. Бірақ оның орнына «әрекет етеді» сөз тіркесін қолданған дұрыс деп ойлаймыз. Сонда бұл баптағы 6-тармақша «Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сот орындаушысы сатушы ретінде әрекет етеді» деп жазылуы тиіс деп санаймыз.

Сондай-ақ 407-баптың 2-тармақшасындағы «Договор может быть заключен на куплю-продажу товара, имеющегося в наличии у продавца в момент заключения договора, а также товара, который будет создан или приобретен продавцом в будущем, если иное не установлено законодательными актами или не вытекает из характера товара» деген сөйлемдегі «создан» сөзін қазақ мәтінінде «шығаратын» деп аударған, бірақ біздің ойымызша дұрысы «жасалатын» деген сөзді қолданған жөн. Себебі орыс тіліндегі «создан» деген сөз «жарыққа шығару, жасау, құру» деген мағыналар береді. Осылардың ішінде мағынасы жағынан «жасау» сөзін қолдану дұрыс деп ойлаймыз. Сонда ол Азаматтық кодекстің 407-бабы 2-тармақшасы қазақ тілінде «Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта жасалатын немесе сатып алатын тауарын сатып алу- сатуға шарт жасалуы мүмкiн» деп аударуды ұсынамыз.

Осы баптан кейінгі 410-баптың 2-тарамақшасында орыс тіліндегі мәтіндегі «предоставления товара в распоряжение покупателя, если товар должен быть передан покупателю или указанному им лицу в месте нахождения товара» деген сөйлемдегі «указанному» деген сөзін осы кодекстің қазақ мәтінінде «атаған» деп аударған, бірақ ресми аудармаларды бұл «указанному» деген сөзін «айтылмыш, көрсетілген» деген сөздермен аударған. Осыған орай бұл жерде «указанный» сөзі «көрсетілген» деген сөзбен аударса дұрыс болар еді.

Ерекше бөлімде он шақты рет кездесетін «қисынды мерзім» сөзін қарапайым адамның қандай мерзімді меңзеп тұрғанын түсінуі екіталай. Орыс тіліндегі «разумный срок» «ақылға қонымды, орынды уақыттағы мерзімді» білдіреді, ал «қисынды» сөзі қайдан шыққан? «Қисынды ой», «қисынды сөз» деген сөздеріне сәйкес келетін бұл сөз «мерзім» сөзіне тіркелуі мүлдем түсініксіз. Осы сөзді «ақылға қонымды мерзім» деп аударсақ, адамдардың қазақ тіліндегі түсінбеген ұғымдарын түсіну үшін орыс тіліндегі кодекске сүйенуіне жол бермеуші едік.

Қазіргі кезде банктер, нарық жүйесі, қаржылық ұйымдар жедел дамуда. Бүгінгі таңдағы қаржыға байланысты орындардың адамдарды баурау әдісі өте көп: әртүрлі кэшбектер, бонус, ұтыс ойындары, тиімді несиелер арқылы адамдарды өзінің «тиімді мүмкіндіктеріне» түсіріп, пайдаға кеңелуде. Осы қатардағы сөздерден жарнамасы жиі кездесетін «рассрочка» сөзі кодекстің 442-бабында «тауарларды бөліп-бөліп төлеу» деп аударылған. Қазақ тілі грамматикасына сүйенсек, «бөліп–бөліп» сөзі күшейтпелі шырай болуы қажет, ал шырай қызметі берілген сөздің мағынасын одан әрі еселеу мақсатында болғандықтан, бұл орында оның қысқартылып «бөліп төлеу» деп жазылуы әлдеқайда дұрыс болады. Бес–алты рет кездесетін бұл сөздің осылай қысқартылып берілуі де, оқуға жеңіл болады. Қазіргі таңда бәріміз білетін «кредит» сөзі де кодексте кейбір жерлерінде «несие» деп аударылған, ал кей жерлерінде аударушы мамандар орыс тіліндегі нұсқадағы «кредит» сөзін сол қалпы қазақ тіліндегі кодекске енгізген.

ҚР АК-дегі 447–баптың атауы — «Публичная оферта товара», қазақ тілді нұсқасында «Тауардың көпшiлiкке арналған офертасы» деп берілген. Сөздіктерге сүйенсек, «публичная» сөзі қазақша «жария» деген сөзбен аударылады, ал «көпшілікке арналған» деген орыс тіліне аударсақ «для большинства» деп аударылады [4: 36]. Тура осы мағынадағы 482-бапта кездесетін «является публичным» сөзі «жария болып табылады» деп дұрыс нұсқасында аударылған.

Азаматтық кодекс ең бірінші кезекте барша халық үшін қажет болып табылғандықтан, оның нақты және бірізді жолмен жазылуы маңызды болып табылады. Сол себепті де осы тұста «публичная оферта товара» «тауардың жария офертасы» сөз тіркесімен алмастырыла аударылуы қажет. Тауарға алдын-ала ақы төлеу туралы жазылған 440-баптың орыс тіліндегі мәтінінде кездесетін «частично» сөзі «ішінара» деп аударылған. «Ішінара төлеу» сөз тіркесін көрген сәтте оның қандай төлемді меңзеп тұрғанын аңғару қиын, сол себепті «уплатить цену частично» сөзі «бағасын жартылай төлеу» деп ауыстырылуы қажет, себебі «ішінара» сөзінің мағынасы сөздікке сүйенсек «кейде» немесе «ара-тұра» болады [5].

Сатып алу-сату шарттары жасалған кездегі тауардың сапасы да әртүрлі жағдайда болары анық, кей тауарлар шартқа сәйкес сапалы болса, кей тауарлар бекітілген сапаға сай емес болуы мүмкін. Осындай мәселелер кезінде құқықтық қатынастарды реттейтін заңнама баптарында тауар сапасыздығын білдіретін сөз тіркесі әртүрлі берілген. Мәселен, орыс тіліндегі кодексте «ненадлежащее качество» сөз тіркесі 428, 435-інші баптарда «тиiстi сапасы жоқ», 455, 456, 471, 473- інші және 476-бапта «сапасы лайықсыз», 499-бапта «сапалы емес» деп жазылған. Осы сөздердің барлығын жүйелі түрде біріздендіріп «тиісті емес сападағы» деп ауыстыру қажет деп санаймыз.

ҚР АК-нің 478-бабында кездесетін «переработка», «переработка сельскохозяйственной продукции» сөздері «ұқсату», «ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсату» деп аударылған. «Ұқсату» сөзі орыс тілінде «уподоблять», «имитация», «переработка» деп аударылады, бірақ бұл сөздер мағынасы жағынан 478-баптың 1-тармақшасындағы орыс тіліндегі мәтіндегі «По договору контрактации производитель сельскохозяйственной продукции обязуется передать выращенную (произведенную) им сельскохозяйственную продукцию заготовителю — лицу, осуществляющему закупки такой продукции для переработки или продажи» деген анықтамадағы «переработка» сөзінің орнына «ұқсату» сөзі нақты келмейтінін байқадық. Кодекстегі «ұқсату» сөзі «өңдеу» сөзімен алмастырылуы қажет, сол кезде «ауыл шаруашылық өнiмiн өңдеу» сөйлемі қазақ тіліндегі өзінің дұрыс мағынасына ие болады.

Сонымен қатар, ең жиі кездесетін сөздердің бірі «өткізу актісіне» тоқталсақ. Орыс тіліндегі мәтініндегі «передаточный акт» қазақ тіліне «өткізу актісі» болып аударылады, алайда тура осы түбірдегі «передача» сөзі «беру» деп аударылады. Яғни, екеуінің арасындағы сәйкессіздік қазақтілді мәтінде мүлде байланыссыз сөздер сипатында болып тұр. Сол себепті, дұрыс нұсқасында «өткізу актісі» — «беру актісі» болып өзгертілуі тиіс, сол кезде «беру актісі» және «беру» сөздері түсініктірек болады.

ҚР АК-нің 25-ші тарауының 4-ші параграфында қарастырылған «контрактация» термині, қазақ тіліндегі 447-бапта «келісім-шарт жасасу» деп аударылғанымен, 406-баптың бесінші тармағында «контрактация» термині сол қалпы жазылған. Бірізділік қағидасын сақтау мақсатында шет тілінен алынған терминдерді кодексте аудармай-ақ сол нұсқасында қалдырғанды жөн деп есептейміз. Алысқа кетпей-ақ, осы параграфтың 478-бабындағы «о договоре поставки» сөз тіркесі «тауар беру шарты туралы» деп аударылып, 458–477-баптарға сілтеме жасалынған. Алайда сілтеме жасалған баптарда «договор поставки» сөз тіркесі «тауар жеткізілімі шарты» деп берілген. «Поставка» сөзі «жеткізілім» деп аударылуы дұрыс нұсқа, сол себепті де 478-бапта кездесетін қателікті «тауар жеткізілімі шарты туралы» деп жөндеу қажет.

Азаматтық кодекстің ерекше бөліміндегі қай бапты ашып қарасаңыз да, орыс тіліндегі мәтінде «законодательные акты», «законодательство» сөздері «заң актілері», «заңдар» болып аударылған, алайда осы сөз тіркестері де дұрыс нұсқасында «заңнамалық актілері», «заңнама» болуы қажет еді, себебі «заңдар» ұғымы «законы», ал «заңнама» ұғымы «законодательство» деп аударылады.

Талқылаулар

Заңдардың жобалары әуел бастан орыс тілінде дайындалып, Парламентке келіп түскенде орыс тілінде пысықталады. «Парламент отырыстарының жұмыс топтарында да заңның орыс тіліндегі мәтіні сала мамандарының, заңгерлердің сұрыпталуынан, ой зерделеуінен өтеді. Ал, қазақ тіліндегі мәтін аударма күйінде қалып, мамандардың сұрыптауынан өтпейді» деп атап көрсетеді Парламент депутаттары [6: 2].

Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуші мамандардың тәжірибесінен белгілі болғандай, заң жобаларының қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын (сәйкестігін) сараптау барысында заңдарды аудару сапасы бойынша анықтаған төмендегідей проблемаларды тізіп көрсетеді:

«а) заң жобаларында тұтастай абзацтар, бап немесе тараулардың сәйкес келмеуі салдарынан қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы сақталмауы;

ә) әзірлеушілер нормативтік-құқықтық актілер жобаларында атауларды, жобаның тақырыптарын, ұғымдық аппаратын мазмұндауда заңнамалық актілердің қолданыстағы редакциясын басшылыққа алмау фактілері жиі орын алатындығы анықталды;

б) 6-тармақтағы талап: мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес емес, аудармашылардың өз бетінше аудару мысалдары жиі кездеседі. Сол сияқты қолданыстағы құқықтық актілер атауларын, тараулардың, баптардың тақырыптарын беруде осындай сипаттағы кемшіліктер жиі кездесетіндігі анықталды;

в) 7-тармақта көрсетілген талап ішінара сақталады. Іс жүзінде заң жобасындағы терминдер мен анықтамалардың орыс тілінде жазылған ретке сәйкестендірілу тәжірибесі жиі орын алады» [7].

Заңдардың қазақ тіліндегі мәтіндеріне сараптама жүргізу барысында құқықтық нормалардың қазақ тілінде дұрыс жазылғанын, керісінше орыс тілінде қате жазылған нормалар айқындалды. Бұл фактіні мамандар да растайды: «Кейде орыс тіліндегі мәтінде ешқандай мән-мағынасының болмайтынын атап кеткен жөн, осының себебінен нормативтік–құқықтық актілердің ережелерін түсінуде қиыншылықтар туады» [8].

Заңдарды аудару мәселесінде кездесетін проблема — шет тілінен енгізілген заңдық терминдерді қазақ тіліне аудару. Кейде терминдерді аудару мәнісін сақтамайтын, шешімі табылмайтын жағдайлар да кездеседі. Мәселен, контрактация, интеллект, реквизиция, субсидиар, лицензия, т.б. Қазақ тілі — бай тіл болғандықтан көптеген синонимдерді қолданып, шет тілінен енгізілген терминдерді аударамыз деп оның мән-мағынасын өзгертіп алуымыз мүмкін. Керісінше, шетел терминдерін өзгертпестен сол қалпында қолдансақ, одан тіліміз байи түсер еді деген ойдамыз.

Бұған қатысты сарапшы мамандар мерзімдік басылымдарда «...ұлттық заң терминологиясын байыту, жалпы көпшілік қабылдаған сөздерді термин ретінде енгізу, дүниежүзінің дамыған мемлекеттері қолданып жүрген терминдерді қазақ тілінің транскрипциясымен жазып, оларды өзіміздің төл сөзімізге айналдыру орынды болар еді» деген пікір білдірген [9].

Біз бұған дейінгі жарияланған еңбектерімізде заңдардың мәтіндерін орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасайтын қазақ тілді заңгерлер емес, заңгер мамандығы екінші болып табылатын филолог- тіл мамандар екенін айтқан болатынбыз. Өкінішке орай, бұндай іске қазақша заң жаза алатын қазақ тілді мамандар өте аз жұмылдырылады. Бұл мәселе жөнінде Ш. Құрманбайұлы былай деп жазады: «Ғылыми кадрлар мен жоғары білімді, қазақ тілді мамандар даярлауға басымдық берілуі тиіс. Заң тілінің кемшіліктерін уақтылы түзетіп, жетілдіріп, терминдер қорын дамытып отыру — заңгерлер мен тіл мамандарының кәсіби міндеті. Жоғары білікті қазақтілді заңгер мамандар заң мәтіндерін қазақша жазуға жаппай тартылмаса, өмір бойы осы аударманың соңында салпақтап жүре беретін боламыз» [10: 4]. Өте орынды айтылған пікір деп ойлаймыз. Заң қазақ тілінде қабылдану үшін мемлекеттік тілді жетік меңгерген білікті заңгерлер дайындауымыз қажет.

Осы мәселеге қатысты Ш. Құрманбайұлы тағы да келесідей пікір жазады: «...тағы бір мәселе, бұл — заң тілінің әркелкілігі және қолданыстағы терминдерді қолдануда бірізділіктің жоқтығы. Қазіргі жағдайда кейбір сөздер баламасының дұрыстылығы күмән туғызса, ал кейбір сөздердің аудармасы құлаққа тосын естіледі. Сондықтан заң терминдерінің бірыңғай үлгілерін қабылдау кезінде әр саланың мамандарын қатыстырып, ресми құжаттардың мемлекеттік үлгілерін қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді кешенді түрде шешу қажет [11: 87].

Келесі маңызды мәселе заңдық терминдердің әртүрлі аудармасына жол бермеу үшін бірегей заңдық терминдердің үлгі сөздігін құрастыру қажет. Экономикалық қатынастардың екпінді дамуымен қоғамымызда құқықтық қатынастар да белсенді дамып жатыр, экономикамызға жаңа бизнес түрлері еніп жатыр, сонымен бірге жаңа шарттар жасалып, жаңа терминдер заңдарға енгізілуде. Сондықтан заңдардың қазақ тіліндегі сапасын көтеру мәселесін шешу қажет. Бұл жөнінде М.Ә. Әбдірееваның пікірімен келісуге болады: «Ұлттық заңнамадағы терминдерді бір ізге түсіруіміз қажет. Ол үшін терминдерді ретке келтіріп алу керек. Содан соң халықаралық теорияның қазіргі принципіне сай терминдерді стандарттау және өзара үйлестіру жұмысы қолға алуды қажет ететін, кезең күттірмейтін үлкен міндет деп есептейміз» [12]. Бұл мәселені заңдық терминдердің бірегей сөздігін құрастыру, содан соң сөздікті жалпыға міндетті құқықтық акт ретінде қабылдау қажет деп санаймыз. Әйтпесе, ортақ стандартталған терминдер болмаған соң әр аудармашы өзінше аударумен айналысары хақ. Сөздікте шет тілінен енгізілген терминдерді аудару мүмкін емес, сөздің мағынасы өзгереді десек, сол қалпында қалдыру керек. Бұл құқыққолдануда заңгерлерді құқық нормасының мәнісін түсініп, қолдануға өте ыңғайлы болары сөзсіз.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің мәтіні бойынша мемелекеттік тілдегі терминдерді азаматтық заңнамада қолдану мәселелерін талқылай келе келесідей қорытындыларға келеміз:

  1. Азаматтық заңдардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету үшін заңдардың мәтіндеріне заңгер-мамандар лингвистикалық-құқықтық сараптама жүргізіп, қате аудармаларды айқындау қажет. Қате аударылған сөздер мен сөйлемдердің орнына дұрыс аудармаларын ұсыну, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында талдау, мерзімдік басылымдарда жариялау арқылы талқыға салу арқылы осы мәселені шешуге болады.
  2. Азаматтық заңнамадағы заңдық терминдердің дұрыс аударылуын қамтамасыз ету үшін оларды біріздендіру, стандарттау қажет деген ұсыныс беріледі. Заңдық терминдердің бірізділігін қамтамасыз ету үшін заңдық терминдердің мемлекеттік тілдегі үлгі сөздігін әзірлеу қажет. Осы орайда азаматтық заңдарға жүргізілген лингвистикалық-құқықтық сараптама нәтижелері авторлардың «Заңдық терминдердің бірегей қазақ тіліндегі сөздігін» құрастыруына негіз болады. Бұл сөздік заңдық терминдерді бірізділікке салып, бірдей қолдануға мүмкіндік береді. Заң жобаларын әзірлеу кезінде, азаматтық заңдарды оқыту процесінде оқу-әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
  3. Заңдық терминдердің көпшілігі ағылшын, француз, латын тілдерінен енгізілген, сондықтан дүниежүзі бойынша өзгертілместен қолданылып жүр. Сол себепті авторлар ұлттық заңнамада да шет тілінен енгізілген халықаралық заңдық терминдерді қазақ тіліне аудармай түпнұсқа түрінде қолдану

туралы пікірді айтады. Халықаралық заң терминдерін аударған жағдайда оның мағынасы өзгеріп, дәлме дәл сәйкес келе бермейді, екінші жағынан түрлі ұқсас синоним сөздерді қолдану арқылы заңның сапасын жоғалтып аламыз деген ой айтылады. Бұл тәжірибеде заңдарды қолдануда проблемалар туындатады.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (Грант № АР09259787)

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Құқықтық актілер туралы». Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480
  2. Сүлейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қалай жасалды [Электрондық ресурс] /М.К. Сүлейменов. — Қолжетімділік тәртібі: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=31127673&pos=4;-88#pos=4;-88
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1шілдедегі № 409 Кодексі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000409_
  4. Мұсабаев Ғ.Ғ. Орысша-қазақша сөздік / Ғ.Ғ. Мұсабаев. — Алматы, 1998. — 1 т. — 574 б.
  5. Русско-казахский словарь [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/ru/kk
  6. Ахметжанова Т. Заң тілі қашан қазақшаланады? / Т. Ахметжанова // Заң газеті. — 2013. — 2 қазан. — № 148. — Б. 4.
  7. Ақылбекова Г.К. Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің кейбір мәселелері [Электрондық ресурс] / Г.К. Ақылбекова. — Қолжетімділік тәртібі: https://cyberleninka.ru/article/n/ylymi-lingvistikaly-saraptama-zh-rgizudi-keybir-m- seleleri/viewer
  8. Асылбаев М.Б. Заңнамалық актілерді аударудағы кездесетін кейбір мәселелер [Электрондық ресурс] / М.Б. Асылбаев — Қолжетімділік тәртібі: https://cyberleninka.ru/article/n/za-namaly-aktilerdi-audaruda-y-kezdesetin-keybir-m-seleler/viewer
  9. Сафуани Е.С. Нормативтік акт тілінің кейбір мәселелері [Электрондық ресурс] / Е.С. Сафуани. — Қолжетімділік тәртібі: https://cyberleninka.ru/article/n/normativtik-akt-tilini-keybir-m-seleleri/viewer
  10. Құрманбайұлы Ш. Заң тілінің терминдер қорын дамытып отыру заңгерлер мен тіл мамандарының міндеті / Ш. Құрманбайұлы // Заң газеті. — 2012. — 20 қыркүйек. — № 141 (2149). — Б. 6.
  11. Құрманбайұлы Ш. Терминтану: оқу құралы / Ш. Құрманбайұлы. — Астана, 2006. — 244 б.
  12. Әбдіреева М.Ә. Заңнамалық актілер тілін жетілдіру туралы [Электрондық ресурс] / М.Ә. Әбдіреева. — Қолжетімділік тәртібі: https://cyberleninka.ru/article/n/za-namaly-aktiler-tilin-zhetildiru-turaly/viewer

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.